Әкімшілік құқық

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 07 Января 2013 в 10:39, реферат

Краткое описание

Әкімшілік құқық — Казақстан Республикасы кұкык жүйесінің ең үлкен және күрделі салаларының бірі. Ол коғамдық қатынастарды реттейтін, мемлекеттің басқару қызметінің процесінде пайдаланатын және мемлекеттік аппараттың тәртіптеелген бірізділік жұмысын қамтамасыз ететін аса маңызды тәсілдердің бірі больш табылады.

Содержание

Кіріспе
1. Әкімшілік құқықтың қайнар көздері...................................................................................
1.1 Әкімшілік құқық қатынастары..........................................................................................
1.2 Әкімшілік құқықтық қатынастар түрлері.........................................................................
1.3 Әкімшілік құқықтың субъектілері.....................................................................................
2.Атқарушы билік органдарының әкімшілік құқықтық мәртебесі.......................................
2.1 Атқарушы биліктің орталық органы.................................................................................
Қорытынды..............................................................................................................................

Прикрепленные файлы: 1 файл

рЕФЕРАТ.doc

— 161.50 Кб (Скачать документ)

 

 

1.2 Әкімшілік құқықтық  қатынастар түрлері

 

Әкімшілік-қүқықтық қатынастарды әртүрлі  белгілері бойынша түрлеп топтастыруға болады. Бұлардың ішінде олардың  қатысушыларының өзара қатынасының зандык сипаты бойынша топтарға бөлудің ерекше назар аударарлық маңызы бар. Осы  белгіге сәйкес тіке және көлбеу кұкықтық катынастар бөлінеді. Тіке әкімшілік-кұқыктық катынастар әкімшілік-кұкықтык  реттеудің және мемлекеттік басқару қызметіне тән баскарудың субъектісі мен объектісінің арасындағы бағыныстылык байланыстардың мәнін едәуір мол дәрежеде білдіреді. Бұл ылғи да биліктік катынастар деп аталатынның дәл өзі. Олар біріне-бірі бағынысты тараптардың арасында пайда болады, бұл азаматтық-құкыктык қатынастардан айыратын басты белгі, оларда тараптардьщ тепе-тендігі болмайтының дәлелдейді. Шын-дығында тіке қатынаста бір тараптың заңдык-биліктік өкілеттіктері болады, басқа тарапта олар болмайды, мысалы, азаматта, немесе олардың көлемі аз болады (мысалы, баскарудың төменгі органында).

Тіке түрдегі  көптеген әкімшілік-құкықтык катынастар олардың біріне-бірі бағынышты емес қатысушысының арасында пайда болады. Алайда, бұл сияқты жағдайларда да тараптардың бірі өзінің құзыретінің арқасында ұйымдық жағынан оған бағынбайтын белгілі бір құкыктық қатынастың басқа тарабына орындауға міндетті болатын зандық актілер шығаруға құқылы. Мысалы, министрліктердің біреуінің баска министрліктерге, ведомстволарға және азаматтарға міндетті болып табылатын нормативтік актілер шығару жөнінде өкілеттіктері болуы мүмкін. Бұл білімнің, қоршаған табиғи ортаны корғаудың, өрт кауіпсіздігінің мәселелері жөне көптеген басқалар болуы мүмкін.

Бұл сиякты қатынастарға барлык баска әкімшілік-құкықтык қатынастарды да жаткызуға болады, оларда тараптардың ұйымдык бағыныштылығы болмаса да, бірак бір тараптың баска тарапқа катысты заңдык биліктік іс-кимыл жасауға кұкығы бар. Мұндай құкықтық катынастардың қатарына бакылау-тексеру органдары мен олардын тексеретін объектілерінін арасында пайда болатын қатынастарды жатқызуға болады.

Әкімшілік- құкықтық катынастардағы шын мәніндегі тікелікті  және тараптардын теңсіздігін өзінің құкықтык мазмұны бойынша иландыра дәлелдейтін ең аукымды белгі мынау: бұл түрдегі барлық тіке катынастар бір жақтың екінші жақтан заңды түрдегі тәуелділігін іс жүзінде көрсетеді. Мұндай тәуелділік кандай да болмасын мәселені шешуге қажетті зандык — биліктік өкілеттіктердің тек қана бір жақта атқарушы биліктің субъектісінде болатындығымен алдын ала айырылады.

