Міндеттеме ұғымы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Января 2014 в 15:55, контрольная работа

Краткое описание

Азаматтык кодекстің 268-бабында: "Міндеттемеге сәйкес бір адам (борышқор) басқа адамның (несие берушінін.) пайдасына мүлік беру, жұмыс орындау, ақша төлеу және т.б. сияқты белгілі бір әрекеттер жасауға, не белгілі әрекет жасаудан тартынуға міндетті, ал несие беруші борышқордан өз міндеттерін орындауын талап етуге құкылы. Несие беруші борышқордан атқарылғанды қабылдауға міндетті", — деп атап көрсетеді. Демек, міндеттеме — азаматтық құкықтық қатынастың бір түрі. Ал, талап ету мен міндеттеме — несие беруші мен борышқорға өзара жауапкершілік жүктейтін екіжақты кұқыктық қатынасқа жатады. Екі жақты құқықтық қатынас: несие беруші тұрғысынан қарағанда — талап ету (белсенді жағы), борышқор жағынан алып қарағанда — міндеттемелік (бәсең жағы) болып есептеледі.

Содержание

КІРІСПЕ 3
1. Міндеттемелердің ұғымы мен түрлері, міндеттемелерді орындаудың қағидалары мен тәсілдері. 4
2 Міндеттемені қамтамасыз ету. 11
ҚОРЫТЫНДЫ 13
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ. 14

Прикрепленные файлы: 1 файл

Міндеттеме ұғымы.doc

— 112.50 Кб (Скачать документ)


МАЗМҰНЫ

 

КІРІСПЕ 3

1. Міндеттемелердің ұғымы мен түрлері, міндеттемелерді орындаудың қағидалары мен тәсілдері. 4

2 Міндеттемені қамтамасыз ету. 11

ҚОРЫТЫНДЫ 13

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ. 14

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

КІРІСПЕ

 

Азаматтык кодекстің 268-бабында: "Міндеттемеге сәйкес бір адам (борышқор) басқа адамның (несие берушінін.) пайдасына мүлік беру, жұмыс орындау, ақша төлеу және т.б. сияқты белгілі бір әрекеттер жасауға, не белгілі әрекет жасаудан тартынуға міндетті, ал несие беруші борышқордан өз міндеттерін орындауын талап етуге құкылы. Несие беруші борышқордан атқарылғанды қабылдауға міндетті", — деп атап көрсетеді. Демек, міндеттеме — азаматтық құкықтық қатынастың бір түрі. Ал, талап ету мен міндеттеме — несие беруші мен борышқорға өзара жауапкершілік жүктейтін екіжақты кұқыктық қатынасқа жатады. Екі жақты құқықтық қатынас: несие беруші тұрғысынан қарағанда — талап ету (белсенді жағы), борышқор жағынан алып қарағанда — міндеттемелік (бәсең жағы) болып есептеледі.

Азаматтық кодекстің 289-бабына сәйкес, үшінші адамның әрекеттері саддарынан міндеттемені орындамаған борышкор осы адамнан залалдарын өтеуді талап етуге кұкылы. Ортақтасқан міндеттемені орындаған борышқор қалған борышқорлар-дың әрқайсысына оның өзіне тиесілі үлесін шегеріп, тең үлес-пен кері талапқоюғақұқылы. Борышқорлардың бірі ортақтасқан міндетті орындаған борышқорға төлемегені осы борышкорларға және калған борышқорларға тең үлесте түседі.

Борышқордың орындағанын қабылдаған ортақтас несие беруші басқа несие  берушілерге, егер олардың арасындағы Қатынастарданөзгешедау туындамаса, оларға тиесілі үлестерін өтеуге міндетті.

Азаматтық кодекстің 268-бабына сәйкес міндеттеменің объектілері мүлік  беру, жұмыс орындау, ақша төлеу және т.б. сиякты белгілі бір әрекеттер  жасауға байланысты келеді (немесе белгілі бір әрекет жасаудан тартынуды да айтуға болады

Міндеттеменің пәні ретінде әрекет зандық мүддені білдіреді немесе міндеттеме құкык аясында езіндік  маңызға ие болады. Сөйтіп, міндеттеменің  негізінде заттық, айрықша немесе өзіндік кұкык жатуы тиіс.

