Автор работы: Пользователь скрыл имя, 30 Октября 2013 в 20:56, курсовая работа
КА диагнозын қою кезінде анамнезін, клиникалық және лабораторлық-диагностикалық көрсеткіштерін тыңғылықты талдау қажет.Осындай кезде еңбектік немесе кәсіптік анамнезі өте маңызды орын алады, себебі тек кәсіптік зияндылықпен қатынасы дәлелденген кезде ғана аурудың адамның жұмысымен байланысты екені анықталады.
Еңбектік анамнезінде КА дамуына мүмкіндік тудыратын шартты жағдайлар көрсетілуі тиіс. Оларға мыналар жатады: кәсібі, еңбек еткен барлық мерзім арасында өндірістік ортаның нақты жағымсыз факторымен қатынастағы еңбек жағдайының толық сипаттамасы; ұжымдық және жекебастық қорғандыру заттарын қолдануы; өндірістік ортаның зиянды әсерлерімен қатынастың ұзақтығы мен мерзімі.
Вибротығыздықтағы бетонмен жұмыс істейтін адамдарда, вибрацияның жергілікті және жалпы әсерлерінен пайда болған, вибрациялық ауру дамиды. Ангиополиневропатия синдромының осы түрі невростения синдромының дамуымен қатар жүріп, гиперстениялық түрін құрайды, ал астения тежелу процестерінің күрт әдсіреуімен жүреді. Шағымдарының ішінде, басының ауырсынуы, бас айналу, сезімталдықтың жоғарлауы, тітіркендіргіштік, аяқтарының сыздап ауырсынуы, жансыздануы, парестезиялары басым болады. Соңғы кезеңдерінде басының аурулары тұрақты және вегетативті криздер(өзін нашар сезіну, тахикардия, ауаның жетіспеушілігі, қоқыныш, терморегуляцияның бұзылыстары) қосылады. Неврологиялық симптомдарға есте сақтау қабілетінің төмендеуі, жылауықтық, ұйқысының бұзылуы жатады. Сирек табан саусақтарының бозаруымен, диффузды тер бөлінулер байқалады. Аяқтарда ангиополиневропатиялық симптомдар басымырақ анықталынады: вибрациялық сезімталдықтың бұзылыстары, парестезиялар және т.б. анықталынады. сіңір рефлекстерінің басында кідіруі, соңынан тежелуі дамиды, трофикалық бұзылыстар (табан саусақтарындағы терінің жұқаруы, бұлшық еттердің гипотрофиясы), қан өысымының шамалы жоғарлауы, оның ассиметриясы, ЭКГ өзгерістер болады. ЭЭГ эпилептиформды белсенділік ошақтары анықталынады.айқындылық деңгейлеріне байланысты, кезеңдерге бөледі, ол еңбек ету қабілетінің сараптамасында маңызды.
Жалпы вибрацияның әсерлерінен пайда болған вибрациялық ауру – вестибулопатия (жүйелі емес бастың айналуы) мен бас ауруларымен көрінеді. Естудің және көрудің өзгерістері, бағаналық және жұлындық симптомдар, асқазан-ішек дискинезиясы, іштегі ауырсынулар, арқада көбінесе, бел-сегізкөз аймақтарындағы түбірлік ауырсынулар байқалынады.
Диагностикасы және салыстырмалы
диагнозы. Диагнозды қояр алдында
ең алдымен кәсіптік анамнезіне, жұмыс
орнының санитарлық гигиеналық жағдайына
көңіл аударады. Науқасты қазіргі
кездегі клиникалық-
Вибрациялық ауруды басқа себептен пайда болған аурулардан ажырату керек (Рейно ауруы, сирингомиелия, вегетативті полиневрит, миозит және т.б).
Тербеліс ауруының емі. Себебі мен патогенезіндегі факторларды ескере отырып, емді ерте бастау керек. өзін өзі күту, көп физикалық күш түсірмеу, ағзаға вибрацияның әсерін уақытша немесе тұрақты шектеу этиологиялық принциптерді құрайды. Патогенездік ем комплексті болу керек, онда дәрілік және физио емді қолдану керек. Дәрілік заттардың ішінде ганглиблокаторлы заттарды аз мөлшердегі холинолитиктермен және тамырды кеңейтетін препараттармен бірге қолданған нәтижелі. 3-4 күндік үзіліспен, 2-3 курстық емммен, күнара 10 мл 1% бұлшық етке спазмолитинді қолданады. Спазмолитинді бұлшық етке 0,5% 3-10 мл новокаин ертіндісімен кезектестіріп отырады. Амизилді 0,001 г таблетка түрінде тағайындайды. Метамизилді ұнтақ түрінде береді 0,001 г тамақтан соң 10-15 күн бойы. Цинаризин және белласпонмен қосып никотин қышқылын беру жақсы нәтиже көрсеткен. Вегетативті параксизмдер кезінде пирроксанды қолданады. Витаминдік ем көрсетілген.
Физиоем ішінде дәрілік препараттармен (5% новокаин ертіндісі немесе 2% бензогексонидің сулы ертіндісі)қол саусаұтарымен табанға электрофарезді қолданады. Тоқтың күші 10-15 Ма, процедураның ұзақтығы 10-15 минут.
Полиневриттік синдромдар кезінде жоғарғы жиіліктегі электротерапияны қолдану нәтижелі. Сонымен қатар инемен рефлексті ем қолданады.
Еңбек ету қабілетінің сараптамасы.
Тербеліс ауруының 1 деңгейінде – динамикада дәрігердің бақылауымен бұрынғы жұмыс орнында жұмысын жалғастрып, белсенді түрде амбулатолрлы ем алады.
Тербеліс ауруының 2 деңгейінде – қолайсыз кәсіптік факторларға байланысты, науқас міндетті түрде жұмыстан шегеріледі. Науқасқа 1-2 айға дейінгі жұмысқа жарамсыздық парағы және санаторлық курорттық ем ұсынылады, сонымен қатар ары қарайғы динимикалық бақылу мен жұмысқа жарамдылық сұрағы шешіледі.
Ауыр жағдайларда, толығымен немесе біраз ғана жұмыс ету қабілетін жоғалтқан болса, науқасты вибрациямен байланысы жоқ жұмысқа орналастырады немесе ДЕСМ бағыттама береді.
Тербеліс ауруының профилактикасы.
Жұмысқа қабылдауға болмайтын көрсеткіштер:
Отоларинголог және невропатолог, терапевтердің қатысуымен 12 айда 1 рет кезеңді түрде медициналық қараулардан өту керек.
Білімдерін тексеруге арналған тест сұрақтары:
1. Қайсысынан басқасы
тербеліспен байланысы бар
2. Емханада 38 жастағы ер адам
алақан мен саусақтарындағы
3. Жергілікті тербелістің
әсерінен дамыған және нейро-
4. Бұрғылаушыда тербеліс
ауруының бастапқы кезеңі
5. Мыналардың қайсысы тербеліс ауруына тән емес?
6. Тербеліс ауруының 2-ші кезеңіне қай белгілер тән емес?
7. 35 жастағы ер адам
13 жыл бойы тракторист болып
істеген. Алақандары мен
Адам ағзасына лазерлі сәуленің әсері
Лазерлі құрылғылар, күшті жарық көзі болып табылады, оптикалық диапазондағы электромагниттік сәулелермен, ол қалыпты жарық көздерінен монохромдылығымен, когеренттілігмен, сонымен қатар күн сәулесінен бөлінетін энергияға тең 109 Вт көлеміндегі энергияның жоғарғы қарқындылығымен бөлінуі.
Лазерлі сәулелермен сәулелену кезінде ағзада, мүшелерде, тіндерде, тірі жасушаларда дамитын, биологиялық нәтиже, лазерлі сәулелердің арнайы ерекшеліктеріне жатады.
Лазерлі сәулелердің биосубстраттармен әсерінің нәтижесіне, лазерлі сәулелердің белгілерінен басқа, сәулелену құрлымының арнайы қасиеттері, олардың жылу сыйымдылығы және жылуды өткізгіштігі, пигменттер және сумен қанығуы, олардың механикалық және акустикалық қасиеттеріде белгілі бір мөлшерде әсер етеді. Тіндердің биологиялық сәулелену қабілеті жұтылған және нәтижесінде көрінетін энергияның көлеміне байланысты. Лазерлі сәулелер үшін көрінбейтін ағзадағы тіндер мен клеткалар жоқ. Бірақта жұтылған лазерлі сәулелердің деңгейінің энергиясы біршама ерекшеленеді. Пигменттелген тіндер мен жасушаларда көп мөлшерде жұтылу байқалынады. Аққа қарағанда қара тері энергияны көп жұтады. Лазерлі сәулелер гемоглобин, меланин, мидың ақ затымен салыстырғанда сұр затында, роговицамен салыстырғанда нұрлы қабатында белсенді түрде жұтылады.
Биосубстраттармен жұтылған лазерлі сәулелердің энергиясы жылынып, фотохимиялық процестерге қолданылатын флюоресценциялды ұзын толқын түрінде бөлініп, электр өтімділіктерін қоздырып, өз кезегінде сәулеленген тіндердің зақымдануына әкелуі мүмкін.
Лазерлі сәулелердің жылу және термиялық нәтижелері өте жақсы оқылған, ол әсіресе пигменттелген тіндерде ерекше көрінеді және жұтылған энергияның көзіне байланысты зақымдалған жердегі заттың бір мезгілде жоғалып кетуіне немесе әр түрлі деңгейдегі айқындылықтағы күйікиердің пайда болуына әкеледі. Лазерлі сәулелердің қысқа уақыттық әсерінен, температураның тез қалыптасуынан және көптеген биологиялық құрылымдардың аз жылу өтімділігінен пайда болған күйіктер қоршаған тіндерден өте жақсы шектелінеді, олар электро тоқтар және найзағай кезіндегі зақымдануларды еске түсіреді. Термиялық нәтиже қатаң түрде шектелінеді, бірақта зақымдалмаған тері кезіндегі, сәуленің өту жолы бойынша, зақымдану ошақтары тереңірек орналасуы мүмкн. Бұл сәуле жолы бойындағы пигменттенулердің деңгейіне байланысты, және сәулелену нәтижесінің тереңдігіндегі сәуле фокусының мүмкіндігіне байланысты. Мысалы, көздің әйнекті денесімен лазерлі сәулелердің фокустануының әсерінен зақымдалған ошақ көздің торлы қабатында орналасады.
Информация о работе Кәсіптік аурулардың диагностикасы және емі