Конституция - Қазақстан Республикасының Ата Заңы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Ноября 2012 в 06:38, контрольная работа

Краткое описание

Қазақстандық жалпыұлттық идеяның негізгі астарында «Қазақстан кімнің мемлекеті: қазақтардың ба әлде қазақстандықтардың ба?» деген сауал тұр. Жауап: Қазақстан – елді мекендегі барша ұлтар мен ұлыстардың, этникалық-әлеуметтің топтардың Отаны. Этникалық тұрғыда жер қазақ халқының жері болғанымен, мазмұны жағынан демократиялық-құқықты, азаматтық қоғамды құруға бағыт алып отырған Отанымыз көп ұлтты. Қай ұлт өкілі болмасын, олар – Қазақстан Республикасының тең құқықты азаматы, қазақстандық. Бұл кез келген дамыған демократиялық әлемдік мемлекеттерге тән қасиет. Франция – франциялықтардың, АҚШ – американдықтардың Отаны.
Қазақстан Республикасының қазіргі Ата Заңы 1995 жылғы 30 тамызда республикалық бүкілхалықтық дауыс беру (референдум) арқылы қабылданды. Ата Заң қабылданған күн демалыс — мемлекеттік мереке — Қазақстан Республикасының Конституциясы күні деп жарияланды. Ата Заңды қабылдау әдісінің орасан зор маңызы бар, өйткені оның мазмұнын сайлаушылар көпшіліктің қатысуымен мақұлдайды.

Содержание

Кіріспе……………………………………………………………………………………………….3
1 Конституция - Қазақстан Республикасының Ата Заңы 4
2. Қазақстан Республикасы - егемендi және тәуелсiз мемлекет 5
3 Қазақстан – демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтiк мемлекет 7
4. Қазақстан Республикасының сайлау жүйесi 8
5. Қазақстан - Президенттiк Республика 9
6. Қазақстан Республикасы азаматтарының негiзгi құқықтары мен бостандықтары 10
7. Қазақстан Республикасы азаматтарының негiзгi мiндеттерi 14
Қорытынды 15
Қолданылған әдебиеттер тізімі 16

Прикрепленные файлы: 1 файл

Бақылау конституция.doc

— 175.50 Кб (Скачать документ)

 

Мазмұны

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

 

Қазақстандық жалпыұлттық  идеяның негізгі астарында «Қазақстан кімнің мемлекеті: қазақтардың ба әлде қазақстандықтардың ба?» деген сауал тұр. Жауап: Қазақстан – елді мекендегі барша ұлтар мен ұлыстардың, этникалық-әлеуметтің топтардың Отаны. Этникалық тұрғыда жер қазақ халқының жері болғанымен, мазмұны жағынан демократиялық-құқықты, азаматтық қоғамды құруға бағыт алып отырған Отанымыз көп ұлтты. Қай ұлт өкілі болмасын, олар – Қазақстан Республикасының тең құқықты азаматы, қазақстандық. Бұл кез келген дамыған демократиялық әлемдік мемлекеттерге тән қасиет. Франция – франциялықтардың, АҚШ – американдықтардың Отаны.

Қазақстан Республикасының  қазіргі Ата Заңы 1995 жылғы 30 тамызда  республикалық бүкілхалықтық дауыс  беру (референдум) арқылы қабылданды. Ата  Заң қабылданған күн демалыс — мемлекеттік мереке — Қазақстан Республикасының Конституциясы күні деп жарияланды. Ата Заңды қабылдау әдісінің орасан зор маңызы бар, өйткені оның мазмұнын сайлаушылар көпшіліктің қатысуымен мақұлдайды.

Конститутциялық құқық  негіздерін зерделей келе біз Қазақстан  Республикасының құқықтық мемлекетке өту үрдісінде екенін байқадық.

        Сонымен, құқықтық мемлекет –  көпшілік саяси биліктік құқықтың  нысанындағы құрылған қызметті, заңның жоғарлығына негізделген  қоғамның жан-жақты заңға бағынышты  актілерге қатысты нормативтік–құқықтық актілердің түрлері ретіндегі заң басымдығы мен ғана емес, қолданылып жүрген заңдар мен қоғам мүшелеріне бекілген құқықтар мен бостандықтың кең аясымен сипатталады. Құқықтық мемлекетте адам құқығын қандай болмасын шектеуге жол берілмейді. Сонымен бірге құқықтық мемлекет осы құқықтардың жүзеге асырылуын дәйекті және бұлжытпай қамтамассыз етуге және оларды қорғауға міндетті. Осыған байланысты қоғам мен мемлекет өміріндегі түрлі саладағы құқықтың теңдік проблемасы принципті мәнге ие болады.

