Мұнай өндіру

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 20 Ноября 2013 в 12:48, реферат

Краткое описание

Энергетикалық сала елеулі орын алады және еліміздің жалпы эканомикалық дамуында комплекстік қызмет атқарады. Ол өндірістің барлық салаларымен тікелей байланыста, транспорт, құрылыс, ауыл шаруашылығы, қызмет ету және кәсіптік - коммуналдық секторлар.

Содержание

К І Р І С П Е 3
1. МҰНАЙ МЕН ГАЗ ӨНДІРУДІҢ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫ 3
2. ҚАЗАҚСТАННЫҢ МҰНАЙГАЗ САЛАСЫНЫҢ 4
ҚАЗІРГІ ЗАМАНДАҒЫ ЖАҒДАЙЫ. 4
ҚОРЫТЫНДЫ 12
ҚОЛДАНҒАН ӘЕБИЕТТЕР 15

Прикрепленные файлы: 1 файл

реферат мунай ондеу.doc

— 136.50 Кб (Скачать документ)

 Егер 1999 ж. Республика 21,2 млн. т. мұнайды экспорттаса және оған 1,7 млрд. долл. алды, 2000 ж. бірінші жарты жылдығында Қазақстан 10,5 млн. т. өнделменген мұнайды экспорттады одан түскен қаржы 1,6 млрд.долл. құрады, яғни дүниежүзілік рыногта еліміз мұнайдың тоннасына орта есепен 211долл. алады.

 2000 ж. мұнай мен газ конденсатын өндірудің одан ары 33,7 млн. т., 1999 жылға қарағанда 4 млн т. артық өсуі белгіленіп отыр, саның ішінде мұнай 30,3 млн. т. өндірудің өсірудің негізінен СП ТШО қамтамасыз етіп отыр сондай –ақ Қарашығанақ Петролуем Оперетинг яғни Құмкөл кен орнында істеитін компаниялар. Каспий теңізінің шельфінде барлау скважиналардың бұрғылауы жұмысын жалғастыру жоспарлануда, онда Қазақстна секторындағы көмірсутектерінің болжаммен қоры 13 млрд. т. отынға жетеді.

 Шығыс Қазақстан учаскісінде бірінші борлау скважинасында іздеу –барлау бойынша бұрғылау, жоба бойынша тереңдігі 4500 м құрайтын көмірсутек қорының жеклеген болжамын дәлелдеді.Жақындағы 6жылда қордың нақты бағасын беру үшін тағы 6 скважина бұрғылау жоспарланып отыр

 Ішкі рынокта мұнаймен қамтамасыз ету мақсатында ҚР үкіметі № 1978 24.12.1999ж. қаулысын қабылдады, 2000ж өңделмеген мұнайды елімізден экспортқа шығаруды 22млн т. дейін шектейтін.

 Мұнайды сыртқы рыногқа тасымалдау проблемасы 2000ж да сақталды. Отын –энергетикалық комплекстердің дамуы мен ынтымақтастық жөніндегі ҚР өкіметі мен РФ арасындағы келісім шартқа 2000ж қаулысымен және оған өзгерістермен толықтырулар енгізу туралы қаулысымен Ресей Қазақстан мұнаиын экспортқа Атырау-Самара мұнай құбыры және ОАО «Трансмұнай» мұнай құбыр жүйесі арқылы транзистті 9,5 млн. т. дейігі көлемде, соның ішінде алыс шетелге 8,5 млн. т. дейін және жақын шетелге 1 млн. т. көлемде жүзеге асырады. Осы келісімдердің нәтижесінде Қазақстан мұнай өндірушілеріне екі жақа да ыңғайлы жағдайда ресей заводтарында көмірсутек шикізаттарын қайта өңдеуді, одан әрі ресей территориясына мұнай өнімдерін таратуды және экспортқа шығаруды жүзеге асыруға мүмкіндік беріліп отыр.

