Құлиеленушілік мемлекет пен құқық тарихы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Апреля 2013 в 16:36, реферат

Краткое описание

Мемлекет пен құқықтың жалпы тарихының пәні - жеке елдің хронологиялық жүйелілігі бойынша нақты-тарихи жағдайында мемлекет пен құқытың пайда болу, даму және қызмет атқаруының нақты және арнаулы заңдылықтары.
Еркін шаруалар – олардың бір тобы мемлекеттің жерінде өмір сүрді, өздерінің үлестері болды және ол үшін рента салығын төлеп отырды; ал екінші тобы сановник немесе жауынгер жеріне бекітіліп, тек күндізгі тамақты ғана алып отырды, өте ауыр жұмыстарды істеді.

Прикрепленные файлы: 1 файл

4.doc

— 382.00 Кб (Скачать документ)

Римде мемлекет 500 жылға жуық өмір сүреді. (б.з.д. 509-27 ж.ж.). Римнің даму тарихын 2 кезеңге  бөлуге болалы :Республиканың қалыптасуы нығаюы (б.з.д. VІ –ІV ғ.ғ.) және рим  құлиеленуші республикасының гүлденуі және құлауы және монархияға ауысуы  (б.з.д. ІІІ-І  ғ.ғ.).

Рим құлиеленушілік монархиясы тарихын 2 кезеңгк бөлуге болады: принципат және доминат. Принципат  кезеңінде өз маңызын жоғалтсада республикалық мемлекеттер әрекет етті. Барлық магистратуралардың басында жаңа лауазымды тұлға – принцепс тұрды. Римде 284 жылдан бастап шексіз монархия –доминат қалыптасады. Ескі Республикалық органдар жойылып, император абсолютті монарх болып табылады. Барлығы император билігіне табынады.

Рим құқығының  негізгі қайнар көздері:

    1. алғашқы рим құқығының кодификациясы ХІІ таблица заңы болды. Ол кәдімгі құқық жазбасы еді.
    2. Б.з. ІІІ ғ. Аяғында Грегориан және Гериогериян кодекстері құрастырылды.
    3. Б.з. 483 ж. Феодосия кодексі өзіне б.з. ІV ғ. Бастап императордың конституциясын қосты.
    4. Б.з. ХІІ ғ. Император Юстиниан кезінде рим құқығын жүйеге келтіру аяқталды. Ол «Азаматтың құқық жинағы» (Корпус Юрис-Цивилис) атауына ие болды.

Бақылау сұрақтары:

  1. Ежелгі Римде азаматтықтан айрылудың себебі?
  2. Б.з.д. І ғ. Басында римдік шаруалардың кедейленуінің 4 себебі?
  3. Рим империясының құлау себебі?

 

Әдебиеттер (пәннің оқу-әдістемелік қамтамасыз етілу  бөліміндегі, оқу әдістемелік әдебиетке  сілтеме)

Қараңыз.Оқу-әдістемелік  әдебиеттер тізімі

 

 

2.2 Орта  ғасырда феодалдық мемлекет пен  құқықтың пайда болуы мен дамуы тарихы

Батыс Европа елдеріндегі феодалдық мемлекет пен құқық

 

Глоссарий (анықтама, сөздік)

Легистер –    рим   құқығы курсын меңгерген шенеуніктер.

Сокмен  - Орта ғасырлық Англиядағы ерікті шаруалар.

Капеллан – король канцнляриясын меңгерді (Англия).

архикаппелан  – король духовнигі және сарай  духовенствасының ішіндегі ең басшысы.

Вилландар –  жеке басы тәуелді емес, өз парцелласын (жерін) басқа тұлғаларға сата алды, ал бұл оны сеньорлық борышынан  босатты.

Цензитарий  – тәуелсіз шаруалар, мұралық жер үлесі цензив иесі. 3 Негізгі

  • коннетабль -  король әскербасшысы;
  • камерарий – король қазынасын басқарды;
  • палатиндер – корольдің ерекше тапсырмасын орындайтын король кеңесшісі;
  • легистер –    рим   құқығы курсын меңгерген шенеуніктер.

 

Тақырып 5. Франктер мемлекеті мен құқығы.

