Шөл топырақтары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 08 Апреля 2014 в 19:36, реферат

Краткое описание

Құмды шөл өсімдіктері. Қазақстанның құмды шөлдерінің өсімдіктері бірқатар көп және әр түрлі болып келеді. Араларында қуыстары көп борпылдақ құмды топырақтан сутөмен қарай тез өтіп, тереңде тығыз тау жыныстарының үстінде жиналады; бұдан су өте алмайды.

Содержание

кіріспе

1. ҚАЗАҚСТАННЫҢ ТАБИҒАТ РЕСУРСТАРЫ...............................

1.1 Қазақстанның минералды-шикізат ресурстары.........................

1.2 Қазақстанның жер ресурстары................................................

1.3 Қазақстанның су ресурстары....................................................

1.4 Қазақстанның агроклиматтық ресурстары................................

1.5. Қазақстанның биологиялық ресурстары..................................

2. Табиғат ресурстарын пайдалану және оны пайдаланудың төлемдерін белгілеу әдістері

3. Табиғи ресурстарды тиімді пайдалану мен қорғау мәселелері

3.1. Минералды шикізат ресурстары мен жер қойнауларын қорғау............................................................................................................

3.2. Атмосфералық ауа мен климаттық ресурстарды қорғау

3.3. Су ресурстарын қорғау

қорытынды
пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Прикрепленные файлы: 1 файл

Дип.-ҚАЗАҚСТАННЫҢ-ТАБИҒАТ-РЕСУРСТАРЫ.doc

— 422.00 Кб (Скачать документ)

Бірқатар жылдар бойы су ресурстарын пайдалануға байланысты төлемдер бар. 1920-30-шы жалдары салықтық сипаттағы жарна алынатын, ал 1937-57 жж. бюджетке  түсетін жер  бетіндегі су көздеріне құйылған ақаба суға төлем және айып белгіленді.

Суға төлем төлеу мынадай тариф жүйелерімен жүзеге асырылады:

  1. Суды қайтарымсыз пайдаланғаны үшін қойылатын тариф. Төленетін төлем мөлшері 1 м3 тұтынылатын суға белгіленеді және нақты  кәсіпорын үшін су шаруашылық жүйесінен су алу орташа тарифінің негізінде 1,25 коэффициентпен қоса есептелінеді.
  2. Су шаруашылығы жүйесі қызметінің тарифі. Өз  қажеттілігі үшін су шаруашылығы жүйесінен алынатын суға төлемді кәсіпорындар мемлекеттік бюджетке аударады.

Су ресурстары үшін төлемді анықтаудың әдістемелік нұсқаулары (Алматы, 1991ж) су пайдалану төлемдерінің екі құрамды бөлігін ажыратады: су ресурстарын пайдалану (алу) құқығы үшін төлем; су ресурстарын қорғау мен жаңғырту үшін төлем. Қазақ КСР-ы бойынша су ресурстарын пайдалану құқы үшін және су ресурстарын қорғау мен жаңғырту үшін  төлемдердің экономикалық нормативтері төмендегідей мөлшерде белгіленді:

 

 

 

 

 

Су көздері

Шеткі шығын,

сом/м3          

 

З

90% пен қамтамасыз ете-тін су ресурс-тары,

км3/жыл

1989 ж. алынған судың жиынтық көлемі,

км3/жыл

Пайда-лану коэф-фици-енті

 

 

 К

Пайдалану құқы үшін төлем нормативі,  рубль/м3

Р

Су ресурстарын қорғау, жаңғырту төлемінің нормативі, рубль/м3 Р

Жер бетіндегі су көздері

0,116

77,0

33,5

0,4

0,046

0,015

Жер асты сулары

0,116

14,8

2,59

0,17

0,190

0,045


 

Одақтас республикалар теңіздері бойынша теңіз суын пайдалану құқығы үшін төлем нормативі

 

 

 

Атауы

Шеткі шығын

руб/м3    

Теңіз суын пайдаланудың артықшылық коэффициенті, км.

Төлем нормативі, руб/м3  

Каспий

0,0067

0,08

0,00054

Арал

0,0069

0,085

0,00059


 

Су пайдаланудың тарифы шын мәнінде су рентасын ескере отырып су ресурстарын қорғау мен жаңғырту үшін төленетін төлем болып табылады. Олар су көздері мен су  тоғандарындағы барлық шаруашылықтық шығындарды ескереді.

