Автор работы: Пользователь скрыл имя, 09 Января 2014 в 13:12, курсовая работа
Канада – Солтүстік Америка құрлығында орналасқан алып мемлекет. Астанасы – Оттава қаласы. Канада өзінің жерінің кең-байтақтығымен ғана емес, сондай-ақ көптеген арктикалық архипелагты аралдарымен ерекшеленеді. Канаданың жағалауларын Атлант мұхиты, Тынық мұхиты және Солтүстік Мұзды мұхит шайып жатыр. Көрші елдерінің ең үлкені АҚШ, одан басқа Даниямен (Гренландия аралы) және Франциямен (Сен-Пьер и Микелон (франц. Saint-Pierre-et-Miquelon) аралдары қауымдастығы) көршілес орналасқан. Канаданың АҚШ-пен шектесетін оңтүстік және Альяскадағы солтүстік батыс шекарасының ұзындығы 8893 км. құрайды. Табиғаты керемет. Ормандар мен таулы аймақтарға, туристік мекендерге толы әлемнің сұлу бір мекені.
Орталық Канаданың солтүстігіндегі жылдық амплитуда 35° С. Бұл аймақ Гудзон шығанағы мен Үлкен Невольничий көлдерінің аралығында шұғыл континентті климат орнығады. Мемлекеттің басқа аймағында континентті климат таралған, жылдық температура амплитудасы 28° С. Теңіздік климат тек қана Британдық Колумбия жағалауында және Қасиетті Лаврентий өзенінің алабында кездеседі.
Канададағы жауын-шашын мөлшері бойынша төрт аймақты бөлуге атауға болады. Батыстағы және солтүстік-шығыстағы мұхиттың жылуына және суық сулармен шайылуына байланысты жауын-шашын аз түседі. Қасиетті Лаврентий өзенінің бойындағы ылғалдың көп болуы , осы жерде полярлы ауа массалары өтеді, олар Гудзон шығанағынан өтіп, Мексика шығанағынан және Флоридадан келетін жылы ауа массалары келеді. Осыған ұқсас көріністер тынықмұхит жағалауларында кездеседі, онда жауын-шашын көп жауады -1500-2000 мм/жылына, ал Ванкувердің кейбір аймақтарында -5000м асады. Жағалаудан алыстаған сайын жауын-шашын мөлщері азаяды және Британдық Колумбия жазығына солтүстіктен оңтүстікке қарай созылып жатқан жерлерде тіпті шөлді аймақ, шөлге төзімді өсімдіктері кездеседі.
Канада аумағында екі шөлді аймақ анық көрсетіледі. Оның бірі шеткі солтүстікте орналасқан, екіншісі- оңтүстік-батыстағы прерий. Қоңыржай аймақтарда жылына 300-ден 380 мм жауын-шашын түседі Ыстық елдерде осындай жауын-шашын мөлшері түсетін болса, егіншаруашылығымен айналасу мүмкін болмас еді,бірақ Канада да көптеген ауылшаруашылық мәдениет өсімдіктерін өсіріп шығарады. Осылай, ауыл шаруашылығы елдің шөлді аймағынан басқа аймақтарында жақсы дамыған.
Британдық Колумбия жағалауындағы
оңтүстік-батысында қыста
Арктикадағы жаз. Канаданың
солтүстік аймақтарын игеру үшін
полярлы жазғы күндердің маңызы
зор. Солтүстік полярлы
Қар. Жалпы Канадада қар көп жаумайды. Ең көп қар ылғалды аймақтарға жауады, ал солтүстігінде жазықты аймақтарында жылына шамамен 1000мм қар жауады,ол суға айналдырған кезде 100мм тең.
