Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Января 2014 в 08:25, дипломная работа
Бағалы қағаздар орта ғасырлардан бері қарай қолданыла бастады. Сол кезенде ұлы географиялық жаңалықтардың ащылуымен байланысты сауданың аясы кеніді, ал осы мүмкіндіктерді пайдаланып қалғысы келген кәсіпкерлердің ірі капитал сомасына деген қажеттілігі туды. Оның үстіне теңізден шалғай рынок пен шикізат кезен игерумен байланысты орын алатын шығындарды жекелеген адамдар көтере алмайтын да еді. Нәтижесінде ағылшын, голландық еомпаниялары акционерлік қоғамы Ост-Индия, Грудзон бүғазы компаниялармен сауда жасаумен байланысты дүниеге келді.
Кіріспе..................................................................................................3
І-тарау. Бағалы қағаздардың жалпы сипаттамасы
Бағалы қағаздардың құқықтық таным тұрғысындағы түсінігі мен мәні ............................5
1.2 Бағалы қағаздарды классификациялау түрлері және олардың жіктелуі ...............................................
ІІ-тарау. ҚР заңнамасы бойынша бағалы қағаздардың құқықтық реттелуі
2.1. Бағалы қағаздарды реттейтін құқықтық нормалар және оларды жүзеге асыру тәсілдері ...................... 45
2.2. Қолданыстағы бағалы қағаздар нарығын реттеу ...............................................................48
2.3. Бағалы қағаздар заңнамасын жетілдіру мәселелері ................................................................................ 50
Қорытынды:......................................................................................55
Қолданылған әдебиеттер.................................................................58
Жай вексельді пайдаланғанда тек екі жақ (контрагенттер) өзара әрекет жасайды, яғни вексель беруші өзі делдалды қатыстырмай-ақ белгіленген уақытта вексель иемденушіге қарызын өтейді. Егер аудармалы вексель (яғни, тратта) пайдаланылса, онда вексель айналысында бірнеше заңды немесе жеке тұлғалар қатысады - әлбетте үш, төрт және оданда көп конрагенттер қатысуы мүмкін.
Аудармалы вексель (тратта)
деп вексель берушінің(
Акцепт деген – есеп айырысуда төлеушінің(акцептанттың) өз қарызын төлеуге жазбаша берген келісімі. Демек, акцепт есеп айырысудың бір түрі.
Вексельді басқа біреуге пайдалануға берген жағдайда “индоссамент” деген белгі жазылады. Оны вексель иемденуші, яғни индоссант жазады, ал индоссаменті алған адам индоссаи деп аталады. Вексельді өтеу үшін екінші, үшінші адамдарға аудару процессі индоссация деп аталады. Вексельді төлеуде басқа вексель иемденуші адамдармен қатар индоссатта міндетті.
Біздің мысалда келтірілгендей ремитент вексельді екі түрлі пайдалану мүмкін: төлеу үшін трассатқа ұсынуы;ия болмаса вексельдің сырт жағына аудару туралы белгі қойып, басқа адамға төлеу құқығын беруі мүмкін;
Бұл жағдайда вексель иемденуші: Біріншіден, төлем уақыты келгенше вексельді өзінде сақтап, ал төлем уақыты келгенде оны өтеуге ұсынуы керек;Екіншіден, төлемді өтеу үшін вексельді үшінші адамға(ол адам басқаға) беруіне болады;Үшіншіден, вексельді кепілге беріп, банктен несие алуына болады.
Вексельді толтырғанда кәсіпорын басшысы мен оның бас бухгалтері қол қояды. Егер вексельді жеке адам берсе, онда ол өзі қол қояды. Вексельде қажетті реквизиттер(мәліметтер) болуы шарт:/14/
Осы айтылған мәліметтердің тек біреуі ғана көрсетілмеген жағдайда вексельдің құқықтық күші жойылады. Төлем уақыты көрсетілмесе ондай вексельді ұсынған уақытта өтелетін деп қарау керек. Аудармалы вексель вексель берушінің “үкімімен” берілуі мүмкін. Ол сонымен қатар вексель берушінің өзіне беріліп, үшінші адамның есебіне жазылуы мүмкін.
Вексельдің қолдану
аясына, келісім жағдайына және олардың
тауарлары мен ақшамен
Коммерциялық(немесе саудалық) вексель тауарларды сату және сатып алу келісімдерінің негізіде айналысқа түседі. Мұндай вексель нақты тауар кепілдігіне беріледі, яғни ол сату операцияларын несиелеу мақсатында беріледі. Келісім шарты жасалған шақта сатып алушының қажетті мөлшерде бос ақшасы болмаса оның орнына сатушыға басқа төлем құралы – вексельді ұсынады. Ол өзінікі болуымен қатар, басқанікі де, яғни индоссацияланған(басқаға аударылғаны туралы белгісі бар) болуы мүмкін. Әлбетте, вексель айналасының негізі – коммерциялық вексельдер.
Несие келісімдерінің ақшалай
түрін рәсімдеу қаржы вексельдері
болып есептеледі. Оған банктік, қазыналық,
траст және басқа банк емес несие
ұйымдарының вексельдері
Ал қазыналық вексельдер деп мемлекеттік қысқа мерзімді қаржылық міндеттемелерді айтады. Қазіргі уақытта вексельдің бұл түрі кең өріс алуда. Траст компаниялары ақша салушылардың өздеріне сенімін арттыру мақсатында олардың салымдары бойынша қарыз міндеттемелерін беруде. Әрине қазыналық және басқа да қаржылық вексельдерді пйдаланғанда ол үшін өсімақы төленеді.
Жалған вексельдерді беру нақты не материалдық, не ақша құндылықтарының қозғалысымен байланысты емес. Оларға достық, қола(бронза), яғни құр-қуыс және қарсы жүретін вексельдер жатады. Олардың кепілімен несие алу үшін және банкте есепте болу мақсатымен беріледі. Демек, жалған вексельдер ештеңемен қамтамасыз етілмеген құжат.
Вексель айналысы жүйесінің негізгі элементі – вексельдің сенімділіг. Оны арттырудың бірнеше жолдары қарастырылған. Оның біреуі – акцепт авальді-операциялар. Вексельдік акцептті деген төлеушінің вексельді төлеуге берген келісімі. Сол сияқты, акцепттант(төлеуші) өтеуге келісім берген заңды мекеме немесе жеке тұлға болуы мүмкін. Егер акцептантың рольін банк атқарса, онда вексель бірінші класты (яғни қатерсіз) міндеттеме құқығын алады. Вексельдің акцептті міндетті емес, бірақ ол нарықта вексельдің еркін айналуына жағдай жасайда.
Вексельдік аваль – вексель бойынша кепілдік. Аваль беруші банк(авальшы) вексель беруші (егер жай вексель болған жағдайда) немесе акцептант(аудармалы вексель болған жағдайда) тарапынан төлем төленбеген жағдайда оны төлеу жауапкершілігін өзіне алады. Төлеу мерзімі келген кезде вексель төлеу үшін тікелей банкке жіберіледі. “Аваль бойынша есептелсін” деген сөзді вексельдің бет жағына немесе қосымша қағазға(аллонжеге) жазады. Вексельді өтеудің бұл түрі – аваль акцептіке қарағанда сиректеу қолданылады. Банктер вексель бойынша бұданда басқа бірсыпыра операциялар жүргізеді. Мысалы, айналымдағы вексельдерді есептеуді коммерциялық банктер жүргізсе, оларды қайта есептеумен мемлекеттің Орталық банкі шұғылданады. Сол сияқты банк вексельді кепілдікке алып, несие береді және вексельдермен комиссиялық операциялар да жүргізеді.
Вексельдерді есептеу және оны кепілдікке алу операцияларының негіінде коммерциялық несие банктік несиеге айналады, яғни несиенің бір формасынан оны екінші формасы екінші формасы пайда болады. Шын мәнінде банктің кленті қолындағы вексельді банкке сатып, оның орнына қолма-қол ақша алады. Сөйтіп, “индоссамент” деген белгісі бар вексель банктің меншігіне айналады.
Қорыта айтқанда, жай акциялар бойынша дивидент төлеу корпорацияның нәтижелі қызмет істеуіне байланысты болса, ал артықшылықты акциялар бойынша корпорацияның шаруашылық қызметі нәтижелі болмағанына қарамастан алдын ала жоспарланған кіріс бойынша нақты мөлшерде дивидент төленеді. Әрине нақты төленген дивидент жылдық жұмыс нәтижесіне байланысты түскен кіріс мөлшерін өсіруі де мүмкін және керісінше, бөлінген пайданың мөлшерін кемітуі де мүмкін.Банктер вексель бойынша бірнеше түрлі операция жүргізіп, бір жағынан олардың айналым жылдамдығын шапшаңдатса, екінші жағынан өздеріне пайда түсіреді.
Бағалы қағаздардың өте көп басқа да түрлері болады. Оларды әртүрлі эмитенттер шығарады. Солардың екі-үш түрін қарап өтелік. Корпорацияның жарғысына қарсы келмесе онда оның “екінші қатардағы”, немесе айналымдағы бағалы қағаздарға қосымша тағы да бағалы қағаздар шығарып капитал табуға мүмкіндігі бар. Оларды “құқықты бағалы қағаздар” деп те атайды. Оларға жазылу құқын опцион, варрант деген сөздер айқындайды.