Міндеттеменің мазмұнын оған қатысушы — несие беруші мен борышқордың  субъективтік қүқықтары мен міндеттері құрайды. Мысалы, мүлікті жалға алудың міндеттемелік күқық қатынасында  жалға алушы жалға берушіден  мүлкін әкеліп беруді талап ететін субъективті құқыққа ие екендігі көрсеті леді. Сондай-ақ, жалға берушіге мүлкін пайдаланғаны үшін белгілі бір мөлшерде акысын төлеуге міндетті. Жалға беруші жалға алушыға мүлкін пайдалануға беруге міндеттенеді. Әрі жалға алушыдан мүлікті пайдаланғаны үшін ақысын төлеуді талап ете алады, бұл оның субъективті құқығы болыптабылады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1. МІНДЕТТЕМЕЛЕРДІҢ ҰҒЫМЫ МЕН ТҮРЛЕРІ, МҢНДЕТТЕМЕЛЕРДІ ОРЫНДАУДЫҢ ҚАҒИДАЛАРЫ МЕН ТӘСІЛДЕРІ.

 

Азаматтык кодекстің 268-бабында: "Міндеттемеге сәйкес бір адам (борышқор) басқа адамның (несие берушінін.) пайдасына мүлік беру, жұмыс орындау, ақша төлеу және т.б. сияқты белгілі бір әрекеттер жасауға, не белгілі әрекет жасаудан тартынуға міндетті, ал несие беруші борышқордан өз міндеттерін орындауын талап етуге құкылы. Несие беруші борышқордан атқарылғанды қабылдауға міндетті", — деп атап көрсетеді. Демек, міндеттеме — азаматтық құкықтық қатынастың бір түрі. Ал, талап ету мен міндеттеме — несие беруші мен борышқорға өзара жауапкершілік жүктейтін екіжақты кұқыктық қатынасқа жатады. Екі жақты құқықтық қатынас: несие беруші тұрғысынан қарағанда — талап ету (белсенді жағы), борышқор жағынан алып қарағанда — міндеттемелік (бәсең жағы) болып есептеледі.

Заңгерлер: талап етуді "міндеттемелік  құқык" деп атайды. Бұл — "екі  жақты құқықтық қатынас ақыр аяғына дейін жеткізілгенше жауапкершілікке шақыруға, яғни, талап етуге құқылы" деген сөз. Басқа да азаматтық құқықтык қатынастар сияқты, міндеттеменің де өзіндік кұрамдас бөліктері болады: олар — субъект, мазмұн және объект.

Ал, енді, міндеттеменің субъектілері кімдер? Бұл туралы Азаматтык кодекстің тағы да сол 268-бабында тайға танба қандай: "Міндеттеменің субъектілері: борышқор мен несие беруші" деп жазылған. Осы екі субъектіге нақтылы анықтама беретін болсақ, борышқор — белгілі бір әрекетті жүзеге асыруға міндетті, немесе, одан түрлі себептерге байланысты бас тарта тұратын жақ; несие беруші — борышқордан мойнындағы міндеттемесін орындауды талап ететін жақ. Егер заң құжатта-рында басқаша көрсетілмесе, бұлар — азаматтар, заңды тұлғалар және мемлекеттің міндеттеме тараптары деген сияқты әзіндік атауларымен нұсқаланады.

Азаматтық кодекстің 269-бабына сәйкес, несие беруші немесе борышқор ретінде  міндеттемеге бір мезгілде бірнеше  адам қатыса алады. Мұның аты —  кеп тұлғалармен жасалған міндеттеме. Мұндай жағдайда, Азаматтық кодекстің 286-288 - баптарында көрсетілгендей, улесті, ортақтасқан немесе субсидиялық (жәрдем берушйіік) міндеттеме пайда болады.

