Автор работы: Пользователь скрыл имя, 29 Марта 2013 в 07:33, диссертация
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Мемлекеттік қызмет – қазіргі заманның басты өзекті мәселелерінің бірі, ол қоғамдағы іс-әрекеттерді реттеудің, қадағалаудың басты құралы. Мемлекеттік қызмет – мемлекеттік органның нормативтік-құқықтық актілермен белгіленген лауазымдық өкілеттік пен лауазымдық міндеттердің ауқымы жүктелген құрылымдық бірлігі. Мемлекеттік қызмет мемлекеттің заңдар жинағымен бекітілген, нормалар және ережелермен негізделген қызметтің ашық саласы болып табылады. Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі қоғамдық үрдістерді реттеуге, мемлекеттің бір тұтастығын қамтамасыз етуге және Қазақстан Республикасы азаматтарының мүдделерін жүзеге асыруға икемделген.
КІРІСПЕ.....................................................................................................................3
1. МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТІ ҰЙЫМДАСТЫРУ МЕН ТИІМДІЛІГІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1. Мемлекеттік қызмет: түсінігі және қағидалары………………………………
1.2. Мемлекеттік қызметтің заңнамалық негіздері………………………………..
1.3. Мемлекеттік қызметтің тиімділігін бағалау әдістері…………………………
2. ҚР МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТІҢ ДАМУ БАРЫСЫН ТАЛДАУ
2.1. Мемлекеттік қызмет тиімділігін бағалаудың қазіргі жүйесі…………………..
2.2. Мемлекеттік қызметтің қазіргі даму жағдайын талдау………………………..
2.3. Мемлекеттік қызметтегі кадрлық саясат……………………………………….
3. ҚР МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ТИІМДІЛІГІН АРТТЫРУ
3.1. Мемлекеттік қызметтің шетелдік тәжірибесі және оны Қазақстанда қолдану мәселелері…………………………………………………………..............................
3.2. Қазақстан Республикасында электронды үкіметті дамыту стратегиясы……
3.3. Әкімшілік реформалар негізінде мемлекеттік қызмет тиімділігін арттыру….
3.4. Мемлекеттік қызметтің Қазақстандық моделі ....................................................
ҚОРЫТЫНДЫ………………………………………………………………………
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ……………………………………
Мемлекеттік қызмет әлеуметтік қатынастар жүйесінде қоғамның қалыпты өмір сүруі мен басқа да әлеуметтік қызмет түрлерін, ең алдымен өндірісті санаткерлік қатынаспен қамтамасыз етудің қажетті алғышарты ретінде қалыптасты. Көп уақытқа жуық қызметтің ақыл еңбегі саласы ретінде танылуы бекер емес. Алайда қазіргі уақытта мұндай тезис қызметтің басқа әлеуметтік қызмет түрлерінен шектеудің критериі ретінде жоққа шығарылуда. Мұнда басты фактор ретінде қызметті іске асыру барысындағы әсер ету объектісі танылады. Қызмет басқа адамдар үшін еңбек әрекеті. Қызмет барысында әсер ету объектісі болып адам, тұлға танылады, сонымен қоса бұл әрекет - тікелей емес, ал адам – нақты. Ол қоғаммен бірге қоғам шеңберінде және қоғам үшін туындады және дамыды.
Қызмет әрекеті барысында қатынасушылар арасында екі түрлі қатынас орнатылады. Біріншісі, қызметін іске асырушы тұлға мен әсер ету объектісі арасында. Екіншісі, еңбек барысында емес, еңбекке қатысты белгілі тұлға мен қызмет бойынша басқа да тұлғалармен қатынасы. Жалпы мағынада қызмет - әлеуметтік, қоғамдық және мемлекеттік өкілеттіктерді іске асыру және атқаруды ұйымдастыру бойынша белгілі бір тұлғаның кәсіби қызметі.
«Қызмет басқару, мемлекеттік қызметті іске асыру, басқарудың өзін қамтамасыз ету, адамдарға әлеуметтік – мәдени қызмет көрсетуден тұрады». Бұл жерге тағы да төменгі лауазымдық деңгейде орналасқан басқарушылық қызметтің техникалық қамтамасыз етуін де жатқызуға болады.
Мемлекеттік қызметтің ішкі мазмұны екі жақтан тұрады: біріншіден, ұйым, қызметті реттеу (лауазымды бекіту, әрбір лауазым бойынша өкілеттіктерді анықтау, лауазымдарды ауыстыру тәртібін бекіту, қызметті өтеу, қызметтен босаудың тәртібі мен негіздері); екіншіден, қызметтің өзі (лауазымдық өкілеттіктерді іске асырудың уақытша кезеңі мен барлық үрдісі).
Мемлекеттік қызмет мемлекеттік лауазымдармен іске асырылады. Лауазым – мемлекеттік қызметтің қажетті элементі, реттелген тәртіпте қалыптасатын, бір жұмысшыға қарастырылған, аппараттың бастапқы ұяшығы. Сәйкес органның құқықтық актілерімен оның атауы, қызметтік иерархиядағы орны, ауыстыру тәртібі анықталады. Ол лауазымның штаттық кестесі мен бірыңғай лауазым номенклатурасына кіреді.
Мемлекеттік қызметтің
нақты белгісі болып лауазымды
ауыстыру танылады. Лауазым ретінде
белгілі бір ұйымның
Г.В. Атаманчуктың пікірінше, «мемлекеттік қызмет «мемлекеттік органдардың өкілеттіктерін іске асыруды қамтамасыз ету» үшін ғана емес, мемлекеттік органдардың өкілеттіктерін мемлекет мәнін, оның тағайындалуы толық іске асуы үшін, өз азаматтарының қажеттіліктерін және қызығушылықтарын қамтамасыз етуге қызмет етеді».
Мемлекеттік қызмет «мемлекеттік билік органдары жүйесіндегі қызметтің түрлілігі, заңды құқықтар мен азаматтар еркіндігін, олардың қауіпсіздігін іске асыруға, мемлекеттің әлеуметтік міндеттерін шешуге, қоғамда орын алған шиеленістердің жағымсыз нәтижелерін азайтуға бағытталған, «мемлекеттік аппараттың жұмысшыларының мемлекеттік функцияларды тәжірибелік іске асыруына негізделеді».
Мемлекеттік қызметтің негізгі міндеті – мемлекеттік органдардың өкілеттіктерін орындау, яғни әрбір құрылымға «өмір, шаралар кешенін, құралдар, нақты тәжірибелік қызмет үшін әдістер енгізеді». Мемлекеттік қызмет қызметке түсу, одан өту, қызметтен босау тәртіптерін құрайтын процессуалды аспектіден тұрады. Ол әкімшілік қана емес, құқықтың басқа да салаларының нормаларымен реттеледі.
Мемлекеттік қызмет көптеген және түрлі функцияларға ие және соның негізінде маманданады. Қызмет пен ұйымның өзара келіскен байланысы нәтижесінде ұйым беделі қызметтің мазмұнын және қызмет мәртебесін, оның түрлерін анықтайды. Барлық ұйымдар мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарға бөлінеді. Мемлекеттікке мемлекеттік міндеттерді іске асыру үшін мемлекетпен құрылатын ұйымдар жатады. Олар мемлекеттік органдар, мемлекеттік кәсіпорындар және мекемелер мен олардың бірлестіктері, қарулы қалыптасулар.
Мемлекеттік қызмет мемлекет пен қоғамның барлық дерлік салаларында қызмет етеді. Мысалы, әлеуметтік – мәдени саланы басқару (білім, денсаулық, ғылым, халықты әлеуметтік қорғау); экономиканы басқару (өндіріс, ауыл шаруашылығы, табиғи ресурстарды пайдалану мен қорғау, сауда, қаржы, сыртқы экономикалық қызмет); әкімшілік – саяси саланы басқару (қорғаныс, қауіпсіздік, ішкі және шет елдік істер, заң).
Мемлекеттік қызмет кәсіби негізде іске асады. Бұл мемлекеттік мекемелердің қызметін үзіліссіз, артылықшылықты және құзыретті іске асырудың қажеттілігімен негізделген.
