Мемлекеттік сатып ал- және оның негізгі мәселелері Қазақстан республикасының заңнамасында

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Марта 2013 в 13:00, курсовая работа

Краткое описание

Зерттеу жұмысының өзектілігі. ҚР –ң Мемлекеттiк сатып алу туралы Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шiлдедегi N 303 Заңында мемлекеттік сатып алудың барлық заңдылықтары дәлелденген.
Мемлекет-нарықта өнімнің ең мағызды сатып алушысы болып табылады. Ұлттық экономикаға айтылған тетіктің ықпал ету есебінен ұсыныс пен сұраныс, тұтынушылық өзара әсер ету процестері қарқындатылады.

Содержание

КІРІСПЕ..................................................................................................................3
І бөлім. Конкурстық міндеттемелдің жалпы жағдайы
1.1 Конкурстық міндеттемелдің түсінігі,мазмұны,түрлері.................................6
1.2 Мемлекеттік сатып алу туралы шартының пәні, оны өзгерту мен бұзу тәртібі......................................................................................................................10
1.3 Конкурстық міндеттемелердің даму тарихы................................................12
ІІ бөлім. Қазақстан Республикасында және шетелдердегі мемлекеттік сатып алу туралы шарттарын дамуы мен құқықтық реттеудің жетілдіру жолдары
2.1 Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырудың өзекті тәжірибедегі проблемалары мен оларды шешу жолдары……………………………………15
2.2 Шетел мемлекеттерінде мемлекеттік сатып алу жүйесін құқықтық реттеу проблемалары........................................................................................................17
2.3 Мемлекеттік сатып алу саласындағы құқық бұзушылықтар......................22
Қорытынды..........................................................................................................27
Сілтемелер............................................................................................................29
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ...................................................................30
Қосымша

Прикрепленные файлы: 1 файл

Мемлекеттик сатып алу (1).doc

— 295.00 Кб (Скачать документ)

Осындай заңсыздықтарға білім беру бөлімі жөндеу жұмыстарын жеке кәсіпкерге беру үшін жасаған. Өйткені, жеке кәсіпкер мемлекеттік сатып алудың қорытынды шешімі қабылданбай жатып және тиісті келісімшартқа қол қоймастан жөндеу жұмыстарына кірісіп кеткен.

Кейбір жағдайларда тек қана бір әлеуетті өнім берушіні, әсіресе  біліктілік талаптарға сәйкес келмейтін тұлғаларды жеңімпаз деп тану үшін конкурстық комиссиялар біліктілік және конкурстық құжаттамасының талаптарына сәйкес келетін әлеуетті өнім берушілерді заңсыз конкурсқа қатысуға жібермеу фактілері де орын алып тұрады.

Атап айтқанда, Батыс Қазақстан  облысы Мамандандырылған ауданаралық  экономикалық сотының 2010 жылы қазан айындағы шешімімен Казталов ауданының прокурорының талап-арызы қанағаттандырылып, Жаңажол мектебінің ғимаратын күрделі жөндеу жұмыстарын мемлекеттік сатып алу конкурсы бойынша сол ( жылдың мамыр айындағы конкурсқа қатысуға рұқсат ету хаттамасы және мемлекеттік сатып алудың қорытындысы туралы хаттамасы «заңсыз» деп танылды. Мектеп пен «Армут» ЖШС-І араларындағы мемлекеттік сатып алу келісімшарты заңсыз деп танылды. [2]

Тексеруде   мынадай   жайттың  беті ашылды. Мамыр айында конкурс   комиссиясы   оған   қатысуға рұқсат ету хаттамасымен «Гарант»; ОралСтрой», «АжАс-Строй», «ГНРМАШ», «АзияТехСтрой», «СПП  Металлоизделия» және «Казстрой» ЖШС-нің конкурстық өтінімдерін конкурсқа қатыстырудан бас тартқан. Байқауға тек қана «Армут» және «АНЕС-Сервис» ЖШС-нің өнімдері жіберілген. Мемлекеттік сатып алудың қорытындысы туралы хаттамасымен «Армут» ЖШС-конкурстың жеңімпазы атанып екі арада 89 млн. теңгеге мемлекеттік сатып алу туралы келісімшарт жасалған. Дегенмен, аудан прокуратурасы «АзияТехСтрой», «СПП Металлоизделия» ЖШС-нің конкурстық өтінімдерінен негізсіз бас тарту, «Армут» ЖШС-нің конкурстық өтінімінің  шартты бағасына пайыздық   әсерді   заңсыз   өсіріп дұрыс есептемеу сияқты өрескел заң бұзушылықтарды   анықтады. «АзияТехСтрой» және «СПП Металлоизделия» ЖШС-нің өтінімдері мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру   ережесімен    көзделмеген жұмысшылардың біліктілігін растайтын құжаттары жоқ деген желеумен заңсыз негізде конкурсқа қатысуға жіберілмеген. Соның ішінде «Азия-ТехСтрой»    ЖШС-нің    өтінімінен бас  тартуына инженер-механик Е.Масалимовтың құжаттары болмауы және тағы бір маманның құжаты анық көрінбеуі негіз болған. Тағы да  бір  мысал   ретінде, мектепке қазандық  орнату  және жылу жүйесін жөндеу жұмыстарын сатып алу конкурсын  өткізу барысында жіберілген өрескел заң бұзушылықтарды  келтіруге  болады. Бұл жолы «Орион», «Арлан-реатив»,  «Жаңа   Ырыс»  ЖШС-нің конкурстық өтінімдерінен  бас артылып, конкурсқа қатысуға тек қана «Маналит» ЖК-І жіберілген. Мемлекеттік сатып алудың қорытындысы бойынша конкурсқа қатысуға бір әлеуетті өнім беруші ғана өтініші тапсырғандықтан конкурс өтпеді деп көрсетілген. Алайда, ексеру барысында анықталғандай, атып алуды ұйымдастырушы және конкурстық комиссия    мүшелері осы конкурстарды ұйымдастыру мен өткізу барысында әлеуетті өнім берушілердің өтінімдерінен негізсіз бас тарту, мемлекеттік сатып алуды өткізу ережесінде белгіленген конкурстық құжаттамаға сәйкес келмейтін конкурстық құжаттама дайындау және «Маналит» ЖК-ны заңсыз конкурсқа қатысуға жіберу сияқты заңның талаптарын өрескел бұрмалауға жол берген.

Заңның 17-бабының 1-тармағына және Ереженің 21,22-тармақтарына сәйкес мемлекеттік  сатып алуды ұйымдастырушы Үлгі конкурстық құжаттаманың негізінде  конкурстық құжаттаманы әзірлейді  және оның ішінде әлеуетті өнім берушінің және оның қосалқы мердігерлерінің арнайы біліктілік және өзге талаптардың тізбесін қамтитын мемлекеттік сатып алу процесіне қатысуға арналған біліктілік туралы мәліметтері қамтылуы тиіс.

Өз кезегінде, Үлгі конкурстық құжаттаманың 6-қосымшасында, яғни әлеуетті өнім берушімен жұмыстарды сатып алу кезінде толтырылатын біліктілігі туралы мәліметтердің «Қызметкерлердің біліктілігі мен тәжірибесі» туралы бөлімінде әлеуеттіенім берушінің осы конкурс бойынша міндеттемелерді орындау үшін қажет деп есептейтін қызметкерлері көрсетілуі кезделген.[3]

Осыған қарамастан, аудандық білім  беру болімінің былтыр маусым айындағы №184 бұйрығымен бекітілген конкурстық құжаттаманың 6-қосымшасының 4-бөлімінде қызметкерлердің біліктілігі мен тәжірибесін растайтын құжаттардың көшірмесін қосу туралы заңсыз талап көрсетілген. Қызметкерлердің растайтын құжаттарын табыс ету талабы, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 27 желтоқсандағы N1356 қаулысымен алынып тасталған. Бұл шара кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделері үшін мемлекеттік сатып алу процедурасын жеңілдету мақсатында жасалғандығын айта кеткен жен. Осындай сылтаумен «Арлан-Креатив» ЖШС-нің конкурстық өтінімінен комиссия бас тартқан.