Көлбеу әкімшілік-құқықтык қатынастар болып, солардын шеңберінде тараптардың шындығында және занды түрде тен құқылы болатындығы танылады. Оларда, осыған  сәйкес, бір тараптың екінші тарапқа міндетті болатын заңдық-биліктік өкімі болмайды.

Көлбеу катынастары  мемлекеттік баскару саласында, тікелік қатынастар сиякты, соншалыкты кең қолданылмайды.

Көлбеу кұкыктық қатьшастар көпшілігінде тіке катынастарға алғы шарт болатынын баскару тәжірибесі көрсетіп отыр. Шынында, мысалы, қандай да болмасын бір нормативтік актіні дайындау және келісу сатысында тараптар тең кұкылы. Бұл сияқты қатынастар министрліктер арасындағы катынастар тәжірибесінде, жергілікті өкілді және атқарушы органдардын және әкімшілік құқықтың баска субъектілерінін өзара карым-катьшастарында кен орын алған. Көлбеу түрі азамат пен баскару органының (лауазымды адамның) арасында мынандай жағдайларда, мысалы, азамат жұмысқа тұрғанда, арыз немесе шағым бергенде т.с.с. калыптасатын қатынастарға тән. Бірак көлбеулік қатынасы өкілетті басқару органы тек занды биліктік шешім, мысалы, қызметке алу туралы бұйрык шығарғанға дейін ғана көрінісін табады. Осы кезеннен бастап көлбеулік қатынасы тікелік мәні бар катынасқа айналады, мұнда тараптар енді жұмыстын шарты мен еңбек ақынын мөлшерін талқыламайды, қайта жұмыскер өзі жұмыска тұрған жеріндегі әкімшіліктін занды өкімдерін орындауға міндетті болады.

 

1.3 Әкімшілік құқықтың  субъектілері

Біздің қогам — мемлекеттік  өмірге еңбекшілер барған сайын белсенді қатысатын шынайы демократиялық қоғам. Мемлекеттік басқару саласындағы қогамдық ұйымдар мен азаматтардың құқықтық жағдайы Ата Заңда айқын көрініс тапқан (33-бап). Қоғамдық ұйымдар сан алуан, олар не бұқаралық ұйымдар (саяси партиялар, бұқаралық қозғалыстар, кәсіподак, шығармашылык одақтар, діни және азаматтардың басқа да бірлестіктері), не өз бетімен болатын сипатта (соғыс ардагерлерінің кеңестері, ғылыми-техникалық кеңестер және т.б.) көрінеді.Қоғамдық ұйымдар мемлекеттік биліктік өкілеттікке ие емес. Олардың шешімдері ұйым мүшелері үшін ғана міндетті. Бірақ олар өз ұсыныстарымен басқару органдарына жүгінуге, мемлекеттік басқару органдарының шараларын талқылап, өмірге кіргізуге қатысуға, шаралардың орындалуына қоғамдық бақылау жасауға құқылы. Осылардың барлығына қоғамдық ұйымдардың басқару органдарының қызметіне тигізетін ықпалды көрінісі болып табылады. Сонымен бірге қоғамдык ұйымдар мемлекеттік органдардың әкімшілік-құқыктық сипаттағы актілерін шығарады. Мысалы, кәсіподақтар өз мүшелерінің еңбек, басқа да әлеуметтік-экономикалық құқықтары мен мүдделерін қорғау, жұмыс жағдайын қорғап жақсарту үшін Қазақстан Республикасы Үкіметі бекіткен әкімшілік-кұқықтык нормалар қабылдауы мүмкін. Кейбір жағдайларда қоғамдық ұйымдар мемлекеттік органдардың қызметіне тікелей араласады. Мысалы, әскери комиссариаттардың шақыру комиссиясына қатысады.

Қоғамдық ұйымдардың құқықтық өкілеттігінің жиынтығы олардың  әкімшілік-кұқықтық маңызды субъектілері екенін дәлелдейді. Азаматтардың құқықтық мәртебесі, яғни мемлекеттік басқару  саласындағы қоғамдық қатынастардың қатысушылары ретіндегі құқықтарының, демократиялық міндеттерінің, сондай-ақ бостандықтарының кең ауқымы Конституцияда баянды етілген. Атап көрсетілгеніндей, Ата Заң азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын жариялап қана қоймайды, оларға кепілдік береді. Азаматтардың құқықтары мемлекеттік басқару органдарының қызметімен (мемлекеттік істерді) басқаруға қатысу құқығы, мемлекеттік органдарға олардың қызметін жақсарту жөніндегі ұсыныс жасау немесе жұмыстағы кемшіліктерді сынау құқықтары, мемлекетгік органдардың, лауазымды тұлғалардың әрекеттеріне шағым жасау құқығы және т.б.) тығыз байланыста болады.

