Канаданың физико-географиялық сипаттамасы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 09 Января 2014 в 13:12, курсовая работа

Краткое описание

Канада – Солтүстік Америка құрлығында орналасқан алып мемлекет. Астанасы – Оттава қаласы. Канада өзінің жерінің кең-байтақтығымен ғана емес, сондай-ақ көптеген арктикалық архипелагты аралдарымен ерекшеленеді. Канаданың жағалауларын Атлант мұхиты, Тынық мұхиты және Солтүстік Мұзды мұхит шайып жатыр. Көрші елдерінің ең үлкені АҚШ, одан басқа Даниямен (Гренландия аралы) және Франциямен (Сен-Пьер и Микелон (франц. Saint-Pierre-et-Miquelon) аралдары қауымдастығы) көршілес орналасқан. Канаданың АҚШ-пен шектесетін оңтүстік және Альяскадағы солтүстік батыс шекарасының ұзындығы 8893 км. құрайды. Табиғаты керемет. Ормандар мен таулы аймақтарға, туристік мекендерге толы әлемнің сұлу бір мекені.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Канада курст.doc

— 703.50 Кб (Скачать документ)

Канадаға туристтар легінің кеп келетін мерзімі жылы айлар шілде – тамыз болып саналады, осы аралықтағы әр айда адам саны 3 млн жетеді, ал қаңтарда ол тек қана 0,7 млн адам болады.

Кесте 2.  Канаданың туристтік маршруттары

 

Атау

Оттавадан қашықты,ы

Көлік Т/жавто

Сипаттама

1

Инукшук ескерткіші(Ванкувер)

650

2күн.22с

2күн15с

Инукшук ескерткіші – эскимос, инуттар, калатидтар сияқты Арктика халықтары жасаған тасты  ескерткіш. Инукшук ескерткіші навигация, аңшылық кезінде дәлдеу үшін қолданылаған. 2010 жылы инукшук Ванкувердегі Қысқы Олимпиада ойындарының символына айналды.

2.

Виктория.

680

2күн 23с

2күн 16с

Британдық Колумбия аймағының астанасы Викторияны канадалық  туристтік орталықтардың ең танымалы деп атайды. Жыл сайын бұл аймаққа 3 500000 турист келеді екен.  Виктория Канада қалалары арасында «британдық» рухы бар қала болып саналады. Бұған дәлел ретінде қалада ағылшын- зейнеркерлердің көп болуы, орталығында ағылшындық автобустардың болуы, әртүрлі ағылшындық стильде салынған ғимараттардың болуы .  Ағылшындық сағат 5-те шай ішу Виктория қаласында да сақталған.

3.

Торонто

450

7 с

Торонто (гурондар тілінде – «кездесу орны») – канада қалаларының ірісі, ағылшын тілді  Канаданың мәдени және сауда орталығы, халықаралық тазалық пен тәртіптің  көрсеткіші. Ірі-ірі ғимараттар жанында тиын және басқа да жануарлар тіршілік ететін саябақтар мен бақтар бар.

4.

Ванкувер

 

2күн.22с 2күн 15с

Ванкувер –  Канада қалаларының әдемісі. Ванкувердің  көптеген өзендерінің үстінен 20 көпір  өтеді, 3 қозғалмалы көпір; Брард-Бридж,Кемби-Бридж  және Грэнвил-Бридж . Ванкуверді ну ормандар және биік таулар қоршап жатыр. Белгілі шаңғы орталықтары Вистлер , Скуомиш

5.

Оттава

   

Оттава (ескі атауы-Байтон) 1857 жылдан бастап Канаданың астанасы. Бұл тыныш, таза қала. Негізгі ғимараттары  Парламент (мұнда Канаданың заң шығарушы органдарының мәжілістеріне қатысуға болады).

Оттава —  Канаданың төртінші ірі қаласы және  Онтарио провинциясының  екінші үлкен қаласы, өмір сүру деңгейі бойынша әлемде 6-орында. Оттава Ұлан-батыр  мен  Астанадан  кейінгі әлемдегі ең суық үшінші астана болып есептеледі. Оттава Онтарио провинциясының шығысында Аппалачи тауының баурайында, Оттава өзенінің (Онтарио және  Квебек провинциялары арасындағы шекара болып табылады) жағасында және Ридо каналы жағасында орналасқан. 

6.

Квебек

 

12күн. 11с

Квебек-Ситиде – провинция астанасында Солтүстік Америкадағы қалалық қоршау цитадель сақталып қалған. Ол «американдық Гибралтар» атауымен белгілі.


