Қазақстан Республикасының «Қазақстан
Республикасындағы еңбек туралы»
Заңының «Еңбек нормалары» деп
аталатын 75-бабының 3-тармағына сәйкес,
қызметкердің жұмыс істеу нормаларын
орындауы үшін жұмыс беруші
қалыпты еңбек жағдайларын қамтамасыз
етуге міндетті. Заңшығарушы «қалыпты
еңбек жағдайлары» ұғымының мәнін ашпаған.
Сонықтан әрбір қызметкер «қалыпты» жағдайларды
өзіне байланысты түсінуі мүмкін деген
нәтижеге келеміз. Бірақ Қазақстан Республикасынын
«Қазақстан Республикасындағы еңбек туралы»
Заңына түсініктеме берген авторлар қалыпты
еңбек жағдайларының дұрыс тізімін ұсынғанын
айта кету керек. Яғни, машиналардың, станоктардың
және құрылғылардың дұрыс жағдайы; техникалық
құжаттамамен уақытылы жабдықталуы; жұмыстар
атқаруы үшін қажетті материалдар мен
құрал саймандардың тиісті сапасы және
оларды мезгілімен қамтамасыз етуі; өндірісті
электр энергиясымен, газбен және өзге
де қуат көздерімен уақытылы жабдықтауы;
қауіпсіз және салауатты еңбек жағдайлары.
Қазақстан Республикасында еңбекті
қорғау саласындағы мемлекеттік
саясаттың негізгі бір бағыты
(Қазақстан Республикасының «Еңбек
қауіпсіздігі және еңбекті қорғау
туралы» Заңының 5-бабына сәйкес)-
еңбек қауіпсіздігі және еңбек
қорғау саласындағы халықаралық
ынтымақтастыққа бағытталуы. Аталған
бағытты дамыту мақсатымен Қазақстан
Республикасы 1996 жылы еңбекті қорғау
саласындағы Халықаралық еңбек
ұйымының «Еңбектің қауіпсіздігі
мен гигиенасы және өндірістік
орта туралы» №115 және «Жұмыс
орындарындағы ауаның ластануынан,
шудан және вибрациядан туындайтын
кәсіби тәуекелден қызметкерлерді
қорғау туралы» №148 Конвенцияларын
ратификациялады [7]. Аталған Конвенциялар
экономикалық қызметтің саласына,
яғни меншік нысанына қармастан
барлық ұйымдарға және барлық
қызметкерлерге таралатынын айта
кету керек. № 115 Конвецияның
14-бабы бойынша ұлттық жағдайлар
мен тәжірибеге сәйкес оқыту
бағдарламалары мен кәсіби дайындықтың
барлық деңгейінде, соның ішінде
жоғары техникалық және кәсіби
білім беру бағдарламаларына
еңбектің қауіпсіздігі мен гигиенасы
және өндірістік орта бойынша
сұрақтарды енгізуге жәрдемдесу
үшін шаралар қабылдануда.
№148 Конвенция ерекше көңіл бөлуді
қажет ететін ережелерді қамтыған:
«Ұлттық заңнама жұмыс орындарындағы
ауаның ластануынан, шу мен
вибрациядан туындайтын кәсіби
тәуекелдің алдын алуға және
шектеуге бағытталған сондай-ақ
аталған тәуекелден қорғайтын
шараларды қабылдауды және жұмыс
орындарында ауаның ластануынан,
шу мен вибрациядан туындайтын
кәсіби тәуекелдің алдын алуға
және шектеуге бағытталған, сондай-ақ
олардан қорғайтын қауіпсіздік
техникасының ережелерін қызметкерлермен
міндетті сақталуын белгілейді».
Сонымен, аталған халықаралық
құжаттар ратификациялаған мемлекеттерге
еңбекті қорғау саласында тиісті
нормативтік актілерді қабылдауды
жүктейді. Конвенциялар заңнама
немесе ережелер бұзылған тиісті
санкция қабылдау жөнінде ережені
қамтиды. Яғни, ұлттық деңгейде
инспекциялаудың мемлекеттік емес
те құрылымдарынан тұратын тиісті
инспекция жұйесін құру қажет.
Еңбекті қорғаудың құқықтық негіздері
бөлімі бойынша мынадай қорытынды
жасауға болады:
- Қазақстан Республикасының заңнамасының әрбір адамға қауіпсіз еңбек жағдайына кепілдік берген. Қызметкердің тазалық пен гигиена талаптарына сай келетін еңбек жағдайларына құқығын еліміздің ата заңы – Конституция, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы еңбек туралы» Заңы, Қазақстан Республикасының «Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау туралы» Заңы жариялап, өзге де нормативтік актілер мен заңға тәуелді деп тапқан.
- Заң актілерінен көрініс тауып отырған еңбекті қорғау саласындағы ережелер мен нормалар, өкінішке орай көбінесе декларативті сипатқа ие. Сондықтан, қазіргі таңда оларды қозғалысқа келтіретін «қозғаушы күш» керек.
- ХЕҰ деңгейінде қызметкерлердің еңбегін қорғауға қатысты бірқатар нормативтік құқықтық актілер жасалды. Қазақстан Республикасы еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы мемлекеттік саясаты еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы халықаралық ынтымақтастыққа бағытталғандықтан халықаралық құндылықтарды өз заңнамасына енгізуді жолға қоюы керек.
ІІ. Жекелеген
санаттағы қызметкерлердің еңбегін
қорғау
Еңбек саласындағы әйелдердің құқықтық жағдайы
Қазақстан Республикасы Констиутциясының
24-бабының 2-бөлігіне және «Қазақстан
Республикасындағы еңбек туралы»
Заңның 4-бабының 1-бөлігіне сәйкес
әрбір азамат өзінің еңбек
құқығын ешбір шектеусіз жүзеге
асыруына тең мүмкіндікті иеленеді.
Өкінішке орай, тәжірибеде жалғыз
норманы ғана қабылдау әрқашан
оң нәтижеге әкеле бермейді. 1999
жылы елімізде жедел тәртіппен
бірқатар реформалар жүргізілді.
Қазақстан Республикасының Парламентінде
кейбір заң жобалары «жедел»
графигімен қарастырылып өтті. Бірақ
халықтың және мүдделі органдар
мен ұйымдардың арасында талқыға
салынбай заң қабылдаудың мұндай
тәсілі көп балалы отбасылардың
құқытырына, мүгедектерге, кейбір санаттағы
жұмысшыларға және әйелдердің
құқықтық жағдайына кері әсерін
тигізді.
Мұндай негативті реформалауға
көбінесе еңбек саласы ұшырады.
1999 жылдың аяғында «Қазақстан
Республикасындағы еңбек туралы»
заң қабылданды. Бірақ ол Қазақстан
әйелдерінің еңбек құқығын реттеуде
оң өзгерістер бермеді. Әйелдердің
еңбек құқықтарына мемлекет пен
заң шығарушы тарапынан тиісті
көңіл бөлінбеді.
Кейбір мамандардың бағалауы
бойынша 2006 жылы халық шаруашылығында
жұмыспен қамтылғандар саны 6127,6
адам, олардың ішінде әйелдер
саны 2806,4, яғни барлық жұмыспен
қамтылғандардың 45,8% құрайды.
Бұның ішінде әйелдердің көп
бөлігі денсаулық сақтау, дене
шынықтыру және әлеуметтік қамсыздандыру
саласында жұмыс істейтіндердің
жалпы санының 82%-ын құрайды,
білім беру саласында - 77%, қоғамдық
тамақтандыру және ақпарттық-есептеу
қызметі саласында-76%, мәдениет -70%, сауда-саттық
- 63%, «қаржы, несие және сақтандыру»
саласында - 66% [8,С.78-79].
Әйелдердің еңбек қауіпсіздігі
мен еңбек қорғау саласына
мемлекет пен заң шығарушы
тарапынан тиісті көңіл бөлінбеудің
салдары статистикадан мынадай
көрініс тапты. Қазақстанның халық
шаруашылығының негізгі салаларына
әрбір оныншы әйел санитарлық-гигиеналы
нормаларға сай келмейтін жағдайларда
еңбектенуде, 138 мыңға жуығы түнгі
ауысымда жұмыс істесе, әр жүзінші
әйелге ауыр физикалық еңбек
жүктелеген. 40 мыңға жуық әйел
шу мен вибрацияның жоғары
деңгеінде, 64 мыңы ауасы лас және
шаң жағдайда, 26 мыңы қолайсыз
температурада жұмыс істейді.
2001 жылы Қазақстанда әйелдер арасындағы
өндірістік жарақаттың төрт мыңға
жуық жағдайы тіркелді. Бұл өндірісте
жарақаттанғандардың жалпы санынан
15% құрап отыр. 47 әйел қаза болды.
Одан кейінгі өндірістік жарақаттар
жөнінде мәліметтер жоқ, бірақ
2000 жылы өндірістегі әйелдердің
өлімі 6,1% пайыз құрағаны белгілі
– 17 әйел қазаға ұшыраған.
Әйелдерге тек еңбек етуге
ғана емес, сондай-ақ бұл құқығын
толық, жан-жақты жүзеге асыруына
мүмкіндік беру қажет. Тамырымен
жоймасақ та, әйелдердің еңбек
қызметін жүзеге асыруына кері
әсер ететін мән-жайларды барынша
азайтуға шаралар қолдану қажет.
Жұмысшы әйелдердің ерекше бір
санаты – бұл жүкті әйелдер
және жас балалары бар әйелдер.
Қазақстан Республикасының заңнамасында
олардың құқығын қорғайтын кейбір
шаралар қарастырылған. «Қазақстан
Республикасындағы еңбек туралы»
Заңның 23 бабы 3-бөлігіне сәйкес жүкті
әйелдердің медициналық қорытындыға
сәйкес ауыр және қолайсыз
өндірістк факторлардың әсері
болмайтын басқа жұмысқа бұрынғы
жұмысындағы орташа айлық жалақысы
сақтала отырып ауыстырылуы қарастырылған.
Бұдан басқа аталған заңның 48-бабының
2-бөлігінде жүкті әйелдерді түнгі
уақытта жұмысқа тартуға олардың
келісімімен ғана жол беріледі
делінген.
Аталған нормалар кеңестік заңнамада
алғашқы қабылданған сәттен айтарлықтай
өзгерістерге ұшыраған. Еңбек туралы
заңдар Кодексіне сәйкес жүкті
әйелдер түнгі уақытта жұмысқа
жіберілмеген, оларды орташа жалақысы
сақтала отырып жеңілірек жұмысқа
ауыстырған. Сонымен бірге, жүкті
әйелдерге айтарлықтай мөлшерде
жеңілдіктер қарастырылған. Нарықтық
экономика мен жұмыссыздықтың
өсуі, еңбек ресурстарының үлкен
мөлшері, өндірістің өсу деңгейінің
төмендегі жағдайында жүкті әйелдерге
түнгі уақытта еңбектенуге тыйым
салу дәстүрлі әйелдер саласында
еңбектенуді таңдау мүмкіндігін
шектейді. Сондықтан жүкті әйелдерге
олардың келісімімен түнгі уақытта
еңбектенуге рұқсат беруді жақсы
жетістікке жатқызуға болады.
Қазақстан Республикасында әйелдерге
жүктілігі мен босануы бойынша
босанғанға дейін ұзақтығы жетпіс
күнтізбелік күнге, босанғаннан
кейін елу алты (ауыр босанаған
немесе екі не одан да көп
бала туған жағдайда жетпіс) күнтізбелік
күнге демалыс беріледі. Есептеу
жиынтықтап жүргізіледі және
демалыс әйелдің ұйымда жұмыс
істеу ұзақтығына қармастан, жұмыс
берушінің қаражаты есебінен
жүктілігіне және босануы бойынша
осы кезеңге төленген жәрдемақыны
босанғанға дейін нақты пайдаланған
күндерінің санына қармастан
оған толық беріледі («Қазақстан
Республикасындағы еңбек туралы»
Заңның 66-бабы).
Заң шығарушының әрекеттері халықаралық
құқық нормаларымен кейбір тұстарда
келеді (Қазақстан Республикасының
ратификацияланған құжаты жөнінде
сөз болып отыр). Аталған шешім
Ана болуды қорғау туралы ХЕҰ-ның
Конвенциясына қайшы келеді [9,С.355].
4-баптың 8-бөлігіне сәйкес кәсіпкердің
қармағында жұмыс істейтін әйелдерге
төленетін жәрдемақымен байланысты
шығындар үшін кәсіпкер жеке
жауапкершілік көтермейді. Г.Тіленчиеваның
пікірінше бұл жұмыс берушінің
әйелдер еңбегіне мүдделілігін
төмендетеді. Жұмыспен қамтылған
әйелдердің үлес салмағы басым
кәсіпорындарды әлеуметтік қамтамасыз
етуге байланысты шығындар бойынша
көріну теңсіздік жағдайына қояды [10,
С.64]. Бұл оймен толық келісуге болады.
Жүктілігі мен тууына байланысты демалыстан
басқа, әйелге оның өтініші бойынша баласы
бір жарым жасқа толғанға дейін оған күтім
жасау жөнінде жалақысы сақталмайтын
қосымша демалыс беріледі. Қосымша демалыс
уақыты ішінде оның жұмыс орны (қызметі)
сақталады. Кеңестік мемлекетпен салыстырсақ,
мұндай демалыстың уақыты үш жылға дейін
созылған. Аталған мерзімді үш жылға дейін
созу негізді деп есептейміз, себебі психология
мен педагогиканың көзқарасы бойынша,
баланың дұрыс тәрбиеленуі үшін балалық
шақтың алғашқы кезеңінде анасының оның
жанында болуы қажетті.
Жоғарыда айтылған барлық шаралар
стратегиялық маңызды болып табылады.
Өйткені мемлекеттің жүкті
әйелдерді қорғау және жеңілдіктер
ұсыну дәрежесі тікелей балалардың
өмірі мен денсаулығынан және
елдің жалпы демографиялық саясатынан
көрініс табады. 90-шы жылдардан
бастап Қазақстанда қолайсыз
демографиялық жағдай қалыптасып
отыр: өмір сүру ұзақтығы төмендеуде,
туудың азаюы, аналар мен сәбилер
өлімі деңгейінің жоғарылығы [11].
Созылмалы ауруларға шалдыққан
балалрдың саны артты; балалрдың
80% анемия, рахит және т.б. ауруларға
душар болған [12]. Мысалы, Павлодар
облысында соңғы екі жылдың
ішінде сәбилер өлімінің өсуі
тіркелген, өткен жылы ол бір
мың туылған баланың 26,5 бөлігін
құраған, одан басқа, әрбір
жаңа туған бір мың сәбидің
288-і ауру болып туылған [13].
Солтүстік Қазақстанда соңғы
10 жылдың ішінде туу екі есеге
дейін төмендеген: мың әйелге
шаққанда 20 сәбиден 11,4 сәбиге дейін.
Денсаулық сақтау қызметкерлері
бұл жағдайды аналар денсаулығының
нашарлауымен байланыстырып отыр.
Осыған орай еңбек және халықты
әлеуметтік қорғау Министрінің
1999 жылғы 20-қыркүйектегі Бұйрығымен
әйелдердің еңбегін қолдануға
тыйым салынған еңбек жағдайы
ауыр және зиянды өндірістердің,
мамандықтардың және жұмыстардың
тізімі бекітілді. Оларға металл
өңдеу, қорғасынмен жұмыстар, құрылыс-монтаждық,
слесарлық жұмыстар және өзгелері
жатқызылған [14].
Әйелдердің үкіметтік емес ұйымдары
еңбектік және әлеуметтік заңнаманың
гендерлік сараптамасын өткізді.
Соның нәтижесінде әйелдер құқығына
қатысты келесі бұзушылықтарды
анықтады:
- «Қазақстан Республикасындағы еңбек ту<span class="Normal__Char" style=" font-family: 'Times New Roman', 'Arial';
font-size: 12p