Әкімшілік-құқықтық қабілет дегеніміз  — адамның туғаннан бастап, өмірінің соңына дейін күші бар субъективтік құқықтарының кепілдігіне тұжырымдалады. Өз құқықтарын пайдалана және міндеттерін орындай отырып, азаматтар әкімшілік-құқықтық қатынастардың қатысушысы болуға кұқылы. Азаматтар мемлекеттік басқаруға басқару аппараттарының қызметіне бақылау жасау арқылы араласады. Әкімшілік қабілет әрекеті, яғни әкімшілік-құқықтық қатынастар аясындағы нақты құқықты жүзеге асыру және ерекше міндеттерді орындау заңда көрсетілген әрбір жастық кезенде пайда болады. Мысалы, 7 жасқа келісімен балалар мектепке баруға құқылы, азаматтардың әскери қызметті атқару міндеті 18 жастан.

 

2.Атқарушы билік органдарының  әкімшілік құқықтық мәртебесі

 

Қазакстан Республикасының Үкіметі  — Қазакстан Республикасының атқарушы билігін жүзеге асыратын, атқарушы органдардың жүйесін басқаратын және олардың қызметіне басшылық жасайтын орган. Оның құқықтық мәртебесінің негіздері Қазақстан Республикасының Конституциясында  бектілген.

Үкіметтің құзыреті, ұйымдастырылуы мен кызметінің тәртібі Республика Конституциясына сәйкес «Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» Казақстан Республикасының  Конституциялық заңымен белгіленеді.

Үкімет Республика Конституциясының, аталған Конституциялык заңның, Республиканың заңдары мен өзге де норматтивтік актілерінің негізінде және оларды орындау үшін іс-қимыл жасайды.

Үкіметті Республика Президенті Қазакстан  Республикасының Конституциясында көзделген тәртіппен құрады.

Республиканың Премьер-Министрі өзі  тағайындалғаннан кейін он күн мерзімде Үкіметтің кұрылымы мен күрамы туралы Республика Президентіне ұсьныс еңгізеді.

Қазакстан Республикасы Үкіметінің құрылымын  министрлектер және өзге де орталық  атқарушы органдар құрайды.

Қазақстан Үкіметі — алқалы орган. Оның құрамына Үкімет мүшелері — республиканың Премьер-министрі, оның орынбасарлары, министрлер және республиканың өзге де лауазымды адамдары кіреді.

Республика Үкіметінің мүшесі Казақстан  халкына және Президентіне Казақстан  Республикасының Үкіметі туралы Конституциялық занда белгіленген мазмұнда ант береді.

Республиканың Премьер-Министрін  Қазақстан Республикасынын Президенті Парламенттің келісімімен қызметке тағайындайды. Үкіметтің басқа мүшелерін  де Президент тағайындайды.

Премьер-Министрге ерекше мәртебе  берілген. Ол Республика Президентіне Үкімет құрамына кірмейтін министрліктерді, орталык атқарушы органдарда құру, қайта кұру және тарату туралы, министр қызметіне тағайындау үшін кандидатуралар жөнінде, министрді кьізметтен босату туралы ұсыныстар енгізеді; Үкіметтін қызметін ұиымдастырып, оған басшылык жасайды және оның жұмысы үшін дербес жауап береді. Үкіметтің негізгі конституциялык өкілеттіктеріне:

1) мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық  саясатының, онын қорғаныс кабілетінің,  қауіпсіздігінің, коғамдық тәртіпті  қамтамасыз етудің негізгі бағыттарын әзірлеу және олардың жүзеге асырылуын ұйымдастыру;

2) Парламентке республикалық бюджетті  және оның аткарылуы туралы  есепті ұсыну, бюджеттің атқарылуын  қамтамасыз ету;

3) Мәжіліске заң жобаларын еңгізу  және заңдардың орындалуын қамтамасыз ету;

4) Мемлекеттік меншікті баскаруды  ұйымдастыру;

5) Республиканың сыртқы саясатын  жүргізу жөнінде шаралар әзірлеу;

6) министрліктердің, мемлекеттік комитеттердің,  өзге де орталық және жергілікті  атқарушы органдардың қызметіне  басшылык жасау;

7) Республиканың министрліктері, өзге  де орталық аткарушы органдары  актілерінің қолданылуын толық  не бір бөлігінде жою немесе  тоқтата тұру;

8) Үкімет құрамына кірмейтін  орталық аткарушы органдардың  басшыларын қызметін тағайындап, қызметтен босату;

9) Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің төрт мүшесін бес жыл мерзімге қызметке тағайындау;

10) Конституциямен, зандармен және  Президент актілерімен жүктелген  өзге де қызметтерді орындау  жатады.

