Конго және Ніл

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Мая 2013 в 11:39, курсовая работа

Краткое описание

Ніл – Солтүстік Африканың өз суын Жерорта теңізіне дейін жеткізетін бірден – бір өзен және сусыз шөлдегі өмір арқауы болып табылады. Нілдің тұрақты арна ағысы оңтүстікке таман жатқан облыстарда түсетін және оның бастауларын қоректендіріп тұратын жауын – шашынға байланысты. Ақ Ніл экваторлық белдеуден басталып, жыл бойына жауып тұратын жаңбырлардан қорек алады. Бастауында оның деңгейі өте жоғары әрі айтарлықтай тұрақты, өйткені оны көлдер реттеп тұрады. Жоғарғы Ніл қазан шұңқыры алабында судың едәуір бөлігі булануға шығындалады да, Хартумның төменгі жағында Нілдің қоректенуіне Көгілдір Нілге қарағанда Ақ Ніл аз роль атқарады.

Содержание

Кіріспе 3
І тарау. Ніл мен Конго өзендеріне жалпы сипаттама 5
1.1. Ніл өзеніне жалпы сипаттама 5
1.1.1. Географиялық орналасуы 5
1.1.2. Салалары 7
1.1.3. Климаты 9
1.1.4. Жануарлар мен өсімдіктер дүниесі 9
1.2. Конго өзеніне жалпы сипаттама 11
1.2.1. Географиялық орналасуы 11
1.2.2. Салалары 12
1.2.3. Климаты 12
1.2.4. Жануарлар мен өсімдіктер дүниесі 13
ІІ тарау. Ніл мен Конго өзендерінің ерекшеліктері 15
2.1. Ніл мен Коно өзендерінің географиялық орны мен өлшемі жағынан ерекшеліктері 15
2.2. Ніл мен Конго өзендерінің өсімдіктер мен жануарлар дүниесі бойынша өзгешеліктері 16
Қорытынды 18
Пайдаланған әдебиеттер тізімі 20

Прикрепленные файлы: 1 файл

конго и нил.doc

— 1.80 Мб (Скачать документ)

Географиялық орналасуы  бойынша

1. Ніл Солтүстік Африка  территориясында орналасқан;

2. Конго-Орталық Африка мен Конго республикасының территеорисында орналасқан;

3. Ніл Жерорта теңізіне  құяса;

4. Конго Атлант мұхитына  құяды;

5. Ніл теңізге құяр  шетінде атыраумен шашыраңқы түрде құйса;

6. Конго атырау жасамай  тіке құяды. 

7. Ніл –Жер шарындағы ең ұзын өзен болса;

8. Конго-Африкадағы ең  суы мол өзен (Жер бетіндегі  өзендердің ішінде су алқабының  көлеміне қараай 2-орында Амазонкадан  кейін);

9. Ніл экваторлық және субэкваторлық ендіктерді кесіп өтсе;

1. Конго тек қана  экваторлық ендікті екі рет  кесіп орналасқан.

2.2. Ніл мен Конго өзендерінің  өсімдіктер мен жануарлар дүниесі  бойынша өзгешеліктері

 

Алдымен Ніл өзенінің өсімдіктер мен жануарлар дүниесіне  тоқталайық.

Суды және тамақты ұланғайыр алыс жерлерден іздеп табатын жануарлар мекендейді. Бұлар-әр түрлі бөкендер: бубал, мендес және басқалар. Сондай-ақ солтүстік Африка бұғысы, мapaл, ал жыртқыштардан – жолақ қорқау, шие бөрі, шөл түлкісі фенек, жабайы мысықтар мекендейді. Саваннадан шөлге арыстандар келеді. Атлас тауларында маимылдың Оңтүстік Испанияда да мекендейтін сол кішкентай түрі (құйрықсыз мaнaн) тіршілік етеді. Кемірушілер көп (қояндар, қосаяқтар), жабайы кроликтер, жайранның бip түрі кездеседі. Бауырымен жорғалаушылар, әсіресе кесірткелер: шөл ешкіемері, геккондар, тікен қүйрық қаптап жүреді. Бұл өңірге жыландардан құм әбжыланы, сұр жыланның түрлері, Африка кобрасы тән.

