Көміртектің аллотропиялық түрөзгерістері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Декабря 2012 в 17:07, реферат

Краткое описание

Қазақстан Республикасының егеменді ел болу кезеңінде әлеуметтік – экономикалық реформаны дамытуға ветеринарияның маңызы зор. Әлеуметтік экономиканы қайта құру нәтижелі ұйымдастыру деңгейіне байланысты.
Ветеринария ісін ұйымдастыруды нашар жүргізу – шаруашылық ісінің бұзылуына, малдан алынатын өнім сапасының төмендеуіне, мал басының кемуіне және әр түрлі індет ошақтарының пайда болуына әкеп соқтырады.

Содержание

1.Кіріспе....................................................................................................................3
2.Шаруашылыққа жалпы сипаттама......................................................................5
3. Шаруашылық экономикасындағы мал шаруашылығының маңызы..............6
4.Шошқа шаруашылығына сипаттама беру..........................................................8
5.Ауыл шаруашылық малдарының ауруына, мал басының өлім-жітіміне сипаттама беру.........................................................................................................9
6.Шаруашылықтың мал дәрігерлік қызметіне сипаттама беру........................13
7.Кең тараған ауруға сипаттама беру..................................................................14
8.Аталып отырған ауруды жою,алдын алу шаралары және оны шаруашылық пен елді-мекендерге таратпау..............................................................................19
9.Мал дәрігерлік шаралардың экономикалық тиімділігін бағалау...................21
10.Қорытынды..................................................................................

Прикрепленные файлы: 1 файл

курсовой.docx

— 54.33 Кб (Скачать документ)

Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министірлігі

Жәңгір хан атындағы Батыс  Қазақстан аграрлық – техникалық университеті

 

 

 

 

                                  «Эпизоотология, паразитолгия және ВСС» кафедрасы

 

 

 

         Курстық жұмысы

«Ветеринарлық істі ұйымдастыру» пәнінен

 

Тақырыбы: «Батыс Қазақстан  обылысы Теректі ауданы,Ақсуат ауылдық округіне қарасты «Атамекен» шаруа қожалығындағы шошқа тілмесі ауруына қарсы мал дәрігерлік шараларды ұйымдастыру, жоспарлау және оның экономикасы».

 

                                                                       

                                                                           

                                                                         Орындаған: ВМ-43 топ студенті

                                                                                      Нургалиева М.Ш

                                                                      Тексерген: в.ғ.к.,аға оқытушы

                                                                                        Есенғалиев Ғ.Ғ.

 

 

 

 

Орал,2012 ж.

 

Жоспар:

 

1.Кіріспе....................................................................................................................3

2.Шаруашылыққа жалпы сипаттама......................................................................5

3. Шаруашылық экономикасындағы  мал шаруашылығының маңызы..............6

4.Шошқа шаруашылығына  сипаттама беру..........................................................8

5.Ауыл шаруашылық малдарының  ауруына, мал басының өлім-жітіміне  сипаттама беру.........................................................................................................9

6.Шаруашылықтың мал дәрігерлік  қызметіне сипаттама беру........................13

7.Кең тараған ауруға  сипаттама беру..................................................................14

8.Аталып отырған ауруды  жою,алдын алу шаралары және  оны шаруашылық пен елді-мекендерге  таратпау..............................................................................19

9.Мал дәрігерлік шаралардың  экономикалық тиімділігін бағалау...................21

10.Қорытынды.......................................................................................................24

11.Қолданылған әдебиеттер.................................................................................25

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

Қазақстан Республикасының  егеменді ел болу кезеңінде әлеуметтік – экономикалық реформаны дамытуға ветеринарияның маңызы зор. Әлеуметтік экономиканы қайта құру нәтижелі ұйымдастыру деңгейіне байланысты.

Ветеринария ісін ұйымдастыруды  нашар жүргізу – шаруашылық ісінің бұзылуына, малдан алынатын өнім сапасының  төмендеуіне, мал басының кемуіне  және әр түрлі індет ошақтарының  пайда болуына әкеп соқтырады.

