Орталық Қазақстан

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 11 Октября 2013 в 20:59, реферат

Краткое описание

Орталық Қазақстан өңірі өзінің табиғи географиялық жағдайы мен орналасуына байланысты ежелгі қазақ тарихында ерекше орын алады. Археологиялық зерттеулердің нәтижесінде бұл аймақты ежелден алғашқы адамдардың мекендегені анықталған. Бұл уакыт тарихи дәуірлеу бойынша б.з.б. 5-3 ғ-лар аралығы.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Орталық Қазақстан.doc

— 334.50 Кб (Скачать документ)

Орталық Қазақстан

Орталық Қазақстан  — Қазақстан Республикасының  құрамындағы экономика-географиялық аймақ.

Алғашқы қауымдық кезең

Орталық Қазақстан  өңірі өзінің табиғи географиялық жағдайы  мен орналасуына байланысты ежелгі қазақ тарихында ерекше орын алады. Археологиялық зерттеулердің нәтижесінде бұл аймақты ежелден алғашқы адамдардың мекендегені анықталған. Бұл уакыт тарихи дәуірлеу бойынша б.з.б. 5-3 ғ-лар аралығы. Олар негізінен терімшілікпен, аңшылықпен, сонымен қатар балықшылықпен де косымша айналысқан. 15-25 адамнан тұратын алғашқы адамдар қауымдық тобырларды құрады, Қазақстан аумағында өмір сүрген алғашқы адамдар патекантроптың замандастары еді. Олар отты пайдалануды, мамонт сүйегінен, мал терісінен карапайым үй салуды үйренді.

Орта ғасыр

Б.з. 6 ғасырында Орталық Қазақстан Түрік қағанатының кұрамына енді. 603 жылы Түрік қағанаты екіге бөлініп, Батыс Түрік қағанаты Жетісу мен Орталық Қазақстан аумағын қамтиды. Тарихи деректер бойынша 7 ғ-дың екінші жартысында Батыс Түрік қағанатының ішіндегі ең күшті тайпалық одақ — қимақтар Ертіс өзенінен Сыр, Шу бойына дейінгі аралықты мекендейді. 9 ғ-да Қимақ қағанаты жеті тайпадан тұрды, оларға: қимақ, ланиказ, аджлад, эймур, баяндур, татар, қыпшақтар жатады. Ал 10 ғ-да осы тайпалардан қыпшақтар алдыңғы қатарға шығып, Қыпшақ хандығын кұрды. 10 ғ-дың аяғында қыпшақтар Сыр бойындағы оғыздарды ығыстырды, Қазақстаннын түгелге жуык жеріне билігін жүргізіп, Дешті-Қыпшақ деп аталды. 11-12 ғғ-да қыпшақтар екіге бөлінді, он қанаты Торғай даласын, Жем, Жайық, Еділ бойын жайласа, сол қанаты Орталық және Шығыс Қазақстанды мекендеді. Қыпшақ хандығының алғашқы орталығы Ертіс өзенінің орта ағысыңда болса, кейіннен Сыр бойындағы Сығанақ қаласына ауысты. Қыпшақ мемлекетін хан баскарды, олардан баска билеушілер катарына тархандар, бектер, басқақтар жатады. Орталық Қазақстан шаруашылығы көшпелі мал шаруашылығына негізделді. Мал жаз айларында Сарыарқаның кең даласын жайласа, қыста тау шатқалдарына, ықтасын жерлерге оралып отырды. Орта ғасырда Сарыарқа аркылы Ұлы Жібек жолының бір тармағы өтті, ол Қарқаралы, Ұлытау, Жезқазғанды басып өтіп, батысқа беттейді. Осы өңірде мыс, темір рудасы балқытылып, олардан еңбек кұралдары, қару-жарақтар жасалған. Оған дәлел Қарқаралы маңындағы Кент, Суықбұлақ мекендері, Темірші, Кентөбе кен орыңдары, Жезқазғандағы Милықұдық қонысы мен осы өңірдегі мыс және темір өндірген ежелгі кен орындары. Қытай өзені Хуанхэден Дунайға дейін созылған Ұлы Еуразия даласы адамзат тарихы бойында тек Батыс пен Шығыс арасындағы жалғаушы ғана емес, көптеген халықтардың ұлы бесігі болды.

