Мәмілелердің жарамсыздығының салдары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 07 Мая 2013 в 15:07, курсовая работа

Краткое описание

Мәмiле төрт элементтiң бiрiгуiн көрсетедi: мәмiледе қатысушы субъект- тұлға; субъективтiк жағынан- ерiк және ерiк бiлдiру; нысаны; мазмұны. Мұндай элементтердiң бiреуiнiң бұзылу фактісі оның жарамсыздығына әкеп соқтырады. Мәмiленiң жарамсыздығы бұл әрекеттiң астарында заңдық факт маңызының жоқ екендiгiн айтады . Осыған сәйкес мәмiленiң жарамсыздығы тараптардың мәмiлеге қол қоюы кезiнде басшылыққа алған заңдық мақсаттарын тудыра алмайды. Сонымен қатар жарамсыз мәмiле оның жарамсыздығының нәтижесiн шеттетуге байланысты салдарға жетелейдi.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Мәмілелердің жарамсыздығының салдары.doc

— 99.00 Кб (Скачать документ)

Мәмiленi жарамсыз деп  танудың негiздемелерi жоғарыда көрсетiлген болатын. Ендi Азаматтық кодекстiң 4-тарауында  көрсетiлген  мәмiленi жарамсыз деп  танудың нақты негiздерiн айтатын  боламыз.

Қазақстан Республикасының  Азаматтық кодексiнiң Ресей Федерациясының Азаматтық кодексiнен айырмашылығы- жарамсыз мәмiлелердi даулы (оспаримые) және болмашы (ничтожные)  деп  бөлмейдi,  өйткенi мұның тек практикалық мәнi, яғни мәмiленi жарамсыз деп тануды кiм талап етедi-  қатысушы ма, әлде басқа өкiлдi орган  ба  соған ғана қажетi бар. Бұл жөнiнде жарамсыздықтың нақты баптар бар.

Ресей Федерациясы  Азаматтық  кодексiнiң 166- бабына сәйкес даулы және болмашы мәмiлелердiң арасындағы айырмашық мынада. Даулы мәмiле тек  сот шешiмiмен жарамсыз деп танылады, ал болмашы мәмiленi жарамсыз деп тану үшiн сот шешiмiнiң қажетi жоқ . Дегенмен , мүндай белгi жеткiлiктi бола алмайды. Егер болмашы мәмiленiң қатысушысы жарамсыз деп берiлген бағаға келiспесе, ол кiмнен шықса да, бұл сауалда сот шешiмiнсiз айналып кету мүмкiн емес.

Егер мәмiле жеке мүдделерге зиян келтiрсе, онда оны жарамсыз деп  тануды мүдделi адамның берген талабы бойынша ғана сот сот жарамсыз деп таниды. Азаматтық кодекстiң 2-бабына сәйкес  мемлекеттiк  органдардың  бұл дауға қатысуға құқықтары  жоқ. Керiсiнше жалпы қоғамның мүдделерiне қатысты шешiм шығаруға мемлекеттiк орган араласуы қажет.

Осы айтылғандардан келесiдей  шешiмдер шығаруға болады:

Демек, егер мәмiлелер  мынадай талаптарды жүзеге асырмаса жарамсыз деп танылуы мүмкiн:

А) оның шарттарының заңдылығы, яғни мазмұнының заңға сәйкес болуы;

Б) мәмiлеге қатысушылардың әрекет қабiлеттiгi;

В)олардың ерiк бiлдiруiнiң  бостандығы;

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

    1. Мәмiленiң мазмұнының заңға сәйкес болуы талабының бұзылуы.