Акцияға жазылу құқы акционерлерге компания акциясының жаңа тиражын сатып алу артықшылық құқын береді. Бұл акционерлердің мүлікке деген мүддесін қорғайды. Бұл бағалы қағаздың ерекшелігі корпорация жарғысында акционерлердің “артықшылық құқы” деген арнаулы сөзбен белгіленеді. Ондай құқықты тек жай акция иеллері ғана пайдалана алады. Акцияға жазылу құқы бар әрбір акционер корпорациядан сатып алуға рұқсаты бар акция саны және оның сатылу бағасы көрсетілген арнаулы куәлік немес құқық сертификатын алады. Әдетте, акцияның сатылу бағасы ағымдағы курсынан төмен болады.
Жазылу құқын үш түрлі жолмен жүзеге асыруға болады:
Біріншіден, өз құқын іске асыру, яғни жаңа акция сатып алу. Ол үшін сертификатты толтырып және ақша аударып, корпорацияға жіберу кереку;
Екіншіден, жазылу құқын сатуға болады;
Үшіншіден, жазылу құқын пайдаланбауға да болады. Онда сатып алушылар туралы мәселені корпорация өзі шешеді./15/
Жазылу құқы - қысқа мерзімді бағалы қағаз. Әлбетте, ол бір айдан аспайды. Егер корпорацияның акциясы қор биржасында айналымда болса, онда құқық сертификаттары да сол биржада бағалануы мүмкін. Оларға басқа баға қойылады.
Опцион – шартқа енгізілген мерзімдік талапты көрсететін бағалы қағаз. Ол бойынша екі жақтың біріне белгілі бір уақыттың ішінде келісілген ақыға бағалы қағаздардың біраз мөлшерін сатуға немесе сатып алуға құқық беріледі, ал екінші жақ, қажет болғанда, шартта белгіленген ақыға бағалы қағаздарды сатуға және сатып алуға міндеттенеді. Әдетте, опцион корпорацияның өзінің жоғары лауазымды қызметкерлеріне тұрақты бағамен жай акция сатып алу құқын беретін бағалы қағаз. Опцион – заңды түрде бекітілген стандартты құжат. Онда сатылатын бағалы қағаздар саны көрсетіледі. Оның өлшемі “лот” деп аталады, яғни бір лотта жүз дана бір атаулы бағалы қағаз болады. Опционның мазмұнында опциондық шартта бекітілген құқықтың орындалуы, яғни бағалы қағаздарды сату немес сатып алу күні және бағасы көрсетіледі.
Опционның екі түрі кездеседі: сатып алушы опционы және сатушы опционы.
Біріншісі – сатып алу шарты, онда опционның өзі сатып алынады.
Екіншісі – сату шарты, ол бағалы қағазбен бірге сатылады. Алғашқыда опциондық шарт тек қор нарығындағы акцияға қатысты болса, қазіргі кезде ондай шарт кез-келген тауарға жасалады.
Бағалы қағаздардың туынды (қосымша) түрлерінің бірі – варрант. Варрант – ерекше бағалы қағаз. Ол корпорацияның айналымдағы бағалы қағаздарына сатушының сатып алушыға меншік құқын беретін міндеттемесі. Варрант иемденушісі қолындағы варранты (бағалы қағазды) белгілі бір уақыт аралығында тұрақты бағамен онда белгіленген жай акциялар санына айырбастауға құқы бар.
Варрант - ұзақ мерзімді бағалы қағаз. Әдетте, оны корпорация облигациялармен және артықшылықты акцияоармен қоса шығарады. Бұл, бір жағынан, бағалы қағаздарды алғашқы орналастырғанда тартымды (өтемді) етсе, екінші жағынан корпорацияның эмиссиялық шығындарын азайтады. Варранттың опционнан айырмашылығы – егер опционды эмитентте және бағалы қағаздар портфелін иемденушіде шығарса, ал варранты тек қарыз міндеттемесінің эмитенті ғана шығарады. /16/
Варрант корпорацияның басқа бағалы қағаздарымен қоса шығарылғаннан кейін, олардан бөлініп, өз алдына айналымға түседі. Ол туралы компанияның жарғасында көрсетілген болуы керек. Варрант белгіленгеннен кейін бағалы қағаздың сатылу бағасы варрант бағасынан кемиді. Екінші нарыққа түскесін варрант өзінің нарықтық курсына ие болады. Варранттың жаңа бағалы қағазға айырбасталу бағасы варранттың орындалу бағасы деп аталады.