Бұған қоса, осы мекеменің өтінімін қабылдамауға комиссия оның мемлекеттік лицензиясында «технологиялық жабдықтарды монтаждау (оның ішінде іске қосу-жөндеу жұмыстары) қазандық қондырғылар мен қосалқы жабдықтар» атты құрылыс жұмыстарын жүргізуге рұқсаты болмады деген негіз көрсеткен. Алайда, Облыстық мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының №04-03-01/604 хатына сәйкес М.Жүнісовке негізгі жалпы білім мекемесіне қазандық орнату және жылу жүйесін ағымды жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін «объектілерді күрделі жөндеу және реконструкциялау (табиғат және мәдениет ескерткіштерін қалпына келтіруді қоспағанда), оның ішінде газбен жабдықтау, лифтілер және өзге де көтергіш-көлік құрылғыларынан басқа, ішкі инженерлік жүйелер мен сыртқы желілерді қоса алғанда, күрделілігі екінші және үшінші деңгейлердегі тұрғын үй-азаматтық және өндірістік мақсаттағы ғимараттар мен құрылыстардың тіреуіш конструкцияларын күшейту» секілді құрылыс жұмысының түрлеріне мемлекеттік лицензия қажет. Ал осы жұмыс түрлерін жүргізуге қажетті лицензия байқауға қатыса алмаған «Арлан-Креатив» ЖШС-де бар болып шықты.[4]

Жоғарыда көрсетілген заң бұзушылықтарға барып, сыбайлас жемқорлыққа жағдай туғызатын құқық бұзушылықтарға жол берген, жауапты тұлғалар аудан  прокуратурасының ұсыныстары бойынша  әкімшілік және тәртіптік жауапкершіліктерге тартылды.

Сонымен қатар, осы салада заң бұзушылықтарға жедел түрде ықпал ету нәтижесінде 1  млн. теңгеден астам бюджет қаржысының заңсыз жұмсалуына жол берілген жоқ.

Мемлекеттік сатып алуды өткізу барысында аса жауаптылық танытып  талаптарға сәйкес келетін өнім берушілерге  жұмыстар мен қызметтерді дұмыс ұйымдастырылуын қадағалау керек. Сондықтан, қаржы жұмсалуына, соның ішінде мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыратын жауапты тұлғаларды бюджет және мемлекеттік сатып алу заңнамасының талаптарын қатаң сақтау керек.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

 

Зерттеу нәтижесіне келетін болсақ, мемлекеттік органдардың мемлекеттік сатып алу конкурстарымен байланысты істер бойынша негізгі кемшіліктері болды. 2011 жылы Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік сатып алулар туралы» Заңы мен Мемлекеттік сатып алуларды жүзеге асыру ережелері қолданылған істер 2010 жылмен салыстырғанда едәуір көп болды.

Мемлекеттік сатып алу туралы келісім-шарт жасасудан жалтарған әлеуетті жеткізіп беруші, осы заңмен белгіленген тәртіп бойынша, мемлекеттік сатып алуларға жосықсыз қатысушылардың тізіміне енгізіледі.