Өзен жағасындағы қаулар мен өзендерде крокодил, тасбақа, улы ніл жыланы мекендейді.

Cолтүстік Африканың  шөлі мен шөлейтін Африка түйеқұсы, дуадақ, бозторғай, ал Атлас тауларын - тау құры, қара күшіген, қарақұс, акбас сип, қозықұмай (бұл кұстар оңтүстік Епропада да кең тараған) мекендейді. Өзендері мен көлдерінде қоқи қаз, бірқазан, ләйлек, құтан тіршілік етеді. Cолтүстік Африканың сипатты кұсы - ақсары сандуғаш , ол ормандар мен бақтарға, сондай-ақ тауларда айтарлықтай биікте ұялайды.

 Жepгiліктi халыққа  көкқасқa шегіртке көп зиян  келтіреді, олардың жиі-жиі қаптап  кетуінен Солтүстік Африка елдерінің ауыл шаруашылығы зиян шегеді. Қоңыздар, көбінесе ашық түсті көбелсктер көп. Адамдарға бүйі, шаян үлкен қауіп туғызады.

Енді Конго өзенінің өсімдіктер мен жануарлар дүниесіне  тоқталайық:

Конго өзені фаунасы материк алабында барынша біркелкілігімен ерекшеленеді, тек мекендеген жер жағдайына қарай кeйбiр өзгешектері болады, ол кіші oблыстардың бөлінуінен айқын аңғарылады. Мадагаскар фаунасының өзіндік ерекшелігі бірден көзге түседі.

Жемшөп қоры орасан мол, саванналарда көптеген шөп қоректі  жануарлар, әсіресе бөкендер көп, олардың 40-тан астам түрі бар. Қазірге дейін кебір жерлерде ең ірі бөкендер - гнулардың табындары кездеседі. Олар күлте жалды, сабау құйрықты келеді және мүйіздері төмен карай иіліп тұрады, сондай-ақ әдемі иір мүйізді куду бөкендері , канндар және басқалар көп тараған. Тұрқы жарты метрден аз-ақ асатын ергежейлі бөкендер де бар.

Африка саванналары  мен шөлейттерінің көркі және құрып бітуге aйнaлғaн жануары  – жираф.. Олардың ұзын мойын ағаштардың жапырақтары мен өскіндерін емін-еркін жұлып жеуіне мүмкіндік береді, ал жылдам жүгіруге бейімділігі - қуғыншылардан құтылудың бірден-бір ғана айласы.

Көптеген аудандарда, әсіресе экватордан шығыста және оңтүстікте саванналар мен далаларда  африканың жабайы жылқысы – зебр т.б. тараған. Оны әр түрлі бұйымдар жасауға пайдаланатын мықты, әрі сұлу терісі үшін аулайды. Кейбір жерлерде қoлғa үйретілген зебр жылқы орнына күш көлік ретінде жүреді, өйткені оларға цеце шы6ыны ешқандай зиян келтіре алмайды.

 

Қорытынды

 

