Конституция - Қазақстан Республикасының Ата Заңы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Ноября 2012 в 06:38, контрольная работа

Краткое описание

Қазақстандық жалпыұлттық идеяның негізгі астарында «Қазақстан кімнің мемлекеті: қазақтардың ба әлде қазақстандықтардың ба?» деген сауал тұр. Жауап: Қазақстан – елді мекендегі барша ұлтар мен ұлыстардың, этникалық-әлеуметтің топтардың Отаны. Этникалық тұрғыда жер қазақ халқының жері болғанымен, мазмұны жағынан демократиялық-құқықты, азаматтық қоғамды құруға бағыт алып отырған Отанымыз көп ұлтты. Қай ұлт өкілі болмасын, олар – Қазақстан Республикасының тең құқықты азаматы, қазақстандық. Бұл кез келген дамыған демократиялық әлемдік мемлекеттерге тән қасиет. Франция – франциялықтардың, АҚШ – американдықтардың Отаны.
Қазақстан Республикасының қазіргі Ата Заңы 1995 жылғы 30 тамызда республикалық бүкілхалықтық дауыс беру (референдум) арқылы қабылданды. Ата Заң қабылданған күн демалыс — мемлекеттік мереке — Қазақстан Республикасының Конституциясы күні деп жарияланды. Ата Заңды қабылдау әдісінің орасан зор маңызы бар, өйткені оның мазмұнын сайлаушылар көпшіліктің қатысуымен мақұлдайды.

Содержание

Кіріспе……………………………………………………………………………………………….3
1 Конституция - Қазақстан Республикасының Ата Заңы 4
2. Қазақстан Республикасы - егемендi және тәуелсiз мемлекет 5
3 Қазақстан – демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтiк мемлекет 7
4. Қазақстан Республикасының сайлау жүйесi 8
5. Қазақстан - Президенттiк Республика 9
6. Қазақстан Республикасы азаматтарының негiзгi құқықтары мен бостандықтары 10
7. Қазақстан Республикасы азаматтарының негiзгi мiндеттерi 14
Қорытынды 15
Қолданылған әдебиеттер тізімі 16

Прикрепленные файлы: 1 файл

Бақылау конституция.doc

— 175.50 Кб (Скачать документ)

Бiрлесу бостандығы құқығы - азаматтардың өздерiнiң мүдделерiне сәйкес ортақ мақсатқа жету үшiн ерiктi көңiл бiлдiрудiң негiзiнде ерiктi құрама құру мүмкiндiгi. Бұл құқық жаңа бiрлестiк құру, сол сияқты тең құқықтық, өзiн-өзi басқару және заңдылық принциптерiмен қызмет етiп жатқан бiрлестiктер құрамына кiру жолдарымен жүзеге асырылуы мүмкiн. Мақсаты мен қызмет саласына қарай азаматтар бiрлестiгi сан алуан болып келедi. Бiрлестiктердiң негiзгi түрлерiне саяси партиялар, бұқралық қозғалыстар, кәсiптiк одақтар, балалар, жастар, әйелдер, ардагерлер ұйымдары, ғылыми, техникалық, мәдени-ағарту, спорттық, өзге ерiктi қоғамдар, шығармашылық одақтар, ұлттық мәдени орталықтар және т. б. жатады.

Экономикалық құқықтар мен бостандықтар - адамға өз мүмкiндiгiн материалдық өндiрiс саласында жүзеге асыру үшiн қажет екендiгiн айта кету керек. Мысалы, әркiмнiң кәciпкеpлiк қызмет еркiндiгiне, өз мүлкiн кез келген заңды кәсiпкерлiк қызмет үшiн еркiн пайдалануға құқығы бар. Монополистiк қызмет заңмен реттеледi әрi шектеледi. Жосықсыз бәсекеге тыйым салынады. [9-11 бет]

Қазақстанда жеке меншiк  заңмен қорғалады. Қазақстан Республикасының азаматтары заңды түрде алған қандай да болсын мүлкiн жеке меншiгiнде ұстай алады. Соттың шешiмiнсiз ешкiмдi де өз мүлкiнен айыруға болмайды.

