Кен орны туралы жалпы мағлұмат

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 29 Марта 2014 в 18:33, курсовая работа

Краткое описание

Мұнай мен газ өндіру - өнеркәсіптің ең бір маңызды салаларының бірі болып табылады. Оның дамуына біздің елімізде үлкен көңіл бөлінеді.
Еліміздің әлеуметтік-экономикалық жоспарында жаңа мұнай және газ кен орындарын пайдалануды жеделдету қамтылуда. Олардың қатарына Құмкөл кен орны да жатады.
Құмкөл кен орны 1984 жылдың басында Қазақстан Республикасының Геология Министрлігінің "Южказгеология" МГӨБ-дегі Оңтүстік Қазақстан экспедициясымен ашылды. Фонтандық ағын алу Қазақстан Республикасындағы Оңтүстік Торғай ойпатының мұнайгаздылығын растады.

Прикрепленные файлы: 1 файл

М-най мен газ -ндіру -нерк-сіпті- е- бір ма-ызды салаларыны- бір.doc

— 565.50 Кб (Скачать документ)

Жоғарыда көрсетілгендей еңбек қорғаудың тағы бір негізгі факторы жұмысшылардың жүмысы, осы үшін еңбекті ұйымдастыру мен тұрмысты жақсартудың маңызды, біздің жобамыз бойынша прогрессивті әдіс - вахталық әдіс алынған.

Тұрмысты жақсартудың екінші бір түрі барлық демалыс орындарды, асхана, тұрғын бөлмелерді желдету. Төменде тандап алынған желдету түрі көрсетілген.

Вахталық қалашықтардағы тұрғын үйлер асханамен, душпен жөне кондиционерлермен қамтамасыз етілген. Бөлмелердің орташа ауданы 30 м2 құрайды.

Кестеден көріп отырған, 1 адамға келетін, тұрған орынның меншікті көлемі нормадан ауытқиды.

Осыған байланысты, көрсетілген тұрғын орындарда қалыпты микроклиматты қамтамасыз етудің осы түрі қарастырылған.

 

4 ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ  БӨЛІМІ

 

4.1 Негізгі қойылатын талаптар

Мұнай-газ өндіретін өнеркәсіп қоршаған ортаны ластайтын құрылымдарының ең негізгілерінің бірі болып саналады. Мұнай және газ кен орындарын өңдеу және пайдалану жұмыстары қоршаған табиғат ортасы мен жер қойнауына техногендік әсер етеді.

Қоршаған ортаны және жер қойнауын қорғау ҚР-ның күші бар заңдылықтары мен халықаралық нормалары мен ережелеріне сәйкес іске асырылуы қажет.

ҚР-ның "Жер қойнауы", "Қоршаған табиғи ортаны қорғау туралы", "Рұқсат ету туралы", "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану" т.б. актілер Занының негізінде қаралып, 1996 жылдың 18 маусымында бекітілген "Мұнай және газ кен орындарын пайдаланудың жалпы ережелерінде" мұнай жөне газ кен орындарын өндіру және пайдалану кезінде қоршаған ортаны қорғаудың негізгі талаптары бекітілген.

 

4.2 Ластаушылардың сипаттамасы

Мұнай газ кен орныдарын өңдеуде гидросфераның (жер асты сулары мен ашық су жиналатын ашық керлер), атмосфера мен литосфераның (сыртқы жер қабатының) ластануы айтарлықтай қатер тудырады. Құрамында әртүрлі химиялық заттар бар қатты қалдықтар, сондый-ақ үстіртін ағынды сулар, жер үсті суларын, жерді, топырақты ластап, олардың санитарлық-гигиеналық жағдайы мен биологиялық өнімділігін төмендетеді.

Біздің қарастырылып отырған дипломдық жобада Құмкөл кен орнында күрделі жағдайда ұңғы жұмысының тиімділігін арттыруда шығымның азаюына негізінен СКҚ-дағы парафиннің жиналуы, су мен газдың көрініс беруі, ұңғы түбіне құмның жиналуы себеп болады. Қазіргі кезде Құмкөл кен орнында ұңғы сулануы шамамен 85 пайызды құрайды. Ұңғыдан шыққан суды жер бетіне, су қоймаларына төкпей қайтадан қабатқа айдау керек. Өйткені ол су жоғары минералданған болып табылады және де оны тұрмыста қолдануға болмайды.

Құмкөл кен орнында тұрмысты және техникалық су гидрогеологиялық ұңғыма қондырғыларынан алынады. 50-70 метр тереңдіктен сенон-турон шөгінді жынысты қабаттарынан алынады. Судың құрамында фтордың көп болуына байланысты ауыз су стандартына сәйкес келмейді.

Жобамен таңдап алынған объектілерді іске асырған уақытта, қоршаған ортаға зиян келтіретін төменде көрсетілген факторлар болуы мүмкін:

ұңғыны жууға арналған сүйықтың буға айналуына байланысты улы газдар бөлінуі мүмкін.

осы сұйықтың жүретін жолдарының ашық тесігінен сыртқа төгілетін бөліктерінің жерге сіңіп өсімдіктерді құртуы.

Осы ай-толғақ факторлардың қоршаған ортаға зиянын келтірмеу үшін, біздің жобамен төмендегі шаралар болады:

1)  Су қоймасын бу шықпайтындай  етіп бекіту керек.

Су жүретін жолдардың ашық тесігі болмас үшін күнделікті 
бақылау жасап, уақытында жөнделіп тұруы керек.

Ұңғыны  пайдаланып  біткеннен  кейін,  су қоймасының 
түбіндегі  тұнбаларын  айналадағы   ортаға   зияны  шықпайтындай жерге көшу керек.

Олардың орнын ауданымен бірге ұңғы болмаған уақыттағыдай табиғи түрге келтіру керек.

Технологиялық құрал-жабдықтардан (резервуарлар мен аппаратар) зиянды заттардың бөлінуінің себептеріне төмендегі жағдайлар жатады:

а) фланц қосындысының саңылаусыздығы сақталмауы;

б) коррозияның нәтижесінде апаттың болуы;

в) құбырлардың жарылуы;

г) жөндеу жөне алдын алу жұмыстары кезіндегі ақаулардың орын алуы;

Үстіңгі сусақтағыш қабаттар мұнай өндіру кезіңде мұнаймен және жол-жөңекей алынған сумен ластанады. Мұнайдың құрамында улы заттың болуы ауыз су мен күнделікті тұрмыста пайдаланылатын сулар кері әсерін тигізеді.

Жер асты суларының ластануының негізгі көзі болып өндірістік және тұрмыстық ағынды сулардың, сонымен бірге ыдыстардан, құбырлардан т.б. қондырғылардан улы заттардың төгілуі болып саналады.

Мұнай өндіру кезінде алынған қабат сулары жоғары минерал-данған болып келеді. Ол су жер үсті және жер асты суларының құрамына аз мөлшерде болса да қосылып кетсе, ауыз су ішуге жарамсыз болып табылады.

Мұнай жер қойнауы мен өсімдіктерге жағымсыз әсер етеді. Мұнаймен ластануы негізінде жер қойнауында көміртегі мен азот қатынасының артуы жер қойнауы мен өсімдік тамырларының қоректенуін бүзады.

 

4.3 Атмосфераны қорғауға арналған іс-шаралар

Ауаны ластаудың негізгі көзі болып кен орындарында қолданылатын құрал-жабдықтар жатады:

мұнайды қыздыруға арналған пештер (жану өнімдері);

резервуарлар (арнайы клапандар арқылы газ шығару);

аппаратар (буферлы ыдыстардан булану);

газтурбиналы қозғалтқыш (жану өнімдері);

жылыту қазандары (жану өнімдері).

Атмосферада бірлесе отырып, қатысатын комплекс құрамына кіретін заттар суммацияның бес тобын қүрайды:

Қостотықты азот + күкірт ангидрит;

Күкіртті ангидрит + күкірт сутегі;

Күкіртті ангидрит + күкірт қышқылының аэрозолі;

Күкіртті ангидрит + фторитті сутегі;

Фторитті сутегі+ фториттер.

Мұнай мен газ өндіретін аудандардан зиянды заттардың жалпы санын азайтуда газды қайта өңдеу әдістерін кеңінен қолдану мен газды тазартудағы технологиялық процестердің пайдаланудың әсері мол.

