Салықтық құқықтық нормалар

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 19 Ноября 2012 в 17:59, реферат

Краткое описание

Салықтық құқықтық қатынастар, оның ішінде материалдық салықтық құқықтық қатынастар аясындағы материалдық салық міндеттемелерін орындау жүйесі міндетті түрде заңнамалық актілермен регламенттеліп, белгіленеді. Осы орайда ескеретін маңызды жәйт, материалдық салық міндеттемелерін заң жүзінде белгілеу салықтар мен кейбір міндетті төлемдер ретінде салық төлеушіден оның меншігіндегі ақша қаражатын алып қоюдың мәжбүрлі сипатын негіздейді.

Содержание

Кіріспе.................................................................................................................................................3
1 Салықтық құқықтық нормалар.....................................................................................................4
2 Салық саясаты.................................................................................................................................4
3 Мемлекеттің салықтық құқықтық қатынастар жүйесіндегі салықтық менеджменті .............7
4 Салықтық құқықтық қатынастар.................................................................................................11
Қорытынды.......................................................................................................................................15
Қолданылған әдебиеттер тізімі.......................................................................................................16

Прикрепленные файлы: 1 файл

салык кук гот.doc

— 151.00 Кб (Скачать документ)

Салық саясаты саласында  жүзеге асырылатын салықтық әкімшілендіру бухгалтерлік есептің сапасын жақсартуға, электрондық құжат айналымындағы салық есептілігі объектілерін жіктеу арқылы олардың ақпараттарын нақтылауға, салық заңнамалық актілерінің сақталуына, салық төлеушілердің мүдделерін назардан қалыс қалдырмауға, салық төлеушілерді, салық салу объектілерін және салық салуға байланысты

нысандарды есепке алу тәртібі мен тиімділігін тексеруге, республикалық және жергілікті бюджеттерге түсуге тиіс салықтар мен алымдар және басқа да міндетті төлемдер жөнінде тиісті салық органдарынан мәліметтер алып отыруға, жеке тұлға төлейтін мүлік салығын, көлік құралдары салығын және жер салығын жинауды жүзеге асыруға уәкілетті жергілікті әкімдіктерге салық заңнамалық актілерінің талаптарын дұрыс орындау жөнінде кеңес беруге бағытталған мемлекеттік әкімшілендірудің бір қыры болып табылады.

 

    1. Мемлекеттің салықтық құқықтық қатынастар жүйесіндегі салықтық менеджменті

 

Салық салу жүйесін және оның салықтық құқықтық қатынастар аясын басқаруға ат салысатын арнаулы мамандандырылған уәкілетті мемлекеттік органдар – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті мен оның құзырындағы салық қызметі органдары салық саясаты ұстанымдарына сай өркениетті салықтық әкімшілендіру болып табылады. Салықтық әкімшілендіру үдерісі салық салу саласын мемлекеттік басқару негізіндегі арнайы тетік ретінде осы салада туындап дамитын салықтық құқықтық қатынастарды қоғам мен мемлекет және корпоративтік аяның субъектілері мүдделерін сақтауға әрі қамтамасыз етуге қажетті мемлекеттік салықтық менеджментті мемлекеттің салықтық юрисдикциясы шеңберінде жүзеге асыруға барынша септігін тигізеді.

  Бүгінгі таңда салық салу жүйесіне және қаржылық ғылым мен салықтық Құқық жүйесіне әлі де болса толық енгізілмеген осындай жаңа ұғым салықтық менеджмент – салық заңнамасын сақтауға, сондай-ақ өндіріс тиімділігін арттыруға бағдарланған ғылыми-практикалық бағыт ретінде қарастырылады. Осы орайда салықтық құқықтық қатынастар жүйесін толығымен қамтитын салықтық менеджмент Қазақстан Республикасының экономикалық субъект ретінде шаруашылық аясындағы мемлекет қаржыларының бір бөлігін құрайтын салықтарды және басқа да міндетті төлемдерді, сондай-ақ кәсіпкерлік әрі корпоративтік сектордағы салықтар мен басқа да міндетті төлемдерді басқаруға арналып бейімделгеніне көз жеткізуге болады. Демек, салықтық менеджмент салық салуды жалпы басқару жүйесі ретінде екі деңгейлі жүйе сипатында көрініс табады, сондай-ақ оның басымдығы мемлекеттің салық саясатына байланысты іске

асырылады. Осы орайда салықтық менеджмент мемлекеттің салық жүйесінің заңда белгіленген режимде жұмыс істеуін қамтамасыз етуге бағытталған күрделі әрі айрықша үдерісті білдіреді. Салықтық менеджменттің ғылыми негізделуінің бір қыры -салық заңнамалық актісін қабылдау нәтижесінде салық салу жүйесінде орын алған салықтардың салық салу үдерісінде шынайы алынатын салықтармен (толық) сәйкес келуіне қол жеткізу болып табылады.