Мақсаты: Рим мемлекетінің құлауы мен болашақ Еуропа мемлекеттерінің  негізінің қалануы және құқықтық жүйелердің пайда болуы негізін  анықтау

  1. Франк мемлекеті мен құқығы (5-9 ғғ)
  2. Ағылшын-соксон ерте феодалдық мемлекеті мен құқығы.
  3. Варварлық құқық

 

Кезеңдерге  бөлінуі

 

1-кезең –  Меровингтер ионархиясы (VІ –  VІІ ғ.ғ.)

2-кезең –  Каролингтер монархиясы (VІІІ –  ХІ ғ. 1 жартысы). Франктер мекендеген  жерлер 2-округқа – пагқа бөлінді.  Паг ұсақ бірліктер – жүздіктерден  тұрды. Мемлекет территориясын жайлаған негізгі этникалық топтар: Солтүстікті мекендеген франктар мен Оңтүстікті мекендеген галло-римдіктер болды.

Негізгі топтар – фоедалдар мен феодалға тәуелді  шаруалар болды.

 

Меровингтер монархиясына тән белгілер:

1. Хлодвиг  өлімінен кейін корольдік бірнеше рет тәуелсіз мемлекеттерге бөлінді.

2. корольдік  билікті ұстау үшін жерге жеке  меншік – аллад енгізілді. 

  1. үнемі өсіп отыратын шіркеулер және жер иеліктері тез байыды.
  2. жерсіз шаруалардың тез өсуі.
  3. патронат жүйесі кең таралды.
  4. корольдік билік әлсіреп, ақсүйектердің құдыреттілігі өседі.
  5. Билік ақсүйектердің қолына шоғырланды. Ол мемлекеттегі барлық маңызды лауазымдарды басып алады. Оның ішінде майордан – алғашында король сарайын басқарды, соңынан мемлекет басшысы болды. Бұл лауазым мұраға айналып, соңында Каролингтер әулетіне жол ашып береді.

Каролингтер монархиясының негізгі ерекшілігі сол ол майордан Карл Мартелл реформасымен тығыз байланысты. Оның мәні мынада:

1. жерді толық  меншікке сыйға беру тәртібі  жойылады ;

2. мұның орнына өмірлік иелену – бенефиций пайда болды.

3. бенефиций   ұстаушысы – авссол деп аталады,  ао берушісі – сеньор деп  аталады;

4. бенефиций  ұстаушысы сол жерді берген  тұлғаның мүддесі үшін әскери  қызметті өтеуі тиіс болатын;

5. мемлекет  басшысынан басқа бенефицийді басқа да ірі феодалдар тарата бастады, сөйтіп олардың өздерінің вассалдары пайда болды ;

6. сот, полиция,  қарды облысындағы барлық өкілеттіктер  жер иесіне берілді;

7. иммунитеттік  гролиотар енгізілді. Ол бойынша  сол жерге мемлекет шенеуніктерінің  қызметі таратылмады.

 

Мемлекеттік құрылыс

 

Басқару формасы  бойынша франк мемлекеті шектеулі монархия болды. Король билігі үнемі  әрекет ететін кеңеспен шектеліп отырды және олардың келісімінсіз бірде  бір маңызды шешім қабылданбады.

Мемлекетті  басқару мен сот ісін жүргізуде жоғарғы лауазымды тұлғалар қызмет етті : майордам, пфальцграф – алғашында король малайларын бақылады, соңынан сотты басқарды; тезаурарий – қазыналы, байлықты сақтаушы ; маршал – атты әскербасшысы ; және архикаппелан – король духовнигі және сарай духовенствасының ішіндегі ең басшысы.

 

Жергілікті  басқару

Округті (паг) басқаруды – король тағайындайтын  лауазымды тұлға – граф жүзеге асырды. Округ құрамына кіретін жүздіктерді  солтүстікте центенарий, ал оңтүстікте викарий басқарды. Олар графқа бағынышты болды. Жүздіктің құрамына кіретін қауымдар өзін-өзі басқаруды сақтады.

 

Сот

 

Жоғарғы сот  билігі монархта болды. Корольдік кеңес  аса қауіпті қылмыстарды қарастырды. Негізінен істердің көпшілігі жүздіктердің сотында қаралды.

Франк мемлекетінің гүлденуі ІХ ғ. Басында оның құрамына барлық батыс Европа енгенде жетті. 843 ж. Вердендегі ¦лы Карл немересімен жасасқан шартта Франк мемлекетінің 3 корольдікке бөлінуі заңды бекітілді. Олар: батыс франктік, шығыс-франктік және орталық (болашақ Франция, Германия және Италия).