Мемлекеттiк  бюджет экономикалық қатынастардың жиынтығы ретiнде объективтiк  сипатқа ие. Оны бөлудiң дербес саласы ретiнде өмiр сѕруiн қоғамдық өндiрiстiң өзi айқындайды. Оны жоспарлы дамыту орталықтандырылған ресурстарды қаже етедi. Қаражатты орталықтандыру бѕкiл халық шаруашылығы ауқымында  қорлардың ѕздiксiз айналымын ұйымдастыру үшiн, жапы экономиканың жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету ѕшiн қажет. Арнайы бюджет саласының құндық бөлiнiсi  мемлекеттiң табиғаты мен қызметiнен туындайды. Мемлекет қаржыландыруға бѕкiл қоғам ауқымында әлеуметтiк-мәдени шаралар өткiзуге, қорғаныс мiндеттерiн шешуге, мемлекеттiк басқарудың жалпы шығындарын жабуға орталықтандрылған қаржыны қажет етедi.

 Сөйтiп, мемлекеттiк  бюджет ұдайы өндiрiстiң қажеттерiнен,  мемлекеттiң табиғатынан объективтi  қажеттiлiк туындайтын болып табылады.

Экономика қазiргi жағдайында орталықтандырылған қаржы  ресурстары мемлекетке қоғамдық өндiрiс  қарқынын қамтамасыз ететiн салалық  және аумақтық  құрылымдар құрып, iрi әлеуметтiк өзгерiстер жѕргiзуге мѕмкiндiк  бередi. Орталықтан бөлiнетiн қаржының көмегiмен қаражат экономиканың басты учаскелерiнде шоғырланып, мемлекеттiң экономикалық және әлеуметтiк саясатын жѕзеге асыруға жағдай жасайды.

 

 

 

 

 

 

 

1 Конституция - Қазақстан Республикасының Ата Заңы

 

«Конституция» деген сөздiң латыннан аудармасы «құрылғы», «жарғы», «заң» деген мағыналарды бiлдiредi. Ежелгi Римде император билiгiнiң кейбiр актiлерi осылай аталған. Ең бiрiншi конституция дүние жүзiнде 1787 жылы қабылданып, осы күнге дейiн қолданылып келе жатқан АҚШ-тың Конституциясы болып табылады. Еуропада бiрiншi конституциялар 1791 жылы Франция мен Польшада қабылданған. Конституцияның басқа құқықтық нормативтiк кесiмдерден мынадай ерекшелiктерi бар екенiн айта кету керек:

- қоғамдық қатынастардың негiзiн қалайды;

- құқықтың негiзгi бастауы болып табылады;

- ең жоғарғы заңдылық күшi бар;

- оның ерекше тәртiппен қабылдануы;

- тұрақтылығы.

1991 жылдың желтоқсан айында КСРО ыдырап, құрамына кiрген одақтас республикалар егемен, тәуелсiз әрі дербес мемлекеттер құрды. Қазақ Кеңестiк Социалистiк Республикасы жойылды. Оның аумағында Қазақстан Республикасы деп аталатын жаңа мемлекет пайда болды. [4-4 бет]

Қазақстан Республикасн құрылған кезден бастап бiрталай құқықтық актiлер қабылданып, жаңа мемлекеттiң заңды негiзiн қалай бастады. Оларға жататындар:

1. Қазақ ССР-нің Мемлекеттiк егемендiгi туралы декларациясы.

2. Қазақстан  Республикасының мемлекеттiк тәуелсiздiгi туралы Заңы.

3. 1993 жылғы және 1995 жылғы Қазақстан Республикасының Конституциялары.

Аталған конституциялық кесiмдер Қазақстанның тәуелсiздiгiн, дербестiгiн жариялап, демократиялық, құқықтық мемлекет құрудың негiздерiн қалады.

Қазiргi уақытта негiзгi құқықтық құжат - Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 30 тамызда өткен республикалық референдумында қабылданған Конституциясы. Ол тәуелсiздiк кезiндегi Конституциялық заңдардың қағидаларын тұжырымдап, бiр арнаға келтiрдi.

