Салықтық құқықтық нормалар

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 19 Ноября 2012 в 17:59, реферат

Краткое описание

Салықтық құқықтық қатынастар, оның ішінде материалдық салықтық құқықтық қатынастар аясындағы материалдық салық міндеттемелерін орындау жүйесі міндетті түрде заңнамалық актілермен регламенттеліп, белгіленеді. Осы орайда ескеретін маңызды жәйт, материалдық салық міндеттемелерін заң жүзінде белгілеу салықтар мен кейбір міндетті төлемдер ретінде салық төлеушіден оның меншігіндегі ақша қаражатын алып қоюдың мәжбүрлі сипатын негіздейді.

Содержание

Кіріспе.................................................................................................................................................3
1 Салықтық құқықтық нормалар.....................................................................................................4
2 Салық саясаты.................................................................................................................................4
3 Мемлекеттің салықтық құқықтық қатынастар жүйесіндегі салықтық менеджменті .............7
4 Салықтық құқықтық қатынастар.................................................................................................11
Қорытынды.......................................................................................................................................15
Қолданылған әдебиеттер тізімі.......................................................................................................16

Прикрепленные файлы: 1 файл

салык кук гот.doc

— 151.00 Кб (Скачать документ)

 

    1. Салықтық құқықтық қатынастар

 

Қазіргі салықтық құқықтық қатынастар теориясы мен практикалық мәселелері бүгінгі қоғам дамуының және Өркениетті салық салудың талаптарына сай салықтық құқықтық қатынастар жүйесін жаңадан құрудың экономикалық-құқықтық үлгісін айқындап, әрі ғылыми негіздей отырып оны тиісті заңнамалық актілер жүзінде бекітудің қажеттілігін мақсаттап, нысаналауда.

Материалдық салықтық құқықтық қатынастардың бюджет жүйесі деңгейлеріне тигізетін мүліктік-заттай ықпалы мемлекеттік билік органдарының өзара байланысы жүйесіндегі құзыреті шегінде және бюджеттік құрылыс ішінде жүзеге асырылады. Егеменді Қазақстан Республикасының биылғы қаржылық қауқары «2007 жылға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 1-бабында бекітілген республикалық бюджет кірісі 1436 156 251 мың теңгені құрағаны көпшілікке мәлім. Оның ішінде салықтық түсімдерден 1 958 638 496 мың теңге түседі деп көзделген. Материалдық салықтық құқықтық қатынастар әлеуеті осындай жағдайда ұтымды әрі айқын көрініс

тапқан сияқты.

Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 47, 48 және 49-баптарының 1-тармағының 1) тармақшаларында облыстық бюджетке, республикалық маңызы бар қала, астана, сондай-ақ аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетіне түсетін салықтық түсімдер ретінде:

а) облыстық бюджетке: 1. облыстық мәслихат белгілеген кірістерді бөлу нормативтері бойынша жеке табыс салығы; 2. облыстық мәслихат белгілеген кірістерді бөлу нормативтері бойынша әлеуметтік салық; 3. қоршаған ортаны ластағаны үшін төленетін төлем; 4. облыстық маңызы бар ақылы мемлекеттік автокөлік жолдары арқылы жүріп өткені үшін алынатын алым; 5. Облыстық маңызы бар жалпы пайдаланудағы автокөлік жолдарының бөлінген белдеуінде сыртқы (көрнекі) жарнама орналастырғаны үшін төленетін төлем; 6. жер үсті су көздерінің ресурстарын пайдаланғаны үшін төленетін төлем; 7.орманды пайдаланғаны үшін төленетін төлем; 8. жергілікті маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдаланғаны үшін төленетін төлем белгіленген.

ә) республикалық маңызы бар қала, астана бюджетіне: 1. жеке табыс салығы; 2. әлеуметтік салық; 3. жеке тұлғалардың, жеке кәсіпкерлердің және заңды тұлғалардың мүлкіне салынатын салық; 4. жер салығы; 5. Бірыңғай жер салығы; 6. жеке және заңды тұлғалардың көлік құралдарына салынатын салық, сондай-ақ нақты акциздер, төлемдер және алымдар белгіленген.

б) аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетіне: 1. облыстық мәслихат белгілеген кірістерді бөлу нормативтері бойынша жеке табыс салығы; 2. облыстық мәслихат белгілеген кірістерді бөлу нормативтері бойынша әлеуметтік салық; 3. жеке тұлғалардың, жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалардың мүлкіне салынатын салық; 4. жер салығы; 5. бірыңғай жер салығы; 6. жеке және заңды тұлғалардың көлік құралдарына салынатын салық, сондай-ақ нақты акциздер, төлемдер және алымдар белгіленген.

Жоғарыда көрсетілген бюджет жүйесінің жергілікті деңгейлеріне түсетін салықтық түсімдердің жаңадан жүйеленіп, нақтыландырылғаны байқалады. Бұл ретте Қазақстан Республикасының жаңа Бюджет кодексінің қабылдануына байланысты жаңаша құрылымданған материалдық салықтық құқықтық қатынастар Өз мәні және экономикалық маңызы бойынша қаржылық-құқықтық қатынастардың ерекше түрі сипатында айқындалып отыр.

Қазақстан Республикасындағы салықтық құқықтық қатынастардың қазіргі дамуының фискалдық ерекшеліктері мемлекеттік салық жүйесінің фискалдық әлеуетіне және Қазақстан Республикасының Салық кодексінде белгіленген, бюджетке төленетін салықтарға, сондай-ақ басқа да міндетті төлемдерге байланысты айқындалады. Республикалық және жергілікті бюджет кірістері–салықтық түсімдердің экономикалық-құқықтық ерекшеліктері салықтық құқықтық қатынастардың фискалдық және ұйымдастырушы мән-жайын нақты ашып көрсетеді. Мемлекеттің салықтық билігі құзырының салықтық әкімшілендіру аясында, б.а. оның салықтық құзыреті шеңберінде пайда болып қалыптасатын, дамитын салықтық құқықтық қатынастар Қазақстан Республикасы Конституциясының 35-бабында: «Заңды түрде белгіленген салықтарды, алымдарды және өзге де міндетті төлемдерді төлеу әркімнің борышы әрі міндеті болып табылады»,- деп қатаң шегеленіп айтылғандай, Қазақстан Республикасы Салық кодексінде белгіленіп, бекітілген әрі салық жүйесіне нақтылы енгізілген барлық салық және басқа да міндетті төлемдердің сөзсіз және ешқандай талас-тартыссыз міндетті түрде төленуін «әрбір адамнан» - салық төлеушілерден талап ету құқығына, яғни мемлекеттің салықтық құқығына негізделеді.

Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 1-бабына назар аударсақ, онда «Осы Кодекс салықты және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді белгілеу, енгізу және есептеу мен төлеу тәртібі жөніндегі билік қатынастарын, сондай-ақ мемлекет пен салық төлеуші арасындағы салық міндеттемелерін орындауға байланысты қатынастарды реттейді» деген ереже жоғарыда айтылғандарға негіз бола алады.

Қазақстан Республикасындағы салық салу жалпыға бірдей және міндетті болып табылады, салық төлеуші Салық кодексі мен заңға тәуелді салықтық құқықтық-нормативтік актілер бойынша өзіне жүктелген салық міндеттемелерін толық көлемде және белгіленген мерзімде орындауға міндетті. Салық төлеуші заңды немесе жеке тұлғаларға қатысты салық міндеттемелері туындауының, орындалуының, сондай-ақ тоқтатылуының негізі мен тәртіптері Қазақстан Республикасының Салық кодексінде белгіленеді. Қазақстан Республикасының салық жүйесінде жүргізілетін салықтық әкімшілендіру салықтық бақылау нысандарын қамтиды. Мәселен, салық төлеушілерді тіркеу, бюджет түсімдерін есепке алу, салық тексеруі, камералдық бақылау және т.б. нысандарда жүзеге асырылады. Мемлекеттің салықтық әкімшілендіру аясында орындалатын салық міндеттемелері материалдық салықтық қатынастардың туындауын негіздейді. Мемлекеттің материалдық мүддесін қамтамасыз етуге бағытталған материалдық салықтық

қатынастардың негізгі субъектілері – мемлекет пен салық төлеушілер болып табылады.

Материалдық салықтық қатынастар мүліктік-заттай мазмұнды, салық төлемі ақша қаражатын (сомасын) мемлекет меншігіне алуды көрсететін экономикалық қатынастар ретінде құқықтық нысанда, яғни материалдық салықтық құқықтық қатынастар сипатында көрініс табады. Қазіргі заманғы салықтық құқықтық қатынастар қалыптасуының кемшіліктері немесе жетістіктері салықтық әкімшілендіру ықпалы шеңберінде салық төлеушілердің салықтық құқықтық санасы мен мәдениетіне, сондай-ақ оның мемлекетпен өзара байланысының заңи және экономикалық мәніне орай анықталады.

Мемлекеттің салықтық құқығы (бұл ретте құзыреті) материалдық мәнді құқықтардан тұрады және олар міндеттемелік нысан сипатында көрініс табады. Салық төлеу жөніндегі конституциялық міндеттеме салық заңнамасында көзделген салықтар мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша міндеттемелердің іргетасын қалыптастырады.

Материалдық салықтық құқықтық қатынастардың мүліктік-заттай өзегін экономикалық салықтық қатынастар құрайды және олар мынадай белгілерімен ерекшеленеді: заңмен белгіленіп, бекітілген, салық жүйесіне енгізілген салықтарды алу немесе төлеу үдерісін білдіреді; салық міндеттемесінің орындалуын көрсететін заңи сипаттағы материалдық салықтық қатынастар болып табылады; мемлекет меншігіндегі ақша қорына бағытталған біржақты ақшалай-заттай салықтық қатынастар болып саналады; салық төлегендері үшін салық төлеушілерге мемлекет тарапынан белгілі бір қайтарымды қызмет көрсету ескерілмейтін, баламасыз салықтық қатынастар ретінде сипатталады; салық төлемінің сомасын мемлекет меншігіне өткізуге ат салысатын, бөлу сипатындағы мемлекеттік қаржылық қатынастардың айрықша түрі болып табылады; Қазақстан Республикасының Конституциясы мен Салық кодексінің тиісті нормаларына негізделетін, заңдық негізде белгіленген салық міндеттемелерін орындау барысында туындайтын материалдық салықтық құқықтық қатынастар түрінде көрініс табады.

Құқықтық нормалармен реттелінетін экономикалық салықтық қатынастар салықтық құқықтық қатынастар нысанында көрініс табады. Салықтық құқықтық қатынастар материалдық және ұйымдастырушылық қатынастар болып бөлінеді. Материалдық салықтық құқықтық қатынастар салық төлемінің (сомасы, қаражаты болуы керек авт.) салық төлеушіден мемлекетке бағытталған қозғалысын білдіреді, б.а. салық міндеттемелерін көрсетеді. «Салықтық құқықтық қатынастар – салық салуды ұйымдастыру үдерісінде,сондай-ақ салықтарды белгілеу және төлеу (алу) барысында салықтық құқық нормаларымен реттелетін қоғамдық қатынастар. Материалдық салықтық құқықтық қатынастар салық төлемінің салық төлеушіден мемлекетке өтуін, б.а. экономикалық мағынада салықтың алынуын, енгізілуін немесе төленуін көрсететін, ал заңи мағынасында салық міндеттемесін білдіретін қатынас болып табылады». Салықтық құқықтық қатынастар мемлекеттің салық салу саласында салық әкімшілігін жүргізуге, салықтарды белгілеуге және алуға байланысты туындап, тиісті салықтық құқықтық нормаларымен реттелген салықтық қатынастар болып табылады. Салықтық құқықтық қатынастар – субъектілеріне белгілі бір құқықтар мен заңи міндеттер жүктелген, салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді белгілеу, енгізу, есептеу және төлеу үдерісінде туындайтын, қаржылық құқықтың салалық салықтық құқығы нормаларымен реттелетін қоғамдық қаржылық қатынастардың заңи нысаны, сондай-ақ салықтық құқықтық қатынастар салықтарды белгілеуге, енгізуге және алуға байланысты туындайтын, салықтық құқық нормаларымен реттелетін қоғамдық қаржылық қатынастар болып табылады; салықтық құқықтық қатынастардың тұрақты құзыретті тарабы ретінде мемлекет салық төлеушілердің салықтар түріндегі ақша қаражаттарын алуға құқылы (және т.б. белгілері бар).

Материалдық салықтық құқықтық қатынастар қоғам мен мемлекеттің экономикалық-қаржылық мүдделерін қамтамасыз ететін қатынастар ретінде Қазақстан Республикасының мәжбүрлеуі арқылы мұқият әрі жан-жақты қорғалуы тиіс. Материалдық салықтық құқықтық қатынастардың дұрыс қалыптасып, тиімді дамуына ықпалын тигізетін экономикалық құқықтық құрал – салық міндеттемесі салық төлеушінің салық заңдарына сәйкес мемлекет алдындағы салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеу жөніндегі міндетінен, сондай-ақ мемлекеттің салық төлеушіден оны орындауын талап ету құқығынан тұрады.

Салық салу үдерісінің экономикалық-заңи тетігі және материалдық салықтық құқықтық қатынастардың өзегі болып табылатын салық міндеттемелері орындалмаған немесе тиісінше орындалмаған жағдайда Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 45-бабына сәйкес төленбеген салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер сомасына өсімпұл есептелуі; банк шоттары бойынша шығыс операцияларының тоқтатылуы; салық төлеушінің салық берешегі есебіндегі мүлікке билік етуінің шектелуі әбден мүмкін. Нақты салық төлеушілердің салық міндеттемелері бойынша салық берешегін мәжбүрлеп өндіріп алу мынадай тәртіппен: 1. банктік есеп-шоттардағы ақша есебінен; 2. қолма-қол ақша есебінен; 3. дебиторлардың есеп-шоттарынан; 4. билік етуі шектелген мүлкін өткізу есебінен; 5. жарияланған акцияларды мәжбүрлеп шығару арқылы жүргізіледі. Материалдық салықтық құқықтық қатынастардың тоқтатылу негіздеріне салық төлеуші жеке тұлғаның қайтыс болуы және оны қайтыс болды деп жариялау туралы сот шешімі күшіне енген жағдайда тоқтатылатын салық міндеттемесі; толық таратылғаннан кейін, қосылу, бірігу, бөліну және қайта құрылу жолымен толық қайта ұйымдастырылғаннан кейін тоқтатылатын заңды тұлғаның салық міндеттемесі жатады. Салықтық құқықтық қатынастардың материалдық салық міндеттемелері бойынша салық берешегін өтеу үдерісі есептелініп қосылған өсімпұлдарды төлеу, берілетін соманы төлеу, айыппұлдар сомасын төлеу тәртібімен жүзеге асырылады.

Сонымен, материалдық салықтық құқықтық қатынастар мән-жайын:

  • мемлекеттің фискалдық саясатын іске асыру барысында салықтық әкімшілендіру және материалдық салық міндеттемелерін атқару жүйесі арқылы қалыптасып, дамитын мүліктік-заттай салықтық қатынастар;
  • Бюджет кодексінде айқындалған мемлекеттің салық салу жүйесінің республикалық және жергілікті деңгейлерін нақтылайтын, орталық (республикалық), сондай-ақ жергілікті бюджет кірісіне бағытталған ақша қаражаттары ағымының тікелей қозғалысын білдіретін салықтық қатынастар;
  • кезекті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасының негізгі қаржылық заңы мен осы заңмен бекітілген оның №1 қосымшасы Қазақстан Республикасының негізгі қаржылық жоспары ұстанымдарына сай көзделген салықтық кірістер мен бюджеттік шығыстардың өзара байланыстарын қамтамасыз ететін қаржылық қатынастар;
  • мемлекеттің салықтық құқығы нормаларында тікелей негізделген, мүліктік-заттай сипатымен ерекшеленетін экономикалық салықтық қатынастар;
  • тікелей субъектілері мемлекет пен салық төлеуші болып саналатын, мемлекет алдындағы салық міндеттемелерін атқару жүйесінің салық төлеушінің қаржылық жай-күйі негізінде жұмыс істеуін нақтылы көрсететін салықтық қатынастар болып табылады деп қорытындылауға болады.

Бүгінде материалдық салықтық құқықтық қатынастар салық салу аясында мемлекет пен салық төлеушінің арасында мемлекеттің экономикалық-қаржылық мүддесін қамтамасыз ету мақсатында салық міндеттемелерін орындау және оған қатысты қажетті жағдайлар жасау, міндеттемелер орындалмаған жағдайда – мемлекеттік мәжбүрлеу шараларын қолдану барысында туындайтын мүліктік-заттай (ақшалай) салықтық қатынастар сипатында айқын көрініс тауып отыр. Демек, мемлекеттік қаржылық-құқықтық қатынастар жүйесіндегі негізгі құқықтық қатынастарға мемлекет пен салық төлеуші субъектілері, салықтарды мемлекет пайдасына алуға бағытталған, қазіргі кезде өркениетті болып табылатын материалдық салықтық құқықтық қатынастар жатады.

 

 

 

 

.            

 

Қорытынды

 

Қазіргі салықтық құқықтық қатынастар теориясы мен практикалық мәселелері бүгінгі қоғам дамуының және Өркениетті салық салудың талаптарына сай салықтық құқықтық қатынастар жүйесін жаңадан құрудың экономикалық-құқықтық үлгісін айқындап, әрі ғылыми негіздей отырып оны тиісті заңнамалық актілер жүзінде бекітудің қажеттілігін мақсаттап, нысаналауда.

Материалдық салықтық құқықтық қатынастардың бюджет жүйесі деңгейлеріне тигізетін мүліктік-заттай ықпалы мемлекеттік билік органдарының өзара байланысы жүйесіндегі құзыреті шегінде және бюджеттік құрылыс ішінде жүзеге асырылады. Егеменді Қазақстан Республикасының биылғы қаржылық қауқары «2007 жылға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 1-бабында бекітілген республикалық бюджет кірісі 1436 156 251 мың теңгені құрағаны көпшілікке мәлім. Оның ішінде салықтық түсімдерден 1 958 638 496 мың теңге түседі деп көзделген. Материалдық салықтық құқықтық қатынастар әлеуеті осындай жағдайда ұтымды әрі айқын көрініс

тапқан сияқты.

Салықтық құқықтық нормалар бұл нормативтік құқтық актіде берілген белгілі бір тұлғаларға таралатын жалпыға міндетті мінез құлық ережесі болып табылады. Нормативті құқықтық акт бұл құқықтық қатынастың пайда болуынан, өзгеруіне немесе тоқтатылуына бағытталған және өкілетті мемлекеттік орган мен қабылданатын белгіленген нысандағы жазбаша ресми құжат.

Салықтық құқықтық қатынастар, оның ішінде материалдық  салықтық құқықтық қатынастар аясындағы материалдық салық міндеттемелерін орындау жүйесі міндетті түрде заңнамалық актілермен регламенттеліп, белгіленеді. Осы орайда ескеретін маңызды жәйт, материалдық салық міндеттемелерін заң жүзінде белгілеу салықтар мен кейбір міндетті төлемдер ретінде салық төлеушіден оның меншігіндегі ақша қаражатын алып қоюдың мәжбүрлі сипатын негіздейді.

Информация о работе Салықтық құқықтық нормалар