Азаматтық кодекстiң 158-бабы бұл орайда былай дейдi: ”Мазмұны заң талаптарына сәйкес келмейтiн, сондай-ақ құқықтық тәртiп негiздерiне немесе адамгершiлiкке көрiнеу қайшы келетiн мақсатпен жасалған мәмiле жарамсыз деп танылады”. Мәмiлелердiң көп бөлiгi Азаматтық кодекстiң 159-бабына сәйкес жарамсыз деп танылады. Ал Азаматтық кодекстiң 158-бабы мәмiленiң мазмұнының заңға сәйкес еместiгiне қарсы, яғни ашық заңға арама-қайшылыққа қарсы бағытталған. Бұл мәмiлелер қылмыс жасауды, заңның императивтiк ережелерiн орындаудан бас тартуға бағытталған, айналымнан алынған заттарды жеке тұлғалардың сатуы және тағы басқаға бағытталуы мүмкiн.

Дегенмен, сол мәмiленi жасауға рұқсат беретiн заңдағы  норманың болмауы оны жарамсыз деп  тануға себепшi бола алмайды. Жарамсыздық  тек заң нормасы шек қойған кезде ғана мойындалуы тиiс.

Құыққа қайшы ретiнде  мәмiлелердiң құқық тәртiбiне және қоғамдық моральға қарсы бағытталған  түрлерi жатқызылады, мысалы, баланы сату жөнiндегi мәмiле.

Жарамсыз деп танудың  бұл негiзi заңның қоғамдық мүдденi қорғаудағы бар болуы мүмкiн  ақаулықтарын толықтыруға бағытталған. Сонымен қатар мәмiлеге қатысушылардың оны құқыққа және моральға жат екенiн түсiнуi  қажет.

Азаматтық кодекстiң 158-бабының  2-тармағына сәйкес заң талаптарын, заңды тұлғаның жарғысын немесе оның органдарының құзыретiн бұзатын мәмiленi қасақана жасаған адамның, егер мұндай талап пайдакүнемдiк себептерден немесе жауапкершiлiктен жалтарту ниетiнен туындаса, мәмiленi жарамсыз деп тануды  талап етуге құқығы жоқ.

Көрсетiлген ниеттер бойынша, яғни заңды қасақана бұза отырып жасалған мәмiле бойынша, заңның нормаларын қасақана, саналы түрде бұзған жеке немесе заңды тұлғаның мәмiленi жарамсыз деп тану жөнiндегi берген талаптарын қанағаттандыруға жол берiлмейдi6.

Бұл айтылғандардың негiзiнде  мынадай қорытынды шығаруға болады: заң талаптарын бұзушы мәмiле оны бұзушының берген талаптары бойынша жүзеге асырылмайды, өйткенi ол құқық бұзушылық фактiсiн жеке мүддесi үшiн пайдалануы  әбден мүмкiн .

Қазақстан Республикасының  Азаматтық кодексiнiң 158-бабының 3-тармағы  бұрынғы заңда болмаған кредиторларды қорғауға бағытталған арнайы бапты бекiтедi. Егер мәмiлеге қатысушылардың бiрi оның мiндеттемесiн орындаудан немесе үшiншi жақ немесе мемлекет алдындағы жауапкершiлiктен жалтарту ниетiмен жасаған реттерде, ал мәмiленiң басқа қатысушысы бұл ниет туралы бiлген болса немесе бiлуге тиiстi болса, мүдделi жақ мәмiленi жарамсыз деп тануды талап етедi.

Бұл сипаттағы мәмiлелер  заңды айналып өткен мәмiлелер  деп танылады. Бұған мысал ретiнде  иесiнiң затты қарызы үшiн мемлекет тәркiлеп немесе қарызы үшiн жаза ретiнде алып қоятынын мүлiктi сатуы, сыйлауы немесе мүлiктiк құқықтан бас тартудың басқа да тәсiлдерi жасалуы мүмкiн .

Мәмiле жарамсыздығының  салдарын анықтайтын негiзгi ережелер Азаматты кодекстiң 157-бабында бекiтiлген. Мәмiле нысанының бұзылуы нәтижесiнде жарамсыз деп танылған мәмiленiң салдары туралы жоғарыда айтылды. Азаматтық кодекстiң 157-бабының 3-тармағына сәйкес мәмiленi жарамсыз деп танудың жалпы салдарлары болып екiжақты реституция танылады, яғни жарамсыз деп танылған мәмiле қатысушыларының  мәмiлеге дейiнгi жағдайға келтiруi болып табылады.

