Колонная головка

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 19 Ноября 2013 в 05:30, дипломная работа

Краткое описание

Аяқталған ұңғыманың жабдықтары негізінен оның конструкциясына бай- ланысты болады.
Ұңғымаларды пайдалану, өндіруді интенсификациялау, ұғымаларды жөндеу үшін қолданатын жабдықтар осы конструкцияға байланысты болады.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Дипломная работа исправленнаяГОТОВО.doc

— 4.45 Мб (Скачать документ)

    в)   дәнекерленген тігісті әрбір қабаттан кейін күйіндіден  тазалаймыз;

    г) дәнекерлеп болғаннан  кейін тігісті жылыту керек, ол үшін оны асбестпен немесе киізбен жабамыз, суығынша;

    ғ)  дәнекерлеуді қолмен тұрақты токта жүргізу қажет;

    д) әрбір үш қабатты дәнекерлеуді келесі қабаттың басын жылжыту алдындағы қабаттың аяғынан бастау керек.

    ж) әрбір қабат үзіліссіз дәнекерлену қажет.

    Тізбек байламасының тұрқын шегендеу тізбегінің  құбырына (4.2-сурет) резьбаға отырғызу алдында СУ-1 маркалы маймен майлайды. Бүйіріне қысым бақылайтын 1 манифольд, ал керек жағдайда айдау желісі орнатылады. Тізбке басын шахтада монтаждағанда қысым тексеретін және технологиялық операцияларды орындау ыңғайлы болу үшін, манифольд түйіндерін жер үстіне шығарамыз.

    Қайта тастау жабдықтары тізбек басына 2 арнайы схема бойынша жұмыс қысымына есептелген төсем 3 орнатылады.  Оны арнайы шпилькамен және гайкамен қатайтамыз.


 

    4.2-сурет. Бірфланецті тізбек басы мен қайта лақтыру жабдығын монтаждау

 

 

    Резьбамен қосылған тізбек байламасының басын шегендеу тізбегіне фланецпен қосылған қайта тастау манифольд жабдығы арқылы қысыммен тексеру жүргізіледі. Қысым түскен жағдайда оның ағып кету орны табылып, ақауды жоямыз. Содан соң қысыммен тексеруді қайталап, ұңғыны бірінші аралық тізбекке бұрғылаймыз.

    Бұрғылап біткеннен кейін бірінші аралық тізбекті түсіреміз, жобалы белгіге дейін 4-8 м жеткізбей түсіреміз. Одан кейін аралық тізбекті цементтеп, цемент ерітіндісі қатқанша дейін күтеміз, қатқаннан кейін керуін жүзеге асырамыз.

    Шегендеу құбырының айналасында сыналы ілмекті жинап (4.3-сурет) оны якорьдың көмегімен димаетрі 6 мм жоғары иілгіш арқанмен қайта тастау жабдығының ашық превенторымен түсіреді. Аралық тізбекті ұңғы сағасына дейін цементтеп, оның центрде орналасуы үшін соңғы сыналы ілгіш тізбек басында цемент стаканы қатақнша орналасады.

    Сынаның 2 конусты тұрқыға 1 тірелгенде арқанды босатамыз. Сыналар өз массалары арқылы өздерінің ұяларына қонып тізбекті тығыз қамту керек. Содан тізбекті сынаға жүктеп түсіреді. Қайта тастау жабдықтарын шешіп, арқандарды босатып, сынадағы рымболтты бұрап алады.

 


    4.3-сурет Бірфланецті тізбек басының тығыздауыш түйіні мен санылы ілгішін монтаждау

   

    Автогенмен немесе құбыр кескішпен тізбектің шығып тұрған бөлігін кесіп тастайды, оның өлшемі фланец шетінен шығып тұрған тізбек бөлігіне өлшемі 130±10 мм болу керек. Тығыздауыш пакерлердің зақымдануынан құтылу үшін құбырды метал щеткамен сыртқы бетін 25×200 етіп алып тастаймыз. Сыртқы бүйір бетін зімпаралы қағазбен тазалап, арнайы консистенциялы майлау материалы жағылады.

    Құбырға пакердің төменгі сақинасы 3 мен тығыздағышқа ЛЗ-162 (Арматол 238) майлау материалын жағып кигізеді, сосын пакердің жоғарғы сақинасы 5 кигізіледі.