1.5 Су қорлары
Канаданың өзендік жүйесі қалың және суы мол . Елдің 2/3 өзендер алабы Солтүстік Мұзды мұхит алабына тән. Өзендердің қоректенуі негізі қарлы-жаңбырлы. Орталық және солтүстік аймақтардағы өзендер мен көлдер 5-тен 9 ай аралығында мұзбен жабылады. Тынықмұхит жағалауындағы таулы өзендер терең алқаптарда және шатқалдардың арасынан ағады. Олардың сулары таяз, бірақ гидроэнергия үшін пайдасы зор. Ниагара сарқырамасы Эри және Онтарио өзендерінің арасында орналасқан, оның суы гидроэнергиястанциясы үшін қолданылады. Канадада 4 млн көл бар. Олардың ірілер Ұлы көлдер, Үлкен Невольничье, Үлкен Аюлы және т.б. Көлдер саны бойынша Канада бірінші орында тұр, ал гидроэнергия қоры бойынша (65 млн.кВт) бірінші орындардың қатарында.
1.6 Топырағы
Канаданың топырағы климаттық көрсеткіштерге, солтүстіктегі төменгі температураға, орталық аймақтардағы құрғақшылыққа және жағалаудағы ылғалдылыққа байланысты.
Сортаң. Канада аймағында сортаң топырақ тараған. Ол үшін ашық түсті элювиальді жиектер тән. Жауын-шашын көп жауатын аймақта (1500 мм астам), оның қуаттылығы 5-30 см көбейеді. Сортаң топырақ ылғалды климат көпке созылатын аймақта көп кездеседі. Осы кезде топырақтан өсімдікке қажетті еріткіш қосылыстары шайылып кетеді, сондықтан топырақ өнімділігі азаяды.
Сұрғылт топырақтар тундрада және қылқанжапырақты ормандар маңында таралған. Орман топырағының беттерінде өсімдік қалдықтары қатпарлығы болады, ал олардың астарында топырақ әрдайым ашық түсті сұрғылт болады. Профильдн төменге қарай – 30 см төменде – иллювиальді жиек анықталады, онда темірдің қосылыстары кездеседі.
Қара топырақ . Аудандарда, жазда жауын-шашын аз түсетін аймақтарда топырақтың ерекше түрі-қара топырақ кездеседі, әлемдегі өнімділігі жоғары топырақтардың бірі. Осы аймақтарда қылқанжапырақты ормандар ашық жазықты прерийлер пайда болады.
Қызғылт топырақ. Жылына 330-360 мм жауын-шашын түседі, ылғалдылықтың аз болуы гумустың көп болуына әкеледі және топырақтар қызғылт түске ие болады. Олар өнімділігі аз болғанымен, жер шаруашылығында қолданылады.
Оңтүстікке қарай ылғалдылық аз түсуіне байланысты, онда температура жазда жоғары, қызғылт топырақ маңында сұрғылт түске айналады. Жиектің төменгі бөліктерінде тұздың натрийі, карбонаттар және гипс жиналады; жауын кезінде бқл ерітінділер профиль бойынша төменге ағады, ал құрғақшылық кезінде грунтты сулармен бірге жоғары көтеріледі. Нағыз құмды шөлдер Канадада жоқ. Ал құрғақ аймақтар оңтүстік аймақта Саскачеван және Альберта, онда жауын-шашын мөлшері аз, өзендер кеуіп қалатын көлдер маңында аяқталады
1.7 Өсімдік және жануарлар әлемі
Канаданың өсімдігі, топырағы сияқты климатқа тәуелді. Өсімдік жамылғысына бай өлке тундра болып табылады, ол құрлықтың солтүстігінде орналасқан,онда қылқанжапырақты ормандар кездеседі. Оны тайга деп атайды.
Тундра . Бұл белдеу солтүстік жағалауларды және Канада Арктикалық архипелагында , «шөлді жер» деп аталатын жерде орналасқан. Мысалы, Туктояктук аймағында Поляр орталығынан 400 км қашықтықта орналасқан жерде жазда топырақ жамылғысы толығымен шөптесін және бұтақты өсімдіктермен жамылып жатады. Жаз кезінде бөрібұршақты, дәстүргүл, тоққұдыс,дриада және өсімдіктерді шалғында көруге болады.
