Азаматтық құқық негіздері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Мая 2013 в 21:32, реферат

Краткое описание

Азаматтық құқық — құқықтың тауарлық-ақшалай қатынастарды және қатысушылардың мүліктік қатынастарының теңдігіне негізделген, сондай-ақ мүліктікпен байланысты, жеке мүліктік емес басқа да қатынастарды реттейтін саласы, нормалардың жиынтығы. Азаматтық заңдылықтармен реттелуші қатынастардың қатысушылары азаматтар, заңды тұлғалар, мемлекет, сондай-ақ әкімшілік-аумақтық бөліністер болып табылады.
Азаматтық құқықтың негізгі бастауы Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі болып табылады, ол 1994 жылғы 27 желтоқсандағы Жалпы бөлімнен және 1999 жылғы 1 шілдедегі Ерекше бөлімнен тұрады. Азаматтық құқық нормалары сондай-ақ арнаулы заңдарда және заңға қарасты актілерде мазмүндалған, олар Азаматтық кодексте белгіленген ережелерді толықтырады, реттейді, нақтылайды. Мұндай нормативтік актілерге төмендегідей заңдар жатады: 1997 жылғы 14 шілдедегі "Шаруашылық, серіктестіктері туралы", 1998 жылғы 10 шілдедегі "Акционерлік қоғамдар туралы", 1997 жылғы 21 қаңтардағы "Банкроттық туралы", 1997 жылғы 19 маусымдағы "Жеке кәсіпкерлік туралы", т.б.

Содержание

Кіріспе 3
НЕГІЗГІ БӨЛІМ 4
Азаматтық құқық негіздері 4
Азаматтық құқықтық қатынастар 4
Азаматтардың, кәсіпкерлердің және тұтынушылардың құқықтарын қорғау 7
Азаматтық құқық қатынастарының объектілері 8
Өкілдік және сенімхат 10
Талаптың ескіруі 10
Меншік құқығы және өзге де заттық құқықтар 11
Міндеттемелік құқық 13
Шарттар туралы жалпы ережелер 14
Интеллектуальдық меншiк құқығы 17
Мұрагерлік құқық негіздері 18
Қорытынды 21
Қолданылған әдебиеттер тізімі 22

Прикрепленные файлы: 1 файл

реферат (4).docx

— 56.32 Кб (Скачать документ)

Жылжымайтын мүлікке: жер учаскелері, үйлер, ғимараттар, көпжылдық екпелер және жермен тығыз байланысты өзге мүлік, яғни орнынан олардың мақсатына сай емес шығынсыз ауыстыру мүмкін болмайтын мүлік жатады. Мемлекеттік тіркеуге жататын әуе және теңіз кемелері, ішкі сауда жүзу кемесі, ғарыштық объектілер қозғалмайтын заттарға теңестіріледі. Заң құжаттары бойынша қозғалмайтын заттарға өзге де мүліктер де жатқызылуы мүмкін.

Жылжымайтын заттарға жатпайтын  мүлік, оның ішінде ақша мен бағалы қағаздар қозғалатын мүлік деп танылады. Заң құжаттарында көрсетілгеннен басқа реттерде қозғалатын мүлікке құқықтарды тіркеу талап етілмейді, ал қозғалмайтын заттарға меншік құқығы мен басқа құқықтар, бұл құқықтарға шек қою, олардың пайда болуы, ауысуы және тоқтатылуы мемлекеттік тіркелуге тиіс.

Жеке  мүліктік емес игіліктер мен құқықтарға мыналар: жеке адамның өмірі, денсаулығы, қадір-қасиеті, абырой, игі атақ, іскерлік, бедел, жеке өмірге қол сұқпаушылық, жеке құпия мен отбасының құпиясы, есім алу құқығы, автор болу құқығы, шығармаға қол сұқпаушылық құқығы, басқа да мүліктік емес игіліктер мен құқықтар жатады.