Мемлекеттік қызмет түсінігін анықтауда алдыңғы болып кәсіби қызмет танылады. Кәсіби қызмет ретінде арнайы машықтар мен білімге негізделген қызмет түсініледі. Ол ретінде мемлекеттік лауазымдағы мемлекеттік орган тұлғаларының үзіліссіз, артықшылықты және өкілеттікті құзыреттерін қамтамасыз етуді білдіреді.
Мемлекеттік органдардағы, мемлекеттік және қоғамдық ұйымдардағы қызмет адамдардың әлеуметтік қызмет түрлерінің бірі болып табылады. Мемлекетке қызмет мемлекеттің өзімен, оның ролімен және қоғамдық қатынастарымен тығыз байланысты.
Заң – мемлекеттік қызметкерлердің құқықтық мәртебесін, соның ішінде мемлекеттік қызметтен өту шарттары мен тәртібін, көтермелеу түрлері мен қызметкерлердің жауапкершілігін, мемлекеттік қызметті тоқтату мен басқа да мәселелерді регламенттейтін, мемлекеттік қызметтің құқықтық институтын қалыптастыратын құқықтық нормалар жиынтығы. Оған конституциялық, еңбектік, азаматтық, қаржылық және құқықтың басқа да салаларының нормалары кіреді.
Мемлекеттің қалыптасуы
барысында мемлекеттік қызмет алғашқы
ұйымдастыру құралы ретінде әрекет
етеді. Мемлекеттік қызметтің
Мемлекеттік қызметтің басқа жағы – ол өзіне жүктелген өкілеттіліктерді іске асыру бойынша мемлекеттік қызметшілердің тәжірибелік қызметі.
Теориялық тұрғыда мемлекеттік қызмет әлеуметтік, саяси, құқықтық, ұйымдастырушылық, құлықтылық аспектілерінде болуы мүмкін. Құқықтық мағынасында мемлекеттік – қызметтік қатынастардың заңдық бекітілуі зерттеледі. Мемлекеттік қызмет – күрделі әлеуметтік – құқықтық институт болып табылады. Бұл институт мемлекеттік – қызметтік қатынастарды регламенттейтін құқықтық нормалар жүйесін білдіреді, яғни, құқықтар, міндеттер, шектеулер, тыйым салулар, ынталандыру, қызметкерлердің жауапкершілігі, мемлекеттік қызметтен өту, қызметтік қатынастардың қалыптасу тәртібі мен тоқтатылуы.
Дәстүрлі теория негізінде мемлекеттік қызмет ретінде мемлекеттік мекемелер, кәсіпорындар, ұйымдар және бірлестіктердегі қызмет түсініледі.
Мемлекеттік органдардағы, мемлекеттік және қоғамдық ұйымдардағы қызмет адамдардың әлеуметтік қызметінің түрлерінің бірі болып табылады. Мемлекетке қызмет мемлекеттің өзі, оның қоғам өміріндегі ролімен ажырамас байланыста. Мемлекеттік қызмет ең алдымен – мемлекетке қызмет ету, яғни оның тапсырмасы бойынша белгілі бір төлем негізінде мемлекеттік кәсіпорындарда мемлекеттің міндеттері мен функцияларын іске асыру бойынша белгілі бір қызметі.
Мемлекеттік қызметтің қағидалары дегеніміз – бұл негіз қалаушы нормативтік – құқықтық бастама, мемлекеттік қызметтің қызмет етуі мен ұйымдастырылу жүйесіндегі объективті заңдылықтарын, ерекшеліктерін, негізгі мазмұны мен даму бағыттарын білдіретін бекітулер. Және қағидалар бұл атап айтқанда құқықтық, яғни, нормативтермен бекітілген және осы саланы реттеуші барлық құқықтық көздерде кездеседі. Олар мемлекеттік қызметтік қатынастардың мәнділігін, заңдылығын және әлеуметтік құндылығын негіздейді.
Негізгі қағида – бұл «одан бас тартпайтын ғылыми немесе құндылықтық бастама, негіз, ереже». Қандай да бір ұстанымның болуы белгілі бір құрылымды өзгешелеп, көпшіліктен ерекшелейді. Сондықтан құқық пен оның институтының әрбір саласы үшін қағидалардың жиынтығы іргелі мәнге ие. Шешім қабылдауда бұл қағидаларды елемеуге жол берілмейді. Өйтпеген жағдайда заттарға, құбылыстарға көзқарас жүйесі өз құрылымы мен мәнін және мақсатын жоғалтады. Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік қызмет келесі қағидалаға сүйеніп, қызмет атқарады:
тармақтарына бөлінуіне қарамастан, мемлекеттік қызмет жүйесінің біртұтастығы;
Барлық қағидалар бір – бірімен тығыз байланысты және келесі жүйеде қызмет атқаруға бағытталған: біреуін сақтау басқаларының іске асуына ықпал етеді және қағидалардың біреуін орындамау қалғандарының орындалуына кері әсерін тигізеді. Мемлекеттік қызметтің қағидалары мемлекеттік кадр саясатының қалыптасуы мен іске асуының маңызды негізі болып табылады.
Мемлекеттік қызметтің қызмет етуінің нормативтік-құқықтық негізі кемелдену мен толық аяқталғандықтан әлі де алыс екенін атап өткен жөн; мемлекеттік қызметті материалды, қаржылық, әлеуметтік қамтамасыз ету мықты және таза мемлекеттік бюджеттің қалыптасуымен тығыз байланысты. Қазір мемлекеттік қызметкерлердің материалдық жағдайы оңды нәтижені үміттендіреді. Және де бұл шенеуніктер арасындағы жемқорлықтың өрістенуінің, кадрлардың бизнес саласына өтуінің, кәсіби жетілуде ынтаның жоқтығының себептерінің бірі. Бұдан мемлекеттік басқару жүйесі кадрлардың үздіксіз дайындығы мен қайта даярлауды, олардың мамандануын, қызметінің материлды-техникалық қамтамасыз етілуін күшейтуді қажет ететіні байқалады. Әлбетте ұлттық ерекшеліктер мен дәстүрлер мемлекеттік қызметтің формасы мен мазмұнына елеулі әсер етеді.
Бұл жағдайдан шығу жолын
көптеген мамандар мемлекеттік басқару
жүйесіндегі әлемдік
Мемлекеттік қызмет мемлекеттің заңдар жинағымен бекітілген, нормалар және ережелермен негізделген қызметтің ашық саласы болып табылады. Алғашында бұл сызба кадрды басқарудың үйреншікті түрін білдірді, яғни нормалар мен ережелер алдын ала жазылады және кадрды басқарудың басты әдісі болып әкімшілік әсер танылады. Заманауи жағдай және мемлекеттік қызметтің жаңа моделі ғылым мен тәжірибеге ерекше қызығушылық көрсетуде. Себебі мемлекеттік басқару жүйесінің ішкі кадр үрдістері халықтың бар топтарының тіршілік сапасын бейнелейді. Бұл орайда мансаптық өсім мен мемлекеттік қызметшілердің ұтымдылығы өзекті және мемлекеттік басқару үшін маңызды.
Қызметкерлерді мемлекеттік қызметке тартудың негізгі себебі жұмыстың тұрақтылығы, яғни азамат мемлекеттік қызметке белгісіз мерзімге орналасады. Маңызды ынталандырушы фактор болып мансаптық өсім танылады.
Жоғары сапалы мемлекеттік қызмет көрсетуді ұсыну, мемлекеттік қызметшілердің жоғары кәсіби деңгейін қамтамасыз ету, олардың біліктілігін арттыру және сапаны жақсартудағы үзіліссіз үдеріске тарту мақсатында іс жүргізу, қызметтік нұсқаулықтар, әр мемлекеттік қызметшінің функционалдық міндеттері әзірленеді. Сол нұсқаулықтар негізінде енді жұмыстар атқарылып, оңды нәтижеге ұмтылу қажет.
Бүгінгі күні мемлекеттік
қызмет көрсету Қазақстан