ТМД-ғы интеграция тарихы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 30 Октября 2013 в 19:25, реферат

Краткое описание

Осыдан кейін-ақ Кеңес Одағының мемлекет ретінде жойылуының соңғы сатылары жүзеге аса бастады. Литва, Латвия, Эстония өздерінің тәуелсіздігін жариялап, ресми түрде Кеңес Одағы құрамынан шығып, халықаралық қауымдастық тарапынан егемен мемлекеттер ретінде танылды. Ал, 1991 жылдың 7-8 желтоқсанында Ресей, Белоруссия және Украина басшылары ұзақ уақыт келіссөздерден кейін "Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығын құру" туралы келісімге қол жеткізді. Бұл оқиғаның тарихи факт ретінде қалыптасуына бұрынғы Кеңес Одағындағы экономикалық, саяси, әлеуметтік себептер негіз болатын.

Содержание

І. Кіріспе бөлімі
Кеңес одағының саясаты

ІІ. Негізгі бөлім
а) ТМД-ның құрылуы
ә) ТМД-дағы саяси, әлеуметтік және экономикалық дағдарыс

ІІІ. Қорытынды бөлім

Прикрепленные файлы: 1 файл

Тмд, реферат.docx

— 40.72 Кб (Скачать документ)

Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университеті

 

 

 

Мәнжазба

 

 

 

       Тақырыбы:   ТМД-ғы интеграция тарихы

       Орындаған:   Мақсотова Айым

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жоспары:

І. Кіріспе бөлімі

Кеңес одағының саясаты

 

ІІ. Негізгі бөлім

а) ТМД-ның құрылуы

ә) ТМД-дағы саяси, әлеуметтік және экономикалық дағдарыс

 

        ІІІ. Қорытынды бөлім

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кеңес Одағының жетпіс жыл  бойы жүргізген саясаты сексенінші жылдардың орта кезінде шайқала  бастады. Яғни, халық шаруашылығының экономикалық, саяси, әлеуметтік салаларында тек тоқталу, тоқырау ғана емес, сонымен қатар құлдырау да етек ала бастады. Алғашқы оның нышаны ретінде Кеңес Одағы коммунистік партиясының XXVII съезінде сол заман бас хатшысы болған М.С.Горбачев мырзаның баяндамасынан-ақ қоғамды қайта жаңартуға бет алған негізгі қағидалар белгіленді. Олар: қайта құру, демократия, жариялылық, көп пікір таластығы т.б. болатын. Одан кейінгі уақыттарда біздің ойымызша, Кеңес одағының ыдырауына негіз болған экономикалық себептермен қатар, саяси себептерде бар еді. Оған Қазақстанда 1986 жылдың желтоқсан айында Кеңес Одағы коммунистік партиясы саяси бюросының ел басшысы етіп Қазақстанда бұрын тұрмаған және халық салт-дәстүрінен хабары жоқ немесе аз Г. В. Колбин мырзаны тағайындауын, Таудағы Карабахтағы ұлт аралық шиеленісін немесе Балтика Республикаларының экономикалық және саяси тәуелсіздікке жету жолындағы қозғалыстарын жатқызуға болады. Екінші жағынан алғанда Кеңес Одағының экономикалық жағдайы да мәз еместін. Жалпы алғанда, сексенінші жылдардың екінші жартысындағы экономикалық, саяси жағдайлар Кеңес Одағының тоқырауы мен күйреуіне негіз болса тоқсаныншы жылдарды бұрыңғы Кеңес Одағы республикаларының жаңа тәуелсіз мемлекеттер ретінде құрылуының алғашқы сатысы деп қарастыруға болады.

     80-інші жылдардың  аяғы мен 90-ыншы жылдардың басында  бірқатар республикаларда қабылданған  "егемендік туралы декларациялар" мен "экономикалық дербестік туралы" зандар Кеңес Одағының федеративтік құрылым нысанына тосқауыл қойды. 1991 жылдың август айында Кеңес Одағының болашақ құрылымы туралы келісімнің соңғы варианты дайындалғанды және ол барлық республикалар ойынан шығатындай-ақ еді. Бірақ, сол жылдың август айында Мәскеу қаласында болған көтеріліс бұл келісімге қол қоюға мүмкіндік бермеді.