Бағалы қағаздардың келесі бір тобына қаржы нарығы айналымындағы мемлекеттік институттардың және банктердің қарыз міндеттемелері жатады. Олар:
Қазыналық вексельдер - Қаржы министрлігі шығаратын қысқа мерзімді облигациялар. Олар мемлекеттің ішкі қарызын өтеу мақсатында шығарылады. Бағалы қағаздардың бұл түрі жоғары өтімділігімен ерекшеленеді, сондықтан оларды “екінші ақша” деп те атайды. Олар төмендетілген бағамен(дисконтпен), яғни номиналынан төмен бағамен сатылады, ал номиналымен кері сатып алынады. Арасындағы айырма проценттік өсімді құрайды. Қазыналық вексельдер 91,182 және 365 күн мерзімге шығарылады. Олар иесі ұсынушы вексель түрінде шығарылып, көрсетілген мерзімі біткесін ол ұсынушыға өтеледі.
Депозиттік сертификат – ол эмитенттің мерзімді салымын алғандығы куәландыратын банктік бағалы қағаз. Оның иесі – оны ұсынушы адам. Депозиттік сертификат екінші нарыққа белсенді түсетін және қолдан-қолға тез өтетін бағалы қағаз./17/
Чек – заңды түрде бекітілген ақшалы құжат. Ол қаржы институтындағы(чек беруші) ағымдағы есепшот иесінің чек иесіне көрсетілген сомманы төлеуін талап еткен жарлығы. Чек төлем айналымын тездету мақсатында шығарылады. Ағымдағы шот иесі шоттағы сомма көлемінде көптеген чектер толтыруына құқы бар.
Чектер бірнеше түрге бөлінеді: Атаулы чектер. Оны чек беруші белгілі бір адамның аты-жөнін көрсетіп толтырады. Ондай чектерді екінші кісіге “индоссаментпен” беруге болады;Ордерлі чектер. Олар жеке немесе заңды тұлғаларға толтырылады. Ордерлі чекті басқа кісіге “индоссаментпен” беруге болады;Иесі ұсынушы чектер. Олар бойынша көрсетілген сомма чек ұсынушыға төленеді. Ондай чектерді ешқандай жазумен көрсетпей-ақ бір кісіден екіншіге беруге болады.
Вексельдер сияқты, 1931 жылы Женевада чек бойынша Халықаралық конвенция құжатқа қол қойды. Оның талабы бойынша чекте алты міндетті элементтер болуы шарт. Олар: чектік белгі, яғни құжат тексінде “чек” деген белгі болуы шарт;чекті өтейтін төлеуші, яғни банктің аты;төлем орны, яғни орналасқан жері;чекте көрсетілген сомманы төлеу жөнінде жарлық;чек берген уақыт және орын;чек берушінің қолы;
Чек айналымында көптеген мемлекеттерде кейбір ұлттық заңдылықтар қолданылады. АҚШ-та және Ұлы Британияда,
Мысалы, чектік белгі қойылмайды.
Қазақстан Республикасының нормативі базасымен қарастырылған бағалы қағаздың тағы бір түрі коносамент болып табылады.
Коносамент – туралы заңды іс-әрекеттер жүргізуші құжат болып табылады.
Бұл бағалы қағаз бойынша – осы қағазды ұстаушысының қағазда көрсетілген жүкпен әртүрлі іс-әрекеттер жасауға және жүкті тасымалдаудан соң алуға құқығы бар.
Коносамент негізінен екі түрлі қызмет атқарады:
Бірінші жағынан ол жүкті тасымалдау келісім-шартының тіркелгендігін куәландырады.
Екінші жағынан ол – бағалы қағаз сапасын атқарып, жүкті тасымалдаушының белгілі сападағы және көлемдегі жүкті міндетті түрде беру біржақты міндеттемесін біріктіреді. Бұл қағаз ұстауға құқығы бар тұлғаға беріледі.
Коносамент – жүкті тасымалдауға қабылдап алғаннан соң түзіліп, осы құжатты көрсетілген реквизиттердің тізімі беріледі. Коносамент бірніші түп нұсқада көрсетілуі мүмкін және неше дана түп нұсқа түзілгендігі көрсетілуі шарт. Осы қағаздың біреуі арқылы жүкті беру процесі жүзеге асатын болса, онда қалғандары заңды күшін жояды. Коносамент – осы құжатты ұстаушыға, құжатта көрсетілген белгілер бойынша талап ету құқығын береді және бұл жағдайда жүкті тасымалдаушы коносаментті түзу кезінде бірқатар келеңсіздіктер жіберілді және құжатта көрсетілген мағлұматтар дұрыс еместігіне сенімсіздік білдіруіне құқығы жоқ.
Коносаментті ұстауға құқығы бар тұлға, сол құжат бойынша жүкті беруді талап ете алады. Бұл бағалы қағаз: атаулы, ордерлік және ұсынбалы коносамент түрінде келуі мүмкін.