Мектеп жасына дейінгі балалардың ақыл-ой тәрбиесінің әдістемесі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Января 2015 в 07:15, курсовая работа

Краткое описание

Зерттеудің өзектілігі. Ақыл-ой тәрбиесін жүргізу барысында мұғалімдер балалардың жеке ерекшеліктерін ескеріп отырулары тиіс. Кейбір балаларда дарындылықтары бір салада жақсы байқалса, басқаларыныкі – басқа салада байқалады. Жас ерекшеліктері бірдей болсада балалар арасында тез немесе өте баяу жұмыс жасайтын, ойлау, есте сақтау мүмкіндіктері және меңгерген теориялық материалды қайта айтып беру кабілеттері әр-түрлі балалар кездеседі.

Содержание

Кіріспе..................................................................................................................

1Мектеп жасына дейінгі балалардың ақыл-ой тәрбиесінің теориялық негіздері
1.1Мектеп жасына дейінгі балалардың ақыл-ой тәрбиесінің зерттелуі.............................................................
1.2 Мектеп жасына дейінгі балалардың ақыл-ой тәрбиесінің маңызы............

2 Мектеп жасына дейінгі балалардың ақыл-ой тәрбиесінің әдістемесі
2.1 Мектеп жасына дейінгі балалардың танымдық қызығушылығын қалыптастыру.................................................
2.2 Мектеп жасына дейінгі балаларды ақыл - ой тәрбиесі арқылы дербестікке тәрбиелеу...........................................................................................................

Қорытынды ......................................................................................................
Пайдаланылған әдебиеттер......................................

Прикрепленные файлы: 1 файл

ақыл ойдың мақсаты мен міндеттері.docx

— 50.39 Кб (Скачать документ)

Бала өзіне берілетін басқаның тәжірибесін белсенді түрде ой елегінен өткізіп, өңдеп пайдаланады. Психолог ғалым Б. Спок ересек адамның жанұяда және бейтаныс адамдармен қарым-қатынас тиімді құра алуы, мектепке дейінгі кезеңде басқа балалармен жасаған қарым-қатынастың тиімділігімен анықталатынын тұжырымдаған. Ол бала басқа балалармен қарым-қатынас барысында өз құқығын қорғауға т.б жатқызады. Қарым-қатынас жасаудың адам өміріндегі қоғамдық-әлеуметтік және психологиялық негізі ең алдымен адамның күнделікті тіршілік қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатымен байланысты екендігі айқын.

Мектепке дейінгі балалар әдетте ойынды, сурет салғанды жақсы көреді, ересектермен және өзі қатарлы балалармен лезде тіл табысып кетеді. Мектепке дейінгі шақтың әсіресе, алғашқы үш жылы психологияда «қауіпті» кезең аталып, өзіне зерттеушілердің үлкен зейінін аударуда.П. Бадалян «...осы уақытта сәби арнайы үйрету мен тәрбие көрмесе, кейін ол өте қиынға түсіп, тіпті кеш болуы да мүмкін» деген. Дер кезінде тәрбие мен үйрету көрген бала бес жасында еш қиындықсыз таза сөйлей білуі тиіс.Сонымен мектепке дейінгі жас - ерте онтогенез кезеңіндегі ең ұзақ және күрделі психикалық даму көрінісі болып табылады. Мұның өзі психологиялық зерттеулердің объекті ретінде қосылды және ол ғылыми әдебиеттерде оқиғалардың әр алуандығылығы ретінде көрсетіледі.

Жас баланың өмірді тануы, еңбекке қатынасы, психологиялық ерекшеліктері осы ойын үстінде қалыптасады. Л.С. Выготский пікірінше, ойын мектеп жасына дейінгі баланың жеке басының дамуына ықпал ететін жетекші, басты құбылыстың бірі деуге болады. Бала ойын арқылы өзінің күш-жігерін жаттықтырып, қоршаған орта мен құбылыстардың ақиқат сырын ұғынып үйрене бастайды. Ойын кезіндегі баланың психологиялық ерекшелігі мынада: олар ойнайды, эмоциялық әсері ұшқындайды, белсенділігі артады, ерік қасиеті, қиял елестері мен таным үрдістері дамиды, мұның бәрі баланың шығарымпаздық қабілеті мен дарынын ұштайды.

