Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Января 2014 в 15:55, контрольная работа
Азаматтык кодекстің 268-бабында: "Міндеттемеге сәйкес бір адам (борышқор) басқа адамның (несие берушінін.) пайдасына мүлік беру, жұмыс орындау, ақша төлеу және т.б. сияқты белгілі бір әрекеттер жасауға, не белгілі әрекет жасаудан тартынуға міндетті, ал несие беруші борышқордан өз міндеттерін орындауын талап етуге құкылы. Несие беруші борышқордан атқарылғанды қабылдауға міндетті", — деп атап көрсетеді. Демек, міндеттеме — азаматтық құкықтық қатынастың бір түрі. Ал, талап ету мен міндеттеме — несие беруші мен борышқорға өзара жауапкершілік жүктейтін екіжақты кұқыктық қатынасқа жатады. Екі жақты құқықтық қатынас: несие беруші тұрғысынан қарағанда — талап ету (белсенді жағы), борышқор жағынан алып қарағанда — міндеттемелік (бәсең жағы) болып есептеледі.
КІРІСПЕ 3
1. Міндеттемелердің ұғымы мен түрлері, міндеттемелерді орындаудың қағидалары мен тәсілдері. 4
2 Міндеттемені қамтамасыз ету. 11
ҚОРЫТЫНДЫ 13
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ. 14
Ақшаны аудару жөніндегі мәміленің нысаны жөніндегі мәселе талап етуді беру нысанына сәйкес келуге тиіс (АК-тің 348-бабы 1 және 2 тармақтары).
Міндеттемелік кұкық қатынастарыңда регрестік (шегерме) міндеттеме ерекше орын алады. Басқа адамның міндеттемесін орындаған борышқор орыңдалғанміндеттеме мөлшерінде сол адамға кері талап қоюға құқылы, осыны регрестік міндеттеме деп атайды.
Азаматтық кодекстің 289-бабына сәйкес, үшінші адамның әрекеттері саддарынан міндеттемені орындамаған борышкор осы адамнан залалдарын өтеуді талап етуге кұкылы. Ортақтасқан міндеттемені орындаған борышқор қалған борышқорлар-дың әрқайсысына оның өзіне тиесілі үлесін шегеріп, тең үлес-пен кері талапқоюғақұқылы. Борышқорлардың бірі ортақтасқан міндетті орындаған борышқорға төлемегені осы борышкорларға және калған борышқорларға тең үлесте түседі.
Борышқордың орындағанын қабылдаған ортақтас несие беруші басқа несие берушілерге, егер олардың арасындағы Қатынастарданөзгешедау туындамаса, оларға тиесілі үлестерін өтеуге міндетті.
Азаматтық кодекстің 268-бабына сәйкес міндеттеменің объектілері мүлік беру, жұмыс орындау, ақша төлеу және т.б. сиякты белгілі бір әрекеттер жасауға байланысты келеді (немесе белгілі бір әрекет жасаудан тартынуды да айтуға болады
Міндеттеменің пәні ретінде
әрекет зандық мүддені білдіреді
немесе міндеттеме құкык аясында
езіндік маңызға ие болады. Сөйтіп,
міндеттеменің негізінде
Міндеттеменің мазмұнын оған қатысушы — несие беруші мен борышқордың субъективтік құқықтары мен міндеттері құрайды. Мысалы, мүлікті жалға алудың міндеттемелік күқық қатынасында жалға алушы жалға берушіден мүлкін әкеліп беруді талап ететін субъективті құқыққа ие екендігі көрсеті леді. Сондай-ақ, жалға берушіге мүлкін пайдаланғаны үшін белгілі бір мөлшерде акысын төлеуге міндетті. Жалға беруші жалға алушыға мүлкін пайдалануға беруге міндеттенеді. Әрі жалға алушыдан мүлікті пайдаланғаны үшін ақысын төлеуді талап ете алады, бұл оның субъективті құқығы болыптабылады.
Сонымен міндеттеменің мазмұны қатысушылардын кұкығы аркылы, сондай-ақ міндеті арқылы айкындала алады. Борышқордың міндеті әдетте белгілі бір әрекетті жасауға келіп тіреледі (мүлікті беру, ақша төлеу, жұмысты орындау және т.б.). Азаматтық кодекстің 268-бабында көрсетілген тізімнен соны көруге болады. Борышқордың міндеті басқа әрекетті жүзеге асырудан да білінеді, мысалы, несие берушінің тапсырмасымен шарт жасайды. Кейбір міндеттемеге сөйкес несие беруші борышқордан белгілі бір әрекеттерге бармауын талап ете алады. Айталық, мүлікті қорғайтын адамнан сол мүлікті пайдаланбауын талап етуге құкылы. Мүлікт іжалға алушы (борышкор) оны басқа бір адамға жалға бермеуге міндеттенеді.
Кейде міндеттемелік құқыкқа мүліктік емес сипаттағы әрекеттер де жатады. Мысалы, театр драмалық шығарманың авторымен жасаған шартқа сәйкес жарнамада автордың аты-жөнін кәрсетеді. Мүндай мүліктік емес күқық пен міндет мүліктік әрекетке байланысты болатын міндеттеме мазмұнында косалқы рөл атқарады.
Міндеттемелер айқындалган, факультативтік және баламалык мазмұнымен ерекшеленеді. Айқындалган мазмүндағы міндеттемеде борышқордың жасайтын әрекеттерінін сипаты біржақты бекітіледі. Мұндай әрекеттерді басқасымен ауыстыру әр жақтың келісімімен ғана мүмкін болады, әйтпесе міндеттемені борышқордың бұзғаны деп бағаланады. Несие беруші атқарылуға тиісті нәрсенің бұрмалануымен келісе алмайды, нәтижесінде міндетін бұрмалағаны үшін санкиия колданылады.
Факультативтік мазмұндағы міндеттемеде борышкорың белгілі бір әрекеттерді жасау міндеті бекітіледі, ал мүнын мүмкін болмаған жағдайда басқа әрекет колға алынады. Мысалы, мердігерге жиһаз жасауға материал бөлінсе, оны дайындауды міндеттейді, егер әлгі материалдар жоқ болса, онда ғима-раттың қабырғасына құрастылмалы нәрсені жасауды тапсырады. Факультативтік міндеттеменің бір ерекшелігі бастапқы ойға алған нәрсе жүзеге аспаса, әрекет тоқтатылмайды, қайта жана мазмұндағы іс жалғасын табады. Демек міндеттеменің тек маз-мұнына ғана өзгеріс енгізіледі.
Балама мазмұндагы міндеттемеде борышқордың екі немесе оданда көп әрекеттерді тең дәрежеде жүзеге асыру мүмкіндігі белгіленеді. Балама міндеттеме уәкілетті тұлғаның кай әрекетті таңдауына тәуелді келеді, яғни таңдап алынған нұсқа міндеттеменің нақты мазмұнына айналады.
Екі немесе бірнеше әрекеттің бірін жасауға міндетті борышкорға, егер заңдардан немесе міндеттеменің шарттарынан өзгеше туындамаса, таңдау құқығы беріледі (АК-тін 285-бабына караңыз). Мысалы, сатып алушы дүкенге келіп қасыңда жоқ баласына екі заттың бірін сатып алады, бұл жағдайда оның қай-сысын алуға ерік беріледі. Ал қалған жағдайда таңдау кұкығы балама міндеттемеде борышқордың еншісіне тиеді.
Кұқықтық катынастарға сәйкес міндеттеме заңмен қорғалады. Борышқор өз міңдетін орындамаған жағдайда оған мемлекет тарапынан мәжбүр ету шарасы қолданыла алады. Сол арқылы міндеттемені талапқа сай орындауы қамтамасыз етіледі. Нәтижесінде — несие берушінің бұзылған мүддесі қалпына келтіріледі. Міндеттемені бұзган кезде қолданылатын мәжбүрлеу шарасына санкция жатады, сол аркылы міндеттемеге қажетті толықтыру енгізіледі. Бүл мәжбүрлеу шарасының түп қазығы болып табылады. Ол тек міндеттеме бұзылған жағдайда ғана жүзеге асады. Санкция қолдану нәтижесінде борышқордың міндеттемені бұзуына жол берілмейді немесе орын алған кемшіліктің жойылуына жағдай жасалады, ал несие беруші кеткен ағаттықтан болған залалдың орнын жабады. Бірак та, санкцияның әр түрі бұл міндеттерді әркалай шешеді.
Кейбір санкциялар міндеттеменің дұрыс орындалуына кызмет етеді. Бірақ ол жарамсыз борышқорға қосымша мүліктік төлем төлетуді өзіне мақсат етіп қоймайды. Мұндай түрлерін оперативтік санкция деп айтады. Ол атқаруды жүзеге асыруға қолданылатын тұтқа болып табылады, міндеттеменің мазмұнына өзгерістер енгізеді. Бұрмаланған тұстарды анықтаған соң, міндеттеме бойынша жасалуға тиісті мәселелердің орындалуына мәжбүр етеді. Борышқордан атқару құралын алып, несие берушіге беру, басқа тұлғаның күшімен борышқор есебінен жұмыс істету тәрізді борышқор аткара алмаған жұмыстар жүзеге асырылады.
Санкцияның екінші тобына борышқордан қосымша мүліктік залалды өндіртіп алу және несие берушінін міндеттемесін орындамауға байланысты болған залалға өтем ақы төлеу жатады. Бұлар мынадай мүліктік санкциялар: міндеттеменің бұзылуынан пайда болған залалды қалпына келтіру, айып төлеу.
Кейбір санкцияларда мүліктік төлем төлету элементтері мен оперативтік сипаттағы шаралар кездеседі. Оларды оперативтік-мүліктік деп атайды. Оған, мәселен, борышқордың өз кінәсін мойындап, ақауы бар затты сапалы затпен алмастыруын айтуға болады.
Санкцияның ерекше түрі деп міндеттемені тоқтатуды айтар едік (АК-тің 367-377 баптары).
Бірқатар жағдайда міндеттеменің бұзылуы санкциялардын бірнеше түрін біріктіруді қолдануды қажетсінеді. Азаматтык кодекстің 9-бабында құқық қорғаудың қажетті санкциялары келтірілген.
Міндеттеменің пайда болу негіздері мен түрлері
Өзге де құқықтық қатынастар тәрізді міндеттеменің пайда болу негіздері белгілі бір заңдық фактілерге байланысты және сол негіздерден корінеді, мұның өзі Азаматтық кодекстің 7-бабында көрініс тапқан. Азаматтық кодекстің 271-бабы осы Кодекстің 7-бабында көрсетілген түжырымға сүйене отырып, міндеттемелердің қалай пайда болатынын айқындай түседі. Яғни міндеттеменің пайда болу негіздері шарттан, зиян келтіруден немесе өзге де негіздерден пайда болады.
Азаматтық кодекстің 7-бабы әртүрлі құқықтық қатынастардың мүмкін болу негіздерін тізбелеп келтірген. Жоғарыда көрсетілген негіздерден басқа да міндеттемемен байланысты бірқатар негіздер бар.
Бұл - ең алдымен, әкімшілік құжаттары, әрине, біз бұл арада азаматтық құқықтық қатынасқа қатыстысын айтып отырмыз. Әкімшілік құжатының занды күші бағынышты органға міндетті түрде екімін жүргізетіндігінен көрінеді. Сондыктан да барлык жағдайда да әкімшілік құжат органдар, яғни кұжаттышығарушы, атқарушы, оның орындалуын бақылаушы орган-дар және т.б. арасында әкімшілік құқықтық қатынастарды туғызады. Сонымен бірге ол адресаттар арасында азаматтык міндеттемені де дүниеге әкеледі.
Алайда, мұндай жағдайлар салыстырмалы түрде сире. кездеседі, кәдімгі жоспарлы тапсырманы (немесе басқалай әкімшілік құжат) күрделі заңдық құрамның бір бөлшегі десе болады. Міндеттеменің пайда болу негізінде шарт әкімшілік құжатқа келіп қосылады.
Міндеттеменің пайда болу негізіне құқыққа қайшы нақты әрекеттер дежатады. Бұған - біреудің мүлкін қасақана не кездейсоқ иелену, залал келтіру арқылы әзгенің заңмен қорғалатын мүддесін бұзудьі мысал етіп алуға болады.
