Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Апреля 2013 в 16:36, реферат
Мемлекет пен құқықтың жалпы тарихының пәні - жеке елдің хронологиялық жүйелілігі бойынша нақты-тарихи жағдайында мемлекет пен құқытың пайда болу, даму және қызмет атқаруының нақты және арнаулы заңдылықтары.
Еркін шаруалар – олардың бір тобы мемлекеттің жерінде өмір сүрді, өздерінің үлестері болды және ол үшін рента салығын төлеп отырды; ал екінші тобы сановник немесе жауынгер жеріне бекітіліп, тек күндізгі тамақты ғана алып отырды, өте ауыр жұмыстарды істеді.
2 Бөлім. Лекциялар кешені
2.1 Құлиеленушілік мемлекет пен құқық тарихы
Шет елдер мемлекеті мен құқық тарихы пәні түсінігі, әдістемесі және кезеңдері, Алғашқы қауымдық құрылыстың ыдырауы мен құлиеленушілік мемлекеттер
Глоссарий (анықтама, сөздік)
Мемлекет пен құқықтың жалпы тарихының пәні - жеке елдің хронологиялық жүйелілігі бойынша нақты-тарихи жағдайында мемлекет пен құқытың пайда болу, даму және қызмет атқаруының нақты және арнаулы заңдылықтары.
Еркін шаруалар – олардың бір тобы мемлекеттің жерінде өмір сүрді, өздерінің үлестері болды және ол үшін рента салығын төлеп отырды; ал екінші тобы сановник немесе жауынгер жеріне бекітіліп, тек күндізгі тамақты ғана алып отырды, өте ауыр жұмыстарды істеді.
Фараон - Ежелгі Египет билеушісі.
Уәзір - патшаның ең жақын көмекшісі.
Ном - территориялық бірлік.
Кенбет – Жаңа патшалық кезеңінде орталық сот.
Энси – шумерлік қала мемлекет басындағы басқарушы.
Рабианум – қауымдық кеңес басшысы.
Пурохита – патшаның басшы кеңесшісі және абыз.
Апелла – халық жиналысы.
Геруссия – ақсақалдар кеңесі.
Эфорат – 5 адамнан құралған комиссия, олардың функциясы – архагета мен геруссияны бақылау.
Гелиэя – жоғарғы сот органы.
Патрицийлер – қалалық қауымның толық құқылы азаматтары.
Клиенттер – патрицийлерге мұра бойынша тәуелді және жеке бағыныштылығында болған адамдар.
Плебейлер – жеке бастары бос, бірақ саяси құқықтары жоқ адамдар.
Рекс - Рим қауымының басшысы.
Дигесттер – ескірген ұғымдар мен қарама-қайшылықтарды жою мақсатындағы рим заңгерлері шығармаларының үзінділері.
Юстиниан Кодексі – 12 кітаптан тұратын император конституциялық жинағы.
Тақырып 1: Шет елдер мемлекеті мен құқық тарихы пәні, әдістемесі және кезеңдері
Мақсаты. ШЕМҚТ
пәні мен әдістерін түсіндіру, заң
ғылымдары мен әлеуметтік ғылымдар
жүйесіндегі ШЕМҚТ пәнінің
Жоспар:
Мемлекет пен құқықтың жалпы тарихы қоғам өмірінің бір жағын зерттейтін қоғам туралы ғылымдардың бір бөлігі болып табылады. Мемлекет пен құқытың жалпы тарихы мемлекет және құқық сияқты қоғамдық құбылыстардың шығуы мен дамуын зерттейді. Бұл ғылым бір уақытта тарихи және заңдық болып келеді. Егер ғылым ретінде тарих қоғамның біртұтас пайда болуы, дамуы мен қызмет атқару процесін зерттесе, ал мемлекет пен құқық тарихы мемлекет пен құқыты олардың тек пайда болған кезінен бастап қарастырады.
Мемлекет пен құқықтың жалпы тарихының пәні болып жеке елдің хронологиялық жүйелілігі бойынша нақты-тарихи жағдайында мемлекет пен құқытың пайда болу, даму және қызмет атқаруының нақты және арнаулы заңдылықтары табылады.