Олардың ішінде нәтижелілеріне мына төмендегі жағдайларды жатқызуға болады:

- магистральды   газ   қүбырларында  мен   ауаны   газдан, конденсаттан (сүйық өнім), мүнаңдың булануынан пайда болатын өнімдерден   сақтайтын   қүрастырмалы   конденсаторлар мен дренажды линиялар жасау;

- мұнай құбырларын, шығару желілерін, ағын су коллекторларын, құрастырмалы коллекторларды дер кезінде жөндеу;

- сұйық көмірсутектерін сақтауда  үстіңгі жағы буланудан қорғалған  резервуарлар мен артық қысыммен жүмыс істейтін немесе изотермиялық жағдайдағы резервуарларды пайдалану;

- ауаға шығатын жолы бар шағын  ыдыстар мен аппараттарды фильтр-жұтқыштармен  жабдықтау;

- кен орындарында газды қайта  өңдеу нәтижесінде товар өнімдерін  алатын қондырғы орнату;

- қайта өңдеуге келмейтін немесе өндіріске қайтадан қайтарылған газды факелдерде өртеу;

газды жағуға арналған факелдердің биіктігі мен орналасуы ;

жер қабатында улы қабаттарды стандаргта ескертілгендей

концентратқа жеткізбей таратып жіберуге сай болу керек.

 

4.4 Гидросфераны қорғау

Жер бетіндегі жәнё жер асты суларының бүліну көздеріне дұрыс тазартылмаған өндірістік және тұрмыстық сулар, кәсіпорынның өндіріс аудандарынан, құбыр өткізгіштерден шыққан зиянды заттар жатады.

Сумен қамтамасыз  ету көздеріне жер асты сулары жатады.

Шаруашылық және ішім су турон-сенон субергіш комплексінен, ал техникалық қажет сулар жоғарғы сеноман комплексінен алынады.

Жер асты суларын қорғау мақсатында санитарлық қорғау зонасы жұмыс істейді. Ол жер асты суларын химиялық және бактериялық лас нәрселерден қорғауға арналған.

Мұнай өндіру кезіңде алынған су қабаттары белгіленген нормаға сәйкес құрамындағы қатты заттардан тазартылуы тиіс. Ол су қабат қысымын ұстау жүйесінде қолданылады немесе бос қабаттарға айдалады. Қабат суларын буланатын ашық жерлерге, су көздерінің үстіңгі қабаттарына, жер асты суларының горизонтгарына айдауға болмайды.

Мұнай кәсіпшілігінде бүралқы суды тазалау мен дайындаудың технологиясы

Мұнай кәсіпшілігінде бұралқы су негізінде ұңғы өнімінің бір бөлігі болып саналады, сондықтан олардың физико-химиялық қасиетін табиғаттың өзі қалыптастырады. Сонда да кен орындарын пайдалану барысында, әсіресе ұзақ уақыт су айдау әдісін пайдаланғанда кейбір өзгерістерге үшырайды.

Бұралқы суды дайындауда және оны пайдалануда мынадай аса маңызды факторларға назар аудару керек:

- мұнай қабаты коллекторының физика-геологиялық қасиетін;

- айдалатын судың қабаттағы  флюидтер мен жыныстармен химиялық  жөне биологиялық сәйкестігі;

- химиялық тұрақтылығы мен коррозиялық  активтілігі. Қабаттарға су айдау кезінде мұнай кәсіпшілігінде бұралқы суды дайындау және оны пайдалануда көп жылдық төжірибе көрсеткендей оларды тазалау, дайындау технологиясы мен қүралдары арылту жағдайынан кейін тандалынып алынуы қажет:

- мұнай және  механикалық қоспаларды  шектеулі рауалы дәрежеге дейін жеткізу;

- сораптардың қолайлы режимде  жүмыс істеуін қамтамасыз етуде  бос газдарды шығару және шоғырланған  сорапты станцияларда олардың жиналуынан;

- судың коррозиялық активтілігін  төмендету үшін агрессивті газды арылту.

Бұралқы суды тазалау жөне дайындау процессі кезінде технологиялық аппараттардан ұсталынған мұнайды дер кезінде арылту және оны товарлы өнімге қайта қайтару қажет.

Мұнай кәсіпшілігіндегі бұралқы суды тазалаудың негізгі әдіс-теріне механикалық және физико-химиялық түрлері жатады.

