Әйелдер мен жасөспірімдер еңбегін қорғау

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Декабря 2013 в 07:08, реферат

Краткое описание

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің 2005 жылғы 15 ақпандағы N 44-ө Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2005 жылғы 16 ақпанда тіркелді. Тіркеу N 3443. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің 2007 жылғы 31 шілдедегі N 186-ө Бұйрығымен.

Прикрепленные файлы: 1 файл

әйелдер құқығы.docx

— 118.09 Кб (Скачать документ)

 ЕҢБЕГІН ҚОРҒАУ

(ӘЙЕЛДЕР, КӘМЕЛЕТКЕ  ТОЛМАҒАНДАР МЕН МҮГЕДЕКТЕР)

                                                          Орындаған:

КПО – 404 тобының студенті

                                                                   Жұмабек Бұлан

 

«Қорғауға жіберілсін»

Кафедра меңгерушісі

З.ғ.к., доцент                                                                 Ғылыми жетекшісі:

Абйдельдинов Т.М.                                                       аға оқытушы 

_____________________                                              Нұрманов Е.А.

«   » ____________2007ж.

 

 

 

АЛМАТЫ 2007

Мазмұны

Кіріспе.........................................................................................................................3

І. Еңбекті қорғаудың  жалпы негіздері.................................................................7

         1.1 Еңбекті қорғау түсінігі және  оның маңызы..............................................7

         1.2 Еңбекті қорғаудың құқықтық  негіздері...................................................19

ІІ. Жекелеген  санаттағы қызметкерлердің еңбегін  қорғау...........................26

           2.1 Еңбек саласындағы әйелдердің құқықтық жағдайы............................26

           2.2 Кәмелетке толмағандардың еңбегін  қорғау..........................................38

           2.3 Мүгедектердің еңбектік реабилитациясын  құқықтық реттеу.............46

Қорытынды..............................................................................................................55

Қолданылған нормативтік  құқықтық актілер.................................................59

Қолданылған әдебиеттер мен мерзімді басылымдар.......................................59

Бітіру жұмысында  жасалған сілтемелер............................................................62

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

КІРІСПЕ

       Зерттелетін мәселенің өзектілігі.

       Қазақстан Республикасы 1990 жылы 25 қазанда Қазақ ССР-ның  мемлекеттік егемендігі туралы  Декларацияны қабылдап, 1991 жылы 16 желтоқсанда  тәуелсіздігін жариялаған күннен  бастап егеменді мемлекет ретінде  өз халқының мүддесі үшін экономикалық  және әлеуметтік саясатын өз  бетінше анықтауда және жүргізуде.  Бүгінгі таңда елімізде қоғамдық  өмірдің барлық салаларын, соның  ішінде заң саласын реформалау  жалғасуда, кең көлемді әлеуметтік, саяси және экономикалық реформалар  жүзеге асырылуда.

       Конституциямен  өзін әлеуметтік мемлекет деп  жариялаған Қазақстан Республикасы  тұлғаның еркін дамуы үшін, оның  өмір сүру деңгейінің жоғарлауы  үшін жағдайларды қамтамасыз  етуден белгілі бір міндеттерді  мойнына алып, өзінің әлемдік  құндылықтардың жолын ұстайтынын  растады. Әлеуметтік мемлекет  теориясы жеке еркіндік пен  теңдіктің, тұлғалардың еркіндігін  қамтамасыз етуге мемлекеттің  қатысуының үйлесімділігін білдіреді.  Әлеуметтік мемлекеттік қорғалмаған  адамдарды қолдау, қорғау, қамқорлыққа  алу, қоғамның гуманизациялану  идеясын қабылдайды.

          Ағзасының белгілі бір физиологиялық,  психологиялық ерекшеліктеріне  байланысты еңбек нарығында анағұрлым  әлсіз, бәсекеге түсе алмайтын, соның салдарынан мемлекет тарапынан  ерекше қолдау мен қорғауды  қажет ететін жалдамалы жұмысшылар  тобын құрайтын азаматтардың  белгілі бір санаты бар. Бұл  азаматтар олардың ағзаларының  физиологиялық ерекшеліктерінен  көрінетін айрықша субъективті  қасиеттерге ие. Сондықтан олардың  денсаулықтарына  кері әсер  ететіндіктен, олар еңбек функциясын  жалпы негіздерде атқара алмайды.  Нақты осы жағдайда еңбек құқығына  аталған тұлғалардың еңбек құқықтарын  қорғау, олардың қалыпты еңбек  жағдайларын қамтамасыз ету жүктелген.  Сонымен, қандай субъектілер мемлекет  тарапынан ерекше қорғауды қажет  етеді. Аталған санаттағы   азаматтарға еңбек құқығы әйелдерді,  кәмелетке толмағандарды және  мүгедектерді жатқызады. Құқық  әйел ағзасының әлеуметтік ана  болу функциясын, жасөспірімнің  қатаймаған, даму үстіндегі ағзасын,  оның психикасының, жеке қасиеттерінің  әлі қалыптаспағанын, мүгедектердің  шектелген еңбек қабілеттігін  ескерген.

          Осы жекелеген санаттағы қызметкерлердің  еңбегін қорғау мәселесінің өзектілігі  соңғы кездері белең алып отырған  өндірістегі адам шығынына алып  келген жазатайым оқиғалардың  жиілей түсуі, техникалық, санитарлық-гигиеналық  және өзге де қауіпсіздік талаптардың  сақталмауы салдарынан қызметкерлердің  мүгедек болып қалу жағдайларының  кең етек жаюынан көреміз. Тарихи  дамудың осы бір кезеңінде  аталған мәселені шешуге қажетті  барлық объективті жағдайлардың  жетілгені осы мәселенің өткірлігін  және зерттелуге қажеттілігін  анықтайтын фактор болып табылады.

           Мәселенің ғылыми жетілдіру жағдайы. Еңбекті қорғаудың әлеуметтік негіздерінің жеке аспектілері техникалық, медициналық, әлеуметтік және өзге салалық ғылым салаларымен зерттелген. Жекелеген санаттағы қызметкерлердің еңбегін қорғау мәселесіне көптеген ғалым-заңгерлердің де еңбектері арналған. Аталған мәселені жетілдіруге байланысты түрлі ғылым салалары ғалымдарының салған үлесін мойындай отырып, осы мәселеге қатысты барлық кешенді қамтитын арнайы зерттеудің әлі де жоқ екенін айта кеткен жөн. Әрине, бірқатар монографиялар мен жеке мақалаларда бекітілген өткен күн тәжірибесі осы мәселенің негізін құрайды, бағыт береді. Алайда, кейбір тұстарда зерттеулердің арасында қарама-қайшылықтар туындайды, сондай-ақ ғылыми-зерттеу материалдарының қазіргі жағдай мен туындаған мән-жайларға сәйкес келмеуі аталған бағытта зерттеу жұмыстарын жалғастырудың себебі мен негізі болып табылады.

          Қазақстан Республикасының 1999 жылы 10 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасындағы  еңбек туралы» Заңының қабылдануына  дейін әйелдер, кәмелетке толмағандар  мен мүгедектердің еңбегін қорғау  кезінде мемлекет тарапынан жеңілдіктер  белгілі бір еңбек жағдайларын  белгілеуден көрініс табатын.  Еңбек заңнамасында жекелеген  санаттағы қызметкерлердің еңбегін  құқықтық реттеудің дифференциялық  әдістемесі болған. Одақтас республикалардың  ЕтЗК-інде  бұл санаттағы  қызметкерлердің  еңбегін реттеуге қатысты жеке-жеке  бөлімдер арналып, бөлек қарастырылатын.

         Қазақстан Республикасының қазіргі  әрекет етуші еңбек заңнамасы  кеңес үкіметінде сияқты әйелдер,  кәмелетке толмағандар мен мүгедектерді  бірқатар жеңілдіктерді иеленетін  еңбек құқығының ерекше субъектісі  ретінде бөлмеген. «Қазақстан Республикасындағы  еңбек туралы» Заңда тіпті  олардың еңбек қатынастарын реттейтін  жеке бөлім (тарау) да жоқ.  Аталған заңда әйелдер мен  кәмелетке толмағандардың еңбегіне  қатысты бірнеше бап қана қарастырылған.  Ал мүгедектер тіпті назардан  тыс қалған.

