Автор работы: Пользователь скрыл имя, 29 Марта 2013 в 07:33, диссертация
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Мемлекеттік қызмет – қазіргі заманның басты өзекті мәселелерінің бірі, ол қоғамдағы іс-әрекеттерді реттеудің, қадағалаудың басты құралы. Мемлекеттік қызмет – мемлекеттік органның нормативтік-құқықтық актілермен белгіленген лауазымдық өкілеттік пен лауазымдық міндеттердің ауқымы жүктелген құрылымдық бірлігі. Мемлекеттік қызмет мемлекеттің заңдар жинағымен бекітілген, нормалар және ережелермен негізделген қызметтің ашық саласы болып табылады. Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі қоғамдық үрдістерді реттеуге, мемлекеттің бір тұтастығын қамтамасыз етуге және Қазақстан Республикасы азаматтарының мүдделерін жүзеге асыруға икемделген.
КІРІСПЕ.....................................................................................................................3
1. МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТІ ҰЙЫМДАСТЫРУ МЕН ТИІМДІЛІГІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1. Мемлекеттік қызмет: түсінігі және қағидалары………………………………
1.2. Мемлекеттік қызметтің заңнамалық негіздері………………………………..
1.3. Мемлекеттік қызметтің тиімділігін бағалау әдістері…………………………
2. ҚР МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТІҢ ДАМУ БАРЫСЫН ТАЛДАУ
2.1. Мемлекеттік қызмет тиімділігін бағалаудың қазіргі жүйесі…………………..
2.2. Мемлекеттік қызметтің қазіргі даму жағдайын талдау………………………..
2.3. Мемлекеттік қызметтегі кадрлық саясат……………………………………….
3. ҚР МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ТИІМДІЛІГІН АРТТЫРУ
3.1. Мемлекеттік қызметтің шетелдік тәжірибесі және оны Қазақстанда қолдану мәселелері…………………………………………………………..............................
3.2. Қазақстан Республикасында электронды үкіметті дамыту стратегиясы……
3.3. Әкімшілік реформалар негізінде мемлекеттік қызмет тиімділігін арттыру….
3.4. Мемлекеттік қызметтің Қазақстандық моделі ....................................................
ҚОРЫТЫНДЫ………………………………………………………………………
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ……………………………………
Мемлекеттік басқарудың нәтижелілігіне қол жеткізу үшін жұмыс сапасын бағалаудың тиімді жүйесін қалыптастырып, мемлекеттік қызметкерлердің белгілі бір саладағы қызметін жоспарлау жүйесін құру қажет. Мемлекеттік қызметшілердің өз орны мен стратегиялық функцияларды орындаудағы ролін дұрыс түсіндіріп, нәтижелі еңбекке бағытталуын қамтамасыз еткен жөн.
Мемлекеттік қызметтің жоғары сапалығы мен халыққа қол жетімділігі көбіне мемлекеттік қызметшілердің өз қызметіне жоғары жауапкершілікпен қарауына байланысты. Сол себепті мемлекеттік қызметшілер қызмет ету барысында басқару жүйесін қатаң қадағалап, бекітілген ұстанымдарына берік болғаны абзал. Көрсетілетін қызметтің сапасын арттыру үшін сараптамалық комиссия құрылуы қажет. Ол өздерінің басты мақсаты ретінде қоғамдағы ақпараттық технологиялардың ролін зерттеп, халықтың қажеттілігін зерттей отырып, қанағаттанарлық шешімдер қабылдауға тиіс.
Қазіргі таңда мемлекеттік қызмет ел аузындағы елеулі мәселелердің бірі. Ондаған жыл бұрын мемлекеттік қызмет халықтың ойы тұрмақ, аузында да болмаған. Заман өзгере келе мемлекеттік қызметке деген сұраныспен қатар, оған деген қызығушылық та күннен күнге артуда. Оған басты себептің бірі – мемлекеттік қызметтің ұсынар тұрақтылығы мен ертеңге деген сенімді ұялатуында. Мемлекеттік қызметтің артықшылығы – ол халыққа қызмет көрсете отырып, олардың қажеттілігін жоғары деңгейде қамтамасыз ету. Елдің басты міндеті де әл–ауқатты арттыру.
Мемлекеттік басқарудың
бар құрылымын күшейтпей
- мемлекеттік аппарат олардың қайтарымсыздығының реформалары мен кепілдерінің басты қозғаушы ролін өзіне жүктеуге тиіс;
- мемлекеттік қызметкерлердің құқықтық, материалдық, қаржылық және әлеуметтік қамтамасыз етілуі мықты бюджеттің қалыптасуымен тығыз байланысты және бұл жемқорлықтың, кадрдың жоғарғы тұрақсыздығының, кәсіби жетілудің ынтасының жоқтығының басты себебі.
Мемлекеттік қызметтің қалыптасуы бірнеше кезеңдерден тұрады. Қазақстандық үлгісін өрістете дамытудың төрт кезеңін ұсынуға болады:
1) Мемлекеттік қызметтің
ымырашылдық мерзімі (1991-
2) Мемлекеттік қызметті институттандыру кезеңі. (1995–1999 ж.ж.)
Бұл кезең елімізде 1995 жылы Ата заңымыз қабылданып, 26 желтоқсан 1995 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің «Мемлекеттік қызмет туралы» Заң күші бар Жарлығының баспада жарық көруіне тұспа – тұс келеді. Осы Жарлықта мемлекеттік басқарудың тиімді жүйесін тұрғызу, мемлекеттік қызметті өткеру тәртібін заңды рәсімдеу, мемлекеттік қызметшілердің мәртебесі мен құқықтық ережелерінің, олардың әлеуметтік қорғалуы шараларының айқындалуы негізге алынған. Мемлекеттік лауазымдар: премьер министр лауазымынан бастап селолық округтердің жетекші маманына дейінгі лауазымдарды жеті санатқа бөлуі, мемлекеттік қызметшілерге кәсіби дайындығы деңгейіне қарай біліктілік сыныптары дәрежесінің берілуі жасақталған.
Мемлекеттік қызмет туралы Жарлық қабылданғаннан кейінгі өткен кезеңдерде мемлекеттік қызмет институтын қалыптастыру тәжірибесін талдау барысында бірқатар проблемелар анықталды. Мемлекеттік қызметке іріктеуде патронаждау тәжірибесінің жалғасуы, кадр тұрақтылығының төмендігі, басшылардың ауысуы кезеңінде аппарат қызметкерлерінің себепсіз орын ауыстыруы, мемлекеттік қызметшілердің еңбекақысы, атқарылатын тапсырмалардың шектен тыс болуы және сол сияқтылар.
3) Mемлекеттік қызметте реформаның тереңдетілу кезеңі. (1999-2007 жж)
Бұл кезеңде Агенттік өзінің өмір сүру кезеңінде Мемлекеттік қызмет туралы Заңының жаңа редакцияда жобаларын әзірлеп шығаруға ат салысты.
Бүгінгі күні он жылдан астам уақыт бойы жүзеге асрылып келе жатқан 23 шілде 1999 жылғы «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңы мен 20 астам нормативтік актілер қабылданып, іс жүзінде жұмыс жасауда, олар:
4) Мемлекеттік қызметтің жаңа концепциясы
2008 жылдың 17 маусымында
өткен халықаралық ғылыми-
Осылайша төрт кезең Қазақстандағы мемлекеттік қызметтің заңнамалық қалыптасуын толықтай сипаттайды.
Қазақстан Республикасында
1995 жылғы Конституция мен «
Жарлықтың қабылдануы мемлекеттік
қызметтегі қатынастарды, қағидаларды,
мемлекеттік лауазымдардың
Президент Н.Ә.Назарбаевтің
2030 жылға дейінгі Қазақстан
Мемлекеттік қызметке «ең мықты, адал, өз елінің патриоты болатын азаматтарды» іріктеу міндеті 1998 жылдың қыркүйегінде құрылған ҚР мемлекеттік қызмет істері жөніндегі Агенттігіне жүктелді.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік
қызмет істері агенттігінің көрінісі
– жоғары уәжді, жоғары сапалы және
жоғары мәнерлі мемлекеттік
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің миссиясы – мемлекеттік басқару жүйесінің тиімділігін арттыруға мақсаттанған мемлекеттік қызмет саласында бірыңғай мемлекеттік саясатты іске асыру.
Басқа елдердің тәжірибесін
зерттеу мен отандық
Тексерулер мен сауалдардың нәтижесі мемлекеттік органдардың кадр қызметін оқытудың қажеттігі мен кемшілігін көрсетті. Сондықтан Агенттікпен 1999 жылдың сәуірінен жергілікті және орталық атқарушы органдардың кадр қызметінің қызметкерлерінің қатысуымен, республикалық және халықаралық ұйымдардың бірігуімен, мемлекеттік қызметкерлердің персоналын басқару мен ұйымдастыру мәселелері, мемлекеттік қызметті реформалау бойынша оқыту семинарлары мен кездесулер өткізілді. АҚШ, Ұлыбритания, Франция, Ресей және басқа да бірқатар елдердің сәйкес құрылымдарымен әріптестік қатынастар орнатылды, сонымен қатар бірнеше халықаралық институттар мен білім беруші орталықтармен ынтымақтастыққа қол жеткізілді.
«Мемлекеттік қызмет туралы» Заңның жаңа басылымының шығарымы мұқият жалғастырылды, 1999 жылдың 23 шілдесінде «Мемлекеттік қызмет туралы» Заң қабылданып, 2000 жылдың 1 қаңтарынан өз күшіне енді.
Қазақстан Республикасының Президентінің, мемлекеттік қызметшінің анты, мемлекеттік қызметшілердің қызметтік этика Ережесі, мемлекеттік қызметшілерге тәртіптік жаза қолдану Ережесі, кадр резервінің қалыптасу реті мен мемлекеттік қызмет саласындағы қатынастарды реттеуші басқа да актілер: Үкіметтің мүлікті сеніп тапсыру ережесі туралы қаулысы, ҚР мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің актілері - әкімшілік лауазымдарды иеленуге байланысты конкурстың өткізілу Ережесі, мемлекеттік әкімшілік лауазым категорияларының типтік біліктілік талаптары бекітілген Жарлығы қабылданды. Соңғы онжылдықтағы Қазақстандағы мемлекеттік басқару жүйесі маңызды өзгерістерді бастан өткерді. 1994 жылдың ортасында мемлекеттік басқарманың республикалық органдарының құрылымына 43 министрлік пен комитет, 15 Министрлік Кабинеті жанындағы ведомствалар мен агенттіктер кірді. Мемлекеттік басқару жүйесі 1997 жылдың наурыз айында министрліктің саны 24 азайғанда түбегейлі өзгеріске ие болды, ал қазір Қазақстанда 17 министрлік бар.
«Мемлекеттік қызмет туралы» әрекет етуші Заң мен жиырма бестен астам заңдық актілер лауазымдардың жіктелуі мен еңбек ақы төлеудің жаңа жүйесін анықтады, конкурс пен тестілеуді жүргізу барысын, тәртіптік жазаға тарту, аттестаттау, ант қабылдау, сыйақы беру, мемлекеттік қызмет өтілін есептеу, кадр резервін қалыптастыру, мемлекеттік қызметкерлерді оқыту, мүлікті сенімді басқаруға табыстау, үлгілік біліктілік талаптары, сонымен қатар басқа да көптеген мемлекеттік қызметтен өту мәселелерін ретке келтірді. Осылайша, Қазақстанда мемлекеттік қызметтегі қатынастарды реттеуші заңның жеке саласы құрылды.
«Мемлекеттік қызмет туралы» Заңның жаңа енгізілімі:
1.Мемлекеттік лауазымдар
саяси тағайындалғандардың
Саяси тағайындаудың
«тереңдігі»
Мемлекеттік әкімшілік қызметші – мемлекеттік саяси қызметшілердің құрамына кірмейтін, мемлекеттік қызметтік органда тұрақты кәсіби негізде лауазымдық өкілеттікті жүзеге асыратын мемлекеттік қызметші;
Мемлекеттік саяси қызметші – тағайындалуы (сайлануы), босатылуы мен қызметі саяси – айқындаушы сипатта болатын және саяси мақсаттар мен міндеттерді іске асыру үшін жауап беретін мемлекеттік қызметші.
Мемлекеттік саяси қызметшілердің мемлекеттік қызметке кіруі тағайындау не сайлау негізінде, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген басқа да реттерде, тәртіп пен жағдайларда жүзеге асады. Ал, мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасу, осы Заңда көзделген жағдайларды қоспағанда, конкурстық негізде жүзеге асырылады.
Саяси үрдістердің кәсіби қызметкерлердің аппаратына әсерін төмендететін, саяси тағайындаулардың шегі заңмен анық бекітілген. Министрлік деңгейіндегі саяси мемлекеттік қызметшілерге министр мен оның орынбасарлары, аймақтық деңгейде – облыс әкімдері мен олардың орынбасарлары, аудан, қала, село мен ауылдардың әкімдері, биліктің атқарушы бұтағындағы басқа лауазымдар әкімшілікке жатады (3 сурет).