Колонная головка

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 19 Ноября 2013 в 05:30, дипломная работа

Краткое описание

Аяқталған ұңғыманың жабдықтары негізінен оның конструкциясына бай- ланысты болады.
Ұңғымаларды пайдалану, өндіруді интенсификациялау, ұғымаларды жөндеу үшін қолданатын жабдықтар осы конструкцияға байланысты болады.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Дипломная работа исправленнаяГОТОВО.doc

— 4.45 Мб (Скачать документ)

    Ұңғымаларда тізбек байламасын монтаждау және пайдалану жұмыстары кезінде өрт сөндіру құралдары болу қажет.

    Тібек басы байламасын қызмет көрсеткенде тыйым салынады:

қысым жоғары ортада инженердің  рұқсатынсыз Фланецті байланысты тартуға болмайды;

майлау материалдарын  айдау кезінде кері клапан қасында  тұруға тыйым салынады;

ысырма маховигінің  айналу моментін жоғарлату үшін рычагтарды қолдануға қатң тыйым салынады.

    4.7 Тізбек байламасын тасымалдау және сақтау ережелері. Қызмет ету мерзімі

 

    Тізбек байламасын көліктің барлық  түрімен тасымалдауға болады.  Тізбек байламасының  әртүрлі зақымданудан сақтау үшін оны арнайы дайындалған  орамада тасымалдау қажет. Резьбалар, фланецтің бекітілетін орнын және басқа элементерін механикалық зақымдалудан сақтау керек. Тізбек байламасын жинақталған күйінде де және ажыратылған түйіндер түрінде тасымалдауға болады.

    Тізбек байламасын  арнайы қоймаларда сақтау керек және оларды коррозияға қарсы майлармен  майлап жауын-шашынның түсуінен қорғау керек.

    Барлық қосалқы жабдықтары мен жолдама құжаттары арнайы су өткізбейтін материалдан жасалған орамада оралып, ағаш ыдыста сақталуы керек. Бұны жіберуші завод қамтамасыз етеді.

    Қоймаларда ұзақ уақыт бойы  сақталған жабдықтарды алты айда кемдегенде бір рет тексерістен өткізіп тұру қажет. Коррозия байқалған жағдайда, ол жабдықты майлау материалдарымен консервациялау керек.

    Консервациясыз сақтау мерзімі 18 ай.

    Тізбек байламасының тағайындалуына байланысты қызмет ету мерзімі 9 жылдан 18 жылға дейін

    Тізбек байламасын  жеткізетін  типтік комплек

    1. Тізбек байламасы жинақталған түрінде

    2. Қосалқы жабдықтары мен материалдары:

             тығыздауыш төсемдер ОСТ26-16-1611-79;

фланецті қосылыстардың шпилькалары ОСТ26-16-1612-79;

фланецті қосылыстың гайкалары ОСТ26-16-1613-79;

тығыздауыш пакерлер;

фланецті қосылыстың гайкалары үшін кілттер;

тығыздағыш майлар ЛЗ-162 ТУ38.101.315 – 77;

тығыздағыш майлар «Арматол-238» ТУ38.101.812 – 83.

  1. Жинақтау схемасының құжаты.

Ескерту: Манометрлер  комплектке кірмейді

 

   

 

 

 

 

 

 

    5 Еңбек қауіпсіздігі

 

    5.1 Өндірістегі қауіп - қатерлі және  зиянды факторлардың анализі

    

    Жұмысшылар құрылыс жұмыстарын жүргізген кезде әртүрлі қауіпті және зиянды заттардың әсеріне ұшырауы мүмкін:

  1. Жермен жұмыс істегенде адам денсаулығына келесі факторлардың әсері болуы мүмкін:

- күн сәулесінің сәулелері;

- әртүрлі техниканың, экскаваторлардың әсерінен болатын  шудан адам ағзасына зияны;

- кездейсоқ апаттық жағдайлардан адам өміріне қаупі:

-  түрлі техникадан  шығатын улы газдардан. 

