Автор работы: Пользователь скрыл имя, 29 Марта 2013 в 07:33, диссертация
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Мемлекеттік қызмет – қазіргі заманның басты өзекті мәселелерінің бірі, ол қоғамдағы іс-әрекеттерді реттеудің, қадағалаудың басты құралы. Мемлекеттік қызмет – мемлекеттік органның нормативтік-құқықтық актілермен белгіленген лауазымдық өкілеттік пен лауазымдық міндеттердің ауқымы жүктелген құрылымдық бірлігі. Мемлекеттік қызмет мемлекеттің заңдар жинағымен бекітілген, нормалар және ережелермен негізделген қызметтің ашық саласы болып табылады. Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі қоғамдық үрдістерді реттеуге, мемлекеттің бір тұтастығын қамтамасыз етуге және Қазақстан Республикасы азаматтарының мүдделерін жүзеге асыруға икемделген.
КІРІСПЕ.....................................................................................................................3
1. МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТІ ҰЙЫМДАСТЫРУ МЕН ТИІМДІЛІГІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1. Мемлекеттік қызмет: түсінігі және қағидалары………………………………
1.2. Мемлекеттік қызметтің заңнамалық негіздері………………………………..
1.3. Мемлекеттік қызметтің тиімділігін бағалау әдістері…………………………
2. ҚР МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТІҢ ДАМУ БАРЫСЫН ТАЛДАУ
2.1. Мемлекеттік қызмет тиімділігін бағалаудың қазіргі жүйесі…………………..
2.2. Мемлекеттік қызметтің қазіргі даму жағдайын талдау………………………..
2.3. Мемлекеттік қызметтегі кадрлық саясат……………………………………….
3. ҚР МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ТИІМДІЛІГІН АРТТЫРУ
3.1. Мемлекеттік қызметтің шетелдік тәжірибесі және оны Қазақстанда қолдану мәселелері…………………………………………………………..............................
3.2. Қазақстан Республикасында электронды үкіметті дамыту стратегиясы……
3.3. Әкімшілік реформалар негізінде мемлекеттік қызмет тиімділігін арттыру….
3.4. Мемлекеттік қызметтің Қазақстандық моделі ....................................................
ҚОРЫТЫНДЫ………………………………………………………………………
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ……………………………………
Мемлекеттік қызметтерді стандарттаудың мақсаты Қазақстан Республикасында тұратын және жұмыс істейтін жеке және заңды тұлғалардың құқықтарын, бостандығын және заңды мүдделерін корғауды қамтамасыз ететін мемлекеттік билік пен қоғам арасындағы өзара қатынасты ұтымды деңгейіне жеткізу болып табылады.
Мемлекеттік қызметтерді стандарттаудың негізгі міндеті мемлекеттік қызмет көрсету процестерін нормативтік құқықтық актілермен қамтамасыз ету болып табылады, атап айтқанда:
- мемлекеттік қызметтерді жіктеу;
- мемлекеттік қызметтерді стандарттау объектілерін және олардың құрамын анықтау;
- стандарттау объектілеріне қойылатын негізгі талаптарды және олардың қасиеттерін сипаттайтын көрсеткіштерді анықтау;
- мемлекеттік қызметтерді көрсету процестерінің ұйымдастырылуын және технологиясын анықтайтын құжаттардың құрамы мен мазмұнын бірегейлендіру;
- атқарушы органдардың қызметін ұйымдастыруға сапа басқару жүйесін енгізу;
- әкімшілік кедергілерді жою.
«Кесте» 3. Мемлекеттік қызметтерді стандарттаудың негізгі қағидалары
|
Мынадай талаптар: - тұтынушылардың қажеттіліктері, үміттерін зерттеу. Мемлекеттік қызметтердің сапасы, олардың көрсетілу тәртібі мен мерзімі, бағасы және басқа сипаттары;
- көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын объективті түрде бағалауды қамтамасыз ететін тұрақты кері байланыс жүйесін орнату. |
|
БАҚ, компьютерлік желілерді және т.б. хабар көздерін пайдаланып, мемлекеттік қызметтердің тұтынушыларын хабармен тұрақты қамтамасыз ету жүйесін орнату және қолдану. |
|
Мемлекеттік қызметкерлердің жұмысын ұйымдастыру барысында, орындаушының мемлекеттік қызметтің тиісті түрін сапалы және уақтылы көрсетуге мүдделі болу |
|
Әрбір жаңа стандарт тұтынушы үшін қарапайым және түсінікті болуы тиіс. Мемлекеттік қызметтерді тұтынушыларға қойылатын талаптар мен шарттардың санын азайтуға ұмтылу қажет. |
|
Мемлекеттік қызметтерді тұтынушылардың
қажеттіліктерін зерттеу жұмыст |
|
Мемлекеттік қызметтердің сапасының белгіленген деңгейін қамтамасыз ету үшін лауазымды тұлғалардың жеткілікті жауапкершілігінің болуын талап етеді. |
|
Мемлекеттік қызметтерді жабдықтаушылардың жұмысына тиімді және ұтымды ішкі және сыртқы бақылау жүйесінің орнатылуын талап етеді. |
|
Мемлекеттік қызметтерді алу үшін, тұтынушының бір орындаушыға баруын талап ету. |
Мемлекеттік қызмет тиімділігін анықтайтын көрсеткіштерінің ішінде қолжетімділік және сапа көрсеткіштері маңызды орынға ие. Олар мемлекеттік қызметтерді жабдықтаушылардың және жеке лауазымды тұлғалардың іс-әрекеттерін бағалау және бақылау үшін анықталады.
