Көміртектің аллотропиялық түрөзгерістері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Декабря 2012 в 17:07, реферат

Краткое описание

Қазақстан Республикасының егеменді ел болу кезеңінде әлеуметтік – экономикалық реформаны дамытуға ветеринарияның маңызы зор. Әлеуметтік экономиканы қайта құру нәтижелі ұйымдастыру деңгейіне байланысты.
Ветеринария ісін ұйымдастыруды нашар жүргізу – шаруашылық ісінің бұзылуына, малдан алынатын өнім сапасының төмендеуіне, мал басының кемуіне және әр түрлі індет ошақтарының пайда болуына әкеп соқтырады.

Содержание

1.Кіріспе....................................................................................................................3
2.Шаруашылыққа жалпы сипаттама......................................................................5
3. Шаруашылық экономикасындағы мал шаруашылығының маңызы..............6
4.Шошқа шаруашылығына сипаттама беру..........................................................8
5.Ауыл шаруашылық малдарының ауруына, мал басының өлім-жітіміне сипаттама беру.........................................................................................................9
6.Шаруашылықтың мал дәрігерлік қызметіне сипаттама беру........................13
7.Кең тараған ауруға сипаттама беру..................................................................14
8.Аталып отырған ауруды жою,алдын алу шаралары және оны шаруашылық пен елді-мекендерге таратпау..............................................................................19
9.Мал дәрігерлік шаралардың экономикалық тиімділігін бағалау...................21
10.Қорытынды..................................................................................

Прикрепленные файлы: 1 файл

курсовой.docx

— 54.33 Кб (Скачать документ)

       Ветеринарлық  бөлімше шағын мекеме, оның құрамында  дәрігер және санитарлар бар.  Олар шаруашылықтағы ветеринарлық  қызмет жұмысын қадағалайды. Ветеринарлық  көмек көрсеткіші үшін төлемақы  келісімшарттық бағалар бойынша  алынады. Олар эпизоотиялармен  күрес және тағы басқа ветеринарлық  мәселелерді жоспарлайды.

        Бас  дәрігер шаруашылықтағы мал дәрігерлік  қызмет жұмысын басқару, ұйымдастыру,  жоспарлау немесе материалдық-техникалық  жағынан қамтамасыз етумен шұғылданады.  Сол үшін ол жүргізілетін алдын-алу  сақтандыру шараларын жасап, шаруашылық  басшыларының қарауына ұсынып, белгілі  тәртіппен бекітеді. Осындай жұмыс  нәтижесінде беті ашылған кемшіліктерді  жою үшін және жоспарға сәйкес  емдеу, аурулардың алдын-алу, сақтандыру, сауықтыру ұйымдастырылады.

      Бас дәрігер  шаруашылықта жүргізілген мал  дәрігерлік жұмыстарды жоспарлау,  тіркеу, есеп беру тағы басқа  іс-қағаздарын жүргізуді ұйымдастырады  және оны құжаттардың сапалы  құрылуын тиісті тәртіппен сақталуын  қадағалайды. Шаруашылықта мал  дәрігерлік қызмет атқару үшін  мына формуланы пайдаланамыз.

 

                            Х=А*К1+Б*К2+ В*К3+ ...../850

 

Мұндағы: А,Б,В- түлік түрлері  мен мал топтарының саны.

                  К123- коэффициенттер;

                  850- әр маманға жүктелген нормативтегі  шартты мал саны;

 

Х =1800*1,0+1400*0,6+1300*0.16+180*0.66/850=1800+840+208+118,8/850=3

 

Шаруашылықта мал дәрігерлік қызмет атқаруға  мал дәрігері және оның көмекшісі керек. Шаруашылықтағы мал дәрігердің айлық еңбек ақысы - 29 000 тг. Ал көмекшісінің айлық еңбек ақысы – 18 000тг.  Бір күндік еңбек ақысын табу үшін 25,6 күнге бөлеміз. Шошқаның тілмесі ауруын емдеуге  15 күн кетті және қалған 680 бас шошқаны вакцинациялайды. 1 бас шошқаны вакцинациялауға 30 тг. қарастырылған.

            Жалпы шаруашылықта 1300 бас шошқа бар.

             Шаруашылықтың материалдық техникалық  базасына келетін болсақ, ветеринарлық  обьектілер құрамына: оқшаулағыш, стационарлық  пункт, құрал- саймандарды сақтайтын  бөлмелер, стационарлық дезқұрылғылар,  санитарлық пункт, азық қоймалары,  дәріхана, қасапхана, және 2 автокөлікпен  қамтамасыз етілген. Шаруашылықтан  25 км қашықтықта өлекселерді көметін  мал моласы жасалынған. Бас мал  дәрігері жыл сайын эпизоотияға  қарсы шаралар жөнінде жоспар  құрып отырады. Мал жылына екі  рет диагностикалық тексерістен  өтеді. Сонымен қоса профилактикалық  иммундеу және емдік профилактикалық  шара өткізіледі. Мал дәрігерлік  жұмыстарды жоспарлау, тіркеу, есеп  беру жұмыстары ұйымдастырылған.  Негізгі құжаттар есебінде «ауру  тарихы» есептелінеді. Осы құжаттармен  қатар ветеринарлық есеп журналы  толтырылады, яғни №1 үлгі «Жануарлардың  жұқпалы ауруы жөніндегі есеп»  және №2 үлгі «Эпизоотияға  қарсы шаралар жөніндегі есеп»  форма түрінде. Шаруашылықтағы  барлық обьектілер кестеде көрсетілген.

 

                                    Шаруашылықтағы обьектілер                     3-кесте

 

Обьектілердің атауы.

Қолданылуы.

Ветеринарлық пункт

Малдардың амбулаториялық және стационарлық емдеу, профилактикалық, ветеринарлық-санитарлық шараларды  жүргізу.

Изолятор

Ауру малдар және ауруға күдікті малдарды ұстау.

 Санитарлық сойыс пункіті.

Малдарды амалсыздан сою .

Карантин.

Шаруашылыққа келген малдарды қабылдау, ұстау,диагноз қоюға, зерттеулер жүргізу және ветеринарлық- санитарлық өңдеуден өткаізу.


                 Шаруашылықтағы құрал жабдықтар тізімі.                    4-кесте.

 

 

Аспаптар атауы.

Өлшем бірлігі.

Саны.

1.

Бунзен колбасы.

дана

2

2.

Лупа

Дана

2

3.

Анатомиялық қайшы.

Дана

7

4.

Таңу материалдарына арналған қайшы.

Дана

3

5.

әртүрлі пипеткалар.

Дана

15

6.

әртүрлі пинцеттер.

Дана

10

7.

Термометр.

Дана

9

8.

Шприцтер.

дана

20


         

    

 

 

Жиһаз және шаруашылық мүліктері.                           5-кесте.

 

 

Атауы.

Өлшем бірлігі.

Саны.

1.

Өртке қарсы аспаптар жиынтығы.

дана

2

2.

Аспаптарға арналған үстел.

Дана

3

3.

Аспатарға арналған шкаф.

Дана

3

4.

Противогаз.

Дана

2

5.

Арнайы киімдер жиынтығы.

Дана

5


 

                     

 

                      Дезинфекциялағыш заттар.                                         6-кесте.

 

Атауы.

Өлшем бірлігі.

Саны.

1.

Хлорлы әк.

кг.

5

2.

Күйдіргіш натрий 2% ерітінді.

Дана

6

3.

70%,96% спирт.

л.

5

4.

Хлорофос.

Дана

5


 

  Шошқа қораларындағы микроклимат көрсеткіштері.      7-кесте.

 

Микроклимат параметірлері.

Жас мал қорасы.

Қой төлдеу орыны.

1.

Ауа температурасы, 0С

5(3-6)

15(10-16)

2.

Салыстырмалы ылғалдылық,%

70(50-75)

70(50-75)

3.

Ауа алмасу, м3/сағ бір басқа.

Қыста

Ауыспалы кезең

жазда

 

15

25

45

7

4.

Ауа жылдамдығы, м/с

Қыста

Ауыспалы кезең

Жазда

 

0,5

0,5

0,8

3

5.

Зиянды газдар.

Көмірқышқыл,%

Аммиак, мг/м3

Күкіртсутегі, мг/м3

 

0,25

10

10

15

6.

Ауаның микробтармен залалдануы, м3/1000 микроб.

 

70

10


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 6.Ауыл шаруашылығы малдарының ауруына, мал басының өлім –

жітіміне талдау жасау

   

       «Атамекен» шаруа қожалығында жалпы ауыл шаруашылық малдары етті бағытта өсіріледі. Шаруашылықтағы жалпы малдар саны төмендегідей: м.і.қ.-1800 бас; жылқы малы-180 бас; шошқа – 1300 бас; қой- 1400 бас.

       Соңғы   жылдары  шаруашылықта  кездесіп  тұрғаны - шошқалардың тілмесі- инфекциялық аурулар түріне  жатады.  2010 жылы осы аурумен 15бас шошқа ауырып,  3-еуі өліп қалды.  Қалған 685 бас шошқа вакцинациялаудан өткізілді. Қазіргі уақытта шаруашылық басқа індеттік аурулардан сау. Соңғы үш жылғы дерек бойынша ауруларға шалдығу пайызы келесідей:

 

Жыл   

 

Аурулар

Жылқы

М.і.қ.