Осыдан кейін-ақ Кеңес  Одағының мемлекет ретінде жойылуының соңғы сатылары жүзеге аса бастады. Литва, Латвия, Эстония өздерінің  тәуелсіздігін жариялап, ресми түрде  Кеңес Одағы құрамынан шығып, халықаралық қауымдастық тарапынан  егемен мемлекеттер ретінде танылды. Ал, 1991 жылдың 7-8 желтоқсанында Ресей, Белоруссия және Украина басшылары  ұзақ уақыт келіссөздерден кейін "Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығын құру" туралы келісімге қол жеткізді. Бұл  оқиғаның тарихи факт ретінде қалыптасуына бұрынғы Кеңес Одағындағы экономикалық, саяси, әлеуметтік себептер негіз болатын.

1991 жылдың 8 желтоқсанында Ресей, Украина, Белоруссия басшылары тарапынан Беловеж келісіміне қол қойылды. Бұл кездегі жағдай былай тұғынды: Кеңес Одағының бөлінуі этникалық негізде славян және түркі республикаларының бір-біріне қарсы тұру жолымен дамып, күтпеген оқиғаларға әкеп тіреуі мүмкін еді. Екінші жағынан алғанда, бұрынғы Кеңес Одағы республикалары арасында мемлекет аралық қатынастар жүйесінің және ТМД елдерінің алыс шетелдермен және халықаралық ұйымдармен қатынастар жүйесінің болмауы да өз әсерін тигізбей қоймады.

1991 жылдың 13 желтоқсанында  Орталық Азия республикаларының  басшылары Н.Назарбаев, С.Ниязов, И.Каримов, А.Акаев, Р.Набиев Беловеж  келісімін талқылауға және болашақта  осы республикаларға қандай бағыт және даму жолын ұстану керек, деген оймен Ашхабад қаласында жиналды. Ұзақ та ауыр келіссөздерден кейін Н.Назарбаев ұсынған және И.Каримов тарапынан қолдау тапқан, славян республикаларының басшыларымен келіссөз жүргізіп ТМД-ға құрылтайшылар ретінде кіру туралы пікір қолдауға ие болды. Күннен күнге өршіп келе жатқан тұрақсыздықты және республикалар арасындағы түсінбеушілікті ауыздықтау мақсатымен Н.Назарбаев Қазақстанда бүкіл мүлделі мемлекеттердің кездесуін өткізу туралы ұсыныс жасады. 1991 жылы 21 желтоқсанда Азербайджан, Армения, Белоруссия, Қазақстан, Қырғызстан, Молдова, Ресей, Тәжікстан, Түркменстан, Өзбекстан және Украина басшылары Қазақстанның бұрыңғы астанасында кездесіп "Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығын құру туралы" Алматы Декларациясына қолдарын қойды.

 ТМД құруға экономикалық  негіз болған жағдайлар мыналар:  сексенінші жылдардың ішінде  КСРО экономикасының құлдырауы  өз шегіне жетіп, халық шаруашылығының  әр саласында төмендеу нышандары  байқала бастады.

 ТМД құруға ниет  білдірген мемлекеттер мынандай  айғақтарды:

 

- жаңа Одақ шартын  дайындау туралы келіссөздердің  тұйыққа тірелгенін, республикалардың  КСРО құрамынан шығу және тәуелсіз  мемлекеттер құру процесінің  шынайы факторға айналғанын;

 

- орталықтың алысты болжамайтын  саясаты экономикалық және саяси  дағдарысқа, өндірістің құлдырауына,  қоғамның бүкіл салалары бойынша  өмір деңгейінің күрт төмендеуіне  әкеп соққанын;

 

- бұрыңғы КСРО кеңістігінің  көптеген аймақтарында әлеуметтік  шиеленісушіліктің өсуі, адамдардың  өліміне әкеп соққан ұлтаралық  қақтығыстарға ұласқанын басшылыққа  алған болатын.

 

 Осы және басқа да  мәселелерді шешу мақсатында  Беларусъ, Ресей және Украина  басшылары "халықтардың тарихи  бірлігі және олардың арасында  орныққан байланыстарды негізге  ала отырып, демократиялық құқықтық  мемлекеттер орнатуға ұмтыла  отырып және өзара қарым-қатынастарды  дамытуға бағыт ала отырып  Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығын  құруға шешім қабылдады".

 Бұл құжаттың ТМД-ға  мүше боламын деген мемлекеттер  (бұрыңғы КСРО мүшелері де бар)  үшін ашық екені көрсетілген.  Үш мемлекеттің 1991 жылдың 8 желтоқсанында  жариялаған арызының соңғы тармағында  ТМД мемлекеттері халықаралық  бейбітшілік пен қауіпсіздікті  нығайтуға, бұрыңғы КСРО шарттары  мен келісімдерінен тарайтын  халықаралық міндеттемелердің орындалуын  қамтамасыз етуге, ядролық қару  және оның таралмауын қажағалауға  бағыт ұстайтынын да ашық айтқан.