Бұрынғы конституциялар социалистiк мемлекеттiң негiзгi заңдары деп саналса, жаңа Конституция демократиялық мемлекеттiң Ата Заңы деп жарияланды. Бұл мақсат Конституцияның алғы сөзiнен-ақ байқалады:

“Бiз, ортақ  тағдыр бiрiктiрген Қазақстан халқы, байырғы қазақ жерiнде мемлекеттiк құра отырып, өзiмiздi еркiндiк, теңдiк және татулық мұраттарына берiлген бейбiтшiл азаматтық қоғам деп ұғына отырып, дүниежүзiлiк қоғамдастыққа лайықты орын алуды тiлей отырып, қазiргi және болашақ ұрпақтар алдындағы жоғары жауапкершiлiгiмiздi сезiне отырып, өзiмiздiң егемендiк құқығымызды негiзге ала отырып, осы Конституцияны қабылдаймыз”, - делiнген. Оның жоғары заңдық күшi бар және елiмiздегi барлық iс-қимыл мен қалыптасушы жүйелердiң нормативтi базасы болып табылады. Республиканың бүкiл аумағына тiкелей қолданылады. Бейнелей айтсақ, бұл Конституция - мемлекетке қоғамның құқықтық сенiмi және халықтың берген төлқұжаты деуге болады.

Қазақстан Республикасының Конституциясы республикалық құрылыстың негiзiн, мемлекеттiк билiк жүйесiн және Қазақстан мемлекетi мен азаматының қатынасын белгiлейдi. Адам және оның өмiрiн, құқықтары мен бостандықтарын Конституция мемлекеттiң ең қымбат қазынасы деп танып, мемлекеттiң сол үшiн қызмет етуi тиiстiгiн атап көрсетедi. [1, 256 бет]

 

 

 

 

 

 

2 Қазақстан Республикасы - егемендi және тәуелсiз мемлекет

 

 Халықтың билiк етуi жарияланды. ҚР Конституциясы бойынша мемлекеттiк билiктiң бiрден-бiр қайнар көзi - халық. Халыққа, негiзiнен мемлекеттiң iшкi және сыртқы саясатын анықтау құқығы берiлген. Қазақстан халқы - тек қазақ ұлты емес, сонымен қатар Қазақстанмен тарихи тағдыры тығыз байланысты басқа ұлттар топтары. Халық дауыс беру, (референдум), талқылау, сондай-ақ Парламент депутаттарын сайлау арқылы  мемлекеттiк өмiрдiң маңызды мәселелерiн шешуге қатысады. Президенттi де тiкелей халық сайлайды.

Егемендiк және тәуелсiздiк жарияланды. Егемендiк - мемелекеттiк билiктiң бiрлiгiн, үстемдiгi мен тәуелсiздiгiн анықтайтын мемлекеттiң мәнi болып табылады. Аталған қасиеттер тығыз байланысты және солардың арқасында мемлекеттiң азаматтарын жалпыға бiрдей тең құқықпен мемлекеттiк - құқықтық бiрлiкке топтастырып отырған Қазақстан Республикасынының осындай егемендiк жайына толық сипат бере алады. [8-10 бет]

Мемлекеттiң  билiгiнiң бiртұтастығы Қазақстанды тәуелсiз, толық билiктi бөлiктерге бөлiнбейтiн бiр ғана мемлекеттiк билiктiң болуы мүмкiн және бар екендiгiн бiлдiредi.

Республика  мемлекеттiк билiгiнiң тәуелсiздiгi - оның мемлекетаралық қатынастағы егемендiгi. Қазақстан мемелекетiнiң басқа бiр мемлекеттiң билiгiне бағынбауы, оның дербестiгiн, сөзсiз сыртқы саясаттық құқықтық субьектiлiгiн бiлдiредi. Ешқандай басқа мемлекеттiң Қазақстанның iшкi iстерiне араласуға құқығы жоқ, өйткенi ол - егемендi ел.