Атақты психолог ғалымдары Л.С. Выготский, А.И. Леонтьев, А.С. Запорожец, Л.Д. Венгер, Д.Б. Эльконин, Е.И. Игнатьева, Ю.К. Бабанский, И.Я. Лернер т.б. зерттеушілердің еңбектерінде мектеп жасына дейінгі балалардың жеке басының қалыптасуына әсер ететін әртүрлі іс-әрекеттердің ішіндегі ең маңыздысы шығармашылық белсенділіктің сапалығына назар аударады. Алайда мектепке бару қарсаңында баланың психологиялық даму деңгейінде жекелей өзгешеліктер өсе түседі. Бұл өзгешеліктер мынадан көрінеді: балалар бір-бірінен ақыл-ой, адамгершілік және жекелей дамымен ажыратылады. Олай болатын болса, балаларға психологиялық қолдау жасау бiлiм беру мекемелерiнiң (балабақша, мектеп) ең негiзгi мiндетi болып табылады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1.2 Мектеп жасына  дейінгі балалардың ақыл-ой тәрбиесінің  маңызы

Ақыл- ойдың дамуы бұл бала жасына, тәжірибесінің молаюы мен тәрбиелік ықпалдарының әсеріне байланысты ойлау әрекетінде пайда болатын сан және сапалық өзгерістердің жиынтығы. Мектепке дейінгі шақта білімнің қорлануы шапшаң қарқынмен жүреді. Таным процестері жетіледі, бала ақыл–ой дамуын әрекетінің қарапайым әдістерін меңгереді. Баланың ақыл-ойы дамуын қамтамасыз ету оның барлық кейінгі іс-әрекеті үшін зор маңызы бар. Ақыл- ойды дамыту әлеуметтік үшін зор маңызы бар. Ақыл-ойды дамыту әлеуметтік ортаның ықпалымен жүзеге асырылады. Оны айналадағылар араласу барысында тілді қарым-қатынас құралы ретінде пайдаланып, сонымен бірге қалыптасқан ұғымдар жүйесін игереді. Ақыл-ойды неғұрлым тиімді дамыту оқыту мен тәрбиелеу негізінде жүзеге асырылады. Қазіргі педогогика ғылыми ақыл-игеру, олардың қорын жинау, шығармашылық ойды дамыту және білімдер алуға қажетті танымдық қызмет әдістерін меңгереді деп есептейді.

Мектепке дейінгі жастағы балалардың ақыл-ойын дамытуды дұрыс ұйымдастыру үшін олардың ақыл-ой дамуының заңдылықтары мен мүмкіндіктерін білу керек. Осыларды ескере отырып, ақыл-ой тәрбиесінің міндеттері, мазмұны, ұйымдастырылуы мен әдістері белгіленеді. Ақыл-ой тәрбиесі міндеттерін шешу жолдары: бір жағынан баланың мүмкіндігін барынша пайдалану және екінші жағынан баланы шаршататын немесе қажытатын, шамадан тыс міндеттер жүктеуді болдырмау болып табылады.

Ақыл-ой тәрбиесі-балалардың белсенді ойлау қызметінің дамуына ересектердің мақсаты ықпалы. Ол қоршаған дүние туралы түсінікке жеңіл білімдерді хабарлауды, оларды жүйелеп отыруды, танымдық мүдделерді зияткерлік дағдылар мен іскерлікті қалыптастыруды, танымдық қабілеттерді дамытуды қамтиді.