    Тығыздауышты  1 тізбек басының фланцында арнайы дайындалған арықшаға орнатамыз (4.4-сурет), арықшаны және тығыздағышты алдын ала сүртіп қоямыз. Екі фланецті тізбек басын 3 пакер үстінде орналасқан сақтандырушы сақинаға 2 монтаждаймыз.

    Тізбек басы фланецінің бүйірінде орналасқан клапандарынан кішкене колпачекты бұрап алып, оның орнына НС-8×35 майды айдау  ұштығын орнатамыз. Майды айдау үшін разряд клапанының тығынын 5 2-3 айналым бұрап,  оған май айдаймыз, май разряд клапанынан көтерілгенше. Содан кейін разряд клапанының тығынын бұрап қоямыз.

    Тығыздауыш пакермен 6 және 4, бір фланецті және екі фланецті басының фланецті қосылысын алдымен қысыммен тексереміз.

 

 

    4.4-сурет. Екі тұрқылы тізбек басын монтаждау

 

    Тізбек басының тұрқын алдымен қысымен суды айдау арқылы тексереміз. Оны жоғары қысымда 5 мин. ұстаймыз. Егерде қысым түспесе тексеріс өтті деп, жұмыста пайдалануға болады. Егер қысым төмендесе, онда саңылаусыздануы нашар болғаны. Бұл жағдайда тығыздағыштарды ауыстарып, фланецті қосылысты тартып қайтадан тексерістен өткіземіз.

   ОКБ типті тізбек басын келсідей монтаждайды (4.5-сурет).

    

  

    4.5-сурет. ОКБ типті тізбек басын монтаждау.

  

    Кондуктор құбырына 1 тізбек басы тұрқысын бұрап орнатады. Тұрқыға ауыспалы сақтандыру төлке 2, ал фланце арықшаларына төсемдерді орнатамыз. Фланецке ОП2Г-350×350 қайта тастау жабдығын бекітеді. Бекітіп болғаннан кейін бұл конструкияға суды қысыммен айдау арқылы тексерістен өткіземіз. Бірақта қысым шегедеу құбырларын жұмыс істеу қысымынан жоғары болмау тиіс. Тексерісті тізбек басындағы манифольд арқылы да және қайта тастау жабдығының крестовигі арқылы жүргізуге болады. Бірінші техникалық тізбек асты  бұрғылап, келесі тізбекті түсіреміз (4.6-сурет). Соңғы құбырдың муфтасына ниппель бұралады 1. Резбалық байланыстың саңылаусыздығын арттыру үшін ФУМ лентасын қолданамыз. Ниппельге жүйелі түрде алдымен төменгі сақиналы пакерді 2, пакер тығыздағышын 3, пакердің жоғарғы сақинасын 1, орнатамыз. Пакер түйінін гайкамен 5 қатайтамыз. Шегендеу құбырына көтергіш патрубок бұралады. Цемент стаканының қатуын күтпей, тізбекті цементтейміз. Тізбекті түрмес алдында тізбек басының қондырылатын бетін суды қысыммен шашу арқылы тазартамыз. Сұйықты қайта жіберу үшін  манифольдтың краны ашылады. Муфталы ілмек тізбек басы отырғызылатан ұяшығына түсіреді.

    Муфтаның тұрқыға дұрыс отырғызылуын ротор столына қатысты патрубоктардың орналасуы арқылы  біліміз.

    Цемент қатқаннан кейін тізбекті пен тығыздағыштарды суды қысыммен айдау арқылы қайта тексереміз. Содан кейін пайдаланушы  тізбек асты бұрғылаймыз. Бұрғылап болғаннан кейін, пайдалану тізбегін түсіріп цементтейміз. Оның үстіне оның үстіне тізбек басын қондырамыз.

   

  

    4.6-сурет. Техникалық тізбекті превентор арқылы ОКБ типті тізбек басы тұрқысына қондыру

 

    Тізбек басы крестовигінің жоғарғы фланеціне арнайы бағыттаушы төлкесі бар катушка орнатамыз.

    Фонтанды арматураның құбыр басын монтаждайды. Майлау материалын айдап, тығыздағыштармен фланецтердің саңылаусыздығын тексереміз.

    Фонтанды арматураның құбыр басының крестовигін монтаждап болған кейін, оған перфорациялы задвижка немесе превентор орнатып, гидравликалық тексеру жүргіземіз.Оның қысымы пайдаланушы тізбектің жұмыс қысымынан аспауы тиіс.

