Мәмілелердің жарамсыздығының салдары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 07 Мая 2013 в 15:07, курсовая работа

Краткое описание

Мәмiле төрт элементтiң бiрiгуiн көрсетедi: мәмiледе қатысушы субъект- тұлға; субъективтiк жағынан- ерiк және ерiк бiлдiру; нысаны; мазмұны. Мұндай элементтердiң бiреуiнiң бұзылу фактісі оның жарамсыздығына әкеп соқтырады. Мәмiленiң жарамсыздығы бұл әрекеттiң астарында заңдық факт маңызының жоқ екендiгiн айтады . Осыған сәйкес мәмiленiң жарамсыздығы тараптардың мәмiлеге қол қоюы кезiнде басшылыққа алған заңдық мақсаттарын тудыра алмайды. Сонымен қатар жарамсыз мәмiле оның жарамсыздығының нәтижесiн шеттетуге байланысты салдарға жетелейдi.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Мәмілелердің жарамсыздығының салдары.doc

— 99.00 Кб (Скачать документ)

ҚР Білім  және ғылым министрлігі

 

 

 

 

 

 

 

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

Пәні: Азаматтық құқық

Тақырыбы: Мәмілелердің  жарамсыздығының салдары

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жоспар

Кіріспе

  1. Мәмілені  жарамсыз  деп тану  негіздері
  2. Мәмілені  жарамсыз  деп тану  және  оның  құқықтық  салдары
  3. Мәмiленiң мазмұнының заңға сәйкес болуы талабының бұзылуы 

Қорытынды

  Пайдаланған  әдебиеттер

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

Азаматтар мен заңды  тұлғалардың азамматтық құқықтары  мен мiндеттерiн белгiлеуге, өзгертуге немесе тоқатуға бағытталған әрекеттерi мәмiлелер деп танылады және ол құқықтық фактiнiң негiзгi түрi болып табылады. Сонымен қатар азаматтық айналымда үздiксiз құқықтық қатынастарды тудырып оны дамытушы мәміле болып табылады.  Бiрақ азаматтық құқықтық айналымда заңдық факт рөлiн ойнау үшiн ең бiрншiден мәмiле жарамды болуы шарт

Осы жұмыста  мәмiленi жарамсыз деп тану және оның құқықтық салдары жөнiнде кеңiнен  талқыланбақ. Жұмыстың негiзгi мақсаты- жарамсыз мәмiлеге түсiнiк беру, оның жарамсыздығының негiздерiн және соның есебiнен туындайтын салдарды белгiлеу , сонымен қатар қазiргi таңдағы мәмiленi жарамсыз деп танудағы азаматтық құқықтық  айналымдағы кейбiр өзектi мәселелердi баяндау.

Бұл тақырыптың өзектiлiгi қазiргi Қазаұстанның нарықтық  қатынасқа  түсуiмен, соның негiзiнен пайда  болған  кәсiпкерлiк тұрғысында айқын  көрiнедi.

Заңды тұлғалар, оған қоса жеке кәсiпкерлер азаматтық  құқықтық қатынас айналымында өз мақсаттарына жету барысында мәмiлелер  жасауға мүдделi. Мiне, осы мәмiлелердiң  жарамсыз деп танылуы және оның қандай құқықтық  салдарға жетелейтiнi жөнiнде ой  қозғалмақ.

Жұмыста  сонымен қатар  күні  кеше ғана бізбен бірдей құқықтық  жүйесі болған Ресей Федерациясының  Азаматтық кодексінен де көптеген мысалдар келтіріледі.

Бұл курстық жұмыстың негізгі бағыт- бағдары мен негізгі  мақсаттарын атап кететін болсам,  мәмілені жарамсыз деп танудың негіздері мен алғышарттарын баяндау және  қазіргі азаматтық- құқықтық қатынаста  қиындық туғызып жүрген мәселелер , яғни басқаша айтқанда  “су асты тастары” жөнінде де біраз деректер көрсетіліп, одан шығудың нақты жолдары ұсынылады.

 

 

                              

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

    1. Мәмiлелердi жарамсыз деп танудың негiздерi

 Мәмiле төрт элементтiң  бiрiгуiн көрсетедi: мәмiледе қатысушы  субъект- тұлға; субъективтiк жағынан-  ерiк және ерiк бiлдiру; нысаны; мазмұны. Мұндай элементтердiң бiреуiнiң бұзылу фактісі оның жарамсыздығына әкеп соқтырады. Мәмiленiң жарамсыздығы бұл әрекеттiң астарында заңдық факт маңызының жоқ екендiгiн айтады . Осыған сәйкес мәмiленiң жарамсыздығы тараптардың мәмiлеге қол қоюы кезiнде басшылыққа алған заңдық мақсаттарын тудыра алмайды. Сонымен қатар жарамсыз мәмiле оның жарамсыздығының нәтижесiн шеттетуге байланысты салдарға жетелейдi.

Мәмiленiң субъектiлерi. Мұндай болып әрекет   қабiлеттiгi бар азаматтық құқықтық қатынастың кез келген субъектiсi танылады. Мәмiлелердi өз атынан жасау қабiлетi азаматтың өз  әрекет қабiлеттiгiнiң элементi болып табылады. Сонымен қатар мәмiлелердi өз атынан жасау кейбiр әдебиеттерде мәмiле жасау қабiлетi  деп бөлiп көрсетедi. Бұл дұрыс емес, өйткенi мәмiле жасау қабiлеттiгi әрекет қабiлеттлiктен жеке дара  бөлiнiп шығып  өмiр  сүре  алмайды.1

Заңды тұлғаның әрекет қабiлеттiгi олардың құрылтай шарттарында көрсетiлген мақсаттарымен және заңды тұлғаның атынан мәмiле жасай алатын заңды  тұлғаның органының    құзыреттерi  арқылы сипатталады.

Мәмiледегi ерiк  және ерiк бiлдiру. Ерiк және ерiк бiлдiру қосыла келе мәмiленi жарамды деп тануда маңызды болып келедi. Мәмiлелердi жарамды деп тану үшiн сонымен қатар ол ерiктiң  қалыптасқанына да байланысты болып келедi. Мәмiленi жасау кезiнде мәмiленiң мазмұнынан алдану немесе қорқыту, зорлық жасау факторларының болмауы мiндеттi болып табылады. Ерiк бiлдiру iшкi ерiктi дұрыс көрсету керек және оны мәмiлеге қатысушыларға дұрыс жеткiзе бiлуi керек. Заңмен белгiленгендей, қалған тұлғаларға өзiнiң iшкi еркiн бiлдiру тек заңда көрсетiлген тәсiлдермен, яғни нақты бiр заңмен анықталған нысанда жүзеге асу керек. Заңмен белгiленген ерiк бiлдiрудiң нысанының болмауы мәмiленiң жарамсыздығына әкеп соқтыруы мүмкiн. 159- баптың 8-тармағында көрсетiлгендей: “Елеулi мәнi бар жаңылысу салдарынан жасалған мәмiленi сот жаңылысу әсерiмен   әрекет  еткен  тараптың  талабы  бойынша  жарамсыз деп тануы мүмкiн. Мәмiленiң табиғатына, ұқсастығына немесе оны өз мақсатына пайдалану мүмкiндiгiн айтарлықтай төмендететiн мәнiнiң сапасына қатысты жаңылысудың елеулi мәнi болады. Дәлелдердегi жаңылысу кейiнге қалдыру немесе күшiн жою шарты ретiнде, мәмiленiң мазмұнына осындай дәлелдердi енгiзген кезде ғана мәмiле жарамсыздығының  негiзi  бола  алады

Егер жаңылысу мәмiлеге қатысуының өрескел бейқамдығының салдары болса, не оны кәсiпкерлiк тәуекел билеген болса, сот нақты жағдайларды және мәмiлеге қатысушы екiншi жақтың мүдделерiн ескере отырып, мәмiленi жарамсыз деп тану туралы талаптан бас тартуға  құқылы.”

Жаңылысу деп мәмiлеге қатысушы тұлғаның өзi жасап жатқан элементiмен сипатын бұрыс, қате түрде ойлауы. Мысалы: азамат затты сатып алар алдында ол затты сирек кездесетiн экземпляр қатарына жатады деп ойлайды, бұлай сатушы да ойлаған болатын. Бiрақ мамандар оны қате деп табады.

