Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Ноября 2012 в 06:38, контрольная работа
Қазақстандық жалпыұлттық идеяның негізгі астарында «Қазақстан кімнің мемлекеті: қазақтардың ба әлде қазақстандықтардың ба?» деген сауал тұр. Жауап: Қазақстан – елді мекендегі барша ұлтар мен ұлыстардың, этникалық-әлеуметтің топтардың Отаны. Этникалық тұрғыда жер қазақ халқының жері болғанымен, мазмұны жағынан демократиялық-құқықты, азаматтық қоғамды құруға бағыт алып отырған Отанымыз көп ұлтты. Қай ұлт өкілі болмасын, олар – Қазақстан Республикасының тең құқықты азаматы, қазақстандық. Бұл кез келген дамыған демократиялық әлемдік мемлекеттерге тән қасиет. Франция – франциялықтардың, АҚШ – американдықтардың Отаны.
Қазақстан Республикасының қазіргі Ата Заңы 1995 жылғы 30 тамызда республикалық бүкілхалықтық дауыс беру (референдум) арқылы қабылданды. Ата Заң қабылданған күн демалыс — мемлекеттік мереке — Қазақстан Республикасының Конституциясы күні деп жарияланды. Ата Заңды қабылдау әдісінің орасан зор маңызы бар, өйткені оның мазмұнын сайлаушылар көпшіліктің қатысуымен мақұлдайды.
Кіріспе……………………………………………………………………………………………….3
1 Конституция - Қазақстан Республикасының Ата Заңы 4
2. Қазақстан Республикасы - егемендi және тәуелсiз мемлекет 5
3 Қазақстан – демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтiк мемлекет 7
4. Қазақстан Республикасының сайлау жүйесi 8
5. Қазақстан - Президенттiк Республика 9
6. Қазақстан Республикасы азаматтарының негiзгi құқықтары мен бостандықтары 10
7. Қазақстан Республикасы азаматтарының негiзгi мiндеттерi 14
Қорытынды 15
Қолданылған әдебиеттер тізімі 16
Мәжiлiс депутаттарын сайлау жалпыға бiрдей, тең және төте сайлау құқығының негiзiнде жасырын дауыс беру арқылы жүзеге асырылады. Мәжiлiс депутаттарының кезектi сайлауы Парламенттiң, жұмыс iстеп тұрған сайлану өкiлеттiлiгiнiң, мерзiмi аяқталғанға дейiнгi екi айдан кешiктiрiлмей өткiзiледi.
Жергiлiктi органдарды — мәслихаттарды жалпыға бiрдей, тек, төте сайлау құқығы негiзiнде жасырын дауыс беру арқылы төрт жыл мерзiмге халық сайлайды. Жиырма жасқа толған азамат мәслихат депутаты болып сайлана алады. Республика азаматы бip мәслихаттың ғана депутаты бола алады.
Сенат депутаттары жанама сайлау құқығы негiзiнде жасырын дауыс беру жолымен сайланады. Сайланған Сенат депутаттарының жартысы әрбiр екi жыл сайын қайта сайланып отырады. [4-19 бет]
Қазақстан Республикасының Президентi - мемлекеттiң басшысы, елдiң жоғары лауазымды тұлғасы. Қазақстанның Президентi Конституция бойынша жоғары лауазымды тұлға болғандықтан, Қазақстан халқының бiрлiгiн қамтамасыз етедi, былайша айтқанда, түрлi ұлттар арасында, әлеуметтiк топтар арасында ала ауыздық болмауына қамқорлық жасайды. Мемлекеттiк билiктiң түрлi буындарының арасында қақтығыс болмауын қадағалайды. Президент Парламент қабылдайтын заңдарға қол қояды, егер заңдар Конституцияға сәйкес келмесе қайта қарау үшiн керi қайтарады.
