Зиян келтіру салдарынан туындайтын міндеттемелер

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Сентября 2013 в 14:28, доклад

Краткое описание

Азаматтық-құқықтық жауапкершіліктің қырлары шарттық міндет-темелерді қарастыру кезінде зерделенген болатын. Онда шарттық жауапкершілік туралы сөз болған. Бұл жауапкершілік көп жағдайда азаматтық қүқықтық шарттар қатысушыларының араеындағы даулы құқықтық қатынастарды реттеуге септесетіндігімен сипатталады.
Сонымен қатар белсенді қолданысқа деликтілік жауалкершілік те ие. Оны субъектілер өзара шарттык катынастармен байланысты болмайтын жағдайларда құқық бүзушылықтар жасағаны үшін туындауға тиіс болатын азаматтық құқықтық жауапкершіліктің бір түрі деп атауға болады (қазіргі кұқық аясында оны бұрынғыдай біржақты түсінбейді).

Прикрепленные файлы: 1 файл

СРСП №6.doc

— 1.21 Мб (Скачать документ)


 

 

Зиян келтіру  салдарынан туындайтын міндеттемелер

Шалдыбаева А.А 

[ Зиян келтіруден туындайтын міндеттемелерді жүзеге асырумен азаматтық-құқықтық жауапкершілік және сонымен қатар, оның функциялары жүзеге асырылады.]




 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

    Азаматтық-құқықтық жауапкершіліктің қырлары шарттық міндет-темелерді қарастыру кезінде зерделенген болатын. Онда шарттық жауапкершілік туралы сөз болған. Бұл жауапкершілік көп жағдайда азаматтық қүқықтық шарттар қатысушыларының араеындағы даулы құқықтық қатынастарды реттеуге септесетіндігімен сипатталады.

Сонымен қатар белсенді қолданысқа деликтілік жауалкершілік те ие. Оны субъектілер өзара шарттык катынастармен байланысты болмайтын жағдайларда құқық бүзушылықтар жасағаны үшін туындауға тиіс болатын азаматтық құқықтық жауапкершіліктің бір түрі деп атауға болады (қазіргі кұқық аясында оны бұрынғыдай біржақты түсінбейді).

Азаматтық-құқықтық жауапкершіліктің аталған түрлерінін ортақтығына  қарамастан олардың айырмашылықтарын да атап өту қажет. Деликтілік жауапкершілік  дәстүрлі түрде азатматтық күқықтык өз алдына бөлек институты болып табылады. Оның өзіне тән ерекшеліктері бар, олар ең алдымен оның құрамында императивтік нормалардың басым болуымен сипатталады.

Азаматтық-құқықтық жауапкершілік - зандық (құқыктық) жауап-кершіліктің бір түрі болып табылады. Оған да заңдык жауапкершіліктің белгілері тән. Олар:

  1. мемлекеттік мәжбүрленумен ажырағысыз байланыс;
  2. іс-жүзіндегі негіздеме - құқык бұзушылык болуы;
  3. құқық бұзушы тәртібінің мемлекеттік және қоғамдық айыптаумен 
    байланысы.

Алайда, азаматтық-қүкықтық жауапкершілік спецификалык, өзіне 
тән ішкі белгілерге ие. Ол қылмыстық~құқыкты.к, әкімшілік-құқық- 
тық, тәртіптік жауапкершілікпен қатар жеке өзіне арналған мақсаттар- 
ға_ие. Азаматтық құқықтық жауапкершілік субъектілері іс-әрекеттерінің айрықша азаматтық-құқықтық салдарына реакция білдіру ретіңде 
қолданылады және өзі-сонымен бірге өзін колдану үшін түрткі болған- 
дардан ерекшеленетін, белгілі бір азаматтык-құкықтық салдарға алып 
келеді.  

Азаматтық-құкықтық жауапкершіліктің, басқа да заңдық (құқық- 
тық) жауапкерщіліктерден тағы бір ерекшелігі - ол туралы нормалар 
оны жүзеге асырудың ерікті тэртібін де жоқка шығармайды. Соған 
орай азаматтық-кұқыктык жауапкершілікті азаматтық құқық теория- 
сында жасалып қойған құқық бұзушылықтар үшін жауап беру қажетті- 
лігі ретінде анықтайды. .

Азаматтық-құқықтық жауапкершіліктен деликт жасаған құкық бұзушыға әсер ету шарасы" болып табылатын, оның санкцияларын ажыратқан жөн. Зиян келтіргені үшін (шарттан тыс, деиліктілік)жауапкершілік аясында негізгі санкция болып келтірілген зиянды өндіріп: алу табылады.