Республикадағы ветеринарлық істің жағдайы әлеуметтік - экономикалық реформаларға байланысты. Оған жататындар: қоғамдық құрылыс, өндіріс деңгейі, ғылым мен мәдениеттің дамуы, жоғары және арнаулы орта ветеринарлық мекемелерді, өнеркәсіпті және ауыл шаруашылығын білікті мамандармен  қамтамасыз ету, сонымен қатар  материалдық  – техникалық жағынан дұрыс жабдықтау. Мысал ретінде ветеринарлық заңдар ережесі, нормативтік құқықтық құжаттар, білікті мамандарды даярлау, әр түрлі  ветеринарлық қызметке арналған құрал  – жабдықтар, препараттар, дәрі –  дәрмектер мен аспаптар жасау, ветеринарлық басқару қызметін жаңа құрамда қайта  құру, мал шаруашылығындағы объектілерге қатаң түрде ветеринарлық санитариялық бақылау жасау және адам мен малға  ортақ ауруларға  қарсы тиімді күрес  шараларын жүргізу сияқты жұмыстар атқарылып жатқаны мәлім.

Ветеринария ісін ұйымдастыруда  жіберілген қателіктер- шаралардың бұзылуына, малдардан алынатын өнім сапасының  төмендеуіне, мал басының кемуіне  және әртүрлі індет ошақтарының  пайда болуына әкеп соқтырады.Ветеринария  ісінің төмен деңгейде болуы малдың ауруын орасан зор экологиялық зиян шегуне, індеттермен күресуге қомақты  шығын жасауға мәжбүр етеді.

Еліміздегі ветеринария  ісінің жағдайын нығайту үшін ҚР үкіметі  және мемлекеттік ветеринария ұйымдары соңғы уақытта көптеген құқықтық-нормативтік  құжаттар қабылдады. Соның бірі 25 шілде 1995 жылы

қабылданып, ҚР Ветеринария  туралы заңы және қазіргі заман талаптарына  сай 10-шы шілде 2002жылы қабылданып, жаңа заң Үкімет тарапынан мемлекеттік  және жеке меншік кәсіпкерлік ветеринарлық қызыметінің құрылымын жетілдіру, мамандар дайындау сапасын арттыру, материалдық-техникалық, ветеринарлық-санитарлық жағдайына,шаралардың тиімділігіне қатаң  талап қою сияқты жұмыстар жүргізілуде.Ветеринария  ісінің арнайы шаралар жүйесі ретінде  халық шаруашылығына немесе экономикалық зор маңызы бар.Мәселен, ветеринарлық қызыметтің тікелей қатысуымен мал  ауруларнын сақтандыру,малдан сапалы өнім алу қамтамасыз етіледі.

   Ал ветеринарлық әлеуметтік маңызы –оның халықты зооантропонозды аурулардан сақтау, қорғау шараларын жүргізуде көрінеді.Ветеринария ісі сонымен қатар қорғаныстық мағынада да беріледі,мысалы шекарадағы экспорттық тауар алмасу кезінде елімізді шет елдерден қауіпті жұқпалы мал ауруларының енуінен қорғау- шекаралық ветеринарлық бақылау мекемелеріне жүктелген.

         Міндеттері: жануарларды аурудан қорғау және емдеу, халықтың денсаулығын қорғау.

Ветеринарлық заңдылық деп -  ветеринария туралы үкімет тарапынан  жарияланған заңдар басқарушы органдар бекіткен нұсқаулар, типтік анықтамалар, ережелер және т.б. құжаттар жинағы болып  табылады.

Ветеринарлық қызметті ұйымдастыру  пәні ветеринарлық істің  экономикасы  мен статистика, іс қағаздар жүргізу, құрылыс салу салаларымен тығыз  байланысты.