Егер Парламент заң қабылдау құқығын уақытша Президентке тапсырса, ол заңды өз Жарлығымен қабылдай алады. Сонымен қатар, Республика Президентiнiң заңдар жобасын қараудың басымдылығын белгiлеуге, сондай-ақ осы жоба жедел қаралады деп жариялауға құқығы бар, бұл - Парламент заң жобасын енгiзiлген күннен бастап, бiр ай iшiнде қарауға міндетті екендiгін бiлдiредi. Парламент осы талапты орындамаса, Республика Президентi заң күшi бар жарлық қабылдай алады. [7-56 бет]
Парламент - Қазақстан Республикасының заң шығару қызметiн жүзеге асыратын Республиканың ең жоғары өкiлеттi органы. Парламент тұрақты негiзде жұмыс iстейтiн екi Палатадан: Сенаттан және Мәжiлiстен тұрады.
Үкiмет - Қазақстан Республикасының атқарушы билiгiн жүзеге асырады, атқарушы органдардың жүйeciн басқарады және олардың қызметiне басшылық жасайды. Үкiмет өзiнiң бұл қызметiнде Республика Президентiнiң алдында жауап бередi.
Қазақстан Республикасында сот төрелiгiн тек сот ғана жүзеге асырады. Сот жүйесiне Республиканың Жоғарғы соты және жepгiлiктi соттар кiредi.
Жергiлiктi мемлекеттiк басқаруды тиiстi аумақтаығы icтiң жай-күйiне жауап беретiн жергiлiктi өкiлеттi (мәслихаттар) және атқарушы органдар (Президент пен Үкiметтiң өкiлдерi болнп табылатын әкiмдер басқаратын) жүзеге асырады. [9-10 бет]
Конституцияның 12-шi бабына сәйкес адам құқықтары мен бостандықтары танылады және оларға кепiлдiк берiледi. Республика азаматтарының құқықтары мен бостандықтары Қазақстан мемлекетi мойындайтын әрi кепiлдiк беретiн өз азаматтарының белгiлi мiнез-құлқының заңдық мүмкiндiктерiн бiлдiредi. Осының нәтижесiнде өркениеттi мемлекеттердегi адам мен азаматтардың негiзгi құқықтары мен бостандықтары толық көлемде Республика Конституциясында бекiтiлген. Конституция бойынша оларды жеке, саяси, экономикалық, және әлеуметтiк топтарға бөлуге болады.
Жеке құқықтар мен бостандықтар. [5-11 бет]
Өмip сүру құқығы. өмiр сүру құқығы - ол ешкiмнiң қандай жағдайда болсын айыруына болмайтын адамның басқа барлық құқығының ең негiзгiсi. 1948 жылғы “Адам мен азамат құқығының жалпыға бiрдей Декларациясында жеке адамның адами құндылығын мен әр адамның өмiр сүру құқығы жарияланған.
Өмiр сүру құқығы тек Конституциямен ғана емес, сондай-ақ салалық заңдармен қорғалады. Мысалы: Өмiр сүру құқығы адам қайтыс болғанға дейiн өз мәнiн сақтайды. «Қазақстан Республикасында халықтың денсаулығын сақтау туралы» Заңның 52 бабы өмiрдi қолдаушы аппаратура тек өлiм расталған жағдайда ғана қызметiн тоқтатуы мүмкiн екендiгi айтылған.
Ешкiмнiң, өз бетiнше, адам өмipiн қиюға хақысы жоқ. Өлiм жазасы ерекше ауыр қылмыс жасағаны үшiн, ең ауыр жаза ретiнде заңмен белгiленедi, ондай жазаға кесiлген адамға кeшipiм жасау туралы арыздану құқығы берiледi. Экономикалық құқықтар мен бостандықтар - адамға өз мүмкiндiгiн материалдық өндiрiс саласында жүзеге асыру үшiн қажет екендiгiн айта кету керек. Мысалы, әркiмнiң кәciпкеpлiк қызмет еркiндiгiне, өз мүлкiн кез келген заңды кәсiпкерлiк қызмет үшiн еркiн пайдалануға құқығы бар. Монополистiк қызмет заңмен реттеледi әрi шектеледi. Жосықсыз бәсекеге тыйым салынады. [9-11 бет]
Қазақстанда жеке меншiк заңмен қорғалады. Қазақстан Республикасының азаматтары заңды түрде алған қандай да болсын мүлкiн жеке меншiгiнде ұстай алады. Соттың шешiмiнсiз ешкiмдi де өз мүлкiнен айыруға болмайды.
Әлеуметтiк құқықтар мен бостандықтарға: денсаулық сақтау, бiлiм алу, әлеуметтiк қамсыздандыру, еңбек ету бостандығы және т. б. жатады.
Еңбек ету бостандығын - әркiмнiң өз қабiлетiне қарай еңбек таңдау мүмкiндiгi. Әрбiр адамның қызмет пен кәciп түрiн еркiн таңдауға құқығы бар. Ерiксiз еңбекке соттың үкiмi бойынша не төтенше жағадайда немесе соғыс жағдайында ғана жол берiледi. Әркiмнiң қауiпсiздiк пен тазалық талаптарына сай еңбек ету жағдайына, еңбегi үшiн нендей бiр кемсiтусiз сыйақы алуына, сондай-ақ жұмыссыздықтан әлеуметтiк қорғалуға құқығы бар және т. б. [6-10,12 бет]
Әркiмнiң өзiнiң жеке басының құқығы бар және адамның қадiр-қасиетiне қол сұғылмайды. Адамның жеке басының бостандығы - өзiнiң болмысынан туындайтын оның бөлiнбейтiн және абсолюттi құқығы. Мысалы, заңда көзделген реттерде ғана және тек соттың немесе прокурордың санкциясымен тұтқындауға және қамауда ұстауға болады, тұтқындалған адамға сотқа шағымдану құқығы берiледi. Прокурордың санкциясынсыз адамды 72 сағаттан аспайтын мерзiмге ғана ұстауға болады.
Осылармен қатар ұсталған, тұтқындалған, қылмыс жасады деп айып тағылған әрбiр адам сол ұсталған, тұтқындалған немесе айып тағылған кезден бастап адвокаттың (қорғаушының) көмегiн пайдалануға құқылы. Экономикалық құқықтар мен бостандықтар - адамға өз мүмкiндiгiн материалдық өндiрiс саласында жүзеге асыру үшiн қажет екендiгiн айта кету керек. Мысалы, әркiмнiң кәciпкеpлiк қызмет еркiндiгiне, өз мүлкiн кез келген заңды кәсiпкерлiк қызмет үшiн еркiн пайдалануға құқығы бар. Монополистiк қызмет заңмен реттеледi әрi шектеледi. Жосықсыз бәсекеге тыйым салынады. [9-11 бет]
Қазақстанда жеке меншiк заңмен қорғалады. Қазақстан Республикасының азаматтары заңды түрде алған қандай да болсын мүлкiн жеке меншiгiнде ұстай алады. Соттың шешiмiнсiз ешкiмдi де өз мүлкiнен айыруға болмайды.
Әлеуметтiк құқықтар мен бостандықтарға: денсаулық сақтау, бiлiм алу, әлеуметтiк қамсыздандыру, еңбек ету бостандығы және т. б. жатады.
Еңбек ету бостандығын - әркiмнiң өз қабiлетiне қарай еңбек таңдау мүмкiндiгi. Әрбiр адамның қызмет пен кәciп түрiн еркiн таңдауға құқығы бар. Ерiксiз еңбекке соттың үкiмi бойынша не төтенше жағадайда немесе соғыс жағдайында ғана жол берiледi. Әркiмнiң қауiпсiздiк пен тазалық талаптарына сай еңбек ету жағдайына, еңбегi үшiн нендей бiр кемсiтусiз сыйақы алуына, сондай-ақ жұмыссыздықтан әлеуметтiк қорғалуға құқығы бар және т. б. [6-45,44 бет]
Адамның қадiр-қасиетi мемлекетпен қорғалатын құндылықтарды құрайды, өйткенi ол өзiн және өзiнiң жеке тұлғалық жағдайын нақ құқықтық мемлекеттегiдей сезiнетiн кез-келген жеке адамға тән. Қадiр-қасиет - саналы түрде сезiнген, айналып келгенде, оның жеке iшкi және сыртқы қасиеттерiне айналған “қанына сiңген” жеке тұлға ретiнде сипаттайтын, адамның дамушы iзгi мiнез-әрекеттерiнiң сырттай бейнеленген көрiнiсi ретiнде түсiнiледi. Адамның қадiр-қасиетi оның қоғамдағы орнына, атағына, тұрмыс қалпына, кәсiпқойлығына және басқа жағдайларға байланысты.
Әрбiр адам сый-құрмет пен мойындауға және дербес ой мен әрекет құқығына лайық. Заң әрекеттерiн қолдану кезiнде (мысалы: куәландыру, сұрыптау, тiнту, сұраққа жауап алу, беттестiру, корреспонденция алу, ұстау, тұтқындау секiлдi басқа түрлi тергеу жұмыстарын жүргiзу барысында) адамның қадiр-қасиетiне қол сұғылмауы жөнiндегi мiндет Конституцияда қатаң көрсетiлген.
Қинауға, күш қолдануға, басқа да қатал не адамның қадiр-қасиетiн қорлайтын қатынас пен жазаға тиым салынады. Заң адамның қадiр-қасиетiн, ар-ожданын қоғау мүмкiндiктерiн белгiлейдi. Мысалы, Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексiнiң 347-1 бабына сәйкес тергеушiнiң, анықтауды жүргiзушi адамның немесе өзге лауазымды адамның мәлiметтер алу немесе мойындату, не оны жасаған немесе жасады деп күдiк келтiрiлген iс-әрекет үшiн жазалау, сондай-ақ оны немесе үшiншi адамды кез келген сипаттағы кемсiтуге негiзделген кез келген себеп бойынша қорқыту немесе мәжбүр ету мақсатымен әдейi тән немесе психикалық зардап шектiруiне жол берiлмейдi. Егер сол әрекет жәбiрленушiнiң денсаулығына ауыр зиян келтiрсе немесе абайсызда адам өлiмiне апарып соқса, онда оны үш жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметтердi атқару құқығынан айыра отырып, бес жылдан он жылғы мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Ұлттық және дiни салалардағы құқықтар мен бостандықтар және олардың кепiлдiктерi: «Бiз, ортақ тарихи тағдыр бiрiктiрген Қазақстан халқы» деген конституциялық тұжырыммен айшықталған - көп ұлтты, саяси алуан пiкiрлi және көп конфессияланған қазақстандық қоғамдағы адам жағдайын бейнелейдi. Ұлттық, партиялық немесе дiни болмысты анықтау - ол адамның өзiн-өзiне iштей ұқсастыруының нәтижесi. Мысалы, төлқұжат жеке басты куәландыратын және Қазақстан Республикасының азаматтығын растайтын басты құжат болып табылады. Төлқұжатта азаматтың ұлты оның иесiнiң еркi бойынша көрсетiледi. Әркiм өзiнiң қай ұлтқа, қай партияға және қай дiнге жататынын өзi анықтауға және оны көрсету-көрсетпеуге хақылы. Әркiмнiң ана тiлi мен төл мәдениетiн пайдалануға, қарым-қатынас, тәрбие және шығармашылық тiлiн еркiн таңдап алуға құқығы бар.
Дегенмен, ұлттық белгiнi жеке адамның заңи мәртебесiнен алу ұлтаралық қатынас сияқты аса маңызды саладағы оның рөлiн төмендету емес. Тiл мен дiннiң қызмет етуi, өз мәдениетiн толыққанды пайдалану, ұлттық және рулық болмысындағы белгiлерi бойынша кемсiтушiлiкпен күрес мәселелерi мемлекетте қолданылатын заңдармен егжей-тегжейлi реттелген, ұлттық-мәдени орталықтары және Республика Президентi жанындағы Қазақстан халықтары Ассамблеясы, сондай-ақ әртүрлi қоғамдық бiрлестiктердi қоса алғанда мемлекеттiк органдардың тұрақты назарында.
Қазақстан Республикасында мемлекеттiк тiл - қазақ тiлi. Онымен қоса мемлекеттiк ұйымдарда жергiлiктi басқару орындарында орыс тiлi ресми түрде қазақ тiлiмен тең қолданылады. Тiлдердiң өмiр сүруiнiң құқықтық негiздерi, оларды зерделеу мен дамыту, мемлекеттiң өз ауқымында қолданылатын тiлдердiң бәрiне бiрдей құрмет сезiмiн қамтамаснз ету үшiн қолайлы жағдай жасау мiндеттерi «Қазақстан Республикаснндағы тiл туралы» 1997 жылғы 11 шiлдеде қабылданған Заңмен белгiленген және ынталандырады.