Мәмiленi  жарамсыз деп  тану үшiн барлық жаңылысулар емес тек маңыздылары ғана мәмiленi жарамсыз деп тануға негiз бола алады. Жаңылысудың  мазмұны объективтiк сипатқа ие болу керек және ол болмаса мәмiле қатысушысы оны  жасаспауға негiз  қылып ала алатындай болуы керек.2 Мысалы, пальто сатып алушы пальтоның астарының матасынан қателессе, онда мәмiле жарамсыз деп танылмайды.

Осы орайда тағы да бiр  мысал келтiрген жөн. Тек бiр тараптың әсерiмен жүзеге асырылған мәмiле бойынша жарамсысдық туралы сот  шешiм шығарар кезiнде заңның бұзылу фактiсi негiзiнде емес, талап-арыз берген тараптың құқықтарының бұзылуы фактiсi негiзiнде шешiм шығаруға тиiс3. Бұл қорытындының маңыздылығын көрсету үшiн 2 мысал келтiрейiк:

1 мысал: Пәтердi сатып  алу- сату жөнiнде мәмiле жасалған. Соғылған үйдiң құрамындағы қай пәтер сатылатыны жөнiнде шартта ешқандай аспектiлер көрсетiлмеген. Сатушы сатып алушыдан пәтер сомасын алады және соңғысына бiрiншi қабаттағы пәтердi ұсынады. Пәтер сатып алушы ол пәтерден бас тартады,  өйткенi ол бесiншi қабаттан пәтер алуды көздеген болатын. Сатушы мұнымен келiспейдi. Бұл ретте сатушы мен сатып алушының арасында мәмiленiң заты жөнiнде дау туындайды. Азаматтық заңның негiзiнде сатып алушы сотқа мәмiленi жарамсыз деп тану жөнiнде талап арыз бередi. Сатып алушының талап арызы қанағаттандырылуға тиiс және ол дұрыс та.

2 мысал: Пәтердi сатып  алу- сату жөнiнде мәмiле жасалған. Соғылған үйдiң  құрамындағы   қай пәтер сатылатыны жөнiнде  шартта ешқандай жағдайлар көрсетiлмеген. Сатушы сатып алушыға салынған  үйдiң кез келген жерiнен пәтердi беруге ынта бiлдiрiп отыр. Дегенмен, сатып алушы мәмiленi жарамсыз  деп тану  туралы  талап-арыз бередi. Бұл жағдайда мәмiле сатып алушының пәтер алуға қатысты ешқандай құқықтарын бұзып отырған жоқ, өйткенi сатушы пәтердi үйдiң кез келген жерiнен ұсынып отыр, сондықтан да пәтердi айқындау бұл жағдайда шарттың мiндеттi белгiсi болып табылмайды.

Азаматты құқықтық  қатынаста мәмiленi жарамсыз деп  танудың тағы бiр негiзi- мәмiлеге қатысушылардың терiс пиғылда болуы. Терiс пиғыл дегенiмiз ненi бiлдiредi? Бұл сұраққа жауап бере отыра, алдымен терiс пиғылдағы әрекет дегенiмiз тек заңға  қарсы келген әрекет пе немесе адамгершiлiк нормаларына да сай келмеген әрекет пе дегендi анықтап алған жөн. А.П.Сергеев., Ю.К.Толстой редакциясынан шыққан оұулыққа жүгiнейiк4 : Азамат тұрғын үйдi сатып алу-сату шартын жасайды. Оның негiзiнде үйдi сатып алушы үйге деген құқықты тек үйдi сатушы басқа қалада жұмысқа орналасқан кезiнде ғана иеленедi. Өзiнiң мүмкiндiктерiнiң барлығын пайдалана отырып, оның басқа қалада жұмысқа орналасуына жағдай жасайды. Мұндай салдар шарт негiзiнде туындады деп саналады, өйткенi  құқыққа    сай және адамгершiлiкке сәйкес әрекеттер арқылы мәмiленiң жарамдылығына ықпал етедi. Ал егерде үйдi сатып алушы барлық мүмкiншiлiктерiн салып, үйдi сатушы басқа қалада жұмысқа тек уақытша ғана орналасуына жағдай жасаса өзiнiң моральға жат әрекетi арқылы мәмiленiң жарамсыз деп танылуына ықпал етуi мүмкiн.