“Егер мәмiле оны орындаудан бұрын жарамсыз деп танылса, ол жәй  ғана орындалуы тиiс”7. Бұл ойқорыту дұрыс, яғни мәмiле заңдық маңыздан айырылса орындалуы тиiс. Ал егер оны орындау басталса немесе мәмiле толықтай орындалса,  әр тарап  мәмiле бойынша алған табыстарын және басқа да игiлiктерiн қайтаруға тиiс, қайтару мүмкiн болмаған жағдайда ақшамен толықтырылуы мүмкiн екендiгiн айтқан жөн.

Кейбiр жағдайларда  мәмiленiң жарамсыздығына тек бiр  тарап кiнәлi болуы мүмкiн. Мысалы, мәмiле алдау-арбау жолымен жасалған болса. Алданған қатысушы шындығында кiнәлi емес. Бұндай жағдайларда кiнәлiден оның мәмiледен алған табысын ғана емес, сонымен қатар кiнәлi емес тараптың мәмiленi жарамсыз деп танудың салдарынан шеккен залалының  да орнын толтыруға тиiс .

Ресей Федерациясының Азаматтық  кодексiнен Қазақстан Республикасының  Азаматтық кодексiнен бiр ерекшелiгi Ресей Федерациясының Азаматтық  кодексi  екiжақты реституциядан  бөлек, жарамсыздықтың салдары ретiнде  тек екi жақты емес, сонымен қатар бiржақты реституцияны да қарастырады (мүлiк тек бiр тарапқа қайтарылады, екiншi тарап ештеңеге ие болмайды, ал оның мәмiлесi бойынша берiлгендер мемлекет табысына тиесiлi болады) немесе тiптен реституцияға жол берiлмейдi (екi тарапқа мәмiле бойынша берiлуi тиiс заттар мемлекет пайдасына  өтедi). Мысалы: терiс пиғылдағы сатушы1 кедендiк бағылаудан өтпеген автокөлiктi оң пиғылды сатып алушы1 сатады. Оң ниеттi сатып алушы 1 екiншi бiр iзгi ниеттi сатып алушыға сол автокөлiктi сатады. Мемлекет 2сатып алушыдан кедендiк заңның негiзiнде автокөлiктi мемлекет пайдасына алып қояды8. Бұл айтып отырғанымыз Ресей Федерациясының заңнамасына сәйкес, ал Қазақстан Республикасының заңнамасы мұндайға жол бермейдi.

Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексi салдарды мұндай жалпы бөлудi қарастырмайды, бiрақ жекелеген жағдайда бiр жақты реституцияға немесе мүлдем реституцияға жол берiлмейдi. Бұған тек бiр ғана жағдай себеп болуы мүмкiн: мәмiленiң қылмыстық мақсатқа- есiрткi заттарын сату- сатып алу, бөтеннiң автокөлiгiн айдап кету туралы шарт және тағы басқаларға бағытталған кезiнде.

Азаматтық кодекстiң 157-бабы бұл орайда былай дейдi:                                                                                                                                                                        

4. Егер мәмiле қылмыстық  мақсатқа жетуге бағытталып, екi тарапта да жымысқы ниет болған  жағдайда олардың мәмiле бойынша  алғандарының немесе алуға тиiс  болғандарының бәрi соттың шешiмiмен  немесе үкiмiмен тәркiленуi тиiс. Мұндай мәмiленi бiр тарап орындаған ретте, екiншi тараптың орындағанының бәрi және одан мәмiле бойынша бiрiншi тарапқа тиесiлiнiң бәрi тәркiленуге тиiс. Егер тараптың ешқайсысы орындауға кiрiспеген болса, мәмiледе орындалуға тиiстiнiң барлығы тәркiленуге тиiс.

5. Қылмыстық мақсатқа  жету жөнiндегi жымысқы ниет тараптардың  бiрiнде ғана болған жағдайда  оның мәмiле бойынша алғандарының  барлығы екiншi тарапқа қайтарылуы  тиiс, ал соңғысының алғаны  немесе оған мәмiле бойынша  тиесiлi тәркiленуге тиiс.