Азаматтық-құқықтық жауапкершілік  жеке сипатқа ие. Яғни оның 
қолданылуы құқықтары мен мүдделеріне зиян келтірілген субъектінің 
немесе жәбірленушінің атынан талал-арыз қоюға құқылы тұлғаның 
еркіне тәуелді болады. Кәмелетке толмағандардың мүдделеріне зиян 
келтірілген кезде, егер олар ата-анасының қамқорлығында болмаса, 
талап-арыз бала тәрбиелеу мекемелерімен, қорғаншылар мен қамқор- 
шылармен, тікелей қорғаншылық және қамқоршылық органдарымен 
немесе прокурормен қойылады. Өз қүқыктарын өздері қорғай алмай- 
тын тұлғаларға зиян келтірілген жағдайларда азамалтық-құқыктык 
жауапкершілік мүмкіндігінше мүлтіксіз жүзеге асырылуға тиіс. Ол 
үшін қажетті жағдайлар заңнамамен қалыптасуға тиіс, мақсат қажет- 
тілікті деликтілік құқық нормаларын қолданатыи мемлекеттің құзіретті органдары мен соттары тарапынан ескерген жөн. Мемлекетке, 
жария мүддеге зиян келтіру жағдайларына да қатысты осындай ой 
айтыла алады.    

Азаматтық-құкықтық жауапкершіліктің жеке сипаттылығының та ғы бір қыры - азамагтық-құқықтык жауапкершілік лекциялары жәбірленушінің өз пайдасына қолданылады, ал жария-құқықтық жауапкершілікті қолдану санкцияларды салыстырмай-ақ біреудің. пайдасына (мысалы бас. бостандығынан айыру) не мемлекет пайдасына (мүлікті конфискациялау, әкімшілік айыппұл) колдануга алып келеді.

Азаматтық-құқықтың жауапкершіліктің жеке-құқықтық сипаты зиян келтірудегі туымындайтын міндеттемелер құрылымын құрастырудың бірден бір себебі болып табылады.Азаматтық құқықтық жауапкершілік міндеттемелік құқықтық катынас нысанынан басқа нысанда жүзеге асырыла алмайды. Ол қатысты болып табылады және жауапкершілік субъектісінде, құқықтық мүмкіндік береді.

Міндеттеменің аталған түрі заңнамаға сәйкес туындайды. Ол тараптартың келісімі бойынша (тұлғаның өз құқықтарын қорғаудан бас тарту жолымен) тоқтатыла алмайды

Оны іс жүзінде жүзеге асыру, алдында атап өткеніміздей,жәбірленуші  субъектінің өз еркіне тәуелді болады. Ол, жалпм өзі арқылы адамдардың қандай да бір әлеуметтік маңызы бар қызметің тауарларды беру, жұмыстарды атқару, қызметтер көрсету) туындату мақсатын көздемейді, ол тұтастай және толығымен адамдардың бұзылған мүліктік немесе мүліктік емес аяларын қалпына келтіруге бағытталған. Соңдықктан зиян келтіруден туындайтын міңдеттнме азаматтық-құкықтық міндеттеменің ерекше бір түрі болып табылады. Оның мақсатына сүйёне отырып, оны қорғаушы міндеттемеретінде анықтайды, Егер оның пайда болу негіздерін ескеретін болсақ, онда зиян келтіруден туындайтын міндеттеменің деликтілік міндеттеме деп атаған жөн.

Зиян келтіруден туындайтын міңдеттемелермен рестеу аясы туралы осы айтылған сөз, осындай-міндеттемеге сүиене отырып, міндетті субъект басқа субъектінің пайдасына зат (тауар) беруге тиіс болатындығын жоққа шығармайды, бірақ бұл бұзылған құқықтарды қалпына келтіру қажеттілігі мен жетеленеді. Міндетті субъекті мен жұмыстарды орындау,;қызметтер көрсету тәжірибе жүзінде қолданылмайды, бірақ жоққа шығарылмайдьі. Бұл орайда зиян келтіруден туындайтын міндеттеме осындай жан-жақты мазмұнға барлық жағдайлдрда емес, ол тек зиян мүлікке ғана (тұлғалардың жеке мүліктік емес игіліктері мек құқықтарына емес) келтірілген жағдайда ие болады.

Зиян келтіруден туындайтын міндеттеме, басым жағдайларда, су-бъектілердің абсолюттік құқықтарын корғауға бағытталған. Бұл оны тұлғалардың кез келген құқықтарын оларга кез келген құқыққа кайшы қол сұғушылықтан қорғау максаггарында пайдалануға мүмкіндік береді. Кейбір жағдайларда, деликтілік міндетгеме кұрылымын пайдалана отырып тұлға өзінің нақты бір субъектіге қатысы бар, қатысты құкықтарын да қорғай алады, Бұл мысалы, тауарлардың, жұмыстар мен кызмет көрсетулердің жетіспеушілігімен келтірілген зиянды өндіріп алу кезінде орын алады.

ҚР АК 917-бабының 1-тармағына сәйкес азаматтар мен  заңды тұлғалардьщ мүліктік немесе мүліктік емес игіліктері мен құқықтарына заңсыз іс-әрекеттермен (әрекетсіздікпен) келтірілген мүліктік және (немесе) мүліктік емес зиянды, оны келтірген түлға толық көлемде өтеуге тиіс.

Сондай-ақ заң актілерінде  зиянды өтеу міндеті зиян келтіруші  болып табылмайтын тұлғаға жүктеледі, сонымен қатар өтеудің неғұрлым жоғары мөлшері белгіленуі мүмкін екені ескертіледі. Аталған бап, негізінен зиян келтіруден туындайтын жауапкершіліктің жалпы негіздерін белгілеу үшін арналғанмен, ол, сондай-ақ зиян келтіру салдарынан туындайтын міндеттеме түсінігінің өзін де анықтау үшін қолданылады.

Зиян келтіруден туындайтын міндеттеме - бұл зиян келтірушінің немесе заңнамада аталған өзге де тұлғаның келтірілген зиянды толық көлемде өтеу міндетін камтыған, жеке немесе заңды тұлғалардың (мемлекеттік немесе әкімшілік-аумақтық бөліністің) заңмен қорғалатын құқықтары мен мүдделеріне кұқыққа қайшы іс-әрекеттермен (әрекетсіздікпен) мүліктік және (немесе) мүліктік емес зиян келтіру салдарынан тікелей заңнама нұсқауларынан туындайтын міндеттеме.

Зиян келтіруден туындайтын міндеттемелерді жүзеге асырумен азаматтық-құқықтық жауапкершілік және сонымен қатар, оның функциялары жүзеге асырылады. Оның функцияларын компенсациялық, айыппұлдық, тәрбиелік және алдын алушылық ретінде анықтауға болады. Азаматтық-құқықтық жауапкершіліктің компенсациялық функциясы өз мақсаты ретінде бұзылған құқықтар мен мүдделерді олардың бұзылуына тепе-тең түрде қалпына келтіруді көздейді. Аталған жауапкершілікті қолдану құқық бұзушыны, оның сірә өзі деликт жасай отырып байып кетпеген мүліктік аясын кеміту жолымен жазалайды.

Оларға азаматтык-құқықтық жауапкершіліктің санкцияларын қолдану салдарынан және сот процестеріне негізінен жауапкерлер ретінде қатысқандықтан, кұқық бұзушылар азаматтық-құқықтық жауапкершіліктің белгілі бір тәрбиелік ықпалын да сезінері анық. Бұл азаматтық-құқыктық жауапкершіліктің белгілі бір шамада құқық бұзушыларды одан да ауыр құқық бұзушылықтар жасаудан үстап қала алатын, алдын алушылық маңызына себепші болады.

Борышқорлар ретінде де, кұқыққа қайшы іс-әрекеттерінің (әрекет-сіздігінің) салдарынан зияи келтірген, кез келген субъектілер танылады. Басқа тұлғалардың әрекеттері үшін заң бойынша жауап беретін тұлғаларға ата-аналар (асырап алушылар), қамқоршылар, оқу, емдеу, тәрбие және кәмелетке толмағандар мен әрекетке қабілетсіз тұлғаларға қадағалауды жүзеге асыруға тиіс өзге де мекемелер мемлекеттік ұйымдар (өз жұмысшыларының іс-әрекеті үшін) жатқызылуы мүмкін.

Орын алған  жағдайға, зиян келтіруден туындайтын міндеттеменің пайда болу себебіне (не мүліктің не мүліктік емес зиянды келтіру), міндеттемелер қатысушыларына байланысты оларды эмбебап құқық мирасқорлығына немесе суброгацияға жол бер.ілуі мүмкін. Мысалы, мұрагерлер, құқық мирасқорлығының нәтижесінде, қайтыс болған азаматтың мүлкіне келтірілген зиянды өтеуді талап ету құкығына ие болуы мүмкін. Сақтандыру ұйымы азаматтық-құқықтық жауапкершілікті сақтандыру шартына қатыса отырып, сақтандыру жағдайы турыудаған және ол зиянды өтеу кезінде зиян келтіруден туындайтын .міндеттемеде кредитор орнын иеленетін болады.

Борышқор үшін зиянды өтеген тұлға (мысалы, солидарлы борыш-қорлардың бірі) да оған қатысты регрестік міндеттеме аясында кредитор болады.

