Зиян келтіру салдарынан туындайтын міндеттемелер

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Сентября 2013 в 14:28, доклад

Краткое описание

Азаматтық-құқықтық жауапкершіліктің қырлары шарттық міндет-темелерді қарастыру кезінде зерделенген болатын. Онда шарттық жауапкершілік туралы сөз болған. Бұл жауапкершілік көп жағдайда азаматтық қүқықтық шарттар қатысушыларының араеындағы даулы құқықтық қатынастарды реттеуге септесетіндігімен сипатталады.
Сонымен қатар белсенді қолданысқа деликтілік жауалкершілік те ие. Оны субъектілер өзара шарттык катынастармен байланысты болмайтын жағдайларда құқық бүзушылықтар жасағаны үшін туындауға тиіс болатын азаматтық құқықтық жауапкершіліктің бір түрі деп атауға болады (қазіргі кұқық аясында оны бұрынғыдай біржақты түсінбейді).

Прикрепленные файлы: 1 файл

СРСП №6.doc

— 1.21 Мб (Скачать документ)

Жоғарыда бір эиянкелтіруден туындайтын міндеттемелердің пайда болуының негізгі шартарына нұсқайтын азаматтық заңнама нормаларына сілтеме жасаған болатынбыз.

Сондай-ақ ҚР АК 917-бабының 2-тармағында зиян келтірушінің егер зиян өзіңің кінәсінен келтірілмегендігін дәлелдесе, оны өтеу жауапкершілігінен босатылатындығы көзделген. Заңнама мен тұлғаға зиянды өтеу жауапкершілігі оның кінәсінің болу болмауына қарамастан жүктелетін жағдайлар көзделуі мүмкін.

Сонымен, зиян келтіргені үшін жауапкершіліктің жалпы негізлері (шарттары) болып мыналар табылады: 1) құқыққа қайшы іс-әрекет (әрекетсіздік); 2) зияннның болуы; 3) тұлғаның іс-әрекеті (әрекетсіздігі) мен туындаған құқыққа қайшы салдардың (зиянның) арасындағы себепті байланыс; 4) кінә, Аталған төрт шарттар бір-бірінен ажырағысыз орын алады. Олар азаматтық құқық бұзушылықтың (деликтінің) өзара байланысты элементтері болып табылады. Осыған сүйене отырып, біз зиян келтіруден туындайтын міндеттеменің пайда болу (азаматтық-құқыктық жауапкершілікті колданудың) нездемесі болып азаматтық құқық бұзушылық табылады.

Құқыққа қайшылық түсінігі азаматтық құқықта көп қырлы  болып табылады. Құқыққа қайшылық ең алдымен тұлғалар іс-әрекетінің (қадамдарының) құқықтық әртүрлі салаларына нормаларына қайшы келуіне сүйене отырып бағаланады.Бұл конституциялық құқық, қылмыстық құқық, әкімшілік құкық жәнет.б. болуы мүмкін. Іс-әрекеттердің(әрекетсіздіктің) обьективтік құқық нормаларына қайшы келу белгілері олардың құқыққа қайшылығын оңай және сенімді бағалауға мүмкіндік береді.

Сонымен катар, бірқатар басқа мемлекетердің құқықтарында сияқты, Қазақстан Республикасының  да азаматтық құқығында бас деликт кағидасы әрекет ететіндігін ұмытаған жөн. Соның салдарынан, егер зиян келтіруші заң актілерімен уәкілденген болмаса немесе тұлғаның оған зиян келтіруші деген келісімі (ниеті) болмаса, кезкелген зиян келтірушілік құқыққа кайшы деп танылатын болады.

Бірқатар жағдайларда, іс-әрекеттердің құкыққа кайшыиығы олардың мораль, саналылық, адамгершілік және әділеттілік  талаптарына қайшы болуына яғни азаматтық құқықтық жалпы бастауларына сүйене отырып бағаланады.