Табиғат жағдайы

Наурызым қорығы

Ауданның құрамы:

Қарағанды облысы

Ауданы 428 мың  км²

Халқы 1339 мың адам

Орташа тығыздығы:3,1 адам/км²

Орталық Қазақстан - республикамыздағы су жетіспейтін  аймақтардың бірі, теңіздерден қашық  жатуымен бірге ірі езендері де жоктың қасы. Бірақ минералды ресурстарға  бай аймақтың бірі.Сарыарқа жері пайдалы  казбалардың көмбесі десе де болады. Мұнда- көмір, темір кені, мыс, марганец, алтын, күміс, мұнай жөне т.б.пайдалы қазбалар кездеседі. Орталық Қазақстанның экономикалық-географиялық жағдайынын. қолайлылығы орталықта орналасуында, яғни барлық экономикалык аудандармен шектеседі. Пайдалы казба кен орындарына жақын орналасқан, аумағы транзит жолының үстінде және көлік қатынасы жақсы дамыған.Аудан шекарасының басқа республикалармен шектеспеуі ауданның сыртқы байланысының дамуына, ал климатының куаң болуы ауыл шаруашылығын өркендетуге қолайсыз әсер етеді.Климаты шұғыл континенталды, қысы суық, боранды желдер жиі болып тұрады. Жылдық түсетін жауын-шашын мөлшері шамамен 250 мм. Вегетациялық кезеңнің ұзақтығы 160 күн. Осындай агроклиматтық жағдай ауыл шаруашылығының салаларын дамытуға кері әсерін тигізуде.

Табиғат ресурстары

Орталық Қазақстанды  минералды ресурстардың қазынасы десек  те болады. Бұл ауданда пайдалы  казбалардың алуан түрі және үлкен  қоры шоғырланған. Жер койнауындағы көмірдің мол қоры Қарағанды көмір  алабында орналасқан. Сонымен бірге 100% кокстелетін көмір де осында. Мыс кен орындары Балқаш маңы мен Жезказғанда, марганецтің 100%-ы Атасу жөнө Жезді кен орындарында шоғырланған. Сонымен бірге мұнда сирек металдар да кездеседі. Вольфрам мен молибденнің негізгі кен орындары Жоғары Қайрақты, Көктенкөл, Солтүстік Қатпар,Қараоба және Оңтүстік Жауырда орналасқан. Оңтүстік Торғай мұнай газ алабында мұнай мен газдың 3 кен орны анықталып, барлау жұмыстары жүргізілді. Соныменбірге кенсіз пайдалы қазбалардың қоры анықталып, әсіресе құрылыс материалдары көптеп шоғырланған. Аудан жеріндегі пайдалы қазбалардың ерекшелігі - олардың бір-біріне жақын орналасуында.

Су ресурсы

Орталық Қазақстанның оңтүстік шығысында Балқаш көлі орналасса, қалған аумағында (Қарасор, Қыпшақ және т.б.) ұсақ көлдер кездеседі. Олардың дені ащы көлдер.Судың жетіспеуі өнеркәсіп жөне ауыл шаруашылык салаларын дамытуға кедергі болуда. Сумен камтамасыз ету үшін Ертіс - Қарағанды - Жезқазған су қоймалары және канал салынды.

Орман ресурсы

Орталық аудан  орман ресурсына тапшы аудандардың бірі, негізгі ормандары суды қорғауда және рекреациялық мақсатта маңызды рөл атқарады. Негізгі ағаш түрлері - қарағай,қайың жөне көктерек. Табиғаттың әсем жерлерін сақтау максатында Қарқаралы ұлттық паркі ашылған.

Халқы

Орталық Қазақстанның халқы ұзақ уақытқа дейін аз қоныстанған аудан ретінде белгілі болатын. Ұлы Отан соғысына дейін және тың жерді игеру кезінде Кеңес өкіметінің батыс аймақтарынан славян ұлт өкілдері келіп коныстана бастады. Соның нөтижесінде славян халықтарынын, саны көбейді. Қазіргі танда Орталык Қазақстанда 115 ұлт өкілінен 1,3 млн адам тұрады.Ауданның 11 каласында 1 134 мың адам тұрады, оның 453 мыңы Қарағанды қаласында (жалпы аудан халқының 34%). Екінші орында Теміртау қаласы (170 мың), республикамыздағы ең жоғары урбандалған экономикалық аудан (85%).Ауыл халкы біркелкі орналаспаған. Халықтың тығыз орналасқан аймақтарына - ауданның солтүстігі, өзен алаптары, ірі темір жол тораптары жөне су қоймаларының маңы жатады. Жұмыссыздық санының мөлшері қазір 6,9%-ды құрайды. Экономикалық, белсенді халықтың үлесі — 70%.Соңғы кездерде білім және денсаулық саласына бөлінетін қаржы көлемі 1,5 есеге көбейді.

Өнеркәсібі

Орталық Қазақстан - республикамыздағы ірі индустриалды аудандардың бірі. Жалпы ауданның аймақтық өнім шығарудағы үлесі 9%-дан астам. Кен орындарының барланған қоры - отын, электр куаты, металлургия өнеркәсібін дамытуға мүмкіншілік береді.Ауданда ірі тау-кен металлургия кешені калыптасқан. Оның құрамына тау-кен өндірісі салалары мен кара және түсті металлургия кәсіпорындары, көмір өнеркәсібі кіреді. Аудан экономикасында отын өнеркәсібі маңызды рөл атқарады. Мемлекетіміздің маңызды көмір базасына Қарағанды тас көмір алабы жатады. Онда республикада өндіретін тас көмірдің 32%-ы ендіріледі.Қара металлургия өнеркәсібінің дамуы Теміртау каласындағы толық циклді комбинатқа байланысты. Комбинатта шойынның 100%-ын, болаттың 97%-ын шығарады. Қуаттылығы жөнінен ТМД көлеміндегі металлургия кәсіпорындарының арасында 7-ші орында.Түсті металлургияда карқынды дамығаны мыс ендіру саласы,бірақ басқа да түсті металдардың коры аз емес. Ірі тау-кен металлургия комбинаты Жезқазғанда (Қазакстандағы ірі комбинат) және Балқашта салынған. Бұл жерде өндіру, байыту және шақпақталған мысты алу кешенді түрде дамыған. Мыстың мұндай түрі тек Орталық Қазақстанда шығады Орталық Қазақстан аумағында Қарағанды-Теміртау АӨК және Балқаш-Жезқазган өнеркәсіп тораптары орналасқан. Бір-бірімен жоғарғы электр желісі арқылы және темір жолмен байланысады.Қарағанды- Теміртау АӨК (ең қуаттысы) көмір өнеркәсібінің негізінде қалыптаскан. Орталығы Теміртау қаласындағы Қарағанды металлургия комбинаты. АӨК-нің құрамына өнеркөсібі дамыған Абай, Саран, Шахтинск калалары, қала типтес Долинка, Шахан, Топар жөне т.б. кенттер кіреді.Бұл кешенде металды көп кажет ететін машина жасау және негізгі химияның салалары дамыған.АӨК-ні сумен Ертіс - Қарағанды каналы жөне Нұра су қоймасы камтамасыз етеді.Балқаш және Жезқазган өнеркәсіп тораптары, толық циклді мыс өнеркәсібінің дамуына байланысты қалыптасқан тау-кен байыту комбинаты (оның құрамына кен орны, карьер, байыту фабрикалары, мыс балқыту зауыттары) жұмыс істейді.Орталык Қазакстанның өндіріс салалары көбінесе қоршаған ортаға қолайсыз әсер етеді. Зиянды калдықтарды азайту үшін кәсіпорындар өнімдерінің калдығын химия өнеркәсібінде пайдаланады. Жезқазған және Балқаш қалаларында күкірт кышқылы өндірілсе, Теміртау қаласында азот тыңайткышы, тас көмір шайыры,бензол шығарылады.Қожды құрылыс материалы ретінде және цементке қосуға пайдаланады.Күкірт қышқылын өндіруден Орталык Қазақстан Шығыс Қазақстаннан кейін 2-ші орында.

Электр қуаты  саласы

Электр қуаты  саласында жылу электр стансалары негізгі  рөлді атқарады. Қарағанды МАЭС-і  жәнө Теміртау, Балқаш ЖЭО-ы орталық  ауданның көсіпорындарын, сонымен бірге  оңтүстік экономикалық ауданының кейбір кәсіпорындарын электр куатымен қамтамасыз етеді

Машина жасау  саласы

Машина жасау  өндірісі көмекші салалардың рөлін  атқарады . Қарағанды тау-кен жабдығы  машина зауыты - металлургия кәсіпорындарына  арналған тау-кен шахта құрал-жабдықтарын  шығарады. Сондықтан да ауыр өнеркәсіп Орталық Қазақстанда жетекші орынға ие.Ауыр өнеркәсіп салаларының кешенін толықтырушы кәсіпорындарға жеңіл жөне тамақ өнеркәсібі жатады. Жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындары тігін, токыма, аяқ киім бұйымдарын шығарады. Көлік түрлеріне келетін болсақ, негізгі рөлді темір жол атқарады. 1930 жылдары салынған Астана - Қарағанды - Мойынты - Шу темір жолы тек орталықтың емес, солтүстік ауданның да отын өнеркәсібін және басқа салаларын дамытты. Осы темір жол магистралінен бөлініп кен орындарына тартылған (Жезказған, Қаражал, Теміртау,Балқаш, Саяқ) жолдар түсті және қара металлургияның дамуына түрткі болды.Темір жолмен катар автомобиль жолдары да жақсы дамыған. Автомагистральдар аудан ішіндегі және көршілес аудандардың ірі өнеркәсіп орындарын (Қарағанды - Теміртау,Қарағанды - Балқаш - Алматы) байланыстырады.

Ауыл шаруашылығы

Ауыл шаруашылығының салаларын дамытуға ауданның солтүстік  бөлігі қолайлы. Негізінен астық  тұқымдастардан жаздық бидай, арпа, тары, техникалық дақылдардан күнбағыс және бау-бақша мен картоп егіледі. Сонымен бірге ірі қара, жылқы, кой, шошқа өсіріледі.Ауданның оңтүстігіндегі жерлер тек кана мал жайылымына жарамды. Әсіресе қой бағылады. Орталық Қазақстан ауыл шаруашылық өнімдерімен өзін-өзі толық қамтамасыз ете алмағандықтан сырттан әкеледі.Ауыл шаруашылығына, әсіресе солтүстігіндегі тыңайған жерлерге жел эрозиясы үлкен зиян келтіріп отыр.

Экологиялық проблемалары

Республика  аймағында бірнеше ірі экологиялық  қолайсыз аймақ болса, соның бірі - Қарағанды облысы (орталық аудан). Экологиялық тепе-тенсіздіктің негізгі көзі: ауаның, судың және топырақтың ластануы өнеркәсіп қалдықтарының әсерінен және аумағының Семей полигонына жақын орналасуынан. Көптеген пайдалы қазбалардың кен орындарында тиісті экологиялық талаптарды орындамай пайдаланғаннан кейін ашық күйінде тастап кеткен немесе істен шығарылған. Бұл да қазіргі кезде қоршаған ортаға өз зиянын тигізуде.

Қалалары

Аудандағы қалалардың дені өткен ғасырдың 1930-1940 жылдары  салынған. Қалалар пайдалы казбалардың  игерілуіне байланысты пайда болды. Кейіннен зауыт-фабрикалар салынды.

Қарағанды (453 мың  адам). Мемлекетіміздегі жас калалардың бірі, бірак экономикалық өлуеті жағынан  республикамыздағы жетекші қалалардың қатарында. Халық арасында Қарағанды  «Кеншілер (шахтерлер) қаласы» деп  аталады. Тарих тұрғысынан қарасақ алғашқы елді мекен 1,5 ғасыр бұрын көмір кенін игеруге байланысты пайда болған екен.

Теміртау (170 мың  адам) - Қарағандының серіктес қаласы. Қаланың тарихы 1905 жылдан басталады. Нүра өзенінің сол жағалауында алғашқы  көшіп келгендер орналаса бастады.

Балқаш (74 мың адам) — Балқаш көлінің солтүстік жағалауындағы өнеркәсіпті кала. Қалада республикамыздағы ең ірі кәсіпорындардың бірі - Балқаш мыс комбинаты бар. Қала 1937 жылы мыс балқыту зауытының салынуына байланысты іргесі қаланған маңызды түсті металлургияның орталығы. Комбинат мыс және күкірт қышқылын шығарады.

Жезқазған - мемлекетіміздің  негізгі мыс балкыту орталығы болып есептеледі. Мұндағы кен  байыту фабрикасы мен мыс балқыту  зауыты мыстан басқа республикамыз  бен ТМД елдерінің зауыттарына  қажет корғасын концентратын шығарады.Мыс балқыту өнеркәсібінен баска к􀀅рылыс кәсіпорындары,

тоқыма, тігін  фабрикасы жөне ет комбинаттары жұмыс  істейді.

 

Батыс Қазақстан

Батыс Қазақстан  аймағы — Орталық пен Оңтүстік Қазақстан және Орта Азия мемлекеттерінің  қақпасы болып табылады. Ол республиканың солтүстік-батысында орналасқан. Бай табиғи ресурстар, қолайлы географиялық мекен, Ресей қалалары мен өзге мемлекеттер арасындағы дамыған экономикалық байланыстар сыртқы экономикалық ынтымақтастықтың дамуына көп септігін тигізеді.

Батыс Қазақстан  құрамына Батыс Қазақстан, Атырау, Маңғыстау  және Ақтөбе облыстары кіреді. Бұл  аймақ Республиканың ең шалғай батысы мен оңтүстік батысында орналасқан. Оның аумағы солтүстіктен оңтүстікке 1200 км-ге дейін, ал батыстан шығысқа 1300 км-ге дейін созылады.

Үлкен өзендер  – Жайық пен Ембі. Үлкен көлдер – Индер, Аралсор, Қамыс-Самарские. Каспий теңізі бұл аймақта ең маңызды  рөл атқарады. Мұнай шығару 100 жылдан бері дамып келеді. Атырау қара уылдырықты дайындау және сақтау орталығы болып  табылады. Бұл жердің климаты - қатаң континенталды, құрғақ.

2000 жыл бойы  Ұлы Жібек Жолы бүкіл Маңғыстау  аймағынан өткен. Қазіргі таңда  бұл жол туристердің қызығушылығын  туғызуда. Әдемі табиғат көріністері  пен Үстірт қорығының әр түрлі  жануарлары, Маңғыстау жеріндегі көптеген ерекше тарихи және мәдени ескерткіштер, Каспий жағалауының көркем көріністері туристердің айрықша қызығушылығын туғызатыны сөзсіз.

Информация о работе Орталық Қазақстан