         Осы негізінде  Қазақстан Республикасының еңбек  саласындағы нормативтік құқықтық  актілерін түзету мен толықтыруға  қажеттілік туындады деуге негіз  бар. Бұл ақтаңдақтар мен олқылықтар  Еңбек Кодексімен назарға алынып, дұрыс жолға қойылады деген  үміттеміз.

          Зерттеудің мақсаты мен міндеті. Бітіру жұмысының мақсаты Қазақстан Республикасындағы жекелеген санаттағы қызметкерлердің еңбегін қорғауды құқықтық реттудің теоретикалық мәселелерін кешенді зерттеу болып табылады.

         Осы мақсатқа жету үшін мынадай  міндеттер қойылды:

    1. Еңбекті қорғаудың жалпы ұғымын және оның мәнін ашу;
    2. Еңбекті қорғаудың құқықтық негіздерін анықтау;
    3. Өндірістегі әйелдер еңбегінің салауатты және қауіпсіз жағдайларын қамтамасыз етуге бағытталған түрлі шаралардың кешенді жүйесі болып табылатын әйелдер еңбегін қорғаудың жалпы сұрақтарын қарастыру және тек әйелдерге қатысты ғана қолданылатын арнайы құқықтық  нормалардан тұратын әйелдер еңбегін ерекше қорғаудың мазмұнын ашу;
    4. Еңбекті қорғауға байланысты кеңес үкіметінің және Қазақстан Республикасының заңнамаларын салыстыра отырып, кәмелетке толмағандардың еңбегін қорғауға қатысты шешілмеген, қайшылықты мәселелерді анықтау;
    5. Мүгедектердің әлеуметтік-құқықтық реабилитациясы ұғымын құқықтық санат ретінде анықтау және оның негізгі бағыттарын көрсету.

        Зерттудің методологиялық негізі. Зерттеудің методологиясын құқықтық құбылыстарды танудың диалектикалық әдісі, сондай-ақ салыстырмалы талдау жасау, тарихи-әлеуметтік, жүйелі, логикалық, кешенді және себеп-салдар мен себепті байланыс әдістері құрады. Мысалы, тарихи әдіс  еңбекті қорғауды реттейтін нормативтік құқықтық актілердің өзгеру динамикасын көрсетуге мүмкіндік берді. Салыстырмалы әдіс еңбекті қорғаудағы өзге мемлекеттердің жетістігін анықтап, үлгі ретінде алынуы үшін қолданылды.

         Зерттеудің теоретикалық негізін  құқық, философия, экономика, социология, физиология, психология салаларындағы  отандық және шетел мамандарының  еңбектері құрады. Маңызды қайнар  көз ретінде еңбек құқығы ғылымының  өкілдерінің еңбегі қолданылды: Е.Н. Нұрғалиева, А.С. Пашков, Т.М.  Абайдельдинов, В.Н. Уваров, А.М.  Нұрмағамбетов, К.А. Шайбеков, А.А.  Абрамова, Е.Г. Азарова, Э.Г. Қожахметова,  Л.А. Николаева, В.Н.Толкунова және  өзгелері.

         Зерттеудің теоретикалық және тәжірибелік маңызы. Зерттеудің теоретикалық маңызы – жекелеген санаттағы қызметкерлердің еңбегін қорғауға қатысты шешілмеген және қарама-қайшылықты мәселелерді ашу болып табылады. Зерттеудің тәжірибелік маңызы – жекелеген санаттағы қызметкерлердің еңбегін қорғауға байланысты Қазақстан Республикасының заңнамасын жетілдіру бойынша ұсыныстарды негіздеу болып табылады. Диплом жұмысындағы теоретикалық қорытындыларды ғылыми –зерттеу жұмыстарында қолдануға болады.

