Мемлекет механизмі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 15 Мая 2013 в 12:44, курсовая работа

Краткое описание

Мемлекет механизмі дегеніміз – бұл арнайы органдар жүйесі. Бұл жүйе арқылы мемлекет өз функцияларын атқарады.
Мемлекет механизмінің белгілері: мемлекеттік аппарат, мемлекеттік мекелемер, мемлекеттік кәсіпорындар мен мемлекеттік қызметкерлер.

Содержание

Кіріспе...........................................................................................................................3

1 МЕМЛЕКЕТ МЕХАНИЗІМІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Мемлекет механизімінің теориялық негіздері....................................................5
1.2 Мемлекет механизімінің белгілері.......................................................................8

2 МЕМЛЕКЕТТІК АППАРАТ ТҮСІНІГІ ЖӘНЕ ОНЫҢ БЕЛГІЛЕРІ
2.1 Мемлекеттік аппарат түсінігі.............................................................................10
2.2 Мемлекеттік аппарат құрылымы. Мемлекеттік орган және оның белгілері.12

3 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІ АППАРАТЫ ЖӘНЕ ҚҰРЫЛЫМЫ МЕН ҚЫЗМЕТІ
3.1 Қазақстан Республикасының мемлекеттік аппараты.......................................18
3.2 Қазақстан Республикасында мемлекеттік аппарат құрылуы мен қызмет атқару принциптері...................................................................................................21

ҚОРЫТЫНДЫ...........................................................................................................25

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТ ТІЗІМІ......................................................................26

Прикрепленные файлы: 1 файл

Курсавик.doc

— 188.50 Кб (Скачать документ)

 ХVІІI ғасырда белгілі  француз ойшылы Ш. Монтескье  «заңдар рухы» (1748 ж.) еңбегі жайында  нұсқау етті: егер атқарушы және  заңшығарушы биліктерді бір тұлғаға  билеу үшін берілсе, онда ешқандай  бостандық болмайды. Өйткені монарх  немесе сенат тирандық заңдарды шығарып орындайды. Сонымен қатар егер сот билігі, заң шығарушы және заң атқарушы биліктен бөлінбеген болса еркіндік болмайды. Егер атқарушы билік сот билігімен бірге болса, соттың қанаушы рөлін атқаруға әкеледі.

 Мемлекеттік биліктер мен билікті иемденушілер арасындағы мәселені шеші үшін қолданылатын әдіс - мемлекеттік билікті халық атқару тиіс. Барлық демократиялық мемлекеттерде бұл концепция жалпылама қадірлеушілікті алды. XVII ғасырда ағылшын философ-материалисті Д.Локктың дамытқан бұл идеясы, саяси тәжірибеге орай тіршілікке икемділігін, адамгершілікті болуын дәлелдеді. Д.Локк өзінің әйгілі «Билеу туралы екі трактат» еңбегінде былай деп жазды: «Өзінің базисіне сүйенетін, қоғамның сақталуы үшін қызмет ететін және өз табиғатына орай жұмыс атқаратын конституциялық мемлекетте тек бір билік бола алады. Бұл – заң шығарушы билік. Заңшығарушы билікке барлығы бағынышты болса да, ол қоғамның мүдделеріне орай жұмыс атқарады. Ол халыққа тәуелді және халық оны керек кезде немесе белгілі бір уақытта ауыстырып отырады.» биліктің біреудің қолына толығымен көшіп кетпеуіне ықпал жасап отырады. [7,392 б]

 Басқа жақтан қарасақ,  құқықтық мемлекет билік бөлінісісіз  мүмкін емес. Өйткені ол ұйымдастыру  мен жұмыс атқару әдіс тәсілі; Басқа жақтан қарасақ – құқықтық мемлекет бұл билік бөлінісі үшін тиімді болып табылатын шарт пен негіз. Билік бөлінісі – бұл құқықтың даму дәрежесінің сипаты, нәтижесі және мемлекеттегі заңдылықтың жүзеге асырылуының сипаты. Мемлекеттік билік бөлінісі, конституциялық құқық принциптерімен байланысы жоқ, кез келген шексіз биліктің болдырмауын ұйымдастырады.

 Халық – мемлекеттік  биліктің алғашқы және жалғыз  қайнар көзі. Осы мағынада халық  тәуелсіз және толықбилікті. Ол  өзіне тиесілі биліктің бір  бөлігін мемлекеттік органдарға  және қызметтік тұлғаларға яғни өз өкілдеріне, белгіленген уақытқа және анықталған шарттарда береді. Мемлекет және мемлекеттік органдар өздеріне табысталған өкілдіктерді халық мүддесіне орай іске асырады. Қазіргі кездегі мемлекет – бұл мекемелер мен азаматтарға ортақ игілік әкелі үшін, әртүрлі қажеттіліктер мен мүдделердің мәміле механизмі.

 Мемлекеттік аппарат  кешенді және жүйелі зерттеуді  талап етеді. Бұл оның құрылымды  элементтерінің (институттарының) тек  қарымқатынас пен арақатынаста  емес, сондай-ақ жұмыс атқару барысында (динамикада) қарастырылуын талап етуі.

 Қазіргі демократиялық мемлекеттің  аппаратына кіретін мемлекет  органдар жүйесін қарастырайық.

 Демократиялық мемлекеттердің  құрылымы ішінде мемлекеттік  аппаратта, мемлекеттік органдар  жүйесі ең маңызды орын алады. Мемлекеттің өкілетті органдары, жоғарғы және жергілікті органдар болып бөлшектенеді. Жоғарғы мемлекеттік органдарға парламенттер кіреді. Ең маңызды функциялардың бірі, заң қабылдау функциясы болып табылады. Заң шығару билігі – бұл халықпен делегат жіберілген алқылы билік болып табылады. Парламенттің заң шығару саласында ең көп өкілдігі бар орган. Одан басқа, парламент салық орнату, мемлекеттік бюджетті қабылдау, сыртқысаяси процесске қатысуға, қорғаныс, соғыс не бейбітшік сұрақтарын шешеді. Оған қоса парламенттің мемлекет мүшелерін немесе президентті жауапкершілікке тарта алады. Бұл – импичмент деп аталады.

 Мемлекет билеушісі. Үш тармаққа  бөлінген мемлекеттік билік, біріңғай  және тәуелсіз болып қала береді. Оның билікшығарушы бір органы  бар – халық. Ол мемлекеттің жалпы мүдделерін білдіреді. Сондықтан заң шығарушы, атқарушы және сот органдарының дербестігі абсолютті емес Мемлекет басшысы осы органдадың бірге жұмыс атқаруын және халық мүдделірне орай әрекет жасауын қамтамасыз етуші. Қазіргі замандағы мемлекеттерді мемлекет билеушілері, жалпы ереже бойынша жалғыз болып табылады: конституциялық монархияларда – монарх, республикаларда – президент. Жоғарғы органдармен қатар, мемлекетте жергілікті органдар бар. Олар әртүрлі аталуы мүмкін, бірақ та олардың тағайындалуы ұқсас: мемлекеттік билікті жүзеге асыру және жерлерді билеу.

 Атқарушы биліктің органдар  жүйесі (министрлер кабинеті). Мемлекеттік билеу органдарының қызметі, олар мемлекеттік органдарға қатысты актілер және жоғары тұратын органдардың талаптарының тікелей орындау. Осы органдардың басқарушылық қызметі, олардың өздері қойған талаптарын орындатылуын қамтамасыз ету үшін шаралар қолданады. Яғни шығарған норманың орындалуына сай заң шығарады. Осы қызметтің барлығын мемлекеттік органдардың барлығы заңдылыққа сәйкес орындауы тиіс. Өзінің құзыретіне сай, мемлекеттік билеу органдары әдеттегі түрде қызмет етуі үшін арнайы дербестілікпен қамтамасыз етіледі. Мемлекеттің және қоғамның әртүрлі құқықтық реттеу және өмірлік іс әрекеттке басшылыққа жауапты болу оларға жүктеледі. Бұл міндеттер конституциямен, нормативті құқықтық актілердің рөлімен қатар бектіледі.

 Мемлекеттік органдар билеу  жүйесінде жетекші рөл атқаратын  – мемлекет. Олар мемлекеттің  ең жоғарға атқарушы және басқарушы  болып келіп, мемлекеттік билеу органдарының барлық жүйесін басқарушысы болып табылады. Конституциялық аткілерге сай мемлекетке экономикамен, әлеуметтік-мәдени шаруашылықпен, мемлекеттік бюджеттерді құру және жетілдірумен, мемлекет мүдделерін қорғаумен, меншіктік және әлеуметтік тәртіпті сақтаумен, адам бостандықтары мен құқықтарын қорғаумен, мемлекеттік қауіпсіздікті қамтамасыз етумен, қарулы күштердің құрастыруына жалпы басшылық және т.б. жауапкершіліктермен үлестіріліп береді.

 Мемлекеттік аппарат құрылымында  маңызды орын алатын сот органдарының жүйесі. Олардың негізгі функциясы әділеттілікті іске асыру болыа табылады. Сот органдарының жүйесі, сот билігінің иемденушісі ретінде танылады. Бұл қалып қазіргі кездегі мемлекеттерде жай заңдар мен конституциялық заңдарда белгіленеді. Әр түрлі мемлекеттерде соттық жүйе құрылымы бірдей емес, және олардың аталуы да басқа. Өздерін демократиялық мемлекет деп атайтын елдерде, конституциямен сот органдарының жүйесінің, қызметінің ерекшелігіне қарамастан барлық мемлекеттерде сот нысаны бір.

 Прокуратура органдарының жүйесі. Прокуратураның міндеті мемлекеттік басқармалар, ұйымдар, мекемелер, қоғамдық ұйымдар, міндетті тұлағалар мен азаматтардың заңдарды біркелкі және нақты орындалуын қадағалау.

Сонымен қатар прокуратура органдары тергеу және алдын ала тергеу органдарында, істерді сотта қаралу барысында, соттармен жаза және міндеттеу қолдану барысында бақылау жүргізу. Прокуратура органының әртүрлі мемлекеттерде қызметін реттейтін актілер, прокуратура қызметін ұйымдастыруды реттейтін конституцияда және арнайы актілердегі нормалар реттейді. Мысалыға алсақ Қазақстан Республикасы Конституциясының 83 бабының 4 тармағында «Қазақстан Республикасы прокуратура қызметі және құзыреті тек заңмен анықталады» деп айтылған. [8 ]

 Мемлекет органы. Сонымен мемлекеттік аппарат құрылым түсінігі бойынша, оның ішкі құрылысы, аппарат бөлімдерінің орналасу тәртібі және олардың арақатынасы аңғарылады.

 Мемлекеттік аппараттың  алғашқы және ең маңызды құрылымдық  элементі болып табылатын –  мемлекет органы. Мемлекет органы – бұл механизм (аппарат) қарым қатынасы ретінде өзін танытып, бұтақталған органдардың құрылымдық жүйесі болып табылатын топ. Мемлекеттік аппарат органдары, бағыты нақты анықталған, құрылу тәртібі, құзыреті, мемлекеттік аппарат тобының құрылымымен және әрекетімен байланысты басқа да сұрақтар қарастырылған нормативті – құқтық актілер негізінде құрылады. Мемлекет органының күрделі құрылымы болуы мүмкін: басқармалар, бөлімшелер, комиссиялар, комиссияшалар,және т.б.. Өзінің құзыретіне сай, орган міндетті құқықтық актілерді құрастырады, өйткені оған берілген құқықтық мүмкіншілік шектеіуі аясында әр мемлекеттік орган - мемлекеттің ресми уәкілі болып табылады.

 Мемлекеттік орган  белгілері:

  1. Мемлекеттік органының белгілі бір дербестігі болса да, ол мемлекеттік механизмнің бір бөлігі ретінде жұмыс атқарады. Мемлекет аппаратында белгілі бір орын алып, басқа органдармен байланыста тұрады.
  2. Мемлекеттік органдардың ішкі құрылысы бар (құрылымы). Олар нысандар үшін құрылып, нысандар біркелкілігімен ынтымақтастырылған және барлық мүшелеріне тиесілі тәртіпті сақтау топтарынан тұрады.
  3. Өзінің құзыретіне сай мемлекеттік орган басшылық өкілдігімен және керекті материалды базамен, қаржы құралдарымен, банктегі шотымен, және қаржылау көзімен қамтамасыз етіледі.
  4. Мемлекет органы мемлекет функцияларын жүзеге асыруда белсенді қатысады. Осыған қатысты формалар мен тәсілдерді қолдана отырып, міндетті нормативті-құқықтық актілер шығарады. Оның дербестілігі ортақ мемлекеттік орган қызмет ұйымдастыру принцибімен және олардың нысандары мен тапсырмаларының бір болуымен анықталады.

 Сонымен, мемлекет  органы – бұл мемлекеттік аппарат  дербес тобы. Қабылданған заңның  тәртібінде, құрылған құрылымы және  құзыреті бар топ.

 Мемлекет органдарын  әр түрлі негіздермен квалификациялауға болады.

 Пайда болу әдісіне  сай олар таңдалған және бекітілген, алғашқы және туынды болып  жәктеледі. Мемлекеттің алғашқы  органдары ешқандай басқа органдармен  құрылмайды. Олар бекітіледі немесе  бекітілген рәсім бойынша және  басқару құзыретімен сайлаушылар арқылы иеленеді (өкілетті органдар). Туынды органдар, оларға басқару құзыретін беретін алғашқы органдармен құрылады. Мысалыға, атқару-басқару, прокуратура органдары және т.б.

 Билеу өкілдігіне  сай мемлекеттік органдар жергілікті  және жоғарғы болып екіге бөлінеді. Жоғарғы органдар, мемлекеттің барлық территориясында таралатын билікті толығымен бейнелейді. Мемлекеттің жергілікті органдары әкімшілік-аумақтық бірліктерде жұмыс атқарады және өкілдікері тек осы аймақтарға таралады.

 Билікті бөлу принципіне  сай, билікті заң шығарушы, атқарушы, сот органдары деп анықтайды. Осы принциптің мазмұны, биліктің белгілі бір органның немесе белгілі бір адамның қолына шоғырлануы, биліктің теріс пайдалуына әкеледі деген қауіп бар. Соған орай биліктің бөлінуі және оның әртүрлі мемлекеттік органдарға жіктелуі қажет.

 Құзыретінің кең  болуына байланысты келесідей:  жалпы және арнайы компетенцияларды  белгілейді. Жалпы құзырет органдары,  өзінің өкілдігіне орай кез  келген сұрақтар бойынша шешім  қабылдайды (Парламент пен оның  палаталары, ҚР Үкіметі және т.б.), ал арнайы құзырет органдары белгілі бір қоғамдық өмірде жұмыс атқарады (Қазақстан Республикасының әртүрлі министірліктері және ведомствалары, прокуротура, ҰҚК және т.б.)

 Шешім қабылдау  тәсілі бойынша алқалы және  бірлік-бастамалы органдары. Алқалы органдар шешімді көпшілік дауысберушілікпен қабылдайы, жай және квалификацияланған (ҚР Парламенті, ҚР Үкіметі, ҚР Конституциялық Кеңесі.) Жалпыбастама органдары – мұнда шешім тек басшымен ғана қабылданады. (ҚР Президенті, ҚР Жоғарғы прокуроры.)

 Бағыну әдеті бойынша  тек «жалғыз» бағыну органдары  бар, мысалыға (прокуратура) және  «екіжақтық бағыну» , мысалыға, әртүрлі  салалы билеу органдары: министрліктер,  аумақтық билеу бөлімшелермен  бірге болатын ведомствалар. Өкілдік  мерзімі бойынша әрдайым жұмыс атқаратын бірақ олардың құрамындағы адамдар белгіленген уақытта ауысып отырады, және мерзімсіз органдар – бұл орагандарда адам қызмет етуі ешбір мерзіммен шектелген емес.

 Қызмет атқару аясына  орай тұрақты және уақытша  органдар белгіленеді. Көбінесе тұрақты органдар саны басым болады, өйткені мемлекет тұрақты жұмысқа бағытталған. Жалпымемлекеттік немесе үлкен масштабты тапсырмалар, қажеттіліктер кезінде уақытша органдар құрылады.

 Мемлекеттік аппараттың  қарапайым адамдарды, халық пен  қоғамды, бюрократизм, коллективизимге тартып тек өз мүдделеріне орай әрекет жасау және қызмет атқарып жатқан заңға назар аудармай жұмыс істеу, мемлекеттік істерді өзінің аппараттық істермен айырбастап қою қазіргі кезедегі мемлекеттік аппараттың аңсап келе жатқан жағы. Бұл кемшіліктер посткеңестік Қазақстанның мемлекеттік аппаратында үдеріс алып жатыр. Нақтылап алсақ ол мемлекеттің құқыққорғаушылық функциясында бар. Оған келесі дәлелдерді қосуға болады: осы күнгі конституция мен заңдардың көптеген жерлерінің әрекетсіздігі, азаматтың бостандықтар мен құқықтарын бұзылуы, мемлекеттік аппаратта жемқорлықтың болуы, қылмыс дәрежесінің өсуі және аппараттар мен кейбір қылмыстық топтар арасындағы сыбайластық және т.б.

Осы мемлекеттік аппараттың проблемаларымен күресу формалары мен бағыттары:

Құқықтық бастамаларды дамыту, мемлекеттік механизмнің  барлық топтарының осы әрекет жасауға  көмек беру;

1.Мемлекет қызметшілерінің  адамгершілік қасиеттеріне және  құқықтық мәдениеттке кәсіптік  талап ету;

2.Мемлекеттік аппаратта  қызмет атқаратындардың заңдық жауапкершілігін арттыру;

3.Мемлекеттік қызметкерлерді  жұмысқа алуды конкурстық нәтижеде  өткізу және әрдайым квалификациясын  көтеру;

4.Азаматтардың және  олардың қоғамдарының құқықтары  мен заңды мүдделері үшін күресінің  белсенділігін арттыру;

5.Мемлекет және қоғамның  мемлекеттік органдарға бақылау  күшейту формаларын арттыру және  дамыту [10,134].

Бюрократизммен күресті  демократия жүзеге асырады.

Әрдайым мемлекеттік  органдарға демократиялық бақылау, қызметкерлердің жиі ауысып отыруы, олардың жұмысына критика – осы мәселеге шемім.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

3 - Қазақстан Республикасының  мемлекеттік аппараты. Қазақстан  Республикасы мемлекеттік аппаратының  құрылымы мен қызметі

 

3.1 Қазақстан Республикасының  мемлекеттік аппараты

 Мемлекет механизмі және функциялары арасында тығыз қарым қатынас, мемлекеттік аппараттың құрылымды-функционалды тәсіл қолданылу қажеттілігін туғыздырады. Бұл тәсіл – жалпы жүйелі анализдің бір бағыты және оның негізін органикалық қарым-қатынас пен функцияларын зерттеу құрады. Осыған байланысты, мемлекеттік аппарат құрылымы, мемлекет функцияларын атқару қызметімен тығыз байланыста қарастырылады.

Информация о работе Мемлекет механизмі