Мәмiле нысаны. Мәмiле нысаны ауызша және жазбаша болады. Мынадай мәмiлелер:

1) Егер мәмiлелердiң жекелеген түрлерi  үшiн заңдарда өзгеше арнайы көзделмесе немесе iскерлiк қызмет үрiсiнiң әдеттегi құқықтарынан туындамаса, мәмiлелердi жасау кезiнiң өзiнде орындалатынынан басқа, кәсiпкерлiк қызмет үрдiсiнде жүзеге асырылатын;

2) Мәмiлелердi жасау кезiнiң өзiнде орындалатындарынан басқа, жүз есептiк көрсеткiштен жоғары сомаға;

3)Заңдарда немесе тараптардың  келiсiмiнде көзделген өзге де  реттерде жазбаша жасалуға тиiс.

Жазбаша нысан жай  және нотариалдық болып бөлiнедi. Жазбаша нысан мәмiлелердiң мәнiн бiлдiретiн құжаттарды жасау арқылы және мәмiлеге қатысушы тұлғаларды сол құжатқа қол қоюы арқылы жүзеге асырылады. Нотариалдық мәмiле басқа жазбаша мәмiлелерден оның нотариуспен немесе мұндай нотариалдық әрекеттердi жасауға құқығы бар адаммен куаландырылуымен ерекшеленедi.

Шарт жасасу кезiнде  бiр тарап екiншi бiр тарапқа  құжат жiберiп, ал екiншi тарап оған ешқандай қарымта құжат салмай оны  орындауға кiрiсiп кетсе, яғни тауарды  жөнелту, жұмыс орындау, ақша төлеу  және тағы басқа, онда Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiнiң 394-бабының 2-тармағына сәйкес шарттық жазбаша нысаны сақталған деп тануы мүмкiн.

Заңмен, құқықтық   катiлермен немесе тараптардың өзара  келiсiмiмен жай жазбаша нысанда  жасалған шарттарға қосымша талап  қойылуы мүмкiн (мысалы, қағазда белгiлi бiр таңбаның болуы,белгiленген түрдегi бланкi және тағы басқа)

Жай жазбаша нысандағы  шарттың мiндеттi талабы- шартқа  өкiлдi адамның  қол қоюы болып  табылады. Егер азамат құжатқа физикалық  кемiстiгiнiң , ауруының немесе сауатсыздығының  салдарынан қол қоя алмаса, оның өкiлi бойынша басқа басқа азамат қол қоюы тиiс. Белгiлi бiр себептердi (ауруы, физикалық кемiстiгi, сауатсыздығы) көрсетiп, нотариус ол азаматтың қолын растайды. Бұл орайда қол қойған азаматтың мәмiлеге қатысты ешқандай құқықтары          мен мiндеттерге ие болмайтынын және мәмiлеге қатысты ешқандай құқықтар мен мiндеттерге ие болмайтынын атап кеткен жөн. Ол тек мәмiлеге субъект кемiстiгiнiң орнын толтырушы қызметiн ғана атқарады.

Мәмiленi жасаудың нотариалдық  нысаны тiкелей заңда көрсетiлген немесе ондай нысанның қажетi жоқ  жағдайда тараптардың ұсынысымен жасалуы мүмкiн. Заң құжаттарында немесе тараптардың келiсiмiмен белгiленген реттерде жазбаша мәмiлелер оларды нотариат куәландырғаннан кейiн ғана жасалды деп танылады. Мұндай талапты сақтамау Азаматтық кодекстiң 157- бабының 3-тармағында көзделген салдармен мәмiленiң жарамсыз болып қалуына әкеп соқтырады.

Нотариалдық нысан жай  жазбаша нысаннан тек құзыреттi өкiлдi адамның- нотариустың жазбаша құжатта  куәландыратын белгi қоюыменен ерекшеленедi. Нотариалдық әрекеттердi жасау ережелерi нотариат туралы заңның негiздерiмен жүзеге асырылады. Нотариалдық нысан , әдетте тараптардың ерiк бiлдiруiн мiндеттi түрде белгiлеп алу қажеттiлiгi бар мәмiлелерде жасалуы қажет. Мысалы, өсиет қалдыру, сыйлау, жылжымайтын мүлiктi сату-сатып алу. Бiрқатар кездерде нотариалдық нысан заңды тұлғалардың және олардың арасында жасалған мәмiлелерге талап етiледi. Мысалы, жылжымайтын мүлiктiң кепiлi- ипотека нотариалдық нысанды талап етедi.

