Зиян келтіру салдарынан туындайтын міндеттемелер

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Сентября 2013 в 14:28, доклад

Краткое описание

Азаматтық-құқықтық жауапкершіліктің қырлары шарттық міндет-темелерді қарастыру кезінде зерделенген болатын. Онда шарттық жауапкершілік туралы сөз болған. Бұл жауапкершілік көп жағдайда азаматтық қүқықтық шарттар қатысушыларының араеындағы даулы құқықтық қатынастарды реттеуге септесетіндігімен сипатталады.
Сонымен қатар белсенді қолданысқа деликтілік жауалкершілік те ие. Оны субъектілер өзара шарттык катынастармен байланысты болмайтын жағдайларда құқық бүзушылықтар жасағаны үшін туындауға тиіс болатын азаматтық құқықтық жауапкершіліктің бір түрі деп атауға болады (қазіргі кұқық аясында оны бұрынғыдай біржақты түсінбейді).

Прикрепленные файлы: 1 файл

СРСП №6.doc

— 1.21 Мб (Скачать документ)

Қайтыс болған адамның  асырауында болған және ол қайтыс болғаннан  кейін бес жылдың ішінде еңбекке жарамсыз болып қалған адамдардың да зиянды өтетіп алуға қүұқығы бар.

Ата-аналарының біреуі, зайыбы не жұмыс істемейтін және қайтыс болған адамның балаларын, немерелерін, жасы 14-ке толмаған не аталған жасқа толса да денсаулык жағдайына байланысты басқа адамның күтуіне мұқтаж аға-інілері мен апақарындастарын күтумен айналысатын және күтуді жүзеге асыру кезеңінде еңбекке жарамсыз болып калған отбасының басқа мүшесі осы адамдарды күту аяқталғаннан кейін зиянды өтетіп алу құқығын сақтап калады.

Зиян кәмелетке толмағандарға - 18-жаска толғанға дейін, 18-дегі және адам да ересек жастағы оқушыларға - күндіз оқыту нысанындағы оку орындарындағы оқуы аяқталғанға дейін, бірақ әрі кеткен де 23- жасқа дейін;58- жастан асқан әйелдер мен 63-жастан асқан ер адамдарға-өмір бойы,мүгедектерге-мүгедектік мерзіміне: ата-анларының біреуіне, жұбайына қайтыс болған адамның асырауынада болған балаарын, немерелерін, аға-інілері мен апа-қарындастарын күтумен айналысатын отбасының басқа мүшесіне 14-жасқа толғанға дейін де денсаулық жағдайы өзгергенге дейін өтеледі.

Азаматтың қайтыс болуына  байланысты зиянды өтетуге құқығы бар  адамдарға зиян оның көзі тірісінде өзінің асырауына алған немесе алуға құқылы қайтыс болғанг адамның табысының (кірісінің) үлесі мөлшерінде өтеледі. Табысты есептеу тәртібі денсаулыққа зиян келтірудегі тәртіп сияқты. Қайтыс болған адамның кірістерінің құрамына оның табысы мен қатар көзі тірісінде алып жүрген зейнетақысы, ғұмырлық жәрдем ақшасымен осы сияқты басқада төлемдер қосылады.

Заңнама мәнісі бойынша ата-анасының екеуінен де айырылған балаларға өтелетін зиянның мөлшерін анықтаған кезде қайтыс болғандар табысының жалпы сомасына сүйену керек.

Жәбірленушінің қайтыс болуымен байланысты зиян үшін жауапты 
тұлғалар жерлеуге қажетті шығындарды осы шығындарды көтерген 
тұлғаға өтеуге міндетті.Республика соттарымен денсаулыққа келтірілген зиянды өтеу бойынша заңнаманы қолданудың кейбір мәселе- 
лері туралы" Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сот Пленумының 9-шіл- 
де 1994 жылғы қаулысының 12-тармағына сәйкес мұндай шығындарға 
жерлеумен тікелей байланысты шығындар жатқызылады. Оларға та- 
быт жасауға, қайтыс болған адамға киім алуға, гүлдерден өрілген шең- 
берлер алуға, бейіт қазуға, өлген адамды жерлеу жеріне жеткізуге 
және т.б. кеткен шығындар жатады. Оларды жасаудың нақты құнына 
сүйене отырып, ескерткіштер мен қоршаулар орңатуға кеткен шығын- 
дар да өтелуге жатады. Бірақ олар сол елді-мекеңде белгіленген стан- 
дартты ескерткіштер мен қоршаулардың шекті құнынан асып кетпеу 
керек.       

Жерлеуге  кеткен артық шығындар тараптарды.ң келісімі бойынша өтелетін зиянға енгізілуі мүмкін.    

ҚР АК 945-бабы заңды  тұлға тоқтатылғаң ретте зиянды өтеуді көздейді (яғни деликвент болып заңды тұлға танылғанда).

Өмір мен денсаулыкка  келтірілген зиян үшін белгіленген  тәртіппен-. жауапты болып танылған заңды тұлға қайта ұйымдастырылған жағдайда тиісті төлемдерді төлеу жөніндегі міндетін оның құқық мирасқоры алады. Оған зиянды өтеу туралы бұрынғы жүзеге асырылмаған немесе кейіннен пайда болған талаптар да койыла алады.

_Өмір мен демсаулыкқа келтірілген зиян үшін белгіленген тәртіппен жауапты болып танылған заңды тұлға таратылған жағдайда тиісті төлемдер оларды жәбірленушіге төлеу үшін капиталдандырылуы тиіс.

Таратылагын заңды тұлғада мүліктің болмауы немесе оның жеткіліксіз болуына байланысты төлемдерді капиталдандыруды жүргізу мүмкін болмаған жағдайларда тағайындалған соммаларды жәбірленушіге заң актілерінде белгіленген тәртіппен мемлекет төлейді.

Азаматтық құқық теориясында моральдық зиян жәбірленушіге жан азабы мен тән азабын келтіруден,азаматтық арнамысы мен абыройын кемсітуден көрінетін мүліктік емес зиян ретінде анықталады.

Азаматтық заңнамада мұндай азаптар жәбірленушінің қорлануды, ызалануды, түңілуді, тән ауруын, залал шегуді, қолайсыз жағдайда қалуды және т.б. бастан кешіруі ретінде нақтыландырылған -еді.

Осы анықтамалар үстүрт болғандықтан олар одан әрі нақтылануды  талап етті. Олар бойынша моральдық зиянды зиянның бұрын қалыптасқан жалпы анықтамасына туралау қиын екендігін бірден түсінуге болады.. Сол бір немесе өзге зиян құқықтық мағынада - бұл белгілі бір шектерде болуға тиіс өтетіп алу құқығын беретін белгілі-бір нысандағы нақты бір игілікті кез келген жағдайда кеміту. Қазіргі уақытта моральдық зиян заңмен қорғалатын кез келген игіліктер мен құқықтарға қолсұғушылық нәтижесі ретінде түсініледі. Әрекет етуші заңдық анықтамаға сәйкес, моральдық зиян жеке және заңды тұлғалардың өзіндік мүліктік емес игіліктерімен құқықтарының бұзылуы кемсітілуі немесе олардан айырылуы соның ішінде жәбірленушіңің өзіне қарсы құқық бұзушылықтың жасалуы салдарынан басынан кешірген (төзімін тауысқан, уайымға салған) жан азабы немесе тән азабы (қорлау, ызалапдыру, кысым жасау, ашуландыру, ұялту, түңілт), тән қиналуы, залал шегу, қолайсыз жағдайда қалу жэне т.б.).

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                        

 

                                   Қорытынды.

Сондай-ақ назарға кажетті  қорғанысқа деген құқықты қамтамасыз етудің әлеуметтік маңыздылығы алынады. Қазақстан Республиқасы Жоғарғы сот пленумының 23-желтоқсан 1994 жылғы "Азаматтардың өмірі мен денсаулығына қол сұққаны үшін жауапкершілікті реттейтін заңнаманы соттармен қолдану туралы" 7 қаулысының 20-тармағында айтылғандай сотгардьщ назарын мынаған аудару қажет: Қажетті қорғану құқығы азаматтардың өз өмірін, денсаулығын, ар-намысын, сондай-ақ мүлкін, қоғамға қауіпті қолсұғушылықтардан қорғауға деген конституциялық құқықтарын жүзеге асыру кепілдіктерінің бірі болып табылады.

Заңға сәйкес азаматтар оларды қашып құтылу немесе шабуылды болдырмайтын өзге де тәсәлдерді пайдалану мүмкіндігінің болуына қарамастан, қогамға қауіпті қолсұғушылықтардан қорғану бойынша қолсұғушыға зиян келтіру жолымен белсенді шаралар қолдануға құқылы. Бұл орайда олар жәбірленушіге оның шабуылына қарсы тұру кезінде келтірілген зиян үшін жауапты болмайды.

Аса қажеттілік кезінде  бұл мәселе баеқаша шешіледі. Аса  қажеттілік кезінде тұлға тікелей  өзінің немесе өзге тұлғалардың өміріне, денсаулығына құкықтары мен заңды  мүдделеріне коғам немесе мемлекет мүдделеріне кауіп төндіретін қауіпті жою үшін кейінге қалдырылмайтын іс-әрекеттерді жасау жолындағы жағдайда іс-әрекет етеді. Сондай-ақ жәбірленушінің жан азбымен тән азабының дәрежесін дәлелдейтін обьективті деректерге скеріледі. Есепке қол сұғу объектісі болған игіліктің өмірлік маңыздылығы алынады. Мысалы, заңмен қорғалатын барлық игіліктерің ішінде ең маңыздысы болып өмір табылады, тиісінше оған қол сұққан үшін белгіленетін өтемақы ең жоғары болуға тиіс. Денсаулық, ар ожданға, қадір қасиетке, бостандыққа, тұрғын үйге және т.б. қол сұғу ауыр қол сұғушылықтар деп есептеледі. Моралдық зиянның мөлшерін анықтаған кезде жәбірленушінің ігілік қасиетіне келтірілген адамгершілік залалдың ауырлығын оның объективті түрде бағалауы ескеріледі

 

 

 

                          Әдебиеттер.

1.Қ.Р-ның азаматтақ  кодексі.Ерекше бөлім.-Алматы,2004.

2.Гражданский кодекс  Республики Қазахстан.Обшая часть.-Алматы,1997

3.Мемлекет және құқық негіздері.-А.2001.

4.Басин.Ю.Г.Ответственность за нарушение гражданско-правового обязательства.-Алматы,1997.

5.Жайлин.Ғ.А. Азаматтық  құқық.Ерекше бөлім.ІІ том.-Алматы,2004.

6.Советское гражданское право.-М:Юрид.лит.,1986.

7.Теория государства  и права.-М,1985.




Информация о работе Зиян келтіру салдарынан туындайтын міндеттемелер