6. Нақты мән-жайларды ескере отырып, сот осы баптың  4 және 5- тармақтарында көзделген салдарды, жарамсыз мәмiле бойынша алынған немесе алынуға тиiс мүлiктi тәркiлеуге қатысты бөлiгiнде iшiнара немесе толық қолданбауға құқылы. Бұл бөлiкте осы баптың 3-тармағында көзделген салдар басталады.

Әрекет пен мақсаттың  қылмыстылығын тек сот бекiтедi, сот шешiмi азаматтық iстi қарастырғанда  немесе қылмыстық iсте азаматтық  талап арызды қанағаттандыру кезiнде  қанағаттандырады. Бұл жерде сот  екiжақты реституцияны мәмiле жарамсыздығының салдары ретiнде қолданбай мәмiле затын мемлекет табысына жатқызуы мүмкiн. Осының нәтижесiнде мәмiле қатысушысы мiндеттi түрде қылмыстық жазаға тартылмауы мүмкiн.

Цивилистиканың сот  шешiмi жөнiндегi сауалы осы күнге  шейiн ашық қалып отыр. О.А. Красавчиков сот шешiмiн тәуелсiз құқықтық акт ретiнде санамады.9

Бiрақ анағұрлым дәл  көзқарас ретiнде сот шешiмiнiң  ерекше құқықтық акт ретiндегi рөлiн  атап кетке көзқарасты айтуға болады.10

Әрине, сот шешiмiмен  қылмыстық әрекет деп танылған мәмiленiң  кiнәсiз тарабы да залал шегедi. Дегенмен ол екiншi бiр тараптан мәмiле бойынша алынуға тиiс затты емес, сонымен қатар мәмiленi жарамсыз деп танылғаннан кейiн пайда болған шығындарды өтетiп алуға құқылы.

Әдетте, мәмiленi жарамсыз деп тану керi күшке ие болады және тараптардың мәмiле жасаған сәттен бастап әрекеттерiн заңсыз деп таниды.

Кейбiр реттерде жарамсыз деп танылған мәмiле бойынша алынғандарды қайтару мүмкiн болмайды. Мысалы, жалға алушы мүлiктi қолданып қойғаннан  соң жарамсыз жалға алуға  керi  күш беру. Сондықтан да Азаматтық кодекстiң 157- бабы мәмiленi  алдыңғы уақытқа жарамсыз деп таниды.

Азаматтық кодекстiң 160-бабы жалған немесе қулықпен жасалған мәмiлелердi қарастырады және оның нәтижесiнде  пайда болатын салдарды бекiтедi.

Заңдық салдар туғызу ниетiн көздемей, тек көз алдау үшiн ғана жасалған мәмiле жалған мәмiле деп танылады және ол жарамсыз болады. Бұл мәмiле арқасында айналадағылар алдануы мүмкiн және мәмiленiң қатысушыларының өздерi ешқандай мәмiленiң жоқтығын, сонымен қатар оларға ешқандай мiндет жүктелмейтiнiн бiледi. Мысалы, қылмыстық iс қозғалғаннан кейiн тәркiлеуден қорқып тұлға өз туысқанына анағұрлым бағалы заттарды ”сатады”, бiрақ ешқандай ақша берiлмейдi және екiншiсi кез келген уақытта оған мүлiктi қайтарып беретiнi жөнiнде келiседi.

Қулықпен жасалған мәмiленiң жалған мәмiлелерден айырмашылығы , қулықпен жасалған мәмiледе тараптар еркi азаматтық құқықтар  мен мiндеттердi орындауға бағытталады.11 

Қанша мiндет пен құқық  орнатуға мәмiле тараптарының бағытталғанына қарамастан, тараптар оны тек айналадағыларға “көз бояу” ретiнде жасайды. Қулықпен жасалған мәмiле :

1)екiншi бiр мәмiленi  бүркемелейтiн сыртқы қулықпен  жасалған мәмiле;

2)мәмiленi бүркемелейтiн  iшкi қулықпен жасалған мәмiле  деп бөлiнедi.