Суды төлемді пайдалану су ресурстарын пайдалану  көлемін қысқартуға сөзсіз әсерін тигізеді. Бірақ, тек суға  қойылған тарифтің мөлшері ұтымды болған жағдайда ғана оның ынталандыру рөлі білінеді. Жоғарыда көрсетліген су тарифтері мөлшерінің аздығы, тек  өткен жылдардағы су шаруашылық жүйесінің шығындары бойынша белгіленгендігінен емес, сонымен бірге  бұл  тарифтер су ресурстарын пайдаланудағы көптеген басқа да негізгі факторларды ескермегендігінен.  Мысалы, суға белгіленген тариф ауданның сумен қамтамасыз етілу дәрежесін ескермейді, өзен бассейндері бойынша сараланбайды, геологиялық барлауға, қорын бағалауға кететін шығындарды, су бассейндерінің жағдайын бақылау мен режимін зерттеу шығындарын ескермейді, пайдаланылатын судың сапасын сараламайды.

Қазақстан Республикасының су кодексіне сәйкес жалпы су пайдалану тегін, ал арнайы су пайдалану төлемді. Су ресурстарын пайдалану төлемдері: су ресурстарын қорғау мен  қалпына келтіру; су ресурстарын пайдаланғаны үшін; су ресурстарын ысырап еткені үшін айып төлем; шектен  артық су пайдаланғаны және су көздерін ақаба сулармен ластағаны үшін төлемдер түрінде қолданылады.

Қазақстан Республикасында су ресурстарын (жер беті және жер асты су көздері) қорғау мен қалпына келтіру төлемінің ставкасы бассейндер мен облыстар бойынша сараланып белгіленеді және оны  әр жылда бір рет ҚР Министрлер кабинеті бекітеді (3 кесте).

Су пайдаланушылар (гидроэнергетика, су көлігі, балық шаруашылығы) үшін төлемнің ставкасы су ресурстарын қорғауға, қалпына келтіруге кеткен жалпы  шығыннның 12 %-інің мөлшерінде белгіленеді және салалар бойынша өндірген өнімдеріне қарай пропорционалды бөлінеді.

Су ресурстарын белгіленген шекті шамада пайдаланғаны үшін төлем ставкасы су ресурстарын қорғау, қалпына келтіру төлем нормативінің 10 %-ке дейінгі шамасында анықталады және оны облыстық әкімшілік белгілейді.

Су ресурстарын тиімсіз пайдаланғанда (су басып кетуге, жердің батпақтануына және тұздануына, құрылыс жүргізілген территорияларды су басуға, су қоймаларының, шағын өзендер мен бұлақтардың кеуіп кетуіне әкеп соқтыратын су пайдаланушылардың әрекеті), көрсетліген тәртіпті бұзғаны үшін барлық су пайдаланушылардан айып төлем алынады. Бұл төлемдер бюджеттен тыс табиғат қорғау қорына аударылады.

Орман кесуді тиімсіз пайдаланғаны үшін, оны  шамадан тыс кескені үшін орман таксасынан еселенген түрде қойылған айыптық төлемдер алынады.

Қазіргі кезде орман ресурстарын пайдалану Қазақстан Республикасының Орман кодексіне сәйкес жүзеге асырылады. Аталған кодекске сәйкес орман пайдаланудың шекарасы мен түрі анықталады.

Орман ресурстарынына белгіленетін төлемдер: орман ресурстарын қорғау және  жаңғырту; орман ресурстарын пайдаланғаны үшін; орман ресурстарын шектен артық пайдаланғаны үшін айып; орман ресурстарын ұқыпсыз, тиімсіз  пайдаланғаны үшін айып төлемдер.

Орман ресурстарын қорғау мен жаңғырту үшін төлем орман шаруашылығын қаржыландыруға қор құру мақсатында орманды пайдаланушылардан алынады. Орман ресурстарын қорғау мен жаңғырту төлемінің құрамына: кесуге берілген ағашқа; қосалқы орман өнімдеріне; орманды жанама пайдалану төлемдері кіреді. Төлемнің бұл түрінің  нормативтері (ставкалары) ресурстарды пайдаланудың көлеміне қатысты, орманның әрбір түрі бойынша, оларды қалпына келтіруге, өсіруге,  қорғауға кеткен шығынның шамасымен анықталады. Төлемді анықтағанда орманның қоғамдық-пайдалылығы, табиғат қорғау қызметі ескеріледі.

                        

                                                                                                      3 кесте

 

Қазақстан Республикасы ормандарынан кесуге

берілген өсіп тұрған ағашқа ең төменгі ставкалар

 

 

 

Орман ағаштары

Бағасы

Отындық ағаш (қабығымен)

ірі

орташа

ұсақ

(қабығымен)

1

Қарағай

256

183

91

35

2

Балқарағай

4661

329

164

40

3

Сағыз қарағай

204

146

73

26

4

Шырша

333

238

119

45

5

Саымрсын, Сібір шыршасы

231

165

82

26

6

Ағаш тектес арша

308

220

110

45

7

Емен, үйеңкі

461

329

164

70

8

Қайың

92

66

35

26

9

Кктерек, боз тал, терек, тұраңғы

82

58

29

18

10

Қара қандағаш, шегіршін, жөке

92

65

33

24

11

Грек жаңғағы, пісте

560

400

200

60

12

Өрік, ақ акация, алша, долана, шие, жиде, шетен, мойыл, қызыл шие, алма ағашы

330

235

115

40

13

Жайылма арша, жайылма самырсын, қара арша

-

-

60

30

14

Сары акация, қызыл зерек, жыңғыл, ырғай, үйеңкі, шырғанақ,  қарақат, тобылғы, тал, қызыл тал

-

-

35

21

15

Сексеуіл

-

-

35

21


 

Орман ресурстарын пайдаланғандағы төлемдер аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуын қаржыландыру мақсатында алынады. Төлемнің ставкаларын облыс әкімшілігі орманның таралуына, қалпына келу мүмкіншілігіне, пайдалану қолайлылығына орналасқан жеріне және басқа да факторларға сәйкес саралайды.

Өсіп тұрған  ағашты кесуге бергенде төлем оның таксалық құны бойынша анықталады (4 кесте). Орманды жанама пайдалану және қосалқы орман өнімдері үшін төлемді облыстық әкімшілік белгілейді.

Ағаш ресурстары үшін төлемнен түскен қаржы түгелімен республикалық бюджетке, ал орманды жанама пайдаланудан және қосалқы өнімдерден түскен қаржы облыстық бюджетке түседі.

Минералды-шикізат ресурстары үшін төлемдер мәселесі жоғарыда қарастырылған табиғат ресурс түрлерімен салыстырғанда біршама  күрделі және толық зерттелмеген. Таяу  уақытқа дейін  минералды шикізат ресурстарына төлем  ұғымы мүлде қолданылмай келді. 1967 ж. бастап ресми түрде өнеркәсіптің тау-кен өндіріс салаларындағы кен өндіруге өзіндік құнының жеке элементі болып қосылатын геологиялық-барлау жұмыстарына (ГБЖ) аударылатын қаржы болды. ГБЖ қаржы аудару ставкасы белгілі бір кезеңде пайдалануға жобаланған тиісті кеннің баланстық қорына кеннің осы түрін іздеуге және алдын-ала барлауға жұмсалған шығындарды бөлу арқылы анықталатын. Бірақта, бұл ставка пайдалы қазбалардың тек кейбір түрлеріне ғана қолданылды және ГБЖ-ға – кеткен шығындарды толығымен қайтара алмады. Сондықтан ставкалар мезгіл-мезгіл қайта қаралып, олардың мөлшері ұлғайтылып отырылды. Егер өткен варианттарда пайдалы қазбаларды іздестіру мен барлауға кеткен нақты шығынның тек 60 %-ін геологиялық-барлау жұмыстарына бөлінген қаржылар өтеген болса, 1991 ж. 1 қаңтарынан бастап енгізілген көтерме ставка арқылы геологиялық-барлау жұмыстарына кететін шығынның 90-нан 100 %-ін қайтару көзделді. Бірақ, жаңа ставка бойынша кәсіпорындардан алынған қаржы минералдық шикізат базасын өндіріске дайындауға әлі де жеткіліксіз болды.

Қазақстан Республикасындағы қазіргі ГБЖ-ға қаржы аудару ставкалары КСРО кезіндегі ГБЖ-ға қаржы аудару ставкаларын белгілеу және қолдану тәжірибесін ескеріп ҚР Министрлер кабинетінің 1992 ж. 3 маусымдағы шешімімен енгізілді. Жаңа ставкалар пайдаланылатын қордың тоннасына шикізаттың сатылу бағасынан процент есебінде  белгіленді. Мысалы, темір кеніндегі 1т темір үшін-2,4%, марганец концентратындағы марганец үшін -2,3 %, хром кені-2,4%, қорғасын-мырыш кеніндегі қорғасын мен мырышқа-6,7 %, кендегі мысқа-7,9 %, мұнайға – 8 %, газға-8 %, көмірге-0,9 % есебінен белгіленді. ГБЖ-ға қаржы аудару төлемінің қызметі пайдалы қазба кен орнын өнеркәсіптік пайдалануға дайындау үшін шыққан шығынның орнын толықтыру болып табылады. Шындығында бұл аудармалар минералдық шикізат ресурстарын қорғау мен қалпына келтіру төлемі  болып табылады. Басқа сөзбен айтқанда,  олар минералды-шикізат базасын дайындауға жұмсалған қоғамдық-қажетті еңбек шығынын көрсетеді және пайдалы қазбаларды барлау және дайындау бағасы іспеттес болады.

1994 ж. 6 қазанда ҚР Министрлер  Кабинетінің шешімімен 1993 ж "Жер  қойнауын қорғау және минералды-шикізат  базасын қалпына келтірудің республикалық қорын құру туралы", шешіміне енгізілген толықтыруларда алғаш рет геологиялық ақпаратты пайдаланғаны үшін оның ішінде  шет ел инвесторларына да төлем енгізілді.

Минералды шикізаттың кейбір түрлері бойынша ренталық төлем мен өндірістік қорлар үшін төленетін төлемдердің қосындысы тіркелген төлемдер болып табылды.

1991 ж. ренталық төлемдер "Газпром" концернінің газ өндіретін кәсіпорындары  сататын мұнай мен газға, 1т  мұнай үшін 12,45 руб., 1000м3 газ үшін 6,46 руб. және "Газпром" конценрнінің мигистральды газқұбыры транспорттық кәсіпорындары сататын 1000 м3 газ үшін 1,89 руб. мөлшерінде белгіленген болатын.

Нарықтық қатынастары дамыған көптеген елдерде мемлекет меншігін экономикалық тұрғыда іске асыру жер қойнауы байлығын мемлекеттік емес, оның ішінде шетел компанияларына "роялти" немесе "концессиялық төлем", сияқты әлеуметтік төлемдер белгілеу түрінде жүргізіледі. Рентаның негізгі бөлігі меншік иесіне тиеді, ал қалған бөлігі, яғни жер қойнауын пайдаланушыға тиген бөлігіне (өндіруші компанияның пайдасына) салық салынады. АҚШ-та нашар табиғат жағдайында жұмыс істейтін өндіруші компонияларға кей жағдайда арнайы жәрдем ақша төленеді. Әдетте, капиталистік елдерде, көбінесе, ренталық  төлемдер минералды-шикізат ресурстарын пайдалану құқығы үшін төлеммен бірге анықталады және бірге алынады.

Таяу Шығыс елдерінде негізінен мұнай мен газ ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемдер пайдалану құқығы үшін, ренталық төлем, пайдаға салынатын салық болып бөлек-бөлек алынады. Солай  бола тұра өндіруші компанияға қалатын пайданың соммасы банкі процентінің мөлшерінен біршама артықтау болатындай төлемдер мен салықтың мөлшері есептелінеді. Бұл мұнай өндіруші компанияларды экономикалық ынталандыру мақсатында жасалады. Екінші жағынан өндіруші компанияларды ынталандыруға себепші болатын тағы бір нәрсе, ол сол елдер басқалармен салыстырғанда мұнай газ өнімдерімен тұрақты қамтамасыз етілу мүмкіншілігіне ие болады.

Табиғи ресурстарға төлем төлеу Шығыс Европа елдерінде бірдей дерлік жүзеге асырылған. Венгрия, ГФР, Польша, Румыния, Чехия, Словакияда жер учаскелерінің сапасына байланысты сараланған төлем қолданылады. Венгрияда 1966 ж. бастап төлемдер екі түрде: бір жолғы – жер учаскесін пайдалануға алған кезде, жыл сайынғы – жер учаскесін пайдаланғаны үшін. Жыл сайынғы төлемдер, пайдаланылатын жер учаскесінің құнының шамамен 5,0%-іне тең. Төлемдер өндіріс шығындарын құрайтын статья ретінде қарастырылады және шығарылған өнімнің өзіндік құнына кіреді.

Информация о работе Шөл топырақтары