Шөл топырақтары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 08 Апреля 2014 в 19:36, реферат

Краткое описание

Құмды шөл өсімдіктері. Қазақстанның құмды шөлдерінің өсімдіктері бірқатар көп және әр түрлі болып келеді. Араларында қуыстары көп борпылдақ құмды топырақтан сутөмен қарай тез өтіп, тереңде тығыз тау жыныстарының үстінде жиналады; бұдан су өте алмайды.

Содержание

кіріспе

1. ҚАЗАҚСТАННЫҢ ТАБИҒАТ РЕСУРСТАРЫ...............................

1.1 Қазақстанның минералды-шикізат ресурстары.........................

1.2 Қазақстанның жер ресурстары................................................

1.3 Қазақстанның су ресурстары....................................................

1.4 Қазақстанның агроклиматтық ресурстары................................

1.5. Қазақстанның биологиялық ресурстары..................................

2. Табиғат ресурстарын пайдалану және оны пайдаланудың төлемдерін белгілеу әдістері

3. Табиғи ресурстарды тиімді пайдалану мен қорғау мәселелері

3.1. Минералды шикізат ресурстары мен жер қойнауларын қорғау............................................................................................................

3.2. Атмосфералық ауа мен климаттық ресурстарды қорғау

3.3. Су ресурстарын қорғау

қорытынды
пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Прикрепленные файлы: 1 файл

Дип.-ҚАЗАҚСТАННЫҢ-ТАБИҒАТ-РЕСУРСТАРЫ.doc

— 422.00 Кб (Скачать документ)

 

1.3. Қазақстанның    су   ресурстары

      Қазақстан  жер  региондарының  ішіндегі  сумен  аз  қамтамасыз  етілген  елдердің  қатарына  жатады.Сумен  қамтамасыздандыру  деңгейі  бойынша  ол  ТМД  елдерінің  ішіндегі  ең  соңғы  орынды  алады,  тіпті  Түркіменстаннан  кейін  тұр. Қазақстанның  жер  беті  сулар  қорының  (жер  асты  суларының  қоса  алғанда)  жалпы   мөлшері  жылына  89.5  текше  шақырымды  құрайды.Республикада  таза  ауыз  суды  тым  тапшылығы  байқалады.

       Қазақстанның  жер  беті су ресурстары түгел  дерлік  таусылған. Республиканың  су  шаруашылығы  мәселелері  тек  жер  беті  суларын  шектеп  пайдалану  және  жер  асты  суларының  ресурстарын  меңгеру  есебінен  ғана  шешілуі  мүмкін. Республикада  жалпы  су  пайдаланудың  9 % жер  асты  суларының үлесіне  тиеді , біздің  ойымызша , оны   25% дейін  көтеруге  болады.

      Жер  бетіндегі  және  жер  асты  суларының   Қазақстанның  геожүйелеріне  экологиялық  ықпалы  көп  жақты  сипатқа  йе. Ол өзен  жүйесінің жйілігі  және  су  қоймаларының  гидрологиялық  және  гидрохимиялық  режимі   арқылы  көрінеді. Өзендердің  бастаулары , су режимі , жылдық су  қорының  өзгермелілігі  және  т.б. гидроэкологиялық  факторлар  неғұрлым  маңызды  болып  табылады.Осы  факторлардың ішіндегі кейбіреулерінің экологиялық ролін қарастырумен шектелеміз. Олардың ішінде:

     өзен жүйесінің Қазкстанның үлкен, жазық бөлігінде тым әркелкі  орналасуы техногез өнімдерінің  геохимиялық миграциясы процестеріне  жағылуы ықпал жасамайды;

     Тянь-Шань, Алтай, Жоңғар Алатауы тау жүйелерінің өзен жүйесінің жиілігі және су бөгендерінің суы молдығы осында орналасқан өндірістік региондардың шегіне табиғи сулар мен топырақты ластаушыларды шығарып тас-тауға ықпал жасайды;

 Республика  территориясындағы  гидрологиялық  режимнің  Қазақстандық  типтегі  өзендердің  су  айналымы   су  қоймаларының  өзін -өзі  тазартудағы  маңызды  фактор  болып  табылады. Көктемдегі  су  тасқыны  өзенді   ластаушылардан  тазартуға  жағдай  жасайды, ал  судың  төмен  деңгейі  ( тіпті  тартылуы)   техногенез өнімдерінің  аккумуляциясына  ықпал  жасайды.

  Тянь-Шань  тауларында   кездесетін  Тянь-Шаньдық  типтегі  өзендер  жоғары  емес, жайылған  көктемгі- жаздық  қар  суымен және  деңгейінің  төмендігімен  ерекшеленеді. Мұндай  гидрологиялық  режим  су  қоймаларының  техногенез  өнімдерінің  өзін- өзі  тазалауына  әсер етеді.

 Төменгі  және  жайылыңқы  қөктемгі  сулармен  және  жоғарғы  жаздық-күздік  сулармен   ерекшеленетін  алтайлық   типтегі  өзендер  шаруашылыққа  пайдалануға  және  су қоймаларының  өзін-өзі  тазалауына  жағымды  ықпал  жасайды.

  70- тен астам  артезиандық   бассейндердің  болуы  Қазақстанның  альптік  региондары  қатарының  экономикалық  даму  мүмкіндіктерін  қамтамасыз  етеді. Алайда, жер  асты  суларын  минерализациялаудың  жиілігі  және  олардың  жоғары  дәрежеде   болуы  экологиялық  қысымды  тереңдететін  экологиялық  фактор  болып   табылады

      Судың  жиналу  режимі  мен  су  деңгейінің  толқуы, өзендердегі  сулардың  максималды  және  минималды  шығындарын  және  қоршаған   ортаның  экология  жағдайына  тікелей  әсер  ететін  басқа  да  гидрологиялық  факторлар  тығыз  байланысты.             

      Су  ресурстарын  қорғау және  рационалды  пайдалану  мәселесі  адамзат    үшін  өмірлік  маңызды  мәселе  болып  табылады.табиғаттағы  су  айналымының  арқасында  жердегі  су  ресурстары  таусылмайды.Алайда  планетамыздың  кейбір  бөліктерінде  табиғи  жағдайлардың  жағымсыз  болуына  байланысты  тұщы  су  ресурстары  жеткіліксіз.бұған  қазақстан  Республикасы  территориясының  басым  бөлігі  кіредіжәне  сондықтан  аридтік  және  семаридтік  климат  жағдайларына  су  ресурстарының  өте  тапшылығымен  сипатталады.

      Қазақстан  біздің  планетамыздағы  су  ресурстары  жетіспейтін  азғана  региондардың  қатарына  жатады. Ол  тұщы су  қорлары  бойынша  ТМД  елдері  бойынша  сумен  аз  қамтамасыз  етілген  елдердің қатарына  жатады.Бұл  территорияда  су  ресурстары  әркеркі  орналасқан  және  бастаулары   республика  шекарасынан  тыс  жерде  жатқан  транзиттік   өзендерден тұрады.

     Оңтүстік –шығыс    Қазақстанның  таулары  және  таулы жазыктары тұщы сумен көбірек қамсыздандырылған.      Республиканың басым бөлігінде адамдардың өндірістік әрекетінің, су көздерінің  және коммуналдық-тұрмыстық қалдықтарымен ластануының және басқа да себептердің нәтижесінде таза түщы суға деген тапшылық байқалады.     Қазқстанда 85 мыңнан астам өзендер мен уақытша су көздері бар. Олардың ішіндегі 10-ының 8 ғана ұзындығы 800 шақырымнан асады. Бұлар: Ертіс, Есіл, Тобыл, Орал, Сырдария ,Шу , нұра торғай  өзендері. Қазақстандағы  сегіз  мың  өзен  ғана   он  шақырымнан  ұзын.ірі  өзендердің  көпшілігі  (Орал, Ертіс , Сырдырия ,іле , Шу)  трансшекаралық  өзендер  болып  табылады. Және Қазақстанға шекаралас мемлекеттерден ластанған ағын әкеледі.

     Оңтүстік-шығыс Қазқстан тауларында 1673 ,9 шаршы шақырым ауданда мүздық бар.    Республика территориясында 47 мыңнан астам көл бар, олардың көпшілігі (8 мыңнан астамы) көктемгі қар суымен толады, ал жазда құрғап кетеді.  Қазақстандағы  жер  беті  суларының  көлемі  жылына  89,5  текше  метр  шақырымды  құрайды.Соңғы  жылдары    оның  көлемі  көрші мемлекеттердің шаруашылық қажеттіліктеріне жұмсалуымен байланысты біршама азайды. Нәтижесінде Сырдария өзенінің суы 19,8-ден  9,8 текше шақырымға, Іле өзенінің суы  жылына 17,9-дан 7,4 текше шақырымға дейін азайды. Осының бәрі Арал теңізі мен Балқаш көлінің  экологиялық жағдайына күшті әсерін тигізді.  

     Республикамыздың жерасты су ресурстарының мол екендішгін айта кеткеніміз жөн. Жер асты суларының анықталған қорлары  15,8 текше шақырымды құрайды, оның  2,6 текше шақырымы пайдаланылады.2 Бұл сулар өте минералды болғандықтан  және өте тереңде орналасқандықтан шаруашылық үшін пайдалануға қиындық туғызады.         Жерасты сулары  Қазақстанда пайдаланылатын су  мөлшерінің 8  пайыздан астамын құрайды. Болашақта олар республиканың су қажеттіліктерінің  25 пайызын қамтамасыз етуі мүмкін.3 Жерасты суларның бастаулары өте әркелкі орналасқан. Су қорларының  63 пайыздан астамы республиканың оңтүстік-шығыс бөлігінде  жатыр. Республикамызда анықталған жерасты суларымызддың  60 пайызының  16 пайызы ғана пайдаланылады. Осы мөлшердегі жерасты  суларының 52 пайызы  шаруашылық-ауыз су мақсатында, 22 пайызы техникалық мақсатта, 9 пайызы жер суғару үшін және 7 пайызы  жайылымдарды  суландыру үшін пайдаланылады, 69 қала, 4000 – нан астам елді-мекен, 100-ден астам өндірістік кәсіпорын жерасты суларымен қамтамасыз етілген, 90 мың гектарға дейінгі жерлер суғарылады.     Жерасты суларын пайдалану үлесі республикамызда анықталған қорлардың 15, 6 пайызын, ал жалпы табиғи суларды пайдаланудың 7, 5пайызын құрайды.

      Адамдардың шаруашылық қызметі Қазақстанның су ресурстарына  жан-жақты әсер етеді.Мұнай өңдейтін кәсіпорындардың өнірістік, ағын сулары, қара және түсті металлургияның  қалдықтары су ресурстарына  негативті ықпал жасайды, қалалардың коммуналдық тұрмыстық өалдықтары көптеген су бөгендерін  тұрмыстық   және техникалық мақсаттарға  паайдалануға жарамсыз етіп тастайды. Мұның үстіне судың тұнықтығы, түсі, температурасы  өзгеріске  ұшырыайды., жағымсыз дәм  мен иіс  пайда болады, құрамындағы оттегі төмендеп кетеді.

     Суды ластайтын химиялық қосылыстардың, әсіресе мұнай өнімдерінің өз-өзінен ыдырап кетуі қиын болғандықтан, су бөгендерінің өзін-өзі тазалау процесі ақыырын жүреді.   Тазаланбаған ағын суларды тастау олардың құрамында өндірістік құндылықтар болуы себепті үлкен эеономикалық залал әкеледі. осыған байланысты су ресурстарының тазалығын қамтамасыз ету кешенді түрде жүргізілуі  тиіс. Мысалы, «Қазақмыс» Балқаш АҚ-да  бұрын Балқаш көлін ластаған өндірістік сулардан 90 пайызға дейін мыс алуға мүмкіндік беретін  арнайы қондырғылар жасалған. Жезқазған қаласында  «Қазақмыс» АҚ-на  айналмалы сумен қамсыздандырылған, жергілікті су  бөгендеріне  лас өндірістік ағын суларды ңжіберілуін жоятын жабық өндірістік циклдер  енгізілген. Осы сияқты мысалдарды айта берсе болады. Сонымен қатар. Қазақстанның су ресурстарын пайдалану кезінде Қазақстанды қоршаған орта жағдайының катастрофалық немесе қиын жағдайын көптеген жағдайларда анықтайтын үлкен бұзылушылықтар байқалады. Концентрациялардың шекті  көрсеткіштері бойынша су сапасының гидрохимиялық  көрсеткіштері басты критерийлер  болып   табылады. Мұның үстіне ПДК  көрсеткіштері  әртүрлі болады: олар балық шаруашылығы, шаруашылық ауыз су және  коммуналдық тұрмыстық су пайдаланатын су  бөгендеріне арналған.  Аталған шаруашылық обьектілерінің су сапасына қоятын  талаптары да  әртүрлі. 

      2000 жреспублика  бойынша  микробиологиялық  көрсеткіштер  бойынша  гигиеналық  нормативтерге  сәйкес  келмейтін  ауыз  су  сапасы -10 пайызды  құрады . Алайда  кейбір  аудандарда  (Қостанай, Павлодар  облыстары) судың  сапасы  бұдан  да  төмен  болады.    тәжірибеде  өндірістік  және  тұрмыстық  суларды  механикалық  ,химиялы, және  биологиялық  тазалау  қолданылады.Өкінішке  орай  тазалау  құрылғыларын  жүйесін  жетілдірілмегендігіне  олардың  қайтадан  шығып  қалуына  және  басқа  да  себептерге  байланысты  су  бөгендеріне  көп  мөлшерде  зиянды  заттар  келіп  түседі. Тұрмыстық  ағын  сулар  суландыру  және  фильтрация  егістіктерінде   тазартылады.Мұнда  олар  микроағзалар  мен  күн  радиациясының  ықпалына  ұшырайды.Су  буланғаннан  кейін  егістіктер  жыртылып, ол  жерлерге  ауылшаруашылығы  дақылдарға  егіледі. Су  ресурстарын  рационалды  пайдалану  және  қорғау  қағидалары:

  • өзендер  мен  көлдердің  ағын  сулармен  ластанудың  алдын  алу
  • жер  беті  суларын  прогрессивті  су  қорғау  технологияларына  негізделген  үнемді  пайдалану
  • айналымдық  су  пайдалану  және  сумен  қамсыздандыру  технологияларын енгізу
  • тазаланбаған  өндірістік  және  комуникалдық-тұрмыстық  ағын  сулардың  келіп  түсуін  болдырмау  үшін  прогрессивті  технологиялар мен  тазалау  құрылғыларын  енгізу
  • ауылшаруашылығында  суды  пайдалану  нормаларын  қысқарту
  • жерасты  суларын  үнемді  пайдалану
  • термалды,минералды сулар  мен  батпақтарды  өндірістік  және  радиациялық  мақсаттарға  кеңінен  пайдалану.

 

1.4. Қазақстанның агроклиматтық ресурстары

            Қазақстанның  ірі  19   қалаларындағы  атмосфералық  ауаның  ластану  жағдайы «Казгидролит» РГП –ның   2000 ж  бақылауларының  негізінде  сипатталады.Бұл  кезеңдегі  Қазақстан  қалаларының  атмосфералық   ауасындағы  зиянды  заттар  өте  жоғары  дәрежеде  деп  бағаланады.Формальдегидтің  орташа  жылдық  концентрациясы   3 ПДК –ден  , фенолдікі   2 ПДК –ден, шаң–тозаң мен  азот диоксидінікі  1ПДК –ден  жоғары.

              Қазақстан  қалаларының  ауа  бассейнін  ластаушы  көздер:формальдегид,фенол , азот диоксиді , көміртегі  оксиді , хлорлы  сутек , күкіртті  сутек  және  шаң–тозаң .Бұл  заттардың  орташа , кейде жоғарғы  концентрациялары  ПДК –ден  15 есе  артық  болып  отырады.адамдардың   денсаулығы  үшін  экологиялық  қауіптілік  дәрежесін  осы  заттар  туралы  қысқаша  мәліметтер  сипаттайды.

Қазақстан  территориялары  бойынша  Өскемен  қаласында  ауа  бассейндерінің   ластану  дәрежесі  жоғары  болып  табылады.Бұдан  басқа  өндірістік  кәсіпорындардың  қалдықтарының  нәтижесінде  Лениногорск , Шымкент , Ақтөбе  қалаларында  және  автокөліктердің  атмосфераны  ластау  нәтижесінде  Алматы  қаласында  ауа  бассеині  ластанған.ауаның  неғұрлым  тозаңдануы  Жезқазған  қаласында , Шымкент және Ақтау  қалаларында  байқалады.Қазақстанның  көптеген   қалаларында  формальдегидридтің , азот диоксидінің  фенолдың ПДК–дан  орташа  асқаны  байқалады.

         Тұтасымен  алғанда ,  берілген  мәліметтер  Қазақстанның  ірі  өнеркәсіп  орталықтары  бойынша  АЛИ  көрсеткішінің  өсіп  келе  жатқандығын  сипаттайды.Көптеген  қалалар  мен  өнеркәсіп  орталықтары  ауа  бассейнінің  ластануының  басты  себебі  автокөлік  құралдарының  қызметімен  байланысты.

            Атмосфера  ластануының  алдын  алу  көптеген  шаралардың  өткізілуімен  байланысты. Олардың  ішінде  барлық  өндірістік  кәсіпорындарын  тазалау  құрылғыларымен  жабдықтауды, атмосфераға  зиянды  заттардың  қалдықтарын  тастауды  жоятын  немесе  төмендететін  жаңа  экологиялық  құрылғыларды  жетілдіру  және  оларды  өндірістік  кәсіпорындарға  енгізуді  атап  өтсе  болады.

Қалалар  мен  өндірістік  орталықтардағы  атмосфераны  таза  ұстауда  жасыл  өсімдіктер  маңызды  роль  атқарады.Атмосфераның  ластауына  қарсы  тұратын  өсімдіктерге  ақ  акация , тал , американдық  клею  және  т. б. Жатады. Бұл  ағаштарды  жасыл  қорғаныш  зоналарын  жасау  кезінде  ұсынған  жөн.

Атмосфералық  ауаны  қорғаудың  міндеті  Қазақстандағы  климат  глобальды  өзгеру  процестерімен  тығыз  байланысты  үлкен  мәселелерді  шешу  болып  табылады.Оларға  мыналар  жатады:

–парник эффектісі  мәселесі

–қышқылдық  жауын–шашын  мәселесі 

–озоносфераның  бұзылу  мәселесі

–космостық  апаттарды  ұшырумен  байланысты  атмосфераның  бұзылу  мәселесі  және т.б.

Ғарыштық  аппараттарды  нәтижесінде  атмосфераның  ластануы.Ракета  двигателдерін  сынақтан  өткізу  және  «Протон» сияқты  ғарыштық  аппараттарды ұшыру  жер  атмосферасының  жоғарғы  қабатының  бұзылуына  әкеп  соғады.Ол  жер  режимінің  ,ауа  ылғалдылығының  өзгеруі  сияқты  ауа –райы  режимінің  жекелеген  параметрлерінің  ракетаның  ұшу  траекториясына  жақын  жерде  уақытша  (2-3күн) бұзылуынан  көрінеді.Алайда ,Қазақстан  территориясындағы  «Байқоңыр» космодромынан  ластануында  қандай  да  болмасын  мәнді  бұзылулар  байқалмайды.

Информация о работе Шөл топырақтары