 

  2.3. Канада мен Қазақстан арасындағы экономикалық қатынастары

Сондықтан канадалық  саясаткер Пьер Трюдоның «біз өз саясатымызда пілмен қатарласа ұйықтаған тышқан секілді үлкен көршіміздің әрбір қимылы мен қозғалысын үнемі бағып отыруға мәжбүрміз. Өйткені піл қаншалықты бейбітсүйгіш әрі кеңпейілді болса да, оның ұйқыдағы күйінде бізге қарай аунап түсуінен құдай сақтасын», деген сөзі көп жағдайдан сыр аңғартқандай.

Дегенмен, Канада осы қиындықтын тиімді пайдалану  арқылы АҚШ-тай алыптың экономикалық қуатынан өз тіршілігі үшін үлкен  нәр ала білді. Соның нәтижесінде  ол әлемдегі ең дамыған индустриялық-аграрлық елге айналды.

Қазақстан: Батыспен үн қатысу» атты халықаралық конференцияға қатысқан Қазақстан бұрынғы Примьер-министрі Жан Кретьен өзінің Қазақстандағы даму барысына айрықша ықылас қоятындығын айта келе , мұның себебін былай деп түсіндірген болатын: «Бүгін сіздердің елдеріңіздің алдынан кешегі біздер секілді үлкен мүмкіншіліктер ашылып отыр. Сіздердің табиғи ресурстарыңыз бүкіл әлемнің назарын өзіне аударды. Сіздердің географиялық орналасуларыңыз да ел экономикасын нәрлендіретіндей өте бір ұрымтал тұста тұр. Менің елім Канада өзінің АҚШ-пен көршілігін басты экономикалық артықшылығына айналдыра білді. Әрине, алыппен көрші болу оңай емес. Дегенмен, бүгінгі жаһандық экономикада халықаралық сауда мен оның барлық тиімді жақтары туралы әңгіме қозғалып жатқанда географиялық орналасу жөнінде адасуларға орын болмауы тиіс. Оның үстіне сіздердің геосаясаттағы маңыздықтарыңыз екі көршілерден де әріде жатыр. Қарқынды дамып келе жатқан тағы бір алып ел Индиямен, ресурсқа бай Таяу Шығыспен жақын орналасуларыңыз, Орталық Азиямен көршіліктеріңіз әлемнің көз тіккен осы бір нүктесінде  өте маңызды рөл ойнай алатындықтарыңызды білдіреді» деген еді.

Қазіргі кезде  Канаданың Қазақстанда 130 компаниялары мұнай саласында, фармацевтика, тау-кен өндірісі, ауылшаруашылығы банк саласында инвестиция құйған және жұмыс жасауда.

Міне, осы Канада халықтың 80 пайызы қалаларда қоныс  тепкен (ал бізде әзірге 53 пайызы ғана). Канада урбандалудың жоғары деңгейіне  жеткен ел. Біздегідей даласы кең болса  да Канада халқы неге қалаларға шоғырланып алған?  Бұл Қазақстан үшін де ой саларлық мәселе. Әрине, канадалық үлгіні, саяси жүйені, араласатын ортасы мен мекен еткен құрлығы бөлек ел. Сондықтан біз назар аударуға болатын кейбір мәселелерді ғана сөз етпекпін.

Канаданың астанасы Оттава 1 миллион адам мекендесе, елдің  ең үлкені Монреальда 3 милион 200 мың, Торонтода 3 милион 100 мың, Ванкуверде 1 милион 850 мың. Эдмонтонда 1 милион, Калгириде 800 мың, Виннипегте 700 мың, Квебекте 700 мың тұрғын бар. Ел халқының 40 пайыздан астамы осы үлкен қалаларда қоныс тепкен.

Әлем елдерінде  «қала» деген ұғым біртұтас өлшемдері  қалыптаспаған. Көптеген елдерде ауыл шаруашылығы өндірісінен  тыс  тұрғын және халық көбірек шоғырланған  елді қала деп атайды. Біздің осы  кезге дейінгі түсінігімізде  көп қабатты үйлері мен мәдени-әлеуметтік ғимараттары мол кездесетін, ол үйлер бір орталықтан жылытылатын елді мекендер қала аталса керек еді. Ал енді  дамыған батыста  қала адамдары көпқабатты үйлерден қашып алдында жері бар бір-екі қабатты жеке үйлерге шығып жатыр.

