Мұнай өндіру

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 20 Ноября 2013 в 12:48, реферат

Краткое описание

Энергетикалық сала елеулі орын алады және еліміздің жалпы эканомикалық дамуында комплекстік қызмет атқарады. Ол өндірістің барлық салаларымен тікелей байланыста, транспорт, құрылыс, ауыл шаруашылығы, қызмет ету және кәсіптік - коммуналдық секторлар.

Содержание

К І Р І С П Е 3
1. МҰНАЙ МЕН ГАЗ ӨНДІРУДІҢ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫ 3
2. ҚАЗАҚСТАННЫҢ МҰНАЙГАЗ САЛАСЫНЫҢ 4
ҚАЗІРГІ ЗАМАНДАҒЫ ЖАҒДАЙЫ. 4
ҚОРЫТЫНДЫ 12
ҚОЛДАНҒАН ӘЕБИЕТТЕР 15

Прикрепленные файлы: 1 файл

реферат мунай ондеу.doc

— 136.50 Кб (Скачать документ)

 

 

Жоспар

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                     К І Р І С П Е

 

 1990 жылдан бастап Қазақстанның кәсіпорындары тұрақсыз дамыды. Өткен 44 жылдың ішінде алғаш рет 1989 жылмен салыстырғанда 1990 жылы кәсіпорынның көлемі 0,8 пайызға қысқарды. 1990 жылдан бастап 1996 жылға дейін өсу жылдамдығның төмендегені байқалды, бұл негізінен шаруашылық байланыстардың үзілуіне, қаржы қиындықтарының әсерінен болған жағдай. Тек 1996 –1997 жылдары ғана кәсіпорындардың өсе бастауы қамтамасыз етіледі (0,3 және 4%- ке). 1998 жылмен салыстырғанда 1999 жылы кәсіпорынның физикалық индекс көлемі 2,7% өсті, бірақ 1990 жылдағы деңгейіне қарағанда кәсіпорынның көлемі екі есеге дейін қысқарды және физикалық индекс көлемі 1990 жылдың деңгейінің 56,2% құрады.

 Энергетикалық сала елеулі орын алады және еліміздің жалпы эканомикалық дамуында комплекстік қызмет атқарады. Ол өндірістің барлық салаларымен тікелей байланыста, транспорт, құрылыс, ауыл шаруашылығы, қызмет ету және кәсіптік - коммуналдық секторлар.

 Тау–кен өндіріс орындарында мұнай өндіру саласы 85% жуық орын алады. Қазіргі уақытта Қазақстан ТМД мемлекеттерінің ішінде мұнай өндіруден Ресейден кейінгі екінші орынды алады және дүниежүзілік қоғамдастықтың 90 мемлекетінің ішінде алғашқы отыздыққа кіреді. Болашақта «Теңіз» және «Қарашығанақ» кен орындарынан жыл сайын 40 мли т. мұнай және 30 млрд. м өндіріледі деп есептелінуде.

 2000 жылмен салыстырғанда 2003 жылы кәсіптік өндірістердің өсуі 12% тен кем болмады соның ішінде мұнай өндіру 33,5 млн. т., яғни мұнай мен газ өндіру 10 %өсті. 2003 жылы кәсіптік өндірістерде мұнай мен серіктес газдарды өндіру 13,8% өсті, ол тұралы Қ.Р Агентігіндегі статистикалық мәліменттер куә бола алады.

 Қ.Р-ның қазіргі ғылыми техникалық саясатына сәйкес еліміздің мұнайгаз өндіруші салаларын дамыту экспорт экспансиясын рыноктағы бағытты жеңілдету ішкі рынокты жоғары сапалы мұнай өнімдерімен және жоғары техникалық сапасы бар қайта өңдеу үшін қолданылатын мұнай өнімдерімен толықтыру, импорттық орнын басатын өнімдерді және мұнайгаз машина жасауды дамыту, артта қалған аудандардың дамуына әсер ету, ескі жұмыс орнын толықтыру және жаңа жұмыс орнын құру.