Азаматтық құқық қатынастарының мазмұны, бұл - біріншіден, осы құқық  қатынастары субъектісінің субъективтік құқығы мен міндеттері және екіншіден, субъектінің өз субъективтік құқығы мен міндеттерін іске асырудағы  іс-қимылы. Мысалы, жасалған шарттың  негізінде сатушы сатып-алушыға  мүлікті береді, ал сатып-алушы келісім  бойынша ақысын төлейді.

Азаматтар мен заңды тұлғалардың  азаматтық құқықтары мен міндеттерін  белгілеуге, өзгертуге немесе тоқтатуға  бағытталған әрекеттері мәмілелер деп танылады.

Жоспарлы экономика кезінде  барлық шаруашылық жүргізу орталықтандырылып  атқарылған, жоспарланып, әкімшілік  әдіспен жүргізілген. Сондықтан  мәміленің аса қажеттілігі және маңызы болмаған. Ал нарық жағдайында мәмілелер субъектілердің арасындағы қарым-қатынастың негізі болып отыр.

Мәмілелер біржақты және екі немесе көпжақты (шарттар) болуы мүмкін. Заңдарға немесе тараптардың келісіміне сәйкес жасалуы үшін бір тараптың ерік білдіруі қажет және жеткілікті болатын мәміле біржақгы деп есептелінеді. Шарт жасасу үшін екі тараптың (екіжақты мөміле) не үш немесе одан да көп тараптың (көпжақты мәміле) келісілген ерік білдіруі қажет.

Азаматтық құқықтық мәмілелер ауызша, жазбаша нысанда жасалады. Жасалған кезде атқарылатын (егер тараптар жазбаша жасаймыз деп өзара келіспесе), жетон, билет немесе әдеттегідей қабылданған өзге де растайтын белгі арқылы жасайтын мәмілелер ауызша жасалынады. Мұндай мәмілелер адамның мінез-құлқынан, оның мәміле жасау еркі айқын көрініп тұрған ретте де жасалған деп саналады. Үндемей қалу заңдарда немесе тараптардың келісімінде көзделген реттерде мәміле жасауға ерік білдіру деп танылады.

Жазбаша нысан жәй және нотариалдық болып  екіге бөлінеді.

Өкілдік және сенімхат

 

Басқа адамның (өкілдік берушінің) атынан бір адамның (өкілдің) сенімхатқа, заңдарға, сот шешіміне, не әкімшілік  құжатқа негізделген өкілеттілігі күшімен жасалған мәмілесі өкілдік  берушінің азаматтық құқықтары  мен міндеттерін тікелей туғызады, өзгертеді және тоқтатады.

Өкілеттік өкілдің (бөлшек сауда  жүйесіндегі сатушы, кассир және т. б.) әрекет жағдайынан да көрінуі мүмкін.

Өкілдiктiң түрлері: әрекет қабілеттілігі жоқ адамдар үшін өкілдік; өкілеттілігі жоқ өкілдік; коммерциялық өкілдік.

Сенімхат - бір адамның (сенім берушінің) өз атынан өкілдік жасау үшін басқа адамға (сенім алушыға) беретін жазбаша өкілдігі.

Сенімхат сенім алушының өкілеттілігінің мөлшерін анықтайтын бір жақты келісім, ол тікелей  сол сенімхатты беруге белгіленген  құқықтар мен міндеттерді тудырады.

Берілетін өкілеттілігіне қарай  сенімхат: бір сәттілік немесе бір  ғана әрекет жасауға (мысалы, жалақы алуға); арнаулы немесе бір тектес көптеген әрекеттерді жасауға (мысалы, ұйым заңгері  сотта қаралатын істерге қатысып  отыруға); жалпы немесе сенушінің  мүлкін тұрақты пайдаланып отыру  үшін беріледі.

Сенімхат үш жылдан аспайтын мерзімге беріледі. Егер сенімхатта одан ұзақ мерзім көрсетілсе, ол үш жылға  дейін, ал егер күшінде болатын мерзімі  көрсетілмесе, берген күннен бастап бір  жылға дейін заңды болып табылады.

