Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Января 2014 в 08:25, дипломная работа
Бағалы қағаздар орта ғасырлардан бері қарай қолданыла бастады. Сол кезенде ұлы географиялық жаңалықтардың ащылуымен байланысты сауданың аясы кеніді, ал осы мүмкіндіктерді пайдаланып қалғысы келген кәсіпкерлердің ірі капитал сомасына деген қажеттілігі туды. Оның үстіне теңізден шалғай рынок пен шикізат кезен игерумен байланысты орын алатын шығындарды жекелеген адамдар көтере алмайтын да еді. Нәтижесінде ағылшын, голландық еомпаниялары акционерлік қоғамы Ост-Индия, Грудзон бүғазы компаниялармен сауда жасаумен байланысты дүниеге келді.
Кіріспе..................................................................................................3
І-тарау. Бағалы қағаздардың жалпы сипаттамасы
Бағалы қағаздардың құқықтық таным тұрғысындағы түсінігі мен мәні ............................5
1.2 Бағалы қағаздарды классификациялау түрлері және олардың жіктелуі ...............................................
ІІ-тарау. ҚР заңнамасы бойынша бағалы қағаздардың құқықтық реттелуі
2.1. Бағалы қағаздарды реттейтін құқықтық нормалар және оларды жүзеге асыру тәсілдері ...................... 45
2.2. Қолданыстағы бағалы қағаздар нарығын реттеу ...............................................................48
2.3. Бағалы қағаздар заңнамасын жетілдіру мәселелері ................................................................................ 50
Қорытынды:......................................................................................55
Қолданылған әдебиеттер.................................................................58
Көптеген корпорациялар жай акция бойынша номинал құнын бекітеді. Ол акцияның титулында көрсетіліп, хабарлама сипатында болады. Ол бір акцияға шаққандағы жарғылық капиталдың мөлшерін көрсетеді. Номинал құны акцияның нарықтық бағасының одан әрі қозғалысына ешқандай әсер етпейді. Ол акцияны тек алғашқы орналастырғанда ғана маңызды роль атқарады. Номинал құны – акцияның эмиссиялық бағасы.
Егер акция көпшілікке сатылып кетсе, онда оның бағасын (курсын) сатуға қатысқан барлық инвесторлар қалыптастырады. Акцияның нарықтық бағасы, сатушының төмендеткен төменгі бағасымен және сатып алушының төлейтін жоғары бағасмен анықтайды. Акцияның нарықтық бағасын ия корпорация, ия басқа біреу белгілейді.
Акцияның эмиссиялық және нарықтық бағаларынан басқа, оның баланстық бағасы да болады. Ол қаржы есебінің құжаттарды негізінде анықталып, бухгалтерлік немесе “кітаптық” баға деп аталады. Ол активтің таза құнын (корпорация активтерінен минус оның пассиві) орналастырылған акция санына бөлгенге немесе бір акцияға келетін акционерлерге тиесілі капиталдың көлеміне тең.
Корпорация жай акцияның номиналын көрсетпей де шығаруға құқығы бар. Онда ол нарықтық бағамен (курспен) сатылады. Бұл жағдайда акцияның сертификатында компанияның капиталы бірнеше үлеске бөлінгені көрсетіледі. Корпорация жабылғанда бұл акциялар акционерлерге активтің белгілі бір бөлігін (номиналдық құнының емес) алуға кепілдік береді.
Артықшылықты акциялар (немесе преференционалды) – меншік туралы ерекше сертификат. Олар корпорация пайдасының деңгейіне қарамастан белгіленген мөлшерде неғұрлым нақты дивидент төлеуін қамтамасыз етеді. Преференционалды акция дауыс құқын бермейді. Өйткені ол дауыссыз бағалы қағаз. Оған байланысты артықшылықтар дауыс құқы жоқтығының орнына төлеу ретінде жүреді.
Артықшылықты акция иемденушісін қорғау үшін акцияның осы түрі бойынша дивиденттер әрқашан жай акциялар бойынша дивиденттер беруден бұрын төленеді. Сондықтан бұл акциялардан гөрі жай акция иемдену қауіптілеу.
Артықшылықты акциялар: номинал құны көрсетілген және көрсетілмеген болып екіге бөлінеді. Бірінші жағдайда дивидент акцияның номиналына байланысты процент түрінде есептеледі. Ал номиналсыз артықшылықты акциялар сирек кездеседі, оларда дивиденттің нақты ақшалы мөлшері көрсетіледі. Акция номиналының оның нарықтық бағасына әсері жоқ./ 5 /
Жай акция бойынша төленетін дивиденттер сияқты артықшылықты акция бойынша да дивиденттер таза пайдадан төлейді. Артықшылықты акция, әдетте – атаулы бағалы қағаз. Корпорация бұл акцияның бірнеше сериясын шығаруы мүмкін. Әрбір сериясының әр түрлі көлемдегі артықшылығы бар. Олар әр сериялы акцияның сертификатында көрсетіледі.