Міндеттеме азаматтық кодекстін
271 -бабында қарастырылған
Міндеттеме өзінің мазмұнына, объектілерінің салалык ерекшеліктеріне және субъектілерінің сипатына карай мынадай түрлерге бөлінеді:
1) жағымды мазмұндағы міндеттеме, жағымсыз мазмұндағы міндеттеме;
2) біржақты және өзара ортақ міндеттеме;
3) борышқор әрекетін нақты айқындайтын міндеттеме және балама міндеттеме;
4) қатаң түрдегі жеке сипаттағы міңдеттеме (бұл міндеттеме субъект ретіндегі жеке сипаттылық міндеттеменін пайда болуына, өзгеруіне немесе тоқталуына әсер етпейді);
5) басты және тәуелді міндеттемелер;
6) шартқа негізделген
міндеттемелер, шарттан тыс
Міндеттемені жағымды мазмұндағы және жағымсыз мазмұндағы деп бөлгендегі мақсат борышқор мен несие берушінің әрекет сипатын айқындайтүсу. Бұл орайда борышқорға белгілі бір әрекетті жасау жүктеледі, ал несие берушіге сол әрекетті орындауды талап ету құқығы беріледі. Мұның өзі жағымды мазмұндағы міндеттеме деп аталады. Мұндай міндеттеме жиі кездеседі, мәселен, саяжай тұрғызуды айтуға болады.
Жағымсыз мазмұндағы міндеттеме деп борышқордың белгілі бір әрекет жасаудан бас тарта тұруын, несие берушінің бас тартуды мәжбүр ету құқығын айтамыз. Мысалы, автор өз шығармасын жасалған шарт мерзімі бітпейінше басқа баспаға ұсынбауы тиіс.
Міндеттеме біржақты және өзара ортақ та болады, Біржақты міндеттеме дегеніміз міндеттемеге қатысушының біріне тек қана құқық беріледі де, екіншісіне тек қана міндет бөлінеді. Ал екі жақты міндеттеме деп әржақтың әркайсының міндеті де, құқығы да болуын айтамыз. Оған сатып алу-сату міндеттемесін мысалға келтірген дұрыс. Бұл міндеттемеде са-тьіп алушының да, сатушының да бірқатар құқыктары мен міндеттері ескеріледі. Мұндай жағдайда Азаматтык кодекстің 269-бабының 3-тармағына сәйкес тараптардың әрқайсысы басқа тараптың пайдасына міндет алса, бұл оның пайдасына жасауға міндетті басқа тараптың борышкоры және сонымен біргеі оған талап қоюға құкығы бар оның несие берушісі болып есептеледі.
Міндеттемеде әдетте несие беруші
борышқордан белгілі бір
Міндеттемелердің бір тобын
жеке сипаттағы міндеттемелер
Міндеттемелердің туындауына орай оларды шартты, шартан тыс деп те, сондай-ақ, біржакты еркін құжат міндеттемесі деп те бөледі. Міндеттемелердін шартты тобы өте коп кездеседі (сату — сатып алу, тасымалдау, сақтандыру және т.б.). Шарттан тыс міндеттеме әр жақтың келісімі бойынша пайда бош маңды, керісінше азаматтың жеке басына немесе азаматтықі құқыктың кез келген субъектісінің мүлкіне жасалған зиян нәтижесінде кездеседі. Сондай-ақ, негізсіз баю салдарынана туындайтын міндеттемелер, яғни басқаның мүлкін не жинағаня дарын заңсыз немесе мәмілемен белгіленген негіздерсіз иелену жағдайыңда да көрінеді.
Кейбір міндеттемелер бір-
2. МІНДЕТТЕМЕНІ ОРЫНДАУДЫ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ.
Борышқор міндеттемесін
Айып төлеу – кәсіпкерлік салада пайда болған міндеттемені орындауды қамтамасыз ету әдістерінің ең көп тараған түрі. Жеткізу, сатып алу, тасымалдау, мердігерлік және т.б шарттарды орындау айып төлеу арқылы қамтамасыз етіледі.