Арзан әрі қарапайым болғандықтан тұндыру әдісі кеңінен қолданылады. Механикалық тазалау әдісі біріншіден үлкен және қатты заттарды бөлуде қолданылады. Тұндыру әдісі атмосфералық және үлкен қысым жағдайында іске асырылады. Тұндыру әдістерінің кемшіліктері: тазалау сапасы ластану сипаттамасына байланысты болады; сапалы тұндыру көп уақытты қажет етеді. Сондықтан соңғы кездерде тазалаудың өнімділігін мен терендігін арттыру үшін тамшыларды біріктіретін фильтрлі тұндырғыш, флоатациялық қондырғылар, гидроциклондар т.б. қүрылғылар жасалды.

Мұнайұстағыштар өте қарапайым жасалынған тұндырғыштар, мұнда тазартылған су төменгі жағынан шығады да, ал мұнайлы қабыршақ үстінгі жағына жиналады.

Мұнай кен орындарында бұралқы суды дайындауда қоңдырғының үш түрі қолданылады: ашық, жартылай жабық және жабық.

Ашық қондырғыларда бұралқы су атмосфералық ауамен шектеседі, бұралқы су өздігінен ағады. Ал қазіргі кезде жаңа кен орындарында бұралқы судың ауамен шектесуі болмайтын жабық типті қондырғылар қолданылуда.

 

4.5 Литосфераны қорғау шаралары

Жер бетін қорғаудың негізгі шаралары:

- мұнайды жинау, сепарациялау, дайындау  тасымалдау жүйелерінің толық саңылаусыздығын толық қамтамасыз ету;

- апат кезінде ұңғыны автоматты  түрде ажырату;

- мұнай және мұнай өнімдерінің  төгілуінен ұңғы сағаларының опырылуынан жер бетінің құнарлы қабатын қорғу шаралары есебінен белдіктер тұрғызу;

- мұнай өнімдерін алу кезінде,  қабатқа су айдау кезінде қабат   сулары  мен кәсіптік бұралқы   суларды   төкпей толығымен  пайдалану;

- мұнай-газ жинағыш тораптарға суға төзімді болат ысырма қою;

- жер асты төсілін пайдалана  отырып 1,2-1,8 метр тереңдікте құбырлар  төсеу;

- жер қойнауына сапалы техникалық  рекультивация жүргізу.

Топырақтың жағдайын бақылаудың негізгі міндеттері:

- топырақтың   ластану   деңгейін   және   оның   химиялық құрамының өзгеруін тіркеу;

- уақытқа  байланысты  топырақтың өзгеру тенденциясын анықтау және болашақтағы ластану деңгейін жобалау;

- топырақтың ластану мүмкіндіктерінің  себептерін анықтау.

Жер қойнауын қорғаудың негізгі шаралары:

- жер асты және жер үсті  құрал жабдықтарының саңылаусыздығын  қамтамасыз ету;

- ашық фонтандауды, ұңғы қабырғаларының  құлауын, жуу сұйықтығының жұтылуын т.б. ластануды түрлерін болдырмау;

- коррозияға қарсы жоспарланған  шараларды жүзеге асыру;

- мұнайды   жинау,   дайындау,   тасымалдау   және   сақтау жүйесінің апатсыз сенімді жүруін қамтамасыз ету;

- сумен қамтамасыз ету жүйесінің  тұйық түрін өндірістік суларды  қабатқа айдауды мейлінше мол  қолдану.

 

ҚОРЫТЫНДЫ

 

2003 жылы Құмкөл кен орнының 3-объектісі бойынша мұнай өндіру 529,21 мың тоннаға жетті. Су өндіру 151,3 мың тонна, сүйық өндіру 2140,81  мың тонна, газ өндіру 59,7 млн м3, қабат қысымы 10,45  МПа.   Өндіру ұңғылары 115,  су айдау ұңғылары  34 жетті. Сулану 9,8 пайыз, компенсация 67 пайыз. Ал су айдау 1292,794 мың тонна.

2002 жылмен салыстырғанда өндіру  ұңғылар саны 25 ұңғыға көбейді. Су айдау ұңғылар саны 7 ұңғыға өсті. Қабат қысымы бір қалыпты.

Информация о работе Кен орны туралы жалпы мағлұмат