Кен орны туралы жалпы мағлұмат

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 29 Марта 2014 в 18:33, курсовая работа

Краткое описание

Мұнай мен газ өндіру - өнеркәсіптің ең бір маңызды салаларының бірі болып табылады. Оның дамуына біздің елімізде үлкен көңіл бөлінеді.
Еліміздің әлеуметтік-экономикалық жоспарында жаңа мұнай және газ кен орындарын пайдалануды жеделдету қамтылуда. Олардың қатарына Құмкөл кен орны да жатады.
Құмкөл кен орны 1984 жылдың басында Қазақстан Республикасының Геология Министрлігінің "Южказгеология" МГӨБ-дегі Оңтүстік Қазақстан экспедициясымен ашылды. Фонтандық ағын алу Қазақстан Республикасындағы Оңтүстік Торғай ойпатының мұнайгаздылығын растады.

Прикрепленные файлы: 1 файл

М-най мен газ -ндіру -нерк-сіпті- е- бір ма-ызды салаларыны- бір.doc

— 565.50 Кб (Скачать документ)

- -



 

КІРІСПЕ

 

Мұнай мен газ өндіру - өнеркәсіптің ең бір маңызды салаларының бірі болып табылады. Оның дамуына біздің елімізде үлкен көңіл бөлінеді.

Еліміздің әлеуметтік-экономикалық жоспарында жаңа мұнай және газ кен орындарын пайдалануды жеделдету қамтылуда. Олардың қатарына Құмкөл кен орны да жатады.

Құмкөл кен орны 1984 жылдың басында Қазақстан Республикасының Геология Министрлігінің "Южказгеология" МГӨБ-дегі Оңтүстік Қазақстан экспедициясымен ашылды. Фонтандық ағын алу Қазақстан Республикасындағы Оңтүстік Торғай ойпатының мұнайгаздылығын растады.

1987  жылы  ТМД-ның  ҚЖИК-нің  бекітуімен  байланыстық 153208 мың  тонна болып мұнай қоры бекітілді.

Ұсынылып отырған дипломдық жұмыс Құмкөл кен орнын пайдалану шарттарына сәйкес "Құмкөл кен орнында күрделі жағдайдағы өндіру ұңғыларының жұмысын талдау және оларды пайдаланудың тиімділігін арттыру" арналған.

 

1 ТЕХНИКА-ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ БӨЛІМ

 

1.1Кен орны туралы  жалпы мағлұмат

1984 жылы "Оңтүстік Қазақстан  геологияның" кен орны бөлімімен  Құмкөл мұнай аймағы ашылды. Осы кен орнының ашылуымен оңтүстік Торғай ойпаты жаңа өнеркәсіп мұнай газ облысы ретінде қарастырыла бастады.

Құмкөл кен орны әкімшілік жағынан Қазақстан Республикасының Қарағанды облысының (Жезқазған облысының) Жезді ауданына қарайды. Кен орын географиялық тұрғыдан оңтүстік Торғай үстіртінде орналасқан. Ең жақын тұрғылықты кең шарлар Жалағаш (150 километр) темір жол станциясы Жусалы (210 километр), Қарсақпай (180 километр) Сәтпаев ауылы (250 километр).

Облыс орталығы Қызылорда, Жезқазған қаласына және жалпы үлкен орталыққа дейінгі ара қашықтықтар шамамен 160 километр жөне 290 километрдей болады.

Құмкөл өндіріс ауданынан шығысқа қарай 230 километр ара қашықтыкта Омск - Павлодар - Шымкент мұнай құбыры өтеді.

Өндірістік ауданның тұрғылықты халқы (қазақтар) негізінен мал шаруашылығымен айналысады. Экономикалық аудан әлі толығымен зерттелмеген.

Кен орнына тек қара жолдармен баруға болады. Жаз, күз айларында кез келген автоколікпен жүруге мүмкін болса, ал қыс айларында карлы боран, үргсн қардан өтуге қиынға соғады. Қыс, көктем айларында тек шынжырлы тракторлармен ғана етуге болады, себебі түскен қардың әсерінен жер жібіп, батпаққа айналадьг. Тура осындай жолдар Құмкөл кен орнын Қызылорда мен Жезқазған арасындағы грейдерлік жолмен шектесе асфальтталған жол арқылы

 

Қызылорда, Жусалы кең шарларын қосатын жолмен шектеседі (160-210 километр).

Солтүстік шығысқа қарай кен орнынан 20 километр қашықтықта Ленинск - Жусалы электр желігі өтеді. Кен орны 106-169 метр теңіз деңгейінде жоғары дала қыраттың үстінде орналасқан.

Оңтүстік, оңтүстік-батыс бағыттарда құмды массивтер орын алған. Соның ішінде ең үлкені - Арысқұм 10-15 метр биіктікте басқа қыраттардан ерекшеленіп көрінеді. Кен орнынан оңтүстікке қарай тартылып қалған сортаң Арыс көлі орналасқан, 15 километр батыс бетте үшкірленген биіктігі 70-90 метр болатын қырат бел тегіс бетті 200-250 метрлік рельефтен бөліп тұрады. Кен орнынан солтүстікке қарай 150-200 метрлік биіктікте орналасқан дала, солтүстік-шығысқа қарай Ұлытау таулы аймағыменен ұласады.

Абсолютті ең биік белгі 240,1 метр ең төмен қазан шұңқыр 75,1 метр. Биік қыраттардан қазан шұңқырға кеуіп кеткен кептеген өзен арналары бағытталады, соның ең үлкені (Ақлит және Теріскенеспе) солтүстік-шығысқа және оңтүстік-шығыс беттерден бағытталған қазан шұңқырдын ең теменгі бөліктері батпақты. Осы батпақтардан бұлақтар өз бастауларын алады жөне осы батпақтарда ауыз су құдықтары көптеп кездеседі.

Кен орнының құрамы жөне оған жақын жатқан территория аймақтар майда тасты сортаң сұрғылт қоңыр (почва) топырақты, құмды. Жер асты сулары 100 метр терендікте орналасқан. Кен ауданының климаты - континенталды тез ауысады. Жауын-шашын аз түседі. Жазда температура +30 +35 °С болса, қыста -40 °С дейін барады. Жылдық жауын-шашын мөлшері 150 милиметрге дейін негізінен қысқы, көктемгі түскен ылғалдың есебінен ғана болады. Негізінен соғатын желдің бағыты оңтүстік-шығыс бағытында қыс мерзімінде үскірік аяз боранды болады. Су артериясы кен орнында жоқ. Жер беті жартылай шөлді жерге тән шөп бұталармен көмкерілген күзде, қыста, көктемде киікке толы болады. Тұрмыстық және техникалық су гидрогеологиялық ұңғыма су қондырғылярынан алынады. Су құрамы жоғары минералданған 0,6-0,9 г/дм3. 50-70 метр тереқдіктен сенон-турон шөгінді жынысты қабаттарынан алынады.

Судың құрамында фтордың көп болуына байланысты ауыз су стандартына сәйкес келмейді. 120 метр терендіктен су өз-өзінен ағады. Сейсмикалық жағынан аудан қауіпсіз.

 

1.2 Кен орнының геологиялық құрылымы

70 жылдардың басында оңтүстік  Торғай ойпаты кек көзін жоғары  палеозой шөгіндісімен байланыстырып, негізінен геология-лық, магниттік, гравиметрлік өлшемдерге сүйеніп жасалуда.

КМПВ Арысқұм мен МОВ Жыланшы мұнай газ аудан-дарында жасалған сейсмопрофильді бірнеше зерттеулердің нәти-жесінде мұнай газ кеніші триас, грабен — синклинальдарымен мезозой қабаттарының дәуіріне жататыны болашағы бар екендігі анықталды. 1973-1975 жылдары бөлшекті сейсмозерттеу жұмыстар (МОВ) Жыланшы мұнай газ ауданында үлкен кен орны бар екендігі анықталды.

1976-1981 жылдарда оңтүстік Торғай  өңірінде геологиялық зерттеу  жүргізілген жоқ.

1982 жылы "Актюбенефтегаз геология" ПГО бекіткен жоба бойынша алдынала есептеліп дайындалған (КМПВ) профильдік структуралық бұрғылау басталды. Бұрғылаудың алдына негізгі Қойған мақсаты 2000 метр терендікке дейін ұңғылау арқылы кен орнының регионалды геологиялық құрлысын анықтау болды.

1983 жылы жоғарыда айтылған жоспарды  іске асыру нәтижесінде 1п-Арысқұм  ұңғысы бұрғылана бастады. Аймақты сейсмопрофиль-деуден кейін 2п-Арысқұм ұңғысы бұрғыланды. Сонымен қатар Арысқұм мұнай аймағындағы профиль структура бұрғылау жалғастырылды.

1984-1985 жылдардағы геологиялық барлау  жұмыстарының нәтижесінде Құмкөл  кен орнында төменгі неоком  мен жоғарғы және ортаңғы юра  қабаттарында мұнай кеніштері  бар екендігі анықталды.