 Қазіргі уақытта сыртқы рыногқа шығудың негізгі бағыты болып Атырау – Самара, Кенкияк – Орск, Ақтау теңіз порты және темір жол транспорттары табылып отыр. 2000 ж. басынан Ресей мне Қазақстан мұнайын РФ территориясы арқылы транзисттеуі 9 дан 14 млн. тоннаға дейін өсіру туралы келісімге қол жетті, Махачкала – Тихорецк – Новороссиск жаңа транзисттік бағытты қосқанда. КТК дан басқа экспорттың мұнай құбырларының альтернативтік жобасы жасалуда Батыс Қазақстан – Қытай, Ақтау- Баку – Тбилиси – Джейхан және Қазақстан Түркіменстан – Иран, Каспий шельфінің мұнайын сыртқы рыногтарға тасмалдауға арналған.

 Республиканың экспорттық мүмкіндігін өсіру үшін қуаты жылына 1 млн.т Атасу станциясындағы мұнай құятын теміржол эстакадасының бірінші жіберетін комплекісінің құрлысы аяқталды. Кұмкөл мұнайын ППНЗ –ға Гулак – Курган мұнайды қайта жіберу станциясы арқылы жеткізудің екінші нұсқасы жасалуда.

 «Қазтрансойл» компаниясы арқылы Кенкияк – Атырау мұнай құбырын техникалық – эканомикалық зерттеу жүргізілуде, Атырау –Самара мұнай құбыры және КТК тасмалдау құбыры жүйесі арқылы экспорттың бағытқа мұнай жеткізуді едәуір ұлғайтуға мүмкіндік тудыратын құрлыс. КТК мұнай құбырын салу Қазақстан мұнайын Қара теңіз жағалауының аймағына экспорттауға тәуелсіз шығуды қамтамасыз етеді, енгізу 2001 ж. белгіленген.

 Мұнайды Турция арқылы Джейхан терминалына дейін, Иран арқылы, Болгария, Греция және Қытай арқылы Тынық мұхитының шығыс жағалауына тасмалдаудың эканомикалық және саяси кретерилерін талқылау жалғасуда.

 Саяси көзқарас тұрғысынан бәсекеге қабілеті бар жобалардың бірі болып Баку – Тбилиси – Джеихан мұнай құбырының құрылысы саналады, ұзындығы 1730 км, өткізу қабілеті жылына 50 млн. т. мұнай. Жобаның бағасы 2,4 млрд АҚШ долл.

 Қазақстан – Түркіменстан – Иран (Парсы шығанағы) мұнай құбрының жобас географиялық орналасуы жағынан Қазақстан мұнайын танкерлермен Каспий теңізі арқылы Ақтаудан Иран порттарына тасмалдау кезінде артықшылығы бар. Бұл жоба бір қатар техникалық, технологиялық және саяси проблемаларды шешуді талап етеді.

 Жылына 20 млн.т. мұнай өткізуге қабілетті Батыс Қазақстан – Қытай мұнай құбырларының жобасы тұралы ҚР өкіметі мен Қытай ұлттық мұнайгаз корпарациясы арсындағы келісім шартқа қол қойылған. Дегенмен қаржы проблемалары мұнай құырының жұмысының жылдамдығын қайта қарауға мәжбүр етіп қана қойған жоқ жобаның техникалық – эканомикалық негізгі 1997 ж. қазан айында аяқталсада уақытша тоқтатуға тура келеді.