 Тәуелсіз мемлекеттер  достастығының құрылу уақыты  екіге бөлінеді. Алғашқысы ретінде  1991 жылдың 8 желтоқсаны /Белорусь, Ресей  және Украина/ болса, екіншісі  ретінде 1991 жылдың 21 желтоқсаны белгіленуде.

ТМД құрылтай құжаттарына  келетін болсақ, олар үшеу - 1991 жылдың 8 желтоқсанындағы ТМД құру туралы келісім, 21 желтоқсандағы осы Келісімге  деген Хаттама және Декларация. Бұл  құжаттар өз нысандары және заңи міндеттері бойынша әртүрлі. Себебі, "келісім  барлық қатысушы тарапынан бекітілетін /ратификация жасалатын/ болса, декларация үшін оған қол қойылса жеткілікті" . Дегенмен, бұл үш құжат толық біртұтастықты құрайды.

 Енді, ТМД-ның даму  жолдарына көз тоқтатып өтсек.

1992 жылмен 1993 жылдың бас  кезендерінде Достастықтың ұйымдастыру  құрылымы - мемлекеттер басшыларының  кеңесі, үкіметтер басшыларының  кеңесі, ТМД парламент аралық  ассамблеясы құрылды. 1993 жылдан бастап  Минск қаласында ТМД атқару  хатшылығы қызмет істейді. Бұл  уақыт ішінде сыртқы істер  министрлері кеңесі, қорғаныс министрлері  кеңесі де құрылды.

1993 және 1994 жылдар аралығында  ТМД елдері өзара қатынастарының  Құқықтық негізін қалайтын жұмыстар  жүзеге асырыла бастады. Жүздеген  келісімдерге қол қойылды. Солардың  арасынан сапалы бір құжат  ретінде 1993 жылы қол қойылған "Экономикалық одақ туралы" шартты атап өтуге болады. Дегенмен, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы дағдарыстан шығуға жол іздесе де, әлеуметтік-экономикалық жағдай қиындай берді.

Экспортқа шығатын шикізатқа  деген баға саясатындағы келіспеушілікте  үлкен мәселеге айнала бастады және мұның бәрі де экономикаға өзінің кері әсерін тигізбей қоймады. Екінші жағынан алғанда, демпинг саясаты (рынокта бәсекелестерді ығыстырып  шығару үшін тауарларды әдейі арзандатып сату) орнығып қалған шаруашылық байланыстарға  тұрақсыздық енгізіп, бұл елдерді  қажетті шараларды қабылдауына  мәжбүр етті. Мұндай жағдай қазіргі  кезде де байқалуда.

 Әлеуметтік, экономикалық  және саяси дағдарыс ТМД мемлекеттерінің  барлығында да терендей түсті.  Мұның салдары ретінде ішкі  этникалық толқу арта түсті,  тіпті кейбір елді мекендерде  мемлекет аралық қақтығыстарға  ұласты. Мұндай жағдай ТМД идеясын  жоққа шығаруға барды және кейбір ТМД мемлекеттері бір-біріне қарсы (мысалы, Армения - Азербайжан) әскери қимылдарды да жүргізе бастады. Бұл кезенде көптеген міндеттемелер мен келісімдер де қабылданды, бірақ та олардың басым көпшілігі іс жүзінде орындалмады. ТМД органдары өз функцияларын жүзеге асыра алмады және қабылданған шешімдерді де іске асыруға мүмкіндіктері болмады.

 ТМД өзінің құрылу  сатысында сөз жоқ жағымды  рөлін де атқарды, яғни КСРО  республикаларының қирап, тоқтаусыз  дағдарысқа ұшырауынан құтқарды. Дегенмен, мемлекеттердің экономикалық дербестігі олардың әрқайсысының ішкі мәселесі еместігі де айқын болды. Қазіргі дүниеде әр мемлекеттің әрқайсысының жеке, дербес дамуы қиын да болса шындық. Басқа ешқандай елмен қарым-қатынас жасамай мемлекеттің тек қана өзі өмір сүру талпыныстары бізге тарихтан мәлім және оның немен аяқталып, қандай нәтижеге жеткені де аян. Тек қана басқа елдермен бірігіп өзара ынтымақтастықта және дүние жүзі экономикалық қатынастарында болатын қоғамның өміршең болатындығы айдан анық.

 1994 жылы ТМД алдында баламалы екі мәселе тұрды. Біріншісі, оның қызметін тоқтату болса, екіншісі ТМД-ны дұрыс жұмыс істейтін ұйымға, бірлестікке қайта өзгерту. Соңғы ой, бірлестіктің қажеттігі бұрыңғы заманды көксеу мақсатынан немесе субъективтік ойлардан емес, экономикалық пайдалылығы тұрғысынан туғанды. Бұл кезенде бұрыңғы Кеңес Одағы кеңістігіндегі республикалардың даму бағытының салаларын анық та айқын әрі шынайы белгілеудің қажеттілігі туындады. Осы кезеңде Қазақстан Президенті Н.Назарбаев "Мемлекеттердің евразиялық одағын құру" идеясын ұсынды. Бұл жоба жайына жұмыстың соңғы тарауында толығырақ тоқталамыз.

 

 ТМД елдерінің экономикалық  жақындасу мәселелерін шешетін  құжат ретінде 1995 жылдың 6 қаңтарында  Ресей Федерациясы мен Беларусь  Республикасы арасындағы, кейіннен 1995 жылдың 20 қаңтарында Қазақстан  республикасы қол қойған "Кеден  одағы туралы" келісімді айтуға  болады. Кеден одағын құрушы тараптар  өздерінің мақсаттары ретінде  мыналарды атап көрсетті:

- Кеден одағына мүше  мемлекеттердің шаруашылық субъектілері  арасындағы еркін экономикалық  өзара ынтымақтастықты дамыту  үшін қолдан келетін бар мүмкіндіктерді  пайдалану;

- экономиканың, тауар алмасудың  және әділетті бәсекелестіктің  тұрақты дамуына кепілдік ету;

- өз елдерінің экономикалық  саясатын ұйымдастыруды нығайту  және ұлттық шаруашылықтың жан-жақты  дамуын қамтамасыз ету;

- ортақ экономикалық  кеңістіктің қалыптасуы үшін  жағдайлар жасау;

- Кеден одағы мүше-мемлекеттерінің  дүние жүзі рыногына шығуы  үшін қолдан келетін бар жағдайды  жасау. Жоғарыда айтып өткен  Келісімнің бастауында мемлекеттер  "Экономикалық одақ құру туралы" шарттың ережелерін жүзеге асыруға талпынады, делінгенді. Сонымен қатар, тараптар Кеден одағын — ортақ кеден территориясы мен шаруашылықтың нарықтық экономикасын ұқсас механизммен реттеуге негізделген, мемлекеттердің экономикалық бірлестігі ретінде анықтайтындарын растайды.

Кеден одағын құруға бағытталған  шаралар екі сатыға бөлінеді. Бірінші  саты — 1994 жылдың 15 сәуіріндегі "Еркін  сауда аймағын құру туралы" Келісім  бойынша, өзара саудадағы тариф  пен сан бойынша кездесетін шектеулерді  алып тастау, сыртқы экономикалық қызметке қатысты сыртқы сауда, кеден, валюталық-қаржылық, салық және басқа да ұлттық зандарды бір қалыпқа келтіру болып табылады. Екінші саты — мемлекеттердің кеден территорияларын ортақ кеден аймағына біріктіру және Кеден одағының халықаралық құқық субъектілігі туралы сұрақты шешу болатын. Кеден одағының болашағы болатыны жайында оған кейіннен қосылған Қырғыз Республикасы мен Тәжікстан Республикасы куә.

 Кеден одағын және  Ортақ экономикалық кеңістік  туралы шарттың құқықтық негізі  болып жалпыға танымал болған  халықаралық құқықтың нормалары  мен қағидалары, сонымен қатар,  тараптардың ұлттық заңдары табылады. Алғашқыда Ресей, Беларусь арасында  жасалған Шартқа, кейіннен Қазақстан,  Қырғызстан және Тәжікстан қосылды.  Кеден одағы туралы Шарт жобасы  дайындалып жатқан кезде Ресей  жағы қосымша "Ортақ экономикалық  кеңістік шеңберінде қабылданатын  шарттар мен шешімдерді дайындау, қабылдау және жүзеге асыру  механизмін" ұсынған болатын.  Бұл актінің негізгі мақсаты  Кеден одағы мен Ортақ экономикалық  кеңістік көлемінде қабылданатын  заң актілерінің орындалу механизмін  жүзеге асыру болатын, себебі, ТМД шеңберінде қабылданып, бірақ  та іс жүзінде орындалмай жатқан  келісім-шарттар аз емес.

Информация о работе ТМД-ғы интеграция тарихы