 

Құқығының негізгі  белгілері

 

Ертедегі  құқықтың қайнао көзі – тайпалық сипаттағы  әдет ғұрыптар.

V-ІХ ғ. Кезінде «варварлық шындық» түріндегі тайпа әдет ғұрыптың жазбасы болды. Салистік, Рипуарлық, Бургундтық, Аллементтік шындықтар пайда болды. Көбінде Салистік шындық мысалға алынады. Онда құқықбұзушылық және соған сәйкес жазаның жалпы, абстрактілі ұғымдары болмайды : мысалы қылмыс д/з – тұлға мен мүлікке зиян келтіру және «король бейбітшілігін» бұзу ; ал жаза д/з – жәбірленушіге келтіруге зиянды өтеу және «король бейбітшілігін» бұзғаны үшін корольге айыппұл төлеу. Жаза кінаға байланысты болмады және ол тек қана әрекеттің аяқталған нәтижесіне тағайындалды.

Салистік  шындық бойынша неке күйеу баланың  келін баланы ұрлау формасында болды. Зорлықпен ұрлауға тыйым салынды және қандас туысы және еріктілер мен құлдар арасында неке қию тиым салынған. Мұрагерлік құқықта меншік иесі өлгеннен кейін барлық қозғалмалы мүліктерді ең алдымен балаларына, олар болмаған жағдайда кезектесіп шешесі, аға-қарындасына мұраға қалып отырды.

Міндеттемелік қатынас облысында Салистік шындық мімілелермен тек қарапайым түрлерін білген : сату-сатып алу, несие, заем, айырбас, сыйға тарту. Мәміле кезінде  меншік құқығын беру көпшіліктің  алдында жүзеге асты. Міндеттемені орындамау мүліктік жауаптылыққа әкеледі. Сот процесі айыптаушылық сипатта болды. Оған тән негізгі белгілері : азаматтың және қылмыстық процестің жүзеге асырылуы бір формада болды. Іс жәбірленушінің инициативасы бойынша қозғалады.

4 тапсырма. Бақылау сұрақтары:

    1. Ортағасырлық мемлекет пен құқық тарихындағы “қамқоршы” институтының пайда болу себебі?
    2. Феодализмнің пайда болуына байланысты аллод кімге айналды?
    3. Саликалық шындық бойынша сот процесіндегі сопряжниктердің саны?

 

Әдебиеттер (пәннің оқу-әдістемелік қамтамасыз етілу бөліміндегі, оқу әдістемелік әдебиетке сілтеме)

Қараңыз.Оқу-әдістемелік  әдебиеттер тізімі

 

             Тақырып 6.   Франция мемлекеті мен құқығы

Мақсаты: Франция  мемлекеті мен құқық жүйесінің  қалыптасу ерекшеліктерін анықтау

Жоспар:

      1. Франция мемлекеті мен құқық тарихының кезеңдері

2. Феодалдың  бөліну кезеңіндегі мемлекет  пен құқық тарихы

3. Сословиелік  - өкілетті монархия кезеңі

4. Сословиелік - өкілетті монархия кезеңі

5. Құқықтың негізгі белгілері.

Кезеңдерге  бөлінеді:

1 - кезең –  феодалдың бөліну кезеңі (ІХ-ХІІ  ғ.ғ.)

2 – кезең – сословиялық өкілетті монархия кезеңі (ХІV- ХV ғ.ғ.)

3 - кезең –  абсолютті монархия кезеңі (ХVІ-ХVІІІ  ғ.ғ.).

Француз мемлекеті Каролинг империясы құлағаннан кейін пада болды. Негізгі антогонистік тотар феодалдар мен феодалға тәуелді шаруалар болды. Өздерінің топтық маңыздылығына қарай мемлекет феодалдар диктатурасы болып табылады.

Феодалдың бөліну кезеңі

Қоғамдық  құрылыс. өндірістің негізгі құралы – жер - үстем топтың монополиялық меншігі болды. Шаруалар иелігінде күнделікті пайдаланатын иесінің кішкентай жері – парцелла болды. Көптеген шаруалар сервтар мен вилландарға айналды.

Сервтар –  иесінің жеке және мұрагерлік тәуелділігінде, оның барлық айтқандарын істеп, бірталай ақы алды.