Тайга. Бұл термин қылқанжапырақты ормандарға тиесілі жерлерге байланысты айтылады, бұндай жер Канаданың көп бөлігін алып жатыр. Тайга зонасы барлық елде солтүстік-батыстан шығысқа қарай 1100 км ендікпен және ұзындығы 4000 км дейін созылып жатыр. Осы белдеудің орталық бөлігінде қара арша көп кездеседі, осы аймақта аралас орман да кездеседі.
Тайгалық аумақтың солтүстік бөлігінде аласалы аршалар кездеседі, онда ормандар өзендер бойымен солтсүтіктен өзендерарасында созылып жатыр. Тайганын солтүстіктегі шекарасын анықтаушы шілде температурасы болып табылады, себебі мұнда ағаштар өсу үшін температура 10°С болуы керек. Тайга белдеуінің оңтүстіктегі шекарасы Эдмонтон мен Виннипег және Квебек арасынан өтеді.
Канаданың ботаникалық географиясында Виннипегтың алатын орны ерекше, оның солтүстігіне қарай тайга өтеді; ал оңтүстік-шығысында ауа райы ылғалды, ол үйеңкі және еменнің өсуіне жақсы жағдай тудырады. Емендер көбіне құрғақ прерийде өседі. Арша болса елдің солтүстік аймақтарында өседі.
Прерий белдеуі
Канаданың оңтүстік-батыс
Үкіметтің және экологиялық ұйымдардың жануарларды сақтап қалу шараларын көптеп ұйымдастыруына қарамастан, ньюфаундленттік қасқыр, теңіз құндызы, лабрадорлық гага, жабайы күркетауық жойылып кету жолында. Сонымен қатар ормандарды көптеп шабу табиғи ортаның жойылуына, көптеген флора мен фаунаның жойылуына алып келді.
ІІ тарау. Канаданың экономикалық географиялық жағдайына сипаттама
Канада он аймақтан және үш ауданнан тұрады.
Аймақ – Канадалық конституция негізінде құрылған мемлекеттер және федеральдық билікке қарамастан өз уәкілеттігі бойынша билігі бар мемлекеттер.
Аудан – бұл әкімшілік бірліктер, олар канадалық федеральді Парламент қарауында болады.
Қазіргі он аймақ: Альберта, Британдық Колумбия, Квебек, Манитоба, Жаңа Шотландия, Нью-Брансуик, Ньюфаундленд және Лабрадор, Онтарио, Остров Принца Эдуарда , Саскачеван.
Үш
аудан: Нунавут, Солтүстік-
Сурет 3. Канада мемлекетінің әкімшілік –аумақтық бөлінісі.
Тұрғындардың 48%-ағылшын канадалықтан, 29%-ы француз канадалықтар, 23%-ы басқа да еуропа халықтары, 3%-ы үндістер мен эскимостар. Қала халқы 77,9% (2006). Ресми тілдері – ағылшын және француз тілдері. Тұрғындары христиан дінінің католик және протестант тармағын ұстанады. Канада парламенті – монархия. Британ достастығына кіретін федерация болғандықтан Ұлыбритания королі (королевасы) формальді түрде мемлекет басшысы болып табылады (1952 жылдан – Елизавета ІІ). Ол Канада премьер-министрінің ұсынысымен 5 жыл сайын генерал-губернатор тағайындайды. Жоғары заң шығарушы орган – екі палатадан (Сенат пен Қауымдар палатасы) тұратын парламент. Сенат мүшелерін премьер-министрдің ұсынысымен генерал-губернатор тағайындайды. Үкіметті премьер-министр басқарады . Оған өте кең құқықтар берілген. Ол –Қарулы Күштердің Бас қолбасшысы. Астанасы – Оттава қаласы, ақшасы – Канада доллары.