Талаптың ескіруі

 

Талаптың  ескіруі - бұзылған құқықты қорғау мақсатында заң қорғау органдары үшін (соттар) заңмен белгіленген мерзімдер. Талаптың ескіру мерзімі үш жыл. Заңда жалпы мерзімнің қысқартылған немесе ұзақ арнаулы мерзімдер белгіленуі мүмкін. Талап мерзімі өтсе, сот арқылы іс жөніндегі іздену, арызды қарамай тастай алады.

Егер талап мерзімі  дәлелді себептерге байланысты өтсе, сот мерзімді өтпеді деп тауып, істі қарай береді. Егер борышқор талап  мерзімін өтіп кеткенін білмей, алған  қарызын екінші жаққа қайтарып қойса, кейін ол мұны білмей қалыппын деп  оны қарсы жақтан кері ала алмайды. Талап мерзімін және оны есептеу  тәртібін екі жақ өзара келісіп  қалай болса солай өзгерте  алмайды.

Талап қою:

  • материалдық емес игіліктерге және мүліктік емес өзіндік құқықтарды қорғау туралы талаптарға;
  • банкке салған салымдарға;
  • азаматтың өміріне немесе денсаулығына келтірілген зиянның орнын толтыру туралы талаптарға. Алайда, талап қою мерзімі өтіп кеткеннен кейін қойылған талаптар талап қойыла бастаған соң үш жылдан асырмай қанағаттандырылады;
  • егер меншік иесінің немесе өзге заң иеленушінің өз құқығының бұзылуы иеліктен айыруға байланысты болмаса (Азаматгық Кодекстің 264, 265-баптары), онда олардың осы құқық бұзушылықты жою талабына;
  • заң құжаттарында белгіленген реттерде басқа талаптарға да қолданылмайды.

Меншік құқығы және өзге де заттық құқықтар

 

Меншік  құқығы дегеніміз субъектінің заң құжаттары арқылы танылатын және қорғалатын өзіне тиесілі мүлікті өз қалауынша иелену, пайдалану және оған билік ету құқығы. Меншік құқығы мәміле жасалған кезде болған барлық жүктемелерімен басқа адамға берілетін атай кеткені жөн болар еді.

Меншік иесінің өз мүлкін иелену, пайдалану және оған билік ету құқығы болады. Иелену құқығы дегеніміз мүлікті іс жүзінде иеленуді жүзеге асыруды заң жүзінде қамтамасыз ету. Пайдалану құқығы мүліктен оны пайдалы табиғи қасиеттерін алудың, сондай-ақ одан пайда табудың заң жүзінде қамтамасыз етілуі. Пайда кіріс, өсім, жеміс, төл алу және өзге нысандарында болуы мүмкін. Билік ету құқығы дегеніміз мүліктің заң жүзіндегі тағдырын белгілеудің заңмен қамтамасыз етілуі.

Осылардың бәрі азаматтық  құқық институты - меншік құқығын  құрайды.

Қазақстан Республикасының  Конституциясы (6-бап) мемлекеттік меншік пен жеке меншікті таниды және бірдей қорғайды.

Жеке меншік - азаматтардың және мемлекеттік емес заңды тұлғалар мен олардың бірлестіктерінің меншігі ретінде көрінеді. Заң құжаттарына сәйкес азаматтарға немесе заңды тұлғаларға тиесілі бола алмайтын жекелеген мүлік түрлерінен басқа кез келген мүлік жеке меншік болуы мүмкін. Жеке меншікте болатын мүліктің саны мен құны шектелмейді.

Мемлекеттік меншік республикалық және коммуналдық меншік болып бөлінеді. Жер, оның қойнауы, су, өсімдіктер мен жануарлар дүниесі, басқа да табиғи ресурстар тек қана мемлекеттік республикалық меншікте болады.

Меншік  иесі болып табылмайтын адамдардың заттық құқықтарына:

      • жерді пайдалану құқығы;
      • шаруашылық жүргізу құқығы;
      • оралымды басқару құқығы;
      • заңдарда көзделген басқа да заттық құқықтар жатады.

Жерді пайдалану  құқығы арнайы жер туралы заңнамалық кесімдермен реттеледі.

Шаруашылық жүргізу  құқығы мүлікті мемлекеттен меншік иесі ретінде алған және бұл мүлікті иелену, пайдалану және оған билік ету құқықтарын заңмен белгіленген текте жүзеге асыратын мемлекеттік кәсіпорынның заттық құқықтары болып табылады.

Оралымды басқару  құқығы меншік иесінің қаражаты есебінен қаржыландыратын мемлекеттік мекеменің, меншік иесінен мүлік алған және өз қызметінің мақсатына, меншік иесінің тапсырмаларына және оған билік ету құқығын жүзеге асыратын қазыналық кәсіпорынның заттық құқығы болып табылады.

Екі немесе бірнеше адамның  меншігіндегі мүлік оларға ортақ меншік құқығымен тиесілі болады. Ортақ меншік екі немесе бірнеше адамдардың меншігіне мүлік түскенде пайда болады.

Ортақ бірлескен  меншік: ерлі-зайыптылардың ортақ меншігі; шаруа қожалығының ортақ меншігі; жекешелендірілген тұрғын үйге ортақ меншік түрінде болады.

Меншік құқығына ие болу негіздері мыналар: егер шартта немесе заңдарда өзгеше көзделмесе жаңа заттың меншік құқығына оны дайындаған немесе жасаған тұлға ие болады; мүліктерді пайдалану нәтижесінде алынған түсім (жемістер, өнімдер, табыстар), егер заңдарда немесе бұл мүлікті пайдалану туралы шартта өзгеше көзделмесе, онда меншік құқығы мүліктің заңды негізде пайдаланушы адамға тиесілі болады; меншік иесі бар мүлікке меншік құқығына басқа одан сатып алу-сату, айырбастау, сыйға тарту немесе осы мүлікті иеліктен айыру туралы өзге мәміленің негізінде ие болуы мүмкін; азамат қайтыс болғанда оған тиесілі мүлікке меншік құқығы өсиетке немесе заңға сәйкес мұрагерлік бойынша басқа адамдарға көшеді; заңды тұлға қайта ұйымдастырылған ретте оған тиесілі мүлікке меншік құқығы қайта құрылған заңды құқығы мирасқорларына - заңды тұлғаларға көшеді және тағы с. с.

Міндеттемелік құқық

 

Міндеттемеге сәйкес бір  адам (борышкер) басқа адамның (несие  берушінің) пайдасына белгілі бір  әрекет жасауға, атап айтқанда: мүлік  беруге, жұмыс орындауға, ақша төлеуге  және тағы осылар сияқгы әрекеттер  жасауға, не болмаса белгілі бір  әрекеттер жасауға тартынуға  міндеттенеді, ал несие берушінің  борышқордан өз міндеттерін орындауын  талап етуге хақысы бар. Тараптар (борышкер мен несие беруші) жөне үшінші жақ міндеттемеге қатысушылар болып табылады. Міндеттемеде оның әр тарабы - несие беруші немесе борышқор ретінде бір мезгілде бірнеше адам қатыса алады, яғни үлесті, ынтымақты немесе жәрдем берушілік міндеттеме пайда болады.

Міндеттеме қабылдаудың мақсаты борышкерді өз міндетін уақтылы және сапалы орындауға тарту. Міндеттеме көбінесе оның орындалуымен аяқталады, ал орындалмаған жағдайда қарызды қарызбен жабады, екі жақ келіседі, заңды тұлғаларды жояды.

Міндеттемелердің  пайда болу негіздері. Міндеттемелер әртүрлі негізде туындайды. Бұл негіздер заңда көрсетілген, сондай-ақ заңда көрсетілмесе де, азаматтық заңдардың жалпы негіздері мен мәнісіне байланысты азаматтар мен ұйымдардың құқықтарды және міндеттерді тудыратын әрекеттерінен пайда болады.

