Автор работы: Пользователь скрыл имя, 29 Марта 2014 в 18:33, курсовая работа
Мұнай мен газ өндіру - өнеркәсіптің ең бір маңызды салаларының бірі болып табылады. Оның дамуына біздің елімізде үлкен көңіл бөлінеді.
Еліміздің әлеуметтік-экономикалық жоспарында жаңа мұнай және газ кен орындарын пайдалануды жеделдету қамтылуда. Олардың қатарына Құмкөл кен орны да жатады.
Құмкөл кен орны 1984 жылдың басында Қазақстан Республикасының Геология Министрлігінің "Южказгеология" МГӨБ-дегі Оңтүстік Қазақстан экспедициясымен ашылды. Фонтандық ағын алу Қазақстан Республикасындағы Оңтүстік Торғай ойпатының мұнайгаздылығын растады.
Төменгі - жоғарғы бөлімдер К1-2
Альб-сеноман ярустары (К1 al+s)
Альб-сеноман шөгіндісі қарашатау тастопшасының үстінде орналасып, қызылқия тастопшасынан ерекшеленіп тұрады. Ол ала шұбар саздар алевролиттер мен сазды құм қабаттарымен қүмайттардан түзілген. Тастопшаның қалындығы 87-186 метр.Тастопшаның жасы соңғы альб-сеноман дәуір арасына жатады. Ол тозаң-тұқымдар негізінде анықталған.
Жоғарғы бөлім К2
Турон ярусы К2t
Турон шөгіндісі балапан тастопшасынан бөлінген шөгінді трансгрессивті қызылқия тастопшасының үстінде түзіліп, жасыл-сұр құм мен жұқа сазды қабатшалардан тұрады.
Глауконит дәндерімен көмірге айналған өсімдіктер қалдықтары да кездеседі. Тастопша қабаты 82-150 метр аралығында. Жан-жақты тозаң-тұқымдарды зерттеу нәтижесінде тастопша жасы төменгі туранға жатады.
Жоғарғы турон, төменгі сенон (К2t-sn1)
Бұл қабат шөгінділері шайылған жыныстар мен балапан тастопшасымен шекараласады. Литологиялық бұл қабат ала-шұбар түсті құм мен сазды балшықтан тұрады, қабат қалыңдығы 123-136 метр. Қабат жасы жан-жақты түқымды, тозандар негізінде анықталған.
Жоғарғы сенон (К2sn2)
Жоғарғы сенон қабаты (құрылым жағынан) барлық ұнғыларда шайылып кетуіне байланысты байқалмайды. Қабат сұр сазды балшық пен ақ құм қабаттарына әктас қабатшасы қатарласып шегіп отырады. Ең жоғарғы шөгінді қалыңдығы 43 метрге жетеді.
Қабат жасы теңіз қалдықтары (фауна) микроқалдықтар (микрофауна) жөне тұқым шаң тозандары жан-жақты зерттеу нәтижелерімен анықталып кампанмаастрихті кезеңге жатқызылған.
Кайнозой тобы - КZ
Палеоген жүйесі - Р
Палеоцен - төменгі эоцен Р1-Р2
Палеоцен - төменгі эоцен шөгіндісі әртүрлі горизонтта шайылған күйде жоғарғы бор үстінде орналасқан. Олар көмірленген өсімдіктер дәнекер қалдықтарымен бай қара сұр саз балшықтар мен кварц-глауконитті құмдардан тұрады. Ең үлкен қалыңдығы 66 метрге жетеді.
Неоген - төрттік жүйелері N-Q
Арысқұм ойпатының батқан бөліктерінде жастау плиоцен -төрттік шөгінділер дамыған. Құмкөл құрлымдық шегіне шартты түрде жазықтықты басып жатқан құмдар, саздықтар мен құмтастар да енгізілген. Олардың қалындығы 10 метрден аспайды.