Канада – нарықтық қатынастар жоғары дәрежеде дамыған, индустриалды-аграрлы ел. Ұлттық табыс мөлшері жылына 583,9 мрлд АҚШ доллары, жеке адамға шаққанда 21860 доллар. Елдің табиғат байлықтары мол: мұнай, табиғи газ, көмір, мыс (әлемде 3-орында), никель (2-орын), қорғасын (5-орын), цинк (әлемде 1-орында), темір, алтын, уран, т.б. Экспортының 81%-ы АҚШ-қа шығарылады және негізінен автомобильдер, құрал-саймандар, ағаш өнімдері, қағаз, шикі мұнай, табиғи газ, аллюминий, мұнай мен тас көмір өнімдері, бидай өнімдерінен тұрады. Импорттың 76,3% АҚШ-тан әкелінеді және негізінен автомобильдер, жолаушылар вагондары, компьютерлер, телекоммуникация құралдары, азық-түлік өнімдерінен тұрады. Халқының 73,1%-ы тұтыну салаларында, 22,8%-ы - өнеркәсіп, 4,1%-ы ауыл шаруашылығында жұмыс істейді. Жерінің 4,9%-ы ауыл шаруашылығына пайдаланылады, астық өнімдері өсіріледі және мал шаруашылығы жақсы дамыған. Негізгі сауда серіктестіктері: АҚШ, Батыс Еуропа Елдері, Жапония, Қытай, Мексика, Оңтүстік корея елдері мен Қазақстан арасындағы дипломатиялық байланыс 1992 жылы 10 мәуірден бастап орнатылды. 1996 жылы 25 қыркүйекте 2 жақты салықтан босату жөнінде конвенцияға қол қойылды. 1998 жылғы сәуірде Елбасы Н.Ә.Назарбаев Вашингтонда Канада примьер-министрі Ж.Кретьенмен кездесті. Қазақстанда 30-ға жуық компаниялар жұмыс істейді. Оның ішінде ірілері «Харрикейн Кумкойль», «СНС – Левалин Интернэшил» мұнай-газ салаларында, «КАМЕКО», «Уран Эрц» уран экспорты жөнінде, «Вестерн комбайн», СП «Аквест» ауыл шаруашылығында тағы да сол сияқты. Сонымен қатар ғылым мен мамандар алмасу салаларында да көптеген келісімдер бар.
Қара металлургия Гамильтон (49%),, Су-Сент-Мари (18%), Уэлленд және Сидни қаласы (8%); полиметаллдарды Трейле, Валлифилде, Бельдюн-Пуэне; мыс және никель Садбери, Норанде, Монреале, Порт-Колборне, Томпсоне, Форт-Саскачеване қалаларында дамыған.
Мұнай өндеу зауыттары сапалы мұнайды шығаратын зауыттардың бірі. Негізгі зауыттар тұтыну орталықтарында (Монреаль және Ванкувер) немесе көлік тораптарында қиылысатын (Сарния және Эдмонтон) қалаларда орналасқан.
Канада елінде ауыл шаруашылығы үлкен рөль атқарадаы. Негізгі өнім түрлері азық – түлік өнімдері. Барлық ел бойынша өндірістің 13% осы өнім бөлігі. Канадалық ауыл шаруашылығы мехнизмі жоғары дамыған, өндірістік шоғырлануы, өтімділігі және мамандануы және елдің тұтунушылық сұранысын толыққанды өтей алады. Негізгі сала- етті-сүтті малдарды өсіру. Канаданың кейбір аудандарында нағыз «ет фабрикасы» аумақтары пайда болды. Канаданың негізгі ауылшаруашылық аумақтары ретінде дала аумақтары болып табылады (бидай шаруашылығы, мал шаруашылығының жайылымдары) және Орталық аудандары. Тұқымды картоп өсіру- Эдуарлд принц араланың мамандануы.
Негізгі өндірістік аумақтары:
Оңтүстік-Шығыстағы Онтарио аумағының мамандануы: қара және түсті металлургия , көліқұрастыру, полиграфия және жеңіл өнеркәсіп . Басты өндірістік орталықтары: Торонто, Оттава, Гамильтон, Уинсор, Садбери.