Пайда болу негіздері: заңда көрсетілген негіздер; заңда көрсетілмесе де, бірақ оған қайшы келмейтін келісімдер; әкімшілік актілер; жаңалықтар ашу, өнер табыстар, ұтымды ұсыныстар жасау, ғылым, әдебиет және өнер шығармаларын жасау нәтижесінде; басқа адамға зиян келтіру салдары, сондай-ақ жеткілікті негіздер болмаса да адамның қаржысы есебінен мүлік иелену немесе жинау салдары; заңдар азаматтық-құқықтық жағдайлар басталуын байланыстыратын оқиғалар салдарынан пайда болады.

Міндеттемені орындамау  не тиісті дәрежеде орындамау (мезгілінде орындамау, тауарлар мен жұмыстарды толық орындамау, міндеттеме мазмұнында белгіленген басқа жағдайларды  бұзып орындау оның бұзылуы деп  есептелінеді. Орындау мүмкін болмаған жағдайда тараптар бір-біріне шұғыл  хабарлауға міндетті. Міндеттемені орындамағаны үшін жауапқа тарту несие берушінің  талап етуі бойынша жүргізіледі.

Міндеттемені бұзған борышкер несие берушіге оның бұзылуынан туындаған  залалдың орнын толтырып беруге міндетті. Құқығы бұзылған адам жасаған немесе жасауға тиісті шығыстар, оның мүлкінің жоғалуы немесе зақымдануы (нақты нұқсан), сондай-ақ сол адамның құқығы бұзылмаған болса, дағдылы айналым жағдайында оның алуына болатын, бірақ алынбай қалған табыстары (айрылып қалған пайда) залалдар деп түсініледі. Мұнымен қоса, міндеттеменің бұзылуынан келтірілген моральдық нұқсан да өтелуі мүмкін.

Шарттар туралы жалпы ережелер

 

Шарттың құқықтық институт ретінде қалыптасуы және шарттық  құқық нормаларының дамуы сауда  айналымының дамуымен етене байланысып жатыр. Шарт зат алмасудың негізгі  құқықтық нысаны болып табылады, яғни тауар бір меншік иесінен екіншісіне ауысып отырады.

Қолтаңбалар мен мөрлері  бар қағазды шарт деп түсіну - аңғалдық болар еді. Ол дұрыс емес.

Шарт дегеніміз тараптардың арасында туындайтын өзара міндеттемелер жүйесі екенін түсінбеушілік көпшілікті тығырыққа тіреп жүр. Шарт талаптары тең қарастырылмаған қандай шаралар қолданса да қиындық туып, орындалмаған күйде қалуы мүмкін. Ойластырылмаған, ретсіз міндеттемелер жиынтығы пайдалы істерден гөрі көп қиындықтарға душар етеді әрі әр тарап өзін қысым көруші ретінде қабылдап, екінші тарап айыпты деп санайтын дау-шарлардың көзі болады. Ал бұл жағдай шынтуайтына келгенде, шарт жасау кезінде оның талаптарын дайындауға шала-шарпы, үстірт қарағандықтан болған нәтиже деп қарау керек.

Сонымен, шарт дегеніміз не? Алдымен ұғымның өзін қарастырайық.

Барлық дамыған елдерде  шарт міндеттемелік құқықтың негізгі  институты болып табылады. Еуропа елдерінде - қатысушылармен белгілі  құқықтар мен міндеттер белгіленетін келісім, ағылшын-американ заңы бойынша  бір тарап басқа тұлғаға қатысты  қабылдайтын уәде немесе кепілдік ретінде  қарастырылады. Мұндай уәдеден құқықтық салдар туғызу үшін оны басқа тарап  қабылдайтын болуы тиіс.

Сонымен қатар Қазақстан  Республикасының Азаматтық кодексінің (жалпы бөлімі) 378 - бабында «екі немесе бірнеше тұлғалардың азаматтық  құқықтар мен міндеттерді орнату, өзгерту және тоқтату туралы келісімі шарт болып танылады» деп айтылған.

Информация о работе Азаматтық құқық негіздері