Міндеттеме түрі болып  ол бойынша тиесілі өтем табылады. Өзге міндеттемелерге қараганда  зиян келтіруден туындайтын міндеттеме пәні өте жиі жағдайда анықталмаған болып табылады. Зиян келтіруден туындайтын талап-арыздар "бәсекелесе" алатын талап-арыздарға (егер англосаксондық құқық түсініктерін колданатын болсақ) жатады, зиян мөлшері және тиісінше тиесілі өтем акы мөлшері талап--арыз бергенде, тәжірибе жүзінде дәлме-дәл есептеле алмайды (егер де оның калькуляцясы жәбірленушімен берілсе де, ол даулаңа алады). Сол себептен міндеттеме пәні әдетте сотпен нақтыланады. Міндеттеме пәні зиянды өтеуцің сотпен таңдап алынған тәсіліне байла-нысты болады. Сот зиянды өтеу туралы талапты қанағаттандыра отырып, істің мән-жайына сәйкес зиян үшін жауапты тұлғаны келтірілгеіг залалдарды толығымен өтеуге. немесе оны.:заттай өтеуге (сол тектес және сол сападағы затты беру, бүлінген затты қалпына келтіру жәнс т.с.с.) міндеттейтін болады. Адам өмірі мен денсаулығына және моральдық зиян келтіру салдарынан туындайтын міндеттемелер бой.ыниш міндеттеме пәні өзіндік ерекшіліктерге ие болады.

Зиян келтіру  салдарынан туындайтын міндеттеме бір  жақты міндеттеме болып табылады. Сондықтан оның мазмұнына зиян келтіруші тұлғаның (өзге де тұлғаның) қелтірілген зиянды өтеуміндеті кіреді, Оны өтеу тәртібі, мерзімдері заңнамамен, сот шешімімен, талаптардың келісімімен анықталатын болады немесе міндеттеме мәселесінен туындайды.

Жәбірленуші зиянды өтеу жөніңдегі міндетті оның алдында іс жүзінде орындауды талап етуге құқылы.

Жоғарыда атап өткеніміздей, көптеген қатысушылары бар міндеттеме туындауы мүмкін. Жәбірленушілер тарапынан.тұлғалардың көптігі, мүлік екі және одан да көп тұлғалардың ортақ бірлескен менші-гінде болған кезде немесе өзге де соған ұқсас жағдайларда орын алады.

Зиянды бірлесе отырып келтіру ретінде зиян келтіру  сол үшін жауапты бірнеше тұлғалардың ортақ ниеттерімен (бірлескен іс-әрекеттермен жүзеге асырылған) қамтылатын жағдайлар бағаланады.

Ол заңнамаға сәйкес солидарлы (немесе ортак) жауапкершіліккс  алып келеді. ҚР АК 932-бабына сәйксс. Бірлескен зиян келтірілген жәбірленушінің алдында ортақтасып жауап береді. Ортақ жауапкершілік кезінде зиян келтршілрдің әрқайсысы жәбірленуші алдында толықжауап береді. іьш іа ю.іык колем ісжачап берелі.

Сондай-ақ зиян құрамына жәбірленушінің дағдылы айналым жағдайында алуына болатын, бірақ алынбай қалған табыстары (айырылып калған пайда) да кіреді. Айырылып қшіған паида деп жоспарланған табысты ғана емес, сондай-ақ.бүлінген мүліктен нәтижелер төл түрінде алынуы мүмкін болған табиғи өсімдерді де түсінген жөн.

Басым жағдайда нақты залал тікелей бастапқьг зиян бола отырып айқын көрінеді. Бірақ ол жанама түрдегі кейінгі зиян ретінде де көрініс беруі мүмкін.

Зиян адам өмірі, оның денсаулығы, ар-намысы, іскерлік беделі, жеке өмірге қол сұғушылық, жеке және отбасылык құпия сияқты игіліктер бойынша туындайтын жеке мүліктік емес құқыктарды бұзатын, сондай-ақ атауға, өзіндік бейнеленуіне жэне басқа да материалдық емес игіліктерге деген кұқықтар бүзылған кездегі кұкыққа қайшы іс-әрекеттердің салдары болуы мүмкін.

Денсаулықты зақымдаумен, адам өмі.рін айырумен келтірілген зиян еңбек ақымы, занды тұлғаны құрумен немесе құрусыз жеке кәсіпкерлік қызметтен түсетін табысты жоғалтудан мүліктік залал түрінде де көрініс табуы мүнкін.

Сонымен денсаулықты зақымдаумем келтірілген зиян белгілі бір бөлігінде нақты мүмкіндік  болып табылады, бірак ол алынбай қалғап пайда нысаныа да көрініс табуы мүмкін.

Мүмкін емес зиян деп қол сұғылатын обьсктіге қарамастан мүліктік емес зиян түсініледі. Яғни моральдық зиян жеке және заңды тұлғалардың мүлкіне де және субьектілердің жеке мүліктік емес игіліктерімен құқықтарына дақол сұғушылықтың салдары болуы мүмкін.

Информация о работе Зиян келтіру салдарынан туындайтын міндеттемелер