Сондықтан мен өзімнің  курстық жұмысымды жалпы лептоспирозы ауруы кезіндегі шаруашылықтағы ветеринарлық – санитарлық шаралар мен аурудың шаруашылыққа келтірген зияны яғни шығынын есептеу негізінде экономикалық тиімділікті анықтадым. Осы бағытта жеке курстық жұмысымды орындауға тырыстым.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2. Шаруашылыққа  жалпы сипаттама

          «Атамекен» жеке шаруа қожалығы Батыс Қазақстан облысындағы Теректі ауданында Ақсуат ауылдық округіндегі орналасқан. Бұл қожалықтың малдәрігері  М.О.Суханберлиев. «Атамекен» шаруа қожалығы тек қана мал шаруашылығымен шұғылданады.

           Жалпы географиялық тұрғыдан қарасақ қоныржайлы аймақ болып есептеледі. «Атамекен» жеке шаруашылығының бірден-бір ерекшілігі, мұнда тек мал қоймай, егістік өсірумен, көкеніс шаруашылығымен кеңінен айналысады. Яғни шөбі шүйгін. Шаруашылықта малды жайылымда ал қысқы кезеңдерде қораларда ұсталады. Қоралар жылы, микроклимат көрсеткіштері сақталған, төбесі жабылған, желдеткіштер орнатылған. Сонымен қатар оқшаухана мен карантиндик аулалар санитарлық көрсеткіштерге сай жабдықталған. Малдәрігерлік шағын дәріхана мен мал зираты қазылған.

 Шаруашылықта шошқаға қосымша рационға құнды азықтар енгізілген. Соңғы жылдары осының нәтижесінде шаруалық сапалы өнім алуға қол жеткізді.

Климаты кұбылмалы  жаз айларында атмосфералық жауын -шашынны жеткілкті мөлшерде жауады. Жазы орташа және басқа жыл мезгілдерімен салыстырғанда қысқа болып келеді. Күзгі салқындық қазан айында күшейеді, бірақ қыркүйек айының ортасына ауысуы мүмкін. Аязсыз периодтың орташа ұзақтығы 5 ай, ал 0 С температура жоғары күндер саны 8 ай. Қолайлы жылдық мөлшері 250-280мм, ал қолайсыз жылдық мөлшері 80-110мл ғана, тұрақты қар жамылғысы бар қыс периодының ұзақтығы 100-120 күн. Қыс айларында максимальді қар қабатының қалыңдығы 50 - 60. Қыстың ең салқын айлары желтоқсан және қаңтар айлары, оның орташа температурасы 28 - 30°С - ка дейін барады. Қыс айларының орташа жел жылдамдығы шамамен 4 - 4,5 м/с.         

           Қар жамылғысы сәуір айының соңғы күндері epin бітеді. Көктемгі суық желдері мен аяз күндері сәуірдің ортасынан басталып наурыз айларының алғашқы күндеріне дейін созылады.

Жаз айлары салқындау, жауын - шашын көп жауады. Ең ыстық  айлары шілде айының аяғы мен тамыз айлары, шамамен орташа температурасы 30°С, жаздың шілде айларының абсолютті максимумі 30 - 33°С дейш жетуі мүмкін.

Теректі ауылдық округіндегі «Атамекен» шаруа қожалығының жер көлемі 25000 га. Мал шаруашылығына пайдаланатын жер көлемі 15000 га., шабындық жер көлемі 3000 га, жайылымдық жер көлемі 5900 га. Шаруашылықтың негізгі бағыты етті  бағыттағы мал шаруашылығы. Шаруашылықта 1800 бас мүйізді ірі қара, 1400 бас қой, 1300 бас шошқа, 180 бас жылқы.

 

 

        

3. Шаруашылық экономикасындағы  мал шаруашылығының маңызы.

       «Атамекен» жеке шаруашылығы халық шаруашылығында ең манызды орынға ие.

           Өлкенің табиғи экономикалық жағдайлары мен шабындық жерлерімен ұшан теңіз, мал басының өсіп өнуіне әрдайым қолайлы әсер етіп келген.

                Мал шаруашылығында тауар өндірісінің құны - 80 пайыз құрайды, соның ішінде ет өндіру 60 пайыз.

     Шаруашылықтың негізгі бағыты етті бағыттағы шошқа шаруашылығы. Шаруашылықтағы соңғы 3 жылдағы мал санын екінші кестеден көре аламыз.

 

 

Мал түрі

Мал саны, бас

2010

2011

2012

Етті бағыттағы қой

4150

4130

4150

Ірі қара

1570

1550

1800

Шошқа

1200

1200

1300

Жылқы

120

110

180


 

 

Жыл аймағындағы  мал басы.                          1-кесте.

 

 

                2010 жыл

               2011 жыл

жоспар

факт

жоспар

 факт

Шошқа

500

800

1000

600


 

            

  Мал шаруашылығы өнімінің өндірілуі.                    2-кесте

 

 

                  2010 жыл

               2011 жыл

жоспар

факт

жоспар

факт

өткізілген ет, кг.

700

750

650

600


 

                 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                         4. Шошқа шаруашылығына сипаттама беру

              Теректі ауылдық округіндегі  «Атамекен» шаруа қожалығының жергілікті табиғат жағдайын ескере отырып, мұнда негізінен етті бағыттағы шошқа өсіріледі. Сонымен қатар мегежіндер төл алу мақсатында өсіріледі.

          «Атамекен» шаруа қожалығында 1300 бас шошқа бар. Оның 700 басы мегежіндер, 300 басы торайлар, 300 басы ересек шошқалар. Жазғы мезгілде шошқалар далада жайылады.

            Бұл кезеңде шошқалар тек қана жайылым шөбімен, анда-санда жеммен және сумен азықтандырылады.   Шошқаларды көбінесе далалы жайылымда жайған тиімдірек, себебі  мол өнім береді сонымен қатар еркін жайылады. Ал қора жайда ұстағанда  дұрыс азықтануымен қатар қора жайдың жалпы жағдайының тазалығын қатаң түрде сақталуын тексеріп отыру керек.               

       

           Шошқаларды қораға кіргізер алдында және жайылысқа шығарғанда қора ішіне дезенфекция, дератизация, дезенсекция шараларын міндетті түрде өткізіп отыру шарт және де форточкалар арқылы қора ішінің ауасында тазалап отыру керек.

      

         Қыста шошқаларды жеммен, көк шөппен, сүрлеммен азықтандырады. Азық құрамында организмге қажетті витаминдердің болуы шарт. Қысты күндері үш мезгіл суарылады. Қорадағы лас ауа табиғи жүйелі желдеткішті қолданады, яғни терезе, форточка т.б. арқылы ауа алмасады. Тұрған жерлері жүйелі түрде залалсыздандырылып тұрады. Қоралары уақытылы желдетіліп, және онда ветеринарлық – санитарлық шаралар ережеге сай жүргізіліп отырылады. Және дезинфекция, дератизация, дезинсекция шаралары уақытылы жүргізіледі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                 5.Шаруашылықтың мал дәрігерлік қызметіне сипаттама беру

 

        Шаруашылықтағы  мал дәрігерлік қызметінің ең  бастысы жоғарғы өнімді,  дені  сау малдың болуы, мал шаруашылығы  өнімінің сапалығы үшін күресу. Олар жоспарлы түрде мынадай  ұйымдық шараларды атқарады: мал  ауруларының алдын алу мен  жоюдың профилактикалық жұмыстары,  малды дайындағанда, сатқанда, сатып  алғанда, тасымалдағанда, сондай-ақ  мал шаруашылығы өнімдерін дайындағанда, қайта өңдегенде, тасығанда мал  дәрігерлік санитарлық шаралар  жүргізу, мал мен адамға бірдей  жұғатын аурулардан адамды қорғау. Бөлімшелік- ветеринарлық емхана  ведмоствалық және жекеменшік, кәсіпкерлік  ветеринарлық қызмет жұмысына  әдістемелік басшылық және бақылау  жасайды.

Информация о работе Көміртектің аллотропиялық түрөзгерістері