Мектеп жасына дейінгі балалардың ақыл-ой тәрбиесінің әдістемесі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Января 2015 в 07:15, курсовая работа

Краткое описание

Зерттеудің өзектілігі. Ақыл-ой тәрбиесін жүргізу барысында мұғалімдер балалардың жеке ерекшеліктерін ескеріп отырулары тиіс. Кейбір балаларда дарындылықтары бір салада жақсы байқалса, басқаларыныкі – басқа салада байқалады. Жас ерекшеліктері бірдей болсада балалар арасында тез немесе өте баяу жұмыс жасайтын, ойлау, есте сақтау мүмкіндіктері және меңгерген теориялық материалды қайта айтып беру кабілеттері әр-түрлі балалар кездеседі.

Содержание

Кіріспе..................................................................................................................

1Мектеп жасына дейінгі балалардың ақыл-ой тәрбиесінің теориялық негіздері
1.1Мектеп жасына дейінгі балалардың ақыл-ой тәрбиесінің зерттелуі.............................................................
1.2 Мектеп жасына дейінгі балалардың ақыл-ой тәрбиесінің маңызы............

2 Мектеп жасына дейінгі балалардың ақыл-ой тәрбиесінің әдістемесі
2.1 Мектеп жасына дейінгі балалардың танымдық қызығушылығын қалыптастыру.................................................
2.2 Мектеп жасына дейінгі балаларды ақыл - ой тәрбиесі арқылы дербестікке тәрбиелеу...........................................................................................................

Қорытынды ......................................................................................................
Пайдаланылған әдебиеттер......................................

Прикрепленные файлы: 1 файл

ақыл ойдың мақсаты мен міндеттері.docx

— 50.39 Кб (Скачать документ)

 

 Ақыл-ой тәрбиесінің  міндеттері де осыған шығады. Олар:

 

 — ойлау  іс-әрекетінің шарты болатын білім  қорын жинау;

 

 — негізгі  ойлау операцияларын меңгерту;

 

 — зиялылық  біліктерді қалыптастыру;

 

 —  дүниетанымды  қалыптастыру;

 

 Аталған міндеттерге  жеке-жеке тоқталайық.

 

 Білім қорын  жинау. Оқушыға зиялы белсенді  іс-әрекетке қажетті ақылдың бірде-бір  құнды сапасы жүйеге келтірілген  білімдер қорынсыз дамуы мүмкін  емес. Көп жағдайда білімдер көлемін  беру ұғымын қарастыра отырып  қараймыз. Білімдер көлемі қоғамның  мәдени дамуының деңгейімен сипатталады. Олай болса білім көлемі ұғымы  салыстырмалы ұғым.

 

 Өмірге жолдама  алушы жастың білімдерінің ауқымы  өз бетімен білім алуға негізделген  білім беру бағдарламаларымен, болашақ  кәсіптік дайыңдығының сырымен  анықталады. Белгілі бір білім  қорын жинау ең алдымен нақты  оқу материалын меңгеруді қажет  етеді. Мұның құрамына деректер, атаулар, белгілер, адамдар мен заттар  аттары, атаулы күндер, ережелср, заңдар, заңдылықтар, формулаларда бейнеленетін және араларыңдағы байланыстары мен тәуелділіктері бар жалпы, жеке, нақты, абстрактілі түсініктер кіреді. Сонымен қатар білімдерге сол білімдерді қолдану ауқымы мен тәсілдерді білу, оларды пайдалану әдістерін игеру, әлем жөніндегі ғылыми ұғынуының жалпы жүйесіндегі білімнің әрбір бөлігінің орнын түсіну де жатады.

 

 Білім қорын  жинаудың жоғары деңгейіне жетуде  оқушының жеке мақсаттылығы үлкен  роль ойнайды. Оқушының мақсаттылығы  алдына қойған мақсатпен оны  танымдық іс-әрекетке итермелеуші  себептермен оқу біліктерін берік  меңгерумен байланысты. Яғни, оқу  материалын игеру жолындағы біліктері, зиялы жігерге және ұзақ зиялы  іс-әрекетке дағдылану қажет.

 

 Ақыл-ой дамуы  және ойлау білігі негізгі  ойлау операцияларын меңгеруді  қажет етеді. Негізгі ойлау операцияларына  ғылымда белгілі анализ, синтез, салыстыру, классификация (топқа жіктеу) жатады.

 

 Анализ дегеніміз  бүтінді бөліктерге ойша жіктеу  немесе бүтіннің жеке қасиеттерін  ойша бөлу болып табылады.

 

 Синтез —  заттың бөліктерін ойша үйлестіре  біріктіру немесе құбылыстардың  жеке жақтарын, олардың белгілері  мен қасиеттерін біріктіру. Анализ  бен синтез біріне-бірі қарама-қайшы  ойлау операциялары болғанымен, олар бір-бірімен үздіксіз байланыста  болады.

 

 Белгілі бір  сабақтастықта нақты белгілі  немесе бірқатар белгілер бойынша  олардың ұқсастықтарын немесе  айырмашылықтарын анықтауды салыстыру  деп аталады. Салыстыру - жинақтаудың  қажетті алғы шарты.

 

 Араларындағы  ұқсастық немесе айырмашылыққа  тәуелді заттар немесе құбылыстарды  топтарға ажыратуды жіктеу деп  атайды.

 

 Негізгі ойлау  операцияларын тұтас педагогикалық  процесте меңгеру және нәтижелі  қолдана білу мұғалімнің шеберлігін, біліктілігін, білімдарлығын көрсетеді.

 

 Оқушылардың  зиялылық іскерлікті меңгеруінің  оқу және тәрбие жұмысындағы  алатын орны бөлек. Мысалы, оқу  еңбегі нәтижелі жүру үшін  оқу іс-әрекеті іскерліктерінің  тобын оқушылардың меңгеруі өте  қажет.

 

 Жалпы оқу  іс-әрекеті іскерліктерінің қатарына  оқу, тыңдау, өз ойын ауызша баяндау, жазу, кітаппен жұмыс жатады. Іскерлік  әр түрлі пәндер және сыныптар бойынша сабақтарда қолданылады. Іскерлік деп алған білім негізінде шәкірттердің практикалық әрекетінің іске асырылуын атайды. Мысалы, сауатты жазу үшін грамматикалық ережелерді білу, жазу және сөйлеу техникасын меңгеру. Ал сауатты оқи білу — сөздердің, дыбыстардың, дауыс ырғағының дұрыс айтылуы, мәнерлеп оқу.

 

 Жалпы оқу  іскерліктерін оқушыларға үйрету, олардың білім саласында теориялық  сауаттылығының деңгейін көтеру  болып табылады. Ал бұл мәселе  мұғалімнің әдіскерлігіне, ғылыми  педагогикалық сауаттылығына байланысты.

 

 Ақыл-ой тәрбиесіиің  тағы да бір маңызды міндеті  оқушылардың ғылыми дүниетанымын  қалыптастыру болып табылады. Мұның  негізінде әлем танымдылығын  түсіну, табиғат пен қоғам дамуының  заңдарын ұғыну. Жннақты етіп  айтсақ, оқушылар барлық пәндерді  оқу процесінде негізгі дүииетанымдық  жұмыстарды бекітеді, баянды етуге  талаптанады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ақыл-ой тәрбиесінің мақсаты-балалардың ақыл-он күштерін және интеллектуалдық қабілеттерін дамьпу. Жеке тұлғаның адамзат мәдениетіне ену процессінде білімнің ролі, ақыл-ой мәдениетінің құрамды бөлігі ретінде қарастырылатын тұлғаның ғылыми көзқарасы өте өзекті. Ақыл-ой тәрбиесі барысында балалардың танымдық қызығушылықтары, логикалық ойлау, есте сақтау, зейін қою, елестету қабілеттері, икевділіктері мен дарындылықтары дамиды.

 Ақыл-ой тәрбиесінің  міндеттері:

- танымдық қызығушьшықты дамьпу;

- танымдық белсенділікті қалыптастыру;

- белгілі білім көлемін меңгеру;

-ғылыми көзқарасты қалыптастыру;

-ақыл-ой күштерін, қабілеттерін дамыту;

-ғьшыми ақпараттар ағысында өз бетінше білім алуға ынталандыру.

 Ақыл-ой тәрбиесі ғылымдар  негіздерін, өндірістің ғылыми принциптерін  зерттеуді қарастырады. Ақыл-ой тәрбиесі  білімді тереңдетуге, бекітуге, оның  тәжірибелік мәнін түсінуге септігін  тигізеді.

Ақыл-ой тәрбиесін жүргізу барысында мұғалімдер оқушылардың жеке ерекшеліктерін ескеріп отырулары тиіс. Кейбір балаларда дарындылықтары бір салада жақсы байқалса, басқаларыныкі- басқа салада байқалады. Жас ерекшеліктері бірдей болсада балалар арасында тез немесе өте баяу жұмыс жасайтын, ойлау, есте сақтау мүмкіндіктері және меңгерген теориялық материалды қайта айтып беру кабілеттері әр-түрлі оқушылар кездеседі.

 Адамгершілік тәрбиесі - тұлғаның әлеуметтік ортада тіршілік етуіне қажетгі қоғам талабына сай балалар бойында тұрақты моральдык касиетгерді, нормалар мен адамгершілік идеалдарды, жалпыадамзаттық құндылықтарды, адамгершілік қасиеттерді үйрету және қалыптастыру.

Адамгершілік тәрбиенің мақсаты - жалпы адамзаттық құндылықтарға негізделген тұтас адамгершілік тұлғаны қалыптастыру.

 Адамгершілік тәрбиесінің  міндеттері мен мазмұны мораль, этика, адамгершілік, адамгершілік  ұғымдар, түсініктер, сезім, әдептілік, өзін-өзі ұстау мәдениеті деген  ұғымдармен тығыз байланысты  болады. Адамгершілік тәрбиесінің  бір ерекшелігі оның оқушылардың  іс-әрекеттерінің кез келген түрімен  байланысты болуында.

 Адамгершілік тәрбиенің  міндеттері:

- адамгершілік сана-сезімді қалыптастыру;

- адамгершілік сезімдерді тәрбиелеу және дамьпу;

-адамгершілік мінез-құлықтың әдеттері мен іскерліктерін қалыптастыру;

- адам санасында оның қоғаммен байланыстылығын, қоғамға тәуелділігін, қоғам мүддесіне өзінің мінез-құлқын сай болу қажеттілігін қалыптастыру;

- қоғамның адамгершілік идеалдарымен, талаптарымен таныстыру, олардың заңдылығы мен парасаттылығын дәлелдеу;

- өзін-өзі тәрбиелеуге, өзін-өзі жетілдіруге талпынуды қалыптастыру.

 Адамгершілік адамның  тұлғалық сипаты болып саналады  да, мейірімділік, ұжымдылық деген  қасиеттерді біріктіреді. Ұлы Абай  шығармашылығының негізгі өзегі -адамның адамгершілігі, ар-ұяты, ақылдылығы болып келеді, мысалы «Адам бол», «Өзіңдегі адамгершілікті сақта»- деген өсиеттері осыны айғақтайды. Сонымен қатар, адамгершілік тұлғанын басқа «Мен»- дермен әрекеттесу процесін қамтитын қарым-қатынастар жүйесі болып табылады. Осы қарым-қатынастар адамгершілік нормалар мен мінез-құлық механизмдерін игеруге әкеледі (Хмель Н.Д.).Тұлғаның адамгершілік нормалары мен талаптарын меңгеру механизмдерінің ерекшеліктері адамгершілік тәрбиеге жағымды психологиялық жағдай тудырумен, адам іс-әрекеттерінің адамгершілік жақтарын және нәтижелерін бағалаумен тығыз байланысты болады. Бірақ қоғам өмірінің нормаларын қадағалап қорғайтын заңдардың маңыздылығын қарастырмай адамгершілік тәрбиесінің мазмұны толық ашылмайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланылғын әдебиеттер тізімі

1.Айтмамбетова Б.С. Жаңашыл педагогтар идеялары мен тәжірибелері.-А., 1991. – 529 б.

2.Әбенбаев С.Н.Мектептегі тәрбие жұмысының әдістемесі. - А.,1999.                             - 342 б.

3.Зимняя И.А. Педагогикалық психология. - Алматы-2005.-123 б.

4.Назаров К.Т.Педагогика. – Алматы, 2005. – 162 б.

5.Қалиева М.А.Білім беру технологиялары және оларды оқу - тәрбие үрдісінде енгізу жолдары.- Алматы, 2002. – 481 б.

6.Хмель Н.Д., Хайруллин Г.Т.,Муканова Б.И.Педагогика.- Алматы, 2008.                         -430 б.

7.Қоянбаев Ж.Б., Қоянбаев Р.М. Педагогика. – Алматы, 2004.- 420 б.

8.Калимов А.Н.Педагогика. –Алматы: ҚазМҰУ, 2006. – 378 б.

9.Ахметова Г.К.,Исаева  З.А.,Әлқожаева Н.С.Педагогика.-Алматы, 2006.                      – 495 б.

10.Әлқожаева Н.С.Педагогика.-Алматы:Қазақ университеті, 2006. – 649 б.

11.Хакимов А.Р.Педагогика. Оқу құралы. - Алматы:Қазақ университеті, 2008. – 534 б.

12.Амиров Д.А. Педагогика. - Алматы: Нұр әлемі, 2003.- 248 б.

13.Бекгалиев Т.М. Педагогика.- Тараз, 2001. – 279 б.

14.Балғымбаева З.М.Білім берудің практикалық психологиясы.-Алматы: Қазақ университеті, 2008.- 561 б.

15.Қалиев С.К.,Майғаранова Ш.А.Тәрбие хрестоматиясы.- Алматы, 2001.                   – 392 б.

16.Жарықбаев Қ.С.Қазақстандағы педагогикалық ойдың антологиясы.                          –Алматы: Рауан, 1995. – 249 б.

17.Қоянбаев Ж. Педагогика.-Алматы, 1998. -  486 б.

18.Сағындықұлы Е.Н. Педагогика. - Алматы,1999. – 183 б.

19.Қалиев С.Ш.Оқушылардың тұлғалық қасиеттерін дамытудық педагогикалық негіздері. - Алматы, 2001. – 297 б.

20.Макаренко А.С. Тәрбие мақсаты. – М, 1998.- 372 б.

21.Болатов С.М.Мектепке дейінгі және мектеп жасындағы балалардың тәрбие тұжырымдамасы. – А,1995.- 487 б.

22. Леонтьев А.Н. Проблемы развитие психики - М., 1981. – 387 с.

23. Давыдов В.В. Теория развивающего обучения. - М., 1996. – 186 с.

24. Слободчиков В.И. Психологические проблемы становления внутреннего мира человека. // Вопросы психологии. – 1986.- № 6. – 6 – 8 с.

25. Выготский Л.С. Педагогическая психология. – М., 1991. – 387 с.


Информация о работе Мектеп жасына дейінгі балалардың ақыл-ой тәрбиесінің әдістемесі