СУРЕТ-9. Мемлекеттік қызмет көрсеткіштері
Мемлекеттік қызмет стандарттары
мемлекеттік қызметтерді
Қазіргі кезде мемлекеттік қызметкерлерге қойылатын талаптардың жылдан-жылға қатая түскенін айта кету керек. Мәселен, заман ағымына сәйкес мемлекеттік қызметкерлер ақпараттық технологияны жетік меңгеруі, мемлекет пен қоғам мүдделерін қорғауда және халыққа қызмет көрсетуде өз біліктіліктерін көрсете білуі тиіс.
Сонымен қатар, бүгінде мемлекет мемлекеттік қызметшілердің мәртебесін арттыру қажеттілігіне бағытталған мәселелерге ерекше көңіл бөліп отыр. Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілерінің мәртебесін қалыптастыру және нығайту мемлекеттік жүйені дамытудағы басым бағыттардың бірі болып саналады.
«Қазақстан-2030» даму стратегиясында ұзақ мерзімді басым бағыттардың бірі кәсіби мемлекет құру болып белгіленген. Мемлекеттік қызметшілердің кәсібилігіне бағытталған, біздің мемлекетіміздің міндеті ретінде қойылған басқарудың тиімді құрылымын және жоғары кәсіби мемлекеттік қызметті құру міндеттерін жүзеге асыру.
Тәуелсіздікке қол жеткізгелі өткен жылдарды сараласақ, Қазақстанда мемлекеттік қызметті басқарудың төрт кезеңі өтіп, бесінші кезеңге аяқ басқанын көреміз.
Бірінші кезең – тәуелсіздіктің алғашқы бес жылы, ол жылдары елдің ұлттық ерекшеліктерін және саяси, экономикалық, мәдени-әлеуметтік, психологиялық ахуалын ескере отырып байқау мен қателер жіберу тәсілімен Қазақстанда мемлекеттік қызметтің жаңа моделін іздестіру кезеңі өтті.
Екінші кезең содан кейінгі бесжылдық, яғни 1995-1999 жылдар аралығы заманауи үлгідегі мемлекеттік қызметті қалыптастырумен дамытудың ауқымды мерзімі болды. Осы аралықта Қазақстанда бірінше рет «мемлекеттік қызмет» деген түсінік пайда болды, мемлпкеттік органдардың ұйымдық құрылымы және мемлекеттік қызметшілердің құқықтық ережелері, міндеттері мен құқыфқтары заңдық тұрғыдан бекітілді, мемлекеттік қызметке орналасудың және одан шығу мәселелері қаралды.
Біз үшінші кезең ретінде
алғалы отырған 1999-2005 жылдары мемлекеттік
қызмет кадрлары жұмысын регламенттейтін
«Мелекеттік қызмет туралы» ҚР Заңына
сәйкес жиырма шақты нормативтік
актілер қабылданды. Осы жылдар аралығында
жүргізілген реформалардың
2005 жылдың ақпан айындағы
Елбасының халыққа Жолдауы мен
ҚР «Мемлекеттік қызмет туралы»
Мемлекеттік қызметшілерге
ақы төлеу мәселесі де оңтайлы
шешіле бастады. Мұнда еңбегіне қарай
ақы төлеу мен кәсібилігін артт
Мемлекеттік қызмет жағдайына тереңірек талдау жасау үшін SWOT талдау қолданылады. Бұл тәсіл мемлекеттік қызметтің сыртқы және ішкі ортасын бірге талдауға мүмкіндік береді.
SWOT талдау тәсілі жүйенің мықты және әлсіз жақтарын, қауіптер мен мүмкіндіктерді анықтап береді, соның нәтижесінде ҚР мемлекеттік қызмет жүйесінің стратегиялық даму бағыттарын айқындауға болады. Жасалған таладуларға қаарғанда соңғы төрт жыл ішінде мемлекеттік қызметшілерге жұмсалған қаржы Оңтүстік Қазақстан облысында бірдей деңгейде қалған болса, Қостанай, Павлодар мен Маңғыстау облыстарында 1,7-1,8 есе, ал Батыс Қазақстан мен ШығысҚазақстан облыстарында 2,0-2,2 есе көп қаржы жұмсалған.
«Кесте» 4. Қазақстандағы мемлекеттік қызметтің жағдайына SWOT-талдау
Ішкі орта | |
Күшті жақтары |
Әлсіз жақтары |
1 |
2 |
|
|
Сыртқы орта | |
Мүмкіндіктер |
Қауіптер |
1 |
2 |
|
|
Бұл сәйкессіздікті байқап тағы да бір талдау жасалған, Жергілікті басқару оргвндарындағы бір мемлекеттік қызметшіге жыл бойында жұмсалатын шығын көлемінің (мың теңге) соңғы төртжылғы көрсеткіштерін салыстырмалы түрде қарастырғанда, өте жоғарғы болып Маңғыстау облысында (232,3) шығын көлемі төрт жыл ішінде 1,6 есе өсіп 365,1 мың теңгені құраған. Бұл мәселеде төрт жыл бұрынғы деңгейінде қалған Оңтүстік Қазақстан облысы үнемшілдік танытты, ал Қостанай облысы 1,4 есеге, Павлодар және Батыс Қазақстан облыстары 1,6-1,7 есеге өсірсе, ал Шығыс Қазақстан облысы тіптен екі есеге дейін өсіріп жіберген.
Мемлекеттік қызметтің қазіргі жағдайын талдау жүйені реформалаудың келесі бағыттарын анақтауға мүмкіндік берді: