Автор работы: Пользователь скрыл имя, 08 Апреля 2014 в 19:36, реферат
Құмды шөл өсімдіктері. Қазақстанның құмды шөлдерінің өсімдіктері бірқатар көп және әр түрлі болып келеді. Араларында қуыстары көп борпылдақ құмды топырақтан сутөмен қарай тез өтіп, тереңде тығыз тау жыныстарының үстінде жиналады; бұдан су өте алмайды.
кіріспе
1. ҚАЗАҚСТАННЫҢ ТАБИҒАТ РЕСУРСТАРЫ...............................
1.1 Қазақстанның минералды-шикізат ресурстары.........................
1.2 Қазақстанның жер ресурстары................................................
1.3 Қазақстанның су ресурстары....................................................
1.4 Қазақстанның агроклиматтық ресурстары................................
1.5. Қазақстанның биологиялық ресурстары..................................
2. Табиғат ресурстарын пайдалану және оны пайдаланудың төлемдерін белгілеу әдістері
3. Табиғи ресурстарды тиімді пайдалану мен қорғау мәселелері
3.1. Минералды шикізат ресурстары мен жер қойнауларын қорғау............................................................................................................
3.2. Атмосфералық ауа мен климаттық ресурстарды қорғау
3.3. Су ресурстарын қорғау
қорытынды
пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Қазақстанда жергілікті деңгейдегі климат өзгеруінің жағымсыз экологиялық салдарлары өндірістік технологияны жетілдіру және өндіріс пен көлік құралдары қалдықтарының көлемін қысқарту негізінде шешілуі тиіс.
1.5. Қазақстанның биологиялық ресурстары
Қазақстан жерінде алуан түрлі жануарлар мен өсімдіктер әлемі кездеседі.
Республикамыздың флорасы бай және сан алуан. Елімізде өсімдіктердің 400 - ден аса, ал дәрілік өсімдіктердің 250 - ден аса түрі кездеседі.
Мұнда омыртқалы жануарлардың 835 түрі бар. Соның ішінде сүтқоректілердің 178 түрі: құстың 500 –ге жуық, бауырымен жорғалаушылардың – 49, қосмекенділердің – 12 , балықтың – 104, дөңгелек ауыздылар немесе балық тәрізділердің 3 түрі тіршілік етеді. Атап айтқанда кез – келген адамға таныс аю, қасқыр, түлкі, қоян, кірпі, үйректер, тырна, қаз, аққу, бүркіт, қараторғай, бұлбұл, улы сұр жылан, бақа, алабұға , шортан және тағы басқалар кездеседі.
Қазіргі уақытта сүт қоректілердің 130 түрі мен құстардың 450 түрінен ( оның 350 түрі ұялайды ) тұрады. Қазақстан палеарктикалық – зоогеографиялық облысқа кіреді. Қазақстанның жануарлар дүниесі барлық палеарктикалық аймақ сияқты пайда болуы мен қалыптасуы жағынан жас. Оның қалыптасуына жануарлардың дамуының жаңа тарихы мен орналасуы, сондай – ақ физикалық – географиялық жағдайлар үлкен рөл атқарған. Жануарлар дүниесінің үштік және төоттік дәірдегі даму тарихы өсімдік жамылғысының даму тарихымен ұқсас.
Республикада ормандар тек 3,8% алып жатыр. Сонымен қатар орманның жартысы - сексеуілдер , бұларсыз ормандар 1,7% құрайды. Орманды жерлердің 10%- ы Шығыс Қазақстанда, Алматы және Оңтүстік Қазақстан облыстарында .
Қазақстанның орман қоры 21 млн. гектар, ол жалпы жер көлемінің 3,5 пайызын алады. Орман өндірісте бағалы материал ғана емес, сонымен қатар топырақты эрозиядан сақтау, құм көшкінін тоқтату, суды реттеу, егінді қорғау, атмосфераны шаң – тозаңнан тазартуда оның маңызы зор. Сонымен қатар орман ағаштары қуаңшылық пен аңызақ желден сақтайды.
Республиканың орманды алқаптарына көз жүгіртсек, солтүстік бөлігінде қайыңды , қарағайлы орман, шығысында Алтай тауы бөктерінде майқарағай, балқарағай, сібір шыршасы орманы, оңтүстік бөлігіндегі таулардың теріскей беткейінде тянь – шань шыршасы, оңтүстіктегі шөлді аймақта сексеуіл, ал өзендердің бойында жиде, тораңғыл, жыңғыл, шырғанақ тоғайы өсетінін байқаймыз. Ел байлығы - орман ресурсын сақтай білудің маңызы зор. Орман - жан – жануарлырдың мекені, адамдар тынығатын орны. Орман ресурсына ең еөп залал келтіретін тілсіз жау - өрт. Өртке басты себеп адамдардың ұқыпсыздығы. Орман алқаптарын ұқыпты пайдалану, оларды қорғау бүкіл халық алдындағы негізгі міндеттердің бірі болып табылады.
2. ТабиҒат ресурстарын пайдалану
тӨлемдері жӘне оларды
2. Табиғат ресурстарын пайдалану және оны пайдаланудың төлемдерін белгілеу әдістері
Табиғи ресурстарға төлем төлеудің маңыздылығы мен қажеттілігінің халық-шаруашылығын әкімшілдік-әміршілдік әдіспен басқару кезінде, табиғи ресурстарды пайдалануды тегін, олардың құны жоқ, ол халықтың ортақ меншігі деп қабылдаған кездің өзінде де сезіле бастады және өмірге жолдама алды. Бірқатар жылдар барысында сұраныстың талаптарына сәйкес табиғи ресурстарды пайдаланғаны үшін төлем төлеудің белгілі бір жүйесі қалыптасты. Ресми түрде қабылданбаған және жетілдірілмеген әрі толықпаған ол, шамасы келгенше табиғатты пайдалану сферасында экономикалық қатынаста әлі де қолданылады. Бірақ табиғатты төлемді пайдалануда оны экономикалық тиімді механизм етіп айналдыру үшін әлі талай күш-жігер жұмсау қажет екендігі анық.
Алдымен табиғатты төлемді пайдалану түсініктерін тәртіпке келтіру қажет. Мысалы, әрбір экономикалық категорияны өз атымен атаған жөн: төлемді төлем деп атау керек және оны салықпен шатастыруға болмайды немесе минералды-шикізат ресурстарын жаңғырту мен қорғауға төлем аударуды осы күнге дейін қолданылып келген геологиялық-барлау жұмыстарына қаржы аудару деп айтуға болмайды және т.с.с.
Әртүрлі бұрында болған және қазірде бар төлем түрлері экономикалық категория ретінде және олардың атқаратын қызметін әртүрлі ғылым өкілдері, әртүрлі катергориядағы мамандар өздерінше, тар мағынада әрі біржақты емес етіп қабылдап жүр. Мысалы, біреулер мұны табиғат ресурстарын пайдаланғаны үшін арендалық (жалдау) төлемі, дифференциалдық жер рентасының бір түрі десе, екінші біреулері табиғи ресурстарды алмастыруға кеткен шығын дейді, үшіншілері - қалыпты мөлшерден артық пайдаланғаны үшін және табиғи ресурстарды ысырап еткені (жойғаны) үшін салынған айып десе, төртінші біреулер табиғат ресурстарын қалпына келтіруге және оған қоса дифференциалдық жер рентасына шыққан шығын деседі. Бесіншілері – тіркелген төлемдер, алтыншылары – пайдалы компоненттерді жоғалтқаны үшін және толығымен айырып алмағаны үшін салынған айып, жетіншілері кен қорын іріктеп, өндіріп бітіргені және кенге бос жыныстарды араластырғаны үшін салынатын айып, сегізіншілері табиғи ресурстарды пайдаланған кезде табиғи ортаны қорғауға жұмсалатын шығын, тоғызыншылары – табиғат ресурстарын игерген кезде табиғи ортаны ластағаны үшін төленетін айып, оныншы біреулері – табиғатты пайдалану кезінде табиғи ортаға келтірген зияны десе, он біріншілері – табиғат ресурстарын пайдалану үшін алынатын салық және т.б. деп түсініп жүр. Біреулер табиғат ресурстарын пайдалану үшін төлем төлеуді салық деп мемлекеттік бюджетке қаржы түсірудің көзі ретінде, екінші біреулер – табиғатты тиімді пайдаланудың экономикалық ынталандыру тетігі ретінде ғана, үшінші біреулер – жоғарыда айтылған екі функциясын да қоса құптап, яғни оны бюджетті толықтырудың көзі және сонымен бірге табиғат ресурстарын тиімді пйдалануды экономикалық ынталандыру үшін төленетін төлем деп қарап жүр. Осыдан келіп табиғат ресурстарын пайдаланғаны үшін төленетін төлем түрлерін жүйелеп, бір тәртіпке келтіріп бұл түсініктің анықтамасын барынша айқындау қажеттігі туындайды.
Қазіргі кезде табиғат ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемдер жүйесі жоғарыда көрсетілгендей табиғи ресурстардың жекелеген түрлеріне байланысты бейберекет қалыптасуда. Сондықтан қазіргі күнде бар төлемдер түрлерін табиғат ресурстарының негізгі түрлері мен табиғи ортаны қорғау бойынша топтастырып қарастыру маңызды. Қолданылу мерзімі жағынан біршама ұзаққа созылатын және жалпы қолданылатын төлем жер салығы, төлем-салық және оны белгілеу әдістері ғасырлар бойы жетілдіріліп келді. Мысалы, патшалық Ресейде помещиктер жердің десятинасы үшін мемлекетке 1 рубль төледі, ал шаруаларға пайдалануға оны 10 рубльге берді.
Қазақстан Республикасында төлем-салық алу Жер кодексінде, Жер салығы туралы заңда біршама жетілдірілген түрде белгіленген.
Азаматтарға жеке қосалқы шаруашылық жүргізу үшін берілген бау-бақшалық және саяжай салудан басқа ауылшаруашылғына арналған жерлерге қойылған жер салығының базалық ставкасы 1га-ға есептелген және балл бонитетпен өлшенетін топырақ сапасының өзгеруі бойынша сараланады. Балл бонитеттің 1-ден 100-ге дейін ауытқуы кезінде кәдімгі және оңтүстік қаратопырақты, күңгірт қызыл-қоңыр және қызыл қоңыр жазықтағы далалық және құрғақ далалық зоналардағы жерлерде, сонымен қатар тау етегінде қою сұртопырақты (сұр-қоңыр), каштанды (қоңыр) және тау бөктеріндегі қаратопырақты аумақтарға базалық ставка – 0,25 теңгеден 105 теңгеге дейін белгіленеді (І категориясы). Балл бонитеттің 100-ден жоғары болған жағдайында 1га жерден алынатын салық ставкасы 105,0 теңге болады (1 кесте).
Бозғылт қызыл, қоңыр, сұр-қоңыр, бозғылт және кәдімгі сұр топырақты жартылай шөлейт, шөлейт, тау бөктеріндегі шөлді аумақтардағы, сонымен қатар таулы-далалық, таулы-шалғынды-далалық және таулы альпілік топырақтағы таулы аумақтардағы жерлерге бонитет балына қарай белгіленген ставкалары 0,25-тен 25 теңгеге дейін сараланады (ІІ категория). 100 балл бинитеттен асқан жағдайда 26,00 теңге базалық ставка қойылады (1 кесте).
Елді мекендердің жерлеріне базалық ставка 1 шаршы м ауданға есептелініп белгіленеді (2 кесте), облыс орталықтары қалаларының әрқайсысы бойынша және Ленинск қаласы мен облыстық маңызы бар қалаларға, аудандық маңызы бар қалаларға, поселкелерге, селоларға (ауылдарға) салықтың базалық ставкасы өзгеріп отырады. Тұрғын-үй емес құрлыстар, ғимараттар, учаскелер алып тұрған жерлерді, сонымен қатар объектілердің санитарлық-қорғау зоналарына, техникалық немесе басқа да зоналарына салық ставкасы (Алматыда) 15 теңгеден/м2-не (ауылда) 0,25 теңге/м2-не аралығында өзгереді. Тұрғын үйлер, оларға қоса олардың құрлысы мен ғимараттарына Алматы облысы және аудандық маңыздағы қалаларына қолдану түрінде барлық облыстық маңызыдағы қалаларға шамамен 0,2 теңге /м2-не, аудандық маңыздағы қалаларға – 0,1, поселкелік – 0,07, селоларға (ауылдарға) –0,05 теңге /м2-не белгіленген.
Бонитет балы |
І категориялы |
ІІ категориялы |
Ауыл шаруашылығы мақса-тына арналмаған (өнеркәсіп, көлік, байланыс, қорғаныс және т.б. жерлер) |
Ауыл шаруашылғына арналған | |||
1 га-ға салынатын салықтың базалық ставкасы, теңгемен | |||
1-10 |
0,25-1,25 |
0,25-0,50 |
25-250 |
11-20 |
1,50-2,50 |
0,75-2,50 |
275-562 |
21-30 |
2,75-5,00 |
2,75-5,00 |
590-825 |
31-40 |
7,50-12,50 |
5,25-7,50 |
853-1075 |
41-50 |
15,00-20,00 |
7,75-10,00 |
1102-1338 |
51-60 |
22,50-27-50 |
10,25-12,50 |
1365-1625 |
61-70 |
30,00-42,50 |
- |
1652-1925 |
71-80 |
45,00-57-50 |
- |
1953-2238 |
81-90 |
60,00-75,00 |
- |
2265-2550 |
91-100 |
75,50-100,0 |
- |
2578-2950 |
100-ден жоғары |
105,0 |
26,00 |
3000 |
61-100 |
12,75-25,00 |
2 кесте
Елді-мекендік жерлерге қойылған салықтың базалық ставкасы
Елді-мекеннің түрі
|
Тұрғын-үй емес құр-лыстар, ғимараттар, учаскелерді ұстап тұру үшін, сонымен қатар объектілерді санитар-лық қорғау зоналары, техникалық және басқа да зоналарға салық ставкасы, теңгемен. |
Тұрғын үйлер, оларға қоса салынған құрлыстар мен ғимараттар алып тұрған жерлерге салық ставкасы, теңгемен. |
Қалалар: Алматы |
15,00 |
0,2 |
Астана |
3,50 |
0,2 |
Ақтау |
5,00 |
0,2 |
Ақтөбе |
3,50 |
0,2 |
Арқалық |
3,00 |
0,2 |
Атырау |
4,25 |
0,2 |
Тараз |
4,75 |
0,2 |
Жезқазған |
4,25 |
0,2 |
Қарағанды |
5,00 |
0,2 |
Қызылорда |
4,50 |
0,2 |
Көкшетау |
3,00 |
0,2 |
Қостанай |
3,25 |
0,2 |
Павлодар |
3,00 |
0,2 |
Петропавл |
4,50 |
0,2 |
Семей |
4,50 |
0,2 |
Талдықорған |
3,50 |
0,2 |
Орал |
3,00 |
0,2 |
Өскемен |
5,00 |
0,2 |
Шымкент |
4,75 |
0,2 |
Ленинск |
4,00 |
0,2 |
Облыстық маңызы бар қалалар |
Облыс орталығына қойылған ставканың 85 %-і |
0,2 |
Аудандық маңызы бар қалалар |
Облыс орталығына қойылған ставканың 75 %-і |
|
Поселоктар |
0,5 |
0,07 |
Село (ауыл) |
0,25 |
0,05 |
Алматы облысы: Облыстық маңызы бар қалалар |
4,00 |
0,0 |
Аудандық маңызы бар қалалар |
3,5 |
0,2 |
Елді-мекендер орналасқан жерге салық ставкасының нақтылы өлшемін әрбір жер иелері мен жерді пайдаланушылар үшін көрсетілген базалық ставкаға сүйене отырып жергілікті органдар анықтайды. Сонымен бірге олар базалық ставканы тек 20 %-ке дейін көтеруіне немесе төмендетуіне құқысы бар.
Осыған ұқсас түрде салықтың базалық ставкасы елді-мекендерден тыс жатқан жерлердегі өнеркәсіп, транспорт, байланыс және басқа да ауыл шаруашы-лықтық емес мақсаттағы жерлерге 1 га-ға есептелініп белгіленеді. Бонитет балдарының өзгеруіне байланысты олар да едәуір сараланады. Мысалы, 0-10 балл бонитеттей жерге белгіленген салықтың базалық ставкасы 25-250 теңге, 91-100-2576-2950 теңге, 100-ден жоғары болса 3000 теңге болады (1 кесте).
Ауылшаруашылықтық немесе құрлыстық мақсатта пайдаланылмаған сауықтыру, рекреациялық мақсаттағы жерлерден, орман және су қорларының жерлерінен салық алынбайды. Ауылшаруашылықтық мақсатта пайдаланылатын жерлерге ғимарат, құрылыстар алып тұрған немесе басқа да өндірістік объектілер орналасқан жерлерге жоғарыда көрсетілген тәртіп бойынша салық салынады.
Орман қорының жеріне салынатын салық орман пайдалану кезінде ағаш даярланып жатқан жерден, игерілу мақсаттағы іске асырылған ауданның бірін, басқа аудандарға солай салық салуға үлгі етіп ала отырып, орман пайдалану үшін төленетін төлемнің құрамына кіретін түбіршегіне қойылған ағаштың кесімді құнының 5 %-тік мөлшерімен қойылады.
Бүлінген немесе өнімділігі аз жерлерді ауыл шаруашылықтық мақсатта немесе иелікке алған Қазақстан Республикасының заңды және жеке тұлғалары алғашқы 10 жыл пайдалану кезінде, сонымен қатар жеке қосалқы шаруашылық жүргізу үшін, саяжай салуға, бау-бақша, оған қоса 0,25 га-ғы салынған құрылыстар алып тұрған жерді пайдаланатын тұлғалар салықтан босатылады. Кіріс салығына жеңілдік берілген жеке тұлғалар, сонымен қатар елді-мекендердегі жалпы пайдаланудағы жерлер, балалардың сауықтыру мекемелері, қорықтар, ұлттық дендрологиялық және зоологиялық парктер, ботаника бағы, зираттар, мемлекеттік табиғат қорғау органдары, тарихи және мәдени ескерткіштер, мүгедектердің ерікті қоғамы ДОСААФ, соғыс ардагерлері және есеп беру кезеңінде түскен кірісінің кем дегенде 50 %-ін мүгедектерді әлеуметтік жағынан қорғауға жұмсайтын, жұмысшыларының жалпы санының кем дегенде 50 %-ін мүгедектер құрайтын өнеркәсіптік кәсіпорындар мен ұйымдар жерге салық төлеуден бостылады. Дәл сондай жеңілдіктерді Қазақстан Ұлттық банкі мен оның бөлімшелері пайдаланады.
Жоғарыда аталған төлемдерден басқа топырақ құнарлығын төмендеткенде және жер бетін, жалпы жерді бүлдіргенде орнын толтыру мен айыптық төлемдер бар. Жерді бүлдіргені үшін орнын толтыру төлемінің шамасы оны қалпына келтіруге шыққан шғынмен анықталады, ал топырақтың құнарлылығын өзгерткені үшін төлемнің арнайы әдістемесі бар.