Әрекетсіздіктің құкыққа  қайшылығын анықтау кезінде біршама  өзгеше белгілер қолданылады. Белгілі  бір уақытта орын алған жағдайда сол бір немесе өзге субъект заңнамаға  сәйкес сол бір немесе өзге оңды іс-әрекеттер жасауға тиіс болған, бірақ оларды жасамаған және срның салдарынан басқа тұлғаның құқықтарымен мүдделеріне зиян келтірілген жағдайда ғана әрекетсіздік құкыққа қайшы болып табылады. Атап айтқанда. полиция қызметкері қызметте бола отырып және тұлғаның жеке басына қол сұғушылық болып жатқанын көре тұра өзінің қызметтік борышын орындамауы мүмкін, ауру адам жеткізілген медициналық мекеме ауру адамға шұғыл дәрігерлік көмек көрсетпей оны баска медициналық мекемеге жөнелтуі мүмкін. Осы аталғандар құқыққа кайшы әрекетсіздіктің мүмкін болатын жағдайларының бірі ғана болып табылады. Өкінішке қарай, сот органдары әрекетсіздікке қарағанда әрекеттіліктің құқыққа қайшылыгын белсенді түрде қабыл алады және бірқатар жағдайларда әрекетсіздікке бой алдырған субъект оны азаматтық құқыктық жауапкершіліктің өзге де түрлеріне тартудан құтылып кететінін айта кеткен жөн.

Зиян келтіру  барлық жағдайларда дерлік сол немесе өзге бір жасалатын іс-әрекеітердің-қайшылығын білдіретінін біз жоғарыда айтқан болатынбыз. Заңдылық пен құқыққа қайшылық азаматтык құқықта ажырағысыз түсініктер болып табылады. Іс-әрекеттердің (әрекетсіздіктің) құқыққа кайшы салдарының болмауы, оларды азаматтык-кұқыктық жауапкершілік негіздемесінің құрамдас бөлігі ретінде қарастыру мүмкіндігінен айырады. Дегенмен де біз бірқатар жағдайларда абстракциялана отырып әрекетті және оның зиянды салдарын жеке-жеке қарастырамыз. Бұл сонда да. жеке түсініктер "туралы сөз болып отырғанын куәландырады, Олардың әрқайсысы түсіндірудердің белгілі бір жиынтығы арқылы сипатталады.

Мұндай анализді біз  ауыткушылык ретінде жасадық, оның себебі мынада. Азаматтық құқықта зиян келтірудің алдын алу түралы жаңа норма көзделген (918-бап). Іс-әрекеттердің құқық кайшылығын оның заңдылығынан бөліп қарастыру зиян келтірудің алдын алу үшін тәжірибелік маңызға ие.

Әрине мұндай талап арызды қою кезінде іс-әрекетпен (әрекетсіздікпен) зияп келтірілу міндетеме емес болып табылады.

Бұл талап  келтірілген зиянды өтеу туралы талап-арызбен  бірге қойылуы мүмкін. Кейбір жағдайларда адамдар (басым жағдайларда бұл кәсіпкерлер) зиянды өтегеннен кейін, өздеріне тиесілі кәсіпорындардың, құрылымдардың қызметін, өзге де өндірістік қызметті жалғастыра береді, ол өз кезегінде зиян келтіруді де жалғастыруы немесе жаңа зиян келтірумен қауіп төндіруі мүмкін, сот мұндай жағдайларда жауапкерді зиянды өтеумен қатар тиісті қызметті токтатуға міндеттеуте тиіс.

Кейбір жағдайларда  тұлғаның тиым салуға арызданып отырған қызметтің әлеуметтік маңызын ескере отырып, сот оның талап-арызын қанағаттандырудан да бас тартуы мүмкін. Егер субъектінің қызметінде заңнаманы бұзу орын алып отырса, мұндай бас тарту негізсіз деп таны-лады. Сот, егер бұл- оны алып отырса, заынаманы бұзумен жүзеге асы-рылып отырған іс-әрекеттерге тиым салуға тиіс.

Талап-арызын қанағатандырудан бас тартылған суьбект өзіне  келтірілген зиянды өтеуді талап ету құқығынаналдағы уақытта  айрылмайды.

Зиян азаматтық  құқыққа материалдық немесе материалдық  емес  игілікті (адам өмір денсаулығы ) кеміту (жою) арқылы бағаланады.

Осындай мүмкіндікті  ескере отырып автор зиян туралы өз анықтамасын ұсынып отыр! Зиян - бұл белгілі бір көлемде және заңмен көзделген тәсілдермен оның салдарын жоюды немесе өтеуді талап ету куқұқғын белгілі бір тулғаларға беретін, материалдық немесе материалдық емес игіліктерді кемітуден керіціс тапқан құқық бұзушылықтың жағымсыз салдары (азаматтық қүқықта ол сондай-ақ, құқық бұзушылық элементі). Бұл анықтама, егер олар біреудің құқықка кайшы іс-әрекеттерінің салдарынан орын алса, тұлғаның мүліктік немесе мүліктік емес аяларындағы жағымсыз өзгерістерге заңнамалық реакцияны сипаттайды.

Зиян азаматгык құқықта  мүліктік және мүліктік емес деп бөлінеді. Өтемеуге жататын зиян нақты залал түсінігімен біріктіріле отырып, мүліктің (қозғалатын немесе қозғалмайтын, жеке анықтауға немесе біртектес белгілермен анықталған) бүлінуінен, жойылуынан келтірілген шығындардан көрініс табады (ҚР АК 9-бап, 4-т).

 

 

 

Азаматтың өмірі мен  денсаулығына келтірілген зиян жалпы негіздерде өтеледі. Тұлғаның өмірі мен денсаулығына зиян келтірген кезде келтірілген мүліктің зиянның сипаты мен құрамына сүйену керек, Оның дәл осы ерекшелігі осындай зиянды өтеу мәселелерін бөлек қараетыру қажеттілігін туыңдатады.

Адам өмірі мен денсаулығына келтірілген зиян жоғарыда атап өт-кеніміздеи, онда болған не болуға тиіс болған еңбекақыларын (табыстарын) жоғалтудан көрініс таба алады.

Еңбек жағдайында немесе басқа да жағдайларда заң  зақымданумен келтірілген зиянды өтеу мөлшерін есептеген кезде еңбекақыға оның барлық түрлері жатқызылады. Оған еңбекке ақы төлеудің әрекет етуші жүйесімен шартталмаған, ;біржолғы сипаттағы төлемдер жатпайды (пайдаланылмаған жылдық демалыс, демалыс жәрдемі, материалдық көмек ретінде берілетін ақшалай жәрдем және т.б. үшін өтемақылар).

Бұл төлемдер, олардың біржолғы сипатқа ие болуына байланысты зақым алған тұлғаның материалдық жай күйіне елеулі түрде әсер етпейді. Әдетте, олардалу мүмкіндігі шартты болып табылады (мысалы, бір жолғы көтермелеу төлемдері), Сондықтан олар еңбектабысын анықтау кезінде есепке алынбауға тиіс. Сонымен бірге премиялар мен ынталандыру сипатындағы басқатөлемдер, еңбекке ақы төлеу жүйесімен көзделген жылдық премиялар мен сыйақылар зиянды өтеу мөлшерін аныктау кезінде ескеріле алады және ескерілуге тиіс.

КР Азаматтык кодексінде (938-бап 3-т) аталғандай, өтелуге жататын  табыстардың құрамына еңбек және азаматтық кұқыктық шартар бойынша еңбекке ақы төлеудің табыс салығы салынатын барлық түрлері кіреді. Азаматтык-құкықтық шарттарбойыншатөлеуге қатысты осы ереженің бөлігі толық негізделмеген боп табылатын сияқты. Қызметтердің бірқатар турлері салық патентінің негізінде жүзеге асырыла алады. Аталған нормада, сондай-ақ кәсіпкерлік қызметтен алынатын кіріс (табыс) салық инспекциясы деректерінің негізінде жоғалтылған табыстың құрамына енгізілетіндігі көзделген.Сондықтан жоғалтылған өзге де тәсілдермен растала алады деген жөн болар, Мысалы, шарт мәтіндері мен сол бір немесе өзге кәсіпкерлік кызмет табыстылығының калыптаскан орташа көрсеткіштерімен.

Өтеуге жататын  жоғалтылған табыстың (кірістің) мөлшері жара-қаттануына немесе денсаулығының өзгедей зақымдануына дейінгі не жәбірленушінің кәсіби енбекке қабілетін, ал ол болмаған кездс жалпы еңбекке қабілетін жоғалтуы дәрежелеріне сәйкес, енбекке жа-рамдылығынан айырылу басталғанға дейінгі орташа айлық табысының кірісінің проценттерімен анықталады.

Егер жәбірленуші  зиян келтірілген кезде жұмыс істемеген болса, оның қалауы бойынша жұмыстан босатылғанға дейінгі табысы ескеріледі. Жәбірленушінің келісімімең бұрынғы жұмысы бойынша алынған табысының орнына жоғалтылған табысты анықтау үшін осы жердегі оның біліктілігіндегі қызметкер сыйақысының жай мөлшері ескерілуі мүмкін, бірақ ол заң актілерімен белпленген бір айлық есептік көрсеткіштін он еселенген мөлшерінен кем болмауға тиіс.

Жәбірленушінің 14 жасқа толғаннан кейін, сондай-ақ табысы (кірісі)жок 14-тен 18-жасқа дейінгі кәмелетке толмағанға зиян келтірілген жағдайда зиян үшін жауапты адамдар денсаулығының зақымдануынан туындаған шығындардан басқа, еңбекке ақы төлеудің заң актілерімен белгіленген он еселенген айлық есептік көрсеткішті негізге ала отырып оның еңбек қабілетін жоғалтуына және еңбек қабілетінің төмендеуіне байланысты зиянды да жәбірленушіге өтеуге міндетті.

Егер денсаулығы зақымданған кезде кәмелетке толмаған адамның табысы болса, зиян осы табыстың мөлшері негізінде өтеледі. Еңбек қызметі басталғаннан кейін жәбірленуші өзінің жұмыс орны немесе біліктілігіне сәйкес алуға тиіс болған табысын негізге ала отырып зиян өтемінің мөлшерін көбейтуді талап етуге құқылы.

Егер артынан жәбірленушінің еңбек қабілеттілігі төмендесе, оның өмірі мен денсаулығына келтірілген  зиян өтемінің мөлшері жоғалтылған  табыс (кіріс) бөлігінде көбейтілуі мүмкін. Еңбек қабілеттілітінің төмендеуі денсаулыкқа зақым келтірумен себепті байланыста болу керек. Зиянды өтеу міндеті жүктелген азаматтың мүліктік жағдайы артынан жақсарған жағдайда да жәбірленуші зиянды өтеу мөлшерін көбейтуді талап етуге құқылы. Егер бастапқы кезде сол бір немесе өзге себептер (соның ішінде зиян келтірушінің мүлінтік жағдайына сүйене отырып) бойынша зиянды өтеу тиесілі мөлшерге қарағанда аз мөлшерде белгіленген болса, осы ереже қолданылады.

Зиян келтірушінің талабы бойынша, егер жәбірленушінің еңбек қабілеттілігі артынан қалпына келтірілсе немесе зиян келтірушінің мүліктік жағдайы нашарласа, сот зиянды өтеу мөлшерін төмендетуі мүмкін.

Жоғалалтылған табысты (кірісті) өтеу жүйелі және кезеңдік (ай сайынғы) төлемдер түрінде жүргізілуге тиіс. Өтеуді тағайындай отырып, соттар жәбірленушінің денсаулық жағдайын бакылау мақсатымен кезекті медициналық куландырудан өтудің мерзімдерін көрсетуге тиіс.

Жалақының ең төменгі мөлшері заң актілерімен  белг іленген тәртіп бойынша артқан жағдайда жоғалтылған табысты (кірісті), жәбірленуші денсаулығыньщ зақымдануына және қайтыс болуына байланысты' тағайындалған өзге төлемдерді өтеу сомалары айлық есептік көрсеткіштің артуына бара-бар көбейтіледі.

Жәбірленуші заң актілеріне сәйкес міндеттемені тоқтатуды немесе мерзімінен бұрын орындауды талап етуге құқығы болған жағдайларда, мұндай талап тиісті мерзімдік төлемдерді капиталдандыру жолымен қанағаттандырылады.

Қылмыстық әрекеттен  жәбірленген тұлға емделуге кеткен шығындарды өтеуді талап етуге қүқылы, Емделумен баиланысты барлық шығындарды (ол тегін емделген жағдайларданбасқа) жәбірленуші зиян келтірушідең өндіріп алуға құкылы. Бұдан басқа жәбірленушіге қосымша тамақтануға, протездеуге, сырттан күтім жасауға, санаторлық-курорттық емделуге, арнайы көлік құралдарын алуға басқа мамандыққа дайындауға және т.б. кеткен шығындар өтеледі. Бұл шығындар, егер ол тиісті көмекке мұқтаж екені және оларды тегін алмайтындығы танылса, жәбірленушіге өтеледі. Шығындарды өндіріп алу медициналық сараптама қорытындысының негізінде белгіленген мерзімдер шегінде алдағы уақытқа жургізілуі мүмкін. Мұндай қажеттілік қызмет көрсету мен мүлік құнын (жолдама сатып алу, жол ақысын төлеу, арнайы көлік құралдарына ақы төлеу) алдын ала ақы төлеу қажет болған кезде туындауы мүмкін.

Жәбірленушіге күтім жасауға кеткен шығындар, олардың  кіммен жасалатындығына (зайыбымен, ата-анасымен немесе бөтен адамдармен) және мүлдем жасалмағандығына қарамастан өндірілуге тиіс. Олар қосымша дәрігерлік немесе тұрмыстық күтімге деген қажеттілік дәрігерлік қорытыңдымен анықталғандығына байланысты өндіріліп алуға тиіс. Егер олар күтім үшін нормативті түрде белгіленгеи өтемақыдан асып кетсе, жәбірленуші нақты жасалған шығындарды өндіріп алу мүмкіндігіне ие болуға тиіс.

Егер жәбірленуші көлік  құралына мұқтаж болса, онда оған қызметтік (еңбек) міндеттерін орындау барысында жарақат алған жұмысшылар мен қызметшілерге сиякты қолмен басқаратын (мотоколяскалар) арнайы көлік құралының құны өтелуге тиіс.

Ресей Федерациясының сот тәжірибесінде осы мәселені шешу жолы назар аударуға тұрарлықтай. Жәбірленуші өзінің физиологиялық ерекшеліктеріне (антропометриялық белгілер жэне сол сияқтылар) байланысты мотоколясканы пайдалана алмайтын және ол үшін жүріп тұрудың жалғыз арнайы құралы болып белгілі бір типтегі автокөлік табылатын ерекше  жағдайларда, сот өтеуге тиіс зиян мөлшерін аталған автокөлік құнының мөлшерінде анықтауға құқылы.

Азамат қайтыс болған жағдайда кайітыс болған адамның асырауындағы немесе ол калмыс болған күнге дейін одан жәрдем ақша алуға құқылы болған еңбекке жарамсыз адамдардың, қайтыс болған адамның ол қайтыс болғаннан  кейін туғаи баласының, сондай-ақ ата-анасының біреуі зайыбы не еңбекке қабілеттілігіне қарамастан жұмыс істемейтінінеі және қайтыс болған адамның асырауында болған балаларын, немерелерін, жасы 14-ке толмаған не аталған жасқа толса да медицина орындарының корытындысы бойынша денсаулық жағдайына байланысты басқа адамның күтуіне мұқтаж аға-інілері мен апа-қарындастарын күтумен айналысатын, отбасының басқа да мүшесінің зиянды өтетіп алуға құқығы бар.

Информация о работе Зиян келтіру салдарынан туындайтын міндеттемелер