Қазақстан  мемлекетiнiң тарихи қалыптасқан аумағы бар. Мемлекетiмiздiң аумағы бiртұтас және оған қол сұғуға болмайды. Қазақстан Республикасының аумағын күшпен басып, қосып алу не ыдыратып жiберу халықаралық қауымдастық тарапынан елдiң аумақтық тұтастығына қол сұғушылық және жалпыға бiрдей халықаралық құқық принциптерiн өрескел бұзушылық болып табылады. Қай жақтан шықса да, мұндай озбырлық әрекеттердiң кез келгенiне Қазақстан Республикасы өзiнiң қарулы Күштерiнiң барлық қуатымен тойтарыс беруге хақылы. Бұл - оның мемлекет ретiндегi егемендiк құқы. Сондықтан Конституцияның 2-ші бабында: “Республика егемендiгi оның бүкiл аумағын қамтиды. Мемлекет өз аумағының тұтастығын, қол сұғылмауын және бөлiнбеуiн қамтамасыз етедi”- деп атап көрсетiлген. [11-4 бет]

Конституцияда жарияланғандай  Қазақстан басқа көршi елдермен татулық принципiн сақтау және олардың iшкi iсiне араласпау, дауларды келiсiм арқылы шешу, бiрiншi болып қарулы күштердi қолданбау саясатын жүргiзедi. [1-11 бет]

Бiртұтас мемлекеттiк  билiктiң тармақтарға бөлiну принциптерi - Қазақстан Республикасының негiзге алынатын конституциялық құрылысы, елдегi билiктi күшпен иемденiп кетпеуiне қоғам алдында кепiлдiк беретiн принцип.

Республикадағы  мемлекеттiк билiк бiртұтас, өйткенi оның бiрден-бiр бастауы - Қазақстан халқы және мемлекеттiң егемендiгi бөлiнбейдi. Әйтсе де, бұл билiк өзiнiң бөлiну принципiне сәйкес заң шығарушы, атқарушы және сот тармақтарына бөлiнiп, олардың тежемелiк әрi тепе-теңдiк жүйесiн пайдалану арқылы жүзеге асырылады (Конституцияның 3 - бабы). Осыған орай, Конституция Парламенттiң, Үкiмет пен Жоғарғы Соттың мiндеттерiн дәл белгiлеп, шек қоятын және бiртұтас мемлекеттiк билiктiң барлық тармақтарының үйлесiмдi жұмыс iстеуiн қамтамасыз етудегi Қазақстан Республикасы Президентiнiң өкiлеттiлiгi қисынды шешiмiн тапқан. [9-10 бет]

Республика  Парламентi белгiленген жағдайда ел Үкiметiне сенiмсiздiк бiлдiрiп, Президенттi қызметiнен босатуға «қауiп» төндiре алады. Президент өз тарапынан Парламенттi таратып, Үкiметтiң өкiлеттiгiн тоқтатуға, Парламент қабылдаған заңдарға тыйым салуға және Үкiметтiң актiлерiн өзгертуге не тоқтатуға құзыры бар.

Үкiмет өздерi ұсынған заң жобасы қабылданбаған  жағдайда, Парламент Палаталарының  бiрлескен мәжiлiсiне Премьер-министрдiң бастауындағы Үкiметке деген сенiм мәселесiн қоюға құқылы.

Егемендiктiң тағы бiр белгiлерi: өз азаматтығының және басқа мемлекеттермен қарым-қатынас қабiлеттiлiгiнiң болуы. Азаматтыққа байланысты мәселелер Конституцияда, азаматтық туралы заңда, басқа да құқықтық-нормативтiк кесiмдерде көрiнiс тапты. Қазақстан Республикасы Бiрiккен Ұлттар Ұйымының, басқа да халықаралық ұйымдардың мүшесi, көптеген шет мемлекеттермен елшiлiк қатынастарын жолға қойды.

Егемен Қазақстан  Республикасының мемлекеттiк рәмiздерi: Елтаңбасы, Туы, Гимнi бар. Әр адам мемлекеттiк рәмiздердi құрметтеуге мiндеттi. Заңдарда оларды пайдаланудың тәртiбi белгiленген. [2-44 бет, 5-5бет]

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

3 Қазақстан – демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтiк мемлекет

 

Конституция Қазақстан  Республикасын демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтiк мемлекет ретiнде орнықтырады.

Демократиялық мемлекет - Қазақстан, ең алдымен, Конституция қабылдап, тiкелей мемлекет басшысын және Парламент сайлауға, өкiлеттi мерзiмi бiткен соң, оларды ауыстыруға халықтың құрылтайшылық билiгi бар ел. Сонымен қатар, демократиялық мемлекет ретiнде Қазақстан әлеуметтiк және ұлттық нысандарына, тағы басқа да ерекшелiктерiне қарамастан, азшылық пен жекелеген азаматтардың мүддесiн бiлдiруiне, оның есепке алынуына да мүмкiндiктер бередi.