Әлеуметтiк құқықтар мен бостандықтарға: денсаулық сақтау, бiлiм алу, әлеуметтiк қамсыздандыру, еңбек ету бостандығы және т. б. жатады.

Еңбек ету бостандығын - әркiмнiң өз қабiлетiне қарай еңбек таңдау мүмкiндiгi. Әрбiр адамның қызмет пен кәciп түрiн еркiн таңдауға құқығы бар. Ерiксiз еңбекке соттың үкiмi бойынша не төтенше жағадайда немесе соғыс жағдайында ғана жол берiледi. Әркiмнiң қауiпсiздiк пен тазалық талаптарына сай еңбек ету жағдайына, еңбегi үшiн нендей бiр кемсiтусiз сыйақы алуына, сондай-ақ жұмыссыздықтан әлеуметтiк қорғалуға құқығы бар және т. б. [9-12 бет]

Қазақстанда азаматтарды тұрғын үймен қамтамасыз ету үшiн жағдайлар жасалады. Қазақстан Республикасы азаматтарының денсаулығын сақтауға, жасына келген, науқастанған, асыраушысынан айырылған жағдайда және өзге де заңды негiздерде оған ең төмен жалақы және зейнетақының мөлшерiнде, мемлекеттiк оқу орындарында тегiн орта бiлiм алуына кепiлдiк берiледi. [9-13 бет]

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

7 Қазақстан Республикасы азаматтарының негiзгi мiндеттерi

 

 

 Азаматтардың негiзгi мiндеттерiне Қазақстан Республикасының Конституциясын және басқа заңдарды сақтау, басқа адамдардың құқықтарын, бостандықтарын, ар-намысы мен қaдip-қacиeтiн құрметтеу, салықтар мен алымдарды төлеу, т. б. жатады.

Әр азамат Республиканың мемлекеттiк рәмiздерiн құрметтеуге мiндеттi. Рәмiздерге: Мемлекеттiк Ту, Мемлекеттiк Елтаңба және Мемлекеттiк Гимн жатады. Әркiм Республиканың мемлекеттiк рәмiздерiн құрметтеуге мiндеттi. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк Елтаңбасын мемлекеттiк емес ұйымдардың және олардың лауазымды адамдарының бланктерiнде және басқа реквизиттерiнде пайдалануына заңмен тиым салынған.

Мемлекеттiк нышандарды қорлаушылық үшiн қылмыстық жауаптылыққа дейiнгi заңдық жауапталық белгiленген. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң 317-бабында Мемлекеттiк Туды, Мемлекеттiк Елтаңбаны немесе Мемлекеттiк Гимндi қорлағаны үшiн, қылмыскер айыппен немесе бас бостандығынан айыруға жазаланады.

Елдi сыртқы қарулы күш көрсетуден қорғау бүкiл халықтың басты қызметiнiң бiрi болып табылады. Сондықтан Қазақстан Республикасын қорғау әр азаматтың қасиеттi борышы мен мiндетi ретiнде конституциялық тұрғыда бекiтiлген. Мемлекеттi қорғау қызметi мән-мағынасы жағынан сол мемлекеттiң мiндетi. Бейбiт кезде елдiң қорғаныс қабiлетiн нығайту, қарулы шабуылдың алдын алу және Қазақстан Республикасына қарсы жасалуы мүмкiн шабуылды тойтару, сондай-ақ әскери ғылым мен техниканы дамыту үшiн мемлекет қажеттi шараларды жүзеге асырады.