Бұл секілді міндеттемелермен, негізінен  алғанда, бірнеше жеке тұлға әздерінің  ортақ меншік кұқығындағы мүлікті сатқанда, бірнеше жеке тұлға бірлесіп қарыз бергенде, бірнеше азамат кепілдеме жасағанда, бірнеше кісі басқа біреуге зиян келтіргенде және т.б. осыған ұқсас жағдайларда жолығамыз. Қайсысы болмасын, аталған жағдайлардың бәрінде де сол мәмілеге кіріскен адамдар немесе басқа біреуге бірлесіп зиян келтіргендер занды түрде пайда болған міндеттемелік кұкық қатынастарына түгелімен не борышқор, не болмаса, несие беруші ретінде қатысады.

Егер міндеттемеде бірнеше тұлға  борышкор ретінде керсетілген болса, міндеттемені орындау жауапкершілігі құжатқа сәйкес, үлесіне қарай немесе ортақ (бірлескен) болуы мүмкін.

Үлестік міндеттеме борышқордьщ әрқайсысы  тек өзі үшін жауапбереді, ал несие  берушілердің әрқайсысы борышқордан  тек өзіне тиесілі ғана үлесті талап етуге құқылы. Міндеттеме өзінің үлесіне сәйкес қарызын толық өтеген борышкор үшін тоқтатылады да, өтемеген басқа борышқорлар үшін күшінде Қала береді.

Несие берушілердің әрқайсысы, Азаматтык  кодекстің 287-бабына сәйкес, борышқорлардан міндеттемені толық атқаруды талап етуге құқылы, ал борышқорлардың әркайсысы оны толық атқаруға міндетті. Осындай көп жак қатысатын міндеттемені ортақтасқан міндеттеме деп атайды.

Ортақтасқан міндеттеменің үш түрі болады:

1) бір несие беруші мен бірнеше  борышқорлар қатысқаны — ортақтасқан міндеттеме;

2)  бір борышкор мен бірнеше  несие берушілер қатысканы —ортактасқан  талап етуші;

3)  бірнеше несие берушілер  мен бірнеше борышқорлар қатысқаны  — аралас ортақтасу, — делінеді.

Егер шарттарда бұлар көзделмесе немесе зан құжаттарында нақтылы көрсетілмесе, сонымен бірге, міңдеттеменің мәні бөле-жарып анық нұсқаланбаса — ортақтасқан міндеттеме немесе ортақтасқан талап пайда болады.

Кәсіпкерлік кызметпен байланысты міндеттеме бойынша бірнеше борышқордың  міндеттері, сол сиякты бірнеше несие берушінің талаптары, егер заң құжаттарында немесе міндеттеме шарттарында өзгеше көзделмесе, — ортақтасқан міндет болып табылады.

Несие беруші ортақтасқан міндетті барлық борышкорлардан да, жеке-жеке алғанда  олардың кез келгенінен де, сондай-ақ, түгелдей де, бөлшектеп те борышты талап етуге құкылы. Ортақтас борышқорлардың біріне толық қанағаттанбаған несие беруші алымдарын олардың қалғандарынан талап етуге де құқығы бар.

Ортактас борышқорлар міндеттеме толық орындалғанға дейін міндетті болып қала береді.

Борышкорлардың бірінің ортақтас міндетті толык орындалуы қалғандарын  несие беруші алдындағы міндеттерінен  босатады.

Талаптар ортақ болған жағдайда ортақтас несие берушілердің кез  келгені борышқорларға толық  келемінде талап коюға құқылы.

Ортақтас несие берушілердің біреуіне міндеттемені толык орындау борышқорды өзге несие берушілерге оны орындау-дан босатады.

Ортақтасқан міндет болған ретте борышқордын  несие берушінің талаптарына  қарсы басқа борышқорлардын осы  борышқор қатыспайтын несие берушіге осындай қатынастарына негізделген қарсылық білдіруге құқығы жоқ.

Талаптар ортақ болған жағдайда борышкордын ортактас несие берушілердің біреуінің талабына қарсы осы  несие беруші қатыспайтын борышқордың  басқа ортақтас несие берушімен  осындай қатынастарына негізделген  қарсылық білдіру не құқығы жоқ.

Азаматтық кодекстің 288-бабына сәйкес негізгі борышкор несие берушінің  міндеттемені орындау туралы талабын  канағаттандырмаған жағдайда бұл талап  орындалмаған бөлігінде басқа борышқорға (субсидиялық борышқорға) мәлімдеу мүмкін екендігі заң құжаттарында немесе несие беруші мен борышкордың арасындағы міндеттеме ережелерінде көзделуі мүмкін.

Сонымен субсидиялық міндеттеме дегенді  түсіндіре кетелік, яғни борышқор өзінің алған негізгі міндеттемесіне орай атқа-руға тиісті әрекетін мезгілінде орындай алмаса, міндеттемені басқа борышқорға жүктейді. Мысалы, субсидиялык міндеттемеде заңды тұлға құрылтайшысының (меншік иесінің) жауапкершілігі қарастырылады, мүлігінің жетімсіздігіне бан-кротқа ұшыраған ондай заңды тұлғаның аурытпалығын негізгі қоғам өзіне көтеріп алады.

Міндеттеме жүзеге асуы кезінде  оның субъектілерінің құрамында  өзгерістер болуы мүмкін. Яғни құқықтык катынасқа бұрынғы несие берушінің  орнына жаңа қатысушы келе ала-ды, сондай-ақ бұрынғы борышқордың орнын кейінгісі  басады. Бұл жағдай жалпы құқык қабылдаушылық (әмбебап) негізінде жүзеге асады. Мысалы, занды тұлғаны қайта кұрғанда, мүлік мұрагерлікпен ауысқанда мұндай мәселе көрініс береді. Кұқық қабылдау кезінде бұрынғы тұлғанын барлық құқықтары мен міндеттері кейінгісіне ауысады, сондықтан да сондай құқықтарынын біріне нақты міндеттемесі де кіреді.

Заң міндеттемедегі тұлғаны ауыстыруға жеке кұқық кабылдаушылық жағдайында рұқсат береді, яғни белгілі бір  адамнан екіншісіне кандай да бір  міндет өткен кезде беретін тұлғаның басқақалған мүлкі сақталады. Міндеттемедегі тұлғаның ауысуы мұндай жағдайда арнайы мәміле негізінде жүзеге асады, бұл талап етуді беру шарттары мен борыштың ауысуы деп аталады (АК-тің 339-347 және 348-баптары).

Несие берушіге талап етуді басқа  адамға беруіне жол беріледі. Несие берушілер арасында борышқорға талап ету құқығы келісім шарт арқылы жүзеге асады. Мысалы, қарыз беруші өзі бір жаққа ұзақ уақытқа кеткенде інісіне қарыз алу-шыдан алған қарызды қайтаруды талап ету құкығын қалдырады. Талап етуді біреуге беру (мұны цессия деп атайды) басқа шарттар сияқты жасалады, оның күші, тәртібі және т.б. белгіленеді. Сонымен бірге талап етуді беруді жүзеге асыру тәртібіне қатысты арнайы ереже болады. Несие берушінің жеке басына қатысты талап қоюы цессияның аясына кірмейді. Несие берушінің жеке басымен тығыз байланысты құқықтардын, атап айтқанда, алимент жөніндегі және азаматтың өміріне немесе денсаулығына келтірілген зиянның орнын толтыру. Жөніндегі талаптардың басқа адамға ауысуына жол берілмейді (АК-тің 340-бабы).

Несие беруші құқықтарының басқа адамға ауысуы үшін, егер заң құжаттарында немесе шартта өзгеше көзделмесе, бо-рышқордың келісімі талап етілмейді (АК-тің 339-бабы 2-тармағы).

Дей тұрғанмен талап етуді беру шарты жасалғанда бұл еске салынуы  тиіс. Егер несие беруші құқықтарының басқа адамға ауысқаны жөнінде борышқорға жазбаша түрде хабарланбаса, жаңа несие беруші осыдан туындайтын өзіне колайсыз салдарға тәуекел етеді. Бұл жағдайда бастапқы несие берушіге міндеттемені орындағаны тиісті несие берушіге орындағаны болып танылады (АК-тің 339-бабы 3-тармағы).

Егер заң құжаттарыңда немесе шартта өзгеше көзделмесе, бастапкы несие  берушінің құқығы жаңа несие берушіге құқыктың ауысуы кезінде болған көлемде  және сондай жағдайларда ауысады. Атап айтқанда, жаңа несие берушіге міндеттемені орындауды қамтамасыз ететін, сондай-ақ басқа да құқықгы, соның ішінде алынбаған сыйақыға (мүддеге) құқыкты талап етуге байланысты кұқықтар ауысады (АК-тің 341-бабы). Борышқор талаптардың осы адамға ауысқанына дәлелдемелерді өзіне табыс еткенше жаңа несие берушіге міндеттемелерді орындамауға құқылы (АК-тің 342-бабы 1-тармағы).

Талап етуді басқа адамға берген несие беруші оған талап ету құқықтарын куәландыратын құжаттарды беругё және талалты жүзеге асыру үшін маңызы бар мәліметтерді хабарлауға міндетті (АК-тің 342-бабы 2-тармағы).

Борышқор міндеттеме жөніңдегі  құқықтардың жаңа несие берушіге ауысқаны туралы хабарды алар кезінде  бастапқы несие берушіге қоймақшы болған қарсылықтарын жаңа несие берушінің  талаптарына қарсы қоюға құқылы (АК-тің 343-бабы).

Азаматтық кодекстің 344-бабына сәйкес, міндеттеме жөніндегі несие  берушінің қүкықтары заң құжаттары  және соларда көрсетілген мынадай  жағдайлардың болуы негізінде:

1) несие берушінің құқыктарындағы  әмбебап құкықты ми-расқорлық  нәтижесінде;

2) заң құжаттарында мұндай ауысу мүмкіндігі көзделсе, несие беруші құқықтарының баскаға ауысуы туралы сот шешімі бойынша;

3) міндеттемені оның  кепіл болушысы, тапсырушы немесе  осы міндеттеме бойынша борышқор  болып табылмайтын кепілге зат  берушінің орындауы нәтижесінде;

4) сақтандырушы сақтандыратын жағдайдьң басталуына жауапты борышқорға несие берушінің құқықтарын алып берген кезде;

5) заң құжаттарында көзделген  өзге жағдайларда баска адамға  ауысады.

Борыштың ауысуы дегенді  былай түсінген жөн - несие беруші, борышқор және үшінші тұлға арасындағы соңғысының борышты өз мойнына алу жөніндегі келісім-шарты. Борышкордың өз борышын басқа адамға ауыстыруына тек несие берушінің келісімімен ғана жол беріледі (АК-тің 348-бабы). Бұл түсінікті де, өйткені, несие берушіге борышкорының кім екеңдігін білу маңызды ғой. Сондай-ақ борышкорының тындырымды әрі төлем төлей алатын қабілеті болғанын калайды. Оның үстіне бұрынғы борышқордың міндеті жаңасына айна-қатесіз ауысуы шарт, жаңа борышқор несие берушімен бастапқы борышқордың арасындағы қатынастарға негізделген қарсылыктарын несие берушінің талабына карсы қоюға құқылы (АК-тің 348-бабы 2-тармағы). Борыштың ауысуымен бірге үшінші жақтың тағайындаған кепілі мен кепіл болушы-лық өзінін күшін тоқтатады. Ол тек кепілдік беруші немесе кепіл беруші жаңа борышкор үшін жауап беруге келісілген жағдайда ғана күшін жоймайды.

Информация о работе Міндеттеме ұғымы