Бұл пәнді оқып-үйрену үшін келесі әдістер қолданылады :
Мемлекет және құқықтың жалпы тарихын оқып-үйрену жоғары дәрежелі маманданған заңгерді дайындауға маңызы зор. Ең алдымен мемлекет пен құқықтың жалпы тарихын оқып-үйрену студенттердің мемлекеттік –құқықтық құбылыстарға тарихи ықпал сезімін тәрбиелейді, студенттерді жалпы қоғамдық өмірді және мемлекет пен құқықты танудың ғылыми әдістері білімімен қаруландырады.
Мемлекет пен құқықтың кез келген құбылысы тек оның даму тенденциясы мен келешегін ұғыну кілті табылғанда, бұл құбылыс қалай пайда болды, қалыптасудың қандай сатыларынан өтті және қандай бағытта қозғалуда, дамуда екендігі айқындалғанда ғана дұрыс ұғынықты болады.
Оқулық негізінен
сырттай оқу бөлімінің
Оқулық шеңберінде зерттелініп отырған елдердің барлық мемлекеттік-құқықтық құбылыстары мен оқиғаларын қамту мүмкін емес. Сондықтан мемлекет пен құқықтың «қоғамдық құрылыс», «мемлекеттік құрылыс» (басқару және мемлекеттік құрылыс формасы, билік пен басқарудың орталық және жергілікті органдарының құрылысы мен өкілеттіктері, олардың арақатынасы) және «құқық» (құқықтық қайнар көздері, құқықтың негізгі институттары: меншік құқығы, міндеттемелік құқық, неке-отбасының және мұрагерлік құқық, қылмыстар мен жазалар, сот процесі) сияқты ұғымдарымен ашылатын негізгі аспектілері ғана қарастырылады.
Оқулықты дайындауда К.И. Батыр, П.Н. Галанза, Н.А. Крашенникова сияқтыкөрнекті заңгер-мемлекет-танушылардың еңбектері пайдаланылды.
Пайдаланылған оқулықтар :
Бақылау сұрақтары:
Әдебиеттер (пәннің оқу-әдістемелік қамтамасыз етілу бөліміндегі, оқу әдістемелік әдебиетке сілтеме)
Қараңыз.Оқу-әдістемелік әдебиеттер тізімі
Тақырып 2. Ежелгі Шығыс мемлекеттері мен құқығы
Мақсаты: Ежелгі Шығыс елдері – Көне Египте, Үндістан; Қытай Вавилон елдерінде алғашқы қауымдық құрылыстың ыдырауы мен мемлекеттік-құқықтық институттардың пайда болу жолдарын және ерекшелектерін анықтау
Жоспар:
Ежелгі Египет мемлекеті тарихының кезеңдері. Біртұтас орталық мемлекеттің пайда болуы (б.з.д. IҮ м.ж.д. – III м.ж. аяғы). Мемлекеттік биліктің деспотиялық-теократиялық сипаты. Қоғамдық құрылыстың ерекшелігі. Мемлекеттік басқару органдарының жүйесі (фараон, джати, шенеуніктік, патша және т.б.). Абыздардың саяси рөлі. Эхнатон фараонның діни реформа. Жергілікті басқару. Әскер. Сот.
Қосөзен аңғарында мемлеукеттің пайда болуы мен даму еркшелігі. Мемлекеттік ұйымның ерте формасы – қала-мемлекеттер. Мемлекеттік-гегемонияның қалыптасуы. Ура әулетінің патшалық етуі (б.з.д XII-XX ғғ). Вавилон орталықтанған мемлекетінің дамуы (б.з.д. XVIIIғ.). Хаммурапи тұсындағы Вавилонның қоғамдық-саяси құрылысы.Басқаруда қауым мен храмның ролі. Әскер. Сот.
Ежелгі Месопотамияның құқықтық қайнар көздері және құқықтық институттардың ерекшелігі. Б.з.д. ХҮІІІғ. Хаммурапи патшаның заңы. Нормалар жүйесі. Мүліктік қатынастар регламентациясы. Қылмыстық құқық ерекшелігі: композициялық жазалар жүйесі және талион.Отбасы-неке құқығы. Соттық іс жүргізу.
Ежелгі Үндістан мемлекеті тарихының кезеңдері. Сословиелік-варналық жүйенің қалыптасуя (брахмандар, кшатрийлер, вайшилер, шудралар) және алғашқы «тайпалық мемлекеттердің» пайда болуы. Маурилер империясы. Империда мемлекеттік бірлікті ұйымдастырудың ерекшеліктері. Монархия және қауымдық ұйым. Патша билігі. Орталық және жергілікті шенеуніктік аппарат. Алқалы органның маңызы. Әскер. Сот.
Құқықтың қайнар көздерінің арнайы сипаты: әдет ғұрып, дхрамашастра, артхашастра, дхармашастраға түсінік. Дін мен құқықтың байланыстылығы. Ману Заңы (б.з.д. IІғ. – б.з. II ғ.). Мүліктің және отбасылық қатынастарды реттеу. Қылмыс және жаза. Соттық іс жүргізу.
Ежелгі Қытайда мемлекеттің қалыптасуы мен дамуының негізгі кезеңдері. Шань Инь династиясының алғышқы мемлекеттік құрылымы (б.з.д. XV – XІ ғғ.). Алғашқы орталық танған Цинь мемлекетінің құрылуы. Легизм және Шан Ян реформалары (б.з.д. III ғ.).
Хань династиясының
Дәстүрлі құқықтың қалыптасуы. Құқықтағы легизм және конфуция ағымдарының күресі мен өзара байланысының көрінісі. Құқықтың қайнар көздері. Конфуциялық мораль нормасы «ли» және құқық. Отбасылық-неке қатынастарын реттеу. Соттық іс жүргізу.
Бақылау сұрақтары:
Әдебиеттер (пәннің оқу-әдістемелік қамтамасыз етілу бөліміндегі, оқу әдістемелік әдебиетке сілтеме)
Қараңыз.Оқу-әдістемелік әдебиеттер тізімі
Тақырып 3. Ежелгі Грек мемлекеті мен құқығы тарихы
Мақсаты: Грек еліндегі мемлекеттік-құқықтық жүйенің пайда болу ерекшеліктерін анықтау, құлиеленушілік қоғамда демлкратиялық институттың пайда болуын талдау
Жоспар:
Грецияда саяси қауымның қалыптасуы және мемлекеттің қалыптасуы. Тезей реформасы. Афинада демократиялық құлиеленушілік республиканың және Спартада аристократиялық республиканың дамуының негізгі кезеңдері. Афинадағы Солон, Клисфен, Эфиальт и Перикл реформалары. Афина және Спартадағы басқару жүйесі. Афиналық демократияның дағдарысы. Ежелгі Спартаның құлау себебі.
Ежелгі Греция құқығының негізгі белгілері. Афина құқығының жалпы сипаттамасы және қайнар көздерінің жүйесі. Қылмыстық құқық: Драконт Заңы. Соттық іс жүргізу.
Бақылау сұрақтары:
Бақылау сұрақтарын жауап беру:
Әдебиеттер (пәннің оқу-әдістемелік қамтамасыз етілу бөліміндегі, оқу әдістемелік әдебиетке сілтеме)
Қараңыз.Оқу-әдістемелік әдебиеттер тізімі
Тақырып 4. Ежелгі Рим мемлекеті мен құқығы тарихы
Мақсаты: Ежелгі Рим құқығы мен мемлекеттік институттардың пайда болуын және функцияларын анықтау
Жоспар:
1. Ежелгі Римде мемлекетінің құры
А) патшалық кезең.
Б) республикалық кезең.
В) империялық кезең.
2.Ежелгі Рим құқығының негізгі белгілері.
Рим мемлекеті
қалалық қауымнан қалыптасты. Рим
қалыптасқан кезден бастап б.з. 509 ж.
Дейін римдіктерде рулық
Информация о работе Құлиеленушілік мемлекет пен құқық тарихы