Әскери қнзметтiң тәртiбi мен түрлерi «Жалпыға бiрдей әскери мiндет және әскери қызмет туралы» 1993 жылғы 1 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңымен реттеледi. Жалпыға бiрдей әскери мiндетке: азаматтарды әскери қызметке дайындау; шақыру учаскелерiне тiркеу; әскери қызметке тiркеу; әскери қызметтi өтеу; запастағы әскери қызмет; запаста жүрген кезде оқу жиындарынан өту; соғыс кезiнде азаматтардың бәрiне бiрдей әскери бiлiм беру кiредi.

Қазақстан Республикасының азаматтары жалпыға бiрдей әскери  мiндеттiлiгiне қатысты мынадай санаттарға: әскерге шақыруға дайындар – шақыру пунктiне тiркелгенге дейiн 15 жастан бастап әскери қызметке әзiрлiктен өткен бозбалалар; әскерге шақырылатындар - шақыру пунктiне тiркелген тiркелген адамдар; әскерилер - әскери қызметте жүрген адамдар; әскери мiндеттiлер - запастағы адамдар; әскери мiндеттiлiк жүктелмегендер - әскери есепке алынбағандар немесе осы тiзiмнен алынғандар жатқызылады.

Қазақстан Республикасының азаматтары тарихи, мәдени мұралардың сақталуына қамқорлық жасауға, тарих пен мәдениет ескерткiштерiн қорғауға, табиғатты сақтауға және табиғат байлықтарына ұқыпты қарауға мiндеттi.

Жоғарыда аталған мiндеттермен қатар, азаматтардың құқықтары мен  бостандықтары конституциялық құрылысты  қорғау, қоғамдық тәртiптi, адамның құқықтары мен бостандықтарын, халықтың денсаулығы мен имандылығын сақтау мақсатына қажеттi шамада және заңмен шектелуi мүмкiн. Бұл мәселе, мысалы, Республиканың бүкiл аумағында не бiр бөлiгiнде төтенше жағдай енгiзiлген кезде көрiнiс табады. Себебi, төтенше жағдай уақытша шара болып және азаматтардың, заңды құқығы бар мекемелердiң құқықтары мен бостандықтарын шектеудi белгiлейтiн айрықша құқықтық режим болып табылады.

Конституцияның 39-бабында саяси себептер бойынша азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қандай да бiр түрде шектеуге жол берiлмейтiндiгi туралы тұжырым бар. [7,8-48,49 беттер]

 

Қорытынды

 

Еліміздің Президенті Н.Ә. Назарбаев айтқандай: "Соңғы өткен 10-жыл тек Совет Үкіметінің ыдырауы мен ескіліктің күйзелуі болып қана тарихқа кірмейді. Жаңа мемлекеттер тобының қазіргі замандағы әлеуметтік - саяси және зкономикалық құрылыс моделіне бет бұрысы жүзеге асырылуда".

     Конститутциялық құқық негіздерін зерделей келе біз Қазақстан Республикасының құқықтық мемлекетке өту үрдісінде екенін байқадық.

        Сонымен, құқықтық мемлекет –  көпшілік саяси биліктік құқықтың  нысанындағы құрылған қызметті, заңның жоғарлығына негізделген қоғамның жан-жақты заңға бағынышты актілерге қатысты нормативтік–құқықтық актілердің түрлері ретіндегі заң басымдығы мен ғана емес, қолданылып жүрген заңдар мен қоғам мүшелеріне бекілген құқықтар мен бостандықтың кең аясымен сипатталады. Құқықтық мемлекетте адам құқығын қандай болмасын шектеуге жол берілмейді. Сонымен бірге құқықтық мемлекет осы құқықтардың жүзеге асырылуын дәйекті және бұлжытпай қамтамассыз етуге және оларды қорғауға міндетті. Осыған байланысты қоғам мен мемлекет өміріндегі түрлі саладағы құқықтың теңдік проблемасы принципті мәнге ие болады.

Біздің еліміздің құқықтық мемлекетке айналатынына сенімдімін.