1. МҰНАЙ МЕН ГАЗ ӨНДІРУДІҢ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫ

 

 1990 –2000 жылдары отынның дүниежүзілік қорының өскенді бойлады. Осы уақыт аралығында мұнайдың дүниежүзлік қоры 14,7%өсті және 143,4 млрд.т. құрады, оған сәйкес табиғи газ 30,7%, 146,4 трлн.м көмір 984 млрд. т. Қазіргі деңгейде оларды өндіру және мұнайды қолдану 40, газды 60, көмірді 200жылға жетеді.

 Осы жылдар ішінде дүниежүзілік мұнай өндіру14,5% және 2000 жылы 3,5млрд.т құрады, оған сәйкес газ 20,5%және 2,3 трлн м. Мұнай қорының 80%Таяу Шығыста 64% және Америкада 16,5% шоғырланған. Соның ішінде дүниежүзілік қордың үштен бір бөлігі ОПЕК елдеріне келеді, оның үш немесе төрт бөлігі Сауд Аравиясында.

 Мұнайдың бар қоры Сауд Аравиясына 80 жылға, Иранға 65 жылға, бұрынғы СССР елдеріне 20, Қазақстанға 115 жылға жетеді. 2000 жылы дүниежүзілік елдер ішінде Қазақстанның үлесіне мұнай қорының 2,1% келеді. 2000 жыл жүниежүзі бойнша мұнай өндіру 3518,9 млн.т. құрады. Өнімнің үштен екі бөлігі дүниежүзінің 10 ірі елдерінде шоғырланған, оның тек жартысы Сауд Аравиясына, АҚШ және Ресейге келеді.

 

2. ҚАЗАҚСТАННЫҢ МҰНАЙГАЗ САЛАСЫНЫҢ

ҚАЗІРГІ ЗАМАНДАҒЫ ЖАҒДАЙЫ.

 

 Сонғы жылдары мұнай газ саласы біздің республикамызда жетекшілердің бірі болды, ол өнеркәсіптік өнімнің 40% көлемін береді. 1997 ж. жылдан бастап көмірсутек өндірудің тұрақты өсіп келе жатқаны байқалды. ТМД елдерінің ішінде Қазақстан мұнай өндіруші ретінде Ресейдне кейін екінші орында, дүниежүзілік қоғамдастықтағы 90 елдің бірінші тоғыздығына кіреді.1998 ж. Қазақстан Республикасы 25,9 млн. т. мұнай өндірді, ол 1997 ж. 0,6% артық. Дүниежүзілік өнім алуда Қазақстанның үлесі 0,7%.

 Қазақстан Республикасының территориясында 202 мұнай және газ кен орындары орналасқан. Өндірілетін мұнай ресурстарының жобасы 7,8 млрд. т. бағаланып отыр, табиғи газ 7,1 трлн.м. 70% жуық қор Қазақстаның батыс облыстарына шоғырланған. Оның басым бөлігі тұзды кен орнымен байланысты және 5 мың. одан тереңде орналасқан.

 Өндірілетін қордың және өндіруге даярланған 202 кенорындары 3 млрд т мұнайды құрайды, газ конденсатын қосқанда және 2 трлн. М газ. Бекітілген қорда 169 көмірсутек кен орны бар, оның 87 мұнай, 17 газ, 30 мұнайгаз, 45 мұнай және газконденсаты.

 Едәуір бөлігі 12 біршама ірі кенорнына келеді, соның ішінде тең жартысына жуығы Теңіз кенорнына, Королевский және Қарашығанақа келеді. Неғұрлым болашағы бар Каспий теңізінің шельфі және оның жағалауындағы зоналар, жобаланған қорының мөлшері 12 млрд т. жуық. Теңіз және Қарашығанақ кен орындарынан келешекте 40 млн.т. мұнай мен 30 млрд. м газ жылсайын өндіріледі деп жобалануда.