  Құрлық  ішкі  суларының   жылдық  ағынының  мөлшері  (5400 км2)  бойынша Еуразия мен Оңтүстік  Америкадан  кейінгі орында  тұр.   Өзен – көл жүйесі  біркелкі таралмаған.  Өзендер   экватор төңірегі  мен құрлықтың оңтүстік – шығыс жағалауында жиі.  Шөлді аудандарда,  әсіресе,  Сахарада  климаттың  ертеде  ылғалды  болғанын  аңғартатын құрғақ  өзен  арналары  (вади)   көптеп  кездеседі.  Ірі  өзендері – Ніл (6671 км дүние  жүзінің  ең  ұзын  өзен),  Конго,  Замбези,  Нигер,  Оранж. Өзен  арналарында  шоңғалдар  мен  сарқырамалар  көп  кездеседі.  Замбези өзеннің бойында атақты  Виктория  сарқырамасы бар (биіктігі 120 метр, ені 1800метр). Құрлықтағы  өзендердің гидроэнергеттік   мүмкіндігі  өте жоғары. Құрлықтың шөлді – шөлейтті  аудандарында  жер асты суларының мол қоры  табылған.   Ірі  артезиан  алаптары   Сахара   мен  Калахари  жерінде  жатады.  Африкада  көлдер  негізінен  тектоникалық   жазықтарда  орналасқан.  Олардың  ірілері: Виктория,  Танганьика,  Ньяса,  Рудольф,  Чад. Материк  территориясында      Материк территориясында  жер  беті  сулары  өте  ала – құла  таралған,  сонымен   қатар  ағын  сулардың   таралуы  да, режимі   де  материктің   кез  келген   бөлігіндегі  жауын – шашынның  мөлшері  мен режиміне   тығыз  байланысты   болады.   Африкада  су   жүйелерінің  қардан және  мұздан  қоректенуінің  ролі   тым   шамалы.  Өзендер  мен   көлдердің  қоректенуі  негізінен  жаңбыр  түріндегі   жауын – шашынның   үлесіне  тиеді.  Экватор  бойы  аудандарындағы   өзендердің  су  шығыны  жыл   бойына  біркелкі  болып  келеді,  минимумдары  анық    білінбейді,   бірақ  зениттік   жаңбырларға   байланысты   екі   максимумдық    кезеңі   болады.

  Субэкваторлық   климат   облыстары  (Судан,  Конго  қазан  шұңқырының   оңтүстік   бөлігі)  ағынның   анық   көрінетін   жазығы  максимумымен  және  соған   сәйкес  өзеннің   су  шығынының  көбеюімен  сипатталады. Материктің  солтүстік – батыс  және  оңтүстік – батыс  шет  аймақтарының  өзендерінің  әрбір  жарты  шардың  қысқы  циклондық   жаңбырларына  байланысты  анық   байқалатын  қысқы  максимумы   болады.

  Су  шығынының   жаздық  және  қыстық  максимум   облыстарының  арасында   жалпы   тұрақты  ағыннан  мақрұм   ұланғайыр  территориялар   жатады. Бұл – солтүстік   жарты   шардағы  Сахара  мен  оңтүстік  жарты  шардағы  Калахаридің  едәуір  бөлігі,  бұлардың  шын  мәнінде  арна   ағыстары   жоқ: оларды  оқта – текте  кездейсоқ    жауған   жаңбыр  суымен  толатын  құрғақ   су  арналары  кесіп  өтеді.

Нілдің  Эфиоп  таулы   қыраттарынан  ағып  шыққан  салалары  су   жайылған   кезінде  шөгіп   қалатын көп лай әкеледі. 

   Алып  Асуан  плотинасы   салынғанға  дейін   көптеген  шоңғарларға   байланысты   Нілден  көктей   өтетін  кеме  жолы  болмады.  Шоңғалдар   шоғырланған  ауданда жыл   бойына  тек  қайықтармен   ғана  тікелей  өту  мүмкін   болды.  Кеме  тұрақты  жүру   үшін   Хартум  мен   Жуба,  Асуан  мен  Каир, Каир мен  Ніл  сағасы  аралығындағы учаскелер айдаланылады.

Нілде  су  шығынын   жыл  бойына   бір  қалыпты  реттеп  тұратын  бірнеше    плотиналар   мен  бөгендер  салынды.  Таяудағы   уақытқа   дейін   мақта   алқаптарын   суландыратын   ең  ірі жүйе – Асуандағы су   торабы   болып   есептелетін – ді. Бірақ осы ескірген гидроқұрылыстар маңызды шаруашылық  проблемаларын – егіс   көлемін   ұлғайту,  арзан энергия   алу және  т.б проблемаларды   шеше  алмады.  Қазір  Советтер  Одағының   көмегімен   Ніл алқабында,  Асуанда   жаңа  үлкен  плотина  салынды,  соның   арқасында  суландырылатын  жер  көлемі  1/3 ұлғайды, елдің    экономикасын   дамытуға  қажетті электр  энергиясы  өндіріледі   және  кеме   қатынасының  жағдай   жақсарды.

  Конго  бассейнінің   барлық  өзендерінде  су  энергиясының  мол  қоры  бар,  бірақ   ол  аз  мөлшерде  ғана  падаланылады.  Қазбалы  байлықтар  өнддірілетін  маңызды  алуан – Катангада   бірнеше  су  электр  станциялары салынды.

Конго  мен  оның  тармақтарының   кеме  қатынасының  маңызы  шоңғалдар  мен  сарқырамаладың  көптігіне   байланысты  тым  төмен.  Сөйте  тұрса  да  Конго  жүйесінде   40 –қа  жуық  кеме  жүзетін  өзен  бар,  ал  кеме  жүзетін  жолдардың   жалпы  ұзындығы  14 мың  км – ге   жетеді.  Конгоның кеме жүзуге жарамды ең үлкен бөлігі Киншаса мен  Кисанганидің  аралығы боып табылады. Өзеннің төменгі ағысында, шоңғалда учаскелер  мен  сарқырамаларды  айналып  өтетін  темір  жолдар салынған. 

 

Пайдаланған  әдебиеттер тізімі

 

 

1. Африка. Энциклопедический   словарь  Т. 1,  2.  Москва  1963.

2. Барков  А.С. Африка.  Москва 1953.

3. Горнунг  М.Б. Алжирия.  Москва  1958.

4. Дмитриевский  Ю.  Д. Река  Конга. Москва 1966.

5. Лукьянов С.М. Африка.  Изд – во  ЛГУ, 1962.

6. Забродская  М. П.  Физическая   география  Африки.  Москва 1963.

7. Дмитриевский  Ю.Д.  Нил.  Волгада,  1958.

8. Херст   Г.  Нил.  Москва 1959.

9. Атлас  Африки.  Москва  1968.

10. Т. В. Власова   Материктердің   физикалық   географиясы  ІІ том.

11.Опубликавано в журнале  «Туризм и Отдых» №20 от 2 июне 2003 г

12.Қазақ Ұлттық Энцеклопидия 4 том 375-376 бет

13.Қазақ Ұлттық Энцеклопидия 7 том 596-597 бет

14.География оқушы  анықтамасы. А.М. Бейсенбаева, Н.Ә.  Бейсенбаева. 

15. Энцеклопедия. Я познаю мир. Страны и континенты. М: «Астрель» 2001

16. Энцеклопедия Планета  Земля М: « РОСМЭН» 2001

17. Аубакирова Ж.А. Абдрахманов  С.А. Базарбаев К.Б. Русско-казахский толковый географический словарь. « Ғылым» 1965

18. Казахский- русский, русско-казахский словарь Алматы « Crebo» 2001 24 ст

19. МАТЕРИКТЕР МЕН ЕЛДЕР  материктер географиясы бойынша   кітабы. Смирнова Н. П., Шибанова  А.А. «Мектеп» 1983ж.

20.Страны мира справочник. Москва 2003.

23. Г. Эмиль по южной и центральной Африке. Москва. 1989г

24. Д.П. Гуронов. возвращение в Африку. Москва. 1986г.

25. С.А. Юрьева. Южно Африканская республика. Москва. 1987г.

26. Страны мира. Краткий политико -экономический справочник. Москва. 1991-1994г.

30. Рябчикова А.М. Физическая  география материков и океанов М.: 1988.

31.  Власова Т.В. Физическая  география материков М.: ТУГК, 1986.

32. Притула Т.Ю. Физическая  география материков и океанов  М.: Владос, 2003.

35. Терехов Н.М. Малый  атлас мира М.: Дизайн, 2003.

36. Физико-географический  атлас мира М.: МГУ, 1964

37. Соловьев А.И., Карпов  Г.В. Словарь справочник по  физической географии М.: Просв., 1983

38.Баяндин “Географиялық  ашулар” А. 1970 жыл 125-141бет аралығы.

39. “Жалпы гидрология” Ж. Достайұлы. А 1996жыл “Білім”

40.“Жалпы жертану” Ж.Н. Мұқашев Алматы 2002 жыл.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Конго (өзен)

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Мында өту: шарлау, іздеу

 Басқа мағыналар үшін, Конго деген бетті қараңыз.

Конго өзені

Конго (Заи́р, Луалаба) — Орталық Африкадағы өзен. Негізгі бөлігі Конго Демократиялық Республикасынан ағып өтеді (оның Конго Республикасы және Ангола шекарасынан аз бөлігі өтеді). Африкада ұзындығы жөнінен екінші орында, әлемдегі суы жөнінен Амазонка өзенінен кейін екінші орынды алады. Жоғарғы ағысы (Кисангани қаласынан жоғары) Луалаба деп аталады. Экватор сызығын екі рет кесіп өтетін жалғыз ірі өзен.

Су алабының ауданы — 4 014 500[1] км². Конго ұзындығы — Чамбези бастауынан бастап 4700 км, Луалаба бастауынан бастап 4374 км құрайды. Луалаба Конго Демократиялық Республикасының оңтүстік шығысынан бастау алады.

Гидрологиясы

1903–1983 жылдардағы Киншаса аумағындағы өзеннің орташа айлық су шығыны (м³/с)[2]:

Ніл

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан  алынған мәлімет

Мында өту: шарлау, іздеу

Нілдің ағу картасы.

Ніл (лат. Nіlus , гр. Neіlos ) – Африкадағы және дүние жүзіндегі ең ұзын өзен. Ұзындығы 6671 км, алабының аумағы 2870 мың км2. Орташа су шығыны Асуан маңында 2600 м3/с (әр жылдары 500 м3/с-тан – 15000 м3/с-қа дейін ауытқиды). Шығыс Африка таулы үстіртінен 2000 м-ден астам биіктікте басталып, Жерорта теңізіне атырау жасап құяды. Ніл Рукарара өзені болып басталып, Кагера өзені арқылы Виктория көліне құйып, одан Виктория – Ніл деген атпен ағып шығады. Альберт көлінен кейін Альберт – Ніл, Асуа саласы қосылған жерде Бахр-әл-Жебел, Бахр-әл-Газал қосылғаннан кейін Ақ Ніл (Бахр-әл-Әбияд) деп аталады. Хартум қаласының тұсында Ақ Нілге Көгілдір Ніл қосылады да, сағасына дейін Ніл деп аталады. Жоғарғы бөлігінде ағысы қатты, арнасы шоңғалды және көптеген суқұламалар жасайды. Ең ірісі – Мерчисон сарқырамасы (биікт. 40 м). Таулы үстірттен шыққаннан кейін өзен аса кең, жайпақ қазаншұңқырды басып ағады. Ағысы баяулайды, арнасы тарамдарға бөлініп кетеді. Аңғарында кристалл тау жыныстары ашылған жерлерде шоңғалдар пайда болған (Хартум мен Асуанның арасында 6 шоңғал бар). Көгілдір Ніл алабында жаңбыр жазда мол жауады. Сондықтан Ніл төмен ағысында жаздағы су шығыны сабасына түскен кездегіден 5 есе асып түседі. Ніл аңғары адамзаттың ежелгі мәдениет ошақтарының бірі. Оның суы ежелден жер суаруға, кеме қатынасына, халықты сумен қамтамасыз етуге, балық аулауға пайдаланылып келеді. Ніл аңғарында Египет халқының 97%-ы тұрады. Бірнеше бөгендер мен СЭС-тер салынған (ең ірісі – Асуан СЭС-і). Кеме жүзетін су жолының ұз. 3000 км-ден асады. Жағалауында Хартум, Асуан, Каир, атырауында Александрия қалалары орналасқан.[1]

Информация о работе Конго және Ніл