“Салықтық менеджмент “бизнес” аясының субъектілерінен “бюджет” аясының субъектілеріне бағытталған ақша қаражаттары қозғалысын басқару жүйесі ретінде салықтық құқығының айқын элементі бола алады”, – деген пікірін дәйектей отырып Т.Ф. Юткина: “Салықтық менеджментке басқару аясы ретінде менеджменттің бірыңғай екі концепциясы, оның принциптері, мақсаты және міндеттері тән болады. Осы концепция мемлекет және корпоративтік салықтық менеджмент сияқты екі қарама-қарсы аяның үйлесімді бірігуіне негізделеді” деп тұжырымдаған. Осы орайда, біздің көзқарасымыз бойынша, салықтық құқықтық қатынастар жүйесін басқару мемлекеттің салықтық менеджментін жүзеге асыру болып табылады. “Менеджмент – нарықтық экономика жағдайлары мен мүдделеріне айтарлықтай сай келетін басқару типі. Ұйымдастыру менеджменті ұйымдастыру, өкім ету әдістерімен іске асырылады. Ал тәжірибелік менеджмент негізінен өз ережелері мен принциптерін іс жүзінде пайдалануға бағдарланған менеджмент концепциясы”, – деп пайымдаған экономист-ғалым К.Б.Бердалиев. Салықтық менеджменттің теориялық негіздерін қарастыруы барысында: “Салықтық менеджмент – ғылыми бағыт және практикалық қызмет аясы болып табылады. Бірінші жағдайда, салықтық менеджменттің концептуалдық негіздері жөнінде, екінші жағдайда, салық салуды басқару туралы шешім қабылдаудың нақты әдістері мен жолдары

жөнінде сөз қозғалуға тиіс. Салықтық менеджмент объектісіне салық салуды ұйымдастыру және жүзеге асыру барысында туындайтын салықтық қатынастар жүйесі жатады”, – деген пікірін білдіре отырып, салықтық менеджменттің құрылымдық сипаттамасын берген. Бұл ретте, біздің ойымызша, салық салу саласын мемлекеттік басқару, б.а. мемлекеттік салықтық менеджмент негізіндегі салықтық әкімшілендіру үдерісін бірден сипаттап өту қажет болатын.

Салықтық әкімшілендіру  басымдығы Қазақстан Республикасының  және оның әкімшілік-аумақтық бірліктер бюджетінің кіріс бөлігін қалыптастыруды қамтамасыз ету тұрғысынан мемлекеттік салықтық менеджменттің практикалық қызмет саласы ретіндегі мәнін ашып көрсетеді. Салықтық менеджмент, оның ішінде, мемлекеттік салықтық менеджмент салық салудың фискалдық және реттеуші функцияларының біршама болса да тең дәрежде болуын қалайды. Осы орайда, корпоративтік және жеке кәсіпкерлік субъектілерінің салықтық менеджменті өздеріне жүктелген салық және міндетті төлемдер бойынша міндеттемелерін жеңілдету арқылы өз пайдаларын көбейту, сондай-ақ салық міндеттемелерін жыл сайын мүмкін мөлшерде қысқартып отыру жөніндегі жоспарлы-тәжірибелік және заңдық негізі бар іс-қимылдар болып табылады. Демек, салықтық менеджмент жүйесі салық салу үдерісін мемлекеттік деңгейде және шаруашылық субъектілер деңгейінде белгілі бір ғылыми тұжырымдамалар мен тәжірибелік мәні бар тәсілдер, жолдар негізінде басқаруды қамтамасыз етеді.

Көптеген жылдар бойы қалыптасқан салық салу саласын мемлекеттік басқару жүйесі мен қолданылатын басқару әдістері нарықтық даму жағдайында мемлекеттің салықтық менеджменті ретінде ерекше әрі объективті түрде айқындалып отыр. Мемлекеттің салықтық менеджменті оның экономикалық саясатының негізгі элементі болып табылады, сондай-ақ салық салу механизмі арқылы қоғамның экономикалық және әлеуметтік дамуын басқаруды білдіреді. Мемлекеттің салықтық менеджменті негізінде салықтық әкімшілендіру жөніндегі қызмет жататындықтан, салық салу саласында туындайтын салықтық құқықтық қатынастар мемлекеттің салықтық бақылауымен тікелей байланыста болады және салықтық менеджменттің өзі (бұл ретте мәні) салық және басқа да міндетті төлемдер түрлерінен, сондай-ақ салық өндірісінің рәсімдерінен тұрады. Мемлекеттің салықтық менеджмент субъектілері республикалық және жергілікті салық салу деңгейлерінде салық міндеттемелерінің орындалуын қамтамасыз ететін барлық деңгейдегі салық қызметі органдары болып табылады.

  Мемлекеттің салықтық менеджменті, негізінен алғанда, материалдық салықтық қатынастар өз қатысушыларының мүдделерін, салық салу жүйесі мақсаттарының иерархиясын, салық элементтері мен салық міндеттемесі элементтерін, ұғымдарын, салық салудың базалық концепцияларын, ғылыми-практикалық аппаратты, мемлекеттің салықтық менеджментінің функционалдық және ұйымдастырылу аспектілерін, рәсімдерін, сондай-ақ қамтамасыз етуші аспектіні қамтиды. Сонымен, мемлекеттік салықтық менеджмент ауқымындағы салық салу үдерісін басқару – мемлекеттің салықтық менеджменті нысанын біртұтас басқару үдерісінің бір бөлігі болып табылады және өз ерекшеліктеріне (экономикалық, құқықтық, фискалдық және т.б.) орай дербес жүйе ретінде саналады. Мемлекеттік салықтық менеджмент мәні бюджет жүйесі деңгейлеріндегі әр түрлі бюджеттерге байланысты туындайтын ұйымдастыру және материалдық салықтық қатынастар жүйесін білдіреді.

Осы орайда, біздің көзқарасымыз бойынша, салық салу және салықтық қызмет барысында туындайтын қоғамдық (салықтық) қатынастарды басқарудың дербес жүйесі мемлекеттің салықтық менеджменті фискалдық мазмұнды салықтық құқықтық қатынастар жүйесі болып табылады. Демек, салықтық менеджмент мәні бюджеттік құқықтық қатынастар тұрғысынан қарастырылады. Мемлекеттік салықтық менеджмент иерархиясында бүгінгі таңда салықтық құқықтық қатынастарға белгілі бір деңгейде, дәрежеде және көлемде ықпал ететін, көп аспектілі жүйе арқылы өзара тығыз қарым-қатынаста болатын заң шығарушы және атқарушы билік органдары, жергілікті уәкілетті және атқарушы органдар, сондай-ақ басты фискалдық орган – Салық комитеті және оның салықтық әкімшілендіру, фискалдық мониторинг жүргізу басқармалары жатады. Горизонтальды салықтық құқықтық қатынастар қатысушысы Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Салық комитетінің салық қызметі органдары мемлекеттің салықтық менеджментінің субъектілері ретінде салық міндеттемелерін орындауды қамтамасыз етуге ат салысады.

Сонымен, мемлекеттің салықтық менеджменті субъектілерінің жүйесі мынадай уәкілетті мемлекеттік органдардан: 1. Қазақстан Республикасы Парламентінен; 2. Қазақстан Республикасы Үкіметінен; 3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитетінен; 4. тиісті жергілікті Мәслихаттардан; 5. тиісті жергілікті Әкімдіктерден; 6. Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінен; 7. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінен; 8. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Салық комитетінің: а) Ірі салық төлеушілерді әкімшілендіру және мониторингі басқармасынан; ә) Салықтық әкімшілендіру басқармасынан; б) Әдістемелік басқармасынан; в) Акциздерді әкімшілендіру басқармасынан; г) Халықаралық салық салу басқармасынан; ғ) Кірістерді талдау және ағымдағы болжау басқармасынан; д) Салық аппеляциясы басқармасынан; е) өндірістік емес төлемдер басқармасынан; ж) Ақпараттық технологиялар басқармасынан және т.б. тұрады. Осы орайда, мемлекеттің салықтық менеджменті үрдісіне мемлекеттік емес ұйымдардың, яғни салық төлеушілер қауымдастығының, консалтингтік және аудиторлық фирмалардың, салықтық құқық және салық салу салаларының ғалым-мамандарының да қатысатынын ескеру қажет. Салық салу саласындағы және салықтық қызмет аясындағы уәкілетті мемлекетті органдар мен жоғарыда аталған ұйымдар мемлекеттің салықтық менеджментін жетілдіру мақсатында мемлекеттік басқарудың қоғамдық маңызын үзбей дамытуға ат салысады. Экономика, қаржы, құқық және басқару салаларының кәсіби, сондай-ақ ғалым мамандарын, сарапшыларын тарту және олардың негізделген тұжырымдамалары мен ұсыныстарын пайдалану мемлекеттің салықтық менеджменті әдістерінің тиімділігін арттыруға септігін тигізеді. Сонымен бірге салықтар және салық салу жөніндегі ақпараттық, ұйымдастыру, құқықтық, бақылаулық және т.б. факторларды құру салықтық менеджмент жүйесіне ғылыми негізделген әдістер мен жолдарды енгізіп, практикада қолдануды қамтамасыз етеді, әрі салықтық әкімшілендіруді дұрыс жолға қояды.

Жоғарыда қарастырылған  мән-жайлар тұрғысынан мемлекеттің  салықтық менеджменті салықтық құқықтық қатынастардың Өзгеруіне (дамуына) қарай жедел бейімделіп отырады деген тұжырым жасауға болады.

  Мемлекеттің қысқа және ұзақ мерзімді салық саясаты – мемлекеттің салықтық менеджментінің ең маңызды бөлігі болып табылады. Мемлекеттің салықтық менеджменті ғылыми үдеріс ретінде мемлекеттік болжауды зерделеуге және жетілдіруге ат салысады, сондай-ақ оның ауқымы көптеген әдістерді, әдістемелерді, салықтық талдау көрсеткіштерін қамтиды. Дегенмен, мемлекеттің салықтық менеджменті салықтық ғылымнан туынды

Ғылым ретінде көрініс табатынын білген дұрыс болады.

Мемлекеттің салықтық менеджменті негізінен салықтық құқықтық қатынастар жүйесіндегі макродеңгейдегі жалпы ұлттық және микродеңгейдегі арнайы міндеттерді шешуге бағытталады.

Мемлекеттің салықтық менеджменті  аясындағы салықтық құқықтық қатынастардың қатысушылары Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің, Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің, Салық комитетінің, мәслихаттардың және әкімдіктердің, салық төлеушілердің мүдделері олардың негізгі міндеттері мен мақсаттарына орай ерекшеленеді. Мысалы, Қазақстан Республикасының Үкіметі мемлекеттік әлеуметтік-экономикалық саясаттың негізгі бағыттарын, оны жүзеге асыру жөніндегі стратегиялық және тактикалық шараларды әзірлейді; әлеуметтік-экономикалық дамудың индикативтік жоспарларын әзірлеп, жүзеге асырады; Республика Президенті белгілеген тәртіппен республикалық бюджетті әзірлеу мен өзгертуге қатысады, бюджеттің атқарылуын қамтамасыз етеді; қаржы жүйесін нығайту жөніндегі шараларды әзірлейді және жүзеге асырады. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі мемлекеттік бюджеттің атқарылуы, кедендік, салықтық бақылау саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыруды және іске асыруды қамтамасыз етеді; бюджетке түсетін түсімдерді болжауға және мемлекеттік бюджетке кіріс түсімдері саласында мемлекеттік саясат мақсаттары мен басымдықтарын анықтауға қатысады; республикалық бюджеттің атқарылуын қамтамасыз етеді; салықтар, алымдар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсімдерін қамтамасыз етеді. Қазақстан Республикасының экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі мемлекеттік әлеуметтік-экономикалық саясаттың негізгі бағыттарын әзірлеудің салааралық және аумақаралық үйлестірілуін жүзеге асырады; экономикалық қызмет түрлерін жүзеге асыруды регламенттейтін стратегиялық, орта мерзімді экономикалық, бюджеттік жоспарлау жүйесін жетілдіреді; орта мерзімді фискалдық саясаттың жобасын әзірлейді; республикалық және жергілікті бюджеттерге түсетін түсімдерді болжайды. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің толық түсуін қамтамасыз етеді; Салық кодексінде белгіленген тәртіп бойынша салық бақылауын жүзеге асырады; салық төлеушілерді, салық салу нысандарын және салық салуға байланысты нысандарды есепке алудың бірыңғай жүйесін әзірлеп, жүргізеді; салық төлеушілердің қаржылық-шаруашылық қызметіне мониторинг жүргізеді; салық заңнамасының орындалуын бақылауды жүзеге асыру бойынша орталық және жергілікті мемлекеттік органдармен өзара іс-әрекет жасайды; салық міндеттемелерінің туындау, орындалу және тоқтатылу мәселелерін жеке және заңды тұлғаларға түсіндіру жөніндегі жұмысты ұйымдастырады және жүзеге асырады; салық және басқа да міндетті төлемдерді әкімшілендіру әдістемесін әзірлейді, сондай-ақ ақпараттық технологиялар көмегімен функционалдық рәсімдерді жүзеге асыруды басқару мен бақылау әдістерін жетілдіруге қатысады; салық салу саласындағы заңнаманы қолдану тәжірибесін талдау.

Информация о работе Салықтық құқықтық нормалар