  1. Жүкті тиеу – түсіру жұмыстары кезінде адамға денсаулығына қауіпті әсерлердің келесі факторлары болады:

- жүк түсіру кезінде  адамға жүктің құлауынан денсаулығына  тиетін әсер;

- жүкті тиеу – түсіру жұмыстары кезінде болатын кездейсоқ апаттық жағдайлардан адам өміріне қаупі.

  1. Бұрғылау кезінде адам өміріне және денсаулығына әсері тиетін факторлар:

- бұрғылау жабдығынан  болатын шулар;

     - электрлік  жабдықтар мен кабельдердің зақымдалған кезде ток ұру қаупі бар;

- шаң мен басқада  бұрғылау жабдықтарынан шығатын  газдардан және бұрғыланған шламдардың  әсері. 

  1. Дәнекерлеу кезінде  адам денсаулығына келесі қауіпті факторладың әсері болуы мүмкін:

- жұмысты орындау кезінде  күйік алу;

- электр тогынан зақымдалу;

-кездейсоқ апаттық  жағдайлардан адам өміріне қаупі.

5. Дәнекерлеп болғаннан  кейін дәнекерлеу тігісін диагностикалау  кезінде болатын   адам өміріне  қаупі:

- сәулелердің әсерінен  сәулелену қаупі;

- электр тогынан зақымдалу.

 

5.2 Өндірістік санитария

 

Жұмысшылар, басқарушылар, мамандар және өндірістегі құрылысшылар арнайы киіммен, аяқ киіммен және дара қауіп дәрежесіне байланысты қамтамасыз етілуі тиіс.

Құрылыс орнындағы барлық жұмысшылар қорғау каскасын киюі міндетті. Барлық жұмысшылар арнайы киімінсіз және қорғау каскасыз жұмыс орнына жіберілмейді.

Жұмысшылар, басқарушылар, мамандар және өндірістегі құрылысшылар санитарлы – тұрмыстық бөлмелермен (гардеробтармен, киім мен аяқ киімді кептіргіштермен, жуынатын бөлмелермен, ас ішетін бөлмелермен, демалыс бөлмелерімен, әйелдердің жеке гигиенасы үшін арналған бөлмелерден және әжетханалармен) қамтылуы тиіс.

Санитарлы – тұрмыстық  жұмыстар құрылыс жұмыстары, монтаждау  жұмыстары басталмай жатып бітуі  қажет. Барлық құрылыс объектілерінде дәрі – дәрмекке арналған, носилкаламен және қан тоқтату шиналарымен жабдықталған бөлме болуы керек.

Барлық жұмысшылар жұмыс  орнында ауыз сумен қамтылуы тиіс. Оның сапасы санитарлы нормаларға сай  болыу керек. Су   құрылғыларын жұмыс орнынан 75 м көлденеңнен  және 10 м тігінен арлықтан кем емес жерде орналасу керек.

Жұмыс орындарын арнайы су беретін автоматтарымен, арнайы бактар, фонтандар және басқада құрылғыларменқамтылуы  қажет. Егер шикі судың сапасы нормаларға сәйкес келмесе, арнайы  суды қайнатып – суытатын  және сақтайтын, флягтарды тазалайтын бөлмелермен қамтасыз етілуі тиіс. Қай- натылған су құйылған флягтардың аузы арнайы брезентті жапқышпен жабылып, құлыппен кілттеу керек. Флягтарды немесе бачоктарды аптасына бір рет тазалап, жуып тұру керек. Таза суды күнде жеткізіп отыру керек және олардың ластануынан сақтау керек.

Жұмыс орнының дүрыс  жарықталуы еңбектің жоғары өнімділігіне әке- леді, шаршауды азайтатып, демек  өндірістік аптаптарды аздығына әсерін ти-гізеді.

    Өдірісте жарықтандырудың  екі жолы бар, олар табиғи жарықтандыру жә- не жасанды болып бөлінеді. Табиғи жарықтандыру арнайы терезелермен жә- не басқа шынылы ойықтардан, ал жасанды – арнайы шамдармен. Шаммен жарықтандыру тек қараңғы болғанда және түңгі сменада жұмыс істейтіндер- ге қаралған.

 

 

5.3 Жүкті тиеу – түсіру жұмыстары

 

    Жүкті тиеу – түсіру жұмыстары арнайы механикаландырылған көтеріп -       түсіру  құрылғылары арқылы жүзеге асырылуы тиіс.

    Жүкті тиеу – түсіру орындарын тазалықта ұстап, үйіптастамау және қо- қыстамау керек. Онда арнайы жолдармен және көліктер бұрылатын орын- дарды арнайы белгілермен 10-15 м аралығында беклгілеп қою керек.

    Кранды немесе  жүк көтергішті барлық тіректеріне  орналастыру керек және тіректер  астына арнайы төсемдер болуы  қажет. Ол төсемдер кранның  қосалқы бұйым болып табылады.

    Құбырларды  көтеру және орналастыру кезінде  келесі ережелерді сақтау керек:

    - жұмысқа тікелей  қатысы жоқ адамдарды жұмыс  орнына және кранның қасынан  алыстату керек;

    - құбырларды  строповкалап болғаннан кейін,  такелаждау жабдықтарын қауіпсіз жерге орналастыру керек 10 м;

    - құбырларды  көтеру алдында 20-30 см көтереміз,  кранның тежеуішінің жұмысын  тексеру үшін;

    - жұмысшыларға  кранның садағаның радиусынан  тағы 5 м және құбыр- ларда   адамдардың басының үстінен тасымалдауға тыйым салынады;

    - құбырларды  платформаға  түсіру кезінде  көлік кабинасында шоферға болуға  тыйым салынады;

    - құбырларды 0,5 м көтеріп және тасымалдау  жолында ешқандай кедергі боламау  керек немесе құбырды сәл жоғары  көтеру керек;

    - кранның машинисті құбырды садығының бұрылысы кезінде түсіруге бол- майды;

    - құбырды көтеріп  түсіру кезінде құбыр қоятын  штабель арасында адам болмауы  керек;

    Құбырларды  бұру кезінде такелаждылар келесілерді  міндетті:

    - арнайы ұстау  құрылғалырын пайдалану керек;

    - құбырларды  штабельді дұрыс орнатылуын тексермей  орналастыруға болмайды;

    Жылжыту кезінде  тексеру керек:

    - болатты арқандардың  сенімді болуы;

    - құбыр орналастырғыштардың  тежеу құрылғысының сенімді болуы.

    Болат арқандары мемлекттік стандарттарға сай болуы тиіс және сертифи- каттар немесе сертификаттың көшірмесі болуы керек, бұл сертификат  заводта тәжірибелерге сыналғандағы жөнінде.Бұндай сертификаттары жоқ арқандарды қолдануға тыйым салынады.

    Жүкті тиеу  – түсіру жұмыстарының арнайы жабдықтарын мен механизм- дерді белгіленген бақылаушы тексерістен өткізіп отыруы тиіс, қауіпсіздік үшін:

    - 10 күн сайын  – строптарды;

    - 6 ай сайын – траверсаларды;

    - 1 ай сайын  – клещилар мен захваттарды.

    Бұған қоса  әрбір ілгіш жұмыс басталар алдында такелажбен қаралуы тиіс, егер ақаулар байқалса оны сол мезетте ауыстыру керек.

    Құбыр апарғыштар  да құбырлар мықтылап орналасу  керек, оларды арқан- дармен  байлайды. Құбыр апарғыштың дөңгелектерінің  астына арнайы башмактар қою керек, себебі тіркеме құбырларды  түсірген кезде өз орнында тұру керек.

    Жүктерді орналастыру  кезінде көліктің рамасында немесе  тіркемесінде адамдар болмауы  тиіс.

    Жүктерді орналастыру  кезінде тыйым салынады:

    - тиеу кезінде  жүкті тіркемеге тастауға болмайды;

    -  кран садағы  жүк көтерген кезде оның астында  тұруға болмайды;

    - жүк ілінген  строптарды дұрыстауға болмайды.

    Жүк көтергіш  көліктердің жылдамдықтары өндіріс  орындарында, құрылыс аймақтарында  және базаларда тіке жолдарда 10 км/сағ, ал бұрылыстарда 5 км/сағ аспауы керек.

    Жұмысшылардың  траншеядан өткен кезде арнайы  көпір болуы керек, оның ені  0,6 м, қанаттары 1м болуы керек.

    Жұмысшының  жүкті қолмен тасыған кезде, 25 м қашықтыққа тек салмағы 50 кг жүк көтеруге болады.

   

   5.4 Қауіпсіздік техникасы, құрылыс кезінде өртке қарсы шаралар

   

    Еңбекті қорғау  және техника қауіпсіздігінің  негізгі ережелері, құрылыс және  монтаждау орындарында ҚР СНиП 1.03.05-2001 «Еңбекті қорғау және    құрылыс орындарындағы техника қауіпсіздігінің» атта ережелер жинағында жазылған.

    Бұл ережелер  халықаралық стандарт және мемлекеттік  ережелер негізінде план бойынша  орындалады. Құрылыстың басқаратындар  бұл планды құрас- туға және  ұйымдастыруға ат салысады. Ережелерді  сақтау және арнайы оқу-  лар жүргізіледі, олар жер жұмыстарын жүргізу, шектеулі жерде жұмыс жа- сау, өтр сөндіру және бірінші медициналық көмек көрсету жөнінде ереже- лерді үйреніп жұмыс жасауға рұқсат алынады. Жұмысты бастау алдында жұ- мыс қауіпсіздігіне анализ жасалады, тәуекелдік факторлар мен болатын зар- даптарды ескеру қажет. Күнделікті барлық басқарушылар, инспекторадрдың қатысуымен жиналыстар өткізіледі.

    Барлық еңбекті  қорғау ережелерін сақтау, техникалық  қауіпсіздік, өрт қа- уіпсіздігі, құралдар мен жабдықтарды, ұжымдық және жеке басты қорғау  жүктеледі:

    - машиналардың  техникалық жағдайымен оларды  қорғау шарала;

    - жұмысшыларды  техника қауіпсіздігін  үйрету  және нұсқаулар шараларын жүргізу;

    - СМР өндірісте  техникалық қауіпсіздік және  еңбек қауіпсіздік шаралары.

    Құрылыс орындарын  басқарушылар жұмысшыларды және  техникалық  қызметкерлерді  арнайы  киіммен, аяқ киіммен, жеке  басты қорғайтын заттар-     

мен қамтамасыз ету керек. Қамасыз ету шаралары тегін жүргізіледі. Жұмыс немесе құрылыс басталар алдында  алаңда болуы тиіс:

    - жүретін және  көлік өтетін орындар;

    - алаңды жарықтандыру;

    - қауіпті машиналар  мен механизмдер жасайды алаңды  қоршау керек;

    - өрт сөндіру  құралдарымен;

    - қауіпті зоналарды  арнайы белгілермен белгілеу  керек;

    - өрт сөндіру посттары;

    Өндіріс орындарындағы  жұмыс қауіпсіздік шараларын  қатаң сақтаумен    жасалынады, бұл «Өндіріс орындарындағы негізгі ережелер» атты жинақта жазылған.

    Құрылыс алаңдарында,  құрылыс және уақытша пайдалану  ғимараттарын- да қауіпсіздікті сақтау ережелері мен нормалары ҚР қолданылатын келесі нормаларымен сақталады:

    - ППБС-01-94 «Өндіріс орында және құрылыс, монтаждау жұмыстары ке- зіндегі өрт қауіпсіздігі ережелері»;

Информация о работе Колонная головка