      Бітіру жұмысының құрылымы мен көлемі кіріспеден, екі бөлім, бес тараудан тұратын негізгі бөлімнен, қорытындыдан, қолданылған қайнар көздердің тізімінен тұрады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

І. Еңбекті қорғаудың  жалпы негіздері

1.1 Еңбекті қорғаудың  түсінігі және оның маңызы

      Қазақстан  Республикасында адамдардың еңбегі  мен денсаулығы мемлекетпен қорғалады.  Еңбекті қорғаудың құқықтық негіздері  еліміздің ата заңында  көрініс  тапқан. Яғни, Қазақстан Конституциясының 24–бабының  2-бөлігіне сәйкес  әрбір азамат қауіпсіздік пен  тазалық талаптарына сай еңбек  ету жағдайына құқығы бар, ал 29-бапқа сәйкес Қазақстан Республикасының  азаматтары денсаулық сақтауға  құқығы бар.

      Қоғамдық  қатынастардың түрлі жақтарын  қамтитын күрделі әлеуметтік-құқықтық  санат бола отырып, еңбекті қорғау  тек қана заңгерлермен ғана  емес, өзге де техникалық, медициналық,  әлеуметтік және т.б. салалық  ғылымдармен зерттелуде.

       Еңбек  заңнамасы еңбекті қорғау ұғымына  келесідей анықтама беріп отыр, яғни еңбекті қорғау – бұл  құқықтық, әлеуметтік – экономикалық, ұйымдық-техникалық, санитарлық-гигиеналық, емдеу-алдын алу, оңалту және  өзге де іс-шаралары мен құралдарын  қамтитын, еңбек қызметі үрдісінде  қызметкерлердің өмірі мен денсаулығының  қауіпсіздігін қамтамасыз ететін  жүйе.

        Шындығында  да, еңбекті қорғау әр түрлі  шаралардың, соның ішінде барлық  жұмыс істейтін азаматтардың  денсаулығы мен еңбек қабілетін  қамтамасыз етуге бағытталған  құқықтық шаралардың да жиынтығы  болып табылады. Еңбекті қорғау  жүйесінің ең маңызды бөлігі  еңбекті қорғау жөніндегі заңнама  сөзсіз, себебі еңбекті қорғауды  бұлжытпай жүзеге асыруды қамтамасыз  ететін барлық нормалар жүйесін  қамтиды.

        Еңбек  құқығында қалыптасқан «еңбекті  қорғау» ұғымы екі түрлі жағынан  берілген – аталған термин  екі түрлі мағынада ажыратылған  және оны кең де, тар да мағынада  талдауға болады. Кең мағынада  аталған санат ретінде құқықтық, әлеуметтік-экономикалық, ұйымдастырушылық-техникалық, санитарлық-гигиеналық, емдеу-профилактикалық  және өзге де шараларды қамтитын  еңбектік қызмет үрдісіндегі  жұмысшы өмірінің, денсаулығының  қауіпсіздігін және еңбек қабілетінің  сақталуын қамтамасыз ету жүйесі  түсіндіріледі.

        Қауіпсіздік  пен гигиена талаптарына жауап  беретін еңбек жағдайына құқық  – қызметкерлердің негізгі құқықтарының  бірі болып табылады («Қазақстан  Республикасындағы еңбек туралы»  Заңның 7-бабы 1- тармағының 3-тармақшасы). Еңбек заңнамасы түгелдей еңбекті  қорғау мақсаттарына бағындырылған.  Заңнама ұлттық саясаттың бұл  саладағы негізгі  қағидаларын,  өндірістегі тосын жағдайлардың, денсаулықтың зақымдануының алдын-алу  шараларын, шаруашылық жүргізудің  барлық түрлерінде және меншік  нысанына қарамай кез-келген кәсіпорында  қауіпті және зиянды өндірістік  факторларды барынша азайтуды  қарастырады.

        Тар  мағынада еңбекті қорғау еңбектің  қауіпсіз және қолайлы жағдайларын  тудыру мәселелерін, жұмыс берушінің  қауіпсіз еңбек жағдайын қамтамасыз  ету, қызметкерлердің еңбек міндеттерін  орындау кезінде денсаулығына  және өміріне келген зиян үшін  жауаптылықты сақтау міндетін  реттейтін құқықтық нормалардың  жиынтығын көрсетеді. Бұл мәселелерді реттейтін нормалар мен ережелер еңбек құқығының құрамдас бөлігі болып табылады [1, С.296].

Информация о работе Әйелдер мен жасөспірімдер еңбегін қорғау