    Гидравликалық тексерісті құбыр басының крестовигінде ораласқан ысырмаға сорап агрегатын жалғап жүргіземіз. Тексерістің нәтижесі актта жазылуы тиіс. Перфорация аяқталған соң  пайдалану тізбегінен перфорация ысырмасын  жәнне превенторды шешін, көтергіш құбырларды түсіреді. Қабылданған технологияға байланысты перфорацияны көтергіш құбырлар іске асыруға болады.

 

    4.4 Тізбек басын монтаждауға арналған құрал жабдықтар

 

    Такелажды жұмыстарға арналған құрал жабдықтар.  Монтаждау  бригадасының  табысты және үздіксіз жұмысы  еңбекті механикаландыруына тәуелді.

    Монтаждау кезінде қолмен істейтін жұмысты электрлік, пневматикалық және жартылай автоматты құралдармен механикаландырып жұмыс процессін жеңілдетуге болады.

    4.2-кестеде бұрғылау аймағында қажетті механикалық құралдар мен жабдық- тардың тізімі келтірілген

 

4.2-кесте

Құралдар мен жабдықтар түрі

 Құралдар мен жабдықтар

Саны

 

Электр арасы немесе бензинді қозғалтқышты  «Дружба»  арасы

Элетр дрель бұрғылармен бірге өлшемдері 3/4 тен 5/8 ", әрбір   өлшемінен үш данасы болу керек.

Электр ара мен электр дрельге  арналған кабель, м

Қозғалмалы электрстанциясы

Автоген аппараты

Жүк көтергіш домкрат 20 – 40 т

Газбен дәнекерлеу жабдығы

Параллельді қысқыштар

Шарнирлі кілттер

Гайкалы кілттер 

      50×55, 46×50, 55×60

 

      46×41, 41×36, 36×32, 32×27

 

      27×22, 22×19, 19×17, 17×14, 14×12, 12×10

 

Найкидной кілттер 46×50 өлшемді

Мұнаралы көтергіш ПВК-1 (41 м мұнараларды  құрастыру үшін)

Мұнаралы көтергіш ПВ2-45 ( 53 м мұнараларды құрастыру үшін)

Тіркемелі жұмсатқыш

Бетон араластырғыш

Пневматикалық балға

Ауыр жүк тасығыштар Т-40 немесе ТК-40, ТПМ-40

Арбалар «Восток»

Бағыттаушы лыжилар

Жүк көтергіш домкрат 50 – 100 т 

Электр дәнекерлеу агрегаты

 

1

 

1

75

1

2

2

2

1

2

 

3 (әрқайсысынан)

 

6 (әрқайсысынан)

 

3 (әрқайсысынан)

 

3

1

1

1

1

1

10-15

4-5

2-3

1

2


 

    Құралдар мен жабдықтарға қойылатын негізгі талаптар:

    - барлық жүк көтергіштер өзінің салмақ көтергіштігіне сәйкес келуі керек. Егер жабдықты бөлшектерге бөліп көтерсе, жүк көтергіш оның ең ауып бөлшегін көтеруі тиіс;

    - барлық жүк көтергіштерде максималды салмақ көтергіштігі, сол жабдық- та көрсетілуі тиіс және оның құжаты болу қажет, онда қызмет көрсету мерзі- мі көрсетілуі керек;

    - шығырлар мен крандар сенімді тежеу механизмі болу керек және өздігі- нен жүкті түсіру жеберілмейді. Жұмысқа жіберілу алдында оны мықтылап жүктейді, оның тұрақтылығын арттыру үшін;

    - көтерілітін жүк мықтылап түйіндеу керек (4.7-сурет). Түйіндердің түрлері көрсетілген. Жабдықтың өлшеміне, салмағына байланысты таңдалады. Барлық жағдайда түйін жүктің салмағына байланысты өзі тартылуы тиіс немесе өзгермеу керек.;

    - қол құралдары өзінің міндеттеріне байланысты қолданылуы тиіс;

    - электр жабдықтарымен жұмыс істегенде ток соғу қауіпінен абай болу керек.

    Жоғары кернеулі жабдықтармен жұмыс істегенде оны арнайы электрожетекпен жерлендіру керек. Қолұстағыштары арнайы материалмен оқшаулануы керек. Жұмысшылар электр жадбығымен жұмыс істегенде арнайы резеңкелі қолғаптар мен галоштарды кию керек.