1.2.2 Тектоникасы
Оңтүстік Торғай ойпаты Торғай тегістігінің солтүстік-шығысында орналасқан. Ол Ұлытау тау жоталарымен оның шығы-сында орналасқан оңтүстік жалғасының.төменгі Сырдария күмбезі мен батыста Орал бір беткей құрамалы құрлымның ортасында өзіндік бір беткейлігімен жағымсыз роль атқарып тұр. Оңтүстігінде Қаратау тау жоталарымен ал солтүстігінде Қостанай қақпағымен шекараласады. Оңтүстік Торғай ойпаты өз тарапынан екі ойысқа бөлінеді. Солтүстігінде Жыланшы оңтүстігінде Арысқұм, орталығы Мыңбұлақ қаңбақшасымен бөлінген. Құмкөл антиклинал құрлымы бор-палеоген жинағында 1500-1700 метрге жетіп, Арысқұм ойысында орналасқан. Мұнда триас-юра шөгіндісі өзінше жеке құрлымды қабат құрап, ол төмендегідей ерекшеленеді. Қабат қалындығы максимал, мезозойға дейінгі гетероген негізінде ортасы опырылып түскен, жақтары бір-біріне қарсы құлаған созылған сынақтар бұлар тіліктерді толық стратиграфиялық зерттеулердің нәтижесінде дәлелденген. Геофизикалық мәліметтер бойынша Арысқұм ойығының шекарасында бес желілі созылған субмеридионалды бағытта грабен сиклиналдарымен үш орталық қабаты көшірілген жарықтар жүйесінен антиклиналды күмбездер оларды бөліп тұрады. Бұл дәлелдеме ұңғылау нәтижесінде анықталған. Құрлымы жағынан Құмкөл дөңесі Сарыбұлақ горст антиклиналды шығысының оңтүстік батыс жағында орналасып Ақшабұлақ және Сарылан грабен синклиналдарымен бөлініп тұрады.
Платформаның үстіңгі бүркеме қабатының шөгіндісі дөңестің шектік аймағында бұрыштың және стратиграфиялық қабаттар үйлесімсіздігімен жыныс негізіне орналасады. Солтүстік-батыс және солтүстік-шығыс бағыттарында тектоникалық бұзылу себептерінен негізгі бірнеше блоктарға (шоғырларға) бөлінген.
Шөгіндінің үстінгі бүркеме қабатында тектоникалық бұзылу тек қана солтүстік-батыс бағытта байқалады.
Негіздің жүйелі бұзылуы бірнеше орталық қанаты көтерілген жарықтар жүйесінде бөлінуі дөңестің амплитудасы 320 метрдей, ал ені 2,5-3,5 километр және ұзындығы 24 километрге жетеді.
Негіздің беттік орналасу тереңдігі 1200-1600 метр шамасында.
Үшінші, бесінші және жиырма екінші ұңғыларда грабен шығыста амплитудасы 100 метрге дейін төменделе шектеліп ерекшеленеді. Солтүстік-батыс бағытта грабен кең қысым айырмашылықтарына иеленіп негіз 1460 метрден 1820 меір терендікке дейін орналасады.
Солтүстік-батыс және солтүстік-шығыс бағытта дөңестің орталық бөлігі қасқа сыңықтар сериясы (29, 30, 16, 20, 14, 21, 8 ұңғылар аймықтарында) горст-грабенді амплитудасы 80 метрге дейін, өлшемдері 2,5-3,5 километрге тең болатын блоктарға бөледі.
Аймақтық солтүстік жөне оңтүстік бөліктері де орталық тұсы төмен құлдыраған жарықтар жүйесімен күрделенген.
Аймақтың орталық бөлігінде негіздің ең аз тереңдікте (1160-1170 метр) орналасуы (2,9,12,17,19 ұңғылар аудандарында) байқалады. Сейсмикалық құжаттармен, жүйелі ұңғылау нәтижелерінің күрделі бағдарламамен өңдеу, дөңестің тектоникалық шөгіндісінің жан-жақты, деталды мағлұматтарын ұсынады.
Юра шөгінділерінде екі түрлі беттік қабаттың құрлымы өте жақсы байқалады, оның біреуі - Құмкөл дөңес горизонтының қабат құрлымын жоғарғы Юраға, ал екіншісі дөңес қабаттың орта юра құмайт шөгіндісімен айқындайды.
Беттердің біріншісі өнімді Ю-1 горизонтымен байланысып, табан горизонтымен бірігеді. Екінші бетке 4 табан горизонты жанасшрылып өз тарапынан жамылғы өнімді Ю-4 горизонтымен бірігеді.
4 табан горизонтының
Қыртысты шығыстан шектейтін ең ұзақ төмендеу амплитудасы Ғ2 60-100 метрге жетеді. Солтүстікке қарай бұл өзгеріс Р3 бұзылуымен байланысты ары қарай сенімді.
Қыртыстың солтүстік-батыс синклинальды бөлігі максималды амплитудасы 30 метрге жететін шашыраңқы алысқа ұзаған бөліктері-мен күрделіленген.
Құрлымның оңтүстік-батыс бөлігі 12,17,19 үңғылар ауданында орта юра шөгіндісі мүлде жоқ. Орта юра шөгіндісінің негіздің көтерілуі шамасына қарай азаюы оған тіліктің теменгі белігінің қосылуының нәтижесінде іске асады. Үшінші ұңғы ауданында өлшемдері 1x1,5 километр, ал амплитудасы 25 метр болатын өте үлкен емес изометриялық күмбез байқалып, ол батысынан жөне шығысынан тектоникалық ажырауларымен қабаттасып келіп отыра-ды. Соңғы ажырасуға (шығыстан қосылатын жартылай күмбездің) амплитудасы 40 метр тұйықталған изогипс "минус" 1260 метр болатын шығыстан келіп қосылатын жартылай күмбез жатады.
Бүкіл аудан аймағында орта юра шөгіндісі 0-200 метр аралығында өзгереді. Дөңестің өнімді горизонты Ю-1 жаппасының өлшемдері 20x9 километр құрап, тұйықталған изогипсте "минус" 1220 метрге дейін жетіп дөңестің амплитудасы 120 метр болады, қыртыс қанатгарының бұрыштың түсуі төменгі бетке ұқсас. Түгелімен Ю-3 горизонты дөңестің жоспарын қайталап үш күмбезді брахиантиклиналды болып солтүстік-батыс бағыттан амплитудасы 30-100 метр Ғ2, төмендеуімен шектеледі. Солтүстік және батыс күмбездер шығанақ тәріздес кішігірім синклиналмен өзара бөлініп тұрады.
Үшінші ұңғы ауданында негізгі төмендеу Ғ2-ден шығысқа қарай сейсмикалық материалдар негізінде өлшемдері 4x2 километр жөне амплитудасы 40-45 метр тұйықталған изогипса "минус" 1130 метр болатын дөңеспен анықталып шығыстан тектоникалық түзілу Ғ3 жартылай күмбезбен қосылып (34 ұңғы аумағында) өлшемдері 1x0,8 километр шамасында болады.
Құмкөл тастопшасының қалындығы аудан бойынша негізінен 55-75 метр шамасында ауытқып дөңестеу жерлерінде 38-44 метрге (ұңғы 2,17,19) дейін өзгереді.
Арысқұм горизонт жаппасы бойынша (өнімді бор М-1 горизонт жаппасы) Құмкөл құрлымы желілі асимметриялы антиклинал қыртысы болып келіп, күмбезі оңтүстікке қарай ауытқыған. Дөңес өлшемдер 17x4 километр, амплитудасы 51 метр тұйықталған изогипс "минус" 1000 метр болады.
Құрлымның шығыс қанаты флексурамен күрделіленген, юра Швгіңці келіп өтетін Ғ1 тектоникалық бұзылумен сөйкес келеді.
Кен орнының орталық бөлігінде 3 шағылу горизонтында айақтың изогипстың бағытының солтүстіктен шығысқа қарай күрт өзгеруіне байланысты "минус" 1000 метр еңдігінің кеңеюі байқалады.
Шығыстан Батысқа қарай 890934 уақыт бөлігінде осы аудан арқылы өтетін локалды иілту байқалып, бұл жерде амплитудасы аз күмбез екендігіне дәлел болады.
Дөңес ауданның әртүрлі бетінің жоспарларын салысттыру барасында арықұм дөңес горизонтының жаппасының ені азайып, оның пішіні өзгеріп дөңестің орталық шығыс жақ бетіне қарай Ю-1 горизонтымен ығысқан.
Тілікпен жоғары қарай құрлым амплитудасы 160 метрден Ю-3 горизонтынан 51 метрге арысқұм горизонт жаппасынан дейін азаяды.
1.3 Мұнайгаздылығы
Құмкөл кен орнында өндірістік мұнай-газ бергіштік төменгі неоком және жоғарғы юра кішігірім жинақтарында орналасқан.
Төменгі неоком мұнай-газ бергіш жинағында екі өнімді горизонт М-1 мен М-2 анықталған ұңғыны геофизикалық зерттеу мөліметтеріне сүйеніп жасалған жыныс қабаттарының салыстырма-лы арақатынасы негізінде дәлелделінген.
Төменгі-бор горизонттары М-1 және М-2 қалыңдығы 10-нан 20 метрге дейін сазды қабатпен бөлінген.
Тереңдігі 1060-1100 метр аралығында М-1 горизонтында мұнай кеніші бар. Кеніштің қалындығы 40 метр. Мұнай кенішінің орналасу қабаты күмбезді. Абсолюттік СМШ деңгейлері "минус" 981,1-ден "минус" 985,6 метр аралығында, оңтүстік күмбездің құрлымына батыс қанатында орналасқан ұңғылар қатарында (2052, 2077, 406, 1039) СМШ деңгейінің "минус" 977,7-ден "минус" 979,7 метр аралығынан кішігірім салыстырмалы ауытқулар анықталған.
Мұнай қабаты – күмбезді кеніші М-2 горизонтында орналасқан, кеніштің орналасу деңгейі 1095-1111 метр аралығында. Қабаттың қалыңдығы 15 метр қабаттың абсолютті СМШ деңгейі “минус” 996-дан “минус” 999 метр аралығында, құрылымның батыс қататтағы кейбір ұңғыларда ғана (231, 432, 3023, 3032) түйісу деңгейлері “минс” 991,4 және “минус” 992,6 метрге дейін көтеріледі.
Юра шөгіндісіне (Ю-1, Ю-2, Ю-3 жөне Ю-4) өнімді горизонтгар айқындалады. Ю-1 және Ю-2 горизонттары біркелкі ГМШ мен СМШ-ларына ие болып, мұнай кеніші газ қалпақшалы болады.
1190-1322 метр аралығында қабатты, тектоникалық экрандалған, күмбезді кеніш орналасқан. Кеніш қалындығының деңгейі 132 метр. Мұнай су түйісу контактісі "минус" 1179 метр, ал су мұнай контактісі "минус" 1194 тен "минус" 1198 метрге дейінгі аралықта орналасқан. Кеніштің мұнай бөлігінің деңгейі 18 метр, ал газ бөлігінің деңгейі 24 метр.
Сұйық пен газды өзінен өткізе алатын және олар үшін қойма бола алатын кеуекті жөне жарықшақты тау жыныстарын коллекторлар деп атайды.
Қабат қысымы: кеніш бойынша мұнай-газ өндіру жұмыстары басталмай тұрғанда қабат қысымының мөлшері сол кеніштің тереңцігше төуелді болады. Жоба бойынша ол төмеңдегі формула арқылы табылады:
Мұнайдың физикалық қасиеттеріне оның тығыздығы, тұтқырлыш. Мұнайдың тығыздығы жоғарылаған сайын қайнау температурасы арта бастайды. Ал тұтқырлығына әсер ететін жағдайлар оның құрамындағы парафин, шайыр қосымшалары және температура.
Химиялық жағынан мұнай сұйық көмірсутектерінің метандық, нафтендік, ароматтық қатарларының күкіртті, азотты жөне оттекті қосылыстарының қоспаларынан тұрады.
Ұңғының орташа бір күндік шығымы 35 т/тәу. Қабат қысымы шамамен 8 МПа. Құмкөл мұнайының тығыздығы - 821 кг/м3, тұтқырлығы -11,7 мПа-с, құрамындағы күкірт мөлшері - 0,11 пайыз, парафин —11,7 пайыз, асфальт-шайырлы заттар - 5,9 пайыз.
1.4 Жер асты сулары
Құмкөл кен орны Торғай артезиан бассейінінің оңтүстік бөлігінде орналасқан.
Кенішті барлау процесінде (өтеу әдісімен) 22 субергіш жөне 2 ашық оқпан объектілері өтеу әдісімен сыналған.
Ұңғылау нәтижесінде терендік, өлшемдік, іздеулік, гидрогеологиялық, құрлымдық және барлаулық скважиналар Құмкөл, Арысқұм аймақтарында протерозой, юра, бор, пологенді, неогенді шөгінділерінде субергіш комплекстері айқындалған.
Құмкөл 2 ұңғысын сынақтан өткізу кезінде негіздің шөгіндісінен 1416-1503 метр аралығында минералдағы 76,6 г/дм3 су ағыны алынды.
Су хлорлы кальций тектес, хлорлы топтағы натрий топшасында, құрамында 69,2 г/дм3-ге дейін бромы бар.
Құмкөлдің (2, 8, 12 және 16) ұңғыларында орта юра шөгіндісінен су бергіштік горизонты зерттелген.
Алынған су арынды, оқпан тесіктерінен өтетін су ағынының жылдамдығы жоғары, бұл қабат сүзгіштік қасиетінің жақсы екендігінің дәлелі болып табылады.
Жоғарғы юра шөгіндісіндегі сулы комплексі үш субергіш горизонттарынан құралған: Ю-1, Ю-2 және Ю-3. Комплекс жоғарғы орналасқан қабатан ала сұр түсті сазды қабатпен бөлінген.
Су орналасқан жыныстар сұр және ақшыл сұр құмайттар. Бұл горизонттардың гидродинамикалық мінездемесі Ю-4 горизонтының
мінездемесіне сәйкес келіп, олардың өзара байланыстарын тағы да дөлелдейді.
Ю-1, Ю-2, Ю-3 горизонттарының сулары ағынды. Сынақ интервалдары динамикалық деңгейі күшті ағынды, өте тез қалпына келеді (1 сағаттан 5 тәулікке дейін).
Неоком субергіш шөгіндісі құрамына М-1 және М-2 субергіш горизонттары кіреді. Олар жасыл сұрғылт құмайттармен байланыста болады.
Апт-альб субергіш комплексі неоком горизонтынан аймақты дамыған сазды жоғарғы неоком қабатымен бөлінген. Қуатты сазды қабат аралығын қосқанда комплекс қуаты 250 метге дейін жетеді.
Апт-альб субергіш шөгіндісінің кедергісі ете жоғарғы тұрақсыздықпен мінезделіп, комплекстің жоғарғы белігінде 50 метрге жетеді. Тіліктің жоғарғы бөлігінде су түщылау болуы мүмкін.
Апт-альб субергіш комплекстің суы өте кеп (водообильный), контур сыртындағы сулармен химиялық құрамы біркелкі оны техникалық су ретінде қолдануға болады.
Жоғарғы альб-сеноман шөгіндісінің субергіш горизонты кеңінен таралған. Су жасыл сұрғылт және қызыл-қоңыр құм қабаттары мен ала саздардың ішіндегі аз цементтелген құмайттар жыныстарында орналасқан. Горизонт қалындығы 46 метр. 2743 ұңғысында алынған су арынының дебиті 24,4 т/тәулік.