1985 жылы Тұрлан геологиялық барлау  экспедициясы мен Құмкөл кен  орнының солтүстікке қарай жаңа саты анықталды оны кейін   солтүстік Құмкөл сатысы деп атады. Кейінгі бұрғылау нәтижесінде осы саты Құмкөлдің солтүстік синклиналды жалғасы екендігі мәлім болды.

1986 жылы Құмкөл кен орнының  орталық бөлігінің барлау жұмыстары  негізінен аяқталды. Сол себептерден геологиялық барлау жұмыстар кен орнының солтүстік бөлігіне ауысты.

1987 жылы солтүстік, шығыс, батыс аймақтарының құрылымы жақтыланып, кен орнына шекаралас жатқан бөліктердің өнімділігі анықталды.

Қазіргі кезде Құмкөл кен орны ПетроКазақстан компаниясымен игерілуде. Мұнай фонтандық және штангілі терең сорапты тәсілдермен өндіріледі.

 

1.2.1 Стратиграфиясы

Құмкөл кен орнының шөгінді тілігі бойынша жасалған зерттеулер нәтижесінде ол мезозой-кайназой шөгінділерінің өте терең кепкен ерте протерозой негізгі бетінде орналасқан.

Төменгі протерозой РR1

18 ұңғыма қабаттың негізгі қалыптасқандығы  анықталды.

2-ші ұнғыда қалындығы 245 метр  болатын негіздің үстіңгі қабаты (120 метр шамасында) сұрғылт-жасыл  сілім (массив) гидрослюдалы-каолинитті тақта тастардың біртіндеп кепкен гнейстерге ұласты, кварц-биотит плагиоклазды құрамға айналады.

3-ші ұңғыда ерекше өзгерген  метасоматиттер байқалып, олар аз  интрузивті декер құрамында болғандығы  болжамдалды.

Барлық негіздің тығыз орналасып, көптеген бытыранқы аймақтармен бөлшектенген жазықтарда кварцты және қалыпты желілер қабаттасып кейбір жерлерінде темірге айналған.

Осы жыныстардың жоспары Ұлытау мен Қаратау қыраттарының жасына сәйкестелінген.

Мезозой - кайнозой топтары МZ-КZ

Арысқұм бөктерінде мезозой-кайназой шөгіндісі екі (структуралық) құрамдық қабатына бөлінеді. Атап айтқанда жоғарғы триас-юралы және бор-палеогендік стратиграфиялық үйлесімсіздігінен шекараласқан.

Триас - Юра бөлщцері Т - J

Құмкөл кен орнының төменгі қабаты орта Юра жүйесінің бөлімдерінің шөгіндісімен басталады.

Арысқұм бөктерінде грабен-синклинальдарының төменгі тілігінде жоғарғы триас - төменгі юра шөгінділері де бар.

Құмкөл аумағында жүргізілген іздеу жұмыстарының бары-сында аталған шөгінділердің стратиграфиясы игерілген. Жоғарғы триас бөлімі Т3, төменгі юра бөлімі J1 грабен-синклиналдарда бұл қабат төменгі құмбұлақ пен жоғарғы айболин тастопшаларынан тұрады.

1200 метрге дейінгі 1 қабатты бірінен  соң бірі қабаттасып құмтастар  мен (песчаник) гравелиттер, аргиллиттерден  құралып кейбір жерлерінде конгломераттарға айналады. Айболин тастопшасы қара аргиллиттер мен сазды алевролиттерден тұрады. Олар органикалық заттармен, көмірге айналған өсімдік қалдықтарына бай.

Оның қалыңдығы 535 метрге дейінгі шамада.

Юра жүйесі J

Орта бөлім J2

Орта юра сұр құмайтты алевролиттер мен қара сұр аргиллитгер Дощан қабат-қабат тастопша шөгіндісімен ерекшеленген.

Жаппа тастопша бөлігінде 12 метрден (скважина 12) 56 метрге дейін (скважина 6) қабаттасқан құмайт аргиллиттерден құралып, мұнай газ беретін (горизонт ю-4) қабат болып келеді. Тастопшаның төменгі құрылым қанаттарында 4-6 метр көмір қабаттары кездеседі (ұңғы 4,5,6). Тастопшаның төменгі жаппа құрлымды бөлігі үшкірленіп ю-4 горизонты жыныс негізінде немесе жынысқабығына жатады.

Құрлымның оңтүстік-батыс бөлігінде Дощан топшасы түгелімен үшкірленіп (ұңғы 17,19), ал қанаттарында оның қалыңцығы 219 метрге дейін жетеді (ұңғы 5).