Алайда, іс жүзінде басқаша болып жатады. Тапсырыс берушілер көбінесе шешім шығарылғаннан кейін жеткізіп берушіні шақырып, қандай да бір құжаттарды, негізінен сапалық және техникалық сипаттары бойынша құжаттарды талап етіп, ол құжаттар өз талаптарына сай келмеген жағдайда жеткізіп берушіден келісім-шартқа қол қоюдан немесе тауарды жеткізіп беруден, жұмысты орындаудан бас тарту туралы өтініш жазуды талап етеді. Сөйте тұрып, келісім-шарт жобасын жеткізіп берушіге қол қоюға бермейді. Жеткізіп берушіден алынған бас тарту туралы өтініштің негізінде басқа жеткізіп берушімен келісім-шарт жасасып, ал бірінші жеңімпаз жеткізіп берушіні сотқа беріп, оны мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушысы деп тануды талап етеді. Сот отырысында бұл жағдайлар жан-жақты сараланып, тапсырыс берушінің өзі келісім-шарт жобасын қол қою үшін жеткізіп берушіге бермей, міндетін орындамағағаны себепті талапты қанағаттандырудан бас тарту туралы шешім шығарылады. Кей жағдайларда, келісім-шар жобасы қол қоюға жолданған болса да ол тиісінше Жеткізіп берушінің қолына тигені туралы дәлел жоқ немесе тапсырыс туралы хабарламамен емес, қарапайым поштамен жолданған.

Екіншіден, жеткізіп берушіні мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушысы деп тану туралы істерде міндеттемелердің орындалмауы немесе дұрыс орындалмауы Тапсырыс берушінің өз кінәсінен болып жатады. Ол, мәселен, Мердігердің жұмыстың бір түрін басқа түрімен айырбастау туралы, материалдар алуға алдын ала төлемдер жасау, жұмыстарды жүргізуге жағдай жасау (кабинеттерді, ғимаратты босату) және т.б. туралы өтінішін дер кезінде шешіп бермейді.

Кей жағдайларда конкурс шарттарында да, келісім-шарт шарттарында да мелекеттік сатып алу туралы келісім-шарттың қазынашылық органдарында тіркелген сәтінен бастап күшіне енуі қарастырылған. Алайда, мұндай істерді қарау барысында Тапсырыс беруші мемлекеттік сатып алу туралы келісім-шартты қазынашылық органдарында тіркемегені анықталып, жеткізіп беруші заң күшіне енбеген келісім-шартты орындай алмайтындықтан, бас тартылған талапқа негіз болған жауапкерлер осы жағдайға сілтеме жасайды.

Үшіншіден, келісім-шарт міндеттемелерін орындамау немесе дұрыс орындамау салдарынан жеткізіп берушіні мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушысы деп тану жөніндегі талапты қанағаттандырудан бас тарту туралы сот шешімдерінің кейбірі талап-арыз мерзімінің ескіруіне байланысты шығарылған. Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік сатып алулар туралы» Заңының 11-бабы 5-тармағының 8-азат жолында көрсетілгендей, Тапсырыс беруші осы тармақтың 2 және 5 тармақшаларында қарастырылған жағдайларда әлеуетті жеткізіп берушінің Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алулар туралы заңын бұзуын білген күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірмей өкілетті органға сол әлеуетті жеткізіп беруші туралы мәлімет жолда п, сотқа оны мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушысы деп тану туралы талап қоюға міндетті.

Мемлекетік сатып алудың келесідей кемшіліктерін атап өтуге  болады:

  1. Мемлекеттік сатып алу процедураларын нақты регламенттеу бөлігінде нормативтік құқықтық  базаның жетілмегендігі;
  2. Бөлек нормативтік құқықтық актілердің және оларды талқылаудың, заңнамамен көзделген бюджеттік қаражатты бөлу ережелерінің өзара қарама қайшылығы және нақты еместігі;
  3. Бюджет бағдарлама әкімшіліктермен тауар, қызмет, жұмыс мемлекеттік сатып алу көлемін жоспарлауды, мерзімдері мен номенклатураны жоспарлау сапасының төмендігі;
  4. Мемлекеттік сатып алу тиімділігіне анализ жасау үшін заманауи ақпараттық технологияларды қолданудағы мүмкіндіктің жоқтығы;

Жоғарыда көрсетілгеннің барлығын қорытындылай келе, мемлекеттік сатып алу жүйесін жетілдіруде келесі ұсыныстар енгізуге болады:

  1. Мемлекеттік сатып алу нормативтік құқықтық базасын әрі қарай дамыту. Саты алудық құқықтық және процедуралық сұраныстарын регламенттейтін негізгі, бір-біріне қайшы келмейтін нормативтік актілерді қабылдау арқылы, Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасын жүйелендіру.
  2. Сатып алуды жүргізудің барлық механизмін жетілдіру және нақты регламенттеу, қайшы нормаларды унификациялау.
  3. Отандық өнім берушілер мен тауар өндірушілерді қорғау және қолдауда көрсетілген шараларды қолдану;
  4. Конкурстық процедуралар өткізуде жедел бақылау жүйесін енгізу және жетілдіру. Жүйені бақылауды жүзеге асыру үшін құқық органдарынан арнайы жауаптылықтағы мекеме ашу.

     Мемлекеттік органдар – Тапсырыс берушілердің әрекеттеріндегі аталған кемшіліктердің барлығын Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік сатып алулар туралы» Заңының және Мемлекеттік сатып алулар ережелерінің нормаларын жетік білмеу деп, немесе осы жұмыстарға жауапты тұлғалардың өз міндеттеріне атүсті қарауы, болмаса, жемқорлық заң бұзушылықтардың салдары деп бағалау керек. Мемлекеттік орган қызметкерлерінің сот отырыстарына даярлықсыз келетін кездері де болады: қаралып отырған іс бойынша құжаттарының болмай қалатыны бар. Сондықтан, сот отырыстарының барысында іс жүргізу мен материалдық заңдар бойынша түсіндірулер жүргізуге мәжбүр.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сілтемелер:

 

  1. Мемлекеттiк сатып алу туралы Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шiлдедегi N 303 Заңы.- 3-4 беттер.
  2. Мемлекеттік сатып алулар ресми интернет ресурсының жылдық есептік статистикасынан http://bi.goszakup.gov.kz/ru/default
  3. Гражданское право Республики Казахстан, Алматы – 1999ж.-85-93 беттер.
  4. Нестерович Н. Прокьюрмент. Принципы организации закупки продукции для государственных нужд// информационно – аналитический бюллетень  «Конкурсные торги». 1998.
  5. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2008-2011 жылдарға қорытынды есебі
  6. Мемлекеттiк сатып алу туралы Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шiлдедегi N 303 Заңы.-13-15 баптар.
  7. Мемлекеттiк сатып алу туралы Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шiлдедегi N 303 Заңы.- 45-48 баптар.
  8. Мемлекеттiк сатып алу туралы Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шiлдедегi N 303 Заңы.- 30-31 баптар.
  9. Мемлекеттiк сатып алу туралы Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шiлдедегi N 303 Заңы.-45-48 баптар.
  10. Мемлекеттiк сатып алу туралы Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шiлдедегi N 303 Заңы.-35-36 баптар.
  11. Қазақстан Республикасының және шет елдердің азаматтық  іс жүргізу құқығы Г. А. Ильясова 2007ж.- 25-95 беттер.
  12. «Акционерлік қоғам туралы» ҚР Заңы 10шілде 1998 ж. (өзгерістер мен толықтырулар қантар  2003 ж.).- 32-35 баптар.
  13. Изимов М. Мемлекеттік сатып алу заңнамасының талаптары//Заң және заман.- 2011.- №17.- 26 бет.
  14. Сыздыкова Д.Б. Магистрлық дисертация 2011ж.- 52-70 беттер.
  15. Сыздыкова Д.Б. Магистрлық дисертация 2011ж 4 бет
  16. Сулейменов М.К., Басин Ю.Г., гражданское право. Учебник для вузов/отв.ред. – Алматы. 2002ж.- 255 бет.
  17. Нормативно-правовые постановления Правительства от 2007г.-195бет
  18. http://www.mint.gov.kz/?page=procurement&cat=7
  19. http://www.transparencykazakhstan.org/content/92.html
  20. http://goszakup.gov.kz/index.php?lang=rus
  21. http://total.kz/society/2012/10/05/kazhdaya_pyataya_vzyatka_v_rk

Информация о работе Мемлекеттік сатып ал- және оның негізгі мәселелері Қазақстан республикасының заңнамасында