Бiрқатар жағдайларда  бекiтiлген мәмiлелердiң тiркелуiн талап етедi. Мысалы, 238-баптың 2-тармағы:”Егер мүлiктi иелiктен айыру туралы шарт мемлекеттiк тiркеуге немесе нотариалдық куаландыруға жататын болса, алушының меншiк құқықтары тiркелген немесе нотариалдық куәландырылған кезден бастап, ал шартты нотариаттық куәландыруы да, мемлекеттiк тiркеу қажет болған жағдайда ол тiркелген сәттен бастап пайда болады”. Азаматтық кодекстiң 155- бабында бекiтiлген тиiстi құқықтар мен мәмiлелердi тiркеу туралы ережелерде бекiтiлгендей, заң бойынша тiркеудi қажет ететiн мәмiлелер тек тиiстi органның тiркеуiнен кейiн ғана заңдық күшке ие болады.

Мәмiлелердi тiркеу бiрқатар мәселелердi шешедi: бiрiншiден , мәмiле жоғарыда айтылғандай толық  заңдық күшке ие болады. Екiншiден, тiркеу туралы құжат субъектiнiң мәмiле бойынша ие болған құқықтарын растайды. Үшiншiден, мәмiлелердi тiркеудiң бiркелкi жүйесi мәмiлелерге толық есеп жүргiзудi  ретке  келтiредi.

Мәмiлелердi нотариалдық  куәландыру және оны мемлекеттiк  тiркеу – ұқсас процедуралар, бiрақ  олар бiр-бiрiнен елеулi түрде ерекшеленедi. Мемлекеттiк тiркеуге көбiнесе мәмiлелердегi құқықтар жатады, бiрақ нотариалдық куәландыруға жататын барлы құқықтар  мемлекеттiк тiркеудi талап етедi, дегенмен мемлекеттiк тiркеуге жататын мәмiлелердiң барлығы нотариалдық бекiтудi талап ете бермейдi.5

Мемлекеттiк тiркеудiң  басты маңызды объектiсi ол жылжымалы  мүлiкке қатысты мәмiлелер, сонымен  қатар басқа да объектiлермен  жасалған мәмiлелердiң тiркелуiн қарастырады, әсiресе жекеменшiкқұқығының туындауына, өзгертуiне және тоқтатылуына әкеп соқтыратын мәмiлелер. Мысалы: транспорт құрылыстарына қатысты мәмiлелер.

Мәмiленiң азаматтық  құқықтық қатынастың пайда болуының негiзi ретiндегi мазмұнының оның қоятын шарттарының жиынтығы ретiнде қарсатырған  жөн. Мәмiле жарамды болу үшiн мәмiленiң мазмұны заңға және басқа да құқықтық актiлерге сәйкес болуы шарт, яғни әрекеттер заңнамаға қарсы келмеуi тиiс. Мәмiлелер  өз мазмұны бойынша заңнаманың диспозитивтiк нормаларында немесе тiптен көрсетiлмеуi мүмкiн, дегенмен азаматтық құқықтың заңды бастамасына және мазмұнына сәйкес келуi тиiс. Iзгiлiкке және құқықтық тәртiп негiздерiне жат мәмiлелер жарамсыз деп танылғандықтан  iзгiлiкке жат және құқықтық тәртiпке сай келмейтiн мәмiле мазмұны мәмiленi жарамсыз деп танудың бiрден-бiр негiзi болып табылатынын айта кеткен жөн. 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

    1. Мәмiленi жарамсыз деп тану және оның құқықтық салдарлары.

Қазақстан Республикасының  Азаматтық кодексiнiң 157- бабы нысанына, мазмұнына және мәмiленiң ғатысушыларына, сонымен қатар олардың ерiк бiлдiруi бостандығының талаптарына сай келмейтiн болса, мүдделi тұлғаның талабы бойынша мәмiленi мемлекеттiк орган немесе прокурор шешiмiмен жарамсыз деп танылуы мүмкiн. Бұл қойылған талаптардың тек бiреуi ғана бұзылса, жасалған мәмiле құқықтық факт ретiнде танылмайды және заңдық күшке ие болмайды.

Информация о работе Мәмілелердің жарамсыздығының салдары