 

 

4.7- сурет. Жүк көтеру кезінде қолданылатын түйіндердің түрлері:

1 – екі бірдей арқанды қосу  үшін рифті түйін; 2 – жәй түйін; 3 – екі еселі түйін; 4 - өлі түйін;  5, 6 – жәй және екі түйінді  арқанның аяғын ілмекте бекіту үшін; 7 – қиын түйін; 8 – бөренелерді көлденең көтеру үшін қолданылатын түйін;  9, 10 – жәшіктерді көтеру үшін түйін; 11 – Блеквуль түйіні арқанның шетіне ілмекті ілу үшін; 12 – қиын түйін сол мақсат үшін; 13 – бөренелерді тік көтеру үшін қолданылатын түйін; 14, 15 – арқандарды кеспей қысқарту; 16, 17 – түйіндер мен ілмектерді құру тәсілдері; 18, 19 – арқандарды діңгекке бекіту тәсілдері; 20 – 26 түйіндер мен ілмектерді құрудың әртүрлі әдістері; 27 -  арқандарды алмалы-салмалы қосу;

   

    4.5 Тізбек басын пайдалану және жөндеу

 

    Тізбек байламасына пайдалануға оның конструкциясымен және пайдалану ережелерімен таныс жұмысшылар жіберіледі. Тізбек басының жұмысын жүйелі түрде бақылап отыру қажет. Ауданға байланысты ұңғымада белсенді коррозиялық заттардың болуына байланысты мұнай және газ өндіретін кәсіпорын бақылаудың мермізділігін өздері анықтай. Техниканың қызмет  көрсетумен пайдалану тәртібіне байланысты өзгерістер осы мақсатқа арналған журналдарды жүйелі жазылуы тиіс.

    Тізбек байламасын  тексеру және техникалық қызмет көрсету ұңғыманы барлық пайдалану периодында кем дегенде үш күнде бір рет жүрізу қажет.

    Жабдықтар мен түйіндеріде  зақымдардың болуына:

      мұнай,  газ, газ конденсатының фланецтік,  резьбалық және басқа да қосылыстан  ағуына;

      шпилькалардың тартылуы мен жинақталуы, гайкалар мен болттадың байланыстары, олардың дұрыс құрылуына;

      жүйелі  түрде кем дегенде айына бір  рет  үш жүрісті вентильдерді  ауамен үрлеу қажет және тізбек  аралық кеңістіктегі қысымды  өлшеу. Қажеттілікке байланысты тізбек байламасын коррозиядан сақтау үшін сырлау қажет.

    Пайдалану  кезіндегі табылған ақаулар жойылуы  тиіс 4.3-кестеде келтірілген.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

4.3-кесте

ОКК типтегі тізбек басының негізгі  болатын ақаулар түрлері 

Ақаулар түрлері

Пайда болу себептері

Жою әдістері

Кері клапанның резьбаға қосылған жерінен өткізу

 

Кері клапанның орталық каналынан  өткізу

 

Тізбек басының фланецті қосылысың  өткізуі

 

 

 

Тізбек басы пакер түйінінің  өткізуі

 

Ысырманың толық ашылып жабылмауы

Резьбалық қосылыстың бәсеңдеуі

 

Шарик-конусты қосылысының  саңылаусыздығының  бұзылуы

 

Тығыздағыш сақинасының қисаюы, фланецті қосылыстың жеткілікті тартылмауы, төсемдердің тозуы

 

Манжеттің жыртылыу, майлау материалының жоқтығы

 

Тұрқыда құмдар мен ерітінділердің болуы

Тарту қажет

 

 

Клапанды ауыстыру

 

 

Қосылыстарды бір қалыпты тарту

 

 

 

Майлау немесе өзі қататын пластикті  айдау

 

Ысырманы ауыстыру


 

 

   4.6 Тізбек байламасын монтаждау және пайдалану кезінде қауыпсіздік талаптары

   

    Тізбек байламасын монтаждау және пайдалану ережелерге сәйкес болу қажет. Бұны СССР 31/I.1974 Госгортехрадзор қабылдаған «Мұнай және газ өндіретін кәсіпорындардың қауіпсіздік ережелерінде»  қабылданған.

    Бұрғылау бригадасы мен кәсіптік операторлар алдын ала тізбек басын және оның түйіндер жайында, өрт қауіпсіздігі мен жарылыс қауіпсіздігі туралы ережелерін оқуы міндетті.

Информация о работе Колонная головка