 Қулықпен  жасалған мәмiлелерде 2 түрлi мәмiле ерекшеленгендiкпен , оның әрқайсысы өзiндiк бағаға ие. Бiрiншi аталған мәмiле әрқашанда да жарамсыз деп танылады. Ол ешқандай салдарға жетелемейдi, өйткенi тараптар iс жүзiнде оған бағытталған  жоқ.

Екiншi аталған мәмiлеге келсек, оны тараптар iс жүзiнде нақты жасағандықтан, оның заңсыздығы және заңдылығы нақты белгiлер бойынша анықталады. Егер қандай да бiр белгiлер бойынша тараптар заңды бұзса, бұл мәмiле жарамсыз деп танылады.

Егер мәмiледен белгiлi бiр бөлiгiн ғана заңсыз деп тануға мүмкiн болса, содан соң мәмiле өз мазмұнынан айырылмайтын болса, Азаматтық кодекстiң 161-бабына сәйкес мәмiленiң бiр бөлiгiн жарамсыз деп тануы мүмкiн. Мәмiленiң бiр бөлiгiнiң жарамсыздығы оның басқа бөлiктерiнiң жарамсыздығына әкеп соқтырмайды. Мысалы, тараптар тұрғын үйдi сатып алу- сатуға келiстi. Мәмiленi бекiтер кезде сатушы үйдi сатуға дейiн ас үй мен дәлiздi қайтадан жобалау (планировка) жүргiземiн деп мiндет алады. Қайтадан жобалау жүргiзу жобасын қарастырғанда құрылыс нормасы бұзылатыны байқалады. Бұл жағдайда мәмiледегi тек қайта жобалау жасау бөлiгiн жарамсыз деп тапқан жөн, ал қалған бөлiгi еш кедергiсiз жүзеге асырылады.                                           

Мәмiленi мұндай жолмен бiр  бөлiгiн жарамсыз деп тануға тек  белгiлi бiр жағдайда ғана рұқсат етiледi. Бiрiншiден мәмiленiң ол бөлiгiнсiз мәмiле өмiр сүруi мүмкiн болуы керек. Осыған сәйкес, мәмiленiң негiзгi конструктивтiк(негiзiн салушы) бөлiгi жарамсыз деп танылса, ол басқа бөлiктерiн жарамсыз деп табылған бөлiгiнен басқа бөлiктерiн орындай беруге келiссе, мәмiле толығымен өз күшін сақтап қалуы мүмкін.                                                              

Азаматтық кодекстiң 162-бабы мәмiленiң жарамсыздығының дауларына  сәйкес жарамсыз  мәмiлелер бойынша  талап қою мерзiмдерiн көрсетедi. Жалпы алғанда Азаматтық кодекстiң 159- бабының 9-10 тармақтарында көзделген негiздер бойынша мәмiленiң жарамсыздығына байланысты даулар бойынша талап қою мерзiмдерi қорлық немесе қорқыту ықпалымен мәмiле жасалып, сол зорлық немесе қорқыту тоқтатылған күннен бастап немесе талап қоюшы мәмiленi жарамсыз деп тануға негiз болып табылатын өзге де мән-жайларды бiлген немесе бiлуге тиiстi болған күннен бастап бiр жыл болады .

Бұл бапта негiзiнен  мәмiленi жарамсыз деп танудың негiзi мүдделi тұлға үшiн белгiлi , содықтан да оның мүддесiн қорғауды ұзаққа қалдыру негiзсiз болып табылады.12          Қалған жағдайда мәмiленiң жарамсыздығы үшiн талап қою мерзiмiнiң жалпы үш жылдық мерзiмi қолданылады.  Мәмiленiң жарамсыздығы бойынша ең қысқартылған мерзiмi жекешелендiру объектiсiне қатысты сатып алу-сату шартында алты ай деп көрсетiлген.

Информация о работе Мәмілелердің жарамсыздығының салдары