Салықтық құқықтық нормалар

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 19 Ноября 2012 в 17:59, реферат

Краткое описание

Салықтық құқықтық қатынастар, оның ішінде материалдық салықтық құқықтық қатынастар аясындағы материалдық салық міндеттемелерін орындау жүйесі міндетті түрде заңнамалық актілермен регламенттеліп, белгіленеді. Осы орайда ескеретін маңызды жәйт, материалдық салық міндеттемелерін заң жүзінде белгілеу салықтар мен кейбір міндетті төлемдер ретінде салық төлеушіден оның меншігіндегі ақша қаражатын алып қоюдың мәжбүрлі сипатын негіздейді.

Содержание

Кіріспе.................................................................................................................................................3
1 Салықтық құқықтық нормалар.....................................................................................................4
2 Салық саясаты.................................................................................................................................4
3 Мемлекеттің салықтық құқықтық қатынастар жүйесіндегі салықтық менеджменті .............7
4 Салықтық құқықтық қатынастар.................................................................................................11
Қорытынды.......................................................................................................................................15
Қолданылған әдебиеттер тізімі.......................................................................................................16

Прикрепленные файлы: 1 файл

салык кук гот.doc

— 151.00 Кб (Скачать документ)

 

Мазмұны

 

Кіріспе.................................................................................................................................................3

1 Салықтық құқықтық нормалар.....................................................................................................4

2 Салық саясаты.................................................................................................................................4

3 Мемлекеттің салықтық құқықтық қатынастар жүйесіндегі салықтық менеджменті .............7

4 Салықтық құқықтық қатынастар.................................................................................................11

Қорытынды.......................................................................................................................................15

Қолданылған әдебиеттер тізімі.......................................................................................................16

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

 

Салықтық құқықтық қатынастар, оның ішінде материалдық салықтық құқықтық қатынастар аясындағы материалдық салық міндеттемелерін орындау жүйесі міндетті түрде заңнамалық актілермен регламенттеліп, белгіленеді. Осы орайда ескеретін маңызды жәйт, материалдық салық міндеттемелерін заң жүзінде белгілеу салықтар мен кейбір міндетті төлемдер ретінде салық төлеушіден оның меншігіндегі ақша қаражатын алып қоюдың мәжбүрлі сипатын негіздейді.

Материалдық салықтық құқықтық қатынастардың туындау, қалыптасу және фискалдық даму іргетасын қалайтын заңнамалық актілерге ҚР Конституциясы (35-бап), Салық кодексі (60-64-баптары), Бюджет кодексі (46-бап, 1-тарм., 1-тармақшасы), (47-бап,1-тарм., 1-тармақшасы), (48-бап, 1-тарм., 1-тармақшасы), (49-бап, 1-тарм., 1-тармақшасы), ҚР «2006 жылға арналған Республикалық бюджет туралы» негізгі қаржылық Заңы, ал экономикалық негізіне осы Заңмен бекітілген оның №1-қосымшасы, яғни мемлекеттің негізгі қаржылық жоспары жатады. Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 60-64-баптары арқылы көрініс тапқан салық жүйесі механизміндегі салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер салықтар жүйесі ретінде белгіленіп, бекітілген. Қазақстан Республикасы жаңа Бюджет кодексінің тиісті баптарында мемлекеттің бюджет-қаржы саясатына сай қалыптасатын материалдық салықтық қатынастардың фискалдық пәрменділігін білдіретін, өз мән-жайларына орай республикалық бюджеттің, облыстық бюджеттің, республикалық маңызы бар қала, астана бюджетінің және аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетінің салықтық түсімдері ретінде салық жүйесіндегі тиісті салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер айқындалған.

Біздің ойымызша, салықтық түсімдердің жиынтық фискалдық  пәрмені республика аумағындағы әлеуметтік жүйеге, өндірістің және капиталды орналастыруды инвестициялаудың нақтылы үрдісіне ықпал ету тұрғысынан мемлекетке айтарлықтай мүмкіндік береді. Бұл ретте іске асырылатын мемлекеттің фискалдық саясаты мемлекеттік шығыстар саясаты және салық саясаты ретінде экономиканы мемлекеттік реттеудің, сондай-ақ оны тұрақтандырудың аса маңызды құралына айналып отыр.

Бүгінгі таңда Республикалық  бюджетке қызмет көрсететін материалдық салықтық құқықтық қатынастар жүйесі нарықтық өтпелі кезең жағдайына орай жаңадан құрылымданып, реформалануда. Осы орайда, салық салудың ынталандырушы функциясын күшейту стратегиясын бағдарламалық қамтамасыз ету қолға алынып отыр. Қазақстан Республикасындағы салық органдары, орталық мемлекеттік басқару және жергілікті мемлекеттік басқару органдары іске асыратын белгілі бір шаралар материалдық

салықтық құқықтық қатынастардың заңнамалық негізін тұрақтандыруды (жетілдіруді) қамтамасыз етуге; салық жүйесінің мақсатты бағдарын нысаналауға және нақтылауға; салық салу аясындағы ынталандырушы функцияны күшейту арқылы ұлттық кәсіпкерлікті дамытуға және инвестицияларды қалыптастыруға; республикалық бюджет шығысын материалдық салықтық құқықтық қатынастар негізінде қамтамасыз етуге бағытталып отыр деп санаймыз.

 

 

 

 

 

 

 

 

    1. Салықтық құқықтық нормалар.

 

          Салықтық құқықтық нормалар бұл нормативтік құқтық актіде берілген белгілі бір тұлғаларға таралатын жалпыға міндетті мінез құлық ережесі болып табылады. Нормативті құқықтық акт бұл құқықтық қатынастың пайда болуынан, өзгеруіне немесе тоқтатылуына бағытталған және өкілетті мемлекеттік орган мен қабылданатын белгіленген нысандағы жазбаша ресми құжат.

          Салық құқығының нормалары мынандай белгілерге ие болады:

1    Мемлекетті билікті білдіреді.

2    Өкілетті мемлекеттік органмен бекітіледі.

3 Жалпы міндетті мінез құлық ережесі, көбірет қолдануға есептелген және белгілі бір субъектілерге арналған.

4  Белгілі бір заң нысанындағы актімен белгіленеді.

5   Мемлекеттің мәжбүрлеу күші мен орындалуы қамтамсыз етіледі.

          Салықтық құқықтық нормалардың құрылымы үш элементтен тұрады: Гипотиза, диспозиция, санкция.

Салықтық құқықтық нормаларды жүзеге асыру тәсілдері:

1  Орындау бұл құқық нормасымен көрсетілген әрекетті субъектімен жүзеге асыру.

2  Сақтау берілген құқық нормасымен тиым салынған әрекеттерді субъектімен жасамау.

3  Пайдалану құқық нормасымен берілген мүмкіндікті субъектімен пайдалану.

4  Қолдану билік өкілеттілігін пайдалана отырып өкілетті мемлекеттік орган мен талаптарды жүзеге асыру.

 

    1. Салық саясаты

 

Қазақстан Республикасының салық саясаты фискалдық (бюджеттік-қаржылық) және ақша-несиелік саясатпен қосыла отырып, мемлекеттің қаржы саясатының ажырамас бөлігі болып табылады. Салық саясатының маңызын салықтардың мән-жайы мен функциясына байланысты жиынтық қоғамдық өнімнің белгілі бір бөлігін жалпы мемлекеттік мұқтаждықтарға пайдалану үшін мемлекет мүддесіне алып қою және жұмылдыру, сондай-ақ республикалық және жергілікті бюджет арқылы қайта бөлу құрайды. Салық саясатының ережелері Қазақстан Республикасының жалпы экономикалық

бағдарламасына  негізделеді және онымен тығыз байланыста болады. Салық саясатының негіздері әр қаржы жылына арналған бюджетті қабылдау кезінде құрылады, сондай-ақ тиісті заңнамалық және өзге нормативтік-құқықтық актілерді қабылдау арқылы бекітіледі. Мемлекеттің салық саясаты салықтық стратегияға және салықтық тактикаға бөлінеді. Салықтық стратегия салық салу саласындағы мемлекеттің ұзақ мерзімді бағдар-бағытын айқындайды және салықтарға байланысты ауқымды міндеттерді шешеді. Салықтық тактика салық жүйесі мен салық механизміне (тетігіне) өзгерістер және толықтырулар енгізу жолымен нақты даму кезеңінің салықтық-бюджеттік мәселелерін шешуді көздейді.

Т.Ф. Юткина салық саясаты  жөніндегі өз пікірін былай деп тұжырымдаған: «Мемлекеттің салық саясаты салықтық жоспарлау, реттеу және бақылау саласында елдің жоғары басшылығы қабылдайтын басқару шешімдерінің жиынтығы ретінде айқындалады. Мемлекеттің салық саясаты пәнін салық салу жүйесін ұйымдастырудың жоғары мақсат, мүдделері – нысаналары, мақсатты ұстанымдары және оны (жүйені) басқару қағидалары құрайды. Салықтық құқықтық қатынастарды тиімді ұйымдастыру салық жүйесінің іштей ұйымдастырылуына және салықтық құқығына тәуелді болады»

Демек, салық жүйесінің  тұрақты жұмыс істеуі, сондай-ақ салықтық реттеу және бақылау объектілері мен әдістерінің тиімді пайдаланылуы салық саясатының тікелей көздейтін мақсаты болып табылады. Осы орайда мемлекеттің салықтық құқығының жаңаша даму үрдістері және нарықтық экономиканы реттеуші әлеуеті мұқият ескеріледі деп ойлаймыз.

Осы тұрғыда С.М. Найманбаев мынадай көзқарас білдіреді: «Заңи тұрғыдан алғанда салық саясаты заң жүзінде бекітілген салық режимін, яғни салық төлеушілерге ықпалын тигізетін режимді көрсетеді. Салық режиміне салық саясатының міндеттері мен қағидаларын қоссақ, салық саясатына мынадай анықтама беруге болады: Салық саясаты – мемлекеттік бюджет кірісін және өндірістердің, салалардың, аумақтардың, шаруашылық қызметтің түрлерін, шаруашылық субъектілерінің экономикалық өсіп, дамуын қамтамасыз ететін мемлекет белгілеген салық режимі. Салық саясатының құрамдас элементтері салық жүйесінен және экономика, саяси және әлеуметтік аяларындағы салықтық реттеу механизмінен тұрады. Сонымен, салық саясаты – мемлекеттік бюджеттің кіріс бөлігін және қоғам өмірінің маңызды аяларының экономикалық өсуін қамтамасыз ететін мемлекет белгілеген салық режимі».

Салық саясаты – салық  және салық салу барысында мемлекет жүргізіп отырған іс-шаралар жүйесі. Салық салуды іске асырудың басты қағидасын,мақсатын, есебін, шарты мен әдісін анықтайды. Салық саясаты өзінің негізін салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді қолдану түрінде табады. Бұл ретте салық саясатын іске асыру ауқымындағы салықтық құқықтық қатынастардың конституциялық негізінің аспектісіне салық салу режимін белгілейтін салықтық құқық нормаларының айтарлықтай үстемдігін жатқызуға болады. Осы орайда, мемлекеттің қазіргі заманғы салықтық құқығы Қазақстан Республикасы бюджеттік құрылысының экономикалық негізін салықтық түсімдер жүйесі арқылы қалауға ат салысатын, рынок жағдайында мемлекеттің бюджеттік қаржы (фискалдық) саясатын іске асыратын негізгі құқықтық құралы болып табылатын, өзінің құзырындағы салық жүйесінің және мемлекеттің салық қызметі органдары жүйесінің тиісінше жұмыс істеуін қамтамасыз етуде маңызы мен рөлі зор құқықтық құралым сипатында ерекшеленіп отыр.

Салықтық құқық Қазақстан  Республикасы салықтық құрылымының, мемлекеттің ішкі және сыртқы салық саясатының, сондай-ақ салықтық қатынастардың тиімді қалыптасуының құқықтық негіздерін құрайды. Осыған орай салықтық құқық салықтық қатынастардағы қоғам мен мемлекет және жеке меншік мүдделерінің қақтығысын болдырмауды, болған жағдайда дұрыс шешуді, салық салу аясындағы салықтық тәртіпті сақтауды, сондай-ақ мемлекеттік мәжбүрлеуді қолдану жүйесін ретке келтіруді қамтамасыз етеді.

Мемлекеттің салықтық құқығы әрқашанда мынадай екі негізге: экономикалық салықтық іс-қимылдар мен қатынастарды регламенттейтін Қазақстан Республикасының Конституциясына және салықтық заңдарға; салық салу жүйесінің ұйымдастырылуы мен жұмыс істеуінің халықаралық құқықтық стандарттарына сүйенеді, ал «Салықтық құқық мемлекеттің салықтық қызметінің процесінде туындайтын қоғамдық қатынастарды

 реттейтін  құқықтық нормалардың жиынтығы  болып табылады» деген танымал ұғымды «Салықтық құқық мемлекеттің салық жүйесінің фискалдық объектілері экономикалық және әлеуметтік тұрғыдан негіздей отырып белгілеуге ат салысады» деген пікірі арқылы айқындаған.

Осындай пайымдауларға байланысты салықтық құқық міндетті түрде қаржылық-құқықтық нормалардың жиынтығынан тұрады деген түсінік теориялық тұрғыдан дұрыс болғанымен, салық заңнамалық актілері (Салық кодексі) және салықтық құқықтың нормалары мемлекеттің салықтық қызметі аясында іске асырылатындықтан, салықтық құқық салықтық құқықтық нормалардың жиынтығынан тұрады деп айтсақ, оның ғылыми-практикалық табиғатын нақтылайтын сияқты; сондай-ақ республикалық және жергілікті бюджеттердің салықтық кірістерін қалыптастыруға орай бюджет жүйесіне тигізетін ықпалы салықтық құқықтың нормалары негізінде жүзеге асырылады деп ойлаймыз. Салықтық құқықты бюджеттік құқықтың, оның ерекше бөлімінің айтулы «Бюджеттің кірістерін құқықтық реттеу» атты институтына баға жетпес қызмет көрсететін бюджеттік құқықтың ерекшеленген институты. Мемлекеттің салықтық құқығының ұғымын: салықтық құқық мемлекеттің салықтық қызметі аясындағы салық жүйесінің, салық органдары жүйесінің, салық міндеттемелерін атқаруды қамтамасыз ететін салықтық әкімшілендіруді жүргізу жүйесінің, салық салу аясындағы мемлекеттік мәжбүрлеу механизмінің жұмыс істеуі барысында қалыптастырылатын мемлекеттік қаржыларға байланысты әлеуметтік және экономикалық бағдарлы қоғамдық салықтық қатынастарды реттейтін салықтық құқықтық нормалардың жиынтығы деп жаңаша айқындау оның мән жайын аша түсетінін көрсетеді. Бүгінде мемлекеттің салықтық құқығының өркениетті әрі демократиялық дамуы оның фискалдық құқықтық құзырындағы салық жүйесінің жетілдірілуіне және оның салықтық реттеуші әлеуеті негізінде салық, бюджет-қаржы саясатының тиісінше іске асырылуына байланысты болады. Мемлекеттің салық саясаты республикалық және жергілікті бюджеттер кірісінің салықтық бөлігін тұрақты әрі жеткілікті қалыптастыру мәселелерін шешіп қана қоймай, сонымен бірге Қазақстан Республикасының экономикалық әлеуетін айқындайтын салалардың даму орнықтылығының экономикалық және әлеуметтік үдерістерін реттеу қажеттілігіне де негізделеді.