 Мұнайды экспорттауда және импорттауда тасмалдау мәселесі бойынша Қазақстанның эканомикалық қажеттілктерін сақтау үшін, кәсіпорындарды басқару құрлысын оптимизатциялау, барлық мұнай құбырлары магистральдарында бірынғай тарифтік саясат жүргізу үшін республика өкіметінің қаулысымен НКТН «Қазтрасойл» бірқатар жобалар бойынша жұмысын жалғастыруда: Атырау –Самара мұнай құбырларының өткізгіштік қабілетін арттыру; Қарақоин – Атасу учаскісындегі Павлодар Шымкент мұнай құбырын қайта жасау; Ақсай – Үлкен Чган – Атырау мұнай құбырлары құрлысы бойынша жобаның перспективасымен жұмыс жасау жүзеге асырлуда. Компания Ақтаудан Дюбендіге (Азербайджан) мұнайды танкермен тасмалдауды жүзеге асыруда, сондай – ақ сондай жұмысты Ақтау – Махачкала бағыты бойынша да жүзеге асырмақшы.

 Мұнай газ кәсіпорны саласында проблемалы салалар АО «Қаражанбас мұнай»,АО Ақтөбемұнайгаз» және СП «Тенге» болып табылады, бұлар екі жылдан астам уақыт мұнай өндірмейді. АО «Ақтөбемұнайгаз» пайдалананға дейін мұнайды жеткізуде қиыншылықтар көруде. «Қаражамбасмұнай» АО –сының Қаражанбас кенорнынан термиялық жолмен ауыр мұнайды өндіруде көп шығын шығаратын техналогиясы бар.

 Қазақстанның ішкі рыногы өте шектеулі, сондықтан республика жылына 10 млн. т. мұнай экспарттауға мүмкіндігі бар (200 мың баррель күніне). 2000 ж. бойына еліміздің отын – энергетикалық комплексінің дамуы өндірістің дамуымен көрсетіледі (3 кесте ).

    3 кесте

 1994 –2000 ж. Мұнай, газ және газ конденсатын өндіру.

 

Энергоресурстар

1994

1995

1996

1997

1998

1999

2000

Мұн- ай Мың.т.

19575

20312

20632

22960

25775

25927

27411

Газ конденсаты мың т 

33349

       

21232

33735

Газ млрд м

4,99

4,96

4,21

5,488

6,090

5,502

7,173


 1998 ж. соңында дүниежүзілік мұнай рыногында Қазақстанның мұнайгаз комплекстерінің әрекеті бағаның күрт түсуіне бірден – бір әсер етті. Осы критериялық кезеңде ҚР өкіметі мұнай газ саласына қолдау көрсетті. Акциздерді оптимизациялау және мұнаймен мұнай өнімдерін жол салығына байланысты маңызды шешімдер қабылдады. Мұнайды транзисттеу бойынша тарифтерді есептеудің жаңа әдістемесі қабылданды және мұнайды қайта өңдеуге тарифтік реттеу енгізілді, НДС өндіріп алу жеңілдетілді т. б. Қабылданған іс шаралардың нәтижесінде, Қазақстан экономикасының жетекші саласы басты мақсатты орндай алды өндірістің төмендеуіне жол бермеу белгіленеген өсу тенденциясын бекіту.

 Біршама қиындықтарға қарамастан, еліміздің энергетикалық даралануын қамтамасыз ететін жоспар толығымен мүмкін болатын жағдай және келешекте орындалуы да мүмкін. Бұл шешімді республиканың мұна газ саласының минеральды – шикізат базасының жағдайы растайды.

 Маңғыстау облысындағы мұнай өндірудің көлемінің азаюы былай түсіндіріледі, бұл аймақтың мұнай қоры белсенді өндіріле алмайды, себебі қиын өндірілетін категорияға жатады, кен орнының 70% ірі қаржы жұмсауды қажет етеді.

 Қазақстанның Батыс аймағы бүгінде 25,56 млн. т. мұнай өндіреді, немесе республиканың жалпы өнімнің 93% - і. Маңғыстау және Атырау облыстары Қазақстанның барлық өндірілген қорының 73% -не ие. 1996 ж. салыстырғанда мүнай өндірудің көлемі Атырау облысында едәуір артқаны СП ТОО ТШО арқылы жүзеге асты.

 Дүниежүзі елдерінің ішінде газ қоры бойынша Қазақстанның үлесі 1,4% құрайды. Газдың бар қоры өндірісті сақтау мен қолдау 1998 ж. болғанда 250 жылға жетеді. Елімізді газбен қамтамасыз ету жүйесінде тұрақтандыруға қол жетті, кәсіптік орындар мен тұрғындардың газды қолдануының тенденциясының төмендеуін жеңіп шықты, ол 1998ж. 28% 1997 деңгеиінен болған.

 

    4 кесте

ҚР облыстары бойынша  мұнай өндіру, млн.т.

 

Облыстар

 1997

 2000

Атырау

 7,7

 11,9

Маңғыстау

 8,6

 5,6

Ақтөбе

 2,6

 2,5


 

 

 Күзгі қысқы кезеңде газдың пиктік қолдануын жабу мақсатында газдың жер асты қоймаларының (ПХГ) қорын құру үшін күз айларында «Ақыр – Төбе» және «Полтораций» ПХГ ъна 130,3 млн.м көлемде газ толтыру жүргізіледі.

 Қолданушыларды тұрақты газбен қамтамасыз етудің маңызды жағдайы қолданылған газға өткен қарызды уақтылы төлеу болып табылады. 1999 ж. бірдің жартыжылдығында қолданылған табиғи газға қарызды өтеудің жалпы сомасы 8 млн АҚШ долл. құрады, ол оңтүстік аймақтың газ компанияларының уақыты өтпеген қарысыз жұмысына ықпал етті.

 2000 ж. газбен қамтамасыз етуді тұрақтандыруға ықпал еткен:

  • Өзбекстан республикаснан әкелінген табиғи газға бағаның төмендеуі, 38,5 АҚШ долл. бастап 1000 м 35 –ке дейін.;
  • 23.09.99ж «Өзбекстан Республикасынан табиғи газды шығарттудың кейбір мәселесі жөнінде» Өзбекстаннан әкелінген табиғи газ есебінен газ компанияларына мүмкіндік беретін қосымша бағаға салық төлеу ретті әдісімен;
  • Қостанай және Ақтөбе облыстарында газ компаниялармен табиғи газды сатып алуға тендер өткізу ТМД елднрінің бірқатар ірі газбен қамтамасыз етушілерімен бірге жүргізіледі, ол сатып алған газдың бағасын 42 АҚШ долл. 32 –ге дейін 1000м төмендетуге мүмкіндік тудырды.
  • Табиғи газбен қамтамасыз етуші болып табылатын компаниялармен ынтымақтастықты кеңейту.

 1999 ж. қазан айы мен 2000ж. ақпан аралығындағы кезеңінде энергетика индустрия және сауда Министірлігімен «Cateco Energy» компаниясымен Қазақстан және Ресей шекарасына жеткізілген теңіз газының 50 –60 млн. м ай сайын еліміздің оңтүстік обылыстарына компаниямен жеткізген газбен, бағасы 1000 м –қа 25 АҚШ долл, алмастырып отыруға қол жетті.

 2000ж. ақпанда ЗАО «ИнтергазЦА» және «Itera International Energy LLC» компаниялар арасында 2000ж. 20 млрд.м көлемде түркіменнің табиғи газын транзиттеу келісімге қол қойылды себебі транзитке төлем ақы 0,20 дан 0,37 АҚШ долл дейін артты. Осы мерзімге «Itera International Energy LLC» компаниямен 2000 ж. ресей газын 90 млрд.м көлемде транзитеуге келісімге қол қойылды, соған сәйкес компания газ тасмалдау қызметіне 1000 м на 0,45 АҚШ долл.мөлшерінде ақшалай төлейді.

 2001 ж. қаңтарынан бастап республиканың оңтүстік аймақтарын газбен қамтамасыз етуде критикалық жағдай қалыптасты, өзбек заңына бағаның 35 –тен 40 АҚШ долл дейін артруына байланысты.

 

                                 ҚОРЫТЫНДЫ

Энергетикалық сала маңызды орын алады  және еліміздің экономикалық дамуында комплексті функция орындайды. Ол тікелей  өндірістің барлық саласымен байланысты, оған транспорт, құрылыс, ауыл шаруашылығы, қызмет атқаратын және коммунальды тұрмыстық сектор кіреді.

Кен өндіруші өнеркәсіпте мұнай  газ өндіруші сала 85% жуық орын алады. Қазіргі уақытта ТМД елдерінің ішінде Қазақстан Ресейден кейін екінші орындағы мұнай өндіруші және дүниежүзі қоғамдастығында 90 елдің ішінде бірінші отыздыққа кіреді.

Мұнай - газ өндіруші саланың дамуы экспорттың экспанцияны күшейтуге бағыталған, сыртқы рыногта позициясы қарапайымдаумен ішкі рыногтың толықтырылуы, жоғары сапалы мұнай өнімдерімен жане олардың тунындыларымен өндірілген және қайта өңделген жоғары техникалық деңгейдегі өнімді пайдалану негізінде, импорттың орнын басатын өндірістің және мұнай-газ машина жасау, басқа райондардың дамуына ықпал ету, ескіні толтыру және жаңа жұмыс орнын құруды дамыту.

1999 ж. дүниежүзінде мұнай өндіру 3518,9 млн.т. құрайды. Оның 2/3 10 ірі дүниежүзінің елдерінде шоғырланған, жане осы өнімдердің жартысы Сауд Аравиясы АҚШ пен Ресейге келеді. Атап өту керек, дүниежүзілік мұнай өндірудің ең көп өлшемі бірлігі мына елдерге келеді: Жақын Шығыс (31,1%) және Америка (28,7%). Бұрынғы СССР, Африка және Азиат- Тынық мұхит аймақтарына дүниежүзілік мұнай өндірудің оныншы бөлігі келеді.

1998 ж. дүниежүзінде өндірілген  газ 2271,8 млрд.м, 2,2% артық 1997 жылдан. Дүниежүзілік газ өндіру де сондай 3/4 бөлігі дүниежүзінің 10 ірі елдерінде шоғырланған. Алдыңғы қатарда Ресей мен АҚШ, оның үлесіне дүниежүзінде өндірілген газдың тең жартысындай. Газ өндіретін 71 мемлекеттен Қазақстан 33 орында, жалпы дүнижүзілік өндіруден оның үлесі 1998 ж. 0,3% құрады, ал бұрынғы СССР елдерінің ішінде 1,2%. Газ өндірудің неғұрлым көп мөлшері Америка мемлекеттеріне (36,6%) және бұрынғы СССР (28,3%) келеді. Еуропа жане Азиаттық тынық мұғиты аймақтарына 12,1 және 10,8 % келеді.

 Дүнижүзі елдері ішінде газ қоры жөнінде бұрынғы СССР мемлекеттері алда (33,8%) және Таяу Шығыс (33,8%). Дүнижүзі қорының 3-ші бөлігі Ресейде шоғырланған, 10-шы бөлігі Америкада, 6-шы бөлігі Иранда.

 Мұнайдың дүниежүзілік рыногының келешегі тұралы айтсақ, оның жаңа фазаға өтетінін күтуге болады бағаның жоғары амплитудалы ауытқуына. Бұл жағдай өткен дамуымен даярланған және потенциялды ұсыныстардың өсуімен. Дегенімен мұнай саласы тосқауылды төмендету методы жетістікпен менгерді технологияны жетілдіре отырып, салық салу жүйесін өзгертті, инстиционалды өзгерістер. Мұның бәрі бағаның шектелуін едәуір кеңейтті әртүрлі мұнай өндіруші аймақтар үшін, мұнайдың көп мөлшерін игеруге мүмкіндік тудыра отырып, барлық төмен бағамен.

Информация о работе Мұнай өндіру