Қой

Шошқа

2010ж

Инвазиялық аурулар бойынша

30%

35%

25%

15%

 

Инфекциялық аурулар бойынша

15%

20%

35%

30%

 

Жұқпалы емес аурулар бойынша 

55%

45%

40%

55%

2011

Инвазиялық аурулар бойынша

25%

15%

35%

28%

 

Инфекциялық аурулар бойынша

35%

30%

25%

40%

 

Жұқпалы емес ауралар бойынша

40%

55%

40%

32%

2012

Инвазиялық аурулар бойынша

15%

25%

35%

15%

 

Инфекциялық аурулар бойынша

25%

30%

10%

200%

 

Жұқпалы емес ауралар бойынша

60%

45%

55%

65%


                      

                                   7. Кең тараған ауруға сипаттама беру

 

      Шошқаның тілмесі-жіті өткенде өлі тиіп, терінің қабынып қызаруымен,ал созылмалы түрде жүрек пен буындардың қабынуымен сипатталатын жұқпалы ауру.

     Қоздырушысы-Erysipelothrix insidiosia-Lactobacillacea тұқымдыастығы, Erysipelothrix туыстастығына жатады.Ұзындығы 0,5-1,5мкм,көлденеңі0,2-0,3мкм, қозғалмайтын, спора және капсула  түзбейтін грамоң,полиморфты қысқа таяқша.

    Төзімділігі. Ауру қоздырушысы спора түзбегенімен де сыртқы орта жағдайында төзімді келеді. Ауызы балқытылып бекітілген сұйық қоректік ортада 17-35 жыл шіріген өлекседе бірнеше ай,өзен суында 73 тәулік, несепте-203 тәулік, нәжісте-94тәулік, топырақ тұнбасында 108 тәулік сақталады. Жоғары температураға төзімсіз 50С қыздырғанда 15 минутта, ал 

70С-та 5 минутта күшін жояды.  Алайда етті уақтамай қайнатқанда  тек кана 2,5сағаттан кейін өледі.

     Індеттік ерекшеліктері. Тілме бактериясы жануарлар әлемінде ең кеңінен тараған микробтардың қатарына жатады.Шошқада тілме спорадия немесе індет түрінде дүниежүзінде барлық елдерінде дерлік кездеседі.Ауруға көбінесе 3-12 айлық шошқалар бейім келеді. Сондай ақ табиғи жағдайда  тілмемен тауық үйрек күрке тауық көгершін кемірушілер ауырады.Тілмемен адам да ауырады.

   Ауру қоздырушысының  бастауы-ауру және микроб алып  жүруші шошқалар.Микроб алып жүрушілерде  ауру қоздырушысы әдетте жұтқыншақ  сөл түйіндерінде және ішек  фолликулаларында орналасып әр  түрлі стресстердің әсіресе протейннің  жетіспеушілігі және сыртқы ортаның  ыссылығының әсерінен аурудың  клиникалық белгілері байқалады.  Осы себептен тілме шаруашылыққа  көбінесе басқа жактан әкелінбейді,  өз ішінен шығады.

   Ауру негізінен  қоректік жолмен, ал сирегірек  жанасу және трансмиссивтік жолдармен  жұғады.

   Өтуі мен  симптомдары.Аурудың жасырын кезеңі 2-5 тәулік, кейде одан да ұзаққа созылады.Шошқаның тілмеге бейімділік дәрежесіне қоздырушысының уыттылығына және мөлшеріне, ену жолдарына және сыртқы ортаның жағдайларына байланысты аса жіті , жіті, жітіден төмен, созылмалы түрде өтеді.Сонымен қатар аурудың өлітиюлік, терілік және жасырын түрлерін ажыратады.

   Өлекседегі  өзгерістер.Өлекседегі өзгерістер дерттің өтуіне түріне байланысты болып келеді.Аурудың жіті түрінде өлекседегі өзгерістер өлітиюге байланысты болады. Кеуде тұсы шабынның терісі көкшіл тартып бүйірінде жонында әр түрлі келген қоқшыл-қызғылт дақтар кездеседі.Ішкі қуыстар мен ағзалардың сірі қабықтарында уақ қан құйылулар, фибрин талшықтары кездеседі.Сөл түйіндері қанға толып, көлемі ұлғаяды.Көкбауыр үлкейіп бауырда дистрофиялық өзгерістер кездеседі.Бүйрек қабынып қанталаулар байқалады.Өкпе домбығып, қабыну ошақтары кезігеді.Жүрек еті бозғылт тартып жұмсарады.Қарынның аш ішектің кілегейлі қабығында қанталаулар болады.Аурудың созылмалы түрінде жүрек қақпақшаларында буындарында өзгерістер кездеседі.

Информация о работе Көміртектің аллотропиялық түрөзгерістері