Үкімет өзінің бүкіл қызметінде Конституцияда және жоғарыда аталған Үкімет туралы Конституциялық занда белгіленген нысандарда Республика Президентінің алдында жауапты. Ал, Үкімет мүшелері өз құзыретінің шегінде өз бетінше шешім кабыддайды, Премьер-Министрдің алдында өздеріне бағынысты мемлекеттік органдардын жұмысы немесе өздеріне тапсырылған жұмыс аясы үшін дербес жауап береді.

Үкіметтің өз өкілеттіктерін жүзеге асыратын кұқыктык нысандарына Қазақстан  Республикасының бүкіл аумағында  міңдетті күші бар Үкіметтің қаулылары  мен Премьер-Министрдің өкімдері жатады. Бұл каулылар мен өкімдер Конституцияға, заңдарға, Республика Президентінің актілеріне кайшы келмеуге тиіс.

Республика Үкіметі Президенттің өкілеттік мерзімі біткенше іс-кимыл  жасайды. Бұдан кейін ол жаңадан  сайланған және қызметке ресми кіріскен Республика Президентіне Үкімет мүшелері қол қойған жазбаша өтініш беру арқылы өз өкілетгігін доғарады.

Қазақстан Республикасының Конституциясында (70-бап) және Казақстан Республикасының  Үкіметі туралы Конституциялық Заңда Республика Үкіметінің, оның мүшелерінің өкілетті мерзімінен бұрын орындарынан түсу себептері мен тәртіптері қаралған.

Егер Үкімет және оның кез келген мүшесі өздеріне жүктелген міндеттерді  одан әрі жүзеге асыру мүмкін емес деп санайтын болса, онда олар Республика Президентіне өз орнынан түсуі туралы мәлімдеуге хақылы.

Конституцияда (53-б., 7-тармақ., 61-б., 7-тармақ) көзделген жағдайларда Парламент  Үкіметке сенімсіздік білдіретін болса, Үкімет өзінің орнынан түсуі туралы Республика Президентіне мәлімдейді.

Орнынан түсуді қабылдау немесе қабылдамау туралы мәселені Республика Президенті он күн мерзімде карайды. Орнынан түсуді қабылдау Үкіметтің не оның тиісті мүшесінің өкілеттігі тоқтатылғанын білдіреді. Премьер-Министрдің орнынан түсуін Президенттің кабылдауы немесе оны кызметінен босатуы бүкіл Үкіметтің өкілеттігі токталғанын білдіреді.

Республиканың Президенті өз бастамасы  бойынша Үкіметтің өкілеттігін  тоқтату туралы шешім кабылдауға және оның кез келген мүшесін кызметтен  босатуға хақылы. Үкімет жүргізіп отырған  саясатпен келіспейтін немесе оны жүргізбей отырған Үкімет мүшелері атқарып отырған қызметінен босатылуы тиіс.

Министрліктердің және өзге де орталык  атқарушы органдардың басшылары болып табылатын Үкімет мүшелері:

1) тиісті мемлекеттік органдарға  басшылықты жүзеге асырады;

2) өз құзыреті шегінде шешімдер қабылдауға дербес болады;

3) Республика Премьер-Министрінің  алдында өздеріне бағьнышты мемлекеттік  органдардың жұмысы үшін дербес  жауап береді;

4) тиісті мемлекеттік органдардың  қарауыңдағы мемлекеттік баскару  саласындағы (аясындағы) істің жайына және заңдардың, Қазакстан Республикасының Президенті мен Үкіметі актілерінің орындалуын қамтамасыз ету үшін жауап береді.      Республика Конституциясыньщ 37-бабының 6-тармақшасыңда көзделген ретте, яғни өз кызметі мәселелері жөнінде министр Парламент палаталарына есеп береді. 

Информация о работе Әкімшілік құқық