2. Ақыл-ой тәрбиесінің  басты құралы-айналадағы адамдар, заттар, табиғат, қоғамдық құбылыстары. Осылардың әсерінен баланың дүниеге көзқарасы кеңейіп,танымды дамиды. Ақыл-ой тәрбиесінің негізгі құралдарының бірі –ойын. Ол баланың ерекше әрекеті. Әр ойын баланың дамыуына әр қилы әсер етеді. Мазмұнды рөлді ойындар айналадағы дүние туралы түсінігін кеңейтіп , сөзін дамытады. Драмалық ойындар көркем әдебиет шығармаларын терең түсініуіне, тілінің дамуына әсер етеді. Ақыл-ойды дамытудың пәрменді құралдарының бірі- оқыту процесі. Оқытуда бала жоспарлы түрде қажетті білім дағдысын игереді. Оқыту баланың ойлауға күш сала білу қабілетін, еркін, табандылығын, төзімділігін, қиыншылықты жеңе білу қабілетін, жауапкершілігін, тәртібін тәрбиелейді. Ақыл-ой тәрбиесінің тағы бір бағалы құралы –еңбек. Еңбек арқылы әр бала түрлі құбылыстармен, олардың пішіндері, көлемдерімен, сан алуан материалдардың қасиетімен танысады.

3.Ақыл–ой тәрбиесінің әдістері: табиғат пен қоғам құбылыстарын бақылауды дұрыс және жүйелі ұйымдастыру, әңгіме әдісі, көркем сөзбен әңгімелеу, көрнекіліктер пайдалану, қызықтыру, т.б. ақыл-ойды дамытуда сезім (сенсорлық) тәрбиесінің алатын орны ерекше. Сенсор- латынның сезім, түйсік, қабылдау, түйсіктің қабілеті деген сөздерінен шыққан. Сенсорлық процестер мен таным – ақыл- ой тәрбиесінің алғашқы сатысы. Сенсорлық тәрбиенің басты міндеттері-ақыл-ой тәрбиесінің алғашқы сатысы. Сенсорлық тәрбиенің басты міндеттері- ақыл–ой дамуының негізін салу және эстетикалық тәрбиенің құрамдас бөлігі ретінде көріну. Айналадағы дүұниені тану түйсік пен қабылдаудан басталады. Сенсорлық тәрбие дегеніміз- түйсік пен қабылдаудың дұрыс бағытта дамуы. Баланың сенсорлық процестерінің дамуына мүмкіндік тудыратын іс-әрекеттің тиімді түрі- көркемсурет салу, сазбалшықтан, ермексаздан (пластилин) мүсіндер жасау, салынған суреттерді, өрнектерді қиып, желімдеу әрекеттері, бірлескен дидактикалық ойындар, педогогикалық басшылықпен ұйымдастырылған іс-әрекет болып табылады.

Сенсорлық тәрбие мазмұны-баланың түстерді ажырата алуы, олардың реңктері туралы, яғни бояуларды араластыру арқылы түс немесе реңк пайда болатынынүйрету. Сондай-ақ, суреттерді қараған кезде бейненің түс арқылы қалайша көркемдік сипаи алатынын көре білу қабілетін дамытады. Мектепке дейінгі шақта «алға- артқа», «жоғары-төмен», «алыс-жақын», «солдан-оңнан», т.б. кеңістік туралы түсініктерді игереді. Уақыт туралы ұғымдарды: «кеше», «бүгін», «ертең», т.б. арнайы мақсатты оқыту нәтижесінде үйренуге қол жеткізеді. Сенсорлық тәрбие мазмұнына есту сезімділігін дамыту, қоршаған жағдайдадыбысты мұқият тыңдап, ажырата білуі, музыкалық есту қабілетін дамыту енеді. Сондай-ақ, заттың сапасын сипап сезу арқылы ажырата білуі және оларды: тегіс, мамық, кедір-бұдыр, жұмсақ, қатты, ауыр, жеңіл, суық, жылы, т.б. деп дұрыс атай білуге үйренеді.

Ақыл-ой тәрбиесі және айналадағы тіршілік құбылыстары жайлы дұрвс түсініктерін қалыптастыруға баса көңіл бөлуге , танымдық-психикалық процестерді дамытуға мән береді. Ақыл-ой тәрбиесінің құралдары мен әдістері, баланың ақыл-ойын дамытудағы сенсорлық тәрбиенің маңызына түсінеді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1.3 Ақыл-ой тәрбиесінің мақсаты мен міндеттері

Ақыл-ой тәрбиесі әр заманда жастарға білім берудің негізгі құралы болып келеді. Білім алуға және ғылымға ұмтылыс халық санасының тереңінен әрдайым орын алды. Халық табиғат пен қоғам дамуының заңдылықтары бейнеленген ғылымның деректерін, түсініктерін және заңдарын мақсатты игерудің нәтижесі деп білді. Тек ақылды адам ғана терең білімдерді меңгере алатынын түсінді. Білімнің мәнін "Ақылдан қымбат байлық жоқ", "Ақылды сатып ала алмайсың", "Ақыл — тозбас киім, білім — сарқылмас булақ" деген халықтың даналық сөздерінен-ақ байқауға болады.

 

 Халық педагогикасында  оқыту мен білім берудің принциптері  қазіргі ғылыми педагогика тұжырымдарымен  ұштасып жатыр. Халық білім мен  өмірдің тығыз байланысты болуын  талап етті. Халық педагогикасы  оқытудың көрнекі болуын ойдан  шығарған жоқ. "Көзбен көргеп, құлақпен естіген ақиқат емес  тек қана мұқият зерттелген  ақиқат".

 

 Халық педагогикасыңда  тәрбие, оның бөліктері туралы  ұғымдардың анықтамаларының да  ғылыми педагогиканың анықтамаларымен  сәйкес кенетіндігі байқалады. Халық  педагогикасы бойыиша ақыл-ой  тәрбиесі деп шәкірттердің ойлау  қабілеттерін, сана-сезімін оқу және  еңбек процесінде дамытуды айтады. Ғылыми педагогикалық анықтамасы  бойынша ақыл-ой тәрбиесі деп  оқушылардың ақыл-ой күштерін, ойлауын  дамытудағы және ақыл-ой еңбек  мәдениетін дарытудағы тәрбиешілердің  мақсатты іс-әрекетін түсіндіруді  айтамыз.

 

 Бірақ оқушы  өмірінің іс-әрекеті тек тәрбиешілердің  мақсатты ықпалымен шектелмейді. Оған қосымша оқушыны қоршаған  ортаның ықпалдары мен әсерлерін  еске алу қажет. Бұл кеңірек,  ақыл-ойдың дамуы ұғымымен айқындалады.

 

 Ақыл-ой тәрбиесі  тұлғаның жан-жақты дамуының негізі. Ақыл-ой тәрбиесі еңбек өнімділігін  арттыруга, еңбектің шығармашылығына  зор ықпал жасайды. Ең бастысы, ол ғылым мен техниканың, мәдениеттің  жедел дамуыпың қайнар бұлағы  екендігін үнемі есте ұстағанымыз  жөн.

 

 Ақыл-ой тәрбиесінсіз  дүниеге адамгершілікті көзқарас, саналы тәртіп пен орынды мінез-құлық, еңбек нәтижесі, экономикалық білімдер, дағдылар, тіршілік ету ортасы, табиғат  және қоғам құбылыстарына талғампаздық, дене күш-қуатын арттыру жолдарын  білу, қоғам өмірінің құқықтық  негіздерін игеру мәселелерін  шешу мүмкін емес.

 

 Қорыта айтқанда, ақыл-ой тәрбиесі — адам зиялылығының  негізі. Ақыл-ой тәрбиесіне екі  ұғым кіреді: зер салып ойлау  және ақыл-ой күштері.

 

 Белгілі психологтар  мен педагогтардың еңбектерінде  ойлаудың түрлері, олардың мәні, мазмұны жеткілікті зерттелген  мәселелердің бірі. Сондықтан біз  жеке-жеке ойлаудың түрлеріне  тоқталамыз. Бірақ кейбіреулерін  кейінірек атап кеткен жөн.

 

 Жалпы айтқанда  ойлау дегеніміз не? Ойлау деп  заттар мен құбылыстардың арасындағы  табиғи байланыстарды және қатынастарды  бейнелейтін психикалық процесті  атайды. Ойлау таным іс-әрекетіндегі  күрделі процесс. Ал таным —  бұл әржақты процесс. Ол білмеуден  білуге қарай бағытталған ой  қозғалысының адам миында бейнеленуі.

 

 Ойлау адам  миы қызметінің нәтижесі. Ой-түңсіну, қабылдау, елестету арқылы алынған  сезімдік деректердің адам миы  арқылы өңделуі, мәнге айналуы. Ойлау  — барлық адамдарға тән туынды  түсінік. Жеке адам даму процесінде  тәрбие қоятын міндеттерге сай  жедел дамитын ойлаудың нақты  жақтарын немесе түрлерін қалыптастырады. Мұғалімнің міндеті ойлау түрлерінің  мәнін терең түсіруі, оларды тұтас  педагогикалық процесте шебер  қолдана білуі, оқушылардың ақыл-ой  қабілетінің дамуына әсер ету  тәсілдерін жете зерттеу қажет.

 

 Енді әрбір  ойлау түрлерінің тұлғаның даму  процесінде алатын орны туралы  сөз етейік.

 

 Нақты және  абстракт логикалық ойлау.

 

 Нақты логикалық  ойлау затты біздің тікелей  қабылдауымыз. Мұны кейде көрнекі  ойлау деп те атауға болады. Нақты логикалық ойлау балалардың  ойлау және оқу процесінде, адамдардың  еңбек іс-әрекетінде байқалады.

 

 Абстракт логикалық  ойлау жалпы және дерексіз  ұғымдарға сүйенеді. Мысалы, абстракт  ойлау күрделі мәселелерді шешудегі  біздің ой-пікірлеріміз, яғни байымдау, ой жүгірту. Бұл ойлау түрін  психологияда ұғымдық ойлау деп  те атайды. Ұғымдық ойлау кейбір  мәңді ұқсастық белгілерінің  негізінде түсініктерді жіктерге  және топтарға бөлу білігін  қажет етеді.

 

 Жинақтай ойлау  белігі бір құбылыстар тобын  қамтитын әрекеттердің ортақ  принцшітерін немесе тәсілдерін  білумен сипатталады. Бұл жерде  ойдың жинақталу дәрежесі, оның  ауқымы жалпылық тұрғыдан қараудың  құбылыстардың үлкен немесе кіші  топтардың қамтуына тәуелді.

 

 Алгоритмдік  ойлау көздеп отырған нәтижені  қамтамасыз ететін нақты әрекеттерді  қатаң орындау нұсқау арқылы  жұмысты іске асыру.

 

 Индуктивтік  ойлау ғылыми зерттеу немесе  оқушыларга жаңа білімдерді баяндауда  ойдың жекеден жалпыға, деректерден  жинақтауға қарай қозғалуын қажетсінеді.

 

 Дедуктивтік  ойлау жалпыдан жекеге, дербестікке  қарай жүретін ойлау процесімен  байланысты.

 

 Сонымен ойлау  түрлері шәкірттердің нақты зиялылық  білігін сипаттайды. Адамның өмір  тәжірибесіне, іс-ерекеттеріне, оның  алдында тұрған мақсатының ерекшелігіне  байланысты әр түрлі сатыда  іске асады.

 

 Ақылдың белгілі  бір даму дәрежесін ақыл-ой  күштері деп атайды. Ақыл-ой күштері  адамды білім қорын жасауға, негізгі  ойлау операцияларын жүзеге асыруға, нақты зиялылық біліктерді меңгеруге  қабілетті етеді.

Информация о работе Мектеп жасына дейінгі балалардың ақыл-ой тәрбиесінің әдістемесі