Мунайга илеспе газдар

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 02 Мая 2013 в 10:09, дипломная работа

Краткое описание

Мұнай және газ - құнды пайдалы қазба. Оларды өңдеуден шыққан өнімдері жәй тұрмысқа да және мемлекетті қорғауда да қажет. Олар өндірістің барлық саласында, көліктің барлық түрлерінде, соғыс және азаматтық құрылыста, ауыл шаруашылығында, үй қызметінде, энергетикада және т.б. қолданылады. Соңғы бірер онжылдықтарда мұнай мен газдан көп мөлшерде әр түрлі химиялық материалдар ала бастады: пластмассалар, жасанды талшықтар, жасанды каучук, лактар, жуғыш заттар, минералды тыңайтқыштар және басқа.
Табиғи жанғыш газдардың кен орындары, басқа пайдалы қазбалармен байланыссыз, газдар жиынтығынан тұратын газды кен орнына; газ көмірсутектері мұнайда еріген немесе мұнай кенінің бетінде газ шапкасы деп аталатын газмұнайлы түріне; газ сұйық көмірсутектерімен қаныққан, газ конденсатты түріне бөлінеді.

Содержание

Кіріспе
1. Процестің теориялық негіздері
2. Технологиялық бөлім
2.1. Шикізат, өнім және реагенттердің сипаттамасы
2.2. Қондырығыны, параметрлерді таңдау және негіздеу
2.3. Қондырғының технологиялық схемасын сипаттау
3. Технологиялық есептеулер
3.1. Қондырғының материалдық балансы
3.2. Негізгі аппарат есебі
3.3. Қосымша аппарат есебі
3.4. Негізгі және қосымша аппараттарды таңдау
4 Бақылау-өлшегіш аспаптары мен процесті автоматтандыру
4.1 Автоматтандыру функционалдық схемасының сипаттамасы
5. Қоршаған ортаны қорғау – өндіріс қалдықтары, ағын сулар
және ауаның ластануы
6. Еңбекті қорғау және техника қауіпсіздігі
7. Құрылыс бөлімі
8. Экономикалық бөлім
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер

Прикрепленные файлы: 1 файл

Диплом УСО жади (Новый 10.04.13...).doc

— 929.00 Кб (Скачать документ)

Күкіртсутектің сіңірілу жылдамдығын арттыру үшін, оның МДЭА –мен жанасу уақытын азайту керек, ол үшін тарелкалар санын және абсорбенттің циркуляциядағы жылдамдығын азайту керек. Бұл қоедырғыда МДЭА – ның 20- 30 %-тік суда,ы ерітінісін қолданамыз.

МДЭА абсорбентінің  ерекшелігі: қату температурасының төмендігі,бірақ  судағы ерітіндісі күйінде бірден өседі. МДЭА- ның бу қысымы төмен, сол себепті  абсорбция процесін абсорбентті жоғалтпай –ақ төмен қысымда жүргізуге болады. МЭА- және ДЭА абсорбенттеріне қарағанда МДЭА-ны регенерациялағанда бу шығымы аз болады. МЭА және ДЭА – ға қарағанда МДЭА –ның коррозиялық әсері төмен. Бірақ, МДЭА арқал газды өте терең тазалай алмаймыз, бірақ, тазаланған газдың құрамында қалған H2S – тің концентрациясы төмен және тазаланған газ МЕСТ- ке сәйкес келеді. 

Бұдан байқайтынымыз, МДЭА – ны құрамында күікртті қосылыстары  аз газдарды тазалауда қолданамыз. МЭА – ға қарағанда МДЭА –  ны қолданған жағдайда бу және электр энергиясының шығымы 20- 30% азаяды.

МДЭА – ның кемшілігі: оның 20 - 50% -тік судағы ерітіндісі күкіртсутекпен қатар – органикалық қышқылды және СО2 – ні де өз бойына сіңіреді. Оның органикалық қышқылдармен реакциясы қайтымсыз. Сондықтан, өңделген МДЭА- да қоспа мөлшері көп болған жағдайда, МДЭА  - ны 120 - 180° жоғары температурада тазарту, яғни сүзу керек.