Қазақстандық жалпыұлттық  идеяның негізгі астарында «Қазақстан кімнің мемлекеті: қазақтардың ба әлде қазақстандықтардың ба?» деген сауал тұр. Жауап: Қазақстан – елді мекендегі барша ұлтар мен ұлыстардың, этникалық-әлеуметтің топтардың Отаны. Этникалық тұрғыда жер қазақ халқының жері болғанымен, мазмұны жағынан демократиялық-құқықты, азаматтық қоғамды құруға бағыт алып отырған Отанымыз көп ұлтты. Қай ұлт өкілі болмасын, олар – Қазақстан Республикасының тең құқықты азаматы, қазақстандық. Бұл кез келген дамыған демократиялық әлемдік мемлекеттерге тән қасиет. Франция – франциялықтардың, АҚШ – американдықтардың Отаны.

Экономикалық құқықтар мен бостандықтар - адамға өз мүмкiндiгiн материалдық өндiрiс саласында жүзеге асыру үшiн қажет екендiгiн айта кету керек. Мысалы, әркiмнiң кәciпкеpлiк қызмет еркiндiгiне, өз мүлкiн кез келген заңды кәсiпкерлiк қызмет үшiн еркiн пайдалануға құқығы бар. Монополистiк қызмет заңмен реттеледi әрi шектеледi. Жосықсыз бәсекеге тыйым салынады.

Қазақстанда жеке меншiк  заңмен қорғалады. Қазақстан Республикасының азаматтары заңды түрде алған қандай да болсын мүлкiн жеке меншiгiнде ұстай алады. Соттың шешiмiнсiз ешкiмдi де өз мүлкiнен айыруға болмайды.

Әлеуметтiк құқықтар мен бостандықтарға: денсаулық сақтау, бiлiм алу, әлеуметтiк қамсыздандыру, еңбек ету бостандығы және т. б. жатады.

Еңбек ету бостандығын - әркiмнiң өз қабiлетiне қарай еңбек таңдау мүмкiндiгi. Әрбiр адамның қызмет пен кәciп түрiн еркiн таңдауға құқығы бар. Ерiксiз еңбекке соттың үкiмi бойынша не төтенше жағадайда немесе соғыс жағдайында ғана жол берiледi. Әркiмнiң қауiпсiздiк пен тазалық талаптарына сай еңбек ету жағдайына, еңбегi үшiн нендей бiр кемсiтусiз сыйақы алуына, сондай-ақ жұмыссыздықтан әлеуметтiк қорғалуға құқығы бар және т. б.

 

 

 

 

 

 

 

 

Қолданылған әдебиеттер тізімі

 

  1. ҚР Конститциясы
  2. «ҚР Конститциясының талқыламасы» Арманов А.С., Алматы 2012ж
  3. Ғ. Сапарғалиев Қазақстан мемлекеті мен құқығының негіздері «Атамұра», 1998ж.
  4. Баққұлов С.Д. Құқық негіздері Алматы, 2003 ж.
  5. Дулатбеков Н. Амандықова С. Тұрлаев А. Мемлекет және құқық негіздері, Алматы, 2001ж.
  6. Нормативтік құқықтық актілер
  7. Төлеуғалиев Ғ. Қазақстан Республикасының Азаматтық құқығы, оқулық, Алматы, 1999 ж.
  8. Жайлин Ғ.А. Қазақстан Республикасының Азаматтық құқығы, Ерекше бөлім. 1-2 томдар, Алматы, 2003 г.
  9. Республика бюджетiнiң ҚР Заңдары 1998-2001 жылдар [2];
  10. Аманбеков Б  “Бюджет есептерi” Қазақстан қаражаты-1999 жыл. N8
  11. Амрекулов Н “Қаржы жѕйесiн ұйымдастыру және бюджет жүйесi” Т.Экономика –2000 жыл

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Информация о работе Конституция - Қазақстан Республикасының Ата Заңы