Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Апреля 2013 в 16:36, реферат
Мемлекет пен құқықтың жалпы тарихының пәні - жеке елдің хронологиялық жүйелілігі бойынша нақты-тарихи жағдайында мемлекет пен құқытың пайда болу, даму және қызмет атқаруының нақты және арнаулы заңдылықтары.
Еркін шаруалар – олардың бір тобы мемлекеттің жерінде өмір сүрді, өздерінің үлестері болды және ол үшін рента салығын төлеп отырды; ал екінші тобы сановник немесе жауынгер жеріне бекітіліп, тек күндізгі тамақты ғана алып отырды, өте ауыр жұмыстарды істеді.
Жергілікті басқару.
Король доменің территориясы бірдей әкімшілік бірліктерге – бальяждарға бөлінді. Олардың басында король тағайындайтын шененік – бальи тұрды. Бальяждар превотаждарға бөлінді. Олардың басында өз қолына әскери, әкімшілік, қаржы және сот биліктерін шоғырландырған – прево тұрды. Қалаларда қалалық өзін-өзі басқару органы – коммуна пайда болды.
Сот.
Жоғарғы апелляциялық сот – Парламент еді. Ол бірнеше палатадан тұрды: үлкен сотпалатасы, тергеу палатасы және кешірім палатасы. Жоғарғы шіркеу соты – алдымен рим куриясы соты, одан кейін кардионом соты, сосын архиепископ соты, аяғында официан соты болды.
Абсолюттік монархия кезеңі
Қоғамдық құрылыс.
Негізігі ерекшелігі – феодализм қойнауында капиталистік өндіріс қатынастық пайда болды. Осыдан барып негізгі қанаушы тап – феодализммен бірге буржуазия пайда болы. Ол қала патрициаты – бай саудагерлерден тұрды. Бұрынғы сияқты ел тұрғындары 3 сословиеге бөлінді : мұнда духовенство мен дворяндық өз артықшылықтарын сақтап қалды, ал үшінші сословиеге шаруалар да кірді.
Мемлекеттік құрылыс.
Абсолбтизм барлық заң шығарушы, атқарушы және сот биліктілігі мен мемлекет басшысы – корольдің қолында шоғырланумен сипаттайды. Бұл Бас штат, Парламент, шіркеуінің қызметі шектелгендігінен көрініс табады.
Мемлекет басқарудың орталық органы әр кезеңде туындаған әртүрлі мекемелердің қоспасы еді. Оларға жататындар : Мемлекеттік кеңсе – король жанындағы кеңесуші орган ; Қаржы кеңесі ; Жасырын Кеңес – бірқатар істерді қайта қарастырды; канцлер аппараты және тағы басқалар. Осы органның барлығын Бас қаржы бақылаушысы және 4 мемлекеттік хатшы басқарды: әскери, шетел, теңіз ісі және сарай ісі.
Жергілікті басқару.
Корольдік территориясы генералитет, губернаторлық, дионез, бальяж және интенданттықтарға бөлінді. Бұлар қаржы, әскер, шіркеу, сот және әкімшілік ведомствоға сәйкес келеді. Жергілікті жерлердегі басқаруды интенданттың (король үкіметінің ерекше өкілеттілігі) жүзеге асырды.
Сот.
Бірқатар сот жүйесі қызмет етті: корольдық сот, сеньорлық сот, қалалық және шіркеулік соттар.
Құқықтың негізгі белгілері.
Феодализм ыдырағанға дейін Франция бірде бір құқық жүйесін білмеді. Құқықтың территориялық әрекет ету принципі болды, яғни тұрғындар сол территорияда қалыптасқан құқық нормаларына бағынды. Құқықтың негізгі қайнар көзі әдет ғұрыптар – кутюмдер болды. Сословиелік өкілетті монархия кезінде кутюмның алғашқы жинағы - өзіне Париж, Ориеан, Тур, Анжа және Мэп кутюмдерін қосатын «Қасиетті Людовиг Жинағы» пайда болды.
Абсолюттік монархия кезеңінде әдетғұрып жинақтарымен қатар құқықтың қайнар көздеріне корольдың жарлық, бұйрық, эдинт, ордонанстары қосылады. Францияның оңтүстігінде құқықтың қайнар көзі – рим құқығы болды.
Франция феодалдық құқығының негізгі институты – жерге меншік құқығы еді. Ірі жер иелену аллад, бенефицит түрінде болды. Ал ХІ ғасырда бенефицит мұраға қалтырылатын болды. Міндеттемелік құқықтағы шарт түрі : сату-сатып алу, заем, сыйға тарту, жерді жалдау. Неке отбасылық қатынастар негізінен канондық құқық нормаларымен реттелініп отырды, сонымен бірге кутюм және король ордонанстарымен де. Неке құру үшін : белгілі бір жасқа толу, тараптардың келісімі, ата-ана келісімі қажет болды. Мұрагерлік 2 формада болды: заң бойынша және өсиет бойынша. Қылмыстық құқықта барлық қылмыстың жиынтығын 3 топқа бөліп қарастыруға болады :
Жаза түрлері :
а) ауыр жазалар ;
б) мүшеге зиян келтіру туралы ;
в) түрмеге отырғызу және каторгалық жұмыстар ;
г) масқара жазалар және айыппұл.
Қылмыстық процесс 2 сатыдан тұрды :
Бақылау сұрақтары:
Информация о работе Құлиеленушілік мемлекет пен құқық тарихы