Сондай-ақ қаланың  тағы бір өлшемі адамдар санына да қатысты. Ресейде қала атану үшін елді  мекенде 12 мың адамның, Жапонияда 30 мың адамның болуы қажет болса, Канада үшін тұрғын саны 1 мыңнан асса жетіп жатыр. Біз үшін Канаданың осы бір тәжірибесі қызықты. Өйткені, мұндай шағын қалалар бізде жоқ. Оның есесіне тұрғындар саны 10-15 мыңға жетсе де ауыл аталатын елді мекендер жеткілікті.

Канадада қаланы қалыптастырудың басты өлшеміне адамдардың саны ғана емес, қалаға тән  инфрақұрылымдардың  болуы алынады. Канада – байтақ дала мен шағын  қалалар елі. Жердің молдығы мен халық санының аз болуы осы үлгіні тиімді етеді.

Ал өз тәуелсіздігіне енді ие болып, әлеуметтік-экономикалық реформаларды жаңа бастаған Қазақстан  жайында ауыл енсесі енді ғана  түзеліп  келеді. Көптеген ауылдарда әзірге мектеп пен емханадан басқа дұрыс жұмыс орындары да болмай отыр. Бірінші кезекте міндет ауылдағы кәсіпкерлікті дамыту. Үкімет осыған күш салуда.

Елімізде Ауылдық  аймақтарды дамытудың 2004-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының қабылдануы көп мәселенің бетін ашып берді. Бұл бағдарламаның әзірге қол жеткізген жетістіктерінің бірі еліміздің әрбір ауылын жүздеген өлшемдерге сәйкес зерттеп, жағдайын айқындап бергендігі болды. Даму болашағына сәйкес ауылдар төрт топқа жіктелінді. Бірінші, екінші топтағыларға, яғни болашағы барларына мемлекет тарапынан қолдау шаралары көрсетілуде. Енді бірінші топтағы ауылдардың  өзін аймақтар бойынша қайта жіктеп, олардың ішінде қалаға айналуға мүмкіндігі  барларын анықтап алғанымыз жөн секілді. Бізде қазір 7 мыңнан үстінде ауыл болса, солардың мыңнан астамының даму әулеті жоғары деп табылып отыр. Міне, осының ішінде жақсы дамып келе жатқандарын қала қатарына қосу мәселесін, ол үшін оларға қалалық  инфрақұрылымдарды қалыптастырумен қатар ауылшаруашылығы өнімдерін өңдейтін өндірістерді жобалап жүзеге асыруды қазірден бастап қарастырған жөн бе дейміз. Сонда біздің елімізде таяудағы уақыттардың ішінде агроиндустриялық мақсаттағы көптеген шағын қалалар пайда болған болар еді. Канада мемлекетінің деңгейіне жету үшін Қазақстанның кең байтақ даласында күре  жолдардың бойында, курорттық аймақтарда, сондай-ақ тұрғындардың сол өңірлерде өнімдерді өңдейтін шағын өндірістерде, қызмет көрсету мекемелерінде жұмыс істесе, тұрмыста интернет пен ұялы байланысты пайдалану арқылы жан-жақтан  жедел хабар алып тұрса, көліктер ағылып, жолдардың сапасы жақсы болу керек.

Біз Кеңес өкіметінің тұсында Қаратау, Кентау, Жаңатас  секілді көптеген шағын қалаларды  салу арқылы ауыр өнеркәсіпті дамыттық. Енді, ауыл шаруашылығы өнімдерін  өндейтін, ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерге  сервистік қызмет көрсетумен айналысатын агроиндустриялық шағын қалалар шоғырын неге қалыптастырмасқа.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды.

Канада –  әлемдегі алып мемлекеттердің бірі. ІЖӨ  бойынша он бірінші орында. Жер  көлемі бойынша дүние жүзінде екінші орын алады. Географиялық орналасуыда ыңғайлы, біріншіден мұхитқа шыға алады, екіншіден АҚШ-пен шекаралас.

Канада  Қазақстан секілді жерге бай, ал сол жер көлемімен есептегенде халқының саны шағын мемлекет. Ел аумағы 9976 шаршы шақырымды (бізден үш есе үлкен), халқының саны 30 милион адамды (бізден екі есе көп) құрайды. Қазақстанда 1 шаршы шақырымға 5,5 адамнан келсе, Канадада 3 адамнан келеді.

Тағы бір  ұқсастық жағы, Канада да табиғи шикізат  көздеріне бай. Темір, мұнай, тағы басқа  пайдалы кен орындары өзінде ғана емес сыртқа шығарып сатуға молынан жетеді. Канада ірі индустриялық-аграрлық ел. Сыртқа бидай және басқа өнімдер экспорттаумен айналысады. Ал табиғи климаттық жағдайы біздің солтүстік өңірлерге келіңкірейді. Егер Қазақстан Қытай мен Ресей секілді екі алып елдің ортасына орналасса, Канада әлемдік держава АҚШ-пен көрші. Әрине, мұндай көршіліктің жақсылықтарымен қатар қолайсыздықтары да аз емес. Бірақ Канада АҚШ сияқты ірі елмен көршілін өз пайдасына шеше білді.