 

  2.3 Қондырғының технологиялық схемасын сипаттау 

 

 Газды дайындау және күкірт алу цехтары « Жаңажол » кен орны маңындағы  Жаңажол газ өңдеу зауытының технологиялық бөлігі болып табылады. Қазақатан Республикасындағы  Ақтөбемұнайгаз  құрамына кіреді.

Цехтың тазаланбаған газ бойынша өнімділігі – 1400 млн.нм³/жыл, ал тауарлы газ бойынша өнімділігі – 1274 млн.нм³/жыл.

     Газ дайындау  цехы бірнеше қондырғыдан тұрады:

1. Газды күкіртсутектен  тазарту қондырғысы;

2.  Газды кептіру қондырғысы;

3. Жеңіл көмірсутектер алу қондырғысы;

4. Күкірт алу қондырғысы.

    Газды күкіртсутектен тазарту қондырғысың құрамына екі бірдей қондырғы кіреді, әрқайсысының өнімділігі күніне 2,1×10 м³. Бұл қондырғы 2003 жылы іске қосылған. Қондырғыны жобалаған – Сычуань институты. Құрылыс организаторы – Қытай мұнай инженер – құрылыс корпорациясы.     

Жаңажол кен орнының  мұнайға ілеспе газдарын күкірттен  тазалау қондырғысының технологиялық  схемасы 2.3.1- суретте келтірілген.

Мұнайлық шығыны 87500 м3/ сағ болатын тазаланбаған газ алдын ала сепараторлы пласты судан, механикалық қоспалардан, көмірсутекті конденсаттан тазаланып, (1) табақшалы  абсорбердің төмен жағына беріледі. Ал колоннаның бүйірінен (22) насос көмегімен газды қышқыл компоненттерден

тазалау үшін абсорбент ретінде 45:40:15 (масс) қатынасты МДЭА: сульфолан: Н2О  комплексті ертіндісі беріледі.  

Колоннадағы абсорбция процесі  30 0С  температура мен 4,5 МПа қысымда өтеді. Тазаланған газ абсобциялық колоннаның жоғарғы бөлігінен шығып, келесі (4) абсорбциялық колоннаға беріліп отырады. Ал (4) абсобциялық колонада өтетін процесс (1) абсобциялық колонаға сәйкес өтеді.

Колоннаның  (1) төменгі  бөлігінен шығатын қаныққан комплексті ертінді (23) және (24) жылуалмастырғыштарда  95 0С дейін қыздырылып (3) десорберге бағытталады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

3 Технологиялық есептеулер

3.1 Қондырғының материалдық балансы

Жаңажол кен орнындағы  өнімділігі 2,1 млн м³/тәулігіне болатын, ілеспе газды күкіртсутектен тазалау  қондырғысының материалдық балансы 3.1.1 кестеде келтірілген.

 

Кесте 3.1.1

Аталуы

W , %

м³/тәу

м³/сағ

м³/сек

Түскені: 1.Тазартылатын газ :

 

100

 

2100000

 

87500

 

24,30

N2

1,8163

38142,3

1589,263

0,44146

О2

0,4541

9536,1

397,338

0,11037

CH4

81,331

1707951

71164,63

19,76

СО2

0,38248

8032,08

334,67

0,09296

C2H6

8,6268

18162,8

7548,45

2,09679

Н2S

1,0487

22022,7

917,625

0,25489

С3Н8

4,2363

88962,3

3706,763

1,02966

4Н10

0,62577

13141,17

547,548

0,1521

4Н10

0,99157

20822,97

867,624

0,24101

5Н12

0,21863

4591,23

191,301

0,05314

5Н12

0,21863

4591,23

191,301

0,05314

С6Н14

0,09372

1968,12

82,005

0,02278

С7Н16

0,00021

4,41

0,18375

0,000005

Барлығы

100

2100000

87500

24,30

Алынғаны:

1.Тазартылған газ:

 

100

 

1911000

 

79625

 

22,11

N2

2,3406

44728,87

1863,70

0,52

О2

0,0305

582.855

24,286

0,0067

CH4

83,55

1596640,5

66526,69

18,48

СО2

0,033

630.63

26,277

0,007299

C2H6

8.5955

164260,01

6844,167

1,90116

H2S

0.0015

28.665

1,194375

0,000332

С3Н8

4,038

77166.18

3215,258

0,893

4Н10

0.5052

9654.372

402,2655

0,11174

4Н10

0,7208

13774.488

573,937

0,1594

5Н12

0,0999

1909.089

79,5454

0,0221

5Н12

0,0054

103.194

4,29975

0,00119

С6Н14

0,0079

150.969

6,2904

0,0017

С7Н16

0,0444

848.484

35,3535

0,0098

RSH

0.028

535.08

22,295

0,00619

Барлығы

100

1911000

79625

22,11


 

 

3.2 Негізгі аппарат есебі                                                                     

 

  •      Жаңажол кен орнындағы өнімділігі 2,1 млн м3/тәулігіне газды күкірттен тазалау қондырғысын жобалау. (абсорбер, бу қыздырғыш)

           Газды  тазалау   дәрежесіне  байланысты қатаң, орташа, жай  тазалау деп  бөледі. Қатаң  тазалауда  газдағы  күкіртсутектің  қалдық  мөлшері 100 м3-те 10 г-нан өз емес, ол жай тазалауда 100 м3-те 2 г –нан көп емес.

         Метилдиэтаноламинды   тазалау  қондырғысын  жобалағанда   келесі  ұсыныстарды  есте  ұстау  керек.

         1. Айналымдағы метилдиэтаноламиннің   ерітіндісі  келесі  талапқа  сай  болу керек.

            а) абсорбердегі 4-5  теориялық тарелкаларда  газды керекті дәрежеде    тазалау;

            б) абсорберден   шығардағы қаныққан ерітіндідегі  қышқыл  газ концентрациясы 1 моль  аминде 0,3 моль-ден көп болмау  керек;

            в)  абсорберден   шығардағы  қаныққан  ерітінді  температурасы 500С –ден   көп  болмау  керек.

            Газды  метилдиэтаноламинді   тазалауға  арналған  абсорберді  есептеу  ретін  қарастырайық.

    1. Күкіртазалау  процесінің  негізгі  параметрі –абсорбент  ерітіндісінің  айналымдағы  шығыны – төмендегі  теңдеу  бойынша  есептеледі.

     

                                                      (3.2.1)

     

    мұндағы; Gа- айналымдағы абсорбент ерітіндісінің шығыны  кг/сағ.

    - газ  шығыны м3/сағ.

    - газдағы  қышқылды  компоненттердің  мольдік  үлесі.

    - метилдиэтаноламиннің  молекулалық  массасы ;

    - метилдиэтаноламиннің  ерітіндідегімассалық  үлесі

    - метилдиэтаноламиннің  мольдік  санының  қышқыл газдың  мольдік  саңына  қатынасы.

    Егер  метилдиэтаноламиннің  ерітіндісімен  тазалауға  арналған  ұсынысқа  сәйкес  қабылдасақ с=0,3 моль/моль, х=15% мәнге тең болады,  ол  кезде формула былай өрнектеледі.

     

                                            G/                                                     (3.2.2)

     

    1. Сіңірілген  күкіртсутек  көлемін VH2S (м3/сағ) келесі  формула  бойынша  анықтайды.

     

    VH2S=G/// )                                             (3.2.3)

    мұндағы; у/1, у/2 – тазаланған газдағы сәйкес  күкіртсутектің  мольдік үлесі.

    3. Күкіртсутекті   сіңірген  уақыттағы  бөлінген  жылу  мөлшері Q (кДж/сағ), мына  формуламен  есептеледі.

    Q1= qH2S VH2S PH2S                                (3.2.4)

     

    4. Колоннадағы  тазаланған газды  қыздыруға  кететін  жылу  мөлшері   қыздыруға  кететін  жылу  мөлшері  Q2, келесі  формуламен  есептеледі.

     

    Q2=G21(I2-I1)                                              (3.2.5)

     

    мұндағы;  І2, І1 –абсорберге кірердегі және шығардағы газ энтальпиясы кДж/кг.              

    1. Сіңіргіш  ерітіндісінің (абсорбенттің) температурасының  көтерілуі Δtа(0С) мына  қатынаспен анықталады.

     

    Δtа=(Q1-Q2) / (GаСа )                                         (3.2.6)

     

    Мұндағы Са –абсорбенттің меншікті жылусыйымдылығы кДж(кг к)

    Егер tр+ Δtа≤500С жағдайы  орындалмаса  айналымдағы  ерітінді  шығынын  көбейту керек. (tр –абсорбердің жоғарысына  берілетін  регенерацияланған  абсорбент  температурасы).

    Келтірілген тепе - теңдік бойынша Δtа шамасын  табуға, содан соң Gа мәнін дәлдеуге  болады:

     

    Gа=(Q1-Q2) · (Cа Δtа)                                          (3.2.7)

     

         Есептелуі:

    Берілген  мәліметтер. Абсорбердегі қысым р= 4,4 МПа сәйкес газ температурасы t1 =400С; тазаланған  газ  температурасы t2 = 450С; метилдиэтаноламин  ерітіндісінің  концентрациясы – 45% (масс)

    Регенерацияланған МДЭА  ерітіндісінің  температурасы – 450С, газ шығыны G1= 87500 м3/сағат, күкіртсутекті  бөлу  тереңдігі  99%. Сәйкес  газдың  массалық  құрамын  есептеу 3.2.1 кестеде келтірілген.

     

    Кесте 3.2.1

    Сәйкес  газдың  массалық  құрамын  есептеу

    Компонент

    У

    М

    М  у

    у =М у /м

    Н2

    0,700

    2

    1,400

    0,179

    СН4

    0,224

    16

    3,584

    0,458

    С2Н6

    0,022

    30

    0,660

    0,084

    С3Н8

    0,016

    44

    0,704

    0,090

    С4Н10

    0,008

    58

    0,464

    0,059

    Н2S

    0,030

    34

    1,02

    0,130

    Барлығы

    1,000

    184

    7,832

    1,000


     

      1. Циркуляциядағы  абсорбент шығыны.

     

                          кг/сағ     (3.2.8)

                          

           Мұндағы  - циркуляциядағы абсорбенттің шығыны, кг/сағ;

      - газдың шығыны, м³/сағ;

     у/- қышқыл компоненттердің газдағы мольдік көлемі;

      - МДЭА-ның молекулалық массасы (М = 119);

    Мr(HOC2H4)2NCH3=(1+16+12*2+1*4)*2=119  г/моль;

      - МДЭА-ның ерітіндідегі массалық үлесі, % (масс.) (45%);

      с- қышқыл компоненттер молінің МДЭА-ның моліне қатынасы ( = 0,3 моль/моль, =15%).

    2. Сіңірілген күкіртсутектің көлемі, (м³/сағ )

     

                = ³/сағ        (3.2.8)

                             

         Мұндағы  - бастапқы және тазаланған газдағыкүкіртсутектің мольдік көлемі.

    3. Күкіртсутектің тығыздығы:

     

                                ρ ³                    (3.2.9)

     

      Мұндағы  - күкіртсутектің молекулалық массасы, ( = 34)

    Мr(H2S)=2+32 =34  г/моль

    4.Күкіртсутектің сіңірілу  кезінде бөлінген жылу мөлшері,                                  

     

                              (3.2.10)

     

         Мұндағы - күкіртсутек пен МДЭА-ның реакцияласқандағы жылу мөлшері, кДж/кг; - күкіртсутектің тығыздығы, кг/м³.

    5. Колоннадағы тазаланған  газды жылытуға керекті  жылу  мөлшері:

     

                         = (3.2.11)

     

       Мұндағы  - газдың абсорберге кірердегі және шығардағы энтальпиясы, кДж/кг; - газдың тығыздығы, кг/м³.

    6. Абсорбенттің температурасының  көтерілуі,Δta ( ºC )

     

             Δ ºC                    (3.2.12)

     

    Мұндағы - абсорбенттің жылу сыйымдылығы, кДж/(кгК).

    Абсорбердің диаметрі.

                   

     

                                                              (3.2.13)

     

     

    ³                      (3.2.14)

     

    Мұндағы:  D – абсорбердің диаметрі, м;

            - абсорбенттің тығыздығы, кг\м³;

             - газдың шығыны, кг/м³;

             k – тарелкалардың ара қашықтығы 0,6м болатын абсорберге арналған коэффициенті. k=480;

             k0 – тарелканың өлщеміне байланысты коэффициент, k0 = 0.25;

    Информация о работе Мунайга илеспе газдар