Вилландар –  жеке басы тәуелді емес, өз парцелласын (жерін) басқа тұлғаларға сата алды, ал бұл оны сеньорлық борышынан босатты.

Мемлекеттік құрылыс

Мемлекет  басында король тұрды. Оның билігі сайланбалы болды (корольді оның вассалары мен  шіркеу иерархиясының жоғарғысы  сайлады). Жалғыз жалпы мемлекеттік  орган – корольдың курше (¦лы Кеңес) болды. ¦лы Кеңес съезд түрінде жұмыс істеді. Бұл кезеңде басқарудың арнай органдары болмады.

Министериалдар - лауазымды тұлғалар сарай шаруашылығын жүргізіп, сарайлық басшы болды. Король иелігі домен деп аталады. Барлық домен округтерге – превотаждарға бөлінді, Олардың басында прево тұрды. Орталықтағы министериалдар мен жергілікті жерлердегі превотаждарды король тағайындады.

Сот

Әрбір ерікті адам «тең сотпен» соттасулары қ/т  болды. әрбір тұлғаның жауапқа тартылуы қай иерархиялық сатыға жататынына байланысты болды. Жоғарғы сот – корольдық курия еді. Жергілікті жерлердегі сот- сеньорлық юстиция деп аталады. Жоғарғы дәрежелі сеньорлар жо,ғарғы сот билігіне «жоғарғы юстицияға» ие болды. Олар өлім жазасымен жазаланатын қылмыстарды қарады. Төменде тұрған сеньорлар «төменгі юстицияға» ие болды, қалған қылмыстарды қарастырды.

Екінші кезеңнің басында король билігі күшейе түседі. Ол мынадан көрініс табады : Король билігінің сайланбалылығы алынады; «менің вассалымның вассалы менің  вассалым емес» деген принцип жоққашығарылады: вассаның адалдық жөніндегі анты тікелей корольге берілді:

Людовик ІХ реформалары  өткізіледі : оның мәні мынада : сот  реформасы – корольдық доменде  жеке соғыстарға тыйым салынады, егер даутуған жағдайда корольдық сотқа  жүгінулері керек; жергілікті жерлерде «корольдің 40 күні» енгізілді, бұл мерзім ішінде феодалдар жеке соғысты бастай алмады ; Корольдың куриядан ерекше сот палатасы Перит парламенті ығыстырылып шығарылды. Бұл жоғарғы апелляциялық инстанция болды. Қаржы реформасы – басты есептік бірлік ретінде – корольдық алтын монета енгізілді. Корольдық куриядан қаржылық басқарудың жоғарғы органы ретінде – Есеп палатасы ығыстырылып шығарылды.

Сословиелік - өкілетті монархия кезеңі

Қоғамдық  құрылыс. Сервтардың орнына цензитарий пайда болды. Цензитарий – тәуелсіз шаруалар, мұралық жер үлесі цензив иесі. 3 Негізгі сословиенің ресімделуі аяқталды: духовенство, дворяндықжәне «үшінші сословие». Оларға барлық алым-салықтар төлеу жүктелді.

Мемлекеттік құрылыс

Саяси бөліну жойылып, мемлекет сословиелік -өкілетті монархия формасына ие болды : қуатты король билігі жоғарғы кеңесші орган – Бас Штат өкілмен бірігеді. Барлық мәселелер палаталар бойынша жеке қарастырылды. Шешім дауыстың көпшілігімен қабылданды, шешімнің соңғы бекітілуі барлық палаталардың бірлескен жиналысында шешілді.

Мемлекеттік басқару органдарына жататындар:

Мемлекеттік кеңес – жапы басқаруды жүзеге асырды және басқарудың өзге де саласын  бақылады.

Есеп палатасы – қаржы басқармасының жоғарғы  органы және Парламен жоғарғы сот.

Лауазымды тұлғалар:

  • канцлер – ағымдағы басқаруды жүзеге асырды және өзге лауазымды тұлғаларды бақылады;
  • коннетабль -  король әскербасшысы;
  • камерарий – король қазынасын басқарды;
  • палатиндер – корольдің ерекше тапсырмасын орындайтын король кеңесшісі;
  • легистер –    рим   құқығы курсын меңгерген шенеуніктер.

Информация о работе Құлиеленушілік мемлекет пен құқық тарихы