Салық саясатының басты субъектісі мемлекет болып табылады. ҚР Қаржы министрлігі Салық комитетінің Салықтық әкімшілендіру басқармасына мынадай негізгі міндеттер жүктеледі: салық төлеушілерді тіркеу және тіркеу есебіне қою, фискалдық жады бар бақылау-касса машиналарын қолдану, салық тексерулерін жүргізу, салық берешегін мәжбүрлеп өндіріп алу шараларын қолдану мәселелері туралы Қазақстан Республикасы заңнамасын орындауды қамтамасыз ету; салық төлеушілердің салық міндеттемелерін орындауына салық бақылауын жүзеге асыру; салық органдары жұмыстарының жай-күйіне тексеру жүргізуді ұйымдастыру және оған қатысу; «Салық аудитінің электрондық бақылауы» ақпараттық жүйесін енгізуге байланысты салық аудиті сапасын жетілдіру; салық берешегінің құралуы себептерін талдау және деректер жинауды жүзеге асыру; салық органдары мен салық төлеушілердің өзара қатынастарының нысандарынжәне әдістерін жетілдіру; салық берешегін мәжбүрлеп өндіріп алу мақсатындағы шаралардың дұрыс қолданылуына бақылау жүргізу.

Сонымен қатар, Салықтық әкімшілендіру  басқармасы салықтық әкімшілендіруге қатысты нормативтік-құқықтық және заңға тәуелді ьнормативтік-құқықтық актілерді әзірлеу және жетілдіру; салық есептілігі объектілерінің уақтылы және сапалы қабылдануын, өңделуін бақылау рәсімдерін жетілдіру; салық органдарына электронды түрдегі салық есептілігі объектісін қалыптастыру және табыс ету жүйесін енгізу есебінен салықтық әкімшілендіру тиімділігін арттыру; салық декларациясын табыс ету мерзімін ұзарту туралы салық төлеушінің өтінішін қарау; салық есептілігінің әр түрлі нысандарындағы ақпараттарды автоматтық камералдық бақылауды жүзеге асыру негізінде салық тексерулерін жүргізу тиімділігін арттыру; салық заңнамасының сақталуына, шаруашылық операциялардың бухгалтерлік есепте көрсетілуіне бақылау жүргізу бойынша салық органдарының жұмыстарын ұйымдастыру; салық тексерулерін жүргізу туралы салық органдарының есептерін қабылдау және қорытындылау,ь талдау; басқарманың құзыретіне жататын мәселелер бойынша салық органдарының жұмыстарына талдау жүргізу; салық төлеу жөніндегі салық міндеттемесінің орындалу мерзімін өзгерту туралы салық төлеушілердің өтінішін қарау сияқты және т.б. көптеген функциялар атқарады.

Салық саясатын жүргізу саласындағы материалдық салықтық қатынастардың жүйесі материалдық салық міндеттемелерін орындау барысында қозғалыста болатын салық төлемдері сомаларының ағымын басқаруды қамтамасыз етеді; корпорациялық және жеке меншік және мемлекеттік шаруашылық аялары субъектілерінің арасындағы мазмұнды материалдық құқықтық қатынастардың кешенін білдіреді; салықтық басқару және реттеу салықтық әкімшілендіру аясы болып табылады; республикалық және жергілікті бюджеттердің салықтық кірісі бөлігін қалыптастыруды қамтамасыз етеді.

Информация о работе Салықтық құқықтық нормалар