Орта-жоғарғы бөлімдер J2-3

Юраның орта-жоғарғы бөлімдеріндегі шөгінділер карагансай

тастопшасына бірігіп (J2-3-КS) Дощан тастопшасына трансгрессивті орналасып, ал бұл тастопша жоқ жерлерде жыныс негіздерінде орналасады. Литологиялық жағынан өте күрделі. Қара аргиллиттермен аргиллиттерге ұқсас саз, гидрослюда - каолинитті құрамды азғана сұр сазды алевролитті қабаттарынан текшеленген.

Оңтүстік-батыс құрылымдық бөліктерде (ұңғы 17,19) тастопша жоқ, ал қанаттарында 45 метрге дейін жетеді. Тастопша өзінен өзін жинақтау Дощан тастопшасы үстегі доломиттер ретінде

көрсетеді.

Грабен-синклинальдарда тастопшаның жоғарғы бөлігі жанғыш сланецтерден түзілген. Тастопшаның қалындығы 257 метр. Көптеген дәнталас-тартыстар нәтижесінде тастопшаның жасы кейінгі баткелловей шаңтозандарына жатқызылған.

Жоғарғы бөлім J3

Жоғарғы юра қабаты карагансай тастопшасының аргиллитында орналасқан және Құмкөл, Қоскөл тастопшалары болып екіге бөлінеді. Кен орнындағы Құмкөл тастопшасы (І3к) үш қабат горизонтальды өнімдік құмайттар, құмдар және алевролиттер сазды алевролиттер және сазды болып бөлінеді (Ю-1) (Ю-2) (Ю-3).

Бүкіл аймақта горизонттар саз және сазды алевролиттер болып бөлінген.Тастопшаның қалыңдығы құрамды шекте жаппа бөліктерде 37-38, ал қанаттарында және аймақтың солтүстік бөліктерінде 32 метрге дейін өзгереді.Құмкөл тастопшасының қалындығы грабен синклиналь-дарында 300 метрге дейін артады.

Бор жүйесі - К

Кен орнының төменгі бөлігінің бор жүйесі профильді құрамды ұңғылау негізінде дауылды және қарашатау тастопшаларына бөлінеді.

Орта төмен бөлігі қызыл кен жоғарғы бөлігі балапан және турон-сенон бор жүйелеріне бөлінеді.

Төменгі бөлім К1

Неоком жоғарғы текшесі (К1пс)

Неоком текшесінің шөгіндісінде дауыл тастопшасы жекеленген. Осы тастопша кейбір келіспеушіліктің салдарынан төменгі және жоғарғы дауыл тастопшалық екіге бөлінеді. Төменгі дауыл тастопшалығы арысқұм горизонтына жатады және ол құмдар қоңыр сазды алевролиттер карбонаттық алевролиттер мен саздан тұрады.

Арысқұм горизонтының қалындығының шектік өзгерісі 87 ден 123 метрге дейін жетеді.

Арысқұм жазық горизонтты литологиялық құрамы жағынан Құмкөл құрылымында үш буда текшеге бөлінеді: төменгі Мен жоғарғы құмды алевролитті және ортаңғы - сазды. Жоғарғы құмды және төменгінің жаппа бөлігі өнімі мол (горизонттар М-1 жөне М-2). Жоғарғы бөліктің төменгі дауыл тастопшалығы сазды және карбонатты (карбонаттар мөлшері 30%) алевролиттер мен қалыңцы-ғы 113-163 метр болатын саздан тұрады. Жоғарғы дауыл тастопшалыгы тіліктің төменгі және орталық беліктерінде қабатталған құм мен қызыл түсті жынысты сазды текшелерден тұрса, ал үстіңгі жағы негізінен сазды.

Тастопшаның қалыңдығы 153-тен 241 метрге жетеді.

Дауыл тастопшасының негізінде табылған тұщы су жиынтық-тарының мөлшеріне қарай оның готерив-баррем шөгінділерінен тұратындығы анықталып неоком дәуір аралығына жататыны дәлелденді.

Апт-альб ярустары (К1 а-К1 аl)

Апт-альб шәгіндісі шайынды арқылы дауыл тастопшасының үстіне орналасып, қарашатау тастопшасымен бірігеді. Тастопша төменгі жағында қатты бекілмеген гравелиттер қабаттарымен ауысып отыратын құм қабаттарымен жоғарғы жағында саздан тұрады. Барлық жыныс көмірге айналған өсімдіктер қалдығымен өте бай. Тастопша қалыңдығы 253-350 метр.Спорово-пыльца талдауының берілгендері бойынша тастопша апт-орта-альб дөуір аралығына жатады.

Информация о работе Кен орны туралы жалпы мағлұмат