Қазақстан Республикасы аумағында заңды түрде тұратын әрбiр адамның, заңда арнайы көрсетiлгеннен басқа реттерде, оның аумағында еркiн жүрiп-тұруға және тұрғылықты елдi мекендi өз қалауы бойынша таңдап алуға, республикадан тыс жерлерге кетуiне, республика азаматтарының кедергiсiз қайтып оралуына құқығы бар.
Шетел азаматтары және азаматтығы жоқ адамдар, Қазақстан Республикасының азаматтары сияқты, республика аумағында еркiн жүрiп-тұруға және өздерiне тұрғылықты мекендi қалауынша тағдауға құқылы. Алайда, оларға белгiлi бiр тиiстi шектеулер нормативтiк кесiмдермен белгiленген.
Қазақстанда тұрғылықты мекендi өз қалауынша таңдау еркiндiгiн шектеудiң ұзақ жылдар бойғы бiр нысаны - тiркеу институты болып келдi яғни қайсы бiр аумақта тұру үшiн арнайы рұқсат алу қажеттігі.
Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1993 жылғы 5 сәуiрдегi қаулысымен бекiтiлген төлқұжат жүйесi жөнiндегi ереже жаңа институтты - азаматтарды тiркеу институтын енгiздi. Азаматтар тұрғылықты тұратын жерiне және уақытша келген жерiне мiндеттi түрде тiркелуi тиiс. Тiркеудi iшкi iстер органдары жүргiзедi.
Бiздiң елдiң азаматтарының келiп мекендеген және тұрғылықты жерiн тiркеу, олардың тұрғын үйдi немесе бөлменi иелену меншiгiн растайтын не тұрғын бөлменi пайдалануға, оның iшiнде жалдану және жалгерлiк шарт бойынша пайдалануға алғандығын куәландырылатын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де негiздер бойынша тұрғын бөлмеге кiру құқығын растайтын құжаттар негiзiнде жүзеге асырылады. [9-9 бет]
Саяси бостандықтар мен құқықтар.
Мемлекет iсiн басқаруға қатысу құқығы - Қазақстан Республикасы азаматтарының тiкелей және өз өкiлдерi арқылы мемлекеттiң өкiлдiк, атқарушы және сот органдарының құрылуы мен жұмыс iстеуi жөнiндегi әрекетiн жүзеге асыру мүмкiндiгi. Конституцияның 33 - бабы мұндай қатысудың төмендегiдей түрлерiн белгiлейдi: “Мемлекеттiк органдар мен жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарына тiкелей жүгiну, сондай-ақ мемлекеттiк органдар мен өзiн-өзi басқару органдарына жеке және ұжымдық өтiнiштер жолдау; мемлекеттiк органдар мен өзiн-өзi басқару органдарын сайлау және оларға сайлану; референдумға қатысу; мемлекеттiк қызметке кiру”.
Мемлекеттiк қызметке кiру – бұл орайда республика азаматтарының мемлекеттiк қызметке кiруге тең құқығы бар. Мемлекеттiк қызметшi лауазымына кандидатқа қойылатын талаптар лауазымдық мiндеттердiң сипатына ғана байланысты болады, ал мемлекеттiк қнзметшiлердiң құқықтық жағдайларын Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шiлдедегi Заңы реттейдi.
Жиналыстарға, бейбiт әрi қарусыз жиналуға, митингiлерге, демонстрацияларға, шерулерге қатнсуға және тосқауылдарға тұру құқығы - азаматтардың көңiлiн, талаптарын, мүдделерiн, тiлектерiн бiлдiру түрi. Азаматтар Конституцияға сәйкес, бейбiт әрi қарусыз жоғарыда аталған тәсiлдердiң кез келгенi бойынша бұқаралық жария шаралар өткiзуге құқылы. Бұл құқықты пайдалану мемлекеттiк қауiпсiздiк, қоғамдық тәртiп, денсаулық сақтау, басқа адамдардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау мүдделерi үшiн заңмен шектелуi мүмкiн. [9-10 бет]
Информация о работе Конституция - Қазақстан Республикасының Ата Заңы