Азаматтық құқық негіздері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Мая 2013 в 21:32, реферат

Краткое описание

Азаматтық құқық — құқықтың тауарлық-ақшалай қатынастарды және қатысушылардың мүліктік қатынастарының теңдігіне негізделген, сондай-ақ мүліктікпен байланысты, жеке мүліктік емес басқа да қатынастарды реттейтін саласы, нормалардың жиынтығы. Азаматтық заңдылықтармен реттелуші қатынастардың қатысушылары азаматтар, заңды тұлғалар, мемлекет, сондай-ақ әкімшілік-аумақтық бөліністер болып табылады.
Азаматтық құқықтың негізгі бастауы Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі болып табылады, ол 1994 жылғы 27 желтоқсандағы Жалпы бөлімнен және 1999 жылғы 1 шілдедегі Ерекше бөлімнен тұрады. Азаматтық құқық нормалары сондай-ақ арнаулы заңдарда және заңға қарасты актілерде мазмүндалған, олар Азаматтық кодексте белгіленген ережелерді толықтырады, реттейді, нақтылайды. Мұндай нормативтік актілерге төмендегідей заңдар жатады: 1997 жылғы 14 шілдедегі "Шаруашылық, серіктестіктері туралы", 1998 жылғы 10 шілдедегі "Акционерлік қоғамдар туралы", 1997 жылғы 21 қаңтардағы "Банкроттық туралы", 1997 жылғы 19 маусымдағы "Жеке кәсіпкерлік туралы", т.б.

Содержание

Кіріспе 3
НЕГІЗГІ БӨЛІМ 4
Азаматтық құқық негіздері 4
Азаматтық құқықтық қатынастар 4
Азаматтардың, кәсіпкерлердің және тұтынушылардың құқықтарын қорғау 7
Азаматтық құқық қатынастарының объектілері 8
Өкілдік және сенімхат 10
Талаптың ескіруі 10
Меншік құқығы және өзге де заттық құқықтар 11
Міндеттемелік құқық 13
Шарттар туралы жалпы ережелер 14
Интеллектуальдық меншiк құқығы 17
Мұрагерлік құқық негіздері 18
Қорытынды 21
Қолданылған әдебиеттер тізімі 22

Прикрепленные файлы: 1 файл

реферат (4).docx

— 56.32 Кб (Скачать документ)

Сонымен, шарт - оның тараптарының арасындағы дербес еркінің актісі, бірнеше құжатпен бекітілген болса  да, өзара келісімі болып табылады. Шарттың атқаратын қызметi, мақсаты - құқықтар мен міндеттердi орнату, өзгерту немесе тоқтату.

  1. Бір тараптың ғана ықтияры (іс-әрекеті) жеткілікті болатын мәмілелер (шарттар) бір жақты болып табылады. Бұл жағдайда басқа тараптың оған деген ықтияры болмайды. Мәселен, өсиетхат жазу, сенімхат, чек беру, мұрадан бас тарту және басқалары бір жақты шарт (мәміле) болып табылады. Бір жақты мәмілені (мысалы, өсиетхат) көбіне-көп бір ғана тұлға жасайды, дегенмен бір жақты мәмілелердің қайсыбірін, мәселен, ортақ сенімхат беруді, жұрт алдында награда беруге уағда етуді, меншік иелерінің (жалға берушінің) мүлік жалдау шартынан бас тартуын және тағы осындайларды бір тарап ретінде әрекет ететін екі немесе одан да көп тұлғалар бірлесе отырып жасауға хақылы.
  2. Екі жақты (өзара) мәміле деп екі тараптың өзара келіскен еркінен (іс-әрекетінен) тұратын мәмілені айтады. Екі жақты мәміле шарт деп аталады. Ол тараптың өзара келісімін білдіреді.

Екі жақты мәміле кең тараған - оларға сатып алу-сату, жеткеру, мердігерлік, мүлік жалдау, сақтандыру, авторлық және тағы басқа шарттар жатады.

  1. Көп жақты мәміле үш немесе одан көп тараптар ықтиярымен олардың арасындағы келісімнен тұратын мәміле. Кейбір көп жақты мәмілелерде тараптар ықтияры мазмүны бойынша сәйкес келеді (мысалы, бірлескен қызмет туралы шартта барлық қатысушылар бірдей ақша сомасын енгізуге және бірдей көлемде барлық жұмыстарды орындауға міндеттеме алады), бірақ көп жақты мәмілеге бұл сипат міндетті түрде қажетті емес. Өйткені, көп жақты мәміледе тараптардың қатысу үлесі әр түрлі болуы мүмкін. Үштен кем емес тараптан тұруы қажет мәмілені (мысалы, бір жақтан екі сатушы және екінші жақтан үш сатып алушы қатысатын үйді сатып алу-сату шарты) әр тараптан бірнеше тұлға қатысатын екі жақты мәміледен айыра білу қажет.

Шарт салдарынан пайда  болған міндеттемелерге міндеттемелер  туралы жалпы ережелер қолданылады (АК 268 - 377 б.).

Шарттардың  түрлері. Шарттар ақысыз және ақылы шарттарға бөлінгеннен басқа (мысалы, ақысыз шартқа сыйлау, ақылы шартқа тұрмыстық мердігерлік) ҚР Азаматтық кодексі жария шарт ұғымын енгізді. АК 387 - бабына сай жария шарт деп коммерциялық ұйыммен жасалған және осындай ұйым өз қызметінің түріне сай оған өтініш жасаған кез келген адамға жұмыс орындау немесе қызмет көрсету, тауарларды сату жөніндегі міндеттемелерді бекітетін шартты атайды мысалы, бөлшек сауда, жалпы қолданыстағы көлікпен жүк тасымалдау, байланыс қызметі, энергиямен қамтамасыз ету, медициналық, қонақжай, банктік қызмет көрсету және тағы басқалар.

Алдын ала жасалатын  шарт. Бұл шарт бойынша тараптар алғашқы айтылған талаптарға сәйкес оны болашақта жасауға міндеттенеді (мүлікті аудару, қызмет көрсету немесе жұмыс орындау туралы). Ниет хаттамасы, егер онда алғашқы шарт күші берілгені туралы айтылмаса, ол алғашқы шарт болып саналмайтынын ескеру қажет. Шартты алдын ала жасалған шарт деп мойындау үшін ол Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 390 - бабының 2-4 тармақтарындағы талаптарға сәйкес болуы тиіс. Атап айтқанда, алдын ала жасалатын шарт негізгі шарт үшін заңдарда белгіленген нысанда, ал егер негізгі шарт нысаны белгіленбесе, жазбаша түрде жасалады және тараптар негізгі шартты жасасуға міндеттенетін мерзім көрсетіледі.

Сондай-ақ, қосылу шарты да, шарттың маңызды түрі болып табылады. Ережелерін тараптардың біреуі формулярында немесе өзге стандартты нысандарда белгілеген және басқа тарап оны ұсынған шартқа тұтастай қосылу жолы деп қабылдай алатын шарт қосылу шарты деп танылады (мысалы, энергетика жылу қуаты көздерімен қамтамасыз ету шарты).

Әр түрлі шарттардың элементтері  бар шарт аралас шарт болып табылады. Тараптардың аралас шарт жөніндегі қарым-қатынастарына тараптардың келісімімен немесе аралас шарттың ішкі мәнінен өзгеше ұғым туындамаса, элементтері аралас шартта ұшырасып қалатын шарттар туралы заңдардың тиісті бөлімдері қолданылады (АК 381 - бабы).

Үшінші тұлғаның пайдасына жасалатын шарт. Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 391 - бабына сәйкес, тараптар несие берушіге емес, шартта көрсетілген немесе көрсетілмеген және борышқордан міндеттемені өзінің пайдасына орындауды талап етуге құқығы бар үшінші жаққа борышқор орындап беруге міндетті деп көрсеткен шарт үшінші жақтың пайдасына жасалған шарт болып табылды.

Енді Азаматтық кодекстің 393-бабымен реттелетін шарт жасау  тәртібін, талаптарын және кезеңдерін қысқаша қарастырайық. Қазақстан  Республикасы Азаматтық кодексінің 393-бабына сай тараптар арасында шарттың  барлық елеулі ережелері бойынша  тиісті жағдайларда талап етілетін нысанда келісімге қол жеткен шарт жасалды деп есептелінеді. Мына талаптар шарттың маңызды мәні болып табылады:

  • шарттың мәнісі туралы талап;
  • қолданылып жүрген заңдармен танылған талаптар;
  • шарттың осы түрлеріне қажетті талаптар;
  • тараптардың бірінің өтініші бойынша келісімге жетуге қажетті талаптар.

Әдетте, шарт жасасу мәнді шарттарды мазмұндайтын ұсыныстан басталады. Азаматтық кодекстің 395-бабына сәйкес бір немесе бірнеше нақтылы тұлғаларға жасалған шарт жасасу туралы ұсыныс, егер ол мүмкіндігінше айқын болса және ұсыныс жасаған тұлғаның ол қабылданған жағдайда (акцепт) өзін тәуелдімін деп есептейтін ниетін білдірсе, оферта деп танылады. Егер ұсыныста шарттың елеулі талаптары немесе оларды айқындау тәртібі көрсетілген болса, ол жеткілікті түрде айқындалған ұсыныс болып табылады.

Шарттың құрылымы әр түрлі  болуы мүмкін, бұл жағдайда нысанына байланысты шарттарда әр түрлі талаптар болуы мүмкін. Бірақ, "Кіріспе" және "Қорытынды бөлім" секілді  кей баптары кез келген шартта міндетті түрде болуы қажет.

Азаматтық шарттардың негізгі түрлері:

1. Мүлікті меншікке берудегі міңдеттемелер:

- сатып алу-сату шарты (бөлшектеп сатып алу-сату, тауар жеткізілімі, келісім-шарт жасау, энергиямен жабдықтау, кәсіпорынды сату);

- айырбас шарты.

2. Мүлікті уақытша пайдалануға берудегі міндеттемелер:

      • мүлікті жалдау /аренда/;
      • лизинг;
      • кәсіпорынды жалдау;
      • үйлер мен ғимараттарды жалдау;
      • көлік жалдау;
      • прокат;
      • тұрғын үйді жалдау шарты;
      • мүлікті тегін пайдалану шарты.

3. Жұмыстар атқарудағы міндеттемелер:

      • құрылыс мердігерлігі шарты;
      • жобалау және іздестіру жұмыстарына мердігерлік шарты;
  • ғылыми зерттеу, тәжрибе конструкторлық және технологиялық 
    жұмыстарға мердігерлік шарты.

4. Қызмет көрсетудегі міндеттемелер:

      • өтелмелі қызмет көрсету шарты;
      • тасымалдау шарты;
      • көлiк экспедициясы;
      • заем шарты;
      • факторинг шарты;
      • банктiк қызмет көрсету шарттары;
      • сақтау шарты;
    • сақтандыру шарты және т.б. Төменде азаматтық жүйесi таблица түрiнде келтiрiлiп отыр.

Интеллектуальдық меншiк  құқығы

 

Азаматтың немесе заңды тұлғаның шығармашылық интеллектуальдық қызмет нәтижелерiне және оларға теңестiрiлген заңды тұлғаны дараландыру құралдарына, жеке немесе заңды тұлғаның жұмысының (қызметiнiң) өнiмдерiне құқығы заңмен белгiлеген реттер мен тәртiп бойынша орнатылады.

Интеллектуальдық меншік құқығының объектілеріне интеллектуальдық шығармашылық қызметтің нәтижелері, азаматтық айналымға қатысушылар, тауарлар, жұмыстар немесе қызмет көрсетулер, дараландыру құралдары жатады. Бұларға қоса ғылым, әдебиет, өнер туындылары, орындау, фонограмма, хабар таратуды ұйымдастыру, өнертабыс, пайдалы үлгілер, өндірістік үлгілер және ашылмаған ақпарат, оның ішінде өндіріс құпиялары (ноу-хау), фирмалық атаулар, тауарлық белгілер және т. б. атауға болады.

Интеллектуальдық шығармашылық меншік объектісін, оның иесінің өз қалауы бойынша, кез келген әдіспен  пайдалануға мүліктік құқығы интеллектуальдық шығармашылық қызметтің нәтижесіне немесе дараландыру құралына айрықша  құқық болып табылады. Айрықша  құқық объектісін басқа тұлғалардың  пайдалануына тек меншік иесінің  келісімімен ғана жол беріледі.

Егер де заңда басқаша  көзделмесе, интеллектуальдық меншік объектісіне айрықша құқықтарды олардың құқық иелері шарт бойынша  толық немесе ішінара басқа адамға беруі мүмкін, сондай-ақ мұрагерлік әмбебап құқықтың мирасқорлық тәртібімен және заңды тұлғаның (құқық иесінің) қайта құрылуының нәтижесінде басқа  адамға ауысады.

Интеллектуалдық меншiк құқығының түрлеріне:

  • авторлық құқық;
  • сабақтас құқықтар;
  • өнертабысқа, пайдалы модельге, өнеркәсіптік үлгіге құқық;
  • селекциялық жетістіктерге құқық;
  • интегралды микротәсімдер топологиясына құқықтар;
  • ашылмаған ақпаратты заңсыз пайдаланудан қорғау құқығы;
  • фирмалық атауға,  тауар белгісіне,  тауар шығарылатын жердің 
    атауын пайдалану құқығы жатады.

Мұрагерлік құқық негіздері

 

Мұрагерлік құқық азаматтық  құқықтың бір бөлігі болып табылады. Мұрагерлік құқық - қайтыс болған адамның мүлкінің мұрагеріне көшу тәртібін белгілейтін құқықтық нормалардың жиынтығы. Мұра азаматтың қайтыс болуы немесе оны қайтыс болды деп жариялау салдарынан ашылады.

Мұра екі түрде қалдырылады: заң және өсиет бойынша.

Мұра қалдырушы қайтыс болар алдында мүлкі жайлы  ешкімге өсиет етпесе немесе өсиет  еткеннен кейін де мүлік иесіз  қалса, мұрагерлер заң бойынша мұраға ие болуға шақырылады.

Мұраға  ие болудың кезектері:

1. Бірінші кезекте, мұраға тең үлеспен мұра қалдырушының балалары, соның ішінде қайтыс болғаннан кейін тірі туған балалары, сондай-ақ мұра қалдырушының жұбайы мен ата-анасы ие болады.

2. Заң бойынша мұрагер  болу құқығын, екінші кезекте  тең үлеспен мұра қалдырушының  ата-анасы бір, ата-анасы бөлек  аға-інілері мен апа- сіңлілері  (қарындастары), сондай-ақ оның әкесі  жағынан да, анасы жағынан да  атасы мен әжесі алады.

3. Үшінші кезекте, тең  үлеспен мұра қалдырушының туған  немере ағалары мен апалары  алады. Туыстық дәрежесінің жақындығы  ортақ ата-бабасының туу саны  негізінде анықталады. Әрбір дүниеге  келу бір ата (бір туыстық)  дәрежесі деп аталады. Жалпы  АК 1064-1068 баптары бойынша мұраға  ие болу кезегі жетіге дейін  болуы мүмкін. Мұрагерлік кезінде,  бір жағынан, асырап алынған  және оның ұрпақтары және екінші  жағынан, асырап алушы мен оның  туыстары қандас туыстарға теңеледі  және т. с. с. Жақын туыстар  деп ата-аналар, балалар, асырап  алушылар, асырап алынғандар, ата-анасы  бір және ата-анасы бөлек емес  ағалы-інілер мен апалы-сіңлілер, аға-қарындастар, ата, әже немерелерді  айтуға болады.

Әр азамат тірісінде өз дүние-мүлкін кімге болса да мұра етіп қалдыра алады. Өсиет бойынша мұрагерлік дегеніміз - заңда көрсетілген ретпен жасалған азаматтың өз дүние мүлкін кімге қалдыру жөніндегі тірі кезінде жасалған ерікті тапсырмасы. Өсиет жазбаша түрде жасалады. Оны нотариалдық кеңсе немесе жергілікті әкімшілік растайды. Өсиет қағазына мұра қалдырушы қол қояды. Егер халінің нашар болуына немесе басқа себептермен өсиетке қол қоя алмайтын болса, ол үшін басқа адам қол қояды, бірақ бұл кезде оның жанында нотариус немесе басқа лауазымды адам болуға тиіс. Әрекет қабілеттілігі жоқ адам, болмаса өз әрекетінің мәнін түсінбейтін адам өсиет қағазына қол қоя алмайды. Мұра қалдырушы өз өсиетін өзгертуге де, жоюға да ерікті және кейінгі жасаған өсиет қағазы жоққа шығарады.

Өсиет бойынша мұрагерлер мыналар болуы мүмкін: 1) заңға  сай мұрагерлер; 2) заң бойынша  мұрагерлікке кірмейтін бөтен адамдар; 3) мемлекет пен жеке ұйымдар.

Мұра ашылғаннан кейін  заңда көрсетілген мерзім ішінде (6 ай, Азаматтық Кодекс 1063-бап) мұрагер  ол мұраны қабылдай алады.

Мұрагерлікті  қабылдау. Мұрагерлікті қабылдау - бұл мұрагер жасайтын біржақты мәміле. Азаматтық заңдар мұраны қабылдаудың екі тәсілін қарастырады: 1) мұрагерлік мүлікке нақты түрде билік етуге кірісу; 2) мұрагерлік ашылған жердегі нотариалдық органға мұрагерлікті қабылдағаны жөнінде арыз беру арқылы.

Осы аталған іс-қимылдар да мүрагерлік алынған күннен бастап 6 ай мерзімде жасалуы тиіс. Аталған  уақытта өткізіп алу мұрагерліктен  айырылуға апарып соқтырады. Бірақ, мұра алушының себептері дәлелді  болса, онда сот бұл уақытты ұзарта алады.

Мұрагерліктен бас  тарту. Алты ай мерзім ішінде мұрагер мұрадан бас тарта алады. Бұл жағдайда мұра дүние-мүлік басқа адамдар арасында тең бөлінеді.

Мұра қалдырушы өз меншігіндегі дүние-мүлкін мұрагерлеріне қалдырумен қатар, оның белгілі бір бөлігін  басқа біреулерге қалдырғысы келуі  мүмкін. Ол осыған орай өз мұрагерлеріне  тиісті ерекеттер жасауға міндеттейді. Бұл өсиет тапсырмасы деп аталады. Бірақ ол жасы толмаған немесе еңбекке  қабілетсіз өз балаларын (оның ішінде асырап алған балаларын да), сондай-ақ өлген адамның еңбекке қабілетсіз ерін немесе зайыбын, ата-аналарының (бала асырап алушыларын да) және қарауында  болған адамдардың ақшасыз, муліксіз қалдырмауы тиіс.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

 

Жоғарыда айтып өткендерді және қолданылып жүрген азаматтық заңдарымызды, сондай-ақ осы салаға еңбек сіңіріп  жүрген заңгерлеріміздің кейбір еңбектерін қорыта келе өзіміздің жұмысымызда  азаматтық құқықтың түсігін, оның негіздерін біршама түсінгендеймін. Сонымен, азаматтық  құқық дегеніміз – жеке құқықтың негізгі мазмұнын құрайтын және заттық және олармен байланысты заттық емес қатынастарды құрайтын құқықтық нормалар жүйесі. Мұндағы қатынасқа түсуші тұлғалар тәуелсіз және заңдық тұрғыдан бір-бірімен тең болып табылады.

Информация о работе Азаматтық құқық негіздері