Зайырлы мемлекет - Қазақстан Республикасында дiни мекемелер мен дiн ұстаудың мемлекеттен бөлектiгiн бiлдiредi және бұл жағдай Қазақстандағы ислам мен православиелiк, тағы да басқа нанымдық ағымдарға бiрдей қатысты. Мемлекет органдары қағидалық заң негiзiнде емес, Конституция негiзiнде құрылып, жұмыс icтейдi. Сонымен бipгe, әркiмнiң ар-ождан бостандығына құқығы бар. Наным немесе атеизм мәселесi адамның жеке басының шаруасы болуы тиiс.

Құқықтық мемлекет - жеке адам мен қоғам мүддесiн қорғайтыны, заң үстемдiгi мен құқық принциптерiне негiзделiп құрылған мемлекет. Ол принциптер: заңның үстемдiк eтyi; мемлекеттiк билiктiң заң шығарушы, атқарушы және сот билiктерiне бөлiнуi; адам мен азамат құқығы мен бостандығына халықаралық өлшем деңгейiнде кепiлдiк берiлуi; тұлға мен мемлекеттiң өзара жауаптылығының болуы, т. б.

Әлеуметтiк мемлекет - жекелеген топтарға немесе ұлыстарға емес қоғам мен адамға тұтас қызмет ететiн мемлекет. Ол мемлекеттiк қаржы көздерi есебiнен барлық азаматтарға мүмкiндiгiнше бiрдей мөлшерде игiлiктер көрсетiп, қоғамдағы ауыртпалықтарды да теңдей бөлу жолымен әлеуметтiк теңсiздiктi жеңiлдетуге әрекет етедi.

Қазақстан өз мемлекетiнiң әлеуметтiк сипатын Конституциясында кепiлдiк берiлген бiлiм беру, денсаулнқ сақтау, ғылым, мәдениет, әлеуметтiк жұмысбастылық, еңбектi қорғау, әлеуметтiк қамсыздандыру және табыстары төмен тұратындар тобын қолдау сияқты әлеуметтiк игiлiк iстер арқылы анықтаған.

Конституциямызда жазылғандай, Қазақстан бiртұтас, Президенттiк басқару жүйесiне негiзделген мемлекет. Бұл жүйе бойынша мемлекет басшысы жалпы халық сайлаған Президент болады да, Премьер-министрдiң басқаруындағы, өзiнiң алдында жауапты Үкiметтi тағайындайды.

Қазақстандағы президенттiк басқару нысанының ерекшелiгi сол билiк бөлiсу жүйесiнде Президент “билiк буындарының үстiнен қарау” құқығына ие әрi олардың келiсiп жұмыс iстеуiн және өкiмет органдарының халық алдындағы жауапкершiлiгiн қамтамасыз етедi. Ол Конституциялық тәртiпке сәйкес Үкiметтiң өкiлеттiгiн ғана тоқтатып қоймай, Парламенттi де тарата алады, соттарды тағайындап және қажет болған жағдайда заңдық күшi бар жарлықтар мен заңдар шығарады (Конституцияның 45 бабы).

Қазақстанның бiртұтастығы оның әкiмшiлiк аумақтық бөлшектерден құрылатындығын (облыс, аудан, қалалық аудан, ауылдар мен селолар), автономияға бөлiнбеуi. Әкiмшiлiк  аумақтық құрылым туралы ерекше заң бар. Ол Қазақстанның тарихи және қазiргi замандағы ерекшелiктерiн бейнелейдi. [4-25бет]

 

 

 

 

 

 

4 Қазақстан Республикасының сайлау жүйесi

 

 

Қазақстанда сайлау жүйесiнiң екi түрi қолданылады: төте сайлау және жанама сайлау. Қазақстан Президентi, Мәжiлiс және Мәслихат депутаттарн төте сайлау жүйесi арқылы сайланады. Президенттi конституциялнқ заңға сәйкес жалпыға бiрдей, тең және төте сайлау құқығы негiзiнде Республиканың кәмелетке толған азаматтары дауыс беру арқылы жетi жыл мерзiмге сайлайды.

Информация о работе Конституция - Қазақстан Республикасының Ата Заңы