Егер корпорация артықшылықты акциялардың бір емес көп сериясын шығаратын болса, онда оның біреуін бірінші артықшылықты деп, ал келесісін – екінші артықшылықты деп анықтауы керек. Сондықтан осы акциялардың тек бір сериясының басқа серияларынан гөрі артықшылығы мол болады. Ол артықшылық әр түрлі тәсілдермен жүзеге асырылады: дивидент алғанда, активтерді бөлгенде немесе осы екі жағдайды қоса алғанда.
Артықшылықты акция
өзі, бірнеше түр тармағына
Қатысушылар артықшылығы өз иемденушісіне үстеме пайданы бөлуге қатысуға мүмкіндік береді. Басқаша айтқанда, корпорация жарғысында жай акция бойынша төленетін дивиденттің көлемі белгіленген, ал пайда одан жоғары болса, онда ол артықшылықты акция бойынша төленетін дивиденттің мөлшерін жоғарылатады. Олардың арасындағы ара қатынасын компанияның өзі белгілейді.
Қатыспаушылар акциясы
иесі ешуақытта белгіленген
Айырбасталатын артықшылықты акциялар өз иемденушілеріне кейбір жағдайларда (егер олар корпорация жарғысында көрсеотілген болса) осы корпорацияның жай акцияларының белгілі мөлшеріне айырбастауына мүмкіндік береді. Айырбастау жөніндегі талап осы типті акция шығарған кезде жазбаша түрде корпорация кітабында көрсетіледі. Артықшылықты акциялардың көбісі өтімді. Ал айырбасталмайтын акциялар өз статусын өзгертуге мүмкіндігі жоқ.
Артықшылықты акциялардың өте сирек кездесетін түртармағының бірі – дивидент төлеуі кейін қалдырылған акциялар. Олар корпорация құрылтайшыларына ғана арнап шығарылады. Олар бойынша дивидент тек жай акциялар бойынша төленетін дивиденттің ең жоғары квотасы төленіп болғасын ғана беріледі. Содан қалғаны атаулы акция иелеріне бөлінеді. Егер компанияның ісі өрлеп тұрса, бұл акциялар өте тиімді.
Егер компанияның жарғысында оның директорлары корпорация капиталын құруға жеке қатысуы керек делінсе, онда – директорлық квоталы акция деп аталатын артықшылықты акцияның арнаулы түрі шығарылады.
Нарықтық экономикасы дамыған елдерде артықшылықты акциялар саны, әлбетте, барлық акциялардың 10%-нен аспайды. Демек, корпорация қаржысында олардың үлесі өте төмен. Дегенмен де, артықшылықты акциялардың корпорация ісін басқаруда маңызы орасан зор. Олар акционерлік қоғамның жиналысында дауыс беретін жай акция иемденушілердің санын өзгертпей-ақ қосымша капитал тартуға мүмкіндік береді. Енді осы құнды қағаздардың құқықтық жағдайына тоқталайық.
Мұндағы атаулы акцияға иеленушінің аты тікелей құжатта көрсетілуі арқылы артықшылыққа ие болып, ал иесінің өзі акционерлік қоғамның реестріне тіркеледі.
Ұсынбалы акцияның толық иесі акцияны меншіктеуші болып табылады, ал ондағы топтастырылған құқықтарды беру акцияның беру “сату” жолымен жүзеге асырылады. Нарқықтық қатынасы дамыған елдердің бәріндегі бағалы қағаздар нарығындағы ұсынбалы акция негізге алынады. Ұсынбалы акция корпорацияны немесе акционерлік қоғамның реестрінде тіркелмейді. Ережеге сай оның иесі белгісіз болады. Бұл акциялардың иеленуінің заңды негізінде компания акционері болу жатыр. Ұсынбалы акцияның сатылуы бұл бағалы қағаздың бірінші меншіктенушіден екіншісіне тікелей берілуі болып табылады.
Экономикасы дамыған елдердің көпшілігінде ұсынбалы акцияны “бағалы қағаздар ұстаушыларды реестрге тіркелмейтіндіктен” шығаруға жол берілмейді.
Сонымен қатар акциялар қарапайым және артықшылығы бар болып бөлінеді.
Қарапайым акциялар акционерлік
қоғамды басқаруға қатысу құқығын
береді(акционерлер
Бәрінен бұрын бұл – пайданың бөлігін бірінші алу, оның үстіне алдын-ала бекітілген қатаң соммамен алу, сондай-ақ, акционерлік қоғам таратылар болса оның мүліктерін бөліске салуда айрықша қатысу(әрине, несие берушілердің талаптары қанағаттандырылғаннан кейін).
Артықшылығы бар акциялардың өзі бірнеше түрге бөлінеді: мысалыға, дивиденттің бекітілген нарқы немесе бекітілген дивидентке белгілі қосымшаның көзделенуі (қарапайым акциялар бойынша пайда түсіміне байланысты). Мұнда ескертетіні акционерлік қоғамның қарапайым акциялар бойынша дивидент төлеуге міндетті деп ойлау қателікке ұрындырады. Бұл дивиденттер акционерлік қоғамның пайдасынан қатталанып отырады.
Сондықтан да акцияның бұл
түрін ұстаушылардың акционерлі
Бұл мәселеде Қазақстан
Республикасының заң
Алайда “алтын акция” иесі бір мезетте компанияның акционері болуы да, болмауы да мүмкін. “Алтын акцияның” басты міндеті сонда, ол бір құрылымның (мемлекеттің, компанияның өзіне және т.т.) мүддесін қорғау мүмкіндігін іске асырады. Одан соң қандайда бір нақты міндеттерді шешетін іс шараларды жүзеге асырады. Қазіргі кезеңдегі “алтын акция” иесі Қазақстан Республикасының заңға сай, тек мемлекеттің өзі оның басқару органдары бола алады. “Алтын акция” бағалы қағаз ретінде, тәртіп қолданылмайды. “Алтын акцияны” кепілдікке немесе траст жүргізуге, сондай-ақ басқа да тәсілдермен иеліктерге беруге тыйым салынған. /6/
“Акционерлік қоғамдар туралы” 2003 жылғы 13 мамыр N415-11 ҚР заңы акционерлік қоғамның құқықтық жағдайының құрылуын, қызметін, қайта ұйымдастырылун және таратылу тәртібін, акционерлердің құқықтары мен мәндеттерін, сондай-ақ олардың құқықтары мен мүдделерін қорғау жөніндегі шараларды, акционерлік қоғам органдарының құзыретін, құрылу және жұмыс істеу тәртібін, оның лауазымды адамдарының өкілеттілігін, сайлану тәртібін және жауапкершілігін белгілейді.
Заңның 4-тарауында қоғамның акциялары және басқа да бағалы қағаздардың түсінігі мен оның түрлеріне 12-13 бабтарында тоқталып өтіп, 14-15 бабында қоғам акционерлердің құқықтарына және олардың міндеттерін нақты атап көрсеткен сонымен қатар қоғамның бағалы қағаздарын басымдылықпен сатып алу құқығы, оның жариялаған акцияларын шығаруды мемлекеттік тіркеу тәртібін оларды орналастыру, оларға дивиденттер төлеу жағдайларын қарастырған.
Заңның 25-бабында, қоғамның
акцияларымен мәмілелер жасасу тәртібі
26-27 бабында орналастырылған
Бағалы қағаздың тағы
бір түрі қарыздарды өтеуге арналған
– облигация.Облигация деп
Бұл туралы Қазақстан
Республикасының Азаматтық
Оны ұсынғандығы куәландыратын құқық эмитент шығарған облигацияны облигационер иеленуден бұрын пайда болмайды.
Осы орайда облигационер кім екендігін айтып өту қажет. Облигационер – облигацияны иелену, пайдалану және өкімін жүргізу құқығын иеленуші тұлға./7/
Ұстаушының облигациясын сатып алған сәттен бастап ол алушының меншікті қағазы болып табылады, онда көрсетілген құқықтарды иеленуші сонымен қатар, тіркелген пайыздың пайдасын ала алады.
Тіркелегн пайыз дегеніміз
– осы бағалы қағаздардың шығарушы
эмитент айқындайтын
Облигацияның
Облигация атаулы және ұсынбалы түрінде, еркін айналымға түсетін және шектелген шеңберде айналым жасап пайыздық (мақсаты) болу мүмкін. Облигация бойынша табыстар (пайыздар) купон төлеу жолымен немесе сатылғанда бастапқы бағасына жүйелі төлемсіз, проценттер есептеу арқылы төленеді.
Мақсатты заемдар бойынша пайыздарды төлеудің орнына тауар алу, қызмет таңдау мүмкіндіктері көзделген. Облигация мақсатты заемдар бойынша проценттерді төлеудің орнына тауар алу, қызмет таңдау мүмкіндіктері көзделген. Облигация облигацияларды сөндіру жыл сайын белгілі бір бөлігіне ұтыс шығарылу арқылы жүргізіледі. Ұтыс шыққан облигация айналымнан шығарылады. Облигация тиражына енбей қалғандар алғашқаы бағасы және пайызда төленуі арқылы сөндіріледі.
Ол корпорацияның активіне қарсы қойылады. Облигация арқылы тартылған капитал акционерлік капитал деп есептелмейді. Облигация шығару – қосымша капитал тартудың бір нысаны. Эмитенттің жалпы шығыны облигацияны шығаруға және оларды орналастыруға жұмсаған жылдық шығынға тең болады.
Облигация мерзімдік қарыз міндеттемесі болғандықтан оның кепілі болып эмитенттің жалпы кепілдігі саналады. Ол кепілдік – эмитенттің банкротқа ұшырап, өз міндетемесін орындай алмаған кезінде – корпорация мүлігінің бір бөлігін иемденуге облигация ұстаушының құқығы бар. Облигация да акция сияқты корпорацияны инвестициялаудың ең маңызды көзі. Дегенмен бұл екі бағалы қағаздардың бір-біріне түбегейлі өзгешіліктері бар. Ол өзгешіліктердің маңыздылары мынада: