Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Января 2014 в 08:25, дипломная работа
Бағалы қағаздар орта ғасырлардан бері қарай қолданыла бастады. Сол кезенде ұлы географиялық жаңалықтардың ащылуымен байланысты сауданың аясы кеніді, ал осы мүмкіндіктерді пайдаланып қалғысы келген кәсіпкерлердің ірі капитал сомасына деген қажеттілігі туды. Оның үстіне теңізден шалғай рынок пен шикізат кезен игерумен байланысты орын алатын шығындарды жекелеген адамдар көтере алмайтын да еді. Нәтижесінде ағылшын, голландық еомпаниялары акционерлік қоғамы Ост-Индия, Грудзон бүғазы компаниялармен сауда жасаумен байланысты дүниеге келді.
Кіріспе..................................................................................................3
І-тарау. Бағалы қағаздардың жалпы сипаттамасы
Бағалы қағаздардың құқықтық таным тұрғысындағы түсінігі мен мәні ............................5
1.2 Бағалы қағаздарды классификациялау түрлері және олардың жіктелуі ...............................................
ІІ-тарау. ҚР заңнамасы бойынша бағалы қағаздардың құқықтық реттелуі
2.1. Бағалы қағаздарды реттейтін құқықтық нормалар және оларды жүзеге асыру тәсілдері ...................... 45
2.2. Қолданыстағы бағалы қағаздар нарығын реттеу ...............................................................48
2.3. Бағалы қағаздар заңнамасын жетілдіру мәселелері ................................................................................ 50
Қорытынды:......................................................................................55
Қолданылған әдебиеттер.................................................................58
Айналымның процесі
кезінде вексель бір
Түріне қарай вексельдер коммерциялық, қаржылық және қазыналық болып бөлінеді.
Коммерциялық вексельдер өндіруші – кәсіпорындарға тұтынушы кәсіпорындардың төлемнің мерзімін шегіндіру нысанын көрсететін коммерциялық несиелер ресмиленеді.
Қаржылық вексельдермен тауарлы мәмілелер емес, түрлі банктер арасында іскер байланыстар бойынша рәсімделеді.
Вексельдер эмиссиялық
бағалы қағаздар емес, олардың айналымы
Қазақстан Республикасының
Ордерлік вексельдер әлемдік вексель айналымында кең таралған. Бәрінен бұрын сауда, есеп айырысу үшін мұндай айналымға ыңғайлы ақшадай құжаттар “ тауарларды төлем мерзімін шегіндіріп сатуға” негізделген шарт қоя бермейтін бағалы қағаз қажеттілігінен пайда болған. Бірақ қазақстанда ұсынушының вексельдінің айналымына тыйым салынған.
Мұндай қортынды қолданыстағы заңдарды саралап барып орныққан. Болашақта қатаң құжат болып табылатын вексель өз маңыздылығы мен вексель жөніндегі алушының өтуі тиіс, бірақ, мұндай нұсқаулық мәні бар құжат вексельдік күштен айрылып қалады. Демек оның өзінен вексельді беруді негізінде нақты құқыққа қатысы бар жақтардың дәл айқындалған мәні жатыр (мысалы, сату және сатып алу). Вексельді беру осы мәміленің негізінде құқық пен міндеттерін бөлісуге тиісті екі жақтың арасында жаңа құқықтық қатынасты тудырады.
Шаруашылық айналымда вексель төлем мен куәландыру тәсілі ретінде маңызды қызметтер атқарады. Несиелік қатынаста вексельдің көмегімен тауар, көрсетілген қызмет үшін төлеуге, сондай-ақ, төлемін шегіндіру арқылы тауарларды несиеге алуға болады. Инфлияцияның тез өсіп жатқан кезеңінде вексель басқа бағалы қағаздарға (мысалы, облигация) қарағанда, қысқа мерзімді құжат ретінде аса тиімді. Одан басқа, вексельді нақтылай ақша қаржысы жетпей қалғанда қолдануға болады. Бірақ, вексельдерді қолдану үшін оның тиімділігін арттыратын құқылық жағдай туғызу керек. Бұл ақшалық құжаттар айналымында істі маңызды вексельдерді есептеу және олардың міндеттемелерін өшіретін, банктердің қызметін біріктіретін биржадан тыс нарықтарда жүргізіледі.
Вексельдерді есептеу, вексель айналымының арнайы ерекшелігі болып табылады. Оның негізі мынада; банктер (мүмкін басқа қаржы институттары) вексель есебін жүйелі түрде хабарлап отырып, оны шығарған әртүрлі субъектілер де вексельдерді оларға иеленушілерден айналым мерзімі өткенге дейін сатып алады, бірақ, енді бұл бағалы қағаздардың бағасы бастапқы құннан белгілі бір мөлшерде арзандатылады. Сондықтан, вексельдердің есептеу нарқын (дисконт) анықтауда нақты механзм орнату талап етіліп келеді.
Вексель айналымдағы құқықтық негіз құру мүмкіндігінің бірі Қазақстанның Женева конвенциясымен бірлесуін ұсынады. Женева конвенциясы 1930 жылы аудармалы және жай вексельдер туралы бірыңғай заңды нормаларын бекіткен болатын.
Әлемдік тәжірбеде вексель ордерлік бағалы қағаз ретінде танылып келеді.
Мысалы, шет елдік тәжірибелерге сүйенетін болсақ: француздардың бағалы қағаздар заңына сәйкес аудармалы және жай вексель олардың заң нысандары бойынша вексель берушінің қолымен қатар үздіксіз ұсынушыға жеңілдіктер жасайтын қағаз болып табылады.
Соған сәйкес, италяндықтардың
заңымен – барлық бағалы қағаздар
секілді, бұйрықты келісімге келтіретіндіктен,
беру қағаз индоссаменттің тәртібінде
жіберілетіндіктен бұл
Ал швейцариялықтардың заңы бойынша вексель “вексель тектес қағаздар” (ордерлік аударым, және төлемнің ордерлі келісімін түзуші) белгілі жерді және белгілі мерзімде белгіленген сомманы төлеуге немесе белгілі сандағы заттарды алмастыруға міндеттелген жағдайда (тауарлы-материалдық құндылығы бар) бағалы қағаз болып табылады.
Германдықтар заң жүзінде ордерлік бағалы қағаздан басқа индоссамент мәніндегі бағалы қағаздардың бәрін “ жалпы азаматқа тиімді” деп таниды.
Сонымен, ордерлік бағалы қағаздар – заңды тәртіпте реттелетін қағаздар екендігін анықауға болады.
“Қазақстан Республикасындағы
вексель айналымы туралы” Заңның
79-бабында Қазақстан
Еліміз құқықтық басқару жүйесіне талпыныс танытып отырғандықтан өркениетті нарықтардың теориясына, оның ішінде вексельдік құқықтың жүргізілуіне назар аудару қажет.
Оған мысал, Ляденбургтың тапсырыстық теориясы бойынша “вексель – ақша” алуға жазбаша өкілеті болса, Юстаның теориясы бойынша “вексель жай түрде, аудармалы түрде, вексель иесінің ақша төлеуі туралы” міндеттемесі уақытша айқындамасыз несие берушінің теориясы, ал В.Беловтың ғылыми-тәжірбиелік комментарийі бойынша “вексель оның соңғы иеленушінің алдында төлем мерзімді келген кездегі міндеттеменің мәні” болып табылады екен.
Егер вексель жай және аударымды вексельдер туралы 1930 жылғы біртектес заң нысанымен құрылатын болса, онда ол “абстрактілі, берілуі ешқандай шартсыз, сенімділігі жарияланған, формализмді, іздестірілуі қатаң да тез” мағыналарымен сипатталады.
Белгілі ғалым А.Каминко
былай деп жазды: “Вексельдік
міндеттемелердің текстін сұрыптау
кезіндегі негізгі бастама
АЛ, Н.Казакова, О.Балашова секілді көпке танымал заңгер ғалымдар “индоссаменттің пайда болуы тұлғалардың вексельге толық жеткізуіне мүмкіндік береді, вексельдің пайда болған негізінде өз құқықтарын негізделген олар өздеріне берілген вексель бойынша, ондағы тексттің іс жүргізе бастағанын айтты”.
Жоғарыда айтылғандардан шығатыны вексельдегі міндеттемелер вексельдің өзінен, ал ақшалай міндеттемелердің орындалуы беруші тұлғалардың жазулары мен қол қоюларынан туындайды екен.
Егер вексель міндеттеме десек, онда борышқордың несие берушінің алдындағы өз міндеттемелерін орындауы міндеті болып табылады, вексельдің құқықтық қатынасының маңызы ашыла түспек.
Вексельдің тарату күші шексіз де шартсыз да пайдалануы абыройын асырумен қатар, ақша айналымына ұнамсыз жайттарға да барып қалып жүр. Коммерциялық айналымда вексель мәмілелер бойынша есеп айырудың сапасында, кәсіпкерлерге коммерциялық несие беріп, мәміле бойынша міндеттемелерін жүзеге асыруда.
Вексельдің есеп айырысу қызметі жөнінде айтқанда төлем мен түсімнің есебін алмастырып алмау шарт. Вексель – түсім есебінің жайын көздейді. Қатаңдау айтсақ, вексель төлем кезінде ақшаға айырбасталғандықтан, өзінің ақша болып кетуі мүмкін емес.
Есеп айырысу қызметінің
вексель үшін қажеттілігі сонда,
вексель беру арқылы сатып алушы
ұсынылған мүлік бойынша вексел
Вексельдің несиелік қызметі мәміле бойынша вексельдің есебімен байланысты. Коммерциялық несиенің тікелей банктік несиеден айырмашылығы, мұндай мерзімді кейінге шегіндіру мүмкіндігі бар.
Вексельді әріптестерінің алған тауарлары мен сіңірген еңбегі үшін есеп айырысу мақсатында, төлем ақыларды жинап алу, қарыздарды ресмилеу үшін шығару барлық жарде ортақ іске айналып кетті. Әрине, вексельдің бағалы қағаз ретінде есепке, төлем ісіне бейімділігі тұрғанда оған таңырқауға болмайды.
Мысалы, вексельдің шығарылуынан Оңтүстік Қазақстан облысында 240 млн. теңгенің қарызы сөндірілген. Сонда барлығы бастапқы бағасы 40 млн. теңгеге вексель шығарылған (2004-2005ж.).
Бұл вексельдер облыстық бағыныштылықтағы бюджеттік ұйымдарға берілген. Бюджеттегі ұйымдар онымен электроэнергиясына, газ, жылуға төлеу мүмкіндігіне ие болды. Осы бойынша облыстық қаржы басқармасының есебінде сөндірілген қарыздардың соммалық көрсеткіші шамамен 240 млн.теңге болған.
Қарыздарды сөндіру жергілікті бюджеттің еншісінде қалған салық төлемдерінің есебінен жүзеге асырылды.
Бірақ вексельдер қор нарығына шыққан жоқ. Қаржы органдары вексельдің кейбір бөлігін екінші кезеңге Алматы орталық биржасының Оңтүстік Қазақстан филиалы бойынша орналастыру қарастырылды. Себебі, мұндай қимыл бюджетке “жан бітіретін” болады. /12/
Вексельдің азаматтық “саудадағы” міндеттемелерден айырмашылығы, оның абстракті сипатында. Мұнда борышқор (вексель иесі) вексель бойынша оның негізіне қарамай, вексельге міндетті тұлғаға талаптарын қоя алады. Осыдан барып, вексельді заңды күші оның формасында екендігі көрінеді. Оның өзі 1930 жылы Женевада қабылданған. Біртектес заңына сәйкес халықаралық стандартта жасалынған. Егер “борышқор” деген сөз қолданар болса, онда вексель бойынша мәміле азаматтық-құқықтық сипатта болғаны. Бұл мәмілені вексель бойынша ақшалай міндеттеме тез орындалуы тиіс коммерциялық несиенің санатына жатады.
Вексель Қазақстанның кәсіпорындар арасында сауда қатынасының айналысына енген жоқ. Бұны Қазақстан Женева Конвенциясына біріккен вексельді тіркеудің формасын сақтаудың шарттарын қабылдау арқылы дәлелдеп отыр. Бұл құжат Қазақстан Республикасының 30.08.95 жылы қабылданған Конститутцияға сәйкес мемлекеттік тілде әрі ресми тілде жүргізіледі.
Несиелік қызмет вексельдің
борышқорлық міндеттемелерінің
әр түрлілігінен шығады. Ол кейде несиелік
қатынастардан экспорттармен
Вексель – тауар-ақша қатынастарын және коммерциялық несиені дамытуда ертеден келе жатқан ең бір басты қаржылық құралы. Қаржы жүйесі дамыған елдердің ақша айналымында вексель елеулі орын алады. Қазіргі кезде электронды несие жүйесі кез-келген операцияны бар болғаны 1 сағаттың ішінде орындайтын мүмкіндігі бар(мысалы, Германияда вексель ақша айналымының 20-25%-ін құрайды). /13/
Егер кәсіпорын өз ісін парасаттылықпен жүргізіп отырса, оған айналым қаржысының уақытша жетіспеушілігін вексельмен толтыру онша қиын емес. Ол үшін саудадағы сенімді серігіне тауарды вексельге айырбастап берсе тауар-ақша айналымын жеделдетеді. Қазақстан Республикасында қазіргі нарықтық қатынастардың қалыптасуы кезінде, төлем құралдарының жетіспеушілігі, өндірістің құлдырауы, шаруашылық байланыстарының үзіліп және үлкен мөлшерде өтелмеген төлемдер жиналуы жағдайында қолма-қол ақшасыз есеп ретінде вексельге деген ынта арта түсуде. Сондықтан вексель шаруашылық өмірге кең көлемде енуде. Қазірдің өзінде вексель айналымын реттейтін бірсыпыра ереже-құжаттар пайда болады.
Вексель төлем дағдарысын реттеп, заттық қорлардың айналысқа түсуін жеделдетіп, кәсіпорындардағы тауар-зат құндылықтарының қорын азайтып және халық шаруашылығындағы есептерді тездетеді. Вексель айналымы экономикалық қатынастардың сан-алуын жүйесін қамти алады (ол туралы келесі тарауда айтылады).
Вексель нарығының қызметі - қысқа мерзімді несие беру арқылы ақша қаражатын бөлу. Вексель айналымының негізін – серіктестердің бірін-бірі еркін таңдауымен және бірін-бірі бақылауымен жасалатын несиелік келісім. Вексельді шығару мен оны айналымға түсіруге келісімнің мәні және оның маңызы зор.
Вексель несиені өтемеу қауіпімен байланысты болғандықтан ол вексель берушіге шамалы болса да сенім болғасын төлем құралы ретінде қабылданады. Егер вексель беруші тауардың сапасын, құнын, уақытында жіберілуін және басқа да жағдайларын бақыласа, ал вексель иемденуші серіктестің тек вексель алған уақытындағы төлем қабілеттілігін ғана емес, сонымен қатар, ол өте маңызды, оның төлем уақыты жеткенге дейінгі болашақтағы қаржы мүмкіншілігін де бақылайды. Вексель келісіміне қатысушылардың бірін-бірі бақылауы және сонымен бірге біріне-бірі сенуі, олардың қабылдаған міндеттемені нақты орындауға ұмтылуы нарықтық қарым-қатынастарды дамытуға жол ашады.
Басқа қарыз міндеттемелерінен вексельдің үш түрлі айырмашылығы бар: Біріншіден, вексельдің дерексіздігі, яғни қарызды қандай жағдайға, не мақсатқа алғандығы көрсетілмейді;Екіншіден, оны ыңғайсыздығы, яғни қарызды қандай жағдайға алғандығына қарамастан міндетті түрде өтеу керек;Үшіншіден, вексельдің айналмалылығы, яғни вексель иемденуші оны басқа адамдарға беруіне болады. Бұл ерекшелігі вексельді айналыс қаржысы ретінже қолма-қол ақшаның орнына пайдалануға мүмкіндік береді. Сол себепті вексельді сауда ақшасы деп те атайды.
Қолдану әдісіне қарай вексель жай және аудармалы вексель, немесе трастты болып екіге бөлінеді. Жай вексельді төлеуші, яки вексель беруші жазады. Онда вексельді жазған жер, берілген уақыты, қандай соммаға толтырылды, қай уақытта және қай жерде өтеу керектігі көрсетіліп, вексель иемденушіге беріледі. Сонымен бірге, вексель берушінің аты-жөні жазылып, қолы қойылады.