Қазіргі кезде Канадада өндірістің қатты дамуына байланысты экологиялық мәселелер туындауда.Олар:

  1. Ғалымдар Ұлы Көлдерде мыңдаған токсинді  химиялық заттардың кездесетіні туралы айтады, олар онда ағынды сулар мен және қышқылды жаңбырларымен түсетінін дәлелдеген. Ауыз су көптеген қалаларда ішуге жарамсыз, сондықтан көптеген тұрғындар тазаланған су немесе артезиан құдықтарынан су сатып алады.
  2. Мемлекетте қышқыл жаңбырлары табиғатқа және егін жерлеріне зиян келтіруде. Қышқыл жаңбырларының жартысы Канадаға АҚШ мемлекетінен келеді- олардан ормандар және суайрықтар зардап шегуде. 

Қалай дегенмен Канада тиімді нарықтық экономиканы құра алды, бұған себепші болған жағдайлар:

    1. Халқы көп болмай, табиғи ресурстарының мол болғандығы;
    2. Иммиграцияның көтерілу;
    3. Шетел (әсіресе АҚШ) капиталының көптеп тартылуы;
    4. Елдегі қоғамдық өмірдің демократияландырылуы;

Мемлекет өндіріске  көп көңіл бөледі,бірақ техникалық прогресс және табиғатқа деген ерекше ықылас экологияның жақсаруына шамалы болса да себепкер болып отыр.  Бұл жағдай әрине басқа мемлекеттерге қарағанда Канада мемлекетін ерекшелейді. Канада адам индексі бойынша жоғары тұрған елдер қатарында және осы елде өмір сүру қауіпсіз және ыңғайлы. Осы жағдайлардың барлығы турист үшін өте қызықты.  Үкімет туризмді қолдап отыр, соған байланысты Канадада саяхаттау қызықты, канадалықтар мейірімді және туристтерге ашық-жарқын. Қазақстанның Канададан алатын көп нәрсесі бар!

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қолданылған әдебиеттер тізімі:

 

  1. Масляк П.О., Олейник Я.Б., Степаненко А.В. Әлемнің экономикалық және әлеуметтік географиясынан  сөздік . - К.: Либра, 2007.
  2. Әлемнің барлық елдері: энциклопедиялық анықтамасы. - М: Вече, 2001.
  3. Әлем мемлекеттері: қысқаша энциклопедиялық анықтама.В.А. Аникеев. Минск; 2000 ж.
  4. Максаковский В.П. Әлемнің географиялық суреті. Әлемге жалы сипаттама- Ярославль: 2006.
  5. Коленеко В. А. Баяғы және қазіргі француздық Канада, Квебек тарихының очеркі, Ғылым ,2002
  6. Канада-2000: Қазіргі канаданың очеркі.- М. , 2001
  7. Максаковский В.П. Географиялық мәдениет: Оқу құралы. - М.: ВЛАДОС, 1998
  8. Ажаева В. С. Канада: әлеуметтік-саяси даму дәстүрі: ИНИОН РАН , 2001

тенденции социально-политического  развития.- М.:

  1. Игнатьев Г.М. Солтүстік Америка, Физикалық география -Витязь, 2005
  2. Үлкен Совет Энциклопедия: оптикалық диск- М.:,2002
  3. canada.com.ua/://www.canada.ru/about/economics/industry.html://www.sakharov.ru/meo/meo2/19.htm://www.nationalantidrugstrategy.gc.ca/://www.regional-forum.com/
  4. ПериодикаWorld Tourism Barometer. Volume 2, № 3, October 2004 // World Tourism OrganizationHighlights. Edition 2004 // World Tourism Organizationand Tourism Division Country Tables // United Nation ESCAP Statisticstats & Figures // Canada Tourism.com. Official Business site of the Canadian tourism commission
  5. США - Канада: экономика, политика, культура, №6, 2003 // РАН
  6. США - Канада: экономика, политика, культура, №8-9, 2003 // РАН
  7. США - Канада: экономика, политика, культура, №9, 2005 // РАН
  8. США - Канада: экономика, политика, культура, №9, 2002 // РАН
  9. США - Канада: экономика, политика, культура, №4, 2001 // РАН

Информация о работе Канаданың физико-географиялық сипаттамасы