 55 кенорнында мұнай өндірілуде. Ең ірі кенорна Теңіз(мұнай), Өзен (мұнайгаз), Қарашығкнақ (мұнайгаз конденсат), Жаңажол (мұнайгаз конденсат) Қаламқас (мұнайгаз) жатады.

 Континетальды бөліктегі көмірсутек ресурстарын болжау және Каспий теңізінің Қазақстан сектоындағы шельфі 7-ден 17 млрд. т. диапозонда бағалануда. Қазақстан жақын он жылда болжағана ресурстар «дәлелднеген»категорияға ауысады деп үміттенеді. Каспий бассейінінің максимальды мұнай экспорт потенциалы, батыстың ең ұқыпты эксперттерінің бағалауы бойынша, жылына 100 млн. т. құрайды (2 млн. баррель күніне).

 Арал бассейінің ресурстарын болжау 2 млрд. т. отынды құрайды. Жоғары газмұнай потенциялы және генізгі тасмалдау артериясының жолында болғандықтан географиялық жағдайы да тиімді, сондықтан Арал бассеиінін бірінші кезектегі регион ретінде геологиялық барлау жұмыстарын жүргізуді ұсынып отыр.

 1999 ж. мұнай өндіруші өнеркәсіп салалары 30,04 млн.т. мұнай және газ конденсатын өндірді, соның ішінде мүнай 25,598 млн.т., газ конаденсаты 3,3 млн.т., табиғи газ 7,173 млрд. м. Мұнай мне газ конденсатын өндірудің 1999 ж. сәйкес уақытта өсуі 115,8% құрады, оның 112,0% мұнай. Бесеуін есептемегенде, қалған ірі мұнай өндіруші өнеркәсіптерде мұнай өндіру өсті.

 Егер 1999 ж. көмірустек өндіру 30,04 млн. т. құраса, 2000 ж. ол 33,5 млн. т. жетті, 2005 ж. 60-қа, ал 2010 ж. –88 млн.т. жеткізу көзделіп отыр.

 Мұнай өндіруді өсіру төмендегідей СП ТШО(113%), АО «Маңғыстаумұнай газ»(120,6%), СП «Харрикейін-Құмкөл-Мұнай» (120,8%), СП «Құмкөл-Лукойл» (122,3%), ННК «Қазақойл» (103,0%), СП «Анако» (192,8%), СП «Матин» (134,4%),СП «Қазмермұнай»(5,1 есе), Қарашығанақ- Петрольум Оперейтинг – газ конденсаты (160,3%). ФИСК (Қазан-Құрал), СП «Қазтүркмұнай» (Сазтөбе), Тексако Норд Бузачи (Солтүстік Бузачи) компанияларында кен орындары пайдалануға берді.

 5 мұнай өндіруші өнеркәсіпте өнім өндіру түсті: АО «Ақтобемұнайгаз» (87,8%), СП «Арман» (93,8%), Гюрал (80,8%), Светоандойл (85,6%), НПЗ «мұнай» (64,0%).

 1999 ж. мұнайды экспорттау (орын алмастырмай) 20,662 млн.т. құрады немесе 1998 ж. салыстырғанда 121,6%.

 1999 ж. республикада мұнайды қайта өңдеу көлемі 5955,1 мың. т. құрады немесе 70,2% 1998 ж. денгеиінде. Заводтар бойынша қайта өңдеу көлемі:

  • ПНПЗ –666,1 мың. т. немесе 34,7%;
  • ШНПЗ – 3382,7 мың т. немесе 91,7%;
  • АНПЗ – 1884,3 мың. т. немесе 67,1% 1998 ж. деңгейінде.

 Өндірілген мұнай өнімдері:

  • безин 1287,3 мың. т. (70,0%)
  • авиокерасин 56,5 мың. т. (24,5%);
  • дизельдік отын 1819,4 мың.т. (72,5%);
  • мазут 2167,7 мың.т. (74,2%);
  • сұйытылған газ 184,5 мың. т. (94,6%).

 1999 ж. шикізатпен қамтамсыз ету төмен болғандықтан, үш заводтың жеткен өндірістік қуатының 32,3% құрады соның әсерінен республиканың мұнай өнімдеріне сұранысы қанағаттандырылмай қалды. Рыногды мұнай өнімдермен қамтамасыз ету үшін ҚР өкіметі № 1133 11.08. 99ж. қаулы қабылдады бензин мен дизель отындарын акцизсіз тасу тұралы, оның әректі

01.02.2000ж. дейін ұзартылды, ол Қазақстан рыногында мұнай өнімдеріне бәсекелестік ортаның пайда боуына әсер етті және отанан шығарылған мұнай өнімдерінің бағасы төмендеуіне әсер етті. Мазутпен қамтамасыз етуді қалыпқа келтіру үшін, ҚР өкіметінің №1412 08.09. 1999ж. қаулысымен мазутты Қазақстан Республикасынан сырт жерге шығаруға тиым салынды, ол бағаның түсуіне әсерін тигізеді.

 Мұнайдың дүниежүзілік бағасының көтерілуінің жалғасуы және қазіргі бар салық заңдылықтары мұнайды отандық НПЗ апаруды эканомикалық тиімсіз етіп жатыр.

 Республика сұранысын отаннан өндірілген бензин мен қамтамасыз ету үшін жыл сайын отандық НПЗ –ны мұнайды 9,6 млн.т. көлемімен қамтамасыз ету керек. 2000 ж. Республиканың МӨЗ ге мұнай жеткізу 9,9 мен.т. жоспарланып отыр, соның ішінде АО «ШНОС» –қа 3,5,ППНЗ –ға 3,5, АНПЗ –ға 3,1 млн. т. мұнай.

 Заводтарға мұнайдың толық жеткізілуі былай түсіндіріледі, мұнай өндіруші компанияларға оны отандық МӨЗ – ге сатқанан гөрі экспартқа шығарған тиімдірек, экспортағанда кеденнен жинау тауардың бағасының 0,2% құрайды (мұнайдың бағасы 70 дол.1т. кедендік жинау 14 ценпен, 100 дол. болғанда 20 центпен төленеді.). Мұнайды Қазақстан МӨЗ – де сақтағанда компания 20% НДС. Жалпы түскен ақшадан төлейді, дегенмен де еліміздің ұлттық байлығы болып саналатын шикізатты ол жа басқасы да пайдаланады.

 Республикада эканомикалық қарымқатынастарды компанияларға және мұнайды экспорттаушыларға, оны Қазақстан МӨЗ сатушыларға теңестіру нұсқалары мыналар:

  1. Отандық МӨЗ –де сақтағанда Өңделген мұнайға НДС алып тастау.

           2. Мұнай экспортында экспорт пошлинасының мөлшерін белгілегенде оны отандық МӨЗ –ге сатқандарға НДС мөлшеріне теңестіру.

            3. Мұнайға экспорт пошлинасын белгілеу НДС артық мөлшерде болу керек.

 Егер бірінші нұсқа бойынша көрсетілген компаниялар бойынша эканомикалық тендік орнайтын болса және мұнайды заводтарға сату мүмкіндігі артатын болса, онда ол оның қажетті мөлшерін жеткізіп бере алатынына гарантия бере алмайды. Бұл жерде экспортқа квота тағайындамай, мұнайды отандық МӨЗ –ге жеткізуде мұнай сатушылар өз келісім шарттарын орындаған жағдайда, мемлекет шыға алмайды. Бюджетке ақша аз түседі, бірақ отандық МӨЗ мұнайдың көп мөлшерін қайта өңдеудің нәтижесінде көп акциздік жинау түседі және мұнай өнімдерін іске асырғанан НДС, ол НДС алып тастағандағы жетпей қалған акцияның орнын толтырады. Мұнай өндіруші компаниялар жоғарыда көрсетілген себептерге ғана байланыста экспортқа мұнай сатуға қызығып отырған жоқ,сондай-ақ оны төмендетілген бағамен сату және оффшорлы зона арқылы өткізу, сол арқылы кедендік жинауда роялти бойынша төлем ақыны азайту және қолданушы мемлекеттерде НДС-ты төлеуден құтылу.

 Сатып алатын елдер, мұнайды жан-жақ қайта өңдей отырып және оның бір бөлігін мұнай химиялық өндіріс үшін пайдаланып Қазақстанға қарағанда үлкен кіріске жетуге ұмытылады. Сонымен Қазақстан МӨЗ-ге толық жеткізбей еуропа елдерінің баюына мүмкіндік тудырады, ал өзіне едәуір сезілетін экономикалық соққы береді.

 Екінші нұсқа бойынша ішкі рыногта мұнай сатушы мен экспорттерлер арасында налог төлеуден теңдік орнайды. Бюджетке НДС-тен басқа НДС көлемінде экспорттық пошлина түседі. Отандық МӨЗ-ге мұнай жеткізу мүмкіндігі артады, бірақ оны жеткізудің гарантиясы міндетті емес.

 Бірінші нұсқадағыдай, мұнай сатушылар экспортқа ұмтылады, себебі оларға ол көбірек тиімді, заводтарға қарағанда.Шетелдік компаниялар экспортқа шығаратын мұнайдың бағасын республиканың бюджетіне салықты азайту үшін әдейі төмендетті, алыс шетелге мұнайды фирмалар арқылы сатады, оффшорлы зоналарда офистері бар, жақын шетелдік елдерін айналып өтіп, бұл еліміздің экономикасына қосымша экономикалық шығын әкеледі.Қазақстан Республикасы Кедендік комитетінде немесе ННК «Қазақойл» -да дүниежүзілік мұнайдың бағасын тексеріп отыратын топ құру қажет, ол пікірлер жағынан экспортқа шығатын Қазақстан мұнайына ұқсас және бұл мағлұматты тез арада кеден постарына жеткізіп тұрады ол арқылы мұнай экспортқа шығарылады.Қазқстан мұнайын демпингалық бағамен сатқан жағдайда экспортерлерді жазлау керек, ол үшін заңдардың жаңа жарғысында жаңалау жүйесін жасау керек. Кеден постарында экспортқа шығаратын мұнайды экспресс – сараптауға арналған лаборатория құру қажеттілігі туындайды мұнайдың сертификаты болса да.

 Үшінші нұсқа бойынша экспортқа квота тағайындау эканомикалық проблемаларды шешудің әкімшілік тәсілі болып табылады, бұл рыног жағдайында қолайлы емес. Мәселені шешу үшін НДС –қа қарағанда көлемі көбірек экспорт пошлинасын тағайындау керек, нәтижесінде мұнайды қайта өндейтін компанияларда Қазақстан МӨЗ бірінші кезекпен мұнай сатуға экономикалық қызығушылықтары пайда болады.

 Екінші және үшінші нұсқалар бюджетке қаржы түсуінің өсуіне ықпал етеді, ол салықтың пайыздық мөлшерін төмендетуге мүмкіндік тудырады:

  • НДС –тің мұнай өндіруші компаниялары және экспорт пошлиналары үшін ;

      - НДС – тің мұнай өнімдерін қолданушылар және транспорт шығынын төмендету жүзеге асырылатын акциздердің ерекшелігі үшін;

 Отандық МӨЗ де мұнайды қайта өңдеудің артуы салықтың көлемінің төмендеуінен бюджетке қаржы түсуді орнын толтырып қана қоймайды, сондай –ақ оларды мүнай өнімдерін қолданушылар тобын – потенциалдық салық төлеушілерді кеңейту арқасында өсіруге болады. Шикізаттың мөлшерінен мүнай химиялық өнімдерді өндірген кезде жалпы саудадан түскен ақшаның бағасы мұнай өнімдерін өндіруден 7 – 10есе артық болады, ол бюджетке қаржы түсудің өсуіне оданда көп ықпал етеді. Мұнайға экспортық пошлинадан түскен қаражат мұнай химияның дамытудың көздерінің бірі болуы мүмкін.

Информация о работе Мұнай өндіру