Оңтүстік-Батыс Квебек аумағының мамандануы: көлік құрастыру, түсті металлургия, мұнай өндеу, химиялық, целлюлозді – қағазды, жеңіл өнеркәсіптер. Басты өндірістік орталықтары: Монреаль, Квебек, Труа-Ривьер.
Оңтүстік – Батыс Британдық Колумбия аумағының мамандануы: көлікқұрастыру, мұнай өндеу, орман шаруашылығы. Басты өндірістік орталықтары: Ванкувер, Виктория.
Канада халқының әл-ауқаты жағдайы жағынан әлемдегі еңалдыңғы қатарлы елдердің бірі. Канада әлемнің дамыған ”Үлкен сегіздік” елдерінің қатарына кіреді, ”Экономикалық әріптестік және даму халықаралық ұйымы”-ның мүшесі болып табылады. АҚШ-қа қарағанда Канаданың экономикалық ‘күші’ аздап төмендеу. Есесіне, көптеген Батыс Еуропа елдерініңкінен жоғары. Канады әлемдік сауда айналымы жағынан алғашқы ондыққа кіреді. Елдің басты импорттайтын тауарлары АҚШ, Ұлы Британия және Жапония елдеріне тасымалданады. 2008 жылғы Канаданың импорттаған тауарларынан түскен ақшасы $442.9 млрд. Болады.оның ішінде $280.8 млрд. АҚШ-тан, $11.7 млрд. Жапониядан және $11.3 млрд. Қаржы Ұлы Британиядан түскен. 2009 жылғы казан айындағы деректерге сай, елдегі орташ жұмыссыздық көрсеткіші 8,6% болған. 2008 жылы Канаданың мемлекеттік қарызы Үлкен сегіздік елдерінің арасындағы ең төмен көрсеткішті көрсеткен. Канаданың экономикалық секторын үлкен жетістікке жеткізіп отырған тау-кен өндірісі, мұнай-газ саласы, ауылшаруашық шаласы және қызмет көрсету салалары болып саналады. Жұмысшылардың ¾ бөлігі осы қызмет көрсету саласында жұмыспен қамтылған. Бидай мен астық тұқымдас дақылдарды үнемі шет елдерге сатып отырады. Елдің солтүстік аймақтарында ауалшаруашылығы климаттық жағдайларға байланысты дамымаған. Мырыш пен уран, сондай-ақ, алтын, никель сынды бағалы металлдар Канадада көптеп өндіріледі. Алмаз өндіруден әлемде екінші орын алады. Оңтүстік Онтарио мен Квебек провинцияларында автокөлік жасау мен әуе және ғарыштық техникалар индустриясы дамыған.
2.2. Туристтік қорлары
Канаданың туристтік пайдадан әлемдегі үлесі 2,5% құрайды. Канаданы рекреациялық-географиялық орнына байланысты Ресеймен ұқсатуға болады.
Кесте 1. АТА (Атлан-Тынық мұхит ауданы) елдері арасындағы елдердің туристтік пайдасының тізімі (2010гж.) [1,2] (қайнар көзі: Transport and Tourism Division Country Tables )
Ел |
Келу |
Пайда |
Ел |
Келу |
Пайда | ||||
млн. адам. |
орын |
млрд. долл. |
орын |
млн. адам. |
орын |
млрд. долл |
орын | ||
АҚШ |
41,9 |
1 |
66,5 |
1 |
Малайзия |
13,3 |
6 |
6,8 |
7 |
Қытай |
36,8 |
2 |
20,4 |
2 |
Таиланд |
10,9 |
7 |
7,9 |
6 |
Канада |
20,1 |
3 |
9,7 |
4 |
Сингапур |
7,0 |
8 |
4,9 |
9 |
Мексика |
19,7 |
4 |
8,9 |
5 |
Макао |
6,6 |
9 |
н/д |
н/д |
Гонконг |
16,6 |
5 |
10,1 |
3 |
Корея Респ. |
5,3 |
10 |
5,3 |
8 |
Индонезия |
5,0 |
12 |